ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...2
I. ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1. Информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі хал-
ахуалы ... ... ... ... ..3
1.1.1 Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары
... ... ... ...8
1.1.2 Орта мектепте информатика курсының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістемесі бойынша
жүргізілген
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13
1.3. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістері, оқыту
құралдары мен ұйымдастыру
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 15
1.3.1 Информатиканы оқытудың әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3.2 Информатиканы оқытудың ұйымдастыру
түрлері ... ... ... ... ... ... .18
1.3.3 Информатика курсындағы программалық
құралдар ... ... ... ... ... ...21
II. Есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік
мүмкіндіктері
2.1. Есеп шығарудың алгоритмдерін жазудағы әдістемелік
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Информатика есептерін қолдану арқылы оқытудың ойлау
тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
2.3. Негізгі мектептегі оқушыларға ақпаратты өлшеудің есептер
жүйесін алфавиттік тәсілмен
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .28
2.4. Негізгі мектептегі оқушыларға ақпаратты өлшеудің есептер
жүйесін мағыналық тәсілмен
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 31
ҚОСЫМША 1. Паскаль программалау тілінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. 32
ҚОСЫМША 2. Лабораториялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
ҚОСЫМША 3. Тест
тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
ҚОСЫМША 4. Электрондық лабораториялық практикумға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе
Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі
мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде
жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім
берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика
курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады.
Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы
мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына
сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы
үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы
білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар
дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру
жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады.
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде
қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін
талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды
құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.
Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың
теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте
оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен
мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік
мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.
Түлектік жұмысымның мақсаты– қазіргі ақпараттық қоғамда информатика
пәнін оқытудың жаңа жүйесін қолдану арқылы оқытудың әдістемелік
мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін
қалыптастыру, есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылыққа
жетелеу. Информатика сабағында оқушының шығармашылығын қалыптастыруға және
ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту жолында оқушыларға түрлі
есептерге программа құрғызу үлкен рөл атқарады. Программа құру әр
есептің шығарылу алгоритміне байланысты болса да үлкен шығармашылықты талап
етеді. Жаңа ақпараттық технологияларды құрумен айналысу үшін програмалау
тілдерін меңгеру қажет. Паскаль программалау тілі программалауға көп
мүмкіндік беретін ыңғайлы тіл. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ
–нің көмегі арқылы қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді
жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі
ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар –оның материалдық
базасы. Түлектік жұмыстың теориялық бөлімінде информатиканы орта мектепте
оқытудың әдістемелік жүйесінің мүмкіндіктері жайлы мағұлматтар зерттелініп,
қысқаша баяндалады. Түлектік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, компьютерлік
есептер жинағынан, қорытындыдан, лабораториялық жұмыстан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
I Тарау. Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік
негіздері
1.1. Информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі хал –ахуалы
Ақпараттық мәдениетті қоғам мүшелерін дайындау мақсатында
информатика пәнін оқытудың жаңа жүйелері күннен-күнге өзгеріске ұшырап даму
үстінде. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі
ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-
қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманның
ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі
ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Информатика әлемінің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай үш
бөлім аясында қарастыруға болады: теориялық информатика, әлеуметтік
информатика, ақпараттық технологиялар.
Теориялық информатика бөлімінде информатиканың философиялық негіздері,
информацияның жалпы теориясының бастаулары, информатиканың математикалық
негіздері, ақпараттық пішімдеу (моделдеу) негіздері, информатиканың
семантикалық негіздері қарастырылады.
Әлеуметтік информатика бөлімінде ақпараттың қоғам дамуындағы орны,
ақпараттық қоғам, ақпараттық қоғамдағы адамның ролі сияқты мәселелер
қарастырылады.
Ақпараттық технологиялар бөлімінде есептеу техникасының даму тарихы,
ЭЕМ архитектурасы, қатынастар (коммуникациялар) туралы түсінік, ақпаратты
қорғау мәселелері қарастырылады.
Қазіргі кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетін саланың бірі
халық ағарту жүйесі. Ал, мектептегі информатиканың проблемаларын
қарастыратын сала мектеп информатикасы деп аталады. Мектеп информатикасы
информатика ғылымының бір саласы ретінде, мектептегі оқу процесінде
пайдаланылатын ЭЕМ-ді программалық, техникалық, оқу-әдістемелік және
ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде
анықталады,. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта
мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның
құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудің міндеттері:
мектептегі оқу –тәрбие процесін сүйемелдеуге арналған техникалық құралдарды
таңдауды экономикалық жағынан негіздеу; мектептегі есептегіш техника
кабинетін жабдықтаудың параметрлерін анықтау; орта мектепке арналған
сериялық құралдар мен өзгеше жасалған құралдарды тиімді пайдаланудың
әдістерін табу. Мектеп информатикасын оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, қазақ
тіліндегі оқулықтар жасалуы қажет.
Ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етудің проблемалары: мектеп
информатикасының негізін қалау және оны тұрақты сүйемелдеп отыруға
байланысты ұйымдастырушылық техникалық шаралар; педагогикалық программалық
құралдарды жасауды және оларды көбейтуді, мектепке жеткізуді ұйымдастыру;
оқу ағарту жүйесінің барлық сатылары үшін кадрлар дайындау, кадрлар
информатиканы мектепке жаңа ғылыми пән ретінде, басқа пәндерді оқытуды
жетілдіру мақсатында құрал ретінде пайдалану .
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы–оны
психологиялық–педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына
байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Оқу процесін
тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар
педагогикалық-психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты
педагогиканың, психологияның, дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша
зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі
негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьтер оқу обьектісі және
компьютер оқу құралы ретінде. Компьютерді зерттеу обьектісі ретінде алатын
болсақ , жалпы білім беретін орта мектепте Информатика және есептегіш
техника негіздері деп аталатын жаңа пән енгізілді. Мектепке енгізілген бұл
пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти
алмайды. Ол оқушыларды мектептегі басқа пәндерді оқуға қажетті білім,
іскерлік пен дағдылармен қаруландыруы тиіс.
Орта мектептің оқыту жүйесінің жаңаруы мен базалық білім беру
мазмұны құрылымының өзгеруіне байланысты информатика курсын негізгі
мектептердің 7-9 сыныптарында және 10-11 сыныптарда мамандыққа баулу
курстары жаратылыстану, гуманитарлық бағыттары бойынша оқытылып жатқандығы
бәрімізге белгілі. Білім беру мазмұнындағы қазіргі мектеп информатикасы
біртұтас оқу пәні ретінде білімнің, ғылымның қазіргі кезеңіне сәйкес
келетін жаңалықтарын қамтиды. Осыған байланысты 2002 жылы Қазақстан
Республикасының информатика курсы бойынша білім берудің мемлекеттік
стандарты енгізілді. Аталған стандарт информатика пәні бойынша оқушыларды
жалпы біліммен қаруландырумен ғана шектелмей, олардың ақпараттық
мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру талабын қойып отыр.
Стандарттағы Информатика пәнін оқытудың басты мақсаттары:
- оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негіз қалыптыастыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды
меңгерту;
- оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау атап
көрсетілген. Информатиканы оқытудың мақсатына сай мынадай міндеттер
қойылады.
Информатика пәнін оқытудың басты міндеттері:
- ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі
болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін
құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
- қоршаған ортаны жаңа-ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат қоғам техника,
аймақтарында қарастыру;
- қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның
постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны
мен сипаттамасын өзгерту;
- оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қабілетін арттыру;
- тиіміді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп
аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
- ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім,
білік және дағдыларды қалыптастыру және оларды дамыту;
- формалдау, модельдеу, компьтерлік тәжірибе және т.б ғылыми танымның жаңа
әдістерімен қаруландыру;
- оқушыларды еңбекке, кәсіби қызметке және т.б даярлау.
Информатика пәнінің зерттеу обьектілері мыналар:
- ақпарат;
- ақпараттық ресурстар;
- түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық үрдістер;
- ақпараттыандыру құралдары және ақпараттық технологиялар.
Соңғы жылдардағы информатика дамуының басты бағыттары мыналар:
Теориялық информатика, мұнда ақиқаттың бір көрінісі ретінде ақпараттың
жалпы қасиеттерін зерттеу жұмыстары, табиғаттағы және қоғамдағы ақпараттық
үрдістердің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда
ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу
жұмыстары жүргізілуде.
Ақпараттандыру құралдары, бұл сала бойынша дербес компьютерлердің,
микропроцессорлардың есептеу қызметінің мүмкіндігі ұлғаюда, үлкен және
аймақтық желілер арқылы ақпараттармен алмасу қызметтері арта түсуде.
Әртүрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкіндіктерін одан әрі
жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың дамуы одан әрі жалғасуда.
Әлеуметтік информатика саласындағы зерттеулер, информатика және
ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамда алатын орны жөніндегі мәселелер
төңірегінде, сонымен қатар ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс
істеудің құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен
қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегінде жүргізілуде.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны: Мектепте
информатика пәнін оқытудың мақсатын ұғыну, информатика негіздерін игеру мен
ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді
талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар ) –базалық курс, информатика пәні бойынша
оқушылдардың міндетті жалпыбілімдік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді Бұл
кезеңде оқушылар ЭЕМ-нің архитектурасы және информациялық технологиямен
жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты,
тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырады.
Негізгі курсты оқытудағы басқару ісіндегі информацияның мәні, информациялық
процесстердің жалпы заңдылықтары және жүйелі информациялық тәсілдер туралы
түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің
құрылымдары, программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және
қолданбалы есептеррді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы
мағлұматтар алады.
Екінші кезең (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар
кәсіптік бағдар бойыншыа оқытылады, информатика саласы бойынша жоғарғы
сыныптарды көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағыты
бойынша қызығушылықтары мен бағыттарына қарай кәсіптік даярлыққа дейін
оқушылар білімдерін одан әрі жалғастырады. Ол оқушылардың сұранысына,
қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп,
оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі.
Базистік оқу жоспарындағы, Математика білім саласының инвариантты
бөлігінде, Информатика 7-11-сыныптарда міндетті
түрде оқылатын пән ретінде берілген.
Информатика пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
Информатика жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі (7-9-сыныптар)
және жоғарғы (10-11-сыныптар) сатысында оқытылатын оқу пәні ретінде
қарастырылады.
Информатика оқу пәні көлемінде мынадай бағдарламалар жүзеге
асырылады:
Білім берудің негізгі бағдарламасы –информатиканың базалық курсы (7-9-
сыныптар)-3 жыл
Бағдарлы білім беру бағдарламасы – қоғамдық-гуманитарлық,
жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша информатиканың бағдарлы курсы
(10-11-сыныптар)-2 жыл.
Қосымша білім беру бағдарламасы –бұл стандарт көлемінен тыс,
информатика пәні бойынша оқушылардың білім қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған факультативтік және (немесе) арнайы курс -2 және одан да көп
жыл.
Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Информатика оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі білім
бағдарламаларына сәйкес құрылады:
1. Негізгі сатыда (7,8,9-сыныптар) –аптасына 1 сағат, оқу жылына әрбір
сыныпта 34 сағаттан, барлығы 102 сағат.
2. Оқыту бағдарына қарай жоғарғы сатыда:
а) қоғамдақ –гуманитарлық бағыт (10-11-сыныптар)-әр сыныпта аптасына 1
сағат, оқу жылына 34 сағат, барлығы 68 сағат;
б) жаратылыстану-математикалық бағыт (10-11-сыныптар)-әр сыныпта аптасына 1
сағат, оқу жылына 34 сағат, барлығы 68 сағат.
Информатика оқу пәнінің мектептегі негізгі сатысының білім мазмұны
Негізгі мектепте білім мазмұны мынадай мазмұндық желілермен беріледі:
• Ақпараттық бейнелеу мазмұндық желісі бойынша
• Ақпараттық үрдістер мазмұндық желісі бойынша
• Компьютерлер мазмұндық желісі бойынша
• Ақпараттық технологиялар мазмұндық желісі бойынша
• Алгоритмдеу мазмұндық желісі бойынша
• Формалдау және модельдеу мазмұндық желісі бойынша
• Телекоммуникация мазмұндық желісі бойынша
• Әлеуметтік информатика мәселелері мазмұндық желісі бойынша
Алгоритмдеу мазмұндық желісі бойынша
Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмдердің берілу тәсілдері.
Алгоритмді атқарушылар. Алгоритмкітапханалары.Компьютерде есеп шығару.
Есепті шығару кезеңдері. Қадамдап етксеру әдісі.
Программалау негіздері: программалау тілдерінің алфавиті,
командалардың жазылу ережелері. Программа ұғымы, оның құрылымы.
Айнымалылар ұғымы:аты, типі, мәні.
Деректер типі ұғымы. Өрнектер ұғымы. Деректерді енгізу, шығаруды
ұйымдастыру. Сызықтық алгоритмдерді, тармақталу алгоритмдерін және циклді
программалау. Литерлік шамалар. Графикалық обьектілер. Ішкі программалар.
Массив ұғымы: элементтер типі, өлшемділік, индекстер. Программалау
жүйелерінің мүмкіндіктерін оқу.
Мектептің негізгі сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар
Алгоритмдеу мазмұндық желісі бойынша
Оқушылар білуі тиіс:
- алгоритм ұғымын, алгоритм қасиеттерін;
- атқарушының командалар жүйесі ұғымын;
- шамалардың негізгі сипаттамаларын (аты, типі, мәні, өлшемі);
- негізігі алгоритмдік құрылымды;
- алгоритмдердің әртүрлі жазылу тәсілдерін;
- программалау тілдерінде алгоритдердің жазылу ережелерін;
- программалау жүйелерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- алгоритм ұғымын және оның қасиеттерін нақты мысал арқылы көрсетуді;
- нақты мәселелерді шешу үшін атқарушыны қолдана білу мүмкіндігін
анықтауды;
- әртүрлі тәсілдермен алгоритмдер құруды;
- программалау тілдерінің негізгі құрылымын қолдана отырып, оқу есептерін
шешу алгоитмін жазуды және орындауды;
- программаны құруды, теруді, түзетуді және жұмысқа қосуды.
Информатика пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру жағдайларына қойылатын талаптар
Информатика оқу пәнін оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге
қойылатын талаптар
Информатиканы негізгі және бағдарлы бағдарламалар бойынша оқытуды
информатика, математика және информатика, физика және информатика пәндері
бойынша жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді мұғалім (оқытушы)
квалификациясы бар педагог және ғылыми педагогикалық жұмыстармен
айналысатын мамандар және білім қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру
иниституттарында арнайы қайта даярлықтан өткен жоғары техникалық білімі бар
мамандар жүзеге асырады.
Информатика пәнін оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз
ету
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету келесі оқу жылына арналған орталық
атқару органы жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылына оқыту
жылында жөніндегі нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асады.
Информатика пәні бойынша материалдық-техникалық базаға қойылатын
талаптар Информатика пәні бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыру оқу-есептеу техникасы кешенімен, қолданбалы программалық құралдармен,
оқыту мақсатында қолданылатын программалық құралдармен, оқытудың техникалық
құралдырымен, диапозитивтермен және диафильмдермен, кино және
бейнфильмдермен жабдықталған арнайы кабинетте орындалады. Оқытудың қажетті
техникалық құралдарының тізімі білім беруді басқару ұйымдарының нормативті
құжаттарында көрсетіледі.
1. Инфоратиканы оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары
Қазірігі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму
үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді.
Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін
информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі
кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде жоғарғы мектепте
информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған буындардың бәрі
қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Инфоратиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес
өзінің алдына келесі негізгі міндетерді қояды: Информатика және есептегіш
техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру
пәнінің мазмұнын анықтау оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш
техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру, мұғалімнің практикалық
жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі
сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты.
2. Оқытудың мазмұны.
3. Оқытудың әдісі.
4. Оқыту туралы.
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы.
Бұл айтылғандардан басқа екі мәсселеге көңіл аудару керек. Олар: 1) кімді
оқытамыз?, 2) кім оқытады? Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан
қалыптасып келе жатқан жас ғылым . Педагогика ғылымының іргелі бөлігі
ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға,
педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта
мектептің кеңейтілген басшылыққа алған тәрбиесін басшылыққа алады.
Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік
педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан Информатиканы оқыту
әдістемесі деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында
информатиканы оқыту әдістемесінінң жалпы теориялық негіздері, типтік
техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты
тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты –оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес
жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі
орын алған мәселе–дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Баланы дамыту
сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі психикалық және
физиологиялық өзгерісі, кез-кеелген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге,
төменгі сатыдан жоғарға сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту
мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту
деп, әдетте, ақыл-ойды дамытуды түсінеміз. Мұндағы маңызды мәселе, баланың
ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организмінің
табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды
мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық
өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен
дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі
болып табылады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім
беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім
берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі
қоғамдағы және ғылымдар жүйесінде алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте
оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру
болып табылды. Алайда шетелдік және отандық тәжірибелер оқу мақсатын
бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік
сауаттылық басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың
құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары
қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты
орта білім беру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға
қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-
өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
1) білімберу;
2) тәрбиелілік;
3) практикалық
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың
жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсеткен. Мектепке информатиканы
оқытудың білім беру мақсаты -әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің
алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте
оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде
меңгеріуге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл –ойын
дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі
әсер етеді. Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты
–оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға,
ақы–ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде
қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты –оқушылардың
еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп
бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен,
дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың бұл мақсаты
қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып
көрсетіп, алгоритмдеудің программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі
өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында
кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты
мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғалымдар жайында мәліметтер берілуі
тиіс. Мұнымен қатар информатиканың практикалық мақсатының тұрмыстық
аспектісі де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік
техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы
оқытудың практикалық мақсаты–оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке,
басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны
информациялық қоғамда өмір сүруге бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор.
Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде
қалыптасады; оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу,
бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы
адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы
алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды
және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді
талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя
білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен
қарау, сенімді тәртіпті болып, бар мүнкіншілікті қолдана білу сияқты
қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды,
жаңа талап қоюды керек етеді. Сонымен инфориматиканы оқытудағы тәрбиелілік
мақсат –оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа
баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен
өте тығыз байланысты., оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Мектепте
информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты
нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына
айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан
басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланыстты дидактиканың көптеген
қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол
даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде.
Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты
ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мұның мағынасы тар екенін тәжірибе
көрсетіп дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезеңде информациялық мәдениетті
қалыптастыру қажет екені көрінеді.
Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы тұрған міндет –оқушыға
әлемнің информациялық бейнесін түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не?
Ол оқушыға өзін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік
беретін информациялық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің
жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып,
оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу
мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси-
әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру,-деп түсіндіреді
Н.Ф. Талызина.
2. Орта мектепте информатика курсының мазмұны
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының
мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама –қайшылықта болатын екі
негізгі факторлар тобы әсер етеді. 1) Ғылыми және практикалық факторлар.
ИЕТН оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл
пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі
саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс. 2)
Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған
материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау
қабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай болуы тиіс.
Сондай-ақ, ИЕТН курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні
бар мәліметтерді қамтуы қажет. Мектептегі информатика курсы бір жағынан
болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап беруі керек,
екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман
ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Информация –алгоритм –ЭЕМ .
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы
ұғымдар жүйесі арқылы анықталады. Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік
мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компонанттерінен
құралады. ИЕТН курсының мазмұнынын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе
–курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан
да олар ғылыми негізде енгізілуі керек. Мектептегі информатиканы және ИЕТН
мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат
ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады. Ал, оқу
бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні.
Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989, 1990, 1991
жылдары жарияланды. Бірақ олар барлық білімді информатикаландыру негізінде
құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны
мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика
пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан
Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқытылатын информатика
курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу процесіне
енгізілді.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар
бар. Енді мектептегі информатика курсының мазмұны мен әдістемелік
ерекшеліктеріне тоқталайық:
1. Мектептегі ИЕТН курсының мазмұны информация –алгоритм ЭЕМ
деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика
ғылымымен байланысты қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық
дайындық деңгейін меңгеру үшін беріледі.
2. ИЕТН курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз
байланысы. Мектептегі информатика курсының орнын жалпы ғылымдар жүйесіндегі
философия ғылымының орнымен салыстыруға болады. Информатиканы оқу барысында
алған білім мен іскерліктерін басқа пәндерді оқу барысында кеңінен қолдана
алады.
3. Мектептегі білім қорына информатика курсы арқылы енгізілген
жаңа маңызды білім-шамалар ұғымының кеңейтілуі. Оқушы бұған дейін сандық
мәндерге ие болатын айнымалы шамалар мен ғана жұмыс істеді. Ал, информатика
курсында әртүрлі типтегі шамалармен жұмыс істеуге тура келеді: сандық,
литерлік, графикалық шамалар т.б.
4. Мектепте информатика негіздерінің енгізілуне байланысты
мектеп тарихында алғаш рет оқушыларға есептің қойылысынан бастап, алынған
нәтижені талдауға дейін үйрететін практикалық есепті шығарудың барлық
кезеңдері туралы мағлұмат беріледі. Оқушыны кез-келген есептің
математикалық моделін құра білуге үйретеді. Бұл информатиканы басқа
пәндермен тығыз байланыстыратын буын. Сонымен мектепке енгізілген
информатика пәні дәстүрлі әдістегі іскерлік пен дағдыны жаңаша
қалыптастырып, басқа пәндерді оқытуға өзінің ерекше үлесін тигізеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте Информатика және есептегіш техника
негіздері курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа
саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі –информатиканы оқыту әдістемесі
деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика
дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

жүргізілген зерттеулер
Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ
құбылыс саналады. Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде
өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза
техникалық сала – computer science (компьютерлік ғылымдар ) атты жеке
ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылдары А.П.Ершов,
В.Н. Монаховтың Информатика және есептеуіш техника негіздері атты
оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Информатика пәнінің мектеп пәні
ретінде енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт ішінде информатика пәнінің
мазмұны күн арта өзгеріске ұшырау үстінде. А.П.Ершовтың Компьютерлік
сауаттылық –екінші сауаттылық ұранын негізге алып, оқушылардың
компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға байланысты информатика пәні 1985-
1987 жылдары 9-10 сыныптарда компьютерлі және компьютерсіз вариантта
оқытылып келді. Аталған уақыт аралығының өзінде мектепке түрлі типті
компьютерлер орнатыла бастады. Мұндай жағдайда информатика мұғалімдерінің
білімін үздіксіз көтеру қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу
барысында 9-10 сыныптарға жасақталған оқулықтың мазмұнын, құрылымын және
әдістемелік құрылымын үйретуге негізделген сыныптар бойынша курстар
ұйымдастырылды.
Информатиканың маңызды ерекшелігі –оның қоғамдық қызметтің барлық
негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде,
жоспарлауда және сауда операцияларында қоршаған ортаны қорғауда,
криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы. Сондықтан оның
мазмұнын жан-жақты өзгертіп, оқушының ақпараттық мәдениетін
қалыптастыратындай етіп, өзгерту қажеттілігі туындады. Аталған қажеттілікті
шешу бағытында профессор Ж. Қараевтың және доцент Н. Ермековтың ғылыми
басшылықтармен Алматы қаласы мұғалімдерінің шығармашылық тобынан құрылған
топ Информатика пәнінің 7-11 сыныптарда оқытудың мемлекеттік құжат
негізінде оқу әдістемелік кешені құрастырылды. Құрастырылған информатика
курсының мазмұны ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара
қарым-қатынасын үйлесімді ету мен жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік
қызметтің басты құрамы болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану
мүмкіндіктерін түсіндірумен қамтамасыз етілді.
А.П.Ершов пен В.М.Монаховтың Информатика және есептеуіш техника
негіздері оқулығында информатиканың мазмұны мына ұғымдарға бағытталып,
құрастырылған: ақпарат-алгоритм-программа.
А.Г.Гейннің, В.Г.Житомирскийдің, Е.И.Линецкий және М.В.Сапирдің
Информатика және есептеуіш техника негіздері оқулығының мазмұны мына
ұғымдарға сай құрастырылған: модель-алгоритм-компьютерлік эксперимент.
Аталған оқулықтың негізігі идеясы есептерді шешудің барлық кезеңдерін
компьютер көмегімен модельдеу мүмкіндіктерін үйретуге бағытталған.
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің ғылыми –теориялық
негіздемесі А.Кузнецовтың ғылыми еңбегінде жан-жақты зерттелген. Бұл
еңбекте информатиканың базалық ұғымдарын біртіндеп қалыптастыру мен дамыту
арқылы мазмұндық құрылым жүйеленіп, қарастырылған. Жаңа ақпараттық
технологиялардың жеделдетіп дамуына байланысты информатиканың мазмұны да
үздіксіз өзгеріп отырады. КӨптеген ғалым педагогтар зерттеулер жүргізіп
информатиканы оқытудың әдістемелік жүйелерін құрып, білім беруде
ақпараттандыру құралдарын пайдаланып келеді. Әр түрлі оқу орындарында
дистанциялық ооқытуды тиімді ұйымдастырудың арннайы ерекшеліктерін
зерттеуге Д.М.Жүсіпалиеваның еңбектері арналады. Г.К.Нұрғалиеваның
жетекшілігімен электронды оқу құралдарымен, мултимедиалық оқыту
программаларын құрастырудың модулді және функционалды техниканың
тұжырымдамасы жасалды.
Халықова К.З “Оқушыны компьютер негізінде дербес оқытудың
педагогикалық мүмкіндіктері ” еңбегінде компьтермен оқыту жағдайында
оқушыны дербес оқытуды басқару үлгісінің оқыту тиімділігін арттыратын
көрсеткіштері, информатиканы оқытудың бағдарламасы мен әдістемесі жасалды.
2002 жылы Информатиканы оқыту әдістемесі кітабы жарық көрді.
Талпақов Н.Ә. математикалық логика элементтері мен логикалық
бағдарламалауды мектеп информатика курсында оқыту әдістемесі еңбегінде
алғаш рет логикалық бағдарламалау тілінің қызметін іс жүзінде іске асыру
мақсатында, қазақ тілін пайдалануға арналған “ПРОЛОГ -Б” бағдарламалау
жүйесінің әдістемесі жасалынды.
Смагулова Л.А. Орта мектептегі информатика курсында компьютерлік
модельдеудің оқыту әдістемесін жетілдіру нәтижесінде компьютерлік
модельдеуде пайдаланылатын бағдарламалық әдістемелік кешендер құрамы дұрыс
анықталып, оларды оқу процесінде пайдалану жолдары көрсетілді.
Шекербекова Ш.Т. Гуманитарлық бағыттағы жоғарғы сынып оқушыларын
“мәліметтер қоры және оның қолданылуы ” курсын оқыту әдістемесі
нәтижесінде оқытудың әдістемелік негіздері анықталып, әдістемелік құралдары
жасалды.
Сагимбаева А.Е. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін
бақылау әдістемесі еңбегінде бақылаудың ғылыми негізінде информатика
курсынан жекелеген тесттік тапсырмалар құру әдісі, олардың ақпараттық
моделін жасау, компьютерлік моделдеу оқушылардың білім сапасын бақылау
нәтижесінің информатика курсының мазмұны анықталды.
Байғожанова Д.С Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық
байланас негізінде оқыту әдістемесі еңбегі жасалды.
Абдыкеримова Э.А Компьютерлік моделдеудің негізінде мектеп физикасын
оқытудың әдістемесі нәтижесінде “Атомдық физика ” және “Атом ядросының
физикасы” тарауларындағы құбылыстар мен процесстердің компьютерлік
моделдері жасалды.
1.3. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістері, ұйымдастыру формалары,
құралдары
1. Информатиканы оқытудың әдістері
Информатиканы оқыту әдістемесі дидактиканың жалпы принциптерін
нақтылап, толықтырады. Сондай-ақ өзінің негізгі категорияларының
универсалдылығымен өз кезегінде жалпы дидактиканың мазмұнын байытады, басқа
пәндердің дербес әдістемесімен өзара жан-жақты әрекеттесіп дамып келеді.
Алдыңғы кезекте, физика, математика және басқа да мектеп пәндерінің
әдістемселерімен үндестік тауып, қазіргі кезеңде интеграциялану үстінде.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі
ретінде анықтауға болады. Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-
әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға
арналған инструкцияны жасау–педагогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі
программамен жұмыс істеу-оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының
жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру)-олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің
көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі
орын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының
педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен
білім алу дағдысының қалыптасуы. Сондай-ақ, информатика курсында танымды
басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс
істеген оқушының өз бетінділігі басым, алдына қойған мақсаты бар.
Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін
басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін
өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару ретінде қарастырылады.
Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді болып есептеледі.
1) әлем жайында білім;
2) іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;
3) шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;
4) эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі;
Ю.К. Бабанскийдің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі
келтірілген. Информацияны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге
айналған: сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу
тәсілі(теория және практика), кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау
және өзіндік бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).
Білім мазмұны мен оқыту әдісі. Әлем жайындағы білім. Оқушының әлем
жайында білімді меңгеруі қабылдау, есте сақтау арқылы жүреді. Ал, әлемді,
мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның әллеуметтік ортасы, компьютерлік
әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттылық арқылы түсінуге болады.
Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді. Компьютерлік желілер
оқушылардың информация әлемінен өзіне қажеттісін алып, информациялық іздеу
жүйелеріне сұранысты дұрыс қоя білу, өзінің сұранысын әрі жылдам, әрі
икемділікпен түзете білу іскерлігінің болуын талап етеді. Компьютерлік
әлемді үйрену оқушылардың ізденушілік зерттеу іс-әрекеті арқылы жүзеге
асырылады, мысалы, компьютердегі ойын ережесін, логикасын меңгеру
тәрізді.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері. Іс-әрекеттің үлгісін
көрсету және инструктаж жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратан
жаңалығы мен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен
жұмыс істеу кезінде іс-әрекеттің стандартты түріне бара-бар оқыту әдісі
ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программамен
диалогты меңгеруде және пернетақта мен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері. Шығармашылық іс-әрекет
тәжірибелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдарды
меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл – бір
мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу
саласындағы шығармашылық тәжірибесі –ашық прогаммалар әдісімен берілуі
мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол информатиканың жас
ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі. Эммоционалдық құндылық
қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-
қатынасы процесінде пайда, болып таратылады. Мектеп практикасында
оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды. Педагогтың
жеке басының үлгісін, оның ісәрекетін, оқушыларымен, әріптестерімен және
қоғаммен қарым қатынасын компьютерлік желі арқылы бағалау мүмкін емес.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытудың сөздік әдісі. Я.
Коменский информацияны кітаптан, лекциядан алудың жеткіліксіз екенін,
заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін
атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі. Информатика курсындағы көрнекілік әдісі –оқушының
жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік
ортаның жұмысының өзгерісін бақылау.
Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын
толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Бәрінен бұрын көзге көрінбейтін
нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік
мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық үлгісін,
зерденің ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға
бейнеленген пернетақтаны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ пернелердің
қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әркеттің үлгісін
үндемей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез-келген компилятор қателердің орны
мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін
мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің
атқарылу процесі атқарылу кестесінің көмегімен демонстрацияланады. Е-
практикум жүйесін кестенің атқарылу мысалы ретінде түсінуге болады. Сондай-
ақ, оқу орындарындағы іс-әрекет процесін демонстрациялауға да болады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда
практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және
бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді
түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып
(сөз), мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып (заттық
әдіс), оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды.
Мұнда әдістер бірін бірі толықтырады.
Информатикадағы теория мен практика. Информатикадағы теория мен
практика ұғымы жалпы ғылыми категориямен толық үндеседі. Информатика
тілінде теория компьютерлік әлемнің жұмысын, қасиеттерін түсіндіру немесе
болжау құралы, ал практика –теория мен теорияларға арналған гипотезалар
көзін тексеру құралы. Мысалы, лекция сабағында мәліметтер қорын басқару
жүйесіне қатысты теория: іздеуге сұранысты құру ережесі және т.б.
Практикада оқушы машинамен меңгерген командаларын тексереді. Семинар
сабағанда алгоритмнің нақты орындалуын түсіндіру, лабораториялық сабақта
алгоритмді тексереді. ЭЕМ-сыз алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу таза
теориялық әдіспен жүргізіледі. Бірақ, бұл тәсіл аса күрделі емес
алгоритдермен шектеледі.
Алгоритмді құру немесе түрлендіру –бұл оқушының жұмыс істеуіне,
нұсқауына негізделген теориялық іс-әрекет. Практиканың негізгі түрі
ешқандай ережесіз компьютерлік ортаны зерттеу болып табылады. Тіпті,
ағылшын тіліндегі нұсқау қолда болғанмен, оның мазмұны барлық уақытта
түсінікті бола бермейді. Жұмыстың комбинацияланған әдісі программаны
жүргізу болып табылады.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау. Бақылауды
мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп бөлуге
болады.
Информатика курсындағы бақылаудың ерекшелігін төмендегідей
тұжырымдауға болады: жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің
шығарғаны деп есептейді; компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына
нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да
маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де,
өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлесуге дағдыланады. Кері байланыс жылдам
немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам
реакция –мұғалімнің түсініктемесі –оқушының ойлау жүрісінің ашылуына
кедергі жасауы ықтимал. Оқытуда ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және
жазбаша деп бөлуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді.
Компьютер экранындағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.
1.3.2 Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Сабақ–информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі
түрі сабақ болып қалыптасты. Мектептегі сабақ класс-сабақ жүйесінің негізін
қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы;
2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
4) оқушылар жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін
ұштастыру;
5) мұғалімнің жетекші ролі;
6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-
сабақ жүйесі бүгінге дейін мектептегі құрылымдық ұйымдастырудың негізі
болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік
тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. XIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі
дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде
белльланкастерлік түрі, мангейм жүйесі, дальтон жоспары, Трамп жоспары
сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың
қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің
ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі –оның дидактикалық мақсаты. Ал,
дидактикалық мақсат –оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған
сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы
(жаттығу сабағы);
3) оқушылардың білімін шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Көптеген жағдайларда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін
ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына
тұтастай сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен
қолданылады., Аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және олардың
бірнеше артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа
білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты жедел педагогикалық
процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді.
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық
ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән
ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ,
М.П. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану
мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық
жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер
информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға
мүмкіндік береді.
Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша
топтау
Оқу сабағының
түрі Сабаққа тән дидактикалық функциялар
Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі
Сабақ іскерліктерді қалыптасытыру; оқулықпен, анықтамалық
әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу,
қорытынды жасау. Есептер шығару.
Лекция Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып
(теориялық немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу
оқыту) лекция жазу жоғары оқу орнындағы оқу түріне дайындау
іскерлігін қалыптастыру.
Семинар Өтілген тақырып бөлім бойынша білімді жалпылап жүйелеу;
(теориялық қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру;
оқыту) Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын жазу; оқылғанды
конспектілеу; көшірме жасау және оны өзінің білімін
дәлелдеу үшін пайдалану.
Конференция Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдету; қосымша
(теориялық информация көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін
оқыту) дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе
хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс
істеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау;
(теориялық біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән
оқыту) бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою,
Консультация меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда
(теориялық болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр
оқыту) түрін меңгеруге көмек көрсету.
Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей
Фронтальдық білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру,
лабораториялық бекіту бекітілген маетриалды тексеру), жеңіл есептеррді
теориялық жұмысорындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп,
оның қорытындысын тұжырымдау.
Практикум Күрделі программалармен және ПҚ-дің қосымшалармен жұмыс
істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу
жүргізе білу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz