Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері


Жоспар
- Кіріспе
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері 1
- Негізгі бөлім
1/ Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер 3
2/ Етістікті оқытудағы жаңа технологиялар 15
- Қорытынды
Етістікті оқытудың тиімділігі 25
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы-өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгерту оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани құндылығымен қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге деген шынайы құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны бағамдалған. Өз ана тілінің даралық ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға қатыстылығы туралы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы - коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.
Міне осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп алынған. Әрі олар қай сыныпта, қай саланы оқыту кезінде де ескерілуге тиіс. Сондықтан морфологияны оқыту, соның ішінде көсемшені оқыту етістік тарауын өткенде осыған сәйкестендіріле отырып анықталады. Жаңа бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7 - сыныптарға бөлініп берілген.
6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық жағынан қарастырса, ал 7- сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.
Сонымен 6- 7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір күрделі де өте жиі қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
- етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;
- оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;
- етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;
- етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;
- етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мектепте қазақ тілі грамматикасынан оқушылардың игеретін білімдері екі деңгейге бөлініп анықталады: міндетті және мүмкіндік деңгейлер. Міндетті деңгей оқушылардың білім дәрежесінің ең төменгі қажетті мөлшерін белгілесе, мүмкіндік деңгей баланың шығармашылық бағыттағы белсенді іс-әрекетіне бағдар болатын білім көлемін көрсетеді. Бұл екі деңгей көлемі бойынша қазақ тілінің оқытылу процесінде етістік бойынша мынадай болып белгіленеді:
- Міндетті деңгей:
- етістікті өзге сөз таптарынан ажырата білу;
- етістіктің және оның категорияларының сөйлеудегі атқаратын ролін тану;
- етістікті сөйлеу тілінде орынды жұмсай білу;
- етістіктің жіктік формаларын айыру, қызметін білу, оларды қатыстырып сөйлемдер құрау;
2. Мүмкіндік деңгей:
- етістік және оның категориялары мен үстеудің, етістік және оның категориялары мен еліктеуіш сөздердің арақатынасын сөйлеу тілінің мақсатына сай айқындай алу;
- етістік және оның категорияларының сөйлемдегі қызметін зат есімдермен, сын есімдермен салыстыра талдап, түрленуіндегі өзгешеліктерді айқындау:
Осы мақсаттар мен міндеттерді айқындау арқылы етістікті мектепте оқытуды тиімді жүзеге асыруға болады.
Осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым - мектепте етістіткті оқытудың мақсаты мен міндеттерін айқындап, етістікті қазақ тілінің заңдылықтары мен принциптеріне сай оқытып, етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды іріктеп, оларды оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай таңдап алу арқылы етістікті оқытудың тиімділігін пайымдау.
Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер
Сабақтың дұрыс өтуіне, нәтижелі болуына әсер ететін бірнеше факторы бар. Олардың барлығы да мұғалім сабақтың мазмұнына сай оқушылардың іс- әрекетін қаншалықты үйлестіре алуына қарай өзіндік тиісті мәнге ие болады. Ал, сыныптағы балалардың білім, білік өрісіне сәйкестендірілмеген оқыту формалары жасанды жұмыс түрінен аса алмайтыны анық. Сондықтан жаңа нәрселер жат болып қабылданбас үшін, әр жаңаның бойында осыған дейін қолданылып келген әдіс - тәсілдердің белгілі бір элементтері орын алып келгенін ескеру қажет. Әдетте, орта сыныптарда оқушылардың пәнге қызығушылығын тудырудың бір тәсілі ретінде грамматикалық ойындарды ұйымдастыру жиі аталып жүр. Дегенмен, ендігі жерде ойын түрлерінің ой қалыптастыруға бейімделе жүргізілгені тиімді. Ребустар мен сөзжұмбақ түзу, морфологиялық ұғымдар үздіксіз сөзтізбек жасату, қызықты диаграммалар жасату, кестелер жасату, арнайы картотекалар жасату т. б. сыныптағы жұмыстарда оқушының жарысуы мен ой тұжырымын беруі қатар қамтылады. Әрі оқушылардың өіндік әрекеттеріне негізделе орындалады.
Оқушылардың қазақ тілі сабағына ынта қоюын қалыптастырудың, яғни тілдік тақырыптарды саналы түрде меңгеруінің басты қозғаушы күштерінің бірі - пәннің практикалық мәніне үнемі назар аударып оқыту . Бұл оқушылардың оқу мотивтерін оятудың, дамытудың мәйегі болып табылады. Ал, мотив бар жерде әрекеттің де нәтижелі болары сөзсіз. Мотив оқушылардың білуге құштарлығынан, зейінінен және сабақтағы белсенділіктерінен байқалады. Сондықтан, олардың қызығушылығын қалыптастыру мынадай баспалдақтар арқылы жүргізілгені тиімді:
- Сабақтың қызықты болуы;
- Тілдік білім - машықтардың қажеттіліктеріне көз жеткізу;
- Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту.
Бұл үшеуін өзара үнемі байланыстыра отырып берілсе білім әрқашан да сапалы болады. Пәнге деген қызығушылық тақырыптағы жаңашылдық элементтердің қамтылуымен байланысты да туындап отырады. Мысалы, сөз таптары туралы оқушының алған жалпы түсініктерін қызықты детальдармен толықтыруға болады. Оған морфологияның етістік саласын оқытқанда көз жеткізуге болады. Етістіктің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар: көсемше тұлғалы етістіктер жеке тұрып толық мағыналы сөз есебінде қолданылмайды, көсемшелерге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды; көсемшелер тек етістік сөздермен ғана тіркесіп қолданылады; есімше тұлғалы етістіктер және тұйық етістіктер заттанады, есім сөздер сияқты түрленеді. Етістіктер көсемше тұлғасында тек пысықтауыш, баяндауыш бола алады, есімше тұлғасында келіп анықтауыш, тұйық етістік тұлғасында зат есім қызметін атақарады: Күрделі етістіктер құрамы көсемшелерден тұрады. Осыларға назар аударту оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын тудырудың, саналы түрде түсінуін қалыптастырудың тағы бір жолы - тілдік терминдердің мағынасын аша отырып оқыту . Әуелде мұғалімнің басшылығы мен жүргізілетін мұндай жұмыс бірте - бірте тілдік ұғымдарды оқушылар өз бетімен тануына алып келеді. Сөзжасамдық, морфологиялық тақырыптардың қай-қайсысы да бұлай оқытуға әбден қолайлы. Мысалы, түбір, қосымша, дара сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, шылау, қысқарған сөз, негізгі, көмекші, одағай сөздері, сөз таптары, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, есімше, көсемше, үстеу, еліктеу сөз деген терминдердің қай-қайсысының да мағынасы өзі білдіретін грамматикалық ұғымының табиғатын, даралық сипатын айқындап тұрған жоқ па? Олай болса, оқушы үшін оның қызықтылық қасиетінің өзі де осы байланыстылықтан өрбитіні анық. Тек оны тиянақты меңгерту үшін сөз төркінін тани білуге үйрету басты шарт болып табылады. Мысалы, етістіктің көсемше категориясын оқытқанда “көсемше” сөзін А. Байтұрсынұлы енгізгенін, көсем тәрізді үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді, есімше заттанғандықтан түбірі есім деген сөзден туған дегенді айта кету оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.
Оқушылар игерген білімнің қажеттілігіне көз жеткізудің бір жолы - тақырыпаралық, салааралық, пәнаралық байланыстарды үнемі ескеріп отыру. Бұл, бір жағынан, оқушыларды тілді бір тұтас құбылыс ретінде тануға негіз болса, екінші жағынан, үйреніп отырған білімнің ендігі сыныптарда өтілетін тақырыптарға тірек болатынын саналы түсіне бастайды. Оқушының лингвистикалық дүниетанымы мен тілдік компоненттілігін қалыптастыру бағытындағы жаңа талаптардың жүзеге асуында бұл жол елеулі маңызға ие болады. Мысалы, етістікті зат есіммен, сын есіммен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі тақырыпаралық байланысты жүзеге асырса, етістікті оқытқанда әдебиетпен, тарихпен, педагогикамен байланыстыра оқыту қазақ тіліндегі пән аралық байланысты жүзеге асырған болар еді. Осы мәселелердің барлығы білімнің тиянақтылығының кепілі бола алады. Оқушылардың бойында білім қорының мол болуының пайдалылығына деген сенім қалыптаса бастайды. Фактілер - ұғымдар - заңдар - жеке теориялар - тілдің жалпы адамзат дамуымен байланысы секілді тізбектің құрамына енген бөліктердің әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерін айқындала дәлелденуі оқушы логикасын дамыта түсумен қатар негізгі, қосалқы білімдердің ара қатынасын танытады. Ақпараттар ағымынан өзіне қажеттісін екшеу, саралау, жүйелеу, қорыту дағдыларын жетілдіреді.
Бұрынғы кездері әдістемеші - ғалымдардың еңбектерінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру мәселесі көбірек орын алса, соңғы жылдары оның орнын білім беру ісін оқушылар сол білімді түсінуі, меңгеруі тұрғысынан ұйымдастыру мәселесі кең өріс алуда. Оқу процесін оқушының белсенді әрекеттерінің педагогикалық - психологиялық заңдылықтарын дәйектілікпен есепке ала отырып жүргізуге назар аударып қажеттілігі айқындалды.
Баланың оқу мотивтерін, оның ішінде қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы ретінде пәнді оқытуда эвристикалық тәсіл арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі атап көрсетіледі. Мұнда білім мазмұнын меңгертуде баланың ынта-ықыласын жұмылдыру мақсаты көзделеді. Грамматикалық ережелер мен анықтамаларды, оның заңдарын бала өзіндік ой қорытулары арқылы түйіндейді. Мұндай сабақтарды мұғалім алдын ала жоспарлап, онда мынадай міндеттерді белгілейді:
- грамматикалық материалдарды оқушыға түсіндіру жолын ықшамдап, өнімді әрі баланың қабылдануына, ақыл - ойына қонымды болу жағын қарастыру;
- меңгерілуге тиіс материалдардың түйінді мәселелерін оқушының өздері ашатындай жағдай тудыру, олардың түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Бұл жағдайда «мұғалімнің міндеті оқушының әрекетін ұйымдастыру, оның жолын көрсету» /Д. Б. Эльконин/, «Оқытуды түсіндірусіз, нұсқаусыз жүргізу» /Т. Я. Гальперин/ болып табылады. Ал, оқушы сол тапсырмаларды шешудің жолдарын өздері табады, бұл олардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталады.
Бала ұғымына ауырлық келтірмейтіндей деңгейдегі мәселелерді проблемалық жағдай туғыза отырып меңгерткен тиімді. Себебі «оқушының интеллектуалдық күшінің өсуі жаңа фактілерді түсінудегі және ой елегінен өткізудегі қиыншылықтарға тап болуынан туады және проблемалық мәселенің, оқушының тақырыпты меңгеруге» деген ынтасының, оның эмоциялық әсерлігінің және ерік күш - жігерінің болуымен сипатталады. Өздігінен жұмыс істеуге ниеттелген оқушы тапсырманы қызыға орындап, жағымды эмоциялық әсер ала отырып, кездескен қиындықты саналы түрде түсіну арқылы жеңіп шығуға талпынады. Бұл бағыттағы ізденістердің, ғылыми тұжырымдардың барлығы да оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыру теориясы /М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Т. Огородников/, мазмұнды қорыту теориясы /В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин/, ақыл-ой әрекетін кезеңдеге бөліп қалыптастыру /П. Я. Гальперин/, рухани қажеттіліктер /Ю. В. Шаров/ мен танымдық қызығушылықтарды /Г. И. Щукина/ қалыптастыру теориясы, проблемалық оқыту теориясы /А. М. Матюхина, Т. В. Кудрявцев, М. И. Махмутов, И. Я. Лернер/ т. б. оқушының әрекет субъектісі ретіндегі рөлін жоғары бағалайды, яғни оқушының білімі де, меңгеретін машық- дағдылары да танымдық белсенділігі нәтижесінде оның біліктілігін арттыруға қызмет етуге тиіс.
Проблемалық сұрақтар оқушылардың белсенді әрекеттерін туғызуға түрткі болып өздігінен ой түйіндеулеріне әкеледі. Мұнда баланың танымдық дербестігін, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін салыстыру, талдау, жинақтау, ой қорту секілді ойлау операциялары жүзеге асырылады.
Ойлау тәсілдеріне: алгоритмдік, жартылай алгоритмдік /дұрыс шешім - бірдей шешім/; эвристикалық, жартылай эвристикалық /дұрыс шешім болмау да бірдей болмауы да мүмкін шешімдер/ тәсілдерді оқушыға үйретудегі басты мақсат - машықты төтелей меңгерту емес нақты міндетті шешуге көмектесетін операциялар жүйесін қалыптастыру.
Таным теориясы даралық таным процесінің негізгі заңдылығын проблемалық ұстаным арқылы бейнелейді. Онда адам ойы білмеуден білуге, толық еместен толық білуге қарай жүруінің ішкі логикасы көрсетіледі. Одан туындайтын негізгі міндеттер мынадай:
- етістікті шығармашылықпен меңгеру дағдыларына тәрбиелеу;
- етістікті шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және көсемшені оқу проблемаларын шешу шеберліктеріне тәрбиелеу;
- шығармашылық әрекеттерін қалыптастыру;
- етістікті оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру;
- етістіктің ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың тиімділігін арттыру т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz