Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны


ЕСТІМЕЙТІН ЖӘНЕ НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жоспар:
Кіріспе
- Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны.
- Арнайы мектептегі педагогтардың оқыушылармен қарым-қатынас стилін тәрбиелеудің маңызы.
А) Сабақта оқушылардың адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.
В) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен байланыстыру.
- Тәрбие әдістері және үдерісінің негізгі қағидалары.
Қорытынды.
- Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны.
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру үдерісі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие үдерісі - күрделі диалектикалық үдеріс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай үдерістерін игеру. Тәрбие үдерісі - ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.
Тәрбие бұл - жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқытушығы әсер ету үдерісі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, тәрбиеден бас тартуға тура келеді.
Тәрбие бұл - балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму ережесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалард-ың іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын - ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағытталған және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д. Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.
Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудығы ықпалын жете бағаламайды.
В. Г. Беленский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланыстыдеп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жоамалды ойға әкелді.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдардын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезім мен талғамы артып адамгершілік сапасы артады.
Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбиеде алып шығады.
Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ. Революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосыты.
Арнайы мектеп жалып мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мекетптің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.
Сондықтан тәрбие үдерісі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі бала - болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктеріін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты - тәрбиелеу және білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін анамальды балалардың есту және сөйлеу дамуын ескеру қажет. Осы балаларды тәрбиелеу балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына, тәрбие әдістеріне байланысты. Есту кемістігі бар балалардың мініз-құлқы ерекше болады, балалар болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық жеткізе алмайды. Есту қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және тәрбиелеуде сонымен қатар түзету жұмыстарын жүргізуде, танымдық үдерістері дамиды. Есту қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей заңдылықпен дамиды. Осыған байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған арнайы мектеп жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы мектептердегідей. Бірақ арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін оқушылардың даму психикасының кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себепті есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларлды шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
- Күн тәртібін орындау.
- Жекелеген қатынас.
- Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
- Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша «Еңбастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады. » Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін әр бір баланы жете танып, зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие үдерісін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мектеп ұжымының - әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Есту кемістігі бар балалардың қарым-қатынастың сабақта және сабақтан тыс уақыттарда ұйымдастырады. Есту кемістігі бар оқушылардың басты факторы - іс - әрекеті болып табылады.
Есту қабілеті зақымдаған оқушыларға арналған мектептердегі тәрбиелудің басты бағыты - еңбек болып табылады.
Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.
- Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білі, көп нәрсені үйрену қажеттігі жөніндегі мысаалдармен танысады.
- Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолқабыс тигізіп отырады.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабқты көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі - өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедерлі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрби мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бастартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап койғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс. Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
- Арнайы мектептегі педагогтардың оқыушылармен қарым-қатынас стилін тәрбиелеудің маңызы.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Миинистрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуындаа күрделі және қиын жолдаржы басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп - интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппараттары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты. Арнайы мектеп педагогикалық ұжымдар, балалардан қоғамға деген қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Естімейтін және нашар еститін балаларды еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Бастауыш сыныптарынан бастап, балалар өздерінше қызмет етеді: денешынықтыру, төсектерін жинайды, сыныпта кезекшілік атқарады. Кейінен өзіне қызмет ету қиындатылады: еден жуады, асханада кезекшілік атқарады, ыдыс жуады, мектеп ауласын тазартады.
Жоғарғы сыныптың балалары өзіне қызмет көрсетуді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына өздерінің тәжірбиелерін үйретуге тырысады.
Естімейтін және нашар еститін рухани байлықтарды әр түрлі қабылдайды. Осының салдарынан психикалық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы мәдинетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті - ойын.
Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша «Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып, адамгершілік артады».
Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды. Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекетерінде қоғамдық өмірдегі формалармен және қоршаған ортамен танысады.
Өмірдің әр түрлі жағдайларын ойнай отырып қатар, құбылыстар және адам тууралы мағмұматтар алып, оларда ұжымдық, қоршаған ортамен және бір - бірімен қарым-қатынасы қалыптасады.
Естімейтін балалар және нашар еститін балаларды тәрбиелеуде, мұғалімдер мен тәрбиелеушілер, олардың даму ерекшеліктеріне қарап методтар тәрбиенің салаларына байланысты нақты формаларды өңдеп қарастырған жөні. Осы мәселелерді арнайы меткептерде қарастыру үшін ең алдымен тәрбиені тәжірбиелер арқылы зерттер жалпылап алу керек.
Естимейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептеде балалрды, қоғам, еңбек, іс-әрекеттеріне дайындап, оларға білім мен дағдыны ғана қалыптастыру емес, сонымен қатар, адамгешілікке, әлеуметтік ортадағы, ортадаға адамдардың жақсы қасиеттерін, яғни еңбек сүйгіштікке, коллективте және коллективпен жұмыс істеуге тәртіртілікке, қоғамдық мүліктерді қастерлеуге көзқарастарын қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға табиғатты қорғауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, жан-жануарлармен өсімдіктерді қастерлеуге үйрету мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің міндеттері.
Арнайы мектептегі тәрбиелеу мен оқытудың обьектісі ол қалыпты жағдайдан және психикалық дамуы бұзылған балалар, яғни естімейтін және нашар еститін балалар.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалып және негізгі мақсаты - естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты дамтытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау, бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау. Есту кемістігі бар балалрдың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің негізгі міндетті тәрбиеленушілердің қоршаған ортаға деген көз-қарасын, іс-әрекетіне баға беру қалыптастыру.
Тәрбие үдерісінің барлық түрінде естімейтін және нашар еститін балаларды коллективтік іс-әрекеттке ұйымдастыру болып табылады. Мұндағы негізгі жағдай, ұстаздар мен тәрбиелеушілердің оқушылармен қарым-қатынасы жылы жүзді болу керек.
Тәрбиенің басты міндеттері - проблеманың ойлау жүйесінің меңгеруі, оның саяси идеялық, инттернадционалдық, патриодттық ой-өріс аясын кеңейтіп, естімейтін және нашар еститін балалардың сөйлеу қабілетін дамыту.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларды тәрбиелеудің жауап кершілік принциптерін арттыруда, оны еліміздің қазіргі кезеңдегі әлеуметтік - экономикалық дамуымен байланыстыру міндетті. Естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің өмірін жаңарту, әлеуметтік, әдептілік үшін кұресте қандай да қиыншылықтарға мойымай, дұрыс берілген тәрбие арқылы жеңуге болады. Адамды қалыптастырудағы тәрбиенің, жауапкершіліктің рөлі туралы жаға көзқарас болу қажет.
Адамгершілік нормалар, ұғымдармен мәселелер естімейтін және нашар еститін тәрбиеленушілердің мінез-құлқына терең әсер ете отырып, олардың сезімін оятып, рухани дүниесіне, танымына ықпал етеді. Естімейтін және нашар еститін оқушылардың абзал адамгершілік саналарын қалыптастыруға әлеуметтік орта, адамдармен қарым-қатынас, теледидар, әдебиет, өнер т. б. әсер етеді. Әдетте бұл үдерісті орындауда жанұя, ата-ана, мұғалім, тәрбиелеушілер маңызды рөл атқарады.
Жанұя ортасы - әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге аттандыратын мейрімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, балада тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді.
Тәрбиешілер, ең алдымен, өз үлгі болатындай етіп өз өзін тәрбиелеу керек. Әр баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласау тәрбиешінің ғанибетті ісі.
Тәрбиешілер тарбиғи болу қажет, олардың жылы жүрегі, мейірімді жүзі, аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүние танымы, өмірді танып білуінен басталады. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығынығ, өмірдің әр қырының жағымды, үлгі өнегесі болуы қажет.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез шаршағыш болып келеді және де тілдері дамымаған, сөздері дамымаған, сөз қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.
Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға қиналады. Естімейтін және нашар еститін баланы коллективтің рухында тәрбиелеу, оның өз тәртібіне, жеке басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды талап кетеді.
Әсіресе, есту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқа қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабаұ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор. Гуманистік қарым-қатынас стилінің негізінде арнайы мектепте мұғалімнің оптимизімі, оның оқушы мүмкіндігіне деген шексіз сезімі, бала бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп жатады. Есту кемістігі бар оқушылар, мұғалімдердің қарым-қатынас ситлі ең алдымен, оның қояр талабының мазмұнынан, балаларды іс-әрекетке ынталандыру мен бағалай білу жүйесінен байқалады. Мұғалім әр сабақта балаларды өз ара қарым-қатынастарын қалыптастыруға балаларды бір-біріне ынталы болуға үйретуға, бірге еңбектенуге, бір-біріне көмек беруге, өзі мен өзі жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс бағалай білуге бағытталған талаптар қояды. Бұл үшін мұғалім әр түрлі тәсілдер қолданады. Мысалы, сабақ үстінде бір оқушының орындаған жұмысын бүкіл сыныпқа тексеру арқылы бағалатамыз. Жолдастары кеткен қателерін көрсетіп, нақыт бағасын кояды. Тапсырманы тексерудің мұндай әдісі, балалардың өз өзіне, бүкіл ұжым ісіне деген жауапкершілік қасиетін арттырады.
А) Топтық жұмыстың мәні - балалрды бір -біріне көмектесе отырып, өздеріне жүктеген ортақ тапсырманы бірлесіп, жемісті еңбек етуге үйрету. Тәрбие ісіндегі бірізділіктің, педагогикалық негізгі баланың мектеп жасына дейінгі игерген мінез-құлық формаларымен мұғалімге, жолдас құрбыларына қарым-қатынасы, адамгершілік жайындағы бастапқы білім мен сезімі бастаушы сыныптарда адамгершілік мінзе-құлықтың ой сананың, сезімнің, қарым-қатынастың жаңа формалары дамитын ірге тасы болып табылады. Алдынғы өткен тәрбие осы кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отыра, болашақтың ерекшеліктеріне қарай бағыт алып, баланы соған дайындайды, ал келесі тәрбие ісі баланың өмір сүрген кезіндегі тәржірбиесіне барынша сүйенеді. Естимейтін және нашар еститін балалр үшін адамгершілік тәжірбиелердің шешуші маңызы зор.
Тәрбие көбінесе ең алдымен кемістігі бар баланың адамгершілік ережелерін, нормасын және принциптерін қолдана білу қажеттілігіне көз жеткізіп, әдеттенетін күнделікті тұрмысына өтеді. Мұндай балалардың төңірегінде адамдардың қоғамдық мүддесіне қоғамның өмірімен байланысқан кез келген әрекеті адамгершілік әрекеті болып табылады. Адамгершілік қасиетердің дамуын анықтайтын тәрбиенің өзеге кеміс балалардың гуманистік қарым-қатынасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұны, методы және формаларына, соған сәйкес нақты мақсаттарға қарамастан, мұғалімнің алдында әрқашан есту қабілеті зақымданған балалардың адамгершілік қатынастарын үйымдастыру міндеті тиіс.
Тәрбие жүйесіндегі тимділік көрсеткіштерінің бір-бала адамгершілігінің дамуы, оның рухани адамгершілік дүниесіндегі елеулі өзгерістер болуы тиіс.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастру үшін, оның дербес әрекетері ерекше маңызды, мұндай оқушылар мұғалімнің нұсқауы және олардың бақылау мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл алғыштыққа үйретеді. Тәрбие үдерісі мінез-құлықпен қарым-қатынастың адамгершілік жағын балалрдың мойындауын қамтамасыз етуі тиіс.
Балалрдың басқалармен өзінің қылықтарын түсіне білуі - адамгершілікпен өз ісіне баға беруін қалыптастуға мүмкіндік береді.
Адамгершілік қасиетердің жетілуі - тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігін негізгі критерийі.
Аранйы мектептерде оқытылатын естимейтін және нашар еститін оқушылардың сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отырууы нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірбиесі баии түседі. Есту қабілеті зақымданған оқушылардың тебіреністері, олардың қуаныштарымен реніштері, ең алдымен оқуға байданысты. Сондықтан, арнайы мектептерде өтетін сабақта тәрбе үдерісінің барлыұ негізгі элементтері, мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара әсер етеді. Сабақта мұндай оқушыларды тәрбие беру сәттері ғана емес бүкіл оқыту үдерісі тәрбиелейді. Сабақта адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігі сабақ мазмұны, оның ғылымилығы, идеялылығы, мұғалімнің жұмыс әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік - экономикалық қуаты, сабаұта мұғалімен оқушылардың арасында қалыптасатын өзара қарам-қатынас стилі, мұғалімнің жеке басының адамгершілік қасиетерінің бағыттылығы, оның оқытатын материалдарға қатыснастарын қамтамасыз етеді.
Сабақ үстінде оқушылар арасында белгілі бір іскерлік және адамгершік қатнастар үнемі туып, пайды болып отырады.
Арнайы мектепті сабақтарында дидактикалық ойындардың да тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жағдайда кемістігі бар балалардың ұжымдық жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып табылады, мұнда оқушылар бір-бірімен араласып, ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне көмектеседі, тапсырмалардыы шеше алмай жатқанда бір -біріне жандары ашиды. Міне, осы жағдайда арнайы мектепте педагог, балалар арасындағы жолдастық, ізгі ниетті қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді тәрбиелеуге пайдаланады.
В) Еңбек сабақтарында дамуында кемістігі бар балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы өте зор.
Онда мұғалімның міндеті - оқушылардың еңбекке қарым-қатынасын, еңбекке мәдениеттің, еңбекке дұрыс қатынасын және еңбек үшін қатынасын және еңбек үшін жаупкершілік, бірлесе жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабаққа өздері жасайтын бұйымдар балаларға өте көп тәрбиелік ықпал жасайды. Бұл бұйымдардың әдетте, белгілі бір тәжірбиелік құндылығы болу тиіс, оқушыларға немес басқа адамдарға пайда келтіруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz