Қазақ халқының тұрмыс – салт жырлары



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының
тұрмыс – салт жырлары
Адам баласының өмірінде болатын әр түрлі оқиғалар — жас нәрестенің
дүниеге келуі, кәмелетке толғанңыз бен жігіттің бас қосып, "отау тігіп
үйленуі, өлім-қаза сияқты толып жатқан елеулі оқиғалардың бәрі де белгілі
бір әдет-ғұрыптың, ру болып, ел болып сақтайтын әр түрлі кәделердің, жөн-
жоралардың негізінде өтетін болган. Сондай кәделердің бірі — өлең-жыр айту
кәдесі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,—
деп Абай айтқандайын, қазақ халқы баласы туыл, қуанышқа бөленсе, жастар
үйленіп жар жарастыгын қызықтаса ән салған; ал жақын туыстарының бірі
қазаға ұшырап, қара жамылып, аза тұтса, өз сезімін мұңлы саз, шерлі
жоқтауларымен жеткізген.
Қысқасы, адам өмірінің әр кезеңіне, үй-іші тұрмысының әр түрлі әдет-
ғұрып, дәстүріне байланысты айтылатын ескілікті салт өлеңдердің түрлері
көп. Олар: бесік жыры, яғни балалар өлеңдері, үйлену салт өлеңдері,
мұң-шер өлеңдері.

Балалар өлеңдері
Қазақтың күнделікті үй-іші тұрмысында көп айтылып, көп қолданылатын
өлең түрлерінің бірі-жыры. Бесік жыры жас нәрестенің шыр етіп жерге түскен
алғашқы күнінен бастап, ат жалын тартып ерге отыруға жараған шағына
дейінгі аралықтың бәрінде де айтылады.
Дәстүр бойынша, бала туып, оған ат қою ата-ананың ғана қуанышы деп
қаралмаған, оны бүкіл ел болып, жұрт болып ортаң қуанышқа ұластырған. Әсіре
се, ер бала туса, аң түйенің қарыны жарылды деп, аруақты атап, ата
дәстүрін жалтастыратын ұл туды деп қуанатын. Ат шаптырып, атақты адын-
әншілерді шақыртып сүйінші-шашу сөз сөйлететін. Сол алғашқы шілдехана
күндерінде жастар үш түн оның қылып, ән салып, үй иесін мақтап өлең
айтатын. Бұдан үй иесі ата-ана да қалыспайтын.
Қуанып қан жүрегім қақ жарылып,
Қасірет басындағы қалды арылып.
Ұл көріп ұлы дүбір той жасаймын,
Атқан соң маңдайымнан таң жарылып ,—
деп, өзінің бар Қуанышын төгіл салатын.
Бұдан кейін баланы бесікке бөлеп, ат қою тойы басталады. Бұл үшінші
күн дегенде болады. Академик Әлкей Марғұланның айтуынша, балаға ат қою
сәуегей қарт, жыраулар, не алыс жол кешіп келе жатқан құтты аяқ
жолаушылардың міндетіне тиген. Ал, баланы бесікке бөлейтін адамдар да
сондай, ауылдың ең қадірлі, сыйлы әйелдері болған.
Бұдан басқа баланы қырқынан шығару, оның қарын шашын алу, тісі шықты
деп қуану, тұсау кесу, ашамайға мінгізіп атқа отырғызу секілді көп кәде,
жол-жоралғылар да бар. Соның бәрінде де әзіл-күлкі, ойын-сауық аралас
жүреді. Өлең айтылады, ән салынады, мал сойылып, ат шаптырған той болады,
балуандар белдесіп, бәйге жарияланады.
Қазақта балаларға арналған өлеңдердің екі түрі бар. Бірі —
балалардың атынан шығарылып, бірақ соны балалардың өздері орындайтын
өлеңдер де, екіншісі — ата-аналар шығарып, ата-аналар орындайтын өлеңдер
тобы. Демек, балаларға арналған өлеңдерді шығарушы — авторлары мен
орындаушыларының кім екендігіне қарап: балалар творчествосы, ата-аналар
творчествосы деп екіге бөлеміз. Бұл принципті қазіргі орыс
фольклористерінен бастап, көптеген ұлт республикаларындағы фольклористердің
бәрі де қолданып келеді. Мұның үстіне баланың жасы, өлеңнің тақырыбы мен
мазмұны, оны орындаушылар кім, әрі қандай жағдайда орындады деген сияқты
толып жатқан өзге де біраз сипаттарды ескеру керек. Мысалы, қазақта әлди-
әлди, ақ бөпем деп басталатын Бесік жыры мен Айгөлек деген өлең бар.
Міне, осының біріншісін тек ата-аналар ғана айтады. Ал, балалар айтса,
өзінен соңғы іні-қарындастарын тербетіп, тыныштандыру үшін үлкендерге
еліктеп айтады. Демек, Бесік жырын шығарушы автор да, орындаушы да
үлкендер. Қазақта мұндай өлеңдердің тобына жоғарыда айтқан Әлди, бөпемнен
өзге Қуыр-қуыр, қуырмаш, Көкем менің қайда екен, Бірім-бірі, Ақ
білек, Тұсау кесу сияқты біраз өлеңдер кіреді. Алайда бұл
өлеңдердің өздері де іштей бір-біріне жақын, ыңғайлас, тақырыптас
болғанымен мұның өзін де балалардың жасына, психологиялық
ерекшеліктеріне лайықты тәртіппен жүйелеген жөн. Айталың бесікте жатқан
баланы тербетіп ұйықтату иә тыныштандыру үшін ата-ана оны әлдилеп өлең
айтады. Мұны ел ішінде бесік жыры дейді. Бесік жыры — бесіктен шықпаған
балаларға айтылады. Рас, қол-аяғы таралып, талпынып келе жатқан бала бұл
өлеңнің сөзін түсініп жатпаса да, оның жан тербетер әдемі сазына бөленіп,
тәтті ұйқыға шомылады.
Бесік жыры —ананың ішкі монологі тәріздес. Ана үшін баладан тәтті,
баладан қымбат ештеңе жок десек, сол сезімнің барлығы да осы өлеңде
айтылған. Баласын сүйген ана оны кімге теңерін білмей, бірде:
Әлди, әлди, шырағым.
Көлге біткен құрағьш,
Жапанға біткен терегім,—
десе, тағы бірде:
Айналайын, шырағым,
Жағамдағы құндызым,
Әуедегі жұлдызым,—
деп, баласын дүниедегі ең қымбатты затқа ұқсатуға тырысады. Ақырында:
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүні кәрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бепешім,—
деп, өзінің аналық мейірімінен туған ыстың сезімін білдіреді.
Әрбір ата-ананың арманы біреу. Ол — баласының ертеңгі болашағы. Оның
кім болып әсері әзір белгісіз. Сондықтан ана алдағы күнге көз жүгіртіп,
баласын бірде жау туған батыр, бірде төрт түліктің тілін білетін малшы,
тағы бірде он саусағынан өнері тамған шебер иә таңдайы тақылдаған ділмар
болар ма екенсін дел армандайды.
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсін?
немесе:
Құрығынды майырып,
Түнде жылқы қайырып.
Жаудан жылкы айырып,
Жігіт болар ма екенсін?—
деген жолдар бір ғана ата-ана арманынан емес, бүкіл ел, халық тағдырынан
туған тілеу. Өйткені мал әсіріп, қоныс іздеп, жат жұртпен атысып, шабысып
жүрген көшпелі елге бұдан артық, бұдан ізгі тілеу жоқ.
Порф. Б. Г. Ерзакович қазақтың ән өнерінің бір түрі — балалардың ойын
өлеңдері дей келіп, бұл өлеңдердің жанрлық, музыкалық ерекшелігіне
тоқталады. Кең даланың құшағында өскен балалар бірде жаздын жауынды көңілді
шағын қызықтап өлең шығарса, енді бірде мал баққан көшпелі елдің өмірін,
құла дүзді жайлаған жан-жануарлар дүниесін өлеңге қосып, оны әр түрлі ойын
үстінде орындайтын болған дейді.
Шынында да, қыс бойы асыға күткен көктем шығып, дүние-төңірек көк
желекке бөленуімен байланысты балалардың асыр салып, өлең айтып, көңіл
көтеретін ойын-сауықтары да жиілей бастайды. Міне, сондай қызықты бір шақ —
қыс қысымынан құтылып, жадыраған жаздың келуі. Көгалда жатып көсіліп,
күншуақтап шешініп мәз болған балалар жадыраған жазды көңілді әнмен қарсы
алады:
Балақай-ау, балақай,
Жаз келеді-ау, алақай!
Жалаң аяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Көлден балық сүземіз,
Жалтылдатып тіземіз,
Тау мен тасты кеземіз,
Сан қызықты көреміз,
Сайдан жидек тереміз.

Тайға мініп желеміз,
Алты бакан тебеміз!
Бұл өлеңдерде балалардың жасына, мінезіне лайықты образдар мен
мотивтер, әр түрлі күлкілі құбылыстар жиі қолданылады. Мысалы:
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрың жүні ұзын екен,
Мұзға мінген екен
Бұты сынған екен,—

деген секілді қисынсыз жайлардан күлкі тудыратын суреттер, немесе пісіріп
отырган сиырдың сүтін көбелек келіп көлп етіп, жапалақ келіп жалп етіп ішіп
кетуі тәрізді әрекеттер бала қиялынан туған поэтикалық сипаттар.
Казақ тірлігінде ер бала болса, мал бағып, ер-тұрман дайындау, қыз
бала болса, анасына қолқабыс етіп, сиыр сауу, жүн түтіп, киіз-құрым басу
секілді үй-ішінің бар жұмысына араласқан. Сондай кездерде жас балалар
үлкендерге қосылып өлең айтып, иә өз түсініктерінің шеңберінде әр түрлі
тақырыпқа өлең-тақпақ, ойын сөздерін шығарған. Мысалы, бір жерден екінші
жерге, бір қоныстан тағы бір қонысқа көшіп-қонып жүрген ескілікті тұрмыстың
суретін айнытпай көрсететін:
Ертең аулым көшеді,
Уық бауын шешеді.
Қара қойып қашады,
Құмалағын шашады.
Аң сандық,
Көк сандық,
Арқан тарт
Кілем арт!

деген тәрізді бала қиялынан туған детальдар — уық бауын шешіп, үйін жығып,
дүние-мүлкін артынып-тартынып жатқан малды ауылды көз алдықа келтіреді.
Сәкен жас балалардың ойын-тақпақтары да мал өсімімен тіршілік қылған елдің
тұрмысына лайықты... Сол тұрмыстың санасын, сезімін көрсетеді деп жазды.
Мұның шындығын саусақ санау ойынындағы:

Сен тұр — қойыңа бар!
Сен тұр — қозыңа бар!
Сен тұр — жылқыға бар!
Сен тұр —сиырыға бар!
Сен тұр — түйеңе бар!

деген сөздерден де, болмаса балалар өмірінің көп ауыртпалығын
елестететін:
Ешкі бақтым, еңіреп бақтым,
Қой бақтым, қоңырау тақтым,
Сиыр бақтым, сидаң қақтым,
Жылқы бақтым, жорғалаттым.
Түйе бақтым, түйме тақтым.
Ылақ бақтым, жылап бақтым,—

тектес өлеңдердің мазмұнынан да көруге болады.
Бүкіл өмірін ашық аспанды табиғат құшағында өткізетін көшпелі елдің
балаларына, әрине табиғат тамашасын қызықтап өлең шығару да дағдылы іс
болған. Мысалы, Айгөлек, айгөлек, айдың басы дөңгелек, Жау, жау, жаңбыр,
жау, жаңбыр деп келетін суреттер табиғаттың әдемі, сұлу көріністеріне
құмартып, сүйсінуден туған.
Сондай-ақ жаздың жайма шуақ кеңшілігін пайдаланған балалар ұзақты күн
ойын соңында болып, талай күлкілі ойын түрлерін ойлап тапқан. Солардың
ішінде Асау мәстек, Соқыр теке, Үй артында қол-ағаш, Қазық бау
сияқты ойындар балалардың дүние танымын кеңейтеді, денелерін шынықтырады.
Ойын сөздері де қызық; әрі көңілді, әрі күлкілі:
Әй, ер екенің білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң теңкейіп,
Ерлігіңе сенейін

Жаман, қотыр мәстекке міне алмай құлап жатқан құрбыларын балалар
осылайша қалжыңдап, күлкі етеді.
Балалар аң мән құс, жан-жануарлар туралы да талай көп өлең-тақпақтар
шығарған.
Ай, көбелек, көбелек,
Қанатық неге дөңгелек.

Немесе:
Ала канат сауысқан
Арық атқа жабысқан ...
Қарқ-қарқ еткен қарғалар,
Қанды көрсе, жорғалар,—
деген өлең жолдары балалардың барынша байқағыш сезімталдығының, әр нәрсені
өзінше түсініп, өзінше бағалай білетіндігінің куәсы.
Сөйтіп, балаларға арналған өлеңдер өзінің жасалуы, стиль, композициясы
жағынан екі түрлі болып келеді. Мұның біріншісі — монолог түрінде келетін
Әлди, бөпем тектес арнау өлеңдер де, екіншісі — оқиғалы сюжетке құрылған
өлеңдер тобы. Біріншіде әр жол иә әр шумақ сайын келетін Әлди, бөпем,
әлди, немесе Ал білек, бал білек деген сияқты рефрен бар да, әр жол
біркелкі ұйқаспен аяқталып отырады. Өлеңнің ритмі баяу, эпитет, теңеулерге
бай, текстіні әркім өз қалауынша ұзартып, ұлғайта беруіне де болады. Ал,
екінші типтегі өлеңдер бас-аяғы бүтін, нақтылы сюжетке бағынады, ұзаса екі-
үш, әйтпесе бір шумақпен де оқиғаны аяқтап, түйіп тастайды. Өлеңнің ырғағы
балалардың ойынына лайықты жасалғандықтан, мұндай өлеңдерге жаңадан жол
жалғап, иә тыңнан шумақ тіркеу мүмкін емес.
Балаларға арналған өлеңдердің жасалуы, көркемдік әдіс, тәсілдері де әр
түрлі. Ол бірде дәстүрлі лирикалық өлеңдердің көркемдік құралдарына
негізделсе, енді бірде балалар өлеңдеріне тән, өзіндік стильді пайдаланады.
Сондай-ақ бұл өлеңдерде күнделікті тұрмыстың нақтылы суреттерімен бірге
өмірді тым сұлулап, көркемдеп көрсетушілік те жоқ емес. Мұның алдыңғысы
ауызекі сөйлеу интонациясына сүйенсе, соңғысы ауыспалы мағынада келетін
көркемдік құралдарының көмегімен жасалады.
Балалардың ойын-сауық қимылдарына негізделген өлеңдерде диалог, арнау,
сұрау-жауап сияқты стильдік ерекшеліктер мол. Өлең көңілді күлкіге,
фантастикалық элементтерге бай. Мысалы, сұрау-жауап түрінде келетін:
— Ауылың қайда?
— Асқар тауда.
— Қойың қайда?
— Қошқар тауда.
— Қойың не жейді?
— Жусан жейді
деген сияқты ойын сөздерін, немесе фантазиялың суреттерге бай:
— Мұз-мұз, сен неден
Күшті болдың?
— Мен кушті болсам,
Бауырымды жаңбырға Тестірмес едім.
— Жаңбыр-жаңбыр, сен неден
Күшті болдың?
— Мен күшті болсам
Жерге жұтқызар ма едім,—

деген сияқты әр алуан құбылысты, не шамадан тыс көтеріп, не құлдыратып
көрсету балалардың психологиясынан, қиял-сезімінің ұшқырлығынан туған.
Сондай-ақ Тем-тем, тем еткен, Тебінгіден тер өткен деген тәрізді жау
қуған батырлардың жасақты қолын салып айтатын ойын сөздері де өзінше
қызықты.
Ескілікті салт өлеңдерінің өзге түрлері секілді қазақтың бесік жыры
мен орыс, украин, литва, қырғыз, қарақалпақ; балаларының осы типтес
өлеңдері арасында да біраз ұқсастықтар бар. Мысалы, қазақ жылаған баланы
уатып, алдандыру үшін оған бірде жілік шағып берейін, бірде құймақ құйып
берейін деп кеңілдендіреді. Міне, осы сарын орыста Варю-варю кашу,
литвалықтарда Вирю-вирю коше болып келеді. Ал, көрші отырған қырғыз,
қарақалпақ елдерінде айтылатын бесік жырының, тіпті жалпы балалар
өлеңдерінің қазақ өлеңдерінен онша көп айырмасы жоқ. Образ, сюжет
ұқсастықтарын былай қойғанда, көптеген шумақтар бірін-бірі дәлме-дәл, сөзбе-
сөз қайталайды. Соған қарағанда балалар өлеңдерінің түп төркіні сонау ерте
замандардан, яғни қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының әлі ұлт
болып бөлінбеген дәуірлерінен бастала ма дейміз.
Қысқасы, балалар өлеңдері ескілікті қазақ өмірінің айнасы, бала
тәрбиелеудің өзінше бір оқулығы тәрізді халық творчествосының қызықты бір
саласы.

Үйлену салт өлеңдері

Адам өмірінің ендігі бір кезеңі — ержеткен екі жастың бірін-бірі
сүйіп, отау тігіп, өз алдына от жаққан алғашқы үйлену салтанатынан тұрады.
Қазақ халқында құдалыққа келуден бастап, келін түскенге дейінгі
аралықта жасалатын өзінше көп жора-жосық бар. Сондықтан үйлену салт
өлеңдерін талдамас бұрын, сөзді алдымен сол өлеңдердің тарихи-этнографиялық
негізін, оның халықтың әдет-ғұрыппен, салтпен байланысын әңгілімелеуден
бастаған жөн.
Біз құда тусудің жора-жосығын баяндайтын төрт түрлі деректі қарап
шықтық. Соның біріншісі — Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз
ұзату және той жасау дәстүрлеріне арналған Ы. Алтынсариннің очеркі (1870)
болса, екіншісі — оңтүстік облыстарында тұратын қазақтардың қыз ұзатып,
келін түсіру кәделерін баяндайтын Н. И. Гродековтың сипаттамасы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз жыры
Абай шығармаларындағы салт - дәстүрді дәріптеу
Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы
Фольклордың шағын жанрлары
Ұлттық педагогика негіздері пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Халықтық педагогикадағы ән-жырлар
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Фольклор материалдары этнопедагогакалық ғылыми-зерттеу объектісі ретіндегі ролі
Халық педагогикасының асыл арналары
Пәндер