Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279-1 Заңы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 30 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:   




Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы
мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279-1 Заңы
(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
 
     1-тарау. Жалпы ережелер                                     (1 - 4
баптар)
     2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,      (5 - 31
баптар)
              прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi
              мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және
              олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс
              пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
    3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын        (32 - 37
баптар)
              адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
    4-тарау. Қорытынды ережелер                                 (38-бап)
 
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы
саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және
наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және
мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-
қимыл шараларын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 31.05.02 ж. N 327-II Заңына сәйкес 1-бап
өзгертілді  ; 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда
(бұр. ред. қара)
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрігердің рецепті бойынша жеке тұтыну үшін есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есірткілер - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген,
оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың
денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, Қазақстан Республикасында бақылау
жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне
енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар;
3) есірткі заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы
Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы
Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар
туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі
синтетикалық немесе табиғи заттар;
4) есірткі және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттері
жағынан І, II, III кестелерге енгізілген заттарға ұқсас, еліртетін,
күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін, химиялық құрылымы мен
қасиеттері бар, оларды теріс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшін
қауіпті және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есірткі
немесе психотроптық заттар ретінде бекітілмеген шығу тегі синтетикалық
немесе табиғи заттар;
5) есірткі, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету
нормативі (бұдан әрі - қамтамасыз ету нормативі) - Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату
үшін заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгілі бір есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорлар саны;
6) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында
есірткі бар өсімдіктерді егуге, жинауға және дайындауға, есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеуге, өндіруге, өңдеуге,
әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға,
сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын
қызмет түрлері;
7) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган - өзіне берілген құзырет шегінде есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттік
саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестіретін орган;
8) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету -
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші
мемлекетке өткізілуі;
9) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндіруді
қоспағанда, жүргізілуінің көмегімен есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың алынуы мүмкін барлық процестер, сондай-ақ есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есірткі, психотроптық заттар
мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы -
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;
11) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру - химиялық
заттардан және (немесе) өсімдіктерден не басқа есірткі, психотроптық заттар
мен прекурсорлардан есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды
сериялап алуға бағытталған процесс;
12) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесінде
тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын іс-
әрекет, сондай-ақ олардың негізінде есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
13) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
14) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен
жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан
Республикасы шегінде есірткі, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың
орнын ауыстыру жөніндегі кез келген іс-әрекеттер;
15) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативі
(бұдан әрі - тұтыну нормативі) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшін
қажетті, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мәлімделген белгілі бір есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
16) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзиті - есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке
үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі;
17) есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдалану (есірткі немесе
психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есірткі немесе психотроптық заттарды
дәрігердің тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;
18) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда
жүргені анықталған шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық
кесте - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың
туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі
белгіленген түрлерінің тізбесі (2-қосымша);
19) көтерме сауда - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ірі
топтарын сату;
20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі (бұдан былай - Тізім) -
халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен
тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі (1-қосымша);
21) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру - апиын көкнәрі мен
сораны (каннабисті), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан
Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлар тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар басқа да
өсімдіктерді егу және өсіру;
22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау -
халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар
жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау;
23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелері - заңда
белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар,
ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер);
24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде
емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын
жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын стационарлық
емдеу;
25) медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында
адамды амбулаториялық тексеру;
26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден
жалтару - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның
құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе
тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрігердің
белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы;
27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны
теріске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;
28) нашақорлық - организмнің физикалық және психикалық функцияларының
қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол
тектестерге тәуелді болуға байланысты ауру;
29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есірткі,
психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе)
психикалық тәуелді, белгіленген тәртіппен медициналық мекеме "нашақорлық"
деген диагноз қойған адам;
30) өз еркімен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есірткіге
шектен тыс салынудан науқастың өзінің немесе оның заңды өкілінің
келісімімен емдеу;
31) прекурсорлар - есірткі және психотроптық заттарды өндіру, дайындау,
өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде БҰҰ-ның
Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы
1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар;
32) препарат - Тізімге енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі,
психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі
қоспа;
33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына,
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы
Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі
синтетикалық немесе табиғи заттар;
34) уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,
өздеріне берілген құзырет шегінде есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар;
35) уытқұмарлық - есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас
психикалық елірме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен
халықаралық Конвенциялардың Тізімдеріне енбейтін дәрілік препараттар мен
табиғаты әртүрлі дәрілік емес заттарды шектен тыс пайдалану.
 
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 31.05.02 ж. N 327-II  ; 2006.02.03  № 130-III 
(бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен  2-бап өзгертілді 
2-бап. Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды
жiктеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан
Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар
мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және  тізімнен
тұрады.
I Кестеге осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971
жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында
айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
II Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971
жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң
бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
III Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971
жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауды тұрған
есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
IV кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1988 жылғы
халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті және ветеринарияда
қолдануға рұқсат етілген, құрамында есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлар бар дәрілік заттар тізіміне тиісті лицензиясы болған жағдайда
диагностикалық, емдік және профилактикалық заттар ретінде пайдаланылуы
мүмкін дәрілік препараттар енгізілген.
2. ҚР  2002 ж. 31 мамырдағы N 327-ІІ Заңымен алып тасталды
3.  ҚР  2002 ж. 31 мамырдағы N 327-ІІ Заңымен алып тасталды
4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларға қатысты белгіленетін бақылау түрлері көзделеді.
Егер препараттың құрамында бір емес, бірнеше есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорлар болса, оған бақылаудың неғұрлым қатаң шараларына
жататын есірткі, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау
қолданылады.
Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері
бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауіп төндіретін
және олардан аталған заттар оңай әдістермен алынуы мүмкін емес дәрілік
препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың
Тізімін, оларды бақылаудан алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітеді.
 
3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол
тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс
пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол
тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл
шаралары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделiп, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда
көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi
қолданылады.
 
4-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар
айналымын мемлекеттiк реттеудiң және олардың заңсыз айналымы мен терiс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларының негiзгi принциптерi
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы
мемлекеттiк саясат және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл;
1) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы
саласындағы қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;
2) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер прекурсорлар айналымын
және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды
мемлекеттiк реттеу;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы
қызметтi лицензиялау;
4) мемлекеттiк және өзге де органдардың қызметiн ведомствоаралық және
ведомствоiшiлiк үйлестiру;
5) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын
оларды шектен тыс пайдалануды тыюға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен
жүргiзу мiндеттерiн кешендi түрде шешу;
6) нашақорлықтың және сонымен байланысты құқық бұзушылықтардың етек алып
кетуiн көздейтiн алдын алу шараларын қамтамасыз ету;
7) нашақорлықтың және оған байланысты құқық бұзушылықтардың етек алуына
қарсы күресте әлеуметтiк базаны кеңейту, оның iшiнде қоғамдық, дiни,
халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы
кеңейту;
8) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар
айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына
қарсы iс-қимыл шаралары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту
принциптерiнде жүзеге асырылады.
 
2-тарау. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер,
прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтi
мемлекеттiк реттеу мен ұйымдастыру және
олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
 
2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа
енгізілді) ;2006.02.03  № 130-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен  5-бап
өзгертілді 
5-бап. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы мемлекеттiк
реттеу және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-
қимыл шаралары
1. Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттiк
реттеудi және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы
iс-қимыл шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. алынып тасталды
3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:
1) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы
қызметтi реттеу және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы
iс-қимылды ұйымдастыру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Президентi
бекiтетiн мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз
етедi;
2) тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, есiрткi, психотроптық
заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласына қатысушы заңды тұлғалар қызметiнiң
тәртiбiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
әзiрлейдi және аталған саладағы нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi ;
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк
бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына
қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
4) денсаулық сақтау органдарына, есiрткi, психотроптық заттар,
прекурсорлар айналымы және олардың шектен тыс пайдаланылуы саласындағы
қызметтi реттеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде
нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк
көмек көрсетудi ұйымдастыруға және көмек көрсету кезiнде азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етуге
жәрдемдеседi;
5) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне және Заңсыз айналымда жүргені
анықталған есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, ірі және
өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге уәкілетті органдардың
ұсыныстары бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып,
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң
ауқымына болжам жасайды;
7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi,
психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын
анықтайды;
8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым
тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар
әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның
Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi бекiту үшiн Республиканың
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын
Үкiметке ұсынады.
10) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық
заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы ғылыми зерттеулердi және
олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимылды
үйлестiрiп отырады;
11) қызметi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы
саласымен байланысты мамандар оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды,
тағлымдамадан өткiзудi және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
12) қызметi нашақорлық проблемаларымен байланысты қоғамдық ұйымдардың,
қауымдастықтардың жұмысын үйлестiрiп отырады;
13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың
заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi,
психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн
лицензиялауды жүзеге асырады;
15) 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)
16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актiлерiн және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке
тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;
17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен
үрдiстерiн талдауды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес
саласындағы стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыру барысы туралы
ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асырады;
18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді;
19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар
мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың
заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және
іске асырады;
20) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына
және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті үйлестіреді;
21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды
жүзеге асырады;
22) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
мемлекеттік және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін
ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар
айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың
мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен
теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асырады.
 
2004.20.12 N 13-III   (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа
енгізілді) ; 2006.02.03  № 130-III  (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен  6-бап
өзгертілді 
6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын
мемлекеттiк бақылау және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
2) меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларды
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерудi жүзеге асыруға;
3) құрамында Тiзiмге енгiзiлген есiрткi заттары бар өсiмдiктер
өсiрiлетiн жер учаскелерiне тексеру жүргiзуге;
4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы
құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты
қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ
оларға сараптама жүргiзу үшiн аталған өнiмнiң техникалық негiзделген
мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында
анықталған кемшiлiктердi жою туралы Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес нұсқамалар беруге;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  7) тармақша  жаңа редакцияда  (бұр. ред
.қара)
7) Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы
талаптарды бұзған жағдайда заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің
өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен тоқтата тұруға;
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн
заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандығы үшiн жеке және заңды
тұлғаларды  жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгiзуге құқығы
бap.
9) 2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
 
 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен 7 -бап өзгертілді   (бұр. ред. қара)
7-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы
саласындағы қызметтi лицензиялау
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
қызметтiң барлық түрлерiн, осы Заңның  19, 20-баптарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, бес жылға дейiнгi мерзiмге қызметтiң нақты түрiне
лицензия алғаннан кейiн заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Тiзiмге енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар
айналымы саласында объектiлер мен үй-жайларды пайдалануға рұқсатты, қойма
қорларының ұрлануын немесе басқадай жоғалуын болдырмау мақсатында
қауiпсiздiк шаралары қамтамасыз етiлген жағдайда, есiрткi, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын
уәкiлеттi iшкi iстер органы бередi.
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты
қызмет түрiне лицензия берген кезде өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң
арқасында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында
болатын қызметкерлердiң тиiсiнше тексерiлгенi туралы iшкi iстер
органдарының қорытындысы ескерiледi.
Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң арқасында тiкелей есiрткi, психотроптық
заттар мен прекурсорлар тiкелей қолында болатын қызметкерлерге
нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен айырмайтыны туралы,
сондай-ақ аталған тұлғалар арасында кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн
және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi атқаруға Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылғандар
жоқ екендiгi туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары
қажет.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бақылаудағы және есірткі,
психотроптық заттарды өндіру мен дайындау үшін пайдаланылатын аспаптардың,
жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ оларды әзірлеу, өндіру, дайындау, сақтау,
тасымалдау, жөнелту, босату, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан
Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
ережелерін белгілейді.
 
 2006.02.03  № 130-III  ҚР Заңымен 8 -бап  жаңа редакцияда   (бұр. ред.
қара)
8-бап. Мемлекеттік квоталар
1. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға
мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын
қажеттілік есебі, лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осы қажеттілік шегінде жүзеге
асырады.
2. Мемлекеттік квота Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекітіледі. Мемлекеттік квота заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес келесі күнтізбелік жылға өтінім жасаған белгілі бір
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар мөлшерін қамтиды.
3. Заңды тұлғалар келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну нормативін
бекітуге өтінімдерді уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды өңдеуді не құрамында есірткі, психотроптық заттар
мен (немесе) прекурсорлар бар препараттар немесе дәрілік заттар өндіруді
жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік органға келесі күнтізбелік жылға арналған тұтыну
нормативін бекітуге өтінімдерді ұсынады;
2) қамтамасыз ету нормативіне сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорларды сатуды жүзеге асырады.
5. Уәкілетті органдар келесі күнтізбелік жылға арналған жиынтық тұтыну
нормативін бекіту үшін есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар
айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жинақтап қорытылған
өтінімдерді жыл сайын ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.
6. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган:
1) заңды тұлғалардың тұтыну нормативтері өтінімдерінің негізділігін
тексереді;
2) бекітуге өтінім жасаған тұтыну нормативтерін жинақтайды және есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың аталған тұтыну нормативтерін бекіту
үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге
асыратын бақылаудағы заңды тұлғаларға қамтамасыз ету нормативтерін бөледі.
7. Қамтамасыз ету нормативін үлестік бөлу Тізімге енгізілген барлық
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды
тұлғалар өтінім жасаған, құрамында аталған заттар бар өнімдерге қатысты
жүзеге асырылады.
 
9-бап. Жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу қолда бар
есiрткiлермен салыстырғанда неғұрлым тиiмдi, неғұрлым қауiпсiз және оңай
бақыланылатын жаңа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар жасауды
мақсат етедi.
2. Есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды әзiрлеудi қызметтiң осы
түрiне лицензиясы бар мемлекеттiк ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады.
Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдалануға арналған жаңа ықтимал
есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды клиникаға дейiн және клиникада
сынақтан өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мамандандырылған
емдеу-профилактикалық мекемелерi (ұйымдары) мен ғылыми-зерттеу
институттарында жүзеге асырылады.
3. Медициналық және ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын есiрткi,
психотроптық заттарды, прекурсорларды тiркеу барлық дәрiлiк заттарға
қолданылатын және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген ережелерге
сәйкес жүзеге асырылады.

 

2004.20.12 N 13-III  (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа
енгізілді) ; 2006.02.03  № 130-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10 -бап
 өзгертілді  
10-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру ,
дайындау, өңдеу
1. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат
етiлген есiрткi және психотроптық дәрiлiк заттарды өндiрудi , дайындауды,
өңдеуді  сол қызмет түрiне лицензиясы бар, денсаулық сақтау саласындағы
уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалар белгiленген
мемлекеттiк квоталар шегiнде жүргiзедi.
2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар өндiретiн ,
дайындайтын, өңдейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлеген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
 
ҚР 31.05.02 ж. N 327-II Заңына сәйкес 11-бап өзгертілді
11-бап. Дайындалған есiрткi және психотроптық заттарды буып-түю
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1  тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред
.қара)
1. Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын есірткі және психотроптық
заттардың әрбір сериясы үшін тұтыну бумаларын таңбалау бірыңғай болуға және
Қазақстан Республикасының дәрілік заттар туралы заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Тiзiмде аталған заттар ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫНЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМ ТҮСІНІГІ
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды тергеу
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Білім туралы заңы
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткі бизнесіне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы
Есірткі және нашақорлық
Есірткі заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті 24 жүзеге асыру барысында ұлттық және халықаралық–құқықтық нормалардың ара-қатынасы
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь