Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны

Жоспары:
1. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың
ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне
сүйене отырып, оны халқымыздың Көркем тарихы , Өмір оқулығы
дәрежесінде оқып – үйрету.
2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып,
адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту
әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.
3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану,
эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын
пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми
пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті
оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы
болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне
сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие
мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену
негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз
шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара
байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін
және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын
көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы
заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке
әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай
жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы
сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет
етенін үнемі жаңалық табатын өнер, -деп бағалайды.
Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі
білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің
мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының
өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым
өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан Тіл жұмсар атты
әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын білімнің ұзақ жолы үшін балаға жұмысты
әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру, -
деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің
де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын
анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер
А.Байтұрсынұлының Баяншы, Әлиф-ба астары сияқты жекеленген әдістемелік
еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған
істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен
таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш
мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің Бастауыш
мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда
М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр
жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін
жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова Әдістеме дегеніміз- уақытты
үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі
және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру
шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала
ұйымдастыру,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы
құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: Қай пән бойынша болмасын
барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және
әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай
деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі
әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен
тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін
таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен
оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз
өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында
белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім,
адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын
қалыптастыру заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін,
ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын
қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру
негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау
мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет
пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер
туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен
әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға
үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-
ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен,
біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті
сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік
тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма
идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік
ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды
ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына
қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз.
Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай
әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі
де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге
негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық
әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге
жоғары талаптар да қояды. Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын
ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың
ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда
мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық,
өнерпаздық орын алуға тиіс,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының
ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер
табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына
терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай
жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі
мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой
дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін
қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім
салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл
мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ
бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық
негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын
ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік
тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке
әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің
даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа
технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру
болып табылады.
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ (Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 2-4
сыныптар
І. ТҮСІНІК ХАТ
1. Әдебиеттік оқу пәнінің нысаны. Әдебиеттік оқу пәні бастауыш
білім берудің маңызды компоненті ретінде Тіл мен әдебиет білім беру
саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар
әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл
пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу
дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны
ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға,
адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Жоғарғы сыныптардағы Әдебиетті оқудың жүйелі курсына дайындайтын
әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің
образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне
жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік
оқу курсының әдіснамалық негізі.
2. Әдебиеттік оқу курсының пәні. Бастауыш білім беру деңгейі
оқушысының бойында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың
адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту
жолдары. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі
(оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.)
құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін
қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін жеткізе алу, мәтіндегі
оқиғаға өз көзқарасын білдіру, соған сай мақал-мәтел айта алу немесе мақал-
мәтелдің мағынасын ашатындай оқиға ойластыру т.б.) қалыптасады. Әдебиеттік
оқу пәні бағдарламасы ҚР МЖБС (Астана, 2008) талаптарына сәйкес жасалды.
3. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты. Оқушылардың дұрыс, түсініп,
мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың
көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде
тәрбиелеу.
4. Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері. Әдебиетттік оқу пәні бойынша
төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
• оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;
• ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар
әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
• ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші
тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;
• талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;
• әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
• адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін
қалыптастыру;
• оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби
шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді
сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге
киносценарий жазу т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;
• кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен
жұмыс істей білуге дағдыландыру.
5. Әдебиеттік оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық
негіздерінің басты ұстанымдарына стандартта аталған базалық құзырет,
түйінді құзырет, пәндік құзырет алынады. Осы айтылғандардан басқа
Әдебиеттік оқу оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным
басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың,
С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының,
Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің
т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта
қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі
жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.
Оқу материалдары 2-4 сыныптардың барлығында бірдей қайталанатын
тақырыптар түрінде беріледі. Олар маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша
жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып,
жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға
арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар
таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік
касиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар
оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл,
тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым – қатынасын
байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту
арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық
мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.
Әдебиеттік оқу пәнінің 2-деңгейінде оқушыны жоғарғы сыныптардағы
Әдебиеттің жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз
өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің
материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы
ұсынылады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы,
оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б.
дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.
6. Әдебиеттік оқу пәнінің мазмұндық желілері. Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім стандарты негізгі қағидаларының 3 тармағына, бастауыш білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 7 тармағына сәйкес
Әдебиеттік оқу пәнінің оқу материалдары өзара логикалық байланысты
негізгі білімдік желілерден тұрады:
• тілдік деректер, заңдар мен ережелерді 2-4 сынып оқушылары ұсынылып
отырған бағдарламаға сәйкес оқуы қажет;
• сөйлеу қызметі және оның түрлері оқу қызметі мен күнделікті өмірдегі
әртүрлі жағдаяттардағы айтылым мен жазылымды игеруде байқалады;
• тілдің әлеуметтік-мәдени қызметі әдебиеттік оқу пәнін оқыту
үдерісінде тұлғаны әлеуметтендірудің құралы ретінде жүзеге асырылады;
• көркем әдебиет – тілдің жоғарғы көрсеткіші оқушылардың тілдің
көркемдігін түсінуі мен бағалай білуінен көрінеді.
Мұның барлығы Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұнында көрініс
тапқан.
7. Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқу жүктемесі
ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту
қазақ тілінде жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары.
Бастауыш білім беру) әдебиеттік оқу пәні 2-3-сыныптарда бірінші жарты
жылдықта аптасына 4 сағаттан, екінші жарты жылдықта аптасына 3 сағаттан, 4-
сыныпта аптасына – 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
2-сыныпта – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы -112
сағат;
3-сыныпта – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы - 112
сағат;
4–сыныпта – аптасына 3 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы - 96
сағат.
Бастауыш білім беру деңгейінде барлығы – 320 сағат.
8. Әдебиеттік оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі. Әдебиеттік
оқу пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пәні бойынша білімін көтеруге,
танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек
білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен:
2-сыныпқа: Ертегілер еліне саяхат;
3-сыныпқа: Ұлттық шешендік өнер, Сөздер сөйлейді;
4-сыныпқа: Фантастикалық әлем, Өлең - сөздің патшасы, т.б.
ІІ. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕКІ ЦИКЛІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА АРНАЛҒАН
БІЛІМ БЕРУДЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Оқу пәні бойынша білім берудің күтілетін нәтижелері бастауыш білім
берудің деңгейлері бойынша оқудың 2 циклына сәйкес белгіленген білім беру
мақсаттарына сай құрылған.
Бастауыш білім берудің әр циклы білім алушылардың белгіленген деңгей
бойынша оқу жетістіктерін оқу процесінде ұйымдастыруға бағытталған:
Оқу жетістіктерінің І деңгейі – 1-2-сыныптардан кейін;
Оқу жетістіктерінің ІІ деңгейі – 3-4-сыныптардан кейін.
Оқушылардың барлық білім салаларында екі деңгей бойынша оқу
жетістіктері ҚР МЖБС (Астана, 2008) түйінді құзіреттерге: ақпараттық,
коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзіреттеріне сәйкес
белгіленген.
Оқу жетістігінің бірінші деңгейі бойынша (1,2-сыныптардан кейін)
оқушылар мыналарды біледі:
• Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері
туралы қарапайым түсінігі бар: мәтіндегі негізгі ойды анықтай
алады; оқылған шығармадағы негізгі ойдың басталуын, жалғасуын және
аяқталуын таба алады;
• Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын
көлемдегі мәтіндердің түрлерін жағдайға сәйкес пайдаланады:
мәтіндегі оқиға желісі туралы практикалық түсінігі болады;
• Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім
әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: өз ойын ауызша
және жазбаша білдіруге тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге
қажетті сөздік қорды игереді.
• Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде ана
тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: мұғалім әңгімесін,
қатарластарының сөзін, пікірін түсінеді және бағалай алады;
балаларға арналған радио, телехабарлардағы айтылған мәселелерді
ұғады.
• Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу
дағдыларын қолданады: мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап
береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі және хабарлы сипатта
шағын мәтіндер құрастырады.
• Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың
қарапайым тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаның
аяқталмағандығын, жалғастыруға болатындығын түсінеді; мәтіндегі
белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады;
• Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін
сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: шығарма
кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасы тұрғысында баға береді;
екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра біледі.
• Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу
дағдыларын пайдаланады: танысу, құттықтау, алғыс айту, сәлемдесу
сияқты қарапайым этикеттік диалогтарға қатысады; мәтін
кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жаза алады.
Оқытудың II циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4-сынып):

туралы қарапайым түсінігі бар: мысалдағы аллегорияны түсінеді;
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алады; шығармадағы оқиғаның ел
басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын түсінеді;

көлемдегі мәтіндердің жағдайға сәйкес пайдаланады: қажетті ақпарат
табылған тілдік материал және мазмұнына сай мәтінді саналы түрде
оқиды (жылдамдық есебінсіз); қосымша ақпарат көздерін (түсіндірме
сөздіктерді, балаларға арналған энциклопедияларды, кітаптар мен
сайттарды т.б.) өз беттерінше пайдалана алады;

әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқыған
шығармалар негізінде хабарландыру мәтінін, нұсқаулар мен жаднама (8-
10 сөйлемнен тұратын) құрастыра алады; ғылыми-танымдық және
публицистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметтерді таба алады
және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп,
жүйелейді;

тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: оқылған мәтінге
жоспар құрады; мәтін бойынша өздері сұрақтар қоя алады; мәтінді
тапсырмаға сәйкес теріп оқи алады; мәтінді талқылау кезінде автор
сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

дағдыларын қолданады: табиғат құбылыстарын суреттеуге және өмірлік
жағдаяттарға қажетті сөздік қорды игереді; мәтіннен түсініксіз
сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысады. 300-350 сөзден
тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап,
әңгімелей алады.

қарапайым тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаны өз бетінше
әрі қарай жалғастыра алады; мәтіндегі белгілі мен белгісіз
жағдаяттарды ажырата алады; оқылған шығарманың тақырыбы мен идеясын
түсінеді;

сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: көркем шығармада
суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының
нақты өмірмен байланысын көрсете алады; таныс мәтіндегі оқиғаға,
оқиға кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіре алады;

дағдыларын пайдаланады: оқуда және күнделікті қарым-қатынаста
тілдік этикет нормаларын (сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту) игереді;
ата-анасына, жақындарына, ұстазына, достарына алғыс хат жаза алады.
таныс мәтіндегі (монологты) кейіпкерлер арасында 7-8 сөйлемнен
тұратын диалог құра алады;
III. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
3.1. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық мазмұн
бөліктеріне сипаттама
Пәннің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптарда қамтылады:
1. Кел, балалар, оқылық!
Оқу - балалар үшін басты еңбек. Оқудың пайдасы. Мектептегі оқудың
басталу кезеңі- күз мезгілі. Күзгі табиғат сипаттары, еңбек түрлері.
Мектептегі өмір. Ұстаздар мен құрбылар арасындағы қарым-қатынас.
Қазақстандағы алғашқы оқу мен бүгінгі өмір. Бәріне білім керектігін
үндейтін өлеңдер мен әңгімелер. Ғылым мен техника жаңалықтары сөз болатын
ғылыми-танымдық шығармалар.
2. Ыстық қой, шіркін, туған жер!
Тәуелсіз Қазақстан- біздің Отанымыз. Тәуелсіз Қазақстанның жас
ұландары. Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Елді, жерді сүю, туған жер
байлықтарын ысырап етпеу-ұрпаққа аманат. Туған жер суреттері. Пейзаждық
сурет пен мазмұнның идеялық бірлігі. Тілге құрмет- елге құрмет.Тілі
ойнақы, түсінікті, айқын, әсерлі, әрі қысқа азаматтық лирика.
3. Ерте, ерте, ертеде...
Ертегілер- халық даналығының ғажайып туындысы. Ертегілердегі халық
қилы, арманы, даналығы.Ертегілер – балаларды қиялдауға, жақсылықтан
үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрететін танымдық, тәрбиелік мәні күшті
құрал.
Аңыздардың ертегілерден айырмашылығы. Халық үшін қызмет еткен, тарихта
болған адамдардардың ел намысын қорғаған әр алуан істері. Балалар
түсінігіне жақын, аңыздардағы күлкі туғызатын қызықты оқиғалар.
Шешендік сөздер – замана ағымына қарай ұсынылатын мораль, этика,
ұлттық педагогика мұраттарынан туындаған халықтық ой-толғамдар, қанатты
сөздер, өсиеттер, тілек баталар,нақылдар.
Батырлар жырындағы батырдың жаудан өз елін қорғауы, ерлік жорықтары.
Халық шығармаларының жазылу стиліндегі ерекшеліктер, балаларды
таапқырлыққа баулудағы ролі.
4. Шынықсын денеміз
Салауатты өмір салты. Тазалық – денсаулық кепілі. Спорттық қысқы
балалар ойыны, қызыққа толы іс-әрекеттері. Қысқы табиғат сипаттары.
Балалардың үлкендер еңбегіне қатысуы,еңбекті бағалауы. Қысқы мейрамдар.
5. Ата жолы – үлгі маған
Балаларға арналған шығармалардағы ел басынан өткен тарихи кезеңдердің
суреттелуі. Тарихи тұлғалардың тағылым аларлық істері. Отаншылдыққа
тәрбиелеу. Ұлы адамдары бар өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын
шығармалар.
6. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі
Үлкенді, ата-ананы сыйлау- ұлттық дәстүр. Достық, жолдастық тақырыбы.
Сөз құдіреті арқылы баланың азаматтық, адамгершілік келбетінінің
қалыптасуына әсер ету. Эстетикалық-педагогикалық мәні жоғары, балалардың
мінез-құлықтары, іс-әрекеттері суреттелген шығармалар (өлеңдер, әңгімелер,
мысалдар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер т.б.).
7.Табиғат – менің өз үйім
Табиғат – адам – қоғам арақатынасы. Табиғат әлемі суреттелген
шығармалардағы көркем ой – экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау
мәселесі. Табиғаттың тылсым сырлары, құпиялары. Табиғат апаттарынан
қорғану. Жазғытұрғы жайдарлы табиғат суреттері арқылы балаларды әсемдікті,
сұлулықты көре білуге, бағалауға үйрету.
8. Біздің тілегіміз – достық
Балалар әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбы. 9 мамыр – Жеңіс
күні. Соғыс және бейбітшілік. Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт тынысы: көп
ұлтты республикадағы ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас. Бүкіл әлем
балаларының тілегі – достық.
Әдебиет теориясынан оқытудың бірінші циклында халық ауыз әдебиеті
жанрлары жөнінде, өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы,
мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері,
мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат беріледі.
Оқытудың екінші циклында әдебиет теориясынан алдыңғы сыныптарда өткен
халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, наным-сенім
өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, батырлар
жыры, айтыс, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты
белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті
туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың
анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог, пейзаж туралы
балалардың түсініктеріне сай анықтамалар беріледі.
3.2. Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық
мазмұнын бөлу
2-СЫНЫП
Барлығы – 112 сағат
Кіріспе сабақ. Әдебиеттік оқу пәні туралы түсінік беру. Сынып
бойынша пәнді оқытудың мақсат, міндеттерімен таныстыру – 1 сағат.
І. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! – 16 сағат.
Ахмет Байтұрсынов. Мен қалай оқуға бардым? әңгімесі. Оқуға құштарлық
туралы. Әңгіменің негізгі ойы. Әңгіме туралы ұғым. Жазушы туралы түсінік. –
1 сағ.
Өтебай Қанахин Ақ бидай ертегісі. Ертегі арқылы оқушыларды
нанады қадірлеуге тәрбиелеу. – 2 сағат.
Спандияр Көбеевтің Орындалған арман мемуарлық шығармасынан
үзінді. Оқушыларға еліміз тарихындағы алғашқы оқу туралы әңгімелей отырып,
автордың өмірін үлгі ету. Мемуарлық шығарма туралы практикалық түсінік
беру. – 1 сағат.
Өтірік өлеңдер: Жүк артып инелікке ерте көштім, Тазша бала
өлеңдерінің танымдық, ойнақылық мәні. Ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа баулуы.
Ақыл-ойды тәрбиелеудегі маңызы. – 2 сағ.
Мысалдар: А.Тоқмағамбетов Бидай мен қаңбақ. Мысалдың негізгі
ойы – мақтаншақтық, өркөкіректік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға
шақыру, т.б. мысалдар. – 2 сағ.
ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ – 5 сағат. Төмендегі өлеңдерден таңдау бойынша
сұрыпталады:
Ыбырай Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық! өлеңі. Ақынның оқу-
білімді насихаттауы. Өлеңнің негізгі ойы. Өлең туралы ұғым. Ақын туралы
түсінік.
Iлияс Жансүгіров. Күн шыққанда өлеңі. Өлеңнің оқу-білімді үңдеуі.
Абай Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба өлеңі. Өлеңнің өнер-
білімге арналуы. Нақыл-өсиеттік ерекшелігі. Шығарманың тәрбиелік мәні.
Ө.Тұрманжанов Нан қоқымын шашпаңдар шығармаларының күз мезгілімен
байланысы, еңбекті сүю, нанды қадірлеу тақырыбы.– 3 сағ.
Несіпбек Айтов. Мектеп, Оқулық өлеңдері. Өлеңнің мектеп өміріне
арналуы. Негізгі ойы, танымдық, тәрбиелік мәні.
Жеңіс Қашқынов. Ұнатам күзді мен өлеңі. Күзгі табиғат суреттері. Күз
байлығы туралы. Ақын сезімінің көрінісі. Өлеңнің танымдық мәні.
Қ.Сатыбалдин. Алтын күз өлеңі. Өлеңнің күз мезгіліне арналуы.
Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.
Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.
Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.
ІІ. ЫСТЫҚ ҚОЙ, ШІРКІН, ТУҒАН ЖЕР! – 16 сағат.
Жүсіпбек Аймауытов Қартқожаның туған жері. Жазушының
Қартқожа романынан келтірілген үзіндіні оқыту арқылы оқушыларды туған
жерін сүюге баулу. – 1 сағат.
Н.Ғабдуллин Алтын бесік. Мәтіннің негізгі ойы Туған жерге туың тік
деген нақыл сөзге құрылғанына назар аудару. Мәтіндегі жазушы тілін
пайдаланып, оқушыларға өз туған өлкесі туралы әңгіме айтқызу – 1 сағ.
Шешендік сөздер: Қазыбек бидің Не қымбат? және Төле би, Әйтеке бидің
тәрбиелік тағылымы мол тапқыр сөздері. – 2 сағ.
Арнау-тілек өлеңдері: Сауысқан, Бақа, Бұлтқа, Ауылың қайда?
сұрамақтардың және Қарға арнау-тілек өлеңдерінің бала түсінігіне,
сезіміне сай, жеңіл құрылатындығы. Өлеңдердің көңіл көтеру, әзіл-қалжың,
ойын мақсатында жырлануы. Баланың айнала қоршаған ортаға, табиғат
құбылыстарына, жан-жануарға көзқарасын білдіруі.– 1 сағ.
ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ – 9 сағат. Төмендегі өлеңдерден таңдау бойынша
сұрыпталады:
Мұқағали Мақатаев. Отан туралы Отан сүйгіштікке тәрбиелеуі. Ақынның
суреттеу тәсілі. – 2 сағ.
Ө.Тұрманжанов Туған өлкем өлеңі. Туған елге, Отан сүйгіштікке
тәрбиелеудегі мәні. – 1 сағ.
Ф. Оңғарсынова Білім керек бәріне. Байлықтың ең үлкені білім
екендігін ашу. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Осы тақырыптағы басқа
өлеңдермен салытыру – 1 сағ.
Мұзафар Әлімбаев Қазақстан байрағы өлеңі. Өлеңнің ел рәміздеріне
арналуы, танымдық, тәрбиелік мәні. – 1 сағ.
Қадыр Мырза Әли. Ана тілі өлеңі. Өлеңнің ана тілін сүюге арналуы.
Ақынның өсиет сөзі. Тілдің маңызы туралы. Танымдық, тәрбиелік мәні. – 1
сағ.
Күлаш Ахметова. Астана өлеңі. Еліміздің жаңа астанасын мадақтау,
ақынның мақтаныш, қуаныш сезімін білдіру.
Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.
Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.
Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.
ІІІ. ЕРТЕ,ЕРТЕ, ЕРТЕДЕ... – 16 сағат.
Ертегілер: Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан, Емші қасқыр, Қонжық
пен көжек, Құмырсқа мен көгершін, Аққу-қаздар т.б. хайуанаттар
жайындағы ертегілер. Ертегінің қиялға негізделуі. Ғажайып оқиғалардың орын
алуы. Ертегі кейіпкерлерінің ғажап іс-әрекеттері. Оқиға мазмұнының арманнан
туындауы. Ертегінің танымдық, тәрбиелік мәні.
Өлеңмен жазылған ертегілер: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? т.б.
Аңыздар: Қожанасыр мен Алдаркөсе, Үш сом т.б. аңыз әңгімелердің
халық тұлғаларының өміріне құрылуы. Аңыз кейіпкерлері – халық қамқоршылары.
Аңыздың құрылымдық ерекшелігі. Аңыз әңгімелердің тәлім-тәрбиелік маңызы.
Тарауды қайталау.Тіл дамыту – 1 сағат.
Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.
Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.
ІҮ. ШЫНЫҚСЫН ДЕНЕМІЗ – 16 сағат.
Міржақып Дулатов. Қыс әңгімесі. Жазушының қыс мезгілін жеткізу
ерекшелігі. Мәтіннің хабарлау түрінде жазылуы. Өткен өмір көрінісі. Мәтін
түрлері туралы ұғым – 1 сағ.
Сәбит Мұқанов. Боран әңгімесі. Қысқы боранның суреттелуі, әңгіменің
өткен өмірден алынғандығы, танымдық маңызы – 1 сағ.
Бердібек Соқпақбаев. Ақша қардың әлегі әңгімесі. Әңгіменің диалогтік
үлгіде құрылуы. Оқиға туралы үғым. Әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы – 1
сағ.
Т.Әбдірайымов. Боранды күні әңгімесі. Қысқы табиғатты суреттеуі.
Тәлім-тәрбиелік мәні – 1 сағ.
Құрманбай Толыбаев. Ненің тоны жылы әңгімесі. Әңгіменің оқиға
желісі. Кейіпкер туралы ұғым. Шығарманың құрылымдық ерекшелігі. Әңгіменің
танымдық маңызы – 1 сағ.
М.Жұмаханов Ләззат әңгімесі. Әңгіме мазмұнының ерлікке, батырлыққа
құрылуы, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.
Екі аяз ертегісі. Ертегінің мазмұндық ерекшелігі, әңгімеден
айырмаршылығы, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.
ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ – 6 сағат.
Қадыр Мырза Әли. Жұмыстың жылуы, Б.Ысқақов Қыста қызық жұмыс бар
өлеңдері. Өлеңдердің тәлім-тәрбиелік маңызы.
Ғали Орманов Аққала, С. Жиенбаев Бізбен бірге өлеңдері. Өлеңнің
баланың қысқы ойын-ермегіне арналуы. Салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі
мәні.
Т.Молдагалиев Қысқы орман, Н. Айтов Қаңтар, Е.Ерботин Тыста
өлеңдері. Өлеңдердегі қыс табиғатының суреттелу ерекшеліктері. Әсемдікке
тәрбиелеудің маңызы.
Бердібек Соқпақбаев Шынықсын денеміз өлеңі. Өлеңнің салауатты өмір
салтына бағытталуы, спортпен шұғылдануға тәрбиелеуі.
С.Бегалин Ақша қар өлеңі. Өлеңдегі қысқы табиғат суреттері.
Әсемдікті, сұлулықты тануға тәрбиелеудің мәні..
Шәміл Мұхамеджанов. Көңілді қыс өлеңі. Өлеңдердің қысқы ойын
түрлеріне арналуы. Ақынның суреттеу шеберлігі. Ақын сезімінің көрінісі.
Ескен Елубаев Қысқа түндер ұзарды, Шеген Ахметов Бұл қай кезде
болады? өлеңдері. Өлең мазмұнының танымдық маңызы. Өлең мен тақпақтың
ерекшеліктері. Әнуарбек Дүйсенбиев. Шырша жыры өлеңі, Несіпбек Айтов Аяз
ата өлеңінің мерекеге арналуы. Шаттық сезімнің көрінісі. Өлеңнің жаттауға
жеңілдігі. Достыққа тәрбиелеудегі мәні. Ө. Ақыпбекұлы Қыстың сыны, Ә.
Асылбеков Қыс өлеңдері. Табиғатты суреттеудегі тіл ерекшелігі, танымдық
мәні.
Қастек Баянбай Сең, Соңғы қар өлеңдері. Өлеңнің қыс мезгілінің
аяқталуына құрылуы, танымдық мәні.
Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.
Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.
Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.
Ү. АТА ЖОЛЫ – ҮЛГІ МАҒАН – 12 сағат.
Қали Сапарбаев Жас Фараби. Шығармалардың ұлы адамдар өміріне
арналғандығы, мәтіндік, тәрбиелік мәні – 1 сағ.
Мұхтар Әуезовтің Әбілмансұр әңгімесіндегі Абылайханның бейнесі – 1
сағ.
Тұрсын Жұртбай Қоңыр қозы, Бала Мұхтар мен Абай әңгімелері.
Әңгімелердің танымдық, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.
ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:
Тұманбай Молдағалиев Тоқтар батыр – 1 сағ.
Бүркіт Ысқақов Ұшты ракета аспанға өлеңдері. Отансүйгіштікке
тәрбиелеудегі ерекшелігі, танымдық маңызы – 1 сағ.
Аманхан Әлімов Қажымұқан өлеңі. Өлеңнің танымдық маңызы. Спортқа,
ептілікке, күштілікке тәрбиелеудегі мәні – 1 сағ.
Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.
Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.
Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.
ҮІ ӘДЕПТІЛІК, АР-ҰЯТ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ – 12 сағат.
Бесік жыры: Әлди, әлди, аппағым атты бесік жыры. Жырдың халықтың
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне бағытталуы. Жырдың сәбиге арналуы. Ана
әлдиіндегі арман-тілектің көрінісі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні – 1
сағ.
Жүсіпбек Аймауытов Қара торғай әңгімесі. Әңгіменің танымдық-
тәрбиелік мәні. Әңгіме туралы түсінік – 1 сағ.
Жәнібек Кәрбозин Ұя, т.б. көктем суреті, шығармалардың табиғатты
қорғауға, көркейтуге арналуы, тәрбиелік мәні. Әңгіменің негізгі ойы туралы
ұғым – 1 сағ.
Б.Момышұлы Ұяда не көрсең әңгімесі. Әңгіменің танымдық-тәрбиелік
мәні – 1 сағ.
Нұрқасым Қазыбеков. Наурыз көже әңгімесі. Шығарманың жаңа жыл
мерекесіне арналуы. Әңгіменің танымдық мәні. Әңгіменің басталуы туралы
түсіні . – 1 сағ.
Б.Соқпақбаев Балапан торғай әңгімесі. Әңгіменің танымдық-тәрбиелік
мәні – 1 сағ.
Д.Қасенов Өкініш әңгімесі. Адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы – 1
сағ.
ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ (таңдау бойынша):
Спандияр Көбеев Құстың ұясы, Жақан Смақов Торғай ағаш қорғайды
өлеңдері. Өлеңдердің танымдық мәні, суреттеу ерекшелігі – 1 сағ.
А.Бақтыгереева Ана сыйлаймыз, Ә. Ысқабаев Анам қандай жақсы адам
өлеңдері. Өлеңнің мерекеге арналуы – 1 сағ.
Шәймерден Әлдибеков. Көктем, Ш. Мұхамеджанов Шуақ өлеңдері. Көктем
белгілерінің суреттелуі. Өлең шумақтарының мазмұны – 1 сағ.
О.Асқар Құтты болсын, Наурыз! өлеңі. Өлеңнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz