Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері


Әбу Насыр Әл-Фараби шығыстың - педагогы, психологы, философы
Жоспар
Кіріспе
1. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі
2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
3. Педагогикалық, психологиялық және философиялық ой тұжырымдары
4. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық, логикалық көзқарастары
ІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ даласының перзенті - Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж. ) ғұлама ғалым, ойшыл, философ, шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты, өзінің көптеген тарихқа танылған педагогикалық еңбектерінде тұлғаны тәрбиелеу туралы, оған қойылатын талаптар жайында өте құнды пікір, ойларын қалдырған.
Ертедегі түркілердегі педагогикалық ой-пікірлері, алғашқы педагогикалық ескерткіштер тікелей халық өмірінің, халықтық педагогикасының, мәдениетінің ықпалымен пайда болғанын көрсетеді. Ғылымның көрнекті өкілдері, орта ғасыр мәдениеті қайраткерлерінің жерлестеріміз жинақтаған аса бай тәрбие тәжірибесін есепке алмауы мүмкін емес болатын. «Әл-Фараби тртактаттарынан» бастап, «Түркі тіліндегі Нүлістанға» дейінгі педагогикалық ой даналығына үздіксіз назар аудару байқалады. Бұл өзара байланыс Х-ХІҮ ғғ. Шығармаларының маңызды белгілері болып табылады. Осыорайда әл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «Әрекетшіл интнллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын одан әрі шәкірттері арқылы жалғасын тапқан.
Ғұлама ғалым әл-Фараби өзінің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету жолдары», «Музыканың ұлы кітабы» т. б. трактаттарының басым көпшілігі халықты, жас ұрпақты тәрбиелеу, білім беру, ағарту мәселелеріне арналған әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары, оның шығармалары Шығыс, Европа педагогикасына ықпалы өте зор болған.
1. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Қазақ даласының перзенті, Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын, шығыс елдерінде тұңғыш педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты, өзінің көптеген тарихқа танылған педагогикалық еңбектерінде тұлғаны тәрбиелеу туралы, оған қойылатын талаптар жайында өте құнды пікір, ойларын қалдырған.
Толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Әр ұлттың ғалымдары Әбу Нәсірдің өмірі мен шығармаларын орта ғасырдың өзінде зерттей бастаған, олардың қатарында араб және парсы тілдерінде жазған Ан-Надим (Х ғ), Әл-Байваки (Х ғ), Ибн-Саид әл-Кифти (ХІІІ ғ), Хаджи халифа (1657 ж. ), латын тілінде жазған Венике (1484 ж), Камерариус (1688 ж) тағы басқаларды жатқызамыз. Ол шығармаларын араб тілінде жазып, олар сол кезде Мысыр, Шам, Бағдад, Басра, Куфа қалаларында өнердің үлкен орталықтарында жарияланып халыққа таныс болған.
Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде -оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған.
Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия, жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім.
2. Әл-Фараби еңбектері.
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалыми ибн Әби Усайбаның (1203-1270) айтуы бойынша. Фарабидің “Өлең құрылысын зерттеуге арналған сөз”, “Өлең ырғағы туралы”, “Поэзия өнерінің негіздері туралы тарктат” деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада-Фарабидің бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі-“Өлең өнері” деп араб поэзиясының теориялық мәселелерінің арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т. б. сөз болады.
Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жазушылары поэзиясы арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде мықтап ескеретін бір жайт бар. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал, тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Мәселен Әл-Фараби өзінің “Интеллект (сөзінің мағынасы жайында” атты зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны “потенциалды интеллект” “актуальды”, “жүре келе дарыған интеллект”, “әрекетшіл интеллект” сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби “жүре келе дарыған интеллект” туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” атты еңбегінде адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды. “Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықта адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, соған да оған қарағанда қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес” деп атап көрсетті Әл-Фараби.
Фараби-музыканттар сияқты ақындарды, поэзия өнерлерін қуушыларды, поэзия өнерін қуушыларды да талантына, арқалылығына, логикалық қисынды, тұжырымды үйлестікті сақтау-сақтамауына байланысты үш топқа бөледі. Ол бұл туралы былай деп жазады. “Ақындарды үш топқа табиғи дарыны өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар жатады, олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығымен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатады.
Екінші топтағы ақындар-өлең өнерімен толық танысқай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құрамының да қайсысына болса да жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапасына толық жатқызуға болады.
Үшіншілердің қатарына алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің онша қанық емес”.
3. Педагогикалық психологиялық және философиялық ой тұжырымдары.
Әл-Фарабидің “Қайрат”, “Ақыл” және “Жүрек” жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің “Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарында сөз зергерлері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген. Ол мынандай жолдар.
Қайрат пен ақыл жол табар, әділет, шапқан кімде бар,
Сол жарасар туғанға. Абай ақыл-мен қайраттың иесі болған адамды “жарты адам дейді. Өйткені онда адам тек “суық ақыл” мен “жүргенсіз қайраттың” ғана өкілі болып табылады. Сөйтіп, Абайдың “нұрлы ақыл” жайындағы тұжырымының қайнар-бастаулары әл-Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқанын аңғару керек. Әбу Насыр әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтеру, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуен жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика салсында үлкен жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минерология секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне гректердің оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған. Білімпаз билеуші Сайф ад-Даула бүкіл шығысқа ойымен шұғыла шашқан Фарабидің философиялық тұжырымдарын да, өлеңдерін де қатты ұнатқан. Мұндай санаркерлік сынға араб-парсы ақындарының сайыпқырандары ғана қатысатын. Фарабидің бір топ өлеңдері ғарыш, ондағы адамның орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубайлар түрінде болып келеді.
Жайнаған бейне бір гүл әлем сыры,
Құбылған мөлдір нәзік гауһар нұры,
Даналар талай нысан таққанымен,
Тапқан жоқ тектер тегін әлі бірі.
Платон мен Аристотельдің философиялық тұжырымдарынан педагогикалық идеяларды шығарып алуға болатын сияқты, әл-Фарабтдің философичлвқ ойларынан педагогикалық әдіснамаларды және теорияларды іріктеп алуға болады. Оның тұжырымдамалық ойларына байланысты педагогикалық идеялары азаматтық гуманистік немесе саяси философияның құрамына енетін ғылымдеп айтуға болады.
Әл-Фарабидің пікірінше педагогика ғылымы болашақ жас ұрапқтың ерік-күйін, ниетін белгілі бағытқа бағыттап, әр жақты тәрбие құралдары мен әдістер арқылы басқарып отыру, өзін-өзі тәрбиелеуге ниеттендіретін басқару өнері деп санаған. Ал, басқарушы адам-педагог, ұстаз, тәлімгер деген ұғымдарды әл-Фарабидің педагогикалық жүйесіндегі басты ұстанар тетігі - философиялық-этикалық категориясын құрайды. Бұл категория әрбір толық адамды бақытқа жеткізетін, оның мәні-мағынасын ашатын мұраты. Бақытқа жетудің негізі-философия, яғни ғылыми біліидер арқылы дүниедегі әдемілікті, адалдықты, тазалықта, мейірімділікті, қанағат тұту, мұратқа талпыну, қиыншылықты жеңе білу, ақыл-ойын жетілдіру, әрбір іс-әрекетті жүректе ұялату, дамыту әрекеттері жатады. Осы пікірді әл-Фарабидің сөзімен айтқанда: «Біз бақытқа тек әдемілік пен тазалықта бойға сіңіру арқылы жетеміз, алондай кемел тазалық пен әдемілік философия өнері арқылы келетіндіктен біз бақытқа нақ философия негізінде ғана жетеміз» деп түйіндейді.
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелері бір-бірімен диалектикалық бірлікте болғандығын байқаймыз. Өйткені, философия нағыз білімпаздың, өнерпаздың және кеменгерліктің жиынтығы, сондықтан барлық ғылым, білім, өнердің жеткен жетістіктері философия ұғымына, мазмұнына жатқызылады.
Мәселен, әл-Фараби да Аристотель сияқты адамды қоғамдық жан деп есептеген, өзінің этикалық, педагогикалық және гуманистік көзқарастарында аталған қағиданы әдіснамалық негіз ретінде дәлелдеген.
Әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты тртактатында адамдардың бір-бірімен өзара бірлестікте болып, өзара көмектесіп қол ұштарын берсе, бірлесіп еңбек етіп жеткен жетістіктерінің жемісін бөліссе, толыққанды адамдардың нобайы шығып, олар өздерінің балаларын кең бақыттылыққа тәрбиелеген болар еді. Міне, сондықтаг бір-біріне көмек беріп, отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп ортақтасатын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады - деген пікір қосады.
Қоғамды кемелдендіру - бақытқа жетудің алғашқы басты шарты, тек кемелденген қоғамда ғана адам ғылым, философия тәрбие арқылы кемелдікке жете алады. Педагогикалық қағида тұрғысынан адамды бақытқа жеткізетін негізгі құрал - мінез-құлық пен ақыл-парасат, адамгершілік пен интеллектуалдық күш қуат тәрбиенің мән-мағынасын құрайды. Әл-Фарабидің пікірі бойынша «Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз. Бұл екеуі бар кезде, бірлікте болғанда ғана біздің іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біздер шын мәнінде қадірменді, қайырымды, инабатты адам боламыз»- деп санаған.
Әл-Фараби өзінің саяси-педагогикалық тртактаттарында адамдардың, қала тұрғындарының мінез-құлықтары мен ақыл парасаттарын тәрбиелеуде қайырымды қала, мемлекеттерге олардың басшыларына барған кеңесінде: «Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздегенде қала қайырымды қала, халқы қайырымды адамдар болғанда ғана, олар бақытқа жетеді. Егер дәл осылай бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне қалтқысыз көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі қайырымды мекен болар еді»-деген ой тербетеді. Негізінен, әл-Фараби адамзатты болашық бақытқа жеткізудегі оның ұстаған ұстанымы-халықтар достығы, бейбітшілік қатынаста өмір сүру, адамдарды бір-бірімен байланыстыратын дәенекерлік тұтқа-адамгершілік құндылықтар. Сондықтан, адамдар өзара тату-тәтті бейбітшілік рухта тәрбиеленгенде ғана бақытты болатындыған айтқан.
4 Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық.
Олар “Бақыт жолын іздеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “бақытқа жету жолында” деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі-мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғарғы категориясы-бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Ақыл мен адамгершілік, қайрымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үміт, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби “қандай шебер әдістің жәрдемімен жеке жақсы мінез-құлыққа жеткінімізді қарастыруымыз керек” дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық -этикалық тұрғыдан баға береді. Қоғамдағы әр бір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, Фараби: “әзілқойлық-әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерлікке немесе орта мөлшерге ауысуды, жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу” деп жазады. Әл-Фарабидің осы моральдық-этикалық тұжырымын Абай өзінің “Төртінші сөзінде” жалғастыра түседі. Күлкіге салынған кісі не шаруадан не ақылдан, не бір ұят келелерік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Әл-Фараби мен Абай арасындағы даналық ой-пікір сабақтастығы жайында бұлардан басқа да көптеген нақты деректер келтіруге болады. Фарабидің өлеңнің логикалық арақауы мен көркемдік өрнегінің өзара сайма-сай келіп, қиюын тауып жатуы туралы бұл қағидаларымың жыл өтіп барып, Абайдың поэзия туралы принциптерінен бой көрсетеді. Осыған байланысты ойға оралатын бір пікір-ол Абай өзінен бұрын өткен және замандас би-шешендерді, жырауларды сынап бағалауда осындай логикалық-эстетикалық алғышарттарды басшылыққа алғаны байқалады. Ұлы ойшыл ақын алған ақын-билерді кейбіреулер дәлелдеп жүргендей, әлеуметтік қоғамдық көзқарастары үшін емес, таза логикалық, поэтика-риторикалық ережелерді сақталғаны үшін сынап отыр. Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды: “Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайлы қарамайтын жанды ерекше білмейтін түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ”. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген адам. Оның ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликаттың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің “Метофизикасын” қырық рет, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан дейді. Осындай ыждахаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдң ғылыми мұрасын еркін игерген. Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбіне қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz