Анықтауыш, оның зерттелуі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. Анықтауыш, оның зерттелуі . . . 5
- Анықтауыштың қазақ тіл білімінде зерттелуі . . . 5
- Түркологияда зерттелуі . . . 23
- Орыс тіл білімінде зерттелуі . . . 27
ІІ. Есімшелі анықтауыштар, олардың жасалу жолдары . . . 35
2. 1 Қабыса байланысқан дара есімшелі анықтауыштар . . . 36
2. 1. 1. -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы анықтауыштар . . . 36
2. 1. 2. -ар, -ер, -р тұлғалы анықтауыштар . . . 40
2. 1. 3. - с тұлғалы анықтауыштар . . . 43
2. 1. 4. -атын, -етін, -йтын, -йтін тұлғалы анықтауыштар . . . 44
2. 1. 5. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы анықтауыштар . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Етістік - тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі. Оның күрделілігі бұл сөз табының өзіндік ерекшелілігін аңғартады. Қазақ тіл білімінде етістіктің өзіндік ерекшелілігі туралы проф. А. Хасенова: «Әр сөз табының ерекшеліктеріне әр жақты қарап, түрлі сөздік категориялар тұрғысынан келгенде, сөз таптары, оның ішінде, әсіресе етістік морфология шеңберінен әлдеқайда кең және әр қилы болатыны мәлім. Оның лексика және грамматикалық ерекшеліктерін, морфология және синтаксистік ролін, әрбір құбылысының тарихи қалыптасуы мен стильдік қолданылуын т. б тек морфология аясында қарау, әрине, біржақтылыққа соқтыратыны анық, » - деп етістіктің синтаксистік тұрғыдан зерттелуінің өзектілігін меңзейді [1, 14] . Есімшенің синтаксистік қызметі жайлы Ж:Болатовтың [2, 5-15] ғана еңбегі болмаса, арнайы зерттелуі толық шешімін тапты деу қиын.
Етістік - өзгергіш категория, сөйлем мүшесі қызметін атқаруда икемді. Қазіргі кездегі етістік сөз табындағы жаңаша көріністердің синтаксистік талдау жұмысына да ықпалы бар. Осындай жағдайлар етістіктің ерекше бір түрі - есімшенің синтаксистік, нақтырақ айтқанда анықтауыштық қызметте жұмсалу ерекшеліктерін нақты білу қажеттілігін туындатады.
Есімшелердің есім сөздердің де, етістіктердің де қасиеттерін меңгеріп екі жақты синтаксистік қызмет атқаратыны дәлелденген мәселе, әрі оқулықтар мен грамматикаларда осылай беріліп те жүр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөз таптарының синтаксистік қызмет аясының кеңеюін тереңірек зерттеу - тіл дамуының өзекті мәселелерінің бірінен саналады. Етістік сөз табының ішінде есімшенің екі жақты табиғаты оның синтаксистік қызметін де күрделендіретіндігі белгілі. Неғұрлым тақырып нақтыланған сайын зерттегелі отырған объектінің қыр-сырын да соғұрлым тануға мүмкіндік туады. Жұмыс есімшелі анықтауыштың табиғатын тануға арналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - етістіктің грамматикалық категорияларының синтаксисте анықтауыштық қолданым диапазонының кеңеюін дәлелдеп, олардың атрибуттық қызмет аясындағы жаңа тіркесім формаларын ашу.
Осы мақсаттарға сай мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- етістіктің ерекше категориясы (етістікке де, есімдерге де тән) есімшенің анықтауыш болудағы мүмкіндік деңгейін анықтау;
- етістіктің есімше, қимыл есімі және басқа формаларының анықтауыштық қызметі жайлы орыс, түрік және қазақ тіл білімі синтаксис саласы ғалымдарының пікірлерін жинау, топтау-сараптау, одан бағыт-бағдар алу, өзіндік пікірлерді келтіру.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысында талдау-жинақтау, тарихи-салыстырмалы, типологиялық-салыстырмалы әдістер мен жинақтау, сараптау, жүйелеу, қорытындылау, тұжырымдау тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері. Абайдың «Қара сөздерінен» бастап, классик жазушыларымыз М. Әуезовтің, Ғ. Мүсірепов, Х. Есенжанов, І. Есенберлин, Ә. Нүрпейісов, Ш. Айтматов, қазақ көркем прозасының шеберлері О. Бөкеев, М. Мағауин, М. Сүндетов, Қ. Жұмаділов, Т. Әбдіков, Қ. Қазиев, ақын М. Мақатаевтың шығармалары негіз болды. Сонымен қатар республикалық мерзімді басылымдардан алынған мысалдар пайдаланылды.
Зерттеудің әдістанымдық негіздері. Қазақ тіл білімінің қалыптасуына игі ықпал еткен П. М. Мелиоранский, Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, Г. В. Архангельский еңбектері, ұлт ғалымдары А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Т. Қордабаев, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, т. б. синтаксис саласы мамандарының еңбектері басшылыққа алынды. Сондай-ақ түрколог ғалымдар: Э. В. Севоротян, И. А. Батманов, Н. А. Баскаков, Л. П. Поцелуевский, Н. К. Дмитриев, Н. И. Убрятова, А. Н. Кононовтар мен орыс тіл білімінің мамандары В. Виноградов, И. И. Мещанинов, А. А. Шахматовтардың зерттеулерінен бағдар алдық. Ана тіліміздің синтаксис, морфология саласы бойынша жазылған жұмыстарды саралап, зерттеу жұмысымызға арқау еттік.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған еңбектер тізімі берілген.
І. Анықтауыш, оның зерттелуі.
1. 1 Анықтауыштың қазақ тіл білімінде зерттелуі.
Сөйлемнің өзге мүшелеріне қарағанда анықтауыштың дамуы күрделірек екенін арнайы болсын, жанама түрде болсын ол жайлы қалам сілтеген зерттеушілер пікірі растайды. Өйткені ол - дамуда формалық, құрылымдық, мағыналық жақтан түрлі тәсілдерді меңгерген, ойды дәл, әсерлі жеткізуде маңызды қызмет атқаратын сөйлем мүшесі [3, 154 б] .
Ал етістіктің анықтауыш қызметінде жұмсалуы ертеден келе жатқан құбылыс екенін тілдік фактілер дәлелдейді. Әрі оның кейбір формаларының анықтауыш болуы түрколог ғалымдардың назарынан тыс қалмаған (П. М. Мелиоранский, М. Терентьев, А. Байтұрсынов, С. Аманжолов еңбектері) .
Осы көнеден келе жатқан құбылыс бұл күнге дейін өзгеріссіз қалыпында жетті ме және олардың анықтауыш қызметін атқаруда дәстүрлі сөз таптарынан (сын, сан есімдер, есімдік) қандай ерекшеліктері бар деген сауалдар төңірегінде сөз қозғасақ. Әрине, тарихи грамматикаға жүгінеміз.
Есімшелер тарихынан. Түркі, монғол, тұнғыс-манчжұрхалықтарының тарихын және тарихи шығармаларын салыстыра отырып зерттеген түрколог ғалымдар (М. А. Костренко, В. В. Бартольд, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов, Б. Я. Владимирцев, Г. Рамстед, В. Котвич, К. Гренбек, А. Жафароғлы т. б) түркі тілдерінің дамуын негізінен 6 кезеңге бөліп қарастырады. 1. Алтай дәуірі; 2. Хұн дәуірі (б. э. V ғ. д. ) ; 3. Ежелгі түрік кезеңі (V - Х ғ-р) ; 4. Орта түрік дәуірі немесе түркі тайпаларының тілі қалыптасқан кезең (Х-ХV) ; 5. Жаңа немесе кейінгі түрік кезеңінде түркі ұлттары тілдерінің пайда болу және даму дәуірі (ХV- ХХ) ; 6. Қазіргі даму кезеңі (әдебиеттерде Қазан төңкерісінен кейінгі дәуір) деп берілген.
Етістіктердің есімдерден морфологиялық тұлғалар арқылы бөлектенуі ата тіл дәуірінде басталған процесс екені белгілі және де бұл күрделі пройестің әлі де аяқталып болмаған құбылыс екені тіл тарихын зерттеушілер түркі тілдерін салыстыра отырып дәлелдеуде. Негізінен предикатив қызметін атқаратын сөз таптарының адъективтенуі және субстантивтенуін осы жұмысты жазу барысында біз «тіл қызметінің саралануы барысында дағдылы семантикалық синтагмасынан ауытқудың» нәтижесі деген пікірді ұстансақ, тіл тарихына үңіле келе керісінше, етістіктердің субстантивтік, атрибуттық қызметі алғашқы да, ал оның предикатив қызметінде жұмсалуы оның шақ, жақ модаль ұғымдарын беретін грамматикалық формаларының пайда болуымен тікелей байланысты екеніне көзіміз жетті. Нақтырақ айтқанда, ата тіл дәуірінде сөздер есім, етістік болып қатаң сараланбаған. Бір ғана түбірдің әрі есім әрі етістік болып ұғынылуы түркі тілдерінде сөздердің орналасу тәртібін қатаң сақтайтын синтаксистік құрылысының қалыптасуына негіз болады. Қимыл есімдерінің тіркес құрамында соңғы орынға орналасуы олардың предикат қызметіндегі мәнін белгілесе, олардың бұл қызметте тиянақты жұмсалуы жіктеу есімдіктерінің тіркесіп айтылуынан болды. Бұл жерде көне түркі тілінде жіктеудің бір ғана түрі болғанын еске сала кетудің артықтығы болмас. Мәселен: "Мен барсар мен". Тағы бір мысал: "Тарихи синтаксис мәселелерінде": " . . . көне жазу синтаксисіне тән тағы бір жәй сөйлемнің, әсіресе күрделі баяндауышты сөйлемнің көбірек кездесетін түрі - есім баяндауышты сөйлем. Ал қазіргі тіліміздегі сияқты кілең етістіктен болған күрделі баяндауышты сөйлем өте сирек ұшырасады . . . мұнда баяндауыш кызметіндегі етістіктер жедел өткен шақ пен -ар, -ор, - ұр және -ғай, -гәй формалы түрде ғана қолданылған. Есімшелер мен көсемшелердің казіргі әдеби тіліміздегі жіктеле айтылып, сөйлемнің баяндауышы болатын түрлері әлдеқалай бірді-екілі ғана болмаса, кездеспейді [4, 2б] . Демек әу баста есім, етістік қызметін бірдей атқарған түбірлерден әуелі қимыл есімі пайда болған. Бүларды өз кезегінде субстантивтік және объективтік қимыл есімдері деп қарау бар. Алғашқылары зат есімнің мағынасы мен кызметін иеленсе, соңғылары атрибуттық және предикаттық қызметтерде қолданылады. Бұл жіктеліс тарихи ұзак та күрделі процесс екені түсінікті. Қандай да бір форманың әр түрлі тілдер тобында орнығып саралануы осы жіктелістің нәтижесі.
Осы тұрғыдан келгенде етістіктердің бір формасы болып табылатын есімшелердің есім сөздермен, онын ішінде кимыл есімдерімен тарихи байланыстылығы күмән тудырмаса керек. Есімшелер мен кейбір қимыл есімдерінің (-мақ/-мек; -у тұйық, етістігі; -ушы формасы) екі жақты қызметі түркі тілдеріндегі есім-етістік жіктелісінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Ататіл тарихында көрініс берген 40 шақты кимыл есімдерінің ішінен түркі тілдерінде көп қолданылатындары ретінде мыналар аталады: -мақ, -ма, -ыс, -ым, - ынч, - ғы, - ық, - ығ, - ы, -ыт, -ын, -мыш, -қын, - ған, -дық, -ыр, -ар, -қыр [5 , 141б] т. б.
Тілдің даму барысында фонетикалык, грамматикалық және семантикалық өзгерістерге ұшыраған қимыл есімдерінің біразы зат есім, сын есімдер қатарына трансформацияланғанын көруге болады. Мәселен, кеспе, бөлме (-ма, -ба) ; -унч қимыл есім түлғасының реттік сан есімдер құрамында сақталуы, жатық, сұлық тәрізді сын есімдер құрамындағы -ық/-ик тұлғалары; қабырға, қақпа сөздеріндегі -қа, -ға тұлғаларын атауға болады.
Есімшелі сөз тіркестеріндегі есім сөздерді бір-бірімен байланыстыратын әрі алдыңғысына қимылдық /динамикалық/ сапа беретін жұрнақтар қатарына көне ескерткіштер тіліне сүйене отырып зерттеуші Е. Ағманов мыналарды жатқызады. Олар: -дұқ/-дүк, -тұқ/-түк, -йұқ/-йүк; -дық/-дік, -дығ/-діг. Бұл формантты есімшелер басыңқының өткен шақтағы мәндегі процесуалдық анықтауышы қызметінде жұмсалады . . . ("Қағанладұқ қағаннан ыдмыш". Хандық құрған ханын қуды. "Бардұқ иірдә әдгуг ол эрнч" Барған жерінде саған мынандай жақсылық болады) тәрізді мысалдар бар [6, 3-8 бб] .
Бұл туралы Н. З. Гаджиеваның пікірі келесі: " -дык употребляется в составе определительного словосочетания и является результатом контоминации двух древнетюркских отглагольно-именных форм на -ды и -к. Их объеденению способствовала и родственность семантики. Исторически -ды могло выражать перфективное время, а -к- результат действия" [7, 2 15-216 бб] . Түркологиядағы бұл жайында толып жаткан пікірлердің тоқайласқан жері мынау - түркі тілдер тарихында сөз соңындағы қ дауыссызының өзгеріске түсуі жүйелі құбылыс емес, сондықтан оның -дығ (-дуғ) варианттары болуы әбден мүмкін, ал түркі тілдерінде сөз соңында кездесетін -ғ, -г әріптері көп жағдайда түсіп калып отырған. Осы варианттың қазіргі көрінісі -ды. Ал қатаңға аяқталған түрі қазіргі түркі тілдерінде де кездеседі (Мәселен, қазақ тіліндегі қалдық, шабындық, жастық сөздері) .
Орхон-Енисей жазбаларында бұл тұлға баяндауыш ретінде жіктелмеген. Жақтық мән бастауыш қызметіндегі есімдік арқылы берілген. Сондай-ақ оның тәуелдік жалғауы арқылы өзгеруі оның қимыл есімі болғандығын дәлелдейді. -ды кимыл есім тұлғаларының басқа түрінен гөрі етістік мәнге ерте ие болған, және таза предикаттық қызметте орныққан қимыл есімі деуге болады.
Қыскасы, барлық зерттеушілердің -ды тұлғасы алғашқы қалыптасу кезеңінде шақ, модаль мағынасынан бейтарап, есімдерше түрлене алатын формадан жасалған қимыл, процесс атауы болған деген пікіріне біз де қосыламыз.
В. М. Насилов Орхон - Енисей ескерткіштерінде бұларды -мыш/-міш форманты ығыстыра бастағанын айтады. Бұл тұлғаның әу баста қимыл есімі мәнінде қолданылғанын дәлелдейтін факт ретінде ғалымдар XI ғасыр ескерткіштерінде, тіпті Орхон-Енисей жазуларында жиі кездесетін -мыш/-міш тұлғалы есімшелі конструкциялардың қызметінің әлсіреуін әсіресе қыпшақ тілдерінде -ған тұлғалы есімшенің белсенділігінін артуынан екені түсінікті болды. Сондай-ақ бұлардың XVI, XVIII ғасырлар ескерткіштерінде -ған формасымен жарыса қолданылғанын көруге болады. "Бұлар оқымыш хатундин туған турор". "Кішікхатұндин туған ұғланлар мұнлар тұрорлар [4, 68 бб] .
Бұл тұлғаның субстантивтентенген түріне тұрмыс, жазмыш, болмыс, тарамыс сөздері мысал. XIX ғасыр ескерткіштерінде -дық, -мыш тұлғаларының орнын -ған басқанына көз жеткізуге болады. Е. Ағмановтың "Қазақ тілінің тарихи синтаксисі" [8, 78-79бб] зерттеуінде И. А. Батмановтың бұл тұлғаның Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді деген және есімшелерді зерттеген Т. Ерғалиевтің -ған формасының ХV ғасырдан бастап көріне бастады деген пікірлерін құптамайтындығы белгілі болды. Дәлел ретінде ол көне жазба ескерткіштерден мысал келтіреді. -Ған формантын түркі тайпаларының даралануына сәйкес қыпшақ тілдер тобына ойысып, өзінің шақтық, қимылдык мәнін жойып адъективтетне бастаған тұлға ретінде таниды (мысалы: тебеген, сүзеген, қабаған т. б. ) .
Бұл пікірді зерттеуші Н. З. Гаджиева да қуаттайды. Бұл форманттың түркі тілдерінің алтай дәуірінде кеңінен қолданылғанын, ал Орхон-Енисей ескерткіштерінің ататілден (праязык) әлдеқайда кейінірек кезеңнің туындысы екенін ескертеді. Сондай-ақ, Г. И. Рамстедтін -ған аффиксін gа+n-нан тұратын құранды жұрнақ деп білуін және В. Котвичтің бүл көрсеткішті алтай кезеңінде пайда болған көне тұлға деп қарап, манчжур тіліндегі өткен шақ көрсеткіштері -gа/-qо/-ке-лермен, монғол тіліндегі -gаn/-уаn өткен шақ есішелеріне негіз болған деген ойларын алға тартады. Демек бұл -ған жұрнағы- құранды -к жоне -н аффикстерінің бірігуінен жасалған. Бұл екі жұрнақ та тілдің көне дәуірінде етістік жасауда өнімді тәсіл болған. -к формантының -н-ге қарағанда шақтық мағынасының өте айқындығы, яғни істің нәтижесін білдіруі басымырақ, Сондықтан, бұл екі көрсеткіштің бірігуі істің нәтижесін білдіру қажеттілігінен деп пайымдауға болады.
" во временном отношении форм на -ган и -дыг послужила причиной возникновения причастной формы на -мыш, отражающей тенденцию разграничить причастия во временном отношении. Будучи специализированной во временном отношении, форма на -мыш больше используется как причастие в определительных словосочитаниях, чем как глагольное имя. В последней функции она не выдерживала конкуренции с формами на -ган и -дыг" [7, 216 б] деген Н. З. Гаджиеваның пікірі жоғарыдығы тұжырымды бекіте түседі.
Орхон-Енисей ескерткіштерінен келе жаткан есімше формаларының бірі - ар/ -ер. Сондай-ақ ескерткіштер тілінде қазір тілімізде кездеспейтін -ор, -өр, -ұр, -үр варианттары колданылған /барор, көрор т. б/.
Қазіргі кезде бұл формамен қатар қолданылатын, кей жағдайда ығыстыра да бастаған -а-тын, -е-тін жұрнактары. Көне ескерткіштер тілінде -а, -е тұлғалы көсемше мен тұрған көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған бұл тұлға кейінгі кездерде қалыптасқан деуге болады. Т. Қордабаев ХVІ-ХVІІғ. Ескерткіштер тілінде -а-тын, -е-тін жұрнақты есімшелердің кездеспейтінін, оның орнына "тұрған" көмекшісінің қолданылатынын айтады. Мәселен, айта тұрған, яба тұрған, көрә тұрған т. б. Сондай-ақ Е. Ағманов қазіргі тілімізде субстантивтеніп, есім сөздер тобына өткен -ушы, -уші түлғалы есімшелердің көне жазбаларда анықтауыш жасауда өнімді тәсіл болғандығын айта келіп, бұл күнде адам ұғымына байланысты сөздермен / кеңес беруші дос, теңізге шомылушы жұрт т. б. І ғана тіркесіп, қолданылу аясының шектелуін -атын және -ар тұлғаларының ығыстыра бастауымен байланыстырады. Есімшелерді зерттеген Т. Ерғалиев те бұл форманың екі форманттан тұратынын алғашқысы тұйык рай формасының көрсеткіші, ал -шы зат есімдік көрсеткіш деп, -ушы формасын есімшелер қатарына жатқызбайды. Сонымен бірге бұлардың шежірелер тілінде ғана емес XVII ғасыр жазу нүсқаларында да -мыш, -міш есімшелерімен қатар қолданылғанын көруге болады.
Жоғарыда атап кеткеніміздей, қимыл есім тудырушы жұрнактардың 40 шақты түрлері болғанын ғылыми деректер дәлелдейді. Біз солардың ішінен төл тілімізде есімше тудыруда өнімді тәсіл болып қалыптасқандарына және де тарихи ескерткіштер тілінде бертінге дейін кызмет етіп, тіл дамуының заңдылықтарына орай қолданылу аясы шектелген немесе қолданыстан кетуге мәжбүр болған өнімді жүрнақтар кызметінің дамуын көрсеттік.
Ал XIX ғ мен XX ғасырдын бас кезіндегі жазба нұсқаларда Абай шығармаларында жиі кездесетін -мак/-мек формантынын көне жазбалар тілінде қолданысы жайлы пікірді (Терентьевтен басқаларда) [9] кездестірмедік. Жазба тілімізде (XIX, XX ғ. б. ) жиі кездескен бұл формантты ауызекі тілдегі -у тұлғасының ьғыстырып шығарғандығын керуге болады. Ал керісінше, өзбек, әзербайжан тілдерінде -мақ/-мек форманты қимыл есім жасаудың өнімді тәсілі болып қалыптасқан. Сол сияқты -ған және -мыш форманттары туралы осыны айтуға болады.
Анықтауыштар орыс түркологтарының зерттеулерінде. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің ішінде азырақ зерттелгені - анықтауыш. Десек те оны тілге тиек ету XIX ғасыр түркологтарының еңбегінен басталған екен. Атап айтқанда, Л. М. Мелиоранский "Грамматика киргизского языка" деген енбегінде анықтауышқа арнайы тоқталады [10] . Анықтауыш бола алатын соз таптары (сын есім, есімдік, реттік сан есім), анықтауыштың сөйлемдегі орны, егер бірнеше аныктауыш қатар келсе өзі анықтайтын сөзден қайсысы бірінші орында тұру керек деген мәселенің басын ашып береді.
Сондай-ақ "Об употреблении причастных форм в качестве а) определений и б) имен действия" деген тақырыппен есімшенің анықтауыш қызметінде жұмсалуына арнайы тоқталады. "Причастные формы употребляются в качестве подлежащих и в качестве определений, причем как и все определения, остаются без перемены, в какой бы форме не стояло определяемое ими слово" [10, 45-47б] дей келіп, қазақ тіліндегі анықтауыштың есімше формасынан жасалуы өнімді тәсіл екенін атап көрсетеді.
"Благодаря отсутствию в киргизском языке относительного местоимения почти все определительные предложения выражаются причастными формами. Употребление причастий в определительных предложениях гораздо обширнее в киргизском языке чем в русском, "- деп, онын себебін түсіндіреді [10, 48 б] .
Көріп отырғанымыздай бұл еңбекте автор есімшенің анықтауыштық қызметін жай сөйлем мүшесі ретінде емес, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары ретінде қарастырады, оның басыңқы сөйлеммен ара қатынасына мысал келтіреді.
Осы жұмысты жазу барысында өзіміз қарастырған П. М. Мелиоранскийден басқа орыс түркологтары жазған грамматикалық еңбектерден синтаксиске, оның ішінде анықтауышқа қатысты пікірлерді кездестіре алмадык. Атап айтканда, А. Казем-Бек "Общая грамматика турецко-татарского языка [11], Н. И. Ильминский "Материалы к изучению киргизского наречия" [12], М. Терентьев "Грамматика турецкая, персидская, киргизская, узбекская" [9] .
Қазан төңкерісінен кейін орыс түркологтарының қаламынан шыққан грамматикалық әдебиеттердің соңғысы - Г. Архангельскийдің "Грамматика казахского языка" [13, 55 б] оқулығында: "В казахском языке за отсутствием относительных местоимений (который, какой и т. д. ) определительные предложения ставятся непосредственно перед определяемым именем и, если в определительном предложении сказуемое - глагол, то он всегда обращается в причастие которое в казахском языке имеет обширное употребление. Например: Девочка, которая разговаривала, посмотрела на свою младшую сестру" [13, 56-57бб] деп, анықтауышты жай сөйлемнін мүшесі ретінде емес, айқындауыш" сөз, айқындауыш мүше деп құрмалас сөйлем сыңары ретінде қарастырады .
Бұдан шығатын қорытынды: 30-шы жылдарға дейін анықтауышқа грамматикалық еңбектерде жете көңіл бөлінбеген, әрі оны жай сөйлем мүшесі емес, құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары ретінде түсіндірген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz