Дәстүрлі, әдет- ғұрып пен салт сана қоғамдағы әлуметтік қатынастар



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. ӘДЕПТІЛІК НЕГІЗДЕРІ – ДӘСТҮРЛЕР МЕН ҒҰРЫП - САЛТТАР
2. СӘЛЕМ- СӨЗДІҢ АНАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ӘДЕПТІЛІК НЕГІЗДЕРІ – ДӘСТҮРЛЕР МЕН ҒҰРЫП - САЛТТАР

Дәстүрлі, әдет- ғұрып пен салт сана қоғамдағы әлуметтік қатынастар
түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсету мен қатар, тәрбие талаптарын
негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұймдастыруының
маңызды формаларын көрсетеді.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді десек,
солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет- ғұрыптарды, салт- дәстүрлері
бар . Олар (халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа
жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен
ұлыстардан, халықттардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады.
Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер
емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеумен бірге олардың озықтары
одан әрі дамып, жаңара түседі, тозыктары қолданыстан қалып, ұмыт бола
береді.
Дәстүр ұғымы барлық халыктарда бар. Ол тарихи нгізде қалыптасып,
ұрпақтан ұрпаққа берлетін әдет ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп -инабат
нормасы болып табылады. Дәстүр өзінің негізімен қалыптасуы- өмір сүруі
жағынан барлқ ұлттық сипат болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне
сонсымен үлес қосады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі- адамдар арасындағы
өркендеп және өзгері отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру болып
табылады.
Тұрқтылық болмаса, дамуда болмаиды. Демек дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың
қалыптасуы , дамуы өзгеруі мүмкін емес. Тұрактылықты реттей отырып дәстүр
қоғамдық болмыстың ең маңызды негізін түзеді. Қоғамдық қатынастар тарихи
дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан, өзгеріп жаңара
береді. Сөйтіп , дәстүрліер арқылы қайта жаңғыру пайда болады ескі қатынас
түрлерінен қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады. Соның
нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсерінен ұшырап оған
бойсұнуға мәжбүр. Зерттеушілер дәстүр мен үдерістерді өндіріс тәсілдермен
оған сәйкес келетін өндірістік қатынастарды реттеу формалары ғана емес
сонымен бірге қоғам мүшелерін өзімшілдіктен, томағай тұйықтықтан құтқаратын
құрал деп есептейді. Мәселені Ф Энгельс: Отбасының жеке меншіктің және
мемілекеттің келіп шығуы деген белгілі еңбегінде не дәстүрлерінің
орнығуына жыныстық қатынастардағы бей берекеттік шектеу ретінде
түсіндіреді.
Дәстүрлердің шектеушілік қызметі адамдардың қоғамнан даяар күйінде
табатын, өздерінің тәртіпттерін жөнге түсіріп және әркетке келтіріп
отыратын тетік болып саналады. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза
тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады.
Осыған орай ел ішінде ертеректе болған бір тұрпайы оқиғаны айта
кетейік. Қазан төңкерсіне дейін және одан кейінгі алғашқы жылдарда
Қарақалпақстанның Қоңырат қаласында молда –қазылар қан базарда кез келген
адамды үстап алып! иманың неше түрлі Мұсылмандылқтың шарттары қандай ,
деген сұрақ асты алатын болған. Егер әлгі кісі сұрақтарға дұрыс жауап бере
алмаса, оны қан базардың ортасыда дүрде соғып жазалайды екен. Бұл жөнінде
әзіл- оспақ әңгімелерде жоқ емес. Бірде әлгі қазы молдалар базарлап келген
адамды тоқтатып Иманың неше түрлі?- деп сұрағанда , ол: Иманым сегіз
түрлі,-деп жауап беріпт. Әлгі байғұс осы жауабы үшін өлгенше таяқ жеп ,
үйіне зорға жеткен. Болған оқиғаны естіген әйелі: отағасы , иманым екі
түрлі деп айтуың керек еді ,- деп кеңес бергенде, күйеуі Сегіз түрліні
місе тұптаған қазы екі түрліге тоқтаушы ма еді ?- деп жекіріпті.
Бұдан діни негізде бірлестік құрып, оның дәстүрлерін сақтауға деген
көрністі көреміз . Мәсле бұл жерде жазада емес, әңгіме бірлестіктің берік
өмір сүруі үшін оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың
міндеттілік табиғатты жайында болып отыр. Расында да, адамдар дәстүрді
қажетсінеді, оны сақтауға объективті түрде мүделі, яғни дәстүр адамдарды
біріктіреді және сол бірліктің ыдырамауын қамтамасыз етеді.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Бұл жерде дәстүр
әлуметтік бірлікті қалыптастырудың құралы және ұйытқысы, ризамы (ережесі)
сипатында көрінеді. Мұның тарихтағы айқын мысалдарының бірі – рулық
қауымдастықтар, олардың ауыз бірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтушылық.
Кімнің жерін жайласақ соның жырын жырлайсыңдеген мақал соған байланысты
айтылған. Шынында да, дәстүржақындастырады, араластырады, біріктіреді.
Сссссонымен катар оның қоғамилығы кейде тікелеи емес, сырттай жанамалай
да көрніс береді Мысалы, өзіміздің ағйын өзіміздің балағой деген сияқты
іш тартып жақын көру сияқты.
Дәстүр ақпараттық қызмет те атқарады. Ол Әлуметтік ақпардың
жиналуының, сақталуының және басқаларға берлуініңі өзгеше құралы рөлін де
атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қортылып, қоғам жадына сақталады,
сөйтіп , ғасырдан – ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге
келгенжаңа ұрпақтары өзара қарым – қатынас нормаларын қайтадан жасап,
қалыптастырып әуреленіп жатпайды. Өздеріне кейін түзілген қоғамдасып өмір
сүрудің дайын жүйесін, Яғни бұрынан қалған жол- жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жинақталған ақпарлар арқылы ата – бабадан қалған материалдық және
рухани мәдениетті бойына сіңіреді. Мысалы қарақалпақтар мен қазақтардың.
Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар, Ата көрген оқ жонар, ана көрген
тон пішер деуінің мәні бұрынғыдан қалған жол – жолсын, Әдет –салттың
башылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді. Түбірлі мәселені шешерде түп
атадан келе жатқан жолды ұстап дейтін әлгі мақалдардың бірі әулеттен
келесі әулетке ұмтылмай жетіп келе жатуының өзі- дәстүр. Халық осында
дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса
игі деген ұлы арман соған меңзейді.
Сондықтан жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрмет пен әрі ықтияттылықпен
қарауы, яғни оны түсіну дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяау
салуда қатты сақтану айрықша мәнді, қастерлі қасиет саналады: ондай
жастар көргенді деп бағаланып, көптің алғысына бөленеді, ал дәстүрмен
сайыспайтын істегендер көргенсіз деген өте жек көрінішті атқа ие
болып, қауымдастық алдында абройдан айырлып ауыр айыпқа бұйырлады.
Сонымен қатар дәстүр жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл күиіне де
жағымды әсер етіп, қуанышқа бөлейді, оларды қоғамға бірлестіктерге
ынталандырады адамдардың қоғамдағы өзара қарым – қатынастарына әсер етіп
ондағы әлуметтік психологиялық ахуалды жақсаруына жәрдемдеседі.
Кейбіреулер дәстүрді өткенді бағдар етіп ұста есептеп, солай
түсіндіреді. Бұл –шал, біржақ көзбастуы көнеде екні рас. Егер дәстүр
болмаса , адамдардың қоғамдық қтынастардағы көптеген нәрселерді алдын ала
білуі, яғни келешеке арналған қандайда ережелерді мүмкін болмас еді. Ал
ондай ережелер жоспарларсыз адам зат қоғамының өмір сүруі мүмкін емес.
Өткені әлгі ережелер арқылы адамдар бір –біріне белгілі бір мөлшерде
нелерді күтетінін, қандай мәдениеттегі ойлау көрнісін, қандай дәрежедегі
адам ұшыратуы мүмкін екенін біледі. Мұндағы таным тұрақты қоғамдық
дәстүрлердің негізінде ғана мүмкін болады.
Дәстүр, салт- сана әдет –ғұрып – жалпының орта игіліктері. Өткені өз
елінің халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт –сана әдет –
ғұрыпттарынан тысқары түратын адам жоқ. Тегінде ондай адам бос қалғанның
өзінде оның басқа бір халықтың Дәстүрім тоқайласуына, яғни санасуына, тура
келеді. Өткені адам қоғамда өмір сүреді, ал қоғам оған өзінің әдептілік-
инабаттылық нормаларын, дәстүрлік, әдет – ғұрыптық,тәлім тәрбиелік
қағидаларын көнеден орныққан жол- жосынды орындыуды сақтауды талап етеді.

Қапілімде кімде-кім дәстүрсіз –ақ өмір сүрем десе бұл-оның
әдепсіздігінен туындаған бос қиялы, себебі қоғамның ғасырлар бойы дамуы,
барсында жасалған және оның өмір сүруінің шартына айналған салт сана,
дәстүрден, әдеп инабат жосынынан бас тарту адам заманғы жабайлыққа қайта
оралғысы келгендіктен басқа ештеңе емес.
Дәстүрлі әлуметтік іс-қимылды ретке келтіріп, тәртіпке түсіру
тетіктерінің бірі ретінде жеке адам үшін қандай қажет болса , оның өмір
кешіп жатқан қоғамы ұшінде сондай маңызды. Осылайша адамдардың жеке
тұрмысындағы маңызды оқиғаларға жұртшылықтың кеңінен қатсуы ол адамға
деген зор құрметті көрсетеді, оның індетінің маңыздылығына көз жеткізеді.

Халық қашанда қоғамдық және жеке тұрмыстағы маңызды оқиғаларды
салттанты түрде атап өтуді үрдіске айналдырып , ықылым замандардан бері
өзінің ғұрып –салтарын , дәстүрлерін қалыптастырып әрі оларды қоғамдық
тұрмыс елігіне өткізіп , іріктеп келеді. Ал салт- сана, әдет-
ғұрып,дәстүрліер адамдардың дүниеге көзқарастарына, әдеп – инабат
нормаларына әсер етіп отырады. Олар қайсы бір халықтың өзіндік психикалық
ерекшіліктерін , мәденеи даму дәрежесін көрсету арқылы оны басқа халықтан
айратын белгілерге айналды. Халықтарымыздың Әр елдің салты басқа, иттері
қара қасқа деген ортақ мақал соған меңзейді.
Дәстүрлі белгілі бір қоғамның, жұртшлықттың рухани қажеттері
негізінде пайда болып, өзіндік сипаттары арқылы әлгі қоғамды жұртшылықты
құрайтын адамдарды біріктірудің һәм ұжымдастырудың қуатты құралы қызмет
атқарады.
Сонымен қатар дәстүрден, Ғұрып салттан адамдар өзінің жеке басын
таниды. Мұндай адамдардың айналасындағы заттар – нәрселермен табиғат
құбылстары нақаты насындағы жеке ұлттық және кәсіби өзгешіліктер көрніс
табады. Мысалы Үндістанда сиыр мен маймылдың ерекше құрметтілуі,
қытайлардың жыланың етін италияндықтардың есектің етін аса сый тағамға
санауы біздің халқтарымыздың қадірлі қонақ қойдың басын тарту, т.б.
Африкадағы Баланта деген тайпада үйлену тойы болғанда күйеуі
қалындығына бір киер шапанын сыйлықа ұсынады екен. Егер уақыт өте келе
келіншектің әлгі шапаны тозып киюге жарамай қалса, жоғалтып алса, неке
бұзылады екен. Өткені ерлі- зайыптылар тату емес, береке бірлігі жоқ болса
келіншегі күйеуін ұнатпай жек көрсе, шапаны тозады немесе жоғалып жойылады
деп есептеген. Ал Австралиядағы тайпалардың бәрінде қыз балалр дүниеге
келсімен мойынына сақиналар салып, уақыт өте келе қыздың мойыны өсіп ұзара
түскен сайын, сақиналардың саны көбейетіле беретін болған, мойыны ұзын қыз
асқан ару, хас сұлуға саналған. Қейде сондай мойыны 30-40 см жеткен қыз
күйеуге шығып, бірақ кейінен дәм –тұзы жараспаса, яғни еркектің көзіне шөп
салса, онда мойындағы сақиналар алынып тасталатын болған.
Кашмирдің тау ерегінде тұратын Хунза деген тайпайсында ерлі
зайыптылар арасында бір –біріне қианат жасау, опаздық өте сирек көрінеді.
Оның себебі күнәлінің де үй –жайы өртеп жіберілетіндіктен десе. Бұл
тайпадағы соңғы опасыз махаббат өрті 1934ж болыпты.
Иранда жылдың ақырындағы соңғы сәрсенбіні киелі күнге бағалады, ол
күнгі барлық тілек қабыл болады. Ойлаған іс іске асады деп ырымдайды.
Ирандықтар сәрсенбі сәршемби сүри-қызыл сәрсенбідеп атайды, оның
қарсаңында соған байланысты көптеген ырымдар жасалады. Әсіресе ол күнді
бойжеткен қызды асыға күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шарты
ырымдар, түрлі жоралығы- кәделер жақсы жасала тұрмысқа шығумыздың сәті
түседі деп сенеді. Ырымдардың неше түрлісі: күрделісі мен өрескелдері
кездеседі.Мәселен қыздардың кейбір ортағы жастағы, күйеуі бар әпкесімен таң
сәріде қолына ақ тұтқалы жаңа құман мен қайшы алып, жақын маңдағы өзенің
бойына барады да, әкесі қыздың саусақтарын жіппен байлап, құманды суға
толтырады да, одан сәл әрірек жерге тастайды. Одан соң құман мен қайшының
аралығына қызды отырғызып, өзі жағалауға жасырнады. Қыз сол қалпы күн
шыққанша , яғни қасынан алғашқы жолаушы өткенше отырады. Бұл көрніске тап
болған әрбір адам өзінің не істеу керек екенін айтқызбай біледі. Ол сенің
бақытыңның байлауын кесіп жатырмын деп дауыстай сөйлеп жүріп, қздың
қасындағы қайшымен шармауды кесіп тастайды. Одан кейін қыз қолына құманын
алып, үйіне жүгіреді. Үйіне келген соң кейімдерін шешіп, басына елгер киіп:
ауланы жеті рет айналады, айналған сайын менің бақытым ашылды деп
күбірлеумен болад. Иран қыздарының соңғы сәрсенбіге қатысты басқа да ұзақ
түйік ырымдар ба. Мәселен күйеуге шығуға асығып жүрген қыздар бір күн бұрын
мұнарының басына шығып жүзін көрсетпей жакып жүрген шәлісін – чадсын жерге
тастайды. Егер чадыра төменде кетіп бара жатқа. Ал басына чатдыра түскен
еркек сәлде киген болс, онда бұл- оны тастаған қыз күйеуге шығуды тағы бір
жыл тосуға тура келеді. Жалпы, Иранда қыз өзінің жақсы және отбасының қатты
болуына қарамай көп уақыт күйеуге шыға алмай бағы байланған деген ұғы
мен бағын тауып тұрған құлыбын ашу керек деп біледі. Мешхедте мұндай
құлыпты чадыраның шетіне алып, кілтті дәмді тағамдар салынған табаққа
салады. Екінші бір жерлерде орамалдың, немесе жаулықтың ішін шешсе де жетіп
жатыр. Қарақалпақстандағы арғы бергіні көрген, ескінің өзіндей
апаларымыздың шашының үшына еш жерде пайдаланылмаған кілтті байлап
жүруінің ирандықтардың салттармен байланысты сияақты. Және сол әжелер
шашының ұшында өмір бойы байлаулы жүрген кілт ол қыздың бағының ашлғандығын
білдірсе керек. Сндықтан олар өмірлік шарапаты тиетін киелі нәрсе ретінде
тағып жүреді Мұның барі қыз- кілті жоғалған сандық деп мақалын еске
түсіреді. Иранда әйелдер күйеулерін өмір бойы өзіне адал ұстау үшін
олардың жананан әзіл қиалдар қашыруға арналған рымдар бар. Сондай
ырымдырдың бірі- Шираз қаласының әйелдері қыз сәрсенбінің алдырды ұлы
ақын Сағдидің кесенесіне ондағы кішкене жасанды көлшікке түседі, солай
кенде олар өздеріне деген күйеулерінің сүіспеншілігі күшейтіп, назарын
аударамыз деп сенеді. Иран ғалымы Джавахер Каламаның көрсетуінше, қызыл
сәрсенбінің алдында Тегеран базарында есектің миына деген сұраныс едәуір
артады. Өткені осы қаланың тұрғындары оны адмның басын жадылайтын ретінде
білдірмей күйеулерінің тамағына қосып береді немесе даулап, отқа жағады
екен. Содан кеиін кеулері өздерінің ырқына әбден көніп, басқаға көз салу
ойларына кіріп шықпайтын болады. Біздің түркі тектес бауырлас хлықтардың
біразында осылардың ішіне қарақалпақ қазақ, өзбектерде әйелдер өте жақсы
көріп, айтқанынан шықпайтын жігітті оны қйшы есектің миін жеген
кекетеді. Иранда осы күнге дейін сақталған әлгі салтпен байланысты болса
керек.
Сондай-ақ біздің халықтарымызда бар.

Сәрсенбі сәтті күн той жасапсыз
Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы- деп тойбастар
жырында айтылатын, сол күнгі басты ісің сәтті болады деп ұғынылатын
сәрсенбінің сәтті ырымының да ирандыққызыл сәрсенбімен негізден
шығуы ғажап емес. Мұның бәрі әртүрлі халақтардың салт- дәстүрлер кйде
әріден жалғасатын сабақтастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеудің негізі
Құқықтық әдет ерекшеліктері
Этнопсихология жайлы
Қылмыс пен жазаның жалпы түсінігі
Құқықтық әдет – құқықтық нысаны ретінде
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Әлеуметтік өзгерістер кең мәтініндегі Қазақстан жастар мәдениетінің ерекшелігі
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Ұлттық дәстүр - әлеуметтік институт ретінде
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Пәндер