Есіркеп сұлтан


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Есіркеп сұлтан.

Есіркеп Жаманқараұлы (1696-1764) қазақ - жоңғар және қазақ - қоқан соғысына қатысқан батыр. Қазығұрт тауының өңірінде туып, сол жерде жау қолынан қаза тапқан. Ұлы жұз құрамындағы Сіргелі руының Бәйжігіт атасынан шыққан. Анасының есімі Ақторғын. Ел аузында Есіркеп батырдың Төле биден бата алғандығы туралы аңыз сақталған. Есіркептің батырлыққа, бес қаруды меңгеруге, ат үстінде шайқасқа Тоғанас батыр баулаған. Сіргелі қолын бастаған ер Тоғанас қаза тапқанда (1723) Есіркеп батыр Сіргелілердің қолбасшысы болып с айланады. Бөгенбай батырдың қоластында мыңбасы болған Есіркеп Түркістанды қорғауға (1724-25) Ордабасыдағы құрылтайға (1726) Қалмаққырған (1728) Аңырақай шайқасы және т. б үлкен шайқастарға қатысқаны туралы деректер сақталған. Оның есімімен бірге Елшібек, Қойгелді, Саңырық, Қасқара т. б батырлардың аттары аталады. Бәйдібек ауданындағы Ағыбет ауылына Есіркепке ескерткіш орнатып, 1999 жылы орта мектепке аты берілген.

Денесі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы кіші сарайға жерленген. Құлыптасы сол жерде.

  1. Есімхан туралы не білеміз?

1) Есімхан (1598 -1645ж билік құрған) Туған жылы белгісіз. 1645 жылы қайтыс болған. Орта жүз ханы. Есімхан Шығай ханның ұлы және ХVІІ-ХVІІІ ғасырда билік құрған Орта жүздің қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы. Есімханды жоғары әскербасылық қабілет танытқаны үшін халық «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атап кетті.

Өмірлік мақсаты бір орталыққа бағынатын біртұтас мемлекет құру болды, сонымен бірге Есім хан ескі патриархалды әдет - ғұрыптарға сүйене отырып, қанға - қан, қанды кек, құн төлеу, көп әйел алу, діни тәуелсіздік сияқты дәстүрлі заңдарды уағыздады. Есім хан ұстанған көне әдістер «Есім ханның ескі жолы» аталды.

2. Жәңгір хан туралы не білеміз?

2. Салқам Жәңгір. (1628-1652жж билік құрған) . Туылған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болды. Есім ханның ұлы. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан халық оны «Салқам Жәңгір» атап кеткен. Жәңгір ханның билік еткен жылдары Жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты.

Жәңгір хан тұсында Қазақтар мен Ойрат Жоңғарлар арсында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас - 1635 жылы, екінші шайқас - 1643-1644 жылдары, үшіншісі - 1652жылы. 1652 жылы Қазақтар мен Жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста Қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, жәңгір хан қаза табады.

3. Қазбек би Келдібекұлы. (1659-1765 ж. ж) Қазақтың атақты биі Қазақтың атақты биі Орта жүзге Қазбек биді тағайындайды. Қазбек би Келдібекұлы «тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген. Қазбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелеріне ықпал ете алатын. ХVІІІ ғасырдың 60 жылдары Цинь империясы Қазбек биді өз жағына шығару мақсатымен елшілермен бірге көптеген сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазбек би Қытай жағына мүлдем қарсы болған. Абылайды Цинь империясымен қарым - қатынас жасамауға шақырған.

Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі.

Ел ішінде Қазбек биді «Қаз дауысты Қазбек» деп атап кеткен.

4. Тәуке хан туралы не білесіз?

Тәуке хан Қазақ ханы. Жәңгір ханның баласы. Тәуке хан 1680 жылы дүниеге келді. Тәуке хандық өкіметті жақтады, билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектер - сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Тәуке хан бас билермен кеңесе отырып «жеті жарғы» әдет заңдарын шығарды. Тәуке хан заңы бойынша ел басқару ісіне заң шығару, қарулы күш ұйымдастыруға қазақ хандықтарының бірлігін сақтауға, әсіресе Ресеймен қарым-қатынасты нығайтуға көп күш - жігер жұмсады. Тұрақты мемлекеттіка органдар хан кеңесі, билер кеңесі, жыл сайын үш жүз шонжарларының сьездін шақыру қалыптасты. Тәуке хан сыртқы саясатында Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орната бастады. 1716 жылы Тәуке хан жоңғарларға қарсы шығу үшін Ресейден көмек сұрады. 1698 жылдан бастап ойрат және Қазақ феодалдары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Жоңғар ханы Севан Рабдан билік құрған кезде мұндай соғыстар үздіксіз болып тұрды. Тәуке хан 1718 жылы дүние салды.

5. Қ. А. Иассауй кесенесінде жерленген Әбілмәмбет хан туралы не білесіз?

Әбілмәмбет хан шамамен 1690 жылы соңында дүниеге келеген. Әбіл - Болат ханның үлкен ұлы, Тәуке ханның немересі Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Абылайдың билікке жетуіне себепкер болған. 1740 және 1742 жылы жылдары Ор бекінісіне, Орынбор қаласына Орта жүздің белді старшын, сұлтандарын бастап келіп, Анна Моановнаға ант берген. Жоңғар шапқыншылығы елге қауіп төндіріп тұрған жылдарда елдің басын қоса алмады. Абылай, Барақ сұлтандардың қазақ руларын қалмақтарға қарсы ұйымдастыруға кедергі жасамады. Әбілмәмбеттің үлкен ұлы Әбілпейіз Абылайды қолдады. 1771 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін дәстүрлі құқынан өзі бас тартып, Абылайдың хан сайлануын қолдады. Әбілмәмбет халық тарихында, хандық билігін сарқа пайдалана алмаған қайраткер ретінде белгілі.

6. Сәмеке хан.

Сәмеке хан - рта жүздің ханы. Ордасы Түркістанда болды. Сәмеке ішкі саясатта орта жүздің жер иеленуші сұлтандары мен ру басыларының орталықтанған біртұтас мемлекетке бірігуіне қарсылық білдірушілермен күресу бағытын ұстады. Сыртқы саясатта жоңғарлармен Азия хандықтарының басқыншылық әрекетіне қарулы қарсылық көрсетумен белгілі болды. Сыртқы және ішкі жаулармен күресудегі бірден - бір одақтасы ретінде Ресейді таныды. 1731 жылы Кіші жүз старшындарының жиналысынан соң, Әбілхайыр өз елшілерін Сәмекеге жіберіп, император әйел Анна Иоановнаның Орта жүзді өз қол астына алу жөнінде келісім бергенін хабарлады.

Сәмеке 1731 жылы желтоқсанда Орта жүздің жекелеген руларының атынан Ресейге ант берді.

7. Абылай хан. 1711-1781ж. ж.

Абылай - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Шын аты Әбілмансұр. 1743 жылға дейін Орта жүздің сұлтаны болған. Әбілмәмбет хан қаза болған соң, Абылай ұлы жүздің ханы болады. Абылай ханның ата бабалары Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы болып табылады. Қазақ ордасының негізін қалаған Әз Жәнібектен тараған. Қалың халық бұқарасына оны әйгілі еткен ірі жеңіске ол Әбілмәмбет бастаған қазақ жауынгерлерінің жоңғарлармен болған шайқасында қол жеткізді. Бұл ұрыста Әбілмансұр қалмақтардың қонтайшысы Қалдан - Сереннің ұлы Шарышты жекпе - жекте өлтіреді. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. 1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтангдары батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде қазақ ханы етіп сайлады.

Абылай қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш ретқазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресей мен Қытаймен тату көршілік қарым - қатынас орнады.

Абылай хан болумен қатар дарынды күйші ретінде белгілі. Ол - «Ақтолқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Шаңды жорық» т. б. күйлердің авторы.

Абылай 1781 жылы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс өзенінің жағасында қайтыс болады.

8. Жауғаш Қырбас - ұлы қазақ батыры. (1738 - 1787) . Алматы облысы Қаскелең ауданы Аңырақай атты жерде 1738 жылы дүниеге келген. Осы кезде Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Қойгелді, Жәнібек, Батыр Баян т. б. мен бірге болып қалмақтарға қарсы соғысады.

Абылай ханның басшылығмен жиналған қазақ батырларының күшімен, қазіргі Алматы облысы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан (Өскемен) облысы қалмақтан толық тазартылып, босатылады. Бұл жорықта Жауғаш айлалы ақылмен қол бастағаны белгілі. Абылай хан Жауғашқа бірінші қолбасшы атағын береді.

Қырғыздың Талас өлкесіндегі төрағасы Садырхан өз балаларымен қазақ еліне шабуылында Жауғаш батырдың қатты қарсылығына ұшырап, Садырхан жеңіліске ұшырайды.

Жауғаш өз ажалынан 1787 жылы қайтыс болып, денесі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауй кесенесіне жерленген.

9. Жәнібек Тархан Қошқарұлы, Шақшақ Жәнібек - Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Ол 1693 жылы туылған. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының Момын руынан руынан шыққан. Жәнібек Тархан 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, қалмақтың бас батырын өлтірген. Абылай ханның тұсында қол бастап, ханның негізгі кеңесшілерінің бірі болған, ел басқару және мемлекетаралық қатынастарға белсене араласқан. Жәнібек Тархан, Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге Орта жүздің Ресей қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қошқарұлы Жәнібекке «Тархан» атағы берілді. Жәнібек Тархан 1752 жылы қайтыс болды. Мәйіті Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауй кесенесіне жерленген.

10. Қанжығалы Бөгембай. (1690-1775) Бөгембай Ақшаұлы - Абылай заманындағы атақты қолбасшы, батыр. Ол 1690 жылы Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойында туылған. Сол кездегі қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгембай батыр 77 жаста болған деседі.

Шыққан тегі Орта жүздің Арғын ішіндегі Қанжығалы руы. Ол батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған.

1708 жылы Бөгембай батыр 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған казак - орыстарды түре қуып, Еділден асырып тастайды. Осы ұрыста Бөгембай алғаш рет ерлігімен көзге түседі.

Бөгембай жоңғарларға қарсы 100 ден астам шайқасқа қатысқан. Бөгембай жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Мәйітін Түркістанға Қ. А. Иасауи кесенесіне жерлеу үшін батырдың денесін арулап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған.

1776 жылы көктемде баласы Тұраналы мен елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізген. Батырдың денесі сөреге қойылған жер күні бүгінге дейін «Бөгембай сөресі» деп аталады.

11. 1710 жылы Қарақұлда өткен үш жүз Қазақтарының құрылтайында бүкілқазақ жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары құрылды. Осы құрылтайда қазақтың қай батыры үш жүздің бас сардары болып сайланды.

Қанжығалы Бөгембай.

21. Сартұлы Қойгелді ( 1702-1795) - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінде қол бастаған атақты қолбасшылардың бірі.

Шыққан тегі - Ұлы жүздің Дулат тайпасының Шымыр руынан. Қойгелдінің бүкіл өмірі Ұлы жүз елінің басшысы, Қазақтың атақты биі - Төле бимен тығыз байланыста болды.

Атақты Аңырақай шайқасына Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатырда қатысады. Ақша осы ұрыста бірнеше рет жекпе - жекке шығып, жаудың бірнеше батырын өлтірсе, Қожық ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болды. Баласы 13 жасар Қарабатыр қаптама соғыста ауыр жараланып, аттан түсіп қалған ағасы Ақша батырды қашан әкесі Қойгелді келіп алып шыққанша жауға бермей құрғап тұрған.

Қойгелді сардар болып, қол басқарғанда ол әскери соғыс тәсілін жетік меңгерген басшы ретінде сарбаздарын жеңістен - жеңіске ұмтылдырып, үлкен қолбасылық қабілетін танытады.

Қойгелді батыр 13 жасқа келіп өз ажалынан қайтыс болған. Денесі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауй кесенесіне жерленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорымдарды зерттеу
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1667 - 1764)
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Захриддин мұхаммед бабырдың өмірі мен шығармашылығы
Кейіпкер тілі
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
Ертегілер
Астықтың технологиялық қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz