Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРДЫ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
МАҢЫЗЫ

 
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің
мазмұны ерекше. Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге
және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие
беру процесі болып табылады.
 
 
Қазіргі Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жүйесін
ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған.Дамуында ауытқуы бар балалар ерте
кезден анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Комитеті
, ерте сәбилік жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуына, алғашқы
дәрігерлік-санитарлық жәрдем беру пунктерінде скрининг жасау міндеті болды.
Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлық ерекшеліктері мен
психологиясы алғаш рет ХІХ ғасырдың орта шенінде зерттеле бастады.20
жылдары Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі
түрде қарастырылды.Сурдопсихология саласындағы зерттеулер И.М.Соловьевтың
жетекшілігімен жүзеге асырылды.Сурдопсихлогияның қалыптасуының кезеңдерінде
А.П.Гозова, Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова,
Т.В.Розановна, Л.И.Тигранова және т.б. ғалымдар өз үлестерін қостых[1].
Сурдопсихология- психологияның бір тармағы, есту қызметінде бұзылуы бар
балалардың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді.Есту қабілеті бұзылған
балаларға педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістері,
психологиялық жағынан негіздеуінен, интеграциялы оқыту мен саңырау
балаларды қоғамға енгізудің психологиялық мәселелерін зерттеумен
айналысады. Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның
бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты,
естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі
мәселелерддің бірі-тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының
жоқтығы.Сондықтанда келешек дефектолог-сурдопедагогтар осындай жағдайларды
тудырмауға тырысу керек.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің
мазмұны ерекше. Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге
және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие
беру процесі болып табылады.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық
салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары,
еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі-
күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға
адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай
процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға
бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты
қызметі.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін
ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады,
айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен қоғам құрылысының практикасымен байланыс
принципі. Бұл принциптің мәні- қоғамның экономикалық, әлеуметтік және
рухани қатынастарын өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын
тәрбие ісінде қолдау болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру балаларды
өмірге, еңбекке, мамандықты таңдауға, толық дайындауының шынайы алғышартын
жасайды [2].
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың
жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін, оның дербес
әрекеттері ерекше маңызды, мұндай оқушылар тек мұғалімнің нұсқауы және
олардың бақылауы мен әрекет жасаған кезде, ең алдымен тіл алғыштыққа
үйретеді.
Арнайы мектептерде оқытылатын естімейтін және нашар еститін оқушылардың
сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыруы
нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі баии түседі.
Есту қабілеті зақымданған оқушылардың тебіреністері, олардың қуаныштары мен
реніштері, ең алдымен оқуға байланысты.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта
көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырады.Естуі зақымданған балаларды және де басқа да
ауытқуы бар балаларды мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай
балалардың білім алу дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті. Яғни, арнайы
мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін балалардың даму психикасының
кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті
зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын
балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру қажет.
Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-
жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей,
кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының
рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына,
кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту
қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады.
Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып
ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.
Жанұя ортасы- әр бала үшін алтын бесік, қанатын қатайтып, үлкен өмірге
аттандыратын мейірімді биік тұғыр. Гүл күнге қарап өсетін сияқты, бала да
тәрбиешінің мінез-құлқына қарап, ер жетеді, өседі.
Тәрбиешілер, ең алдымен, өзі үлгі болатындай етіп, өз-өзін тәрбиелеуі
керек. Әр баламен жеке дара жұмыс жасап, әңгімелесіп, сырласу тәрбиешінің
ғанибетті ісі.
Тәрбиешілер табиғи болуы қажет, олардың жылы жүрегі, мейірімді жүзі,
аялы алақаны, ыстық құшағынан балаға дүние есігі ашылады, оның дүние
танымы, өмірді танып білуінен басталады. Әр тәрбиешінің бойында, естімейтін
және нашар еститін балаларға деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімі, елеулі
рухани күштің, сезім сұлулығы мен мінез байлығының, өмірдің әр қырының
жағымды үлгі-өнегесі болуы қажет[3].
Eсту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-
қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі
қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы
адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор.
Естімейтін және нашар еститін рухани байлықтарды әртүрлі қабылдайды.
Осының салдарынан психикалық даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-
қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы
мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және
мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті-
ойын.Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып,
адамгершілік артады.
Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды.
Естімейтін және нашар еститін балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық
өміріндегі формаларымен және қоршаған ортамен танысады.
Арнайы мектептің сабақтарында жүргізілетін дидактикалық ойындардың да
тәрбиелік мәні өте зор. Бұл жағдайда, кемістігі бар балалардың ұжымдық
жұмысын ұйымдастыру формасы тәрбиелеуші фактор болып табылады, мұнда
оқушылар бір-бірімен араласып,ортақ жауапкершілікті көтеріп, бір-біріне
көмектеседі, тапсырмаларды шеше алмай жатқанда бір-біріне жандары ашиды.
Міне, осы жағдайды арнайы мектептегі педагог, балалар арасындағы жолдастық,
ізгі ниеттік қатынастарды қалыптастыруға, әдептілік және жолдастық сезімді
тәрбиелеуге пайдаланады
Программаларда, әдістемелік құралдарда мұғалім назарын бәрінен де бұрын,
дидактикалық міндеттерді: балалар дың ой-өрісін кеңейту, олардың өздерін
қоршаған әлем туралы түсінігі мен білімін, табиғаттың өзара байланысты және
өзара сабақтас құбылыстарды білу туралы білімін байыту танымдық мүдделерін
дамыту міндеттерін шешуге бағыттайды.
Кемістігі бар балалар үшін, табиғатта жасалатын серуендеудің маңызы
зор. Табиғаттану бойынша серуендеу, оқушыларға өздерін қоршаған аймақтың
жер бедерімен, өсімдіктерімен таныстырып, зерттеуді, оның ерекшеліктерін
анықтауды мақсат етеді. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларды тәрбиелеуде
табиғатты қорғау, оған мейлінше ұқыптылықпен қарау керектігі туралы
әңгімелесуі керек, әдетте, табиғатты қорғау дегенді қолдан отырғызылған
жасыл ағаштарды кеспей, қамқорлық жасау туралы мәселемен ғана тірейді.
Дұрысы, бұл мәселеге әлдеқайда кеңірек қарау керек. Табиғатқа серуендеу
кезінде балалар, мыса...лы кемістігі және көзі жабылып қалған бұлақтарға
кездесуі мүмкін. Мұндай бұлақтардың көзін ашып, қоқыстан тазарту- әркімнің
міндеті.
Табиғатпен араласу- балаларда мейірімділік, қайырымдылық, сезімталдық
қасиеттерін тәрбиелеудің тамаша мектебі. Кімде-кім бала кезінде табиғатқа
немқұрайлы қарап, оның сұлулығын көре алмай, хайуандарға табиғаттағы әлсіз
тіршілік иесі ретінде қарап, қамқорлық жасауды үйренбесе, кейін ондай
балалардың адамгершілік мейірім күту қиын, өйткені, қайырымдылықтың жақын
адамға деген нышаны адамға бала кезінен егіледі ғой. [4].
Әсіресе, есту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта
қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен
оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем
болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың
маңызы өте зор.
 
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалпы және
негізгі мақсаты- естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты
дамытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау. Бұл
міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту
кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты
қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек. Арнайы
мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі зақымданған
балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене отырып қолданады.
Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды
өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны
қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей
жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
-Күн тәртібін орындау.
-Жекелеген қатынас
-Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
-Жүйелі қадағалау.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқитын оқушылар тез
шаршағыш болып келеді және де тілдері дамымаған, сөздері дамымаған, сөз
қоры өте аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, айтқан сөздері түсініксіз болады.
Қоршаған ортаның сөздерін ұғынуға қиналады. Естімейтін және нашар
еститін баланы коллективтің рухында тәрбиелеу, оның өз тәртібіне, жеке
басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды
талап етеді Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп
тәрбиешісінің алатын орны ерекше.[5].
Осындай мүмкіндігі шектеулі, көмектесуге зәру жандарға оның ішінде
балаларға жақсылық жасап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, оларғада білім
сапасын қалыптастыруымыз керек,Осындай  естімейтін және нашар еститін
балаларға арналған тәрбиенің мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің басты мақсаты-
әлеуметтік сарыны кемтар балалардың кемістіктерін жою, оларды әр тарапты
дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау біздің міндетіміз.
 
Пайдаланған әдебиеттер:
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың маңызы

Ихсанова Жумазия Гарифоллиевна
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың
арнайы мектеп- интернат- кешенінің математика-физика мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі –
оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде
жаңашылдық
қатарына ақпараттық кеңістікті қолдану енгізілуде. Ал Қазақстан
Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік
бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада Е-learning электронды оқыту жүйесі
бойынша
білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін
автоматтандыру,
педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және
технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты атап көрсетілді. [1]
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
көлемі
күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық –
коммуни-
кациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім
беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда. Жаңа қоғамның
дамуын-
дағы оң бетбұрыстар арнайы білім беру саласының мамандарына мүмкіндігі
шектеулі
тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде, оны қоғамға араластыруда жауапты міндеттер
жүктеп
отыр. Осы мәселелерді шешуде мүмкіндігі шектеулі жастардың әлеуметтену
үрдісіне
енуіне кері әсерін тигізетін бірнеше себептеріне тоқталсақ:
- әлеуметтік ортаға өздігінен толық бейімделе алмауында
- еңбекке араласуына жасау керек жағдайдың көпқырлылығында
- мамандық таңдауы өте тар шеңберде болуы
- қоғамдағы теріс әрекетке бейім болуында
Осындай бір қатар мәселелерді шешуде арнайы білім беру саласының
мамандарының
алдындағы міндет - мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік педагогикалық
түзету
арқылы қолдау: тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою және оның орнын толтыру
үшін
жағдай жасауды қамтамасыз ету, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам
өміріне қатысу
мүмкіндіктерін жасау. Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы
өзімен
қатарлас дені сау балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға,

олимпиадаларға қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін
дамытады. Осы мақсатты орындауда әлеуметтік тәрбие мәселелерін көре білу,
сезіну
және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге
қолайлы
шарт жасау, кедергілерді мүмкіндігінше жоя білу, орнын толтыру. Мүмкіндігі
шектеулі
баланы қатарға қосу, әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі
әлеуметтік
кедергіге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыруда АКТ-ның барлық
мүмкіндігін
пайдаланамыз.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін әлеуметтік педагогикалық үрдістің
теориялық
негізін қалыптастыру, оны практикалық іс- шараларымен, құралдары мен әдіс -
тәсілдерін іс жүзінде қолдана отырып дамыту және оның тиімділігін тексеру
арнайы
мектеп мұғалімдері үшін басты мақсат болып отыр.
Түзете-дамыту жұмысында АКТ-ны қолдануды жоспарлаудың негізгі талаптары:
∗ Психологиялық ахуал туғызу, дамуындағы кемшіліктің ескеру;
∗ Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту;
∗ АКТ-мен жұмыс істей білуге үйрету;
∗ АКТ-мен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; ∗ Топ оқушыларының білім
деңгейі мен танымдық қабілеттері ескерілуі қажет;
∗ Тапсырмаларды орындауда естімейтін оқушыға таныс емес сөздер мен сөз
тіркестерін болдырмау;
∗ Оқушылар өзінің үйренгенін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы
пікір
алысуға мүмкіндік жасау.
Әр түзету сабағында немесе белгілі бір іс-шараны өткізуде ең алдымен бір
тұтас
төрттік (білім беру, тәрбиелеу, дамыту және коррекциялық (түзету)) мақсат
қойылады.
Осы мақсатқа жетуде оң нәтиже алу, оның дұрыс ұйымдастырылуында. Арнайы
мектеп
маманы баланың дамуындағы кемшілікті басты назарда ұстап, сабақтың
(шараның)
құрылымын, өту сатыларын, жүргізу әдіс-тәсілін, қолданылатын техникалық
құралдарын іріктеу, білім, білік, дағдыларды тексеру мен түзету жұмыстарын
жоспарлап, тиянақтап ойластырғанда ғана өз мақсатына жетеді. Осы тұста сөз
еткелі
отырған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, оның барлық
мүмкіндіктерін тиімді қолдану оқушының білімге өз бетімен ұмтылуын, ойлау
белсенділігі мен даму кемістігін түзету дәрежесі артады.
Электрондық оқыту- дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық
жүйе
және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады әрі
мультимедианың соңғы мүмкіндіктері қолданылады. Оқытушы үшін электрондық
оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе,
оны
әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра
отырып,
әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа
сабақты
түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады. Қазіргі таңда мен өз
тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты пайдаланып
келемін. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары,
түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың
өмірбаяндары,
жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу
материалдары
бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды
көрсете отырып, түсіндіруге естімейтін оқушыға қол қимылмен, ыммен,
тәжірибедегі
болатын өзгерістерді көру –есту арқылы қабылдайды. Сонымен қатар
тақырыптағы ең
басты мәселенің түйінін ұғуда оң нәтиже береді. Мультимедианың әдістемелік
күші
оқушыны дыбыспен, бейнекөрінісімен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек
береді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар
бұрын
алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Әрбір
оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта
және
сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі
суреттер,
видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады. Бұл мұғалімнің
тақтаға
жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектебінде 5-10
сыныптар
аралығында арнайы бағдарламамен сурдоинформатика пәні жүргізіледі. Біздің
мектепте
жаңа үрдіске сай жеке компьютерлермен, интерактивті тақтамен жабдықталған
сурдоинформатика, биология және физика кабинеттерінде интерактивті тақта
орнатылған. Барлық пәндер бойынша бағдарламаға сай тақырыптық DVD, CD-ROM
дискаларымен қамтамасыз етілген. Осындай бесаспап оқыту құралын қолдануда
есту
және сөйлеу қабілеті төмен балалар сабақта материалдарды көру-есту арқылы
қабылдайды. Жаңаны оқып үйренуде таныстырылатын материалды бейнекөрініспен,

дыбысталумен және мұғалімнің сурдоаудармасымен кешенді көмек
ұйымдастырылады.
Сонымен бірге алған білімдері бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының
білімін
көлемді түрде бағалау үшін тесттер берілген. Осындай жаттығуларды орындауда

естімейтін бала өзін-өзі тексереді, қайталау барысында екінші рет
қателеспеуге
тырысады. Осылайша өз бетімен жұмыстануы мен пәнге қызығушылығы артады.
Мәтінді көре отырып тыңдауды қалыптастыруды сөз етсек, ең алдымен, жаңа
техникалық құрал-жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу
технологиясы алға тартылады. Бұл- жаңашыл аудиовизуалды техникалық құрал-
жабдықтар мен оқытудың үдемелі қарқынды әдістерін қолдану арқылы оқушыларды

қызықтырып, сабаққа белсенді түрде қатысуын арттыратын, материалды
меңгеруді
жеңілдететін, сонымен қатар кемтар балаларға көмектескісі келетін
мұғалімдерге өте
тиімді таңдау. Қазіргі заманғы аудиовизуалды оқыту құралдары сабақты
түрлендіруде
үлкен көмегін тигізеді: мұғалім сабақта бір мезгілде мәтінді, аудио және
бейне
материалдарды, DVD, CD-ROM және интернет ресурстарын қолдана алады. Есту
және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытуда интерактивті тақтада
жұмыстану
оқушының жеке басына , оның жан толғанысына және сезіміне әсер ете отырып,
олардың сөйлеу қабылетінің дамуына, танымдық іс-әрекетінің шындалуына,
өзара пікір
алмасуына әкеледі. Естімейтін бала жаңа технологияны меңгеруді мұғалімге
қарап
үйренеді. Өзінің интерактивті тақта алдында өз бетімен жұмыстана алатынына
масаттанып, тапсырмаларды дұрыс орындауға құлшына кіріседі.
Геометрия сабағында фигуралардың ауданын оқытуда алдымен қайталау
мақсатында
интерактивті тақтада кесте сызып, оқушылардың өздеріне осы кестені
толтыруда
фигураның суретін салдырып, аталуын және ауданының формуласын жаздырдым.
Фигуралардың ауданын табуға берілетін тапсырмалар қатарын дайындауда
Виртуалды
мектеп. Геометрия сабағы CD-ROM дискісін қолдандым. Мұндағы мысалдар бір
мезгілде бейнекөрінісімен, дыбысталуымен беріледі және жауабының дұрыстығын

оқушы өзі тексере алады. Сабақта оқушылар өз-ара пікір таластырып, бірін
–бірі түзей
отырып, дұрыс жауабын алуға ұмтылды. Өздері толтырған кестені пайдалана
білуге
машықтанады. Жаңа технологияны қолдану естімейтін балалар үшін көруге,
естуге, өз
бетімен жұмыстануда алдыңғы сабақта алған білімін толықтырып, өзі жұмыстану

арқылы жан-жақты дамуына жағдай туындайды. Есту және сөйлеу қабілетін
дамыту
мақсатында жаңа технологияны енгізу айтарлықтай оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Есту
және сөйлеу қабілетін дамыту мақсаттарында арнайы тапсырмаларды орындағанда

естімейтін бала монитордағы бейнекөріністі қызықтай қарап, соған еліктеу,
оны
қайталау арқылы дыбыстарды анық айтылуға барынша тырысады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың арнайы мектебінде сабақты ұйымдастыруда
тиімді
әдіс-тәсілін іріктеп, алдын ала әзірленген тапсырмалар қатары енгізілген
жаңа
техникалық құралдарды қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Жаңа
техноло-
гияны енгізу уақытты үнемдеуге, оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенім
ұялатып,
сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді. Мүмкіндігі шектеулі оқушыны жаңа
технология арқылы әлеуметтендіру, қоғамдағы өзгерістерден шет қалдырмай,
өзіндік
орнын таба білуге ықпал ету түзету мектептеріндегі мұғалімнің міндеті. Есту
қабілеті
бұзылған балаларды оқытуда жаңа технологияны енгізудің жалпы білім беретін
мектептерден өзгешелігі қолданғалы отырған жаңа құрал немесе жаңа әдіс
оқушыға
алдын ала таныс болғаны жөн. Себебі естімейтін балаға түсініксіз іс-әрекет,
бұрын
таныс емес құралды қолданып, жаңа материалды беру оң нәтиже бермейді.
Сондықтан
арнайы мектепте сабақты ұйымдастыруда алдымен оқушының психологиялық түрде
дайындығы және сабақ процесінде кері әсерін тигізетіндей жағдайлар
болдырмауды
ойластыру керек. Олай етпеген жағдайда сабақ өз мақсатына жете алмайды,
себебі
дамуында кемістігі бар оқушының назар- ынтасын бір уақытта бірнеше жаңаны
үйренуге аудару оңайға соқпайды.
Сабақ кезінде интернет ресурстарын пайдалану оқушының бүгінгі заман
талабына сай
технологияны меңгеруге, өзінің қажеттілігіне қолдануға, жалпы жаңадан шет
қалмай,
жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Есту қабілеті
бұзылған
балаларды оқыту- тәрбие жұмыстарында интернет жүйесін қолданудың
тиімділігі:
- оқушының грамматикалық жазу сауаттылығы артады
- өзін қызықтыратын ақпараттарды алу мүмкіндігі туады
- аудармашының көмегінсіз тілдік қатынасқа түсе алатын болады
- сөздік қоры кеңейеді. Дамуында кемістігі бар жасөспірім, психологиялық
ерекшелігіне байланысты ілеспе,
анғал, сенгіш болып келетіні белгілі. Қоғамдағы теріс бағытқа ілесіп
кетпеуі үшін
вертуалды кеңістіктегі сауаттылығын ашу арнайы мектепте педагогтардың
міндеті. Әр
оқушының сабаққа қатысу белсенділігі, білімі, есту және дұрыс сөйлеуге
ынталылығы
мұғалім тарапынан қысқаша баяндалып, бағаланып болған соң сабақтың
аяқталғаны
хабарланады.
Түзете-дамыту жұмысында АКТ-ны қолдану нәтижесінде:
* Бірін-бірі тыңдай білу дағдылары қалыптасады
* Топпен белсенді жұмыстанады
* АКТ-мен жұмыстануға үйренеді
*Бірін-бірі бағалайды, өздерін бағалайды
* Оқушының жеке қызығушылығын оятады, білім сапасын арттырады
* Оқытушының уақытын үнемдейді, қосымша мәліметтер береді
Жаңа технологияның элементтерін сабақта қолданудың бір үлгісі ретінде 8
сыныпта
(естімейтін балалар сыныбы) физика пәнінен Денелердің жүзу шарттары
тақырыбында сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер
ететіндігін,
егер осы күштердің бірі көп болған жағдайда денелердің жүзу шарттарының
орындалатындығын тәжірибе жасай отырып түсіндіру мен қатар интернет арқылы
бірнеше мысалдарды келтіріп, Архимед заңы мен оның орыналуын естімейтін
оқушыға
жеткізу қиынға түспеді. Су көлігінің жүзу шарттарымен таныстыру мақсатында
интернет желісінен қысқа видео роликті (интернет арқылы алынған бейнебаян
дыбысталуы мен мұғалімнің сурдоаудармасы қатар жүреді) қолдануым уақытты
сергіту
сәті ретінде және білім беру- дамушылық мақсатында ұтымды қолдануыма
көмегін
берді. Сабақтың әрбір сатысында естімейтін баланың жаңаны меңгеруде,
бекітуде және
алған білімін тұрмыста қолдануда мұғалім тарапынан кешенді көмек және
қойылатын
барлық талаптардың сақталуын жіті қадағалау қажет етіледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда даму кемістігін түзету жұмыстары
арнайы
тапсырмалардың көрнекті, мазмұны еске сақтауға жеңіл, өзін-өзі тексеруге
мүмкіндігі
бар жаңа технологиямен жабдықталған болуы шарт. Барлық мүмкін жағдайды
ойластырып, жаңа технологияны шебер меңгерген маманның еңбегі оң нәтиже
беруі
сөзсіз. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық – коммуникациялық
технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының пәнге қызығушылығы
мен
білім сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын
қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Норма мен патологиядағы психикалық даму заңдылықтары туралы тұжырымдама
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Пәндер