Етістіктің рай категориясы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Етістіктің рай категориясы.

Рай категориясы - сөйлеуші баяндайтын қимылдан объективтік шындыққа қарым-қатынасын білдіреді.

Етістіктің райлары ( ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау райы) болып төртке бөлінеді.

Райлар шақ жақ категориялары мен тығыз байланысты болады. Шақ тұрғысынан алып қарағанда етістіктің райларын шартты түрде екі топқа бөліп біріншісі ашық рай екіншісі бұйрық, шартты қалау райларды жатқызуға болады.

Өйткені ашық рай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш шақта айтылады. Ашық райда баяндалатын іс-қимыл осы үш шақтың бірінің мәнін береді.

Етістіктер болымды, болымсыз, түрінде тұрып белгілі рай мағыналарына қолданыла береді.

Райлар тұлғалық көрсеткіштер жағынан бірдей емес. Ашық райдың арнаулы аффиксі жоқ, бірақ оның әр түрлі шақ формалары бар. Басқа райларда рай формаларын туғызатын өзіндік тұлғалар болады. Олар өзінің ретіне қарай жаққа және жекеше, көпше болып өзгереді.

Ашық рай.

Ашық рай- шақ, жақ жекеше, көпше формалары тұрғысынан етістік райларының ішіндегі ең толығы және негізгісі. Болымды, болымсыз мағынасындағы ақиқат іс-қимылды ашық рай жай түрде баяндайды. Сондықтан да оның шақтың формалары көп болады.

Менің де болалық шақтан өлеңге талабым болатын; әкеме шығарған бір ауыз қалжың өлеңім ауыл арасына тарап кетіп, қызық болған: Жылағысы кеп қалғанын көріп тұрмын. (С. Мұханов)

Ашық райдың үш ш а ғы бар. Олар өткен шақ, осышақ, келер шақ (бұл жөнінде «Етістіктің шақтары» деген тақырып бойынша.

Бұйрық рай

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыга немесе сол тыңдаушы арқылы үшінші жакқа бұйыра, сұрай айтқан белгілі бір іс-әрекет, қимылды білдіреді. Сондықтан да бұл райда алдагы уақытта орындалуға тиісті іс-қимыл, әрекет сөз болады.

Жастар, өзіміздің заман үшін, өзіміздің жер үшін жауға оқ атайық! (Бұлқышев)

Қызыл тілім. сиуында

Ханға жетіп 6 а р а й ы н. (Дастандар)

-Тұр, барыңдар! Осы маңдағы бар кедей ауыл, есесіз көптің бәріне менің атымнан сэлем жетісізіңдер! Қазір түн бойы. ертең ұлы сәскеге шейін тайлы-таяғы қалмай жатаққа жетсін! Онда жете алмағаны менің аулыма, менің қасыма жиылсын. (Әуезов)

Ескерту: Басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбір етістіктер (оқы, жаз, күл т. б. ) бұйрық рай болып саналады.

Бұйрық райдағы етістіктер айрықша екпінмен айтылады. Бұл әсіресе оларды басқа етістік формаларымен салыстырғанда, анық көрінеді.

Бұйрық райдың үш жағы, соған лайық көрсеткіштері болады. Бірінші жағының жекешесі -айын\\-ейін, -йын\\-йін; көпшесі -айық\\-ейік, -иық\\-йін екінші жақ жекешесінің анайы түрінің көрсеткіші болмайды, сыиайы түрі -ңыз\\-ң і з, -ы ң ы з\\-і ң і з; көпшесі -ң д а р\\-ң д е р, -ы ң д а р\\-і ң д е р, (ана-йы түрі), -ң ы з д а р\\-ң і з д е р, -ы ң ы з д а р\\-і ң і з д е р (сыпайы түрі), ұшінші жағының жекешесі де, көпшесі де -с ы н\\-с і н.

Бұл формалар -м а\\-м е, -б а\\-б е, -п а\\-п е болымсыздық жұрнағынан соңда қосылып қолданыла береді.

Бұйрық райының бірінші, үшінші жағына қарағанда екінші жағының бұйрықты білдіруі анық, айқын, нақты болады. Мына мысалдарды салыстырыңыз:

- Неменеден қорқасыңдар! Өзіміздей адам, Нан береді, әні жүріңдер! Нағашыңды тыңдасаң, қазір оның аурумын деп айтқанын
тыңдама, істегенін істе! (Әуезов) .

Жауыздық, надандық, зорлық және неше алуан өктемдікпен ақын алысу керек. Халық атынан алыссын! Жазықсыз көптің әділ өкімін айтсын. (Әуезов)

Бұйрық райының үшінші жағындағы етістіктер қаулы, қарарлар, үндеулерде де жиі қолданылады. Мұндай мағына бұйрық райының бірінші жағында да бар.

Бұл айтылғандардан басқа, бұйрық райының бірінші, үшінші жағындағы етістіктер сөйлем ішінде басқа сездермен байланыса айтылуына қарай, бұйрық мағынасын көрсетпейтін де кездері болады.

- Неге болмасын бұл қалада нелер жан жоқ дейсін. (Мұқанов) Сол жылы мен сегізге шыққанмын, мектепке барайын деп
жүрген кезім. (Сералиев)

Бұйрық рай аффикстеріне үстелін айтылатын -шы\\-ші жұрнақтары түрлі мағыналарды білдіре алады.

- Ә, құдай, бұны көрсеткенше, қор еткенше, жанымды алшы
менін! - деп, еңбектеп үмтылып, есікке талпынып барады; Бетінен
осылар үшін цан ағып, жүзіне таңба түскенде «қаным. да бұлардың
қайғысына араласты ғой. Тек кекке кетпесінші! - деп бекінген: - Алысы кім? Жақыны қайсы екеуің де сол екі шетін де айтшы. (Әуезов)

Осы сөйлемдердегі -шы\\-ші тұлғалы етістіктерде сөйлеушінің баяндайын деген іс-кимыл, әрекеттің мазмұнына байланысы бірде тілек, сұрау (көз жіберші), бірде талап (кітабымды алшы) т. б. мағыналар баяндалады.

Бұйрық рай мағыналарын екінші жақтағы -ш ы\\-ш і жұрнақты шартты рай тұлғалы оқысаңшы, барсаңдаршы, оқысаңдаршы, немесе барсайшы. (кейбір диалектілік материалдарда бұл тұлға барсай) сияқты етістіктер білдіре алады.

- Ең болмаса, сен ара ағайын болсаңшы! - деді. (Әуезов) Мұндай етістіктер ешқандай шарттылықты білдірмейді.

Шартты рай

Істің, қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орындалуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсететін етістіктің түрлері - етістіктің шартты райы делінеді.

Етістіктің шартты райы негізгі, туынды етістік түбірлерінің болымды және болымсыз түрлеріне -с а\-с е жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Бар-са, бар-ма-са, кел-тір-се. өт-кіз-бе-се т. б

Шартты рай тұлғасындагы етістіктер жіктік жалғауларының кысқа түрімен жіктеледі. Бірінші жақ жекешесінде -м. көпшесінде -қ, -к; екінші жақ жекешесінде -ң, -ңыз\\-ңіз, көпшесінде -ң д а р\\ -ң д е р. -ң ы з д а р\\-ң і здер жалғаулары жалғанып айтылады. Үшінші жақтың көрсеткіштері болмайды.

Шартты рай тұлғалы етістіктер -ш ы\\-ш і қосымшасымен мен оқысамшы, біз оқысақшы түрінде бірінші жақта жұмсалуында, орындалған іске және оның нәтижесіне сөйлеушінің риза болмай, қапыда қалғандығын, өкінішін, налушылығын білдіреді.

Ал, оқысаңшы, оқысаңыздаршы сияқты екінші жақта айтылуда іс-әрекеттің орындалуына бұйыра, сүрай, тілек білдіре, өтіну мағыналары бар.

Сондай-ақ шартты рай тұлғалары еді, болар еді, екен, ғой сөздерімен тіркесіп, сөйлеушінің тілегін, арманын, өтінішін (ғой демеулігі мен екен көмекші етістігі), екіншіден, опыну және өкінішін (еді. болар еді) білдіреді. Мыс. :

Қазір біз зерттеп жүрген Бетпақдаланы гүлдендіру, тіршілік орнату мәселесі қолға алынса екен. (Мұқанов) Бірер айға асықпаса да болар еді. (Әуезов) Биыл оқуға барсамғой.

Бармасам ғой тіркесі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып келген жағдайда олар шартқа байланысты мағынаны білдіре алады.

Егер сол сәтте онда бармасаң ғой, ақшаны үйге әкелесің. (Бегалин)

Шартты рай тұлғалы етістіктер керек модаль сөзімен оқыса керек білсең керек қой түрінде де жұмсала береді. Олар, керек модаль сөзімен айтылуда көбіне-көп оқыған болу керек, барған болу керек, білуің керек қой сияқты тіркестермен мағыналас болады. Іс-әрекеттің, қимылдың нәтижесі көрінбейді.

Осы мен, тегі, ақын болсам керек. (Әуезов)

Етістіктің шартты райы ең болмаса, тым болмаса сияқты тұрақты тіркестермен де ұшырайды. Бұлардан басқа төменде көрсеткендей кейбір тіркестерде олар еш қандай шаттылықты білмейді.

  • Е, ең болмаса, сен ара ағайын босаңшы - деді, (Әуезов)

Коммунизм кезіне

Барса деймін осы тас. (Ақын жырлары)

Шартты рай тұлғалары етістіктер жұмсалуына қарай кейде мезгілдік мағынаны да білдіретіні болады.

Базарға, қарап тұрсам, әрік болар,

Іздегені не болса, сол табылар (Абай)

Бұлардан басқа - са//се тұлғалы етістіктер қалау райының: барса игі едім, барса игі едің, барса игі еді т. б. түрін жасайды.

Қалау рай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Етістіктің грамматикалық категориялары
Етістік. Етістіктің категориялары және ерекшеліктері
Етістік түбірдің семантикалық ерекшеліктері
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Етістік категориялары
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz