ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ


Ф-ӘД-001/039
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ-түрік университеті
филология факультетінің деканы,
профессор Р. Б. Таукебаева
«___» 2013 ж.
«ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ»
пәнінің
СИЛЛАБУСЫ
Мамандық аты, шифры: 6МО20500 − филология (Қазақ тілі мен әдебиеті)
Оқу формасы: күндізгі
Курс 1, топ: МҚӘ-311
Силлабусты құрастырған: филол. ғ. д., профессор Еңсегенұлы Т.
Мекен жайы, тел. және Е-mail: Түркістан қаласы, «Тұран» жатақханасы, 113 бөлме
тел. 87054316539 etokbolat @mail. ru
Кафедрадағы жұмыс уақыты: сағат 9. 00-16. 00
СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны: жұма, 14. 30-15. 25;
15. 30-16, 15. № 2 ғимарат, 223 дәрісхана.
Түркістан 2013
Силлабус 6МО20500 − «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы пәнінің типтік
бағдарламасы негізінде жасалынды.
Алматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік
кеңес мәжілісінде талқыланып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі пайдалануға рұқсат етілген.
Силлабус кафедраның «___» 2013 ж. (хаттама № 1) мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., доцент С. Ергөбек
Силлабус факультеттің «___» 2013 ж. (хаттама № 1) ОӘК қаралып,
мақұлданды.
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы: ф. ғ. к., доцент С. Чаканова
Силлабус құрылымы университеттің № 1 хаттама ОӘК-де талқыланып,
қолданысқа ұсынылды.
1. КІРІСПЕ
Пән туралы қысқаша сипаттама: «Әдебиеттанудың жаңа бағыттары» арнаулы курсын оқыту объектісі болып Қазақ әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасып, дамуы, бұл саланың кезеңдер бойынша бірнеше бөлім, тарауларға топтастырылатыны шолу есебінде сөз болады.
Әдебиеттану ғылымын−әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны құрайды. Сондықтан әдебиеттану ғылымы сол салалармен тікелей сабақтас. Бұл мәселенің сыр-сипатын ғылыми тұрғыда талдап түсіндіріп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсету басты міндет.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасуы кейінгі ғасырларда ғана бой көрсетіп, қалыптаса бастағанымен, оның алғашқы нышандары тым әріде жатқанын дәлелдеп айқындап алуымыз керек. Мәселен, ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті пайда болғанымен оған ғылыми тұрғыда баға берілмеді деп ешкім айта алмайды. Атап көрсетсек, түркілерге ортақ мұра болып табылатын шығармалардың бірсыпырасы шетел зеттеушілерінің тарапынан тиісті дәрежеде сөз болғаны белгілі. Соған сәйкес, қазақ әдебиеттану ғылымының сыр-сипатын ашу үшін бұл саланы да кезең-кезеңге бөліп қарастырған пайдалы. Бұл пәнді оқыту осындай бағытта жоспарлы түрде жүргізіледі.
Курстың мақсаты:
−Әдебиеттанудың жаңа бағыттары қазақ әдебиеті шығармаларымен, қазақ әдебиеті теорияларымен, қазақ әдебиеті сынымен жалғастыра отырып, ғылыми тұрғыда саралау.
−Қазақ әдебиетін кезеңге бөліп сөз ету қалыптасқан жағдай болса, әдебиеттану ғылымын да солай зерттеп бағасын беру көзделген.
−Әдебиеттанудың жаңа бағыттары заман барысындағы тарихи-әлеуметтік жағдаймен сабақтастыра зерттеп бағалау негізгі нысана болып табылады.
Курстың міндеттері:
−Әдебиеттанудың жаңа бағыттары бірнеше кезеңге бөліп бағасы беріледі. Мұндайда мынадай міндеттер бар:
−Ежелгі дәуірдегі әдебиеттің зерттелінуі
− Хандық дәуірдегі әдебиеттің зерттелінуі
−ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиеттің зерттелінуі
−ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің зерттелінуі
−Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің зерттелінуі. Әрі қарай кезең-кезеңмен қазақ әдебиеті қалай зерттелгені айқындалады.
Білімі:
Қазақ әдебиеттану ғылымы төл әдебиетіміздің туып, қалыптасып, дамып, қандай биікке көтерілгенін көрсетеді және әдебиеттің барлық түрі мен жанрының қай кезде қалай қалыптасқанын жеке-жек алып, шынайы бағасын береді, сонымен бірге жетістігі мен олқы тұстарын да саралап, назарға ұсынады. Қазақ әдебиеттану ғылымы болмаса төл әдебиетіміздің өсіп, өркендеуі, әлемге танылуы, аса құнды жетістіктері байқалмас еді.
Қазақ әдебиеттану ғылымының түп-төркіні тым алыста жатыр, оның алғашқы көріністерін қазақ әдебиетінің архетиптерінен, халық ауыз әдебиетінен молынан табуға негіз бар. Одан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымының сүбелі тұстары көрші шетел әдебиетінен де көптеп кездеседі. Тек соларды әлі де жинастырып, іздестіріп, зерттеп, бір жүйеге түсіру қажет-ақ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының толысып, өрістеуіне өзімізден шыққан зиялы тұлғалар, әдебиет пен өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, осы саланың белгілі зерттеушілері қомақты үлестер қосты. Қазақ әдебиеттану ғылымы әдебиетіміздің барлық салаларының басын біріктіріп, шынайы бағасын беретін ғылыми орта.
Білігі:
Әдебиеттану ғылымы аса маңызды саланың бірі. Атап көрсетсек, қазақ әдебиеттану ғылымы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр. Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет қазақ әдебиеттану ғылымының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық ғылыми мәселеклері арнайы зерттеуді талап етеді. Сондықтан әдебиеттің басқа жанрларының ішкі түрі, нақыштары тарамдала зерттеліп жатқан уақытта сол игі істі жүзеге асырып отырған әдебиеттану саласының өзі тасада қалып қоюы орынсыз болар еді. Оның да басқа жанрлар сияқты өзіне тән творчестволық, ғылыми проблемалары, тарихы бар.
Бұл бағытта есте сақтайтын жәйттер бар. Кейбір жағдайда, әдебиет саласындағылар әдеби сын мен әдеби зерттеушілерді ажырата алмай жатады. Мәселен, зерттеуші ғалымдарды сыншылар қатарына жатқызады, соған орай бұл мәселелердің ара жігін ғылыми негізде ажыратып, жұртшылықты қанықтырған пайдалы.
Құзіреттері:
Әдебиеттану ғылымының құзіреттілігін жете ұғынып, пайымдап, бағалай білу керек. Профессор Т. Кәкішевтің «Әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-13-937 жылдардың арасын қамтиды» деген байламына келісуге бола қоймайды. Себебі, көне түркі жазба мұралары бізге ортақ мұра болып саналса, сол рухани дүниелер жайлы ой-пікірлер, зерттеу мақалалар ерте кезеңде-ақ пайда болған жоқ па? Ең бастысы, түркі зерттеу ғылымының басында тұрған, әдеби зерттеу, жинау саласында құнды еңбектер жазған ғұлама М. Қашқари кітаптарын қайда жасырамыз?
Соған сәйкес, әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасу дәуірін келте қайыру іздену, зерттеу жасаудың кемшілігін танытады. Қажет десе, жасалған рухани мұраларды, көркем шығармаларды жинастырып, топтап, саралап халыққа ұсынатын, яғни әдеби көркем шығармалармен әуелі таныстыратын әдебиеттану ғылымы.
Курс пререквизиттері:
1. Кеңес дәуіріне дейінгі әдебиеттану ғылымы
2. Абайтану ғылымының туып, қалыптасуы
3. Егемендік алғанға дейінгі әдебиеттану ғылымы
Постреквизиттер:
1. Кеңес дәуіріндегі партияның ХХ съезіне дейінгі әдебиеттану ғылымые дейінгі
әдебиеттану ғылымы
2. Кеңес дәуіріндегі партияның ХХ съезінен кейінгі әдебиеттану ғылымы
3. Егемендік алғаннан кейінгі әдебиеттану ғылымы
2. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
3. Лекцияның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Кредит,
сағат саны
Әдебиеттер
(әдебиет №,
реті. Тарауы
беті
1. Кіріспе. Әдебиеттанудың жаңа бағыттары жайлы жалпы шолу.
2. Егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиеттанудағы жаңа бағыттар.
3. Қазақ әдебиеттанудағы жаңаша бастамалар
4. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы мен ХХІ ғасырдың алғашқы онжыдығындағы әдебиеттанудағы атқарылған жұмыстар
1. Ислам дәуіріне дейінгі әдебиет
2. Көне түркі руна жазба поэзиясының зерттелуі
3. Қазақ әдебиеттану ғылымына негіз қалаған Ресей ғалымдарының еңбектері
1. Ислам дәуірінен кейінгі әдебиеттің зерттелуі
2. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген «Түркістан уәлаяты газеті» мен «Дала уәлаяты газетінің» әдебиеттану ғылымының қалыптасуына ықпалы.
3. «Түркістан уәлаяты газеті» қазақ әдебиеттану ғылымының мәдениетіне серпіліс туғызды.
6, 7, 8, 19, 27,
28
1. «Дала уәлаяты газеті» жайлы зерттеу жасаған ғалымджардың еңбектерінің мәні.
2. Профессор Қ. Бекхожин «Дала уәлаяты газетін» зерттеуші.
3. Ү. Сүбаханбердина «Дала уәлаяты газетіндегі» әдеби нұсқаларды жинап жария еткен ғалым.
1. Әдебиеттану ғылымын дамытуда Ы. Алтынсарин, М. Ж. Көпейұлының қосқан үлесі.
2. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» ғылыми жүйемен жасаған тұлға.
3. М. Ж. Көпейұлының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі.
1. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің әдебиеттану ғылымын дамытудағы қосқан үлесі.
2. «Айқап» журналында жарияланған әдеби зерттеу еңбектер.
3. «Қазақ» газетінде жарияланған әдеби мақалалар.
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттану ғылымы.
2. Осы тұста әдеби зерттеу жұмысымен айналыса бастаған зиялы тұлғалар.
3. ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсынұлының баспасөзде жариялаған зеттеу еңбектері.
1. ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ романдарының сипаты.
2. М. Дулатовтың осы тұста жазған әдеби мақалалары.
3. А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатовтың осы тұста шығарған оқулық кітаптарының мәні.
1. Абайтану ілімінің негізінің қалануы.
2. Абайтану ілімін қалыптастырудағы М. Әуезов еңбегінің құндылығы.
3. Абайтану ілімі жайлы Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайыпов еңбектері.
1. Абай шығармаларын зерттеудегі соны жетістіктер.
2. Абайтану ғылымын кезеңдерге бөлу.
3. Абай шығармаларын жинап, құрастыруда Кәкітай Ысқақұлының еңбегі.
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің құрылымы, білім беру жолдары, кітап шығару мәселесі.
2. Діни-ағартушылық бағыттағы ақындар шығарған кітаптар.
3. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жариялаған кітаптар, зерттеу мақалалар.
1. Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері.
2. Сюжеттік поэмалар, прозаның дамуы.
3. Әдеби сын, зерттеу еңбектер жайлы талас пікірлер.
1. 1941-1945 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің зерттелінуі.
2. Соғыс кезінде шағын жанрлардың алға шығуы.
3. Соғыс кезіндегі проза, поэзия, драматургияның зерттелінуі.
34, 35, 37, 38,
42
1. 1946-1960 жылдардағы әдебиеттің зерттелінуі.
2. Тың игеруге бір топ ақындардың қалам тартуы, сол шығармалар жайлы зерттеу.
1. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық. Түр мен жанрдағы ізденістер. Осы тұста көрінген қаламгерлер шығармаларындағы ерекшелік, жылымық кезең сипаты. Осы тұстағы әдебиеттану ғылымы.
2. Егемендіктен кейін туған романдардың көркемдігі, сол жайлы зеттеген ғалымдар.
33, 34, 35, 36,
37, 38, 43
4. Практикалық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Кредит,
сағат
саны
Әдебиеттер
(әдебиет №,
беті, тарауы
1. Кіріспе. Әдебиеттанудың жаңа бағыттарының өзіндік ерекшелігі.
2. Егемендік алғаннан кейінгі әдебиеттанудағы жаңа серпілістер.
3. Әдебиеттанудың жаңа бағыттарындағы тың жетістіктер.
4. Әдебиеттанудың жаңа бағыттарындағы тың ұсыныстар, жетістіктер, іркілістер.
1. Әдебиеттану ғылымының арғы арналары жаңа бағыттадың негізгі тірегі.
2. Әдебиеттану ғылымының салалары, айырмашылығы. ХІХ ғасыр соңында жарық көрген газеттердің әдеби-зерттеу жұмыстарына ықпалы.
1. «Дала уәлаяты газетін» зерттеген Қ. Бекхожин еңбектерінің мәні.
2. Бұл газеттің негізгі мақсаты, міндеті, кезеңі, атқарған қызметі.
1. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалауға үлес қосқан Ресей ғалымдары
2. ХІХ ғасырдағы Ш. Уәлиханов жинаған қазақ халық ауыз әдебиеті, оның жариялаған мақалалары
1. М. Қашқаридің әдебиет жайлы еңбектерінің тақырыбы, дәуірі.
2. М. Қашқаридің әдебиет жайлы жинаған еңбектерінің түрі, жанры.
1. Әдебиеттану ғылымына Ы. Алтынсариннің қосқан үлесі.
2. «Қазақ хрестоматиясы» кітабына енген әдеби шығармалар жанры.
1. «Дала уәлаяты газеті» қазақ хһалқының мәдениетін, әдебиетін дамытушы.
2. Ү. Сүбханбердина «Дала уәлаяты газетін» зерттеген ғалым.
1. А. Құнанбайұлының газетте жарияланған өлеңдері (ХІХ-ХХғ. !, сол жайлы зерттеу, пікірлер.
2. М. Ж. Көпейұлының әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі.
1. «Айқап» және «Қазақ» басылымдарының дәуірі, маңызы.
2. «Айқап» журналында жарияланған ғылыми, сын мақалалар сипаты.
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сыны.
2. ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсынұлының зерттеу еңбектері.
1ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму сипаты, кітап шығару мәселесі.
2. ХХ ғасыр басындағы демократ-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылардың шығарған кітаптарына зерттеу.
1. Сюжетті поэмалардың туып, қалыптасуы, ерекшелігі, зерттеген ғалымдар.
2. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің зерттеліну сипаты.
1. 1941-1945 жылдардағы поэзияның зерттелуі, әдебиеттану саласының ілгерілеуі, Ресей ғалымдарының еңбектері.
2. Осы тұстағы әдебиетті зерттеген ғалымдар еңбегі.
1. С. Мұқановтың зерттеу еңбектерінің маңызы.
2. Б. Кенжебаевтың зерттеу еңбектері
1. 1960-1990 жылдардағы әдебиеттану ғылымына үлес қосқан ғалымдар.
2. Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазиндердің зерттеу еңбектері.
5. Лабораториялық сабақтың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Оқу жоспарында лабораториялық сағат қарастырылмаған.
6. Магистранттардың өзіндік жұмыс (МӨЖ) тақырыптары
Тапсырманы
орындау
формасы(реферат,
баяндама, ғылыми
талдау, эссе, құрал
жасау т. б. )
Тапсырманы қабылдау
мерзімі
Тапсырманы
қабылдау
орны(каб.
№, уақыты
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Әдебиет халықтығы, ұлттық
сипаты
Сәрсенбі
2 сағат
Көркем шығарманың
композициясы мен сюжеті
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Дәстүр және жаңашылдық
мәселесі
Сәрсенбі
2 сағат
Өлең құрылысы, шумақ
пен тармақ
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
Сәрсенбі
2 сағат
7. Оқулықтар мен WEВ сайттар тізімі
Негізгі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz