ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУ
 Қазіргі қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің бірі – оқушыларға сапалы
білім беру болып табылады. Осы сапалы білім беру деген сөздің астарында
не жатыр? Сапалы білім беру – ұстаздың қолында. Қазақ тілі өз мәртебесін
алғаннан бері мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу де
жаңаша мәнге ие бола бастады. Ұстаздар күн сайын өздерінің сабақта
қолданылатын әдістерін өзгертіп, күнде жаңалық енгізуге тырысады. Сондай
жаңалық енгізетін ұстаздарымыз жаңалық іздеуші оқушыларды дайындап
шығарады. Жаңалық іздеуші оқушы дегеніміз – сын-зерттеу еңбектерін оқу
арқылы ғылыми зерттеушілік қабілеті қалыптасқан оқушы. Яғни, әдебиет
сабақтарында сын-зерттеу еңбектерін оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі
болып саналады. Себебі, кейбір ұстаздарымыз ақын-жазушылар шығармаларын
оқытқанды оқу құралынан аса алмайды. Ал, мектептегі оқу құралындағы
мәліметтерді оқушы мұғалімнің көмегінсіз-ақ оқи алады. Қазіргі заманның
оқушылары үшін мұғалім күндеоікті сабақта оларға жаңа мәлімет беріп отыру
керек. Сондықтан ұстаздарымыз ақын-жазушылар шығармаларын оқытқан кезде
қосымша сын-зерттеу еңбектеріне сүйену орынды. Себебі, сын-зерттеу
еңбектерін оқу арқылы оқушының ғылыми зерттеу қабілеті дамиды. Мектеп
қабырғасында отырған оқушылардың бәрінің де зерттеушілік қабілеті мықты
болмайды. Сондықтан да осындай оқушылардың жалпы әдебиет пәніне деген
қызығушылығын арттыру, оларға қосымша білім беру – ұстаздардың алдына
қойған басты міндеті болып саналады. 
Сын-зерттеулерді оқытудың мақсаты мен маңызы:
Оқу бағдарламаларында әдеби-сын зерттеу еңбектерін оқытуға арнайы сағат
берілген, оқулықтарда әр ақын жазушының өмірі, шығармашылығынан соң ғылыми
сын еңбектерінің тізімі көрсетілген. Тәжірибеде ұстаздар қауымы тақырып
мазмұнын ғылыми еңбектермен байытып, тереңдетіп беруде сын еңбектерге назар
аударып келеді. Сын – зерттеулерді оқыту – тереңдетіп оқыткдың ең маңызды
бір саласы.
Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы неде?
1.Өтіліп отырған тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту,
көркем шығарманы оқушы жан-жақты терең түсінуде, танымын дамытуда;
2.Оқушылардың ойлау белсенділігін  арттыру, дүниетанымын кеңейту, өз
бетімен жұмыс істеу, қортынды жасау дағдыларын жетілдіруде;
3.Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын
түсінеді, әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу, өзіндік пікір
айта білуге  баулу, зерттеу, іздендіру бағытындағы жұмыстарға икемдеу
мәселелерінде сын-зерттеу еңбектерінің маңызы ұшан-теңіз.
Сын-зерттеу еңбектерін оқыту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
А) Еңбекті толық оқыту, арнайы оқыту;
Б) Ең негізгі түйінін, пәнін бөліп ала отырып оқыту;
В) Өтіліп жатқан шығармаға ғана байланысты ішінара керекті пікір,
ойларын теріп алып оқыту.
Сын-зерттеу еңбектерін оқытуға қойылатын бірден-бір талап  - оны
көркемдік шығармамен бірлікте оқыту болып табылады. Сондай-ақ сын-зерттеу
еңбектің   жазылу тарихы, мақсаты туралы түсінікті мұғалім міндетті түрде
оны пайдалану алдында беру керек. Сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік
ерекшелігі, жанрлық сипаты туралы да теориялық ұғым беру де мұғалім
назарынан тыс қалмағаны дұрыс (мысалы, Шоқанның еңбектері, Абайтану
ғылымы не? деген сұрақтарды.).
    Еңбектерді оқытудың жолдары, әдіс-тәсілдері:
1.Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту.
Мысалы: Х сынып әдебиетінде Абай Құнанбаев шығармашылығын оқытуға ерекше
көңіл бөлінеді. Осы сыныптағы әдебиет курсының ішіндегі ең басты тақырып –
Абай шығармашылығын талдау болып табылады. Абайдың өмірі, шығармалары
туралы бірінші сабақтан кейін-ақ мұғалім Абай Құнанбаев атты
монографиясына арнайы тоқталуына болады. Балаларға бұл еңбектің негізгі
түйінді дәнін,  маңызын бірден аңғарту мақсатында, әрі оны игерудің бірден-
бір тиімді жолы ретінде Нені міндетті түрде білу керек?  деген
тақырыпшамен монографияның ең басты мәселелерін төмендегідей етіп жазып қою
керек:
ü Абайды тудырған дәуір – ХІХ ғасырдың ІІ жартысына берілген талдау,
әсіресе, патшаның отарлық саясаты, мемлекеттік-әкімшілік жүйенің шындықпен
берілуі.
ü Ағартушы-демократтардың шыға бастауы, оған екінші Ресей – Пушкин
Ресейінің әсері.
ü Абайтану ғылымының қалыптасу жолы, Кәкітайдың бұл саладағы еңбегі,
Абай шығармаларының халыққа жету тарихы, Абайтануға қалам тартқан әдебиетші
ғалымдар.
ü Абайдың өмірбаяны, ата тегі, ұшқан ұясы. (Өскенбей, Құнанбайлар туралы
дерек ).
ü Абайдың білімге қанат қағуы. Шығыс шайырлары – Науаи, Физули
мұраларының әсері.
ü Туған халқының мол мұрасы, ақындығының игі ықпалы (жыраулар, айтыскер
ақындар).
ü Өз ортасындағы надандық, әділетсіздік, рулық-патриархалдық
тартыстардың  Абайды халық жағына шығаруы.
ü Орыс зиялыларымен достасу, Михаэлспен танысу, орыс, еуропа, әлем
әдебиетінің әсері.
ü Абай ақындығының өрістеуі, 1886 жылдың нағыз ақындық өнімді еңбек жылы
болуы. Азамат ақынның өткір, ашулы, сынға толы өлеңдерінің туу себебі (өз
ортасындағы озбырлық, әлеуметтік кемшіліктердің асқынуы).
ü Орыс поэзиясын қазақ даласына аударма арқылы тарата бастауы.
ü Дала жауыздығы, әділетсіздікпен күрес. Жеке басындағы трагедияларының
халық трагедиясымен ұштасуы.
ü Абай басына жасалған қастандық, оның негізгі себептері.
ü Абай ұрпақтары, оның тағдыры.
    Әрі күрделі, әрі маңызды нәрсе – Абай шығармашылығы, оның мәнін,
ақынның ащы үнін, өткір сатирасын терең түсіну үшін, осы монографияның
алғашқы бөлімін, яғни ұлы ақын өмірі, басынан кешкен трагедиялық
жағдайларды, олардың ақын көзқарасы, шығармашылығына әсері туралы шындықты
оқушыларға жеткізудің маңызы зор. Әрі бұл бөлім (Х том, 682-бет, )  бір
қарағанда ұзақ көрінгенімен, оқуға жеңіл юолып келеді. Абай басынан өткен
қызықты оқиғалар, шешендік қақтығысулар, кейбір аңыздардың орын алуы
оқушыларды қызықтыра түседі. Монографияны әңгіме-лекция әдісімен түсіндіре
отырып, жоғарыда айтылып кеткен оқиғалардан оқушыларға хабарлама, әңгіме
жасатып, оны сабақта пайдаланып отырудың маңызы зор. (Мысалы, Абайдың
Қаратайлармен, әкесімен сөз қағысуы).  Сын-зерттеу еңбектерін оқытуда да
мұғалім қонымды, жеңіл әдіс-тәсілдерден ізденуі қажет, әрі тиімді жолдарын
сұрыптап, таңдап ала білуі керек.
1.Соның бір жолы – еңбектің түйінін, дәнін мұғалім екшеп алып, өз
сабағында әңгімесінде пайдалана білуі. Оқушы назарын негізгі мәселеге
аударуы;
2.Оқушыларға алдын-ала тапсырма беріп, қатыстырып отыру (шешендік
сөздер, Абай басынан өткен қызықты мәселелер, Қаратайлармен сөз
қақтығысуы).
3.Сондай-ақ Абай жолы эпопеясының Қияда бөліміндегі Абай-Құнанбай
диалогінен инсценировка көрсетуге болады. Негізінен бұл қақтығыс
монографияда да айтылған. Міне, осындай әдіс-тәсілдер сабақты әрлендіріп,
оқушыларды оған әрі қызықтырып, әрі терең білім алуын қамтамасыз етеді.
Монография ауқымды, қалған бөлімдерін Абай шығармашылығын талдау барысында
тақырыпқа сай, ішінара, теріп пайдалану керек.
4.Мұғалім әңгіме-лекциясын тұжырымды, әрі жеңіл тілмен жасап, керекті
жерлерін жазғызып, сұрақ-жауап арқылы басты мәселелерге қайта оралып,
пысықтап, қайталап, толықтырулар жүргізгені тиімді саналады.
5.Үйге еңбектің сүбелі-сүбелі жерлерінен сұрақтар беріп, оның нақты,
тұжырымды жауабын тауып, жазып келуін тапсырудың маңызы зор.
 
Тапсырма мына үлгіде орындалады:
 
Сұрақтар Жауап-тезис
1.Еңбекте Абай ақындығының 1.Туған халқының әдебиеті. Бұқар, Дулат,
қайнар көздері туралы не Шортанбайлар әсері.
айтылған? 2.Шығыс әдебиеті. Хафиз, Науаи,
Фирдоусидер поэзиясы.
3.Әлем әдебиеті, философиясы.
2.Абайдың халық жағына бет 1.Ақын өмір сүрген қоғамның
бұруы, ағартушы, демократ саяси-әлеуметтік жайы, қараңғылық,
болып қалыптасуына нелер әсер надандық, үстемдер озбырлығы,
етті? рулық-патриархалдық тартыс.
2.Өз бетімен ізденіп, білімге көңіл
қойып, әлем әдебиеті, ойшылдарымен
танысу. Орыс достары, зиялыларының әсері,
саяси санасының оянуы.

 
Үйге тапсырма бергенде, оқушыларды іздендіру, салыстыру жұмыстарына
баулу үшін, егер мұғалім М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясының  І кітабын
Абай шығармашылығын бастауға дейін оқытып қойғанда төмендегідей тапсырма 
орындата алады:
 
Үлгі:
1.М.Әуезвтің зерттеу еңбектерңндегі қандай мәселелерді Абай
жолы эпопеясынан көре аласыңдар?
Үлгі:
 
Монографияда айтылған: Абай жолы эпопеясында бар
1.Абайдың Қаратайдармен сөз қақтығысуы Қияда бөлімінде осы мәселе
(заман, ұрпақ туралы). жазылған.
2.Құнанбай мен Абай арасындағы  
пікірталасы (үш сауалы) 1-кітаптың аяғындағы Қияда 
бөлімінде берілген.
 

 
2.Көркем туынды мен ғылыми монография арасындағы осы бір ұқсастықты
қалай түсіндірер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесімен Ахмет еңбегінің сабақтастығы
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Пәндер