Ә.БӨКЕЙХАН - ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ. 371. 3:894. 342 А. 13

Ә. БӨКЕЙХАН - ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ

К. Абдирова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Өмір - уақыт керуені тоқтаусыз, толассыз ілгері жылжи бермек. Бұл өмір заңы. Әр заманның өзінің көкейкесті мәселелері болған. Әлихан Нұрмұхамедұлы оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе - ұлттық теңдік саяси бостандық еді. Өз ретінде Алаш басшылары большевиктердің таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен Ә. Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келеді. Алаштың баласы, ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басына бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірлік жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қосуға қам қыл!» Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол» - деп, бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге тырысты». Алайда, қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы - ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді. Тек жетпіс жылдан астам уақыттан соң Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланып, қазақ елі ұлы арман жолына қайта бет бұрды.

Кезінде Бөкейханов Қазақстандағы отырықшылыққа көшпек қазақ шаруаларына тиесілі жер көлемін анықтау мақсатында КСРО Ғылым Академиясы жанынан құрылған экспедицияны (төрағасы С. П. Швецов) ұйымдастыру идеясының авторы болумен бірге, өзі де соның құрамына еніп, зерттеу жұмысына атсалысты. ОГПУ тыңшылары Мәскеуден шығуға тиым салынған қайраткерді Ақтөбе қаласында тұтқынға алып, жедел түрде кейін қайтады. Соған қарамастан Ә. Бөкейханов профессор С. П. Швецов экспедициясы ұсынған жер нормасына байланысты пікірді қолдай және кеңес билігінің жер саясатын әшкерелеп РСФСР мемлекеттік жоспарлау комитетінің коллегиясында эксперт есебінде сөз сөйледі ( 1927) . Ал 1929 жылы мамыр айында Огпу тергеушілеріне берген жауабында: Менің жер саясатына қатысты көзқарасым мынаған саяды: Жер үлесіне байланысты орыстар (қоныс аударушы) мен қазақтарды теңгеруге болмайды. Өйткені, орыстар мәдениеттірек. Сондықтан да олар әрқашанда егіншілікке үстемділік көрсетіп, қазақтарды кіріптар етеді. Жер мәселелерінде менің ұлтшылдығым осы деп көрсетеді. 1913 жылдың 2 ақпанынан 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін шығып тұрған Қазақ газеті жаңа дәуірдің шежіресі десе болғандай. Оянған өлке үніне айналған газет өз тұсында ең көп тараған басылым болды. Мұның басты себебі қазақ тарихының қилы-қилы кезеңдерінде замана ағымын, саясат аңғарын айтарлықтай тануында. Танып қана қоймай, ұлтына азаттық жолдың сілемін тауып, сүрлеуін нұсқады. Оян қазақ! Деп аттан салып, бостандық пен азаттықты аңсаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының күш-жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниге келген Қазақ газеті ұзақ жылдар бойы ұраншыл айқайдың тоқпағында қалып, тапшыл саясаттың тозағына қалдырды. Ақ қараны айыртпас солақай саясат дегеніне жетіп, халық жауларының газетін 72 жыл бойы ел көзінен тысқары сананы ұрлаған тар қапаста ұстады. Кезінде ұлттық ар-намысына айналған, халықтың бағдар бітер жарық жұлдызы бола білген газеттің сондағы жазығы не еді? Жазығы ұлтымыздың шерлі кезеңінің шежіресіне айналдырғанында. Қазақтың кең даласын апай-топай қара дауылдың алдын болжағанында. 1916 жылы қан жылаған қазақ баласына (М. Әуезов) қамқор болып аман сақтаудың қамы үшін шығарылған Қазақ газеті 1916-1917 жылдардың аласапыранында сарсаңға түскен елін жұмылдыруға ұмтылды. Қызыл судың тасқынына бөгет болмақ ниеті оны тарихтың ақтаңдағына айналдырды. Газеттегі әдебиетке қатысты мақалалардың негізгі авторлары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов. Қазаққа әдеби шығармаларымен көзге түсіп, өзінің өкілдерін жариялағандар Шәкәрім қажы, М. Жұмабаев, С. Дөнентаев, Б. Майлин, т. б. болды. Қазақ газеті өзінің алғашқы сандарының бірінде қазақ тарихы деген мақала жариялап, онда мынадай ой айтылды: Қияметке шейін қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қарақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің әдет-ғұрыпқа сай: Қазақ мәдениетін құрып, бір жағынан қазақ әдебиетін тұрғызып қазақшылығын сақтамақшы. Яғни газет негізгі мақсаттарының бірі қазақ әдебиетін өркендету болған. Қазақ тілінде басылып шыққан кітаптарды жариялап аннотация арқылы үнемі анықталған. «Қазақ» газеті оларға тікелей пікір айтып, жұртқа кеңінен таратуды да назардан тыс қалдырмаған.

Шыққан кітаптардың оқушысын тауып, сол оқушыға бағыт-бағдар сілтеу газеттің басты мұраттарының бірі. Бұл саннан Қазақ сүрінбей өтіп, қазақ тілінде басылған кітаптардың ел игілігіне айналуында елеулі еңбек атқарды. Міне, осындай өнегенің өрнегі Әлихан Бөкейхановтың Қазақ-түрік әр қаңлылар шежіресі сынынан көрініс тапқан. Қазақ тарихында кездеспеген мұндай үлкен істің жүзеге асып, Шәкәрәм шежіресінің жарық көруін автор қуана қарсы алды. Шәкәрім ісін аса жоғары бағалап, Шәкәрімнің бұл кітабы қазақ шежіресінің тұңғышы. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспасына, - деп оны үлгі тұтады. Әлихан Шәкәрім шежіресінен екі түрлі мін тапқан. Біріншісі қазақ руларының хақында, оның ішінде Керей таңбасы туралы. Екіншісі- Алаш деген сөздің шығуы. Керей руларында Крес таңбасының сақталуың Әлихан олардың бағзы замандарда христиан дінінде болғандығынан деп есептейді. Бұны Арестов, Г. Пельмоллкль, Пактусов еңбектеріне сүйене отырып дәлелдеуге тырысады. Және қазақ тұрмысынан осыларға белгілер іздеп, өз ойын орнықтыра түсті. Қазақтың кейбіреуі сәурік пішкенде санына крес басады, осы рәсім христиан күндегі крестұмар орнындағы уақыттан қалды-ау деймін. Осы күнде жақсы көрген жақсы көрген малға тұмар тағады. Христиан күнде крес басқан-ау деймін. Бір көңіл аударатын жәйт Қазақ газеті қазақ шежіресіне қатысты бірнеше мақалалар жариялаған. Соның бірінде Шәкәрім Әлиханов жауап берді. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды деп аталатын мақаласында Шәкәрім бағасынан артық мақтағаныңызға қуанбасам да, қазақты шежіре оқуға қызықтырғаныңызға тәңірі жарылқасын», - деп ризашылығын білдіре отырып, кейбір пікірлеріне келіспейтіндігін сездіреді. Мәселен, осы керей таңбасына байланысты шежіресі. «Ол крес емес - ашамай Х. Неге десеңіз шежіренің П бетіндегі Арестов сөзінде Керей таңбасы ашамайшада салынған. Және 55-ші бетте біздің Орта жүздегі керейлер керейт нәсілінен, Ашамайлы деген кісінің нәсілі деп жазылған ғой . . . Қазақтың пішпеге шек салатұғыны ашамай». Қазақ газетінің шығармаға сын жариялай отырып, оған автордың қайтарған жауабын жариялауы, әдеби этиканы сақтаудың озық бір үлгісі. Мұның өзі газеттің әуелден-ақ әділетке жүгінуіді қалағанның белгісі болса керек. Әлихан Алаш сөзінің шығу төркініне Шәкәрім келтірген деректерге күмәндана қарап, әлі де дәлелдей түсу керектігін ескертеді. Ол «Алаша» - деген біздің қазақ сөзі. Алашаны қалмақ өз тілімен қоятын жөні бар емс пе? - деп орынды қарсылық білдіреді. Яғни шежіре - тарих кітапта нақылдық, тарихи шындық басым жатуы басты шарт деп түсінді. Сондықтан мұның кейінгі басылымдарда ескерілуі үшін өзгелердің де атсалысып, өз білгендерін Қазақ газетіне жазып, сондықтан да «Қазаққа осы бойымен де «Қалқаман -Мамыр» айтулы жақсы өлеңінің бірі болар. Бірақ көп білгеннен көп сұралады деген. «Мұны Шәкәрімнен көп сұрап жаздым» деуінен-ақ жүректен шыққан шындық. Поэмадағы кейбір тарихи шындықтан бұра тартқан тұстарды сыншы тап басып, мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Ер жеткенқыз еркімен ерге тиер

Молдалардан естідім әлдеқашан

Қалқаман мұны айтқан жоқ, қазақ қызына 190 жыл бұрын бүгінгі осы күнгі еркімен ерге тию қиын болған. Шариғатта бұл болғанымен мұны ол уақытта сөйлеген жоқ. Бұл ақынның Қалқаман өтірік айтып, ресімінің ыңғайына жығылатын жапқан жаласы /46. 55/ Бұндай ауыртпашылықтың шығарма көркемдігіне нұқсан келтіретіндігін орынды көрсетеді. Бірін - бірі сүйген екі жастың серт байласар тұстағы тіл қатысуының оқиға өрбуіне қабыспай жатуын үлкен кемшілік санайды. Мамырдың қарсылығына Қалқаманның молла сөзін, шариғатты алға тартуын сезімге орнаған жоспар үшін қажетсіз деп табады. «Дүниеде адамбаласы айналып өтпес екі-ақ дүние бар, бірі-өлім, екіншісі-махаббат. Қалқаман мен Мамырдың жалынғаны махаббат емес пе еді. Сүйіскен екі ғашық молда айтты, шариғатта бұлай деп махаббат бола ма? Махаббат адамды байлағанды шариғат пен молдаға уақыт қыла ма? Бұл жерде Шәкәрім ақындық жолынан шыға жаңылып Пушкин, Лермонтов, Шекспир, Толстой қарауларына салсақ зор күнаға батып отыр. Әлихан Шәкәрім жырына тек сын айтуды міндет санамаған. Сыншы шығарманың шырайлы да көрікті уақыр қасіретін шыншылдықпен жырлаған үлгі ретінде көрсетеді. Көкенайдың Мамырды өлтірер сәттегі қатыгездігін суреттейтін тұсты жеке алып көркемдік шешім тарихи шындықпен айқындалып, өмір шындығын көркемдік шындықпен ұштастырған ақын шеберлігін танытады.

«Ести сала садағын қолына алды

Мамырдан аулақ жүр деп айқай салды

Ұялмай жүзіқараның жүргенін деп

Аямай дәл жүректен атып қалды.

Міне, бұрынғы заман тобықты мінезіне дәл айтылған өлең. Көкенейдің атып тастағаны Мамыр жазасы - ғашығымен қашқаны. Автор психологиясы, кейіпкер характерін ашудағы сезім мен іс-әрекеттің байланысын түсіндіруге тырысып, Шәкәрім жырын өз ойына өзек етеді. «Ай жұртым, мен өлемін, сендер қалдың» деп басталатын Қалқаманның қоштасу сөзінен ұзақ үзінді келтіре отырып, соңғы жолдарына ерекше назар аударады.

«Аямай елім оққа байлаған соң,

Көтер ме өлгенімше ойран зарым.

Қалқаманның садақпен атылуға байлағанында қоштасқаны.

Бұл өлең соңы, адам болса да, ішінен аңқаулығы көрінеді. Қоштасқан зарлы адам көңілге шалынушы еді. Мұнда ақыл жағы жығып тұр. «Деймісің қалмақ, сені тентіретпесті»- айтуға ол жерде Қалқаманның әлі неге келе қойсын. Әлихан Бөкейханов Сынында белгілі шығарманы сынға алумен қатар, өзге де әдебиетке қатысты үш мәселе тілге тиек болады. Біріншіден, өлең деген айрықша жанрға сын жазу мен сыншылыққа деген талап. Өлеңді ақын сынаған жөн. Оқушы - жазушы ақын бломаса да ақын сөзінде болар сынға салатындай мүшелер болады. Орыста Пушкин, Лермонтовты сынға алып, жұртқа жайған Белинский сөзге ақын емес, ойға ақын еді. Әлихан сыншыға тән ең басты қасиетті дәл таниды. «Ойға ақындығы терең білімді, биік парасатты танытса керек, екіншіден, қазақ оқырманының күрт өсіп келе жатқанын Қобыландана өз уақытта талап алған біздің жұртта оқушылар бар көрінеді» деп мақтанышпен хабарлайды. Ендігі жерде «Тасқа басылған жырға деген талап та өзгеше болуы тиіс деген сөз. Үшіншіден, оқырманға неғұрлым түсінікті тілмен, жеңіл оқулармен жеткізуді құлаққағыс етеді» Сондықтан да «Қалқаман-Мамырдың» келесі басылымында Ахмет мамасы порымына салып «Қазақ емлесімен басса жақсы боларын» еске салады. Әлихан «сыны» - өз уақытына сай қазақтың айтар ойы, берер ғибраты мол мақала. Жалғыз «Қалқаман - Мамыр» емес, өлең атты көркемсөз өнеріне деген өскелең деген талап белгісі. Орыстың адал ұлдарының, адал азамат білімдар жандарының қазақ үшін еткен елеулі еңбектерін Қазақ газеті үнемі бағалап отырды. Ендеше, Қазақты шошытқан жалпы орыс емес, әсіресе орыс зиялылары емес, қаһарлы патша мен зорлықшыл әкімдер. Әлихан Бөкейхановтың Е. П. Михаэлистің қайтыс болуына орай жазылған мақаласы осының бір айғағы. Автор Абайдың - өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? Атты өлеңінің екі шумағын келтіре отырып, «Абай өлеңі Михаэлиске дәл - ау» деп Абай досының үлкен азаматтығын, күрескерлік жолын ойран етеді. Оның Абайға жасаған көмегін еске алады. Қазақтың жалғыз ақыны Абайды тура жолға салған осы Михаэлис еді. Абай өле-өлгенше менің көзімді ашқан, маған жанашырлық қылған Михаэлис еді деп айтып отырушы еді. Ауыз әдебиетінің асыл мұраларын жинап бастыру ісінің ХХ-ғасырдың бас кезінде жандана бастаған ісінің ХХ-ғасырдың бас кезінде жандана бастағанын байқаймыз. Соның алғашқы қарлығаштарының бірі Махмұтсұлтан Тұяқбаев шығарған «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры. Кітаптың жарық көргенін «Қазақ газеті қуана хабарлайды. Сонан соң осы кітапқа арналған Әлихан Бөкейхановтың мақаласын жариялады. «Қара қыпшақ Қобыланды» атты Қазақтың 1915 жылғы 126-129 сандарында көлемді мақаласы қазақ ауыз әдебиетіне қатысты мәселелерді қамтыған. Сондықтан да ол-белгілі шығарма сынынан гөрі зерттеуі басым шығарма. Мұны авторлардың алдына қойған мақсатынан туындайтын төрт мәселенің ерекшелігінен аңғарамыз. Бірінші - «Қобыланды» жырының қазақ тарихымен сабақтастығын ой жіберіп, жырдың тарихи негізіне назар аудару. Екінші - мұндай жырдың асыл мұраларының кейінгі айтушылардың кемшілігінен бұрмаланбауы, яғни атадан балаға мұра жауһар жырдың тұнықтығын, көздің қарашығындай сақтау мәселесі. Үшінші - кітап шығару мәдениетіне зер салу. Төртінші - «Қобыланды» жыры сынды кітаптарды ғылыми сипаттағы түсіндірме, сілтемелермен басылу қажеттігін қадағалау. Әлихан Қобыландыны тарихи кейіпкер ал жырдың өзі тарихи жәдігер деп санайды. Сондықтан да ол Шәкәрім шежіресіне, Шоқан кітабына сүйене отырып, «Қобыландының ісі ХІҮ-ғасырдың ортасы болуы лайық» - деп түйіндейді. Және де өзге тарихи жырлармен «Едіге, қырғыздың «Манас» жырындағы (Кәкітай асы) салыстыра талдап, «Қобыландының» тарихи жәдігерлік құндылығын бекіте түседі. Сөйтіп, осы тұрғыдан келе отырып жырдағы кейінгі айтушылар қосқан тарихқа тура келмейтін көп қосымшаны анықтайды. «Солдат, сухар, түйме, медаль бал, шай, алыптар - Қобыланды заманынан көп бері пайда болған нәрселер. Мұның бәрін бейшара жыршы өзінен қосып, жырдың көркем түрін бұзған».

Мақала авторы - таспаға басылған жырды негізсіз даттаудан аулақ. Ол «Қобыландының» көркем тұстарын жырдың қазақ өмірі мен тұрмыс салтының айнасы. Көркем суретті жолдары арқылы көрсете білген. Қазақта «Қобыландыны» шығарған кісі тегінде жақсы ақын екен деген сөз осы өлеңдерге қарап айтылған болар. Әлиханның осы мақалада кітап бастыру ісін арнайы бөліп қарастыруы өркениеттікке қадам басқан белгісін танытады. Ол кітап сыртындағы берілген ат үстіндегі Қобыланды суретінің кітапта ішкі мазмұнымен қабыспай жатуын үлкен кемшілік көреді. Кітап бастырушылардың орыс кітаптарындағы суретті көшіріп басуын үлкен ұят мәдениеттіліктің жетіспеуінен жіберілген кемшілік деп санайды. Сондықтан да кітапты қайта басқанда «Қобыланды батырдың өзінің суретін де, атының суретін де жырдағы жазуға дәл қылып басу керек. Тайбурылды тяжеловоз боз айғырға айырбастағанда қазақ өзі ұялады» - деп өз ойын жеткізеді. Жалпы, кітаптың неғұрлым әсем, көрікті болып шығуына, оның сапалығына назар аударудың өзі - қазақ зиялыларының өзге елде бар озық үлгіні бастағанының үлгісі. Бөкейханов өзінің әдеби-сыни мақалаларының қай-қайсысында болмасын қайта басылуында ескерер мәселелерді ерекше бөліп айтып отырған. Бұл - Европа мәдениетінің жақсы белгілерін жаны сүйіп өскен көшпелі азаматтың биік парасатының белгісі. Ол тұрғыдан қарасақ, Әлиханның баспадан шыққан кітаптардың, әсіресе ел жер тарихымен тығыз байланысты дүниелердің ғылыми сипаттамамен шығуын ең бір қасиетті нәрсе ретінде қарастыруы кітап шығаруды жүйелі арна ретінде қалыптастыруды көздеу. Қайта басқанда мұндағы жер, су, кісі аттарының әлібби тәртібімен кітаптың аяғына басса, шыққанда кітаптың қайсы бетінде сөз бар екені көрсетілсе, бірінші кітап тәрбиелі болар еді. Екіншіден, бұл жырдан қазақ тарихына жем іздеген адамдарға оңай болар еді. Бөкейханов ұсынған мәселелер - осы жырға ғана қатысты емес, кейінгі басылымдар сан кітапқа бағыт-бағдар сілтеп, жөн жоба ұсынған көзқарас. 1914 жылы Петербургте өткен мұсылман сьезінде тіл мәселесі, татар зиялылары татар түрік қауымды жұртқа ортақ тіл болып қабылдауын сұраған. Бұл сьездің материалын Әлихан Бөкейханов - қазақтың 1914 жылғы 89-90 санында жариялайды. Осы сериясы мақалалардың бірінде Әлихан былай жазды: «Мұсылман сьезінде қараған татарша тілмен жазылсын деп. Бұдан ары автор өзінің бұл баққа қарсылық білдіргенін баяндайды. Ал қарсылық негізсіз емес еді. Оның себебі автор нақты дәлелдермен дәлелдейді. «Түрік затты халықты біздің қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жыл ғана арасында. Анық түрік заты халық тілі біздің қазаққа». Бұның дәлеліне Абай, Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан өлеңдерінен мысалдар келтіреді. Ендеше, осындай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады? Деген сұрақ ойландырмай тұрмаса керек. Бұл пікірге, әрине қазақ арасынан қарсылар табылары сөзсіз еді. Соның бірі деп Әлихан атайды. «Біздің қазақ осы тілін тастап, татарға мінгескені адасқандық болар . . . Татар тілі деген тіл тағы біреу емес: Кавказ, Қырым ауылындағы татарды Қазақ татармен сөйлестірсе бірін-бірі ұға ма жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы әр облыста, әр жұрттың өз тілімен жазылсын дедік Жаһанша екеуміз, -дейді Әлихан түйінді сөзінде. Бұдан ұғарымыз тіл күресінде оның жалғыз болмағаны, қиын тұста жанынан табылар азаматқа арқа сүйері байқалады. Бірақ күш аз екенін білдіріп, тілге арналған мұсылман сьезі өкінішпен аяқталады. Көп таластан кейін сьезд рухани мекеме қағазы татар-түрік тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылсын деп айта алмадық, жығылатын болған соң, «Түрік» дегеннің ішіне кірдік қой-деп тоқтадық». Әлиханның «рухани мекеме қазағы» деген сөзінің мәні - бүкіл рухани жазба кітап, баспасөз татар тілінде болу керек деген татар зиялыларының талабын білдіреді. Яғни әдебиетті жасаушы тіл де, рухани қазына әдебиетте өзгенің қолжаулығына айналып кету қаупі туғанын байқаймыз. Бұл қауып қазақ тілі мен әдебиетке үнемі қатер төндіріп келді. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Шекіспей беріспейді» атты мақаласында бұл ойға, пікірге түсінік береді. «Татар балаларын қазақша оқытқанға татар тарылмай, көңіліміз кең болып, жасауымыз тең болса, бетіміз жөн болар. Оны азсынсаңыздар, өздерің білесіздер, қайырлы сапар болсын»! - дейміз.

Абайтану туралы айту қажет. Тарихи шындыққа көз жіберсек, Абайды тану, ұлы ақын мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу жолындағы алғашқы қадам сәл ертерек басталған еді. Ақын өмірі мен творчествосына арналған алғашқы зерттеу орыс тілінде шықты. Ол Ә. Бөкейхановтың 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетіне жарияланған «Абай Құнанбаев» (некролог) деген және орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібірлік бөлімінің «Записки Семипалатинского подотдела» деп басталатын жинағына 1907 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» атты мақалалары болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны
Сан қырлы Серік Қирабаев
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
Ғұмырын ғылымға арнаған ғалым
Әлихан Бөкейханның педагогикалық көзқарастарының зерттелу жайы
Бүркеншік есімнің әдебиеттегі орны
Қазақ тілінде газет шығару
Алаш зиялыларының оқу-тәрбие үрдісіне қосқан тәрбиелік үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz