Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Лекция тезистері.
№ 1. Әдебиеттік оқытудың тәрбиелік, дамытушылық мақсаты мен міндеттері
Жоспары:
1. Бастауыш мектепте Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің мақсаты мен
міндеттері.
2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
3. Әдіс туралы ұғым.

міндеттері
Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқу, білу не үшін керек? Себебі
Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің – Қазақ республикасының мемлекеттік
тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-
саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен,
қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен
сипатталады.
Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін бастауыш, орта мектептерде, жоғары
және арнаулы орындарда арнайы пән ретінде оқытылуда.
Бастауыш сыныптарда балалар Әдебиеттік оқу әдістемесі пәні
сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл
жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Сонымен, 5В010200 - мамандығы бойынша оқитын студенттерге бастауыш
сыныптарда Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқытудағы мақсат - бастауыш
сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету
және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын
бекітіп, сөйлей білуге төселдіру болып табылады.
Бастауыш мектепте оқытылатын грамматика, оқу, тіл дамыту
сабақатарының, бір жағынан білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні,
үшіншіден баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік
бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосады.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруден және
оларды дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа, алынады:
1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына
сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды
іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті;
2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі
дағдыландырады;
3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне
әсер етіп, совет адамына қажетті моралъдық қасиеттер, адамгершілік
мінез – құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.
2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді.
Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына,
ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты
қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын
мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды
тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша
тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және
орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс
меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады.
Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып,
ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе,
адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-
санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми
зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын
орны ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай
меңгеретінін, оны күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да, Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің
бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың
жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Оқу–тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе – мұғалімнің психологиялық
жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тіліг оқытуда мынадай психологиялық
ерекшеліәктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі
ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуі
тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай
психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың
әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан
неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл –
мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте
тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай –
сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер
шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы,
мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы келбет-
пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге, олардысыйлай
да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т.б. Мұғалімнің
сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып ұжымын тегіс
меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі тактілермен
дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардың
логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады.
‡шінші жағдай – сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің
материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында, дидактикалық заңды
принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар мен тәжірибе
жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты.
3. Әдіс туралы ұғым.
Әдіс – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда адамның ақыл-
ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Әдіс
мынадай түрлерге бөлінеді: 1-әдіс, 2-оқу әдісі, 3-мұлалімнің оқыту әдісі, 4-
оқушылардың білімді үйрену әдісі.
Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту,
оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың
өзара біліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Оқу – екі жақты процесс, оған бір жағынан – мұғалім, екніші жағынан –
оқушылар қатысады. Мұғалім оқу жұмысын ұйымдастырып, оған тікелей басшылық
етеді. Ол оқушыларға жаңа білімді түсіндіреді, танымдық қызметін
жандандырады, тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. Оқушы еңбегінің
қаншалықты тиімді болып отырғанын ескеріп, білімін бағалайды. Оқу
процесінің табысты болуында мұғалімнің теориялық дайындығы, методикалық
шеберлігі, педагогикалық әдептілігі шешуші роль атқарады.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп - оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой
процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал, оқушылардың
үйрену методы дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру
тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рольді мұғалім атқарады.
Сол себепті мұғалімнен білімділік және методикаға төселген шеберлік талап
теіледі. Ал, оқушылар болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу
дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты
белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық
мақсаттарға жете алады.
Оқыту әдісінің негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
методологиялық негізі дүниетаным теориясы болып табылады.
Оқыту әдісінің педагогикалық және психологиялық негіздері де бар.
Біріншіден, оқыту әдісіоқудың мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді. Оның
өзі оқушыларды тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды.
Екіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі дидактика принциптерін өз
табиғатына лайықтап қолданады. Мәселен, теория мен практиканың
байланыстылық принципі қазақ тілін оқытуда кеңінен орын алады.
Үшіншіден, бастауыш сыныптарда Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту
әдісі психология ғылымына сүйенеді, оның жаңалықтарын негізге алады. Осыған
орай балалардың абстракциялы ойлау қызметінің даму деңгейіне сәйкестіріліп,
грамматикалық, абстракция элементтері енгізіліп келеді. Бұл ретте оқыту
методы оқушылардың жас ерекшелігіне, ақыл-ой дамуына, қабілеті мен
талғамына сәйкес қолданылады.
Төртіншіден, Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту әдісі оқу
мазмұнына шарттас құралыдаы. Оқу мазмұнының өзгеруіне байланысты оқыту
әдісі де өзгеріп отырады. Мысалы, сынып сайын оқу материалының бірте-бірте
күрделене түсетіндігіне сәйкес оқыту әдісі де оқушылардың бақылау, ойлау
қабілетін дамыта түсетін өздік жұмыс әдістеріне көбірек орын беріледі.
Бесіншіден, Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту әдісі тіл білімі
ғылымының зерттеу әдістеріне тығыз байланысты әрі біршама оған бағынышты
келеді. Бірақ ғылыми-зерттеу әдістері мен оқыту әдісі бірдей емес. Оқыту
негізінде, ғылымда анық танылған білімді баяндау, түсіндіру логикасын
көрсетеді, оқушылар ондай білімді ұғынып меңгереді. Дегенмен оқыту әдісі
зерттеу жолын да қолданады.
Оқыту әдісінің жалпы түрлері. Мектептегі оқыту жұмысының алдына
қойылатын түпкі мақсат – тәрбиемен қатар саналы білім, берік практикалық
дағды беру және оларға білімді өздігінен меңгеру жолын, сол білімді
практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқыту
тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына
себін тигізетін тиімді әдістерді қолдану жолымен жүзеге асады. Осыған
байланысты бастауыш сыныптарда Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту
ісінде өзін практикада ақтаған – жинақтау, индукция-дедукция, бақылау және
эврикалық әдістер пайдаланылып келеді. Мұғалім сабақта белгілі бір әдіске
жетекшелік рөл бергенімен, оны мыңда бір дауа әдіске айналдырып алмауды
ойластырады. Демек, бір сабақта бірнеше әдістің элементін ендіріп, оқу
жүйесін тиімді, тартымды ұйымдастыру тәсілін іздестіреді.
Талдау-жинақтау – оқытудың жалпы әдісі. Ал оның жеке бөліктері –
салыстыру, таптау, саралау, абстракциялау, тұжырымдау, нақтылау, жүйелеу.
Талдау (анализ) әдісі Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінің табиғатына лайық
келеді.
Оқыту әдісінің индукция және дедукция түрлері оқу материалдарын өту
кезіндегі оқушының ойлау жолдарына қарай қолданылады. Индукция – жеке
оқиғадан, нақты заттардан жалпы ережеге келетін ойлау формасы.
Дедукция – әдісін қолданғанда, жалпы ұғым анықтама заңдылықтарды
танудан жеке ережеге келетін ойлау қызметі орын алады. Бастауыш сынып
оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне қарай жаңа материал көбіне и н
ду к ц и я әдісімен түсіндіріледі.
Эврикалық немесе сұрақ-жауап әдісі. Дидактиктер бұл әдістің өзін үш
түрге бөліп қарастырады. Олар: проблемалық әдіс, ізденісті немесе ішінара
ізденісті әдіс және зерттеу әдісі.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда тіл дамыту әдісі кеңінен
қолданылады. Бұл әдіс оқушыларға ана тілінің сөздік қорын, сөз құрамын,
орфоэпиялық, орфографиялық ерекшеліктерін меңгертуді мақсат етіп қояды.
Сонымен бірге баланы дұрыс сөйлеуге, жазуға, өз ойын айтып беруге үйрету
жолын қарастырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Бастауыш сыныптарда Әдебиеттік оқу әдістемесі пәні не үшін оқытылады.
2. Бастауыш сыныптарға арналған Қазақ тілі, және Ана тілі оқулықтарымен
танысыңыздар.
3. Әдіс ұғымына анықтама беріп, оның әр түрін сипаттаңыз.
4. Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту әдістемелік, лингвистикалық
негізі дегенді қалай түсінесіз?
№ 2. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері
Жоспары:
1. Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін бастауыш мектепте оқыту әдістері.
2. Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-
әдістемелік топтама.

Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама
бойынша оқулықтар жасалады. Ал бұл материалдар оқушыларға қалай үйретіледі?
Белгелі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды
оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен
мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету
тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістерінің дидактикалық жүйесі оқыту жолдарының жалпы
заңдылықтарын көрсетеді.
Оқыту әдістерін зерттеуші ғалымдар, жалпы алғанда, былайша топтайды:
1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері; 3) оқу-
таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері.
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1-топқа
сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте
сақтауға негізделеді); индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға
негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері
(қиялға, ерікке негізделеді). Ал ІІ-топқа баллардың қызығу мүддесін туғызу,
зейініні жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері; ІІІ-
топқа ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру
және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Әдебиеттік оқу әдістемесі пәнін оқыту барысында бұл әдістердің
қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап, іріктеп
қолданады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен мынадай оқу-әдістемелік топтамалар
жасақталған:
Әліппе оқулығы - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі
бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық. “Әліппе” оқулығы Ш.Әуелбаевтың
жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р.Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А.
Құлжановалар жазып, 1997 жылы “Атамұра” корпорациясынан басылып шықты.
“Әліппеде” психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін
басшылыққа алады.
“Әліппені” оқыту мынадай кезеңдерден тұрады.
1-кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2-кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшеліктеріне қарай орналасқан.
Ана тілі оқулығы – 1-сынып Ана тілі - интеграциялық оқулық. Оқулықта
оқу материалдардың мазмұны маусымдық-тақырыптық принципке құрылған. Жалпы
сағат саны 126, аптасына 7 сағаттан оқытылады. Оқу-жазу – тіл дамыту
жұмыстарын өзара байланыстыра күнбе-күн ретіне қарай орнын ауыстыра отырып
жүргізу қажет. Оқулықтағы ақын-жазушылардың туындылары соңғы талаптарға
сәйкес, педагогика-психология және әдістемелік ғылымдардың соңғы
жетістіктеріне қарай іріктелген. Оқулықты негізінен 3 топқа бөліп
қарастырамыз, тақырыптары мынадай;
1. Біздің Отанымыз
2. Адам және табиғат
3. Отбасы және балалар
2-сынып Ана тілі 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 2- сыныптқа арналған
оқулыққа іріктеліп алынған материалдар негізінен халық ауыз әдебиеті
үлгілері, көрнекті ақын-жазушыларымыздың шығармалары мен үзінділері,
сонымен бірге танымдық маңызы жоғары кейбір ғылыми очерктер мен үзінділер,
мақалалар болып табылады. Оқулыққа енген материалдар құрылымы жағынан
тақырыптық принципке сәйкес орналастырылған.
3-сынып Ана тілінен 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. Әр бөлім сайын
сұрақтар мен тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар берілген.
Әңгімелер 400-500 сөзден тұрады. Әңгіменің соңында жоспар берілген. Тарих,
ауыз әдебиеті, халық педагогикасымен тәлім-тәрбие, адамгершілік, табиғат
атақты адамдар туралыәңгімелер Абай жолынан үзінділер бар. Сөздік
жұмыстары да қамтылған Жыл аяғында 7-8 мыңдай сөзді меңгеріп, 10-15 өлең
жаттау талап етіледі.
4-сынып Ана тілінен 136 сағат, аптасына 4 сағаттан. 4-сынып оқулығының
материалдар көлемі жағынан күрделірек. Жоғары сыныпта әдебиеттік оқу
курсына үлкен дайындық істелінеді.
№3. Әдебиеттік оқудың түрлері. Әдебиеттік оқудың мақсаты мен маңызы және
принциптері
1. Бастапқы оқуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа
бағыттай оқу.
2. Оқуға және жазуға үйрету әдісі.
Сауат ашу кезінді оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты
болады. Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал, жазуды жақсы
меңгерген оқушы оқу қызметін жеңіл атқарады. Бір сабақтың өзінде оқу
қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге
екіншісінің көмегі тиіп отырады. Бұл бпйланыс балының алғаш А дыбысын
танып, оны оқумен бірге Аа әрпін жазып үйренуден басталады да, ол бүкіл
сауат ашу кезеңінде бірлікте жүріп отырады. Демек, Әліппені оқып үйрену
кезеңінде ана тілі пәнінен бір күнде жүретін екі сабақтың біреуі дыбыс пен
әріпті тануға арналады. Бұл әлбетте, оқуға үйрету сабағы болады. Ал, екінші
сабақта сол күнгі үйренген дыбыстың әрпін және жаңа әріп қатысқан буын,
сөз, сөйлем жазу жұмысы жасалады.
Баланы оқуға үйретуде көзделетін мақсат оларды оқығанына түсініп,
саналы білім алуға тәрбиелеу. Әліппе кезіндегі оқу буын оқуға негізделеді.
Әліппе оқудың бірінші кезеңінде бір буынды, бірте-бірте жеңіл екі буынды
сөздер оқылады. Екінші кезеңінде үш-төрт буынды сөздер оқытылады. Ондай көп
буынды сөздер әліппе кітабында бірден тұтас берілмейді, олар буын-буын
жігімен үзіліп теріледі. Сондай тәсілмен та-ға-ла-ды; шы-рыл-дай-ды түрінді
жазылған сөздердің буындары өзара созылыңқы әуенмен жалғастырылып, бір сөз
қалпына келтіріп оқуға үйретіледі.
Әліппені өтудің екінші кезеңінің аяғына таман жалғаулық шылаулар (-
да, -та, -мен), үшінші кезең соңында сұраулық шылаулар (-ма, -ме) қатысқан
сөйлемдер сиректеу болса да ұшырасады. Мұғалім оқу материалында кездескен
осындай жаңалықтарды елеусіз қалдырмайды. Қайта оларға дер кезінде
оқушылардың назарын аударады. Ол үшін әлгіндей сөйлемдер қайтадан оқытылып,
ондағы сөз санын анықтап талдатады. Әр сөздің бөлек жазылғанына балалардың
назарын аударады. Мүмкіндігіне қарай, әр сөзге сұрақ қойып бақылау
жасатылады. Шылау сөзге сұрақ қойылмайтынын байқатады. Әліппе оқудың
төртінші кезеңінде басқа тілдерден енген сөздердің қолданылатындығына
байланысты оқу материалы әжептеуір ауырлай түседі. Оның өзі екі жағдайда
кездеседі: біріншісі – тиісті дыбыстарды (х,в,ф,ч,ц,щ,һ,ъ,ь) артикуляциялық
жағынан дұрыс айтудың қиындығы болса, екншісі – сол дыбыстардың қатысуымен
жазылатын сөздердің лексикалық мағынасы.н дәл түсіндірудің оңай еместігі.
Сөйлеммен байланысты тексті оқуға үйрету оқушыларды Әліппе
бағанындағы сөздерді, сөйлем мен шағын мақаланы оқу арқылы жүзеге асырыла
бастайды. Оқушы сөйлемдегі әрбір сөздің мағынасына түсінетін болуы тиіс.
Алайда мұның өзі тұтас сөйлем мағынасын толық түсінуді қамтамасыз ете
алмайды. Себебі, баланың ойы көбіне сөзді дұрыс танып оқуға бөлінедіде, әр
сөйлемде не түгел тексте не айтылғанын меңгере алмай қалады. Сөйтіп
оқығанын мазмұндап бере алмайды. Бұл кемістікті болдырмау үшін, алғашқы
кезден бастап-ақ оқушыны Әліппедегі тексті түсініп оқуға дайындау керек. Ол
үшін оқылған текстің мазмұнын ашарлықтай сұрақ қйылады. Мысалы, Мал төлден
өседі деген сөйлемді оқығаннан кейін, мұндағы әр сөздің мағынасыыыын
қаншалықты, қалай түсінетінін анықтау мақсаты алға қойылады. Соған орай
сөйлемдегі сөздердің мағынасын танытуға байланысты төмендегі сұрақтар
тізбегі арқылы әңгіме ұйымдастырылады.
1. Мал деп нені айтамыз?
2. Мал түліктерін атап шық
3. Төл дегеніміз не?
4. Төл түрлерін айтып жіберші.
5. Өседі деген сөз қандай ұғымды білдіреді, ол ұғымды басқаша қалай айтыр
едіе?
Осылайша сұрақ-жауап негізінде жүргізілген әңгіме бойынша оқушының
сөздік қоры молаяды, ой-өрісі дамиды, дүнметанымы кеңейеді. Сөйтіп
байланыстырып сөйлеу дағдысы қалыптаса түседі.
Оқушы текстегі ойды тұтас түсіну үшін, әрбір сөйлемнің өзара мағыналық
байланысын білуі тиіс. Бұл - бірінші сынып оқушыларының түсініген қиындық
келтіретін жұмыс. Мұғалім сұрақ қою жолымен оқушыларға көмектесіп, олардың
ой еңбегін біраз жеңілдетеді. Әуелі текстегі әрбір сөйлем санын сұрақ
қойылады, ол сұрақтарға лайықты жауап алынады.
Оқушыларды сөйлемді және тексті оқуға үйрету жұмыстарының бәрі саналы оқу
мақсатына ба,ытталады, осы жолда тексті мәнерлеп оқу тәсілінің маңызы зор.
Бұл шара тыныс белгілеріне қарай үзіліс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс
қолдана білу дағдыларын меңгертуге байланысты жүргізіледі. Нүкте, сұрақ,
леп белгілеріне жетіп кідіріс жасау арқылы оқушы сөйлемдердің ара-жігін
айыра алатын болады. Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің
бәсеңдейтіні сұрақ белгісі бар сөйлемде сұрау мәні бар сөздің көтеріңкі
екпінімен айтылатыны, ал, леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен
оқытлатыны мұғалімнің өзі оқып үлгі-өнеге көрсету жолымен меңгертіледі. Тап
осы арада мына бір олқылықты айтпай кете алмаймыз. Әліппе кезеңінің Әліппе
кезеңіне арналған текстерінде сұраулы сөйлем – үшеу ғана, ал, лепті сөйлес
– алтау. Бұл өте аз. Сондықтан мұғалім мазмұны қызғылықты тексті плакат
түрінді жазып әкеліп, қосымша оқу материалы ретінде пайдаланғаны жөн.
Әліппе кезеңінде картинамен байланысты жұмыс та жүргізіледі. Ол
балаларға зат таныту және байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін маңызды құрал
болып табылады.
Әліппе кезеңінде сөйлемді оқуға үйрету жұмысына мынадай дидактикалық
құралдар пайдаланылады.
1) Суреттердің астына оның мазмұнына сәйкес сөйлемдерді жазып қою,
я керісінше белгілі сөйлемге лайық келетін сурет табу.
Оқышыларға ішіне суреттер және бөлек-бөлек қағаздарға жазылған
сөйлемдер салынған конверт үлестеріледі. Балалар суретке сәйкес
келетін сөйлемді табады.
2) Карточкаға жазылған сөздерден сөйлем құрату. Оқушыларға бөлек-
бөлек қағазға жазылған сөздер салынған конверт таратылады.
Сыныпта ол сөздерден сөйлем құрастырылады.
3) Карточкадағы жазылған жұмасты орындату. Карточкада екі-үш
тапсырма жазылады.
№ 4. Әдебиеттік оқу және сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмыстары
Жоспары:
1. Сауат ашудың мақсаты мен міндеттері.
2. Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.
3. Бастауыш сыныптарда сауат ашуды оқытудың әдіс-тәсілдері.
4. Сауат ашу барысындағы оқу мен жазу процесінің психофизиологиялық
ерекшеліктері
5. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі.
6. Сауат ашуды оқыту процесі.
Сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмыстары.
Сауат ашуға даярлық кезінде тіл дамыту жұмыстарының алатын орны
ерекше. Баланың дамуы әрекеттерімен (ойын, оқу, еңбек) оқу-тәрбие
үрдісінің нәтижесінде жүзеге асады. Мектепте баланың қарым–қатынас
шеңбері кеңейе түседі. Қарым–қатынас жасайтын адамдардың көбеюі баладан
қарым–қатынас жасауды толық меңгеруді талап етеді.
Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды,
тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: 1) басқа адамдармен
араласу кезінде жетіледі,
2) психологиялық процестерді қайта қараудың негізі, 3) тіл – ойлау
құралы. Оқу үрдісінде тілді дамытудың негізгі 4 кезеңін
жүзеге асыру көзделеді: 1) баланың сөдік қорын молайту, 2)
грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету, 3) байланыстырып
сөйлеуге үйрету, 4) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Әліппеге дейінгі
кезеңде баланың тілін дамытуға оқулықтағы тақырыптық сюжетті
иллюстративті жеке суреттердің атауларын білу, сол сөздердің
мағынасын түсіну арқылы сөдік қоры байиды, ал тақырып
бойынша көргендерін жетекші сұрақтар арқылы әңгімелеу, құралған
сөйлемдердің мағынасы сол тақырпқа сай болуы керек, құрылымы
үйлесімді болуы керек. Ондағы сөөздердің өзара байланысының
үйлесуі әр баланың қабылдау қабілетіне, алған әсеріне
байланысты. Көбіне тілден ой жүйрік болғандықтан, ойға тіл
ілесе алмайды. Бұл мүмкін сөдік қордың жеткіліксіз болуынан,
ойын жеткілікті түсінікті тілмен, оқиғаға ене отырып,
көңіл–күй ырқына жеткізе мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді
жолы коммуникативтік әрекет үстінде ұстамдылық кезеңінде
басталады. Бала сөйлеуінің мынадай типтері осы даярлық
кезеңінде жүзеге асады.
1) ситуациялық сөйлеу (жағдаяттық сөйлеу)
2) диалогтық сөйлеу ( сұхбаттық)
3) сызбаға сәйкес сөз ойлап таптырту.
4) сол сөзге ұқсас сөз таптырту.
5) сөзге мағынасы қарама–қарсы сөз таптырту.
6) түбірге сөздер ойлап таптырту.
7) берілген бір сұраққа бірнеше сөзбен жауап қайтаратындай
жағдай туғызу.
8) сөздің тобын жалпылама сөзбен айта білуге үйрету.
9) жалпы атауға кіретін сөздер.
10) сөздің жекеше, көпше мағынасын білдіретін сөздерді
таптырту.
11) заттың түрін, түсін, пішінін, сапасын таптырту.
12) заттың санын, ретін білдіретін сөздерді таптырту.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында: Бастауыш мектепте әдебиетті оқытудың
мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету негізгі
тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойымен пікірін еркін жеткізе
алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, - деп атап көрсеткен.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа
технологиясын педагог-ғалымдар мен Республика мұғалімдері жан-
жақты ізденіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда
білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа
технологияларын таңдай білу мүмкіндігіне ие болады.
Педегогикалық технологияға белгілі ғалым В.П. Беспалько:
Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба, - деп
анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны
қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты,
бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде
қарастырылады.
Сонғы психолгиялық зерттеулерге қарағанда бастауыш сынып
балаларының өзін теориялық ойлауға – жалпыдан жекеге көшу, заттар мен
құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны
анықталады. Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың
негізгі белгілерін анықтай алмайтын болса, мұның өзі олардың
тәжірибесінің аздығынан, білімнің жеткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан
деп түсінген жөн.
Осыған орай, 1-сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін
анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде терілген
сөздер арқылы жүргізіледі. Сөздік қорды байыту заттар мен құбылыстар
және олардың арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен
қатар жүріп отыруы тиіс.
Бірінші сынып оқушылары естігендері, көргендері, кейбіреулері
оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері
нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды.
Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның
түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық
сатып алғанына ауысады т.с.с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға
бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін.
Мұндағы негізгі міндеттің өзі – балаларды белгілі бір жүйемен
сөйлеуге үйрету ғой.
1-сынып оқушылары сурет бойынша сөйлегенде де ұсақ
нәрселерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының
жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне
сөзбе- сөз айтуға, яғни мәтінді сөзбен баяндауға тырысады. Бұл
құбылыс олардың көбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады.
Сондықтан балаларды ойлауға, сөздерді көре білуге оның
мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты,
оның әрпін естерінде ұстау ғана емес, дауысты, дауыссыз
дыбыстардың да негізгі қасиеттерін үйренеді. Мұнда балалардың
көрнекі – бейнелік ойлауы ( көрнекі түрде салыстыру , қайта
құрастыру) пайдаланылады.
Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен
берілген сөдер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер
өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар,
өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден
жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі
белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақты
ағаштарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштарды екінші топқа
шырша, үйеңкі т.б жіктей алады.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. 1-сынып оқушылары сөйлеу
сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір
сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі–үш
сөздерден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда,
әңгімелескенде олар сөйлеммен сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем
туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін
грамматика сабақтарында нақтылана түседі.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ – жауап түрінде
жүргізіледі. Ол әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.
Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық
мәтіндер алған жақсы.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мультфилм немесе балалардың
ойыны, сондай–ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға
жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл
қабылдаудың маңызы зор. 1-сынып оқушыларының бірқатары дыбысты
дұрыс айта
алмайды. (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц)
Дыбысты бұзып айтып бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай
алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау
айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш,
з-ж,
ч-ш, щ, т.б.) Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын
құратып, айтқызса, ( па – ба-па-ба, ка-га га-ка т.б.) оңай білуге
болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау прцесінде де
көрінеді.
(Мысалы, шаша, сана сөздерінен ш дыбысын бөліп көрсеткенде т.б.)
Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір
баламен жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса,
мұндай жағдайда оны маман мұғалімге – логопедке жіберу керек.
Фонетикалық талдау
Фонетикалық материалдарды сатылай комплексті талдау
сабақтарында жүргізілетін жұмыс түрлері
Жуан, жіңішке аралас
буынды сөздерді толық
сатылай комплексті
талдау
Дауысты, дауыссыз
дыбыстарды талдау
Дыбыстарға математикалық
тәсілмен мінездеме беру
Фонологиялық талдауды
қысқа түрде сатылап
комплексті талдау
Дыбыстарды математикалық
тәсілмен өрнектеу мінездеме
беру
Фонологиялық талдауды
ықшамдау принціпімен
өрнектеу
Дыбыстарды белгісіздікпен
өрнектеу, теңдеуді шешу,
мәнін орнына қойып дыбыстық
мінездеме беру.
Жатжазу
Шығармашылық жұмыстар
СКТ тесттік жұмыстар жүргізу
Ауызша командалық олимпиада
Фонетикалық талдауды ауызша
уақытқа талдау

Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше
формаларынан көрінетіндіктен , оны психофизиологиялық процесс деп атайды.
Дүниетануға қажет ақыл-ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау,
сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. Баланың психикалық дамуы
деген не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулагуы, жылауы,
сөйлеуі-осылардың бәрі баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі
дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына
жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік т.б.с.с. қасиеттер оның өстін
ортасындағы тәлім-тәрбиенің апқасында және қаййшылықтарды жеңу үстінде
қалыптасады, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмтылуы мен оған жету
жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туады
(мысалы, ми қабатыда болатын қозу мен тежелу, механикалық ес епн логикалық
ес, ескі білім мен жаңа білім т.б.).
Адамның нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс
процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті – баланың саналы
қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі
бағытта мақсат көздеп, әсер ету.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамның
қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда,
анатомиялық-физиологиялық есею, нерв жүйесінің жетілуі білімнің артуы,
сезім мен моральдық ұғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта
құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы,белсенділік пен өзінше әрекет
етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Мектепке алғаш келген, бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір
ғана рәп тұрады, көбінесе қайта-қпйта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп
отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, оқу аумағы тар болады. Осының
салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану
дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат балының көру, оқу аумағы кеңейіп,
ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана
бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңпйға түспейді, ол көп күш
жігерен жұмсайды, мұнде әсіресе зейіні мен еркі үлкен рольатқарады. Осының
барысында зейін мен еріктің төзімділік қаситері жаттыға тұседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, біуындарды қосып
оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байаныстарға зер салмайды. Осыған
орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ
олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен
айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында
өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді. Ондай
қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни ақ аю, сары ала
сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп,
дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін
дағдыланады.
Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды: 1) Оқушы
оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең негізгі процестер: сөзді
буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан
сөз құрастыру. Егер мұғалім малдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін
болса, бала әр ріпті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне
көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза
да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып,
талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін
дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену
барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу
үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын жасалады). Осы кездегі кедергілер мен
қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұсқан келтірмей, күш-жігерін
мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты
талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-
ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім
толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті
жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.
5. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі
Сауат ашудың негізгі объектісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері
мыналар: сөзді ауызша айту, сөзді жазу және оқу.
Сөзді ауызша айту әдетте естуге негізделеді. Жаңа сөз біреуден
естілген күйінде қабылданып, есте сақталады, сөйлеу кезінде пайдаланылады.
Сөйлеу практикасында сөз жеке дыбыстарға бөлініп айтылмайды, тұтас
дыбысталып пйтылады. Бірақ сөздегі әрбір дыбысты қалдырып кетпей, түгел
және дұрыс дыбыстауды, сондай-ақ сөздегі басқа дыбыстармен байланысты
қолдануды керек етеді.
Сөзді жазу мен оқу көру арқылы орындалады. Басқаша айтқанда, сөз
әріптер арқылы жазылып, әріптер арқылы оқылады. Сөз дыбыстары әріптермен
таңбаланбаса, сөзді оқу да, жазу жда мүмкін болмас еді. Демек, әріптерді
таныту – сауат ашудың өзекті мәселесі. Алайда, әріптер өздігінен жалаң
таныла қоймпйды, сөздегі дыбыстардың негізінде меңгеріледі. Ол үшін сөз
құрамындағы дыбыстарды даралап, бөліп алу қажет болады. Жеке дыбысты сөзден
бөліп алған соң ғана, оны әріппен белгілеуге болады. Өйткені сөз дыбысы өз
алдына жеке-дара, бөлек-бөлек дыбысталмайды, ондағы басқа дыбысты ғана
таңбалайды. Осыған орай, сауат ашу жұмысы сөздегі жеке дыбыстарды бөліп
алып қарыстырудан басталады. Солндықтан сауат ашу әдісі дыбыстық әдіс
болып есептеледі.
Сөзді оқу мен жазу жұмысы (мұның өзі – сауат ашудың негізгі мақсаты)
сөзге дыбыстық талдау жасаумен тоқталмайды, талданған дыбыстарды жинақтау
арқылы қайтадан тұтас сөз жасауға әкеледі. Сондықтан да бұл әдіс дыбыстық
талдау-жинақтау әдісі деп аталады.
Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден - сөйлемді, сөйлемнен - сөзді, сөзден
– буынды, буыннан – дыбыстыбөліп алуға, жеке дыбыстарды әріптермен
таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.
Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан – буын, буындардан – сөз,
сөздерден – сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу құрастырылып, оқу машығы
қалыптастырылады; оқушылар сөзді алдымен – буындап, соңынан тұтас оқуға
үйренеді, сол сияқты, әуелі – жеке бөлшектерден әріптерді шығарып, одан
кейін тұтас сөздерді жаза білуге машықтанады; соның нәтижесінде, сөйлемді,
тексті оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып
сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.
Талау тәсілінің негізгі түріне сөзді дыбысқа ажырату, яғни дыбыстық
талдау жатады.
Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық талдау тәсілдері
мыналар:
1) Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбыстарды бөліп алу (а-та,
ә-же, о-рақ, ө-рік, е-мен, ұ-зақ, ү-кі, ы-дыс, і-ні, и-не).
2) Сөздің ең соңғы дыбысын бөлу (алғашқы дыбыстарын мұғалімнің өзі айтып,
соңғы дыбысын оқушыларға тапқызу). Мұндай талдау жұмыстарында заттар,
дидактикалық ойыншықтар, суреттер пайдаланылуға тиіс Мысалы: нан, тарақ,
өрік сияқты сөздердің на..., тара..., өрі..., деген бөліктерін мұғалім өзі
айтады да, қалған дыбысты оқушыларға айтқызады.
3) Бір дыбыстан басталатын сөздерді тізіп айтып, әр сөздегі бірінші дыбысты
оқушылардың өздеріне таптыру; ол дыбысты көтеріңғкі дауыспен ерекшелеп
айтк арқылы бекіту (қаз, қарға, қалам, қағаз).
4) Сөздегі дыбыстардың саны мен орын ретін анықтау. Бұл үшін сөз схемасы
пайдаланылады. Алдымен сөз схемасына дыбыстар буын жүйесінемен түрлі-
түсті дөңгелекшелер арқылы (дауысты дыбыс-қызыл, дауыссыз дыбыс-көк
бояумен беріледі) сөздегі орын ретімен орналасады: ара, о оо
соңынан дөңгелекшелер әріптермен алмастырылып оқылады: ара.
Талдау: Бұл сөзде үш дыбыс (әріп) бар: біріншісі – а (дауысты дыбыс),
екіншісі – р (дауыссыз дыбыс), үшіншісі – а (дауысты дыбыс) деген сияқты
тұрғыда өтіледі.
5) Бір дыбысты ғана өзгеше, басқа дыбыстары бірдей сөздерді өзара
салыстырып талдайды (ата, апа, ала, қала, дала, бала; он, ол, ор; май,
шай, тай).
Дыбыстық жинақтау тәсілімен жүргізілетен жұмыс нәтижесінде сөзді алдымен -
буындап, соңынан тұтас оқуға мүмкіндік жасалады. Басқаша айтқанда, сөзді
оқу дегеніміздің өзі – жинақтау.
Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық жинақтау тәсілдері
мыналар:
1) Бір дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу:
А) а-та, а-па, а-на, а-ға, а-ра, а-уа, а-ла;
Ә) ба-ла, да-ла, қа-ла, ке-ме, ке-се, ше-ге.
2) Әр түрлі дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу: ә-же, ә-ке, о-ра,
қо-ра, до-ға, бо-та, ба-ру, ке-лу.
3) Бір дыбысты бөлек сөздерді салыстырып оқу: ол, он, ор, қол, жол, көл,
төл, шар, жар, жел, бел.
4) Басқа дыбыс қосып не алып, сөзді өзгертіп оқу: ат-хат, тон-он, ара-
шара, ала-дала.
5) Талданған сөздегі буындарды көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы
есте сақтап, одан сөз құрастырып оқу.
Дыбыстық талдау мен дыбыстық жинақтау бір-бірінен ажыратылмай, өзара
тығыз бірлікте жүргізіледі (алдымен – талдау, соңынан – жинақтау).
Дыбыстық-талдау жинақтау әдісі бойынша сауат ашудың мынадай негізгі
оқыту принциптері жүзеге асырылады:
1) баланың жас ерекшелігіне және тәпбие талабына сай іріктелген оқу
материалдарының негізінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру;
2) оқушылардың жалпы ой-өрісі мен тілін дамыту, оқуға деген саналылығы мен
белсенділігін арттыру;
3) әрбір оқушылының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс
жүргізу;
4) оқу мен жазуды бір-бірінен ажыратпай, өзара ұштастырып, қатарластыра
жүргізу (оқу-жазу-оқу).
5) Сауат ашу негізі – дыбысты меңгерту үшін сөзге дыбыстық талдау-жинақтау
жасауға үйрету; оқушылардың есту, дыбыстау қабілетін жетілдіру;
6) Сөз дыбыстарын әріптермен дұрыс таңбалай білуге дағдыландыру; жазудың
оқудан кешеуілдейтінін ескере отырып, алғашқы жазуды кеспе әріптермен
сөз құрастырумен алмастыруға және басқа әріптерімен жазуға үйрету;
7) Сөз оқу өлшемі буын болғандықтан, сөзді жек әріптермен оқытпай, бірден
буындап оқуға дағдыландыру; одан біртіндеп тұтас сөзбен оқуға әкелу;
8) Сауат ашу барысында перспективтік оқу (кейбір алғашқы грамматикалық,
орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық мағлұматтардың алдын-ала
пракимкалық жолмен таныстырыла берілуі).
6. Сауат ашуды оқыту процесі.
Сауат ашу жұмысының негізі міндеті – балаға хат таныты, яғни оған оқу
менжазуды үйрету. Сонымен қатар сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой
өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады. Соның нәтижесінде жас ұрпаққа
жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік тәрбие беруге негіз
қаланады. Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес.
Сауат ашу жұмысы оқушылардан оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір
қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай, алты жастан бастап
оқитындардың өзіндік ерекшіліктері бар. Олар мынадай:
1) 1-сынып тұтасымен сауат ашуға беріледі;
2) Сабақ уақыты 35-минут болады;
3) Сабақ үстінді әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінді сергіту
минуттары өткізіліп тұрады;
4) Оқушылардың үлгеріміне баға қойылмайды; баланың оқуға деген ынтасы
мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы
арттырылады;
5) Үйге тапсырма берілмейді; алайда сабақтан тыс уақытта тәрбиеші-
мұғалімнің көмегімен сурет салу, графмкалық ойындар өткізу, қима
әріпті кубиктерден сөзқұрату тәрізді сызу жұмыстарына жаттықтыру
арқылы оқушылардың қолын жазуға дағдыландыруға арнайы көңіл бөлінеді;
6) Апта ортасында бір күн жеңілдітілген сабақтарға арналады;
7) Ақпан айында бір апталық қосымша каникул беріледі;
8) Мектепке алты жастан бастап оқитын балаларға балабақшадағы негізгі
жағдайлар жасалады; белгіленген күн режимі бойынша, сабақтан тыс
уақытта, алты жастағыдалмен жұмысты тәрбиеші жүргізеді; асханада ыстық
тағамдар даярланады; ойнайтын және демалатын бөлмелері болады; сынып
алты жастағы балаларға арналған арнайы жиһаздармен, ойыншықтармен,
т.б. оқу-дидактикалық материалдармен жабдықталады.
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты жұмыс. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін
мұғалімдер атқаратын міндеттер көп те сан алуан. Олардың негізгілерінен
мыналарды айтуға болады:
1) балаларды мектептегі оқу жұмысына – сауат ашуға даярлау;
2) сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін (фонетикалық естуді) меңгерту
арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету;
3) оқушылардың жалпы ой-өрісін дамыту; ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
4) балалардың сөйлеу тілін жетілдіру; сөздігін байыту; сөйлемдерді дұрыс
құрып, өз ойын айқын да дәл жеткізе белуге үйрету;
5) сөзді жеке дыбыстардан құрап ежіктеп отырмай, түсініп, дұрыс әрі
біркелкі буындап оқуға, одан әрі біртіндеп тұтас оқуға дағдыландыру;
6) дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың
каллиграфиялық талаптарын орындауға, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі
олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке
сөздерді, сөйлемдерді уөшіріп және есту бойынша жаза білуді жетілдіру;
7) сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы ережелерін меңгерту; сөйлемді
оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс үзілісінің жасалуы; сөйлемнің
бірінші сөзі сөйлемдегі бас әріппен жазылатын сөздер (кісі, жер-су аттары
бас әріппен басталып, сөйлем соңына нүкте қойылуы; аттары).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Баланың психикалық дамуы дегеніміз не?
2. Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігі
қандай?
3. Оқу мен жазу процестерін талдаудан шығатын қортынды.
4. Талдау, жинақтау әдістерінің ерекшелігіне тоқталу.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде
оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын
қалыптастыруға баса назар аударды.
Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту
мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де
қозғалады. Кейінірек қазаң тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ. Жұбанов,
Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, ПІ.Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы
мәселеге ерекше мән береді.
Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезінде де жүргізіледі.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш
мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі - оқыту
ісіндегі талдау және жинақтау процесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz