ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТҮРКІСТАН - 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі, ф. ғ. к., д. м. а.

С. Мағжан

(қолы)

«___»2014 ж.

Дипломдық жұмыс

ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

мамандығы: 050205- филология: қазақ тілі

Дипломшы

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Ғылыми жетекшісі,

ф. ғ. к., доцент Г. Қ. Жылқыбай

(қолы) (аты-жөні, тегі)

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . 4

1 Етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы

  1. Форманттарды морфема санына қарай топтастыру . . . 7

1. 1. 1 Етістіктің бір морфемалы аналитикалық форманттары . . . 8

1. 1. 2 Етістіктің екі морфемалы аналитикалық форманттары . . . 10

1. 1. 3 Етістіктің үш морфемалы аналитикалық форманттары . . . 16

1. 1. 4 Етістіктің төрт морфемалы аналитикалық форманттары . . . 18

  1. Етістіктің аналитикалық форманттарын құрылысына

қарай топтастыру . . . 20

  1. Көмекші етістіктері ортақ аналитикалық форманттар . . . 23

2 Етістіктің аналитикалық форманттарының мағынасы

2. 1 Аналитикалық форманттардың мағыналық қыры . . . 28

2. 2 Аналитикалық форманттардың дара мағыналығы . . . 29

2. 3 Аналитикалық форманттардың көп мағыналығы . . . 32

2. 4 Аналитикалық форманттардың синоним мағынасы . . . 38

2. 5 Омоним аналитикалық форманттар . . . 58

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . ……… . . . 63

К і р і с п е

Жұмыстың жалпы сипаты. Түркологияда аналитизм проблемасы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерге жатады. Бұл аналитизмнің түркі тілдерінің грамматикалық құрылысынан алатын орнына да, зерттелу дәрежесіне де байланысты. Осы күрделі мәселенің тілдің грамматикалық құрылысына байланысты болатын себебі - бұл грамматикалық құрылыстан кең орын алатын өте өнімді тәсілдерге жатады.

Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысына аналитизм кең тараған және түрлі қызмет атқарады, соған орай, тілде аналитизм құбылысы алуан түрлі сипат алады, ол қыры сыры мол тілдік құбылысқа жатады. Бұл пәнде етістіктің анлитикалық форманттары туралы кеңірек айтылады. Себебі бұл проблема тюркологияда кейінірек зерттеле бастады, сондықтан оған байланысты терминдер де кең тарап үлгерген жоқ. Қазақ тіл білімінде етістіктің аналитикалық форманттары соңғы кезде ғана зерттеле бастады. Аналитизм тюркологияда актуалды проблемалар қатарында болса, сол проблеманың күрделі бір тармағы - етістік аналитизмі. Етістікте аналитизм күшті дамыған. Етістіктің аналитикалық форманттары етістік категорияларының аналитикалық формаларымен байланысты. Ал етістіктің аналитикалық формаларының теориясы сөздің аналитикалық формасы туралы жалпы теориямен түйіседі, өйткені сол жалпы теорияның бұл жеке мәселесіне жатады.

Етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы күрделі. Тілдегі осы күрделі көрсеткіштердің тұтастығы, бірлігі үнемі танылып жүрген жоқ. Ал тілде грамматикалық даму нәтижесінде қалыптасқан күрделі элементтер өте көп. Оған мысалды тілдің түрлі саласынан келтіруге болады. Мысалы лексикадан тұрақты сөз тіркестерін алайық: ит өлген жер, қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша, киімнің ішкі бауындай, тайға таңба басқандай сияқты тұрақты сөз тіткестердің әрқайсысының құрамында бірнеше сөз бар. Бірақ олар тіркесте өз мағыналарында тұрған жоқ. Әр тіркесте бірнеше морфема барына қарамастан, олар тілде бір тұтастықта қаралады. Өйткені бұлар бір мағына береді, бір сөздің қызметін атқарады. Бірақ тұрақты тіркестердің жеке сөзден құрамы басқаша. Сондықтан олар ғылымда өз алдына тілдік құбылыс саналады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Аналитизмнің сөз жасауда, тілімізді лексикалық единицалар арқылы байыту, дамытуда ролі ерекше. Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау барлық сөз табынан үлкен орын алады, ал сан есім сияқты сөз таптарында негізгі тәсіл болып табылады. Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудың түрлі модельдері бар. Бірақ, өкінішке орай, қазақ тіл білімінде ондай сөз жасау модельдері толық зерттелген жоқ.

Аналитикалық тәсіл түрлі грамматикалық мағына беруде, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда, сөйлемге, сөзге экспрессивті-эмоционалды мағына беруде, сөздердің, сөйлемдердің арасындағы қатысты білдіруде кең көлемде қызмет атқарады. Бірақ осы сан қырлы құбылыс ғылымда толық сипатталып, жан-жақты зерттеліп, бұл жөнінде ғалымдар тұрақты ғылыми тұжырымға, қорытындыға әлі келген жоқ, сондықтан ол күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында қалып отыр.

Дипломдық жұмыс ғылымда назар аз аударылған мәселеге арналып отыр.

Зерттеу жұмысының нысаны. Жұмысымыздың негізгі нысаны қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы мен тілдің осы ерекше көрсеткіштерінің мағынасы.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы мен тілдің осы ерекше көрсеткіштерінің мағынасына талдау жасау. Жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер көзделді:

- Етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысына талдау жасау міндеті;

- Форманттарды морфема санына қарай топтастыру міндеті;

- Етістіктің аналитикалық форманттарын құрылысына

қарай топтастыру міндеті;

- Етістіктің аналитикалық форманттарының мағынасы қарай топтастыру міндеті ( Аналитикалық форманттардың дара мағыналығы; Аналитикалық форманттардың дара мағыналығы; Аналитикалық форманттардың синоним мағынасы; Омоним аналитикалық форманттар. )

Зерттеу жұмысының әдістері . Тарихи, лингвистикалық, талдау, сипаттамалы әдістерге басымдық беріледі.

Зерттеу жұмысының дереккөздері . Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде Қ. Жұбановтың, К. Ахановтың, С. Аманжоловтың, Н. Оралбаеваның т. б. морфология, синтаксис салаларына қатысты еңбектері мен қазақ тіл білімі саласындағы ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдіснамалық тұрғыдан басшылыққа алынып, жұмыстың орындалып шығуына ғылыми негіз болды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының негізгі бағытына сәйкес етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы талданды, форманттардың құрылысындағы ортақ белгілеріне қарай топтастыру жасалды және модельдері берілді. Аналитикалық форманттардың мағыналық ерекшеліктері айқындалып сипатталды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы . Бұл жұмыста етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысындағы осындай ерекшеліктерді көрсету мақсаты қойылды. етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысын анықтаудың теориялық та, практикалық та мәні бар. Теориялық тұрғыдан алғанда, біріншіден, тілдің грамматикалық қызметтегі единицалары жайындағы теория анықталады, олардың құрылысының қаншалықты күрделілігі көрсетіледі, оның сыры ашылады. Екіншіден, ол тілдің грамматикалық дамуының бір сатысының айғағы, оның нақтылы айнасы қызметін атқарып, бұл теорияға да біраз үлес қосады. Үшіншіден, тіліміздің грамматикалық құрылысынан аналитизм қаншалықты орын алатынын да аңғартады. Бұлардың қайсысы болмасын − қазақ тіл біліміндегі түбегейлі мәселелер.

Практикалық тұрғыдан бұл проблеманың төмендегідей ұтымдылығы бар. Проблема жаңа болғандықтан, ол мектеп оқулығын атамағанда, жоғары оқу орындарының оқулықтарының бәрінен орын алып болған жоқ. Әзірге осы проблема жөнінде профессор А. Ысқақовтың жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында біраз мағлұмат берілген [1, 265-285] .

Олай болса проблеманың айқындалуы студенттердің тілде грамматикалық қызмет атқаратын элементтерді тануына, грамматикалық единицалардың ерекшелігін толық ажыратуына, сол арқылы тілдің грамматикалық құрылысын меңгеруіне әсер етеді. Тілдің грамматикалық құрылысын жақс меңгермеген адамның одан жақсы маман болуы да мүмкін емес. Бұдан проблеманың практикалық мәні анықталады.

Ғылымда етістіктің аналитикалық форманттарының сөзге тіркесу заңдылығы да ерекше орын алады. Түркологияда қосымшалардың сөзге жалғану заңдылығы ашылған, ол ғылымда сипатталған, бірақ аналитикалық форманттардың сөзге тіркесу заңдылығы ғылымда толық қарастырылған деуге болмайды. Аналитикалық форманттардың әрқайсысының жеке мағыналары түркологияда да, қазақ тіл білімінде де біраз анықталып қалды, бірақ мағынадағы жалпылық құбылыстардың зерттелуі ондай дәрежеде емес. Сондықтан олардың мағынасына байланысты жалпылық белгілер де анықталуы қажет, өйткені бұлардың мағыналық жалпы сипаттары бары сөзсіз, оған тіл фактілері толық дәлел. Мәселенің грамматикалық семасиология тұрғысынан да маңызы зор. Сөйтіп, еңбекте арнайы сөз етіліп отырған мәселелер тың проблемаға жатады.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Етістіктің аналитикалық форманттардың құрылысы

1. 1 Форманттарды морфема санына қарай топтастыру

Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысында қолданылып жүрген етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысы алуан түрлі. Мысалы: Жарықтығым ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме. Дастарқанға келген етті де кесе алмай, Дәрмен мен Кәкітайлар қайта-қайта күліседі (М. Әуезов) . Бұл екі мысалдағы етістіктің аналитикалық форманттары : -й көрме, -е алма бұлардың құрамы өте ұқсас, морфема саны да бірдей, оның біріншісі қимылды жасауға тыйым салады, екіншісі субъектінің қимылды жасау мүмкіндігі жоғын білдіреді. Мысалда -й көрме, -е алма форманттарының әрқайсысы тұтас бір мағына беріп, бір морфеманың қызметін атқарып тұр. Осындағы әр етістіктің аналитикалық форманттарының құрамында үш морфема бар, олардың әрқайсысы дыбыстық құрамын толық сақтаған, орналасу тәртібі бе бірдей, екеуінде де алдымен көмекші етістікті негізгі етістікпен тіркестіретін көсемшенің жұрнағы, одан соң көмекші етістік, оның құрамында етістіктің болымсыздық жұрнағы тұр.

Төменде келтірілген етістіктің аналитикалық форманттарының бұларға құрамындағы морфемаларының саны ұқсағанмен, олардан үлкен айырмасы бар, жоғарыдағы етістіктің аналитикалық форманттары екі қосымша, бір көмекші етістіктен құрылса, мұндағы формант бір қосымша екі көмекші сөзден құрылған: − Ойпырмай, қалқам Абай−ай, қиын болмаса игі еді (М. Әуезов) .

Мына төмендегі мысалдардағы етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы бұлардан да өзгеше: Абай бұққан жоқ, тосып қалды. Мұнда - ып қал форманты қолданылған, ол екі морфемадан құралған. Екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары тілде өте көп, соған орай оның ішкі ерекшеліктері де жеткілікті. Тілімізде бір ғана морфемадан тұратын етістіктің аналитикалық форманттары да бар: - Сүйіндіктер тобы келместен бұын, бейіттің басында үш-төрт қана адам отыр еді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі сұлу жүзді - Айғыз қатар тұр екен. Бұл сөйлемдердегі етістіктің аналитикалық форманттары : еді, екен , олар тілдегі ең көлемі шағын етістіктің аналитикалық форманттарына жатады, бұлар нақты бір морфемадан ған тұрады. Сөйтіп тілімізде грамматикалық қызметте қолданылып жүрген етістіктің аналитикалық форманттары құрылысы алуан түрлі ерекшелікке мол.

Тілдегі күрделі элементтер тобында күрделі сөздерді атауға болады, олар да бірнеше морфемадан құралып, бір мағына бараді. Мысалы сары ала, ақ сары, он бес, екі жүз елу, т. б.

Қосымшалардың да бірімен бірі кірігіп, тұтас бір көрсеткішке ауысуы тілде жиі кездеседі [2, 44] . Мұнда да күрделі қосымшалардың құрамындағы жеке қосымшалар мағына дербестігінен айрылған, олар бір ғана мағына білдіріп қоймай, морфемдік құрамы да бір тұтастыққа жеткен. Мысалы - малы, -ыңқыра, - ыншы, -рақ, -лар, -ымыз, -іңіз т. б. Осы сияқты құрамы күрделі қосымшалар тілде өте көп, оның көбінің іздері қазір ізі де сақталмай, дара қосымшалар қатарында жүр. Келтірілген фактілер тілдік единцалардың күрделенуі тілдің барлық саласынан орын алатынын байқатты. Ол заңдылық, тілге кең тараған және ол көне замандардан келе жатыр. Бұл−тіл дамуының ежелгі тәсілдеріне жатады.

Осы заңдылықтың нәтижесінде қалыптасқан тілдің басқа элементтері негізінен танылып жүр, бірақ етістіктің аналитикалық форманттарында ол көбіне ескерілмейді. Бұл әрине орынды емес. Етістіктің аналитикалық форманттары да тілге кең тараған осы заңдылықпен байланысты қалыптасқан. Оның құрамындағы морфемалар да грамматикалық дамудан өткен, ол морфемалар бірімен бірі мағына жағынан жақындасқан, сөйтіп жалпы мағынаға көшкен, дербестігінен айырылған. Етістіктің аналитикалық форманттарының құрамындағы морфемалардың бәрі күрделеніп, бір морфеманың қызметін атқарады. Олай болса, етістіктің аналитикалық форманттары тілдегі басқа күрделі элементтер сияқты. Тек ол сол күрделі элементтердің грамматикалық тобына жатады. Сондықтан етістіктің аналитикалық форманттарының күрделілігі - осы көрсеткіштердің өзіндік ерекшелігі. Осымен байланысты тіліміздегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрылысын анық көрсету үшін, әр топтың ішкі ерекшелігін көрсетеміз. Бір күрделі мағына беретін, әр қолданыста белгілі бір қызмет атқаратын, тілдегі функциональды, грамматикалық единицалар тобына енетін етістіктің аналитикалық форманттарының бірлігін, тұтастығын оның құрамындағы морфемалардың санына қарай топтастыру арқылы қарастырамыз. Осы топтастырудың өзі олардың құрамының күрделілігін ескертіп тұрса, екіншіден, олардың құрамындағы морфемалардың санын анық көрсетеді. Сонымен бірге олар қанша морфемалардан құралса да, тілде қызметі жағынан күрделі мағыналы грамматикалық единицалар тобына жататыны аңғарылады, өйткені топтастыру тек соларға ғана байланысты жасалған.

Сөйтіп, қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары құрамындағы морфеманың санына қарап бір морфемалы, екі морфемалы, үш морфемалы, төрт морфемалы болып бөлінеді.

1. 1. 1 Етістіктің бір морфемалы аналитикалық форманттары

Қазіргі қазақ тілінде бір морфемалы етістіктің саны өте аз, олар: ø еді, ø екен, ø емес, ø жоқ. Саны аз болғанмен, бұлар − өте актив форманттар, тілде жиі қолданылады. Бір морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарына бұрын баспа бетінде жарияланған еңбектерде сипаттама берілмегендіктен, олардың әрқайсысына қысқаша түсінік берген жөн.

ø еді форманты − қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Ол етістіктің нақ осы шақ формаларынан соң тіркесіп, оларға өткен шақ мағынасын береді. Мысалы: Осы бұлақ маңында бір мола тұр еді. Бөжей мына екеуін тыңдаумен отыр еді. Мұндағы ø едіформанты бұрын нақ осы шақта болған болған қимылды кейін хабарлауды білдіреді. Осы сөйлемдердегі сияқты ол нақ осы шақтың дара түріне де, күрделі түріне де тіркесіп, одан дәлірек айтсақ, өткен шақтағы осы шақты жасайды. Мысалы, Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып, жүр еді. Сергек жіті қозғалысты Жағыпар да машинадан атқып түсіп, тың тыңдап тұр еді. Үй ішінде бір әйел басына қалың шәлі ораған қалпында босаға жаққа айналып, нан илеп, кіргендерге сырт қарап отыр еді.

Осы сөйлемдердегі ø еді форманты тіркескен аналитикалық формалы етістіктердің бәрі қатыстық өкен шақта тұр. Бұл шақтың мағынасы етістікке ø еді форманты арқылы қосылған, ол тіркеспес, бұл етістіктер нақ осы шақ мағынасын береді: ұйғарып жүр, тың тыңдап тұр, кіргендерге сырт қарап отыр. Сөйтіп, жоғарыдағы келтірілген сөйлемдерде өткен шақ мағынасын ø еді форманты беріп тұрғанына ешбір күмән болуы мүмкін емес.

Бұларда ø еді форманты нақ осы шақ формасына қосымшасыз тіркескен, өйткені отыр, тұр, жүр етістіктерінің құрамында нақ осы шақтың бөлуге келетін қосымшасы жоқ. Бұл ø еді формантының бір морфемадан тұратынын көрсете алады. Тарихи жағынан еді көмекші етістігі екі морфемадан құралғаны ғылымда белгілі. Бірақ ол тілдің қазіргі даму сатысысында осы формада көмекші етістік ретінде танылады, сондықтан оны бір морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары санаймыз.

ø еді форманты етістіктің нақтылы бір формаларымен ғана тіркеседі, олар − нақ осы шақтағы отыр, тұр, жүр етістіктері мен нақ осы шақтың -п жүр, −п тұр, − п отыр форманттар. Бірақ ол етістіктің аз формаларына ғана тіркесетініне қарамай, тілде жиі қолданылады. Ол бұл формалардың активтігіне де, қатыстық өткен тілде жиі қолданылуына да байланысты.

ø екен форманты да осы топқа жатады. Бұл ø еді формантына өте жақын, ол да ø еді форманты тіркесетін етістік формасына ғана тіркеседі. Шақтық мағынасы да ұқсас, өткен шақты білдіреді. Мысалы: Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен. Өзіне таныс мәдениет қызметкерлерінің бір төртеуі қатар отыр екен. Үйдің дәл қақпасы мен пұшпағының аралығында қарауытып үлкен үш тонналық жүк машинасы тұр екен. Жоғарыдағы сөйлемдердегі етістіктерде ø екен формантынсыз өткен шақтық мағына сақталмайды . . . Ұлжан мен екінші шешесі сұлу жүзді Айғыз қатар тұр деп өзгертсек, етістік нақ осы шақты білдіреді. Міне, бұл жағдай ø екен формантының өткен шақтық мағынасын анық дәлелдейді. Оның есім сөзге тіркесі де осыны көрсетеді.

ø екен форманты да тек бір ғана көмекші етістіктен тұрады, ол да тарихи жағынан екі морфемадан кіріккеніне қарамастан, қазір біртұтас көмекші етістік, сондықтан ол бір морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары жатады.

ø еді мен ø екен форманттарының ұқсастықтары көп, бірақ олардың мағынасында айырма да, өзіндік реңк де жоқ емес. ø еді формантын субъект өзі көрген, өзі қатысқан анық қимылмен, іс әрекетпен байлансыты қолданады. ø екен етістіктің аналитикалық форманттарының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны морфемдік құрамынан бастаған дұрыс, өйткені осы топты жеке бөліп алуға олардың құрамы себеп болды. Бұл топтағы етістіктің аналитикалық форманттары тек көмекші сөзден ғана тұрады. Олардың дербес сөзбен байланыстырушы қосымшалары жоқ, сондықтан да мұндай бір көмекші етістіктен тұратын форманттар бір морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары деп аталады.

1. 1. 2 Етістіктің екі морфемалы аналитикалық форманттары

Тілде жиі қолданылатын, саны жағынан да ең көбі − екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары. Бұлар бір қосымша мен бір көмекші сөзден құралады. Мысалы: Таныған жерде қуанып кетті. −Ойбай, бау−рем Абай, Абай, −деп, есікке қарай атқып берді. (М. Әуезов) .

Осы мысалдардағы қуанып кетті, атқып берді деген аналитикалық формалы етістіктерді алайық, бұлардағы негізгі етістіктер қуан, атқы, оларға −ып кет, −п бер форманттары тіркескен. Олардың әрқайсысы көсемшенің жұрнағы мен көмекші етістіктен құралған. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы дегенде, алдымен екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының ең негізгі түрі. Саны жағынан да, тілде атқаратын қызметі мен тілдің грамматикалық элементтері системасынан алатын орны жағынан да, тілде қолданылуының жиілігі жағынан да бұл топтағы етістіктің аналитикалық форманттары ерекше орын алады.

Бұл топтағы етістіктің аналитикалық форманттарының құрамы екі морфемадан құралғанына қарап, оның құрылысы жеңіл көрінуі мүмкін, бірақ онда бірнеше категория қосымшалары, түрлі көмекші сөздер бар. Алайда бұл топтағы етістіктің аналитикалық форманттарының құрылылысын жалпы бір модельмен көрсетуге болады. Ол үшін қосымшаны −Қ, көмекші сөзді −КС деп белгілесек, бұл топтың жалпы моделі төмендегідей болады: Қ+КС .

Екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттары тілден ең көп орын алатын етістіктің аналитикалық форманттарының негізгі тобы болғандықтан, олардың құрылысында іштей түрлі өзгешелік, ерекшеліктер мол. Ол ерекшеліктер оның құрамындағы морфемаларға байланысты. Бұл топтағы етістіктің аналитикалық форманттарының қосымша бөлімінде де, көмекші сөз бөлімінде де айырма бар. Ол айырмашылық көрсетілуі қажет, өйткені сол арқылы оның құрамындағы ерекшеліктерді нақтылы көрсетуге болады. Осы топтағы етістіктің аналитикалық форманттары жалпы модельге сыйғанымен, оның құрылысындағы ішкі ерекшеліктер бұдан көрінбейді. Екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының құрамындағы ерекшеліктері жинақтағанда, топтағанда, олар үлкен бес түрге бөлінеді. Ол бес топ екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының құрамындағы қосымшалар мен көмекші сөздердің түрлеріне, ондағы ұқсастық пен айырмашылыққа қарай топтастырылады. Оны модельге түсіру үшін, оның құрамындағы морфемалар төмендегіше белгіленеді: көсемше − к, есімше − е , рай көрсеткіштері − р , тұйық етістік қосымшасы − т , жіктік жалғауы − ж , көмекші етістік − ке , көмекші сөздер − кс , модаль сөздер − м . Сонда екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының ішкі топтарының модельдерін төмендегіше схемамен көрсетуге болады.

Екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының жалпы моделі мен оның түрлерінің модельдері

Қ+ҚС

к+ке е+ке р+кс т+м ж+ке

Осы 5модель екі морфемалы етістіктің аналитикалық форманттарының құрамындағы ерекшелікті қамтиды. Осылардың әрқайсысына жеке тоқталайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік форманттарының қазақ тіліндегі құрылымдық жүйесі
Етістіктің аналитикалық форманттары пәнінен лекциялар жинағы
Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формаларын жасаудағы көмекші етістіктердің рөлі
Септік категориясының мағыналары
Екі етістіктен біріккен күрделі етістіктер
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz