Ертедегі Шығыс философиясының қалыптасуы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ертедегі Шығыс философиясы

Ертедегі Шығыс философиясы екі жағдайлар төңірегінде қалыптасты. Олар:

  1. Аспан, Ай, Күн, Жер, осылардың шығу тегі, өзара байланысы, әлемдегі барлық тіршілікке әсері жайлы.
  2. Адамгершілік, адамдық қатынас төңірегінде қалыптасқан.

Бұл мәселелер мифологиялық ұғымдар негізінде де болды. Мифология олардың себептерін ашуға тырыспайды, тек сенуді ғана қажет етеді. Философия олардың себептерін іздестіреді.

Дүниедегі ең көне философиялық ойлар Үнді елінде пайда болды. Ертедегі Үндістан төрт кастаға бөлінеді. Олар:

  1. Абыздар (брахмандар) - әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген.
  2. Әскербасылар (кшатрийлер)
  3. Ауқатты шаруалар (вайшьялар)
  4. Төменгі каста (шудралар) - теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады, сонымен қатар қоғам ісіне араластырылмады.

Ведалар - жиектеу немесе білімдер жиынтығы деген мағына береді. Онда гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садаққа беру формалары бар. Оларда дүние, адам және адамгершілік жайлы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар төрт бөлімдерден тұрады. Олар:

  1. Араньянам (тоғай кітабы) - қоғамнан бөлектенушілерге, орман кеңістігіне ақиқат, табиғат туралы ойға безушілерге арналған ережелер жинағы.
  2. Упанишада (ұстаз қасында отырып, дәріс тыңдау) - біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1000 жылы жазылған бұл бөлімде әлемнің жаратылысы, ондағы адамның алатын орны туралы діни философиялық пайымдаулар алғаш рет хатқа түсті. Упанишада - ой-санадағы абыздар (брахмандар) үстемдігіне қарсы шыққан ілім. Оның өкілдері негізінен әскербасылар (кшаткийлер), ауқатты шаруалар (вайшьялар) . Сондықтан да олар үшін идеологиялық қызмет атқарған упанишаданың әлеуметтік маңызы үнді қоғамының өмірінде әлі күнге дейін сақталған. Упанишаданың философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім. Олар ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
  3. Самхидтер- Құдайларға арналған гимндер жинағы, олардың ең көнесі Ригведалар Құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады.
  4. Брахмандар- діни салт-өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхидтер мен Упанишадалардың арасын байланыстырады.

Біздің заманымызға дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасында жаңа мектептер пайда бола бастады. Солардың бірі - буддизм (б. з. б. 2600 жылы Солтүстік Үнді жерінде пайда болды) . Оның негізін қалаған - Сиддхартха Гаутама Будда . Буддизм брахманизмге қарсы, әділдік көксеген таптар арасында пайда болды. Кейін үстем таптар оны өзінің құралы ретінде қолдады. Буддизм - дүниежүзілік дін, этикаға негізделген. Буддизмнің мақсаты - адамдарды түрлі рухани азаптан босату, оған жетудің жолын іздестіру. Буддизмнің төрт мәселесі бар. Олар:

  1. Өмір азапқа толы.
  2. Ол азаптардың себебі бар. (ол - қанағатсыздық)
  3. Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар.
  4. Азаптан құтылудың кезі бар.

Олай болса, дін бойынша, адам өмірі, оның рахат, ляззатқа ұмтылуы азаппен қабаттас. Буддизм бойынша, азаптан құтылу о дүниеде емес, осы дүниеде болмақ. Ол үшін адам нәпсіні тарту қажет. Ол - нирвана (мәңгілік өмірге көшу, ғұмырлық айналым ырқынан босанып кету) . Буддизмде екі бағыт болды. Олар:

  1. Хинаяна (кіші арба) - Нирвана жол тек монархтарға ашық, олар күнделікті тіршілікпен толық безінуі қажет.
  2. Махаяна (үлкен арба) - Будда жолына түскен зайырлы адамдардың да ол жағдайға жетіп қана қоймай, басқаларға да көмектеседі. Махаяна бағыты үшін Будда - жаратқанның адам бейнесіндегі бір көрінісі.

Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізін қалаушы - Махавира Варухамана. Ол біздің жыл санауымыздан бұрын VI ғасырда әскербасы отбасында дүниеге келген. Джайнизмнің негізі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Ол материяны жансыз дүние затына жатқызады. әрбір зат (атом, атомдар қосындысы) субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеңістік, уақыт, қозғалыс, тыныштық кіреді. Жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана. джайнизмнің мақсаты - жанды денеден ажырату, оған еркіндік беру. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң болды. Мәселен, ахинсы принципі. Оның мәні - ешбір тірі жәндікке зиян келтірмеу. Джайнизмда екі бағыт болды. Олар:

  1. Дигамбара (ауамен киінетіндер, яғни киімді тәркілейтіндер)
  2. Шветамбара (ақ киімдер)

Индуизмнің философиялық негіздемесі алты жүйеден (шаддаршана) тұрады. Олардың бәрінде де ғұмырлық айналымнан құтылып, Карма (өте нәзік нәрсе) заңдылығының ырқынан шығатын жол іздестіріледі. Солардың бірі - Санкхья.

Санкхья - дуалистік дүниетаным. Себебі, әлемнің екі түпнегіздік бірдей қабылдайды. Олар:

  1. Пракрити (табиғат пен материя)
  2. Пуруши (рух)

Санкхьяның негізін қалаушы - Шваркришна (б. ж. с. б. IV ғ. )

Йога - санкхьядан шығады. Йоганың мақсаты - ғұмырлық айналымнан шығып, яғни Карма заңдылығының ырқынан құтылу. Йогтар екі жағдайда негізделген. Олар:

  1. өмірден безу
  2. өзін қыспақта ұстау.

Ньяя философиясы - таным ілімі, логикалық бағыт (б. з. б. III ғ. ) Ол дүниені тану, сезіну және оны логикалық қорыту арқу қалыптасады.

Локаята (чарвактар) - дүниеден басқа о дүние бар дегенге сенбестік білдіреді . Локаятаның шығу себебі - ежелгі рулық қоғам ыдырап, таптық қоғамның, мемлекеттің пайда болуы, жаңа әлеуметтік топтарға - сауда, қолөнер, жер өңдеумен айналысатындардың пайда болуы . Локаятаның негізгі мақсаты - қасітер шешуді азайтуда(өйткені, оның мүлдем жою мүмкін емес), рахатқа бату жағын молайтуда.

Вайшешика (ерекше) . Негізін қалаушы - философ Канада (лақап аты - Улука) . Вайшешиканың мақсаты - адамды қасіреттің қайғысынан, тәуелділіктің талқысынан құтқару. Қайғының да, тәуелділіктің де көзі - білімсіздікте, қараңғылықта. Бостандыққа шығатын жол - білімділікте, шындықты, ақиқатты тану, адамдар игілігіне жаратуда.

Ертедегі Қытай философиясы (б. з. б. VI-V ғғ. ) екі идеологиядан тұрды. Олар:

  1. консерваторлық (мистикалық)
  2. прогресшілдік (атеистік)

Ертедегі Қытай философиясында Конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін қалаушы - Конфуций (б. з. б. 551 - 479 жж. ) Конфуций қатаң тәртіп болжауын жақтады. Ол төрт принципті негіздеді. Олар:

  1. Мен білемін дегендіктен аулақ болу
  2. қасарыстық көрсетпеу
  3. бос қиялға салынбау
  4. өзінің жеке басы жайлы ойламау.

Конфуций ілімінің ерекшелігі - ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал, рух пен Аспан денелерін қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмеген. Конфуций алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ.

Конфуций іліміне қарама-қарсы ілім - Мо-цзы (б. з. б. 479 - 400 жж. ) Мо-Цзы ілімі бойынша, күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс-әрекетінен туындайды. Біздің барлық біліміміз сезімге, ойлауға байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Шығыс және Антикалық философия
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ. УПАНИШАД РӘСIМI. ВЕДАНТА ЖҮЙЕСI
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие, оқыту
Грек философиясының негізгі сұрағы
Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі
Философия, оның пәні, қызметтері және зерттеу объектісі
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Будда философиясы
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Философияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz