Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың – педагогы, психологы, философы

Жоспар
І. Кіріспе
1.1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі
2.2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
2.3. Педагогикалық, психологиялық және философиялық ой тұжырымдары
2.4. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық, логикалық көзқарастары
ІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазақ даласының перзенті – Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.) ғұлама
ғалым, ойшыл, философ, шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған
ағартушы оқымысты, өзінің көптеген тарихқа танылған педагогикалық
еңбектерінде тұлғаны тәрбиелеу туралы, оған қойылатын талаптар жайында өте
құнды пікір, ойларын қалдырған.
Ертедегі түркілердегі педагогикалық ой-пікірлері, алғашқы
педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халықтық
педагогикасының, мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның
көрнекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің жерлестеріміз
жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын.
Әл-Фараби тртактаттарынан бастап, Түркі тіліндегі Нүлістанға дейінгі
педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бұл өзара
байланыс Х-ХІҮ ғғ. Шығармаларының маңызды белгілері болып табылады.
Осыорайда әл-Фараби өзінің Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында деп
аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау
жасай келіп, оны потенциалды интеллект, актуальды интеллект, жүре келе
дарыған интеллект, Әрекетшіл интнллект сияқты философиялық
категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби жүре келе дарыған
интеллект туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып
тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын
ескертеді. Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын
одан әрі шәкірттері арқылы жалғасын тапқан.
Ғұлама ғалым әл-Фараби өзінің Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары,
Бақытқа жету жолдары, Музыканың ұлы кітабы т.б. трактаттарының басым
көпшілігі халықты, жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, ағарту мәселелеріне
арналған әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары, оның шығармалары Шығыс,
Европа педагогикасына ықпалы өте зор болған.
1. 1. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Қазақ даласының перзенті, Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист
ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын,
шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты, өзінің
көптеген тарихқа танылған педагогикалық еңбектерінде тұлғаны тәрбиелеу
туралы, оған қойылатын талаптар жайында өте құнды пікір, ойларын қалдырған.
Толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы
ғұлама.
Әр ұлттың ғалымдары Әбу Нәсірдің өмірі мен шығармаларын орта ғасырдың
өзінде зерттей бастаған, олардың қатарында араб және парсы тілдерінде
жазған Ан-Надим (Х ғ), Әл-Байваки (Х ғ), Ибн-Саид әл-Кифти (ХІІІ ғ), Хаджи
халифа (1657 ж.), латын тілінде жазған Венике (1484 ж), Камерариус (1688 ж)
тағы басқаларды жатқызамыз. Ол шығармаларын араб тілінде жазып, олар сол
кезде Мысыр, Шам, Бағдад, Басра, Куфа қалаларында өнердің үлкен
орталықтарында жарияланып халыққа таныс болған.
Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы
Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір
деректерде –оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз)
отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен
“Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш,
Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты
білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған.
Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия,
жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика,
жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164
трактат жазғаны мәлім.
1.2. Әл-Фараби еңбектері.
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін
сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге
болады. Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет
теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының
сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалыми ибн Әби Усайбаның (1203-
1270) айтуы бойынша. Фарабидің “Өлең құрылысын зерттеуге арналған сөз”,
“Өлең ырғағы туралы”, “Поэзия өнерінің негіздері туралы тарктат” деп
аталатын зерттеулері болған. Бұл салада-Фарабидің бізге толық күйінде
жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі–“Өлең өнері” деп
араб поэзиясының теориялық мәселелерінің арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны
мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи,
т.б. сөз болады.
Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне
талдау жасайды.
Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жазушылары поэзиясы арасындағы
көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде мықтап ескеретін бір жайт бар. Кез
келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи
жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал, тарихи жалғастық
дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі.
Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік этикалық ой-тұжырымдары
өзінен кейінгі дәуірлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын
тапты. Мәселен Әл-Фараби өзінің “Интеллект (сөзінің мағынасы жайында” атты
зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп,
оны “потенциалды интеллект” “актуальды”, “жүре келе дарыған интеллект”,
“әрекетшіл интеллект” сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп
талдайды. Әл-Фараби “жүре келе дарыған интеллект” туралы айта келіп, адам
туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе,
есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің
“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” атты еңбегінде адамның
бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе,
өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп,
төмендегідей тұжырым жасайды. “Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып
тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықта адамға әуел бастан
жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен
(байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, соған да оған
қарағанда қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын
әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан
шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық
бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін
емес” деп атап көрсетті Әл-Фараби.
Фараби–музыканттар сияқты ақындарды, поэзия өнерлерін қуушыларды,
поэзия өнерін қуушыларды да талантына, арқалылығына, логикалық қисынды,
тұжырымды үйлестікті сақтау-сақтамауына байланысты үш топқа бөледі. Ол бұл
туралы былай деп жазады. “Ақындарды үш топқа табиғи дарыны өлеңді жазып,
келісті оқуға қабілеті барлар жатады, олар поэзияның көптеген түрінде, не
қайсыбір жеке түрінде бейнелікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім
тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша
таныс емес, тек аса алғырлығымен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр,
жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне
келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой
қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатады.
Екінші топтағы ақындар-өлең өнерімен толық танысқай тәсілді таңдамасын
олар қағиданың да, бейнелеу құрамының да қайсысына болса да жетік келеді.
Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапасына
толық жатқызуға болады.
Үшіншілердің қатарына алғашқы екі топтағының шығармаларына
еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің онша қанық емес”.
Фарабидің қағидалары бойынша кемел өлең диалогикалық берік негізге,
қисынға сүйеніп, “екі қорытындыдан үшінші қорытынды шығаруды мұқият
басшылыққа алып, соған сай тұр, яғни “бейнелеу” құралын іздеп табу керек.
Нағыз, шын ақындық осы шартты бұлжытпай орындаумен сипатталады. Осыны
Фараби былай өрбітеді: “Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл
заттың, тақырыптың өзінен туындайтын, теңеуді дәл келтіру, әлде жуықтау бір-
бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен
ұқсастыру - әрбір ақынның шеберлігіне байланысты.
Майталман логик ғұлама бұл пікірді дәлелдеу үшін мынандай қисындыға
жүгінеді “мәселен, ақын А мен В, В мен С ны айқын көрініп тұрғандай
салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілерімен сәйкестігі В
мен С-ға пара-пар. Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса
да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп
баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелділігі шақыра алатыны кәміл.
Фарабидің өлеңнің логикалық арқауы мен көркемдік өрнегінің өзара сайма-
сай келіп, қиюын тауып жатуы туралы бұл қағидаларды мың жыл өтіп барып,
Абайдың поэзия туралы принциптерінен бой көрсетеді.
Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған
лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы
тұжырымдайды: “Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп,
басқаларға немқұрайлы қарамайтын жанды ерекше себептерге түрде жазуға
сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте
тумақ.
Ал Фарабидің ақындығына келсек ғұламаның шығармашылығының бұл қыры
өткен ғасырдың ортасына дейін зерттелінбей келеді.
Кеңес ғалымы Е.Э.Бертельстің парсы-тәжік поэзия тарихына арналған
еңбегінде, түрік зерттеушілері Ахмет әтеш, Нафиз данышпан еңбектерінде
Фарабидің шайырлығы, әдеби мұрасы туралы көп жаңалықтар келтіреді. Бұлар
және оқымыстылар Фарабидің араб, парсы, түркі т.б. тілдерде әртүрлі жанрда
жазғандығын растайды, үзінділер келтіреді. Осымен, Әбу Насыр ибн Мұхаммед
ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған бір өлеңінен үзінді
келтіре кетейік.
Қашықтықтағы туған жер-қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген,
Шаршадым мен қанатым талды менің,
Шаңын жолға сарылып қарауменен,
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар,
О, жаратқан, көп неткен қалың елім,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді,
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіреді.
Қайтейін мен көкжиек көңілімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қас шөлмекпен өткіздім өмірімді
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса.
Екіншіде-шарап бар жайлы мәлім.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға
тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында
Абай Құнанбаев зор бірлікпен жалғастыра түскен сияқты.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ағартушылықты жақтаған үлкен
гуманист. Әбу насыр–халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып,
адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған қаламгер. Әбу Насыр
метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т.б. ғылым салаларын
қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.
Абай өзінің “Он тоғызыншы сөзінде”: “адам ата-анадан туғанда есті
болмайды; естіп, көріп, ұстап татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды
таниды-дағы, сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден
естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске
жарайды, сонда адам десе болады”-деп жазады. Сондай-ақ әл-Фарабидің ғылым-
білімді меңгерудегі интеллект ролі жайындағы философиялық тұжырымын Абай
өзінің “Он тоғызыншы сөзінде” мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын:
“Ғылым білімді әуелі бастан бала өзін ізденіп таппайды.
Басында зорлықпен яки алда умен үйір қылу керек, үйіріне келе өзі
іздегендей болғанша.
Қашан бір бала ғалым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда оның
аты адам болады”-деп тұжырымдайды. Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған
еңбегінде “жан қуаты” жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол
қалпында Абай қара сөздерінде қайталануы кездейсоқ құбылыс емес.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты
философиялық трактатында “Қайрат”, “Ақыл”, “Жүрек” сияқты ұғымдарға түсінік
бере келіп: “Жүрек-басты мүше, мұны пәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді.
Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші
емес”-дейді.
Әл-Фарабидің “Қайрат”, “Ақыл” және “Жүрек” жөніндегі осы философиялық
тұжырымы Абайдың “Он жетінші сөзінде” өзінің логикалық жалғасын тапқан,
сияқты. Абайдың осы сөзінде “Қайрат”, “Ақыл”, “Жүрек” үшеуі әрқайсысы өзін
мықты санап, айтысып, таласып, ақыры “Ғылымға” келіп жүгінеді. Сонда
“Ғылым” бұл үшеуінің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: Ей, “Қайрат,
сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да
мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап,
кейде жамандықты берік ұстап, кетесің, соның жаман”-депті. Бұдан кейін
ғылым өз шешімін “Ақылға” айтады: “Жаратқан тәңіріне екі дүниенің жайын да
сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да-бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның екеуінің де сүйінгені сенгені-сен; екеуінің
іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман депті”. Бұдан кейін Абай осы үш
категория жайында түйін жасап, әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз
оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай “осы үшеуі” басыңды қос, бәрін
де “Жүрекке” билет-деп ұқтырып айтушының аты “Ғылым” екен. –Осы үшеуінің
бір пікірде менің айтқанымдай табыссаңдар, табанының көзге сүртерлік
қасиетті адам сол. Үшеуің-ала болсаң, мен “Жүректі жақтадым. Құдайшылық
сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағалада қалпыңа әрдайым қарайды деп
кітаптың айтқаны осы,-депті” деген қорытындыға келеді.
2.2. Педагогикалық психологиялық және философиялық ой тұжырымдары.
Әл-Фарабидің “Қайрат”, “Ақыл” және “Жүрек” жайындағы философиялық ой-
пікірлерін Абай өзінің “Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңінде де ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz