Әдебиеттануға кіріспе пәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Пєн туралы ќысќаша сипаттама:

Әдебиеттануға кіріспе пәні филология факультетінің студенттеріне профильді мамандық беретін негізгі пән болып есептеледі. Көркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғынып, ғылыми негізде талдау жасай білуі үшін жоғары білімді, білікті маман әдебиет теориясымен қарулануы тиіс. Көркем туындының болмыс-бітімі, әдебиеттің халықтығы, көркем бейне және оның жасалу жолдары, көркем шығарманың композициясы мен сюжеті, поэзияның табиғаты, өлең құрылысы, әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері (жанрлары), көркемдік әдістер мен бағыт, ағымдар, стиль мәселесі т. б. әдебиеттануға кіріспе пәнінің мазмұнын құрайды.

Пәнді оқытудың маќсаты:

Әдебиеттің сөз өнері орта мектептегі ең негізгі оқу пәні ретіндегі ұлан-ғайыр міндеттерін жүзеге асыратын, әдебиет тарихының, әдебиет сынының, әдебиет теориясының мәселелерін білумен қатар, оны терең ой елегінен өткізе алатын, әдебиетті халық тарихымен байланыстыра алатын білімді, білікті, өзіндік ой-пікірі, көзқарасы бар әдебиетші маман дайындау.

Пәнді оқытудың міндеттері:

Әдебиеттануға кіріспе пәнінің 1-курста, бірінші семестрде окытылуы студенттерді кейінгі семестрлерде үздіксіз оқылатын қазақ әдебиетінің тарихы, халық ауыз әдебиеті, түркі халықтарының әдебиеті, әлем әдебиеті сияқты әр алуан курстарды терең ұғынып, ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуге дайындайды.

Пән бағдарламасыңда студенттерге әдебиет теориясының негізгі қағидаларынан негізгі мағлұмат беру қарастырылған. Пәнді оқьпу:

  • әдебиеттің қоғамдық сананың айрықша түрі, өнер туыңдысы ретіндегі ерекшеліктері мен өзгешеліктерін;
  • көркем әдебиеттегі тақырып пен идея, мазмұн мен түр, олардың арақатынасын, сюжет пен композиция, олардың кезеңдерін, сюжеттен тыс элементтерді;
  • тіл байлығының қайнар көздерін, оның әр алуан бейнелеуіш және суреттеме құралдарын;
  • әдебиеттің тектері мен түрлерін, олардың әр алуан кезеңдердегі және қазіргі дәуірдегі түрлерін;
  • әдеби стиль, ағым және керкемдік әдістерді;
  • өлең сөздің ерекшелікгерін, әлем әдебиетіндегі әр алуан өлең жүйелерін, қазақ өлеңінің табиғатын, поэзиялық қасиетін терең әрі жан-жақты білуді міцдеттейді. Осы арқылы көркем шығармаға заман талабы, халық, мемлекет мүддесі тұрғысынан терең ғылыми теориялық талдау жасау талап етіледі.

Пререквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе курсын игеру үшін әдебиет теориясының негізгі ұғымдары мен қағидаларын, әдеби-теориялық терминдерді меңгеру керек. Көркем сөз теориясының тіл, сөз жайын тексеретін тіл білімі, стилистика секілді ғылым салаларымен байланысын ың өзіне тән сыр-сипатын тану қажет.

Постреквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе пәнінің оқытылуы кейінгі семестрлерде үздіксіз оқытылатын қазаќ єдебиеті тарихы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, түркі халықтарының әдебиеті, әлем әдебиеті сияқты әр алуан курстарды терең ұғынып, ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуге дайындайды.

1-дәріс

1. Лекция тақырыбы: Кіріспе. Әдебиеттану - сөз өнері жайлы ғылым.

2. Лекция жоспары: 1. Әдебиеттанудың негізгі және қосалқы салалары.

2. Єдебиеттіњ басќа µнер т‰рлерімен байланысы.

3. Әдебиеттің эстетикалық сипаты.

4. Көркем әдебиеттің қоғамдық мәні.

5. Әдебиеттің халықтығы.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге әдеби-теориялық ұғымдар жайлы түсінік беру.

4. Лекция мазмұны:

Әдебиеттану - сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиетану ғылымының негізгі үш саласы: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны, сондай-ақ қосалқы үш саласы: текстология, библиография, историография бар.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып - білуге болады.

Әдебиет тарихы, жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің калай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан - жақты талдау, оның идеялық - көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Сондықтан сыншы - қалың окырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой - пікірдің озғын өкілі.

Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары, критерийлері бар. Ал көркемдік критерий, ең алдымен, әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі - осы. Кез келген шығармада болатын үлкенді - кішілі кемшілікті табу бәрінен оңай. Ал шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын.

Бұл сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді.

Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысьш жатады.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрьш, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес екені екінің біріне аян.

Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа қосалқы салалары да бар. Олар - текстология, историография және библиография.

Текстология - әдеби туындылардың тексін (мәтінін) зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түпнұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады, әр басылымын автографпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады.

Историография - әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына, не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.

Библиография - көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне, ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың - текстер мен тексерулердің, сын - мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.

Сонымен, біз жоғарыда әдебиеттану жайлы, оның ғылыми салалары жайлы, әрбір ғылыми саланың өзара нық байланыстары жайлы, яки «заттың тарихы жоқ жерде заттың теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде оның тарихы туралы тіпті сөз болуы мүмкін емес, өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның мағынасы мен шекарасы туралы мүлде ұғым болмайтыны» жайлы айттық.

Әдебиеттану - қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тән өзгешелігі орасан мол, қиын әрі күрделі ғылым.

Әдебиеттану мен эстетика - өзара байланысты, бірімен - бірі аралас жатқан, бірге туып, қатар қалыптасып, тіпті, бірін - бірі толықтырып, терендетіп, дамытып келе жаткан егіз ғылым.

А. Байтұрсынов өнерді бес түрге бөліп қарастырады:

  1. Сәулет өнері. (Еуропаша - архитектура) .
  2. Сымбат өнері. (Еуропаша - скульптура) .
  3. Кескін өнері. (Орысша - живопись) .
  4. Әуез өнері. (Еуропаша - музыка) .
  5. Сөз өнері. (Қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, Еуропаша - литература) .

А. Байтұрсынов сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі:

  1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге.

Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі - меңзеу, яғни - ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау екендігін атап көрсетеді.

Әдебиет - сөз өнері, ал оны жасаушы шебер немесе суреткерге қажет ерекшеліктер мыналар:

Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық.

Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады.

Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия.

Төртіншіден, интуиция.

Бесіншіден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибе молдығы.

Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек.

Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес.

Сегізіншіден, шабыт.

Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық ұжымның мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның шығармашылығында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Суреткердің қоғамдық қызметін пайымдау оған тән дүниетаным, күрделі және әр қилы көзқарас мәселесін қоса қозғау болып табылады. Бұл мәселені пайымдау - суреткер тіршілігі мен творчествосының ең түбегейлі мағынасын талдау, көркем әдебиеттің өмір сүру факторын толғау. Өйткені суреткердің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы - эстетиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.

Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көз қарасын қалыптастырады, мінез-құлығына ықпал етелі, бүкіл тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. Бұл - көркем әдебиеттің эстетикалық мәні.

Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, яки оның өмір таныту, адам тәрбиелеу жайын ғана емес, күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетикалық табиғатын тану қажет.

Ал эстетика деген не?

Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді . . . қысқасы, адамның көңіл күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл - әдеби шығарманың эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәнін де осыған негізделген.

Әдебиеттің қоғамдық мәні - көркем әдебиеттің халық өміріндегі атқаратын міндеті, танымдық, тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы. Танымдық сипат жағынан алсақ, әдебиет бүрынғы-соңғы тарихтан үшан-теңіз мағлүмат беріп, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың ой-қиялын, арманын, сана-сезімін танытады. Заман, дәуір түлғасы, адамдардың түрмыс-халі, әдет-ғүрпы, мінезі әдебиеттен жан-жақты толық аңғарылады. Әр адамның басқан қадамы, атқарар ісі қоғамдық жағдайға байланысты соның көрінісі. Әдебиет адамдардың осы қалып, болмысын көркемдік әдіспен бейнелейді. Әдебиеттен өткен заман, бүгінгі өмір, келешек туралы ой-түжырымдарды да мол табамыз.

Осының бәрі көркемдік ойлау тәсілімен, шебер суреткерлік, биік эстетикалық талғаммен үштасып жатады. Бүл әдебиеттің айрықша көркемдік мәнділігін танытады. Адамның арман-тілегін, әділдік, адамгершілік, еркіндікке үмтылуын уағыздай отырып, әдебиет үлкен өнегелік, тәрбиелік міндет атқарады. Адамды жамандықтан безініп, жақсылыққа, ізгілікке, адалдыққа бой үруға үйретеді. Әдебиеттің танымдық, тәрбиелік көркемдік сипаттары - бір-бірімен жалғасып, астасып келетін қасиеттер.

Әдебиетте озат идеясыз көркемдік жоқ, көркемдік суреткерлік шеберлік жетпеген жерде нағыз идеялылық жоқ, ал бүлар танымды болмаса тәрбиелік мәні де осал, жетімсіз болады. Әдебиеттің қоғамдық мәні жайындағы үғым бүрынғы-соңғы және қазіргі әр түрлі қоғамдық жағдайда өмір сүріп жатқан сан алуан елдердің әдебиеті мен өнеріне байланысты да айтылады. Өйткені әдебиет, жоғарыда айтылғандай, адамдардың бір-бірімен қоғамдық қатынасын бейнелейтін болғандықтан, жазушы қоғам өмірінен тыс қала алмайды.

Әрине, өркениетті қоғамда әдебиет пен өнер ең алдымен адамдардың қоғамдық ісін, қоғамдағы орнын алдыңғы қатарға қоюы керек. Сондықтан да әдебиет халықтың, еңбекші қауымның мүддесін көздеп, соның қамын жейтін, арманын жоқтайтын өнер болуға тиіс, ал мүның өзі көркем туындыларды сапасы жоғары болуын талап етеді.

Әдебиеттің халықтығы деп шығарманың халықтың тілек-мүддесіне толық сәйкес келер идеялық -көркемдік сапасын айтамыз. Шынайы халықтық әдебиет заманның ең озат арман-мүраттарын бейнелеп көрсетеді. Шығарма толық мәнінде халықтық сипат алу үшін жазушы сол дәуірдегі қоғамның дамуынан туындап отырған, тарихтың өзі алға қойған ең көкейкесті мәселелерді толғай білуі және оларды халықтың көзімен қарап, түсініп, көркемдеп баяндап беруі шарт. Әдеби шығарманың халықтық сипатын арттыра түсетін маңызды ерекшелік - оның қалың қауымның, оқушы-жүртшылықтың ой-санасына жанасымдылығы, үғым-түсінігіне жақындығы, өмір қүбылыстарын бейнелеу шеберлігінің мейлінше қарапайым және көркем болып келуі. Әдебиеттің халықтығы туралы үғым бірден қазіргі күйіңде қалыптдсқан жоқ. Ертерек кезде орыс әдебиетінде төменгі таптан шыққан сол ортаның, орыс крестьяндарының өмірін суреттеген адамды халық жазушысы, ақыны деп атады (Кольцов), қазақ әдебиетінде халық ақыны ауыз әдебиетінің дәстүрлерін үстанған өнер қайраткері деген мағынада айтылып келді. Сонымен қатар әдебиеттің халықтығын жазушының шығармасыңда өмірді халық көзімен қарап, халық мүддесін жақтау түрғысынан бейнелеу деп түсіну орнықты. Пушкиннің шығармалары, мысалы «Евгений Онегин» романы осыңдай кең мағынада нағыз халықтық туынды екеңдігін Белинский толық дәлелдеп берді. Шекспир, Л. Толстой, М. Әуезов шығармалары міне, осы мағынада нағыз халықтық сипаттағы туындылар. Абай творчествосының халықтық қасиетін де осы түрғыдан бағалаймыз.

Әдебиеттің халықтық сипатын дүрыс түсіну үшін халықтың сол дәуірде тарихи дамудың қозгаушы күші ретінде қаңдай роль атқаратынын ескеру қажет.

5. Бақылау сұрақтары:

  1. Әдебиет теориясының зерттейтін негізгі объектісі
  2. Әдебиет тарихының зерттейтін негізгі объектісі
  3. Әдебиет сынының зерттейтін негізгі объектісі
  4. Текстологияның зерттейтін негізгі объектісі
  5. Библиографияның зерттейтін негізгі объектісі
  6. Историяграфияның зерттейтін негізгі объектісі

6. Тақырып бойынша СӨЖ тапсырмалары:

1 Әдебиеттің басқа өнер түрлерімен байланысы және айырмашылығы.

2. Әдебиеттің тәрбиелік сипаты.

3. Әдебиеттің ұлттық және интернационалдық сипаты.

7. Қажетті әдебиеттер:

1. Абрамович Г. Введение в литературоведение Москва 1976

2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы 1996.

3. Байтұрсыноа А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 2003.

4. Введение в литературоведение Хрестоматия Москва 1988

5. Введение в литературоведение Москва 1976

6. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы. 1969.

7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы. 1992; 2002.

8. Федотов О. Введение в литературоведение Москва 1998

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. 1-кітап. Алматы 1960

10. Словарь литературоведческих терминов. Москва 1974

Студенттің өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары:

1. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы:

А) Текстология, библиография, историография

В) Эпос, лирика, драма

С) Трагедия, комедия, драма

Д) Әдебиеттің халықтығы, әдебиеттің ұлтылығы, әдебиеттің таптығы

Е) Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны

2. Әдеби құбылыстарды статикалық тұрғыда қарастыратын әдеби пән:

А) Әдеби сын

В) Әдебиет тарихы

С) Эстетика

Д) Әдебиет теориясы

Е) Текстология

3. Әдебиеттану ғылымының жанама саласы:

А) Әдеби әдіс.

В) Әдебиеттің стилі.

С) Библиография.

Д) Әдеби ағым.

Е) Әдебиеттің сыны

4. Әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық функциясын методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі:

А) Реализм

В) Романтизм

С) Фрейдизм

Д) Әдебиет сыны

Е) Әдебиет теориясы

5. Көркем шығармаларды талдап, баға беретін, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби прцестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы:

А) Әдебиет терихы

В) Библиография

С) Әдебиет сыны

Д) Текстология

Е) Әдебиет теориясы

6. Көркем мәтін арқылы адамзат болмысын, адамның рухани әлемін жан-жақты танып білуді мақсат ететін ғылымды атаңыз:

А) Эстетика

В) Филология

С) Мәдениеттану

Д) Өнер тарихы

Е) Әдебиет тарихы

7. Әдебиеттанудың қай саласының негізгі мақсаты әдебиеттің даму заңдылықтарын, әдеби шығармаларға, әдеби үрдіске ортақ сипаттарды айқындауға бағытталады?

А) Палеография

В) Поэтика

С) Әдеби сын тарихы

Д) Әдебиет сыны

Е) Әдебиет теориясы

8. Қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негізін салушы ғалым:

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) М. Дулатов

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) Ә. Бөкейханов

9. Әдебиеттану ғылымының қосалқы үш саласының бірі:

А) Әдебиет теориясы

В) Историография

С) Әдебиет тарихы

Д) Әдебиет сыны

Е) Реализм

10. Әдебиеттанумен байланысы жоқ пән:

А) Лингвистика

В) Эстетика

С) Әдебиет теориясы

Д) Стереометрия

Е) Тарих

11. Көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқынын, қандай жолдармен дамығанын зерттейтін ғылым саласы:

А) Әдебиет сыны

В) Әдебиет тарихы

С) Әдебиет теориясы

Д) Әдебиеттің халықтығы

Е) Әдебиеттің таптығы

12. Әдебиет туралы дәйек пен дерек беретін ғылым түрі:

А) География

В) Библиография

С) Историография

Д) Методология

Е) Текстология

13. Әдебиеттанудың қай саласы әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттеуді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындауды мақсат етеді?

А) Текстология

В) Библиография

С) Әдеби сын тарихы

Д) Әдебиет сыны

Е) Әдебиет теориясы

14. Әдебиет тарихшысы әдебиеттану ғылымының қай саласында зерттеу жүргізетін ғалым?

А) Текстология

В) Историография

С) Әдеби сын тарихы

Д) Әдебиет сыны

Е) Әдебиет теориясы

15. Әдебиет, өнер дамуының арғы-бергі кезеңдеріндегі көркемдік әдістерді, бағыт-ағымдарды, әдеби мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?

А) Текстология

В) Әдебиет тарихы

С) Библиография

Д) Әдебиет сыны

Е) Әдебиет теориясы

16. Көркем әдебиетті, оның түп-төркіні, мән-маңызы мен даму үрдісін зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) Әдебиеттану

В) Лингвистика

С) Поэтика

Д) Әдебиет тарихы

Е) Стилистика

17. Єдебиет туралы ѓылымѓа байланысты кµрсеткiштер мен аныќтамалар, шолулар мен сiлтемелер жиынтыѓы:

А) Әдебиет теориясы

В) Историография

С) Библиография

Д) Әдебиет тарихы

Е) Текстология

18. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?

А) Мәтінтану

В) Мәдениеттану

С) Өнертану

Д) Философия

Е) Филология

19. Ғылымнан өнердің (әдебиеттің) басты айырмашылығы қандай?

А) Тұжырымды ой-қорытындылар жасауы

В) Нақты деректер арқылы дәлелдеуге құрылуы

С) Дәйекті пікір таныта білуі

Д) Өмір шындығын кейіпкерлер тұлғасы арқылы бейнелі түрде танытуы

Е) Абстрактілі ойға негізделуі

2-дәріс

1. Лекция тақырыбы: Сµз µнері жайлы ѓылымныњ туу, ќалыптасу тарихы

2. Лекция жоспары:

1. Сµз µнері жайлы алѓашќы топшылаулар.

2. Адамзат тарихындаѓы алѓашќы деректер. Мысыр, ‡нді, Ќытай т. б. халыќтардыњ ежелгі жазбаларында саќталѓан єдеби м±ралар.

3. Кµне Грециядаѓы єдеби-эстетикалыќ т‰сініктер.

4. Аристотельдің «Поэтика» еңбегінің маңызы.

5. Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің канондары туралы трактат» атты еңбегінің маңызы.

3. Лекция мақсаты: Студенттерге сµз µнері жайлы ѓылымныњ туу, ќалыптасу тарихынан мағлұмат беру.

4. Лекция мазмұны:

Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы өнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар б. э. б. VI ғасырдан, яғни Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын, Ніл мен Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд пен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиеттанудың негізгі салаларын сипаттау
Тіл мәдениетінің сипаты
Әдеби үдеріс сипаты
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
Әдебиеттің тектері мен түрлері
Экзистенциализм философиясы адамның мәні туралы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz