Етістікті тұрақты тіркесті анықтауыштардың құрылымдық сипаты

Қошанова Н. – ф.ғ.к., доцент, ХҚТУ
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің ішінде жасалуы жағынан күрделі сөйлем
мүшелерінің бірі – анықтауыш. Анықтауыштың сөйлем мүшесі ретінде қалыптасуы
туралы ғалымдар арасында кереғар пікірлер жоқ.
Әрине, осы күнге дейінгі оқулықтарда анықтауыштың жасалуы туралы
айтқанда, оның әрі қабыса, әрі матаса байланысып жұмсалатыны айтылады.
Бұған қарағанда, анықтауыштардың тұлғасына нольдік және ілік жалғаулы
сөздер қатысты делінеді.
Анықтауыштардың мағынасына қарай сапалық анықтауыш, меншікті
анықтауыштар болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше нольдік
тұлғалы зат есімдерден болған сөздер жатады, олар анықтауыш сөзбен қабыса
байланысады. Меншікті анықтауыштарға ілік жалғаулы сөздер жатқызылады,
тәуелдік жалғаулы сөзбен матаса байланысады.
Сондай-ақ, анықтауыштар құрамы жағынан дара және күрделі, үйірлі
анықтауыштар болып келеді. Тұрақты тіркестер анықтауыштар күрделі
анықтауыштар аясында қарастырылады [1,117; 2,141; 3,155]. Анықтауыш туралы
еңбектерде күрделі анықтауыштың бір түрі ретінде тұрақты тіркестер алынады.
Оған дәлел Р.Әміров: күрделі немесе дара анықтауыш қатарына жатқызуда
айыруда қиындық келтіретін – ақ басты, қара шашты, ұзын бойлы, қаба
сақалды, сегіз қырлы, бір сырлы деген сияқты тіркестер, - дей келіп: ...
Бір атап кететін жағдай, анықтауыш сөйлемнің сыйымдылығын өсіріп, бір
сөйлем көлеміне бірнеше пікір ретінде айтылатын ойды сыйғызуға көмектеседі.
Мысалы:
Дәмешке көзін сүзіп қараған Қайрақ тісінің арасынан сыздықтата шырт
түкірді де шанасына барып отырды (С.Мұратбеков) [3, 157].
Автордың алып отырған анықтауыштық мысалдарды көзін сүзіп қараған –
тұрақты тіркестер анықтауыш, тек автор тұрақты тіркестер анықтауыш есебінде
атамағанымен күрделі анықтауыш қатарына жатқызады.
М.Балақаев күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатынастағы,
предикаттық қатынастағы сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар қатарына
қосады: Атрибуттық қатынастағы күрделі анықтауыштарды анықталатын
заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы кісі, ат
жақты жігіт т.б.
Предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа
заттардың сапалары арқылы анықтайды: өңі сұп-сұр, жасы үлкен [2,141].
Мұнда да анықтауыштарды құрамына қарай күрделі, үйірлі деп атағанымен, кей
мысалдары – тұрақты тіркестер. Дегенмен, автор бұл анықтауыштарды – өзара
берік байланыста тұрған сөз тіркестері деп көрсетеді.
Т.Сайрамбаев жалпы сөйлем мүшелерінің жасалу жолдарының бірі ретінде
тұрақты тіркестерді баса атайды [4,36].
Егер анықтауыш қызметінде жұмсалатын сын есім, сан есім, есімше, зат
есім, есімдік, қимыл есімі, еліктеуіш сөздер және негізгі сөз бен көмекші
сөздер анықталатын сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысқан сапалық
анықтауыштар жасалады десек, тілімізде тұрақты тіркестер де сөйлемде
анықтауыш сөзбен қабыса байланысып, анықтауыштық қатынаста мол жұмсалады.
Әрине, мұнда тұрақты тіркестердің морфологиялық өзгерісінің өзіндік
ерекшелігі бар. тұрақты тіркестер анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, сын
есім, сан есім, зат есім, есімдік, есімшелерге тән грамматикалық
өзгерістерге түскенде барып, анықтауыштық қызмет атқарады. Тұрақты
тіркестер есімдерше септеледі, яғни септік жалғауларының ішінде
анықтауыштық грамматикалық тұлға – ілік септігі, нольдік тұлғадағы тұрақты
тіркестер ілік септігінде тәуелдік жалаулы сөзбен матаса байланысады.
Сондай-ақ етістіктер таза күйінде де, есімдермен тіркесте де анықтауыш
қызметінде жұмсалады.
Сыңарлары зат есім + қимыл есімнен болған тұрақты тіркестер сапалық
анықтауыштар: Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер күн көру ісіне керек шаруа
керек-жарақтары (А.Байтұрсынов). Қарусыз келгендер дауыс беру құқығынан
айрылады (Жеті жарғы). Келесі 1824 жылы Қарқаралы, көкшетау округтарын
ашқаннан кейін солай қарай сапар шегу ойым бар (Қ.Исабаев).
Сыңарлары түбір етістіктерден болған ТТ (тұрақты тіркесті - әрі қарай
ТТ ) сапалық анықтауыштар: Қален Құдаймендені қақ бастан тартып жіберді де,
сырт жағынан келіп қалған жігіттерге жалт қарады. Олар осы ауылдың кіл
өңшең қарулы, ұр да жық жігіттері екен (Ә.Нұрпейісов). Елдің ер-азаматтары
Петр Тереньевичті кезек-кезек қонаққа шақырып ас та төк сый-құрмет көрсетті
(С.Омаров). Біздің Сәттіғұл сен тұр, мен атайын ақын емес, бірақ ойланып
шығарса, сөз бедерін текшелей біледі екен, - депті Қашаған ақын ( Қазақ
әдебиетігаз.).
Сондай-ақ, тілімізде аз да болса, сыңарлары зат есім+жедел өткен
шақтың ІІІ жақты етістігінің тіркесуіндегі ТТ анықтауыштар да кездеседі:
жүрек жарды, бармақ басты, көз қысты, көкей кесті, пышақ кесті т.б. Мысалы:
Сонау жатақта отырған менің Дәркембайдай бір қартым бар. Ол қазынамдай
қартым. Елдің шын шерін білдіретін көкей кесті күйді сол шертеді
(М.Әуезов). Әрине, бұл пышақ кесті бөліс емес (М.Қаратаев).
ТТ-ге қатысты әдеттегі сөздер секілді жалғау, жұрнақтар арқылы
түрленеді дедік. Сол түрленуі арқылы синтаксистік қызметі өзгеріп отырады.
ТТ сын есімдік жұрнақтарды қабылдау арқылы сөйлемде сапалық анықтауыштық
қызмет атқарады. Сол жұрнақтармен келген ТТ анықтауыштарға тоқталайық.
-дай,-дей жұрнақты ТТ анықтауыш: құлаққа ұрған танадай, ортан қолдай,
тайға таңба басқандай, беті шиқандай, жүзіктің көзінен өткендей, бес биенің
сабасындай, сындырған нандай, аспан айналып жерге түскендей, кәрі қойдың
жасындай т.б. Бұл ТТ бір заттың сапасын келесі затқа салыстырғаннан пайда
болған. Мысалы: Тұқымбай бес биенің сабасындай іркілдек денесін кенет тік
көтеріп, есік жаққа бүкіл денесімен төңкеріле бұрылды (Ш.Мұртаза). – Ойбай-
ау, тонның ішкі бауындай дос емессіңдер ме? (Қ.Аманов). Сосын жым-жырт
құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады (О.Бөкеев). Оның елден ерек тайға
таңба басқандай бөлекшелігі және бар (О.Бөкеев).
-лы-лі, -ды-ді, -ты-ті жұрнақты ТТ анықтауыштар: салт атты,
сабау қамшылы, қарға тамырлы, ақ жақты, сегіз қырлы, бір сырлы, ақ
жаулықты, әлемге әйгілі, суық жүрісті, екі жүзді, бір бейілді, бір сөзді,
бір ауызды, бір жақты, өткір көзді, от ауызды, орақ тілді, қызыл шырайлы,
бидай өнді, дөңгелек жүзді т.б. Мысалы: Бұл екеуі қолынан келген кісі салт
атты, сабау қамшылы кедей де болса, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді
(Абай). Халқымыздың сегіз қырлы, бір сырлы ұлдарының бірі Сегізсері дейтін
кісі өкпе ауруын емдеудің өзінше бір жолын тапқан екен (С.Сегізбаев). Ол-
Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі Абай эпопеясы (Ш.Айтматов).
-сыз,-сіз жұрнақты ТТ анықтауыштар: ... өліарадағы көзге түртсе
көргісіз түндерде мен сенің білегіңнен тас қылып ұстап алып, бағыт-бағдарды
ажыратар едім (О.Бөкеев). Әрі сөйлесіп, бері сөйлесіп, ақырында Көшектер
адам атқысыз көп көп мал беріп, айып төледі (С.Шәріпов). Іске алғысыз ескі
ара, Қолынан оның өткені, Құлпырып жайнап кеткені (Қ.Аманжолов).
-ғы,-гі жұрнақты ТТ анықтауыштар: Бұл екеуі село ортасында тұрған
үлкен ақ үйдің қасына жете бергенде, дәл өкпе тұстарындағы тар, қисық
көшеден қыз бен бала қарсы ұшырасты (С.Сарғасқаев). Екі оттың арасындағы
менің күйім қаншалық оңған? (Ш.Құмарова). Тас лақтырым жердегі қырманның
маңында әлдене қараң-құраң етеді (Д.Исабеков).
-ым,-ім жұрнақты ТТ анықтауыштар. Бұл жұрнақты ТТ белгілі бір заттың,
құбылыстың мөлшерін, мезгілін білдіреді. Мысалы: Қой қасқырға: Өзің де мал
танығыш едің ғой, қарны қампиған, бұты тыртиған, аузында ақ тісі жоқ, бір
асым еті жоқ, тұла бойы шандыр мені қайтесің,– депті (Қазақ ертегілері).
Әйтпесе, олар кеткелі ет пісірім уақыт өтті (Ш.Мұртаза). Өңшең жылтыр
ағашқа толы ат шаптырым кең бөлме (Ә.Кекілбаев).
Тілімізде анықтауыштардың ең мол жасалатын түрі – есімшелі
анықтауыштар, ТТ толықтауыштың да осы түрінің аз еместігін жиналған
материалдар да дәлелдейді.
-ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы ТТ. Бұл ТТ сөйлемде есім сөздер атау
тұлғада да, септік тұлғада да, тәуелдік тұлғада да есімшелі етістікпен,
сондай-ақ, басқа сөз таптары да есімшелі етістікпен тіркесте келе береді.
Атау тұлғалы зат есім + есімше тұлғалы ТТ: тіс қаққан, орын тепкен,
қан қақсатқан, жер қайысқан, ақау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz