Ескендірмен Асанқайғы жайлы әңгімелер



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ескендірмен Асанқайғы жайлы әңгімелер.

Ескендір туралы алғашқы әңгімелер мен аңыздар оның жорықтарда
бірге болған сарбаздарының арасында туғаны сөзсіз. Ол әңгімелермен
аңыздарды көпшілікке таратқан да осы сарбаздар.
Кейіннен бұл әңгімелер мен аңыздар жинақталып,топтастырылып, тарихи
деректермен толықтырылып белгілі Александрия шығармасына айналды.
Александрия көптеген тілдерге аударылып, Шығыс халықтарына да жайылды.
Шығыста бұл шығарма бөлшектеніп, бір елден екінші елге ауыса отырып,
олардың ауыз әдебиетіне, кітаптарына, жылнамаларына енеді. Сөз жоқ, мұндай
жағдайда аңыз-әңгімелердің өздері де, тіпті Ескендірдің өз образы да көп
өзгеріске ұшырайды. Мәселен, гректерден сириялықтарға келген Ескендір қос
мүйізді болып бейнеленеді де, Зұлқарнайын деп аталады. Содан барып,оған
ерекше күш, айбын, тіпті ертедегі жануар басты құдайлар мен патшаларға тән
қасиет танылады. Себебі Шығыс халықтарының ерте заманғы түсінігі бойынша,
адамға біткен мүйіз-ерекше бақыттылықтың, аса бір ерекшеліктің айғағы
есепті. Мұндай түсінік қазақтарда да сақталған. Мәселен, қазақта; Кәне,
шыққан мүйізің? -деген тіркес артықшылығың қайсы? деген мағынада
қолданылады. Ер Тарғындағы Ақжүністің Қожаққа айтқан сөздерін еске
түсірейік.

Жиырма беске келгенде,
Ақ балтырың түрілді.
Оймақтай аузың бүлініп,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан дұспан сөз айтса,
Шыныменен арланып, Қызды бақтың бір кезек,
Кәні шыққан мүйізің ?-т.б
Я болмаса Біржанның:

...Қанекей, соныменен шыққан мүйізің,
Қасына сұлу қыздың көп жантайдың ? -
Деген сөздері,-мүйізді адамның әйтеуір бір ерекшелігін білдіретін
түсініктің іздері. Демек сириялықтардың Ескендірге қос мүйізді тану себебі
оны ерекше адам деп білуінде деп ұғамыз.
Ескендір қос мүйізді деген аңыз басқа елдерге де жетеді. Мәселен,
ертедегі сасан ирандарындарында мүйізі бар Ескендір ахемепидтердің, яғни
сасан ирандарының арғы атасы деп жырланады. Оларша, Ескендір — Иранның
заңды патшаларының бірі, ал сасан ирандықтлрының кейінгі патшалары —
Ескендірдің тұқымы. Ескендір осы себептен де сасан ирандықтарының Худай-
нама деп аталатын патшалық, шежірелеріне енеді. Сандықтардың бұл
аңгімелері араб Динаварйдің Ал-Ахбар-ат- тивал атты жылнамасынан да
орын алған.Оның үстіне сириялықтардың Ескендір Зұлқарнайын туралы
аңыздары арабтардың Құранына да кіргізілген Құран 18-ші сүре, 82 — 102
аяттар). Ескендірді Құранан көрген мұсылмандар кейіннен оны Мұхамметке
дейін өмір сүрген пайғамбарлардың қатарына қосады да, Тафсирге де
кіргізеді.
Х ғасырда арабтарда Ескендір туралы тағы бір әңгіме пайда болады. Ол-
Табаридің әңгімесі. Бұл әңгімеде тұңғыш рет өлмес суды іздеген Ескендір
Зұлқарнайынды көреміз. Е.Э Бертельстің ойыншаа, Табаридің бұл әңгімесі
сасандықтардың жоғарыда аталған Хұдайнамасынан алынған.
Зұлқарнайын туралы аңыздар арабтардан парсыларға жеткен. Оны біз Х
ғасырда жазылған екі кітаптан көреміз. Бірі-Баламидің жылнамасы. Бұл
парсыша. Бұл еңбек,-негізінде, Табари әңгімесінің аудармасы.
Бірақ; (Балами өз аудармасын Құранның, Тафсирдің және Хадистің
хикаяттарымен толықтырған. Мысалы Баламидың жылнамасынан Құранда
келтірілетін Ескендірдің темір қақпа соғып тоқтатқан Әджүд-Мәджүд туралы
әңгімені кездестіреміз.
Екінші кітап — Фердаусидің Шахнамасы. Фирдауси өзінен бұрынғы
әңгімелердің бәрін жинап, бір поэма жасаған. Оның суреттеуінше, Ескендір —
көптеген жорықтар жасаған Иран патшаларының бірі.

X—XI ғасырларда Ескендір туралы аңыздар мен әңгімелер түркі халықтарына да
келіп жетеді. Дәлел ретінде, Махмұд Қашғаридің кітабынан мынандай мысал
келтірейік. Тутмач деген сөздің мағынасы түсіндіре келе, М. Қашғари былай
деп жазады: Ескендір Зұлматтан; шыққанда, адамдарының азығы таусылып
қалады.Аштықтан. қорыққан адамдар оған: бізні тутма ач — деген. Сонда
Ескендір білімпаздарымен кеңеседі, ал олар бір тағам даярлайды. Сол тағамді
Дан тутмач деп атап кеткен 198. М. Қашғаридің Зұлматтан шыққанда деген
сөздеріне қарағанда, Ескендірдің өлмес суды іздегені туралы сюжет түркі
халықтарында Х-ХІ ғасырлардың өзінде-ақ белгілі болғанға ұқсайды.
Ескендір туралы аңыз-әңгімелердің бұрынғыдан да кең тарауына әсер
еткен — азербайжан ақыны Низами Өзінің Искандер-намасын жазуда Низами
өзіне
дейінгі екі нұсқаны пайдаланған. Біріншісі –Динавари, Табари және Фирдауси
шығармалары, яғни ирандықтармен арабтардың әңгімелері. Екіншісі — Туртуши
Газалидің діни жинақтарынан тараған румдықтардың әңгімелері. Низами өз
поэмасында былай деп ескерту жасайды: румдықтардың әңгімелерінде
Әбілхаят
суын ішкен жалғыз Қызыр емес, жанында Ілияс болған,-дейді.
Аса бір ескеретін жай-Низами тұңғыш рет гректердің есек құлағы бар Мидас
патша туралы мифінің сюжетін ескндірге әкеп таңады. Сөйтіп барып,енді
Мидастың орнына Ескндір пайда болады. Бұл-бір, Екіншісі- Низами ең бірінші
рет Ескендірдің өлмес су іздеген хикаятына Қызырмен қатар Ілиясты
кіргізеді.
Міне, осы әңгімелер түркі халықтары арасына, оның бірі-қазаққа да
тараған.М.Қашқаридің кітабындағы әнгімелерге қарағанда, түркі халықтары
Ескен дірді қатал жаугер адам деп білген. Сондықтан да бұл халықтар
арасында Ескендірдің қаталдығын көрсететін оның мүйізі мен күнәсіз
өлтірілген шаштаразшылар жөніндегі сюжет кең тараған.
Демек, Ескендірдің мүйізі туралы сюжетке құрылған әпсана-хикаяттың тікелей
төркіні — Низамидің Искандер-намасы. .
Қазақ арасына тараған Ескендірге байланысты фольклорлық шығармалардың
үшінші тобы мына сюжетке құрылған: Ескендір патша жорықта (жолда) келе
жатып, керемет бұлаққа тап болады. Бұлақты бойлай жүріп, ол жұмақтың
қақпасына жетеді. Патша қақпаны ашуды бұйырады, бірақ қақпаны ешкім
ашпайды. Оған қақпаның ішінен орамалға түйілген адамның бас сүйегін (кейде
бір дорба ұнмен қоса) тастайды. Оның мәнісін түсінбеген Ескендір ашу
шақырады. Сол кезде әміршінің қасындағы Қызыр (даныпшан) бас сүйекті
таразыға салдырып, өлшетеді., Бас сүйекті ешнәрсе баса алмайды. Сол
уақытта таңдағган патшаға Қызыр: Адамның көзі дүниеге тоймайды, тек
топырақ қана бас сүйекті баса алады!-ден бір уыс топырақты сүйектің
көзіне құя салады. Сол сәтте бас сүйек тұрған таразы. көтеріледі. Ескендір
болса, жаһангерлік райынан қайтады 1Э0.
Бұл—жалпы прозалық фольклордағы көне сюжеттердің бірі. Дәл осы сюжет ежелгі
жазба ескерткіштсрдің қатарына жататын Талмуд кітабында бар . Онда мысал
(притча) ретінде берілген. Бұл сюжеттің қазақ топырағына келуі Талмуд
пен Библиядағы Сүлеймен, Мұса, Нұқ. Исалар жанындағы хикаяттардың
Құран,Тафсир,Хадис,тағы басқа мұсылман кітаптары арқылы тарағаны сияқты
құбылыс.екені күмәнсіз. Сол себепті де Ескендір тап болатын жұмақ пен бас
сүйек туралы баяндайтын шыығармалар әпсана-хикаят жанрының кұрамында
қарастырылады. Оған тағы бір айғақ ретінде Ескендірдің біршама жұмсақ болып
бейнеленуін айтуға болады. Егер қос мүйізі бар Ескендір жайлы хикаяттарт да
ол аяныш, ойлану дегенді білмейтін қатал, тасжүрек адам болып көрінсе,
мұнда ойланып, өз жайын түсіне білетін патша кейіпінде суреттеледі. Басқаша
айтар болсақ, Ескендірді дәріптеп, мадақтаудың нышаны бар, соны үлгіге
тарту мақсаты бар. Ал, бұл — әпсана-хикаят жанрының бас белгілерінің бірі.
Алайда, көркемдігі жағынан әпсанаға тән ғажайыптық сипат жоқ. Рас, көркем
шарттылық бар. Ескендірдің жұмақ қақпасыа баруы, оның күзетшісімен сөйлесуі
— әрі шарттылық, әрі кереметтік элементі.
Ендігі бір көңіл аударатын нәрсе — арғы түбі Талмудқа апаратын осы
сюжеттің ұлы Абай творчествасынан орын табуы. Біздің қолда бар фольклорлық
әпсана хикаяттардың да, Талмудтағы мысалдың да сюжеті,оқиға өрбуі —
толығымен Абай Ескендірінің желісі.Тіпті кейбір эпизодтар мен
детальдарға шейін дәлме-дәл келеді. Мысалы, Ескендірдің шелде бұлаққа тап
болуы,бұлақ суына кепкен балықты салуы, балықтың хош иісті болып,

2

дәмінің өзгеруі, бұлақты бойлай жүрген Ескендірдің жұмақ қақпасына жетуі,
жұмақ күзетшісімен сөйлесуі, патшаның ашуланып, күзетшіден белгі боларлық
бір нәрсе сұрауы; кақпаның аржағынан бас сүйектің түсуі, ол сүйекті алтын-
күміспен өлішеуі, т. т. Демек, Абайдың Ескендір поэмасы мен фольклорлық
әпсана-хикаяттың түпкі төркіні — бір, ол — Талмуд кітабы.
Алайда, ұлы Абай тек бұлармен ғана шектелмеген. Басқа сөзбен
айтқанда,Абай Талмудты да, фольклорлық әпсана-хикаятты да, В.А.Жуковск
Екі повесть деген өлеңін де, сондай-ақ Ескендір туралы тарихи
шығармаларды да пайдаланған, оларды өзінің ағартушылық, сыншыл реалистік
тезінен өткізіп, қорытқан,сөйтіп, идеяс, эстетикалық нысанасы мүлде
басқаша, жаңа шығарма жазып шыққан. Мұхтар әуезовтің сөзіменң айтар болсақ,
Абай XIX ғасырдың орыс пен европаның ағартушылық, гуманистік және сыншыл
реализм бағытындағы үлкен үлгілерімен тәрбиеленген ақын болғандықтан,
Ескендір жайында өз заманының тың сындарын еркін пайдаланады. Және өз
поэмасының соңғы шумақтарында, алыстағы Ескендір жайынан әңгіме қозғап
келсе де, қорытынды өсиеттерін өз замандарына (замандастарына? —- С. Қ.),
өз оқушыларына арнайды. Бұрын өзге өлеңдерінде өзі айтып келген негізгі
ойларда (ойларға?*1—С. Қ.) әкеліп саяды 202.
Сонымен, басқа халықтардағы сияқты, қазақта да Ескендір туралы
фольклорлық та, әдеби де шығармалар бар екені анықталды. Фолькларлық
шығармалар жанр жағынан әпсана-хикаятқа жатады да, үш сюжетті
әңгімелейді. Бірінші сюжет Ескендір, патшаның өллмес суды іздегені. Бұл
оқиғаға құрылған хикаят қазақ фольклорына Рабгузидің Қисса-сүл
әнбиясынан келгенімен, оның сюжеті, сайып келгенде, адам баласының
тағдырға қарсы күресі немесе ажалдан қашуы туралы көне мифпен тамырлас:
Екінші сюжет — қос мүйізді Ескендір мен шаштаразшы туралы. Бұл сюжет қазақ
халық прозасына Низамидің Ескендір-намасы арқылы тараған. Ал түптеп
келгенде,мұндай сюжеттердің тууы алғашқы қауымның тотемдік сенімдерімен
байланысты.
Осы сенімдерге негізделген түсінік бойынша ерте уақытта ру басы, тайпа
көсемі, бақсылары, патшалары тотемнен туады, соның кейпінде боладыу
қасиетің бойьна сіңіреді деп ойлаған. Сол себепті олар есек құлақты,өгіз
мүйізді т, б. түрде суреттелген. Егер олар осы магиялық күш беріп тұрған
кұлақтан, мүйізден айырылса,опат болады деп сенген. Қоғамда бұл
нанымдардың жойылуымен мифтегі қиялдық элементтер әпсана-хикаятқа көшеді,
Енді акцент моральдық проблемаға жасалады: мүйізді ханның атағы үнемі
зұлымдықпен шығады және оның масқара құпиясын ашу барша жұртты моральдық
тұрғыда қанағаттандырады. Осының нәтижесінде бұл сюжеттегі шығармаларда
ертегілік сипат бар.Үшінші сюжет жұмаққа тап болып, көз сүйегін алған
Ескендір жайында. Мұның түп негізі — Талмудтағы мысал. Ал, Талмудқа
Ескендір сарбаздары шығарған аңыздардың Шығыс таяуда тараған нұсқаларынан
енген болу керек. Ол қазақ еліне мұсылман кітаптары арқылы келген. Ал,
сюжеттің арғы түбірі өлмеудің амалын іздеген адам туралы миф болуы
ықтимал, өйткені хикаяттың бүкіл сарыны сонымен үндес: жұмақ, керемет су,
мәңгі тірі Қызырдың бас сүйек жайында айтқандары, Ескендір-дің өлім туралы
ойлап, жаһангерліктен бас тартуы,— міне осының бәрі ажал мен адам күресі
туралы мифті еске түсіреді. Ескендірдің өлімге дауа болатын суды іздеп
Зұлматқа барғанда, өлмес суды Қызыр мен Ілиястың ішіп қоюы осы сюжетте де
көмескі түрде көрініс береді. Сонымен бірге Ескендір туралы әпсана-
хикаяттарда Лұқпанның бейнеленуі де кездейсоқ емес.
Лұқпан да Шығыс халықтарының прозалық фольклорында кең тараған кейіпкер.
Жалпы, қазақтың әпсана-хикаяттарының ішінде Құранда әңгімеленетін Лұхман,
Сүлеймён, Қарун жайында баяндайтьш сюжеттерде кездеседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу дастаны және оның идеялық мазмұны, көркемдік сипаты (әдеби талдау). Оғыз қаған дастаны және оның нұсқалары
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Жыр алабы - Жамбыл
Қазақтың аңыз ертегілері, жаңылтпаштары, нақыл сөздері
Шағын жанрлар
Жырау толғауларында психологиялық мәні зор қанатты сөздер
Түркілердің мәдени мұрасы
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері: асан қайғы, қазтуған, шалкиіз және жиембет жыраулар
ХХ ғ. б. Алаш басылымдарындағы әдеби-сын мәселелері туралы
Пәндер