Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ
M23. 019-Ғылыми жазба
Лекция тезистері
Түркістан 2014
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: «01. 09. 2014 »
ф. ғ. к., доцент Қаратышқанова Қ. Р.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ :
2. 1. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 01. 09. 2014ж.
Кафедра меңгерушісі, теолог, ғ. д., профессор: И. Шенгүл
2. 2. Гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында.
Хаттама № 1 02. 09. 2014ж.
Төрағасы: п. ғ. к., доцент Искакова П.
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
1. Дәріс . Ғылыми жазба түрлері және әдіс-тәсілдер
1. Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi.
2. Дін және жаратылыстану ғылымы
Магистранттарға жан-жақты тыңғылықты білім берудің маңызды формасының бірі - оқу жоспарында көрсетілген негізде ғылыми жазбамен айналысу. Бұлар магистранттардың екі жыл бойғы алған теориялық білімі мен мамандық деңгейін анықтайтын зерттеу еңбектері де.
Ғылыми жазба және зерттеу жұмыстарын ойдағыдай орындау үшін алдымен магистрант сол тақырыпқа қатысты теориялық және ғылыми еңбектерді, арнаулы зерттеулерді, анықтама-библиографиялық көрсеткіштерді, газет-журнал матералдарын, архив фактілерін іздестіріп, қажетті деректі екшеп, әзірлеп алады. Тікелей тақырыпқа қажетті деректі жинақтап, қорытады.
Магистранттарға арналған әдістемелік құралдарда ғылыми жобалар жазуда бірқатар бағдарлық ақыл-кеңестер айтылып қана қоймай, ғылыми тақырып таңдау мен оны негіздеуге, жұмысты жоспарлауға, жазуға, безендіруге, библиографиялық көрсеткіштерді тізбелеуге, қорғауға байланысты көмекші материалдар да ұсынылады.
Ғылыми жазба курсы алдына дінтану және діндер тарихы пәндері тақырыптарын қарастыру мен олардың реттілігін қамтамасыз етуді нысана етеді. Осы орайда бұл курс алдына дін ғылымдарының тақырыптары мен мазмұндық құрылымын беру методологиясын зерттеуді міндет етеді.
Жоғарғы негізгі білім беру мен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің білімдік - кәсіби бағдарламалары бойынша білім алушылар білім беру ұжымындағы жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқудың ақырғы кезеңінде, егер ол білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарты мен мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген жазба жұмыстарын орындайды. Олардың қатарында реферат, ғылыми баяндама, ғылыми мақала мен магистрлік диссертациялар жазу бар.
Магистрлік диссертация жоғары оқу орнын бітіруші магистранттың жетекшімен бірге таңдаған мамандық бойынша белгілі бір тақырыпқа даярлаған қолжазбасы. Магистрлік диссертация магистранттардың жоғары оқу орнынан кейінгі негізгі білім алудағы қорытынды сатысы болып табылады және мына мақсаттарды алға қояды:
- мамандық бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын бекіту және жүйелеу, нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік, сонымен бірге мәдени бағыттағы мәселелерді шешуге қолдану;
- магистрлік диссертацияда мәселелер мен сұрақтарды шешу барысында өз бетінше жұмыс жасаудағы біліктілігін дамыту, тәжірибе жасау және зерттеу әдістемесін игеру;
- мақсаты бағытқа сәйкес, қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет салаларында магистранттардың өз бетінше жұмыс жасауға дайындығын тексеру.
Магистрлік диссертацияның тақырыбы көкейтесті ғылымның, техниканың, мәдениеттің даму үрдісіне және қазіргі заманға сай болып, өзінің мазмұнына қарай 2 пунктте аталған мәселелерге жауап беруі керек. Магистрлік диссертацияның тақырыбын айқындауға өндірістің, ғылым мен мәдениеттің нақты мәселелері мен міндеттері ескеріліп, мамандарды даярлау профиліне сәйкес келуі керек.
Әлем жаратылысының ғылыми түсінігі дінге қарсы келмейді және әлемді діни тұрғыда қабылдауды әлсіретпейді. И. Кеплердің айтуынша, математикалық принциптер құдай еркін білдіреді. В. Гейзенберг бойынша, жаңа ой-пікір мүлде діннен бас тарту деген сөз емес, яғни ғылым мен дін қарама-қарсы емес.
Дүниеге діни көзқараспен қараудың орталық тақырыбы - Құдай бейнесі. Дамыған монотеистік діндерде теологияның екі типі бар: 1. катафатикалық; 2. апофатикалық. Катафатикалық теология Құдай турасында және Оның жоғары сипаттары турасында сөйлеуге мүмкіндік береді. Апофатикалық теология Құдайды тек жүрекпен, уахи арқылы тануға болады деп есептейді; адам тілі Құдай қасиеттерін бере алмайды, өйткені олардың адамзаттікінен айырмашылығы үлкен.
Христиан шіркеуінің ілімі бойынша, Құдай - жаратушы. Адам Құдай бейнесіне ұқсатылып жаратылған. Ол тіпті «Құдайдың ұлы» да болады. Адам мен Хауа күнәсі оларды қиыншылығы мол, өлім бар жер бетіне түсірді. Адам - күнәхар. Кез-келген адам, тіпті нәресте - күнәхар. Өйткені онда зұлымдықты тудыратын нәпсі бар. Адам Құдайдың өзіне берген бостандығын дұрыс қолданбайды. Ол оны тән қалауларын қанағаттандыру үшін, билікке ұмтылуда қолданады. Бірақ адамдардың барлығын Қорқынышты Сот күтіп тұр. Онда өлгеннен соң адамдардың тағдыры шешілед. Қайта тірілген денелер (Христиандықта тән мен жан бір қалады) не мәңгі жаннаттық, не тозақтық болады. Жаннатта мәңгі қалғысы келгендер христиан шіркеуінің ілімі бойынша өмір сүріп, діни өмір кешулері керек. Дін бізге ұсынатын әлем туралы дүниетаным уақытша өзгере беретін жорамал емес, олар мәңгі ақиқат деп қарастырылады. Ал ғылымда ғалым фактілерді зерттеп, бар жорамалды жоққа шығарып отырады. Тұрақтылық пен өзгеріс, мәңгі мен уақытша араларындағы алшақтық дінге сенгушінің алдына көп кедергілер қояды. Бірақ бұл екі полюсті ұғымдар бір-бірімен тығыз байланыста қаралу керек. Мәселен, И. Ньютон көзқарастары. Исаак Ньютон табиғатқа таза механикалық тұрғыда қарауды жеткіліксіз деп түсінген: ол болмыстың тереңіндегі мәнді табуды қалаған. Алхимияны тереңінен зерттеген ол болмыстың кездеспеген тұстарын іздеген. И. Ньютонға болмысты зерттеудің жалпыламалық, философиялық тәсілі тән. Оның шығармашылығы ізденісті екі бағытта жүргізеді - нақ шынайы дінді іздеу және болмыстың шынайы бейнесін табу.
ХХ ғ. басында қалыптаса бастаған екі ұлы ғылыми теориялар - кванттық және қатынастық теориясы әлемдік құрылым жайлы көзқарасты түбірімен өзгертуге әкеліп соқтырды. Ньютондық әлем кенеттен тар бола бастады: ол шектеулі жағдайда ғана іске асатын физикалық заңдарды ғана бағындырды.
Ньютон үшін кеңістік, уақыт, материя және энергия тек априорияларға ғана қолданылатын дискретті концепциялар болды. Олар әлем туралы түсініктің сырты ғана болып қала берді. Ньютон сүйенген зерттеулер мен тәжірибелер негізінде бұл концепциялар, әрине, жарамды еді. ХХ ғ. басында дүниеге келген Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы Ньютон көзқарастарын ығыстырып шығарды. Мұндағы негізгі өзгеріс кезінде Ньютон жоққа шығарған көзқарастардың арасындағы өзара байланыс еді. Арнайы салыстырмалылық теориясы қуаты e=mc²-ге тең материя мен қуат арасында байланыс орнатты, аз мөлшердегі материяны жою, көптеген қуатты үнемдей алды. 1916 жылы жарыққа шыққан жалпы салыстырмалылық теориясы бір-бірімен уақытты, кеңістікті, салмақ пен қуатты біріктіре алды. Уақыт пен кеңістік әрдайым өзгерісте болатын болды, екеуі де қозғалыс күшінің әсерінде [11, 314] .
Сонымен қатар үлкен өзгерістер басқа да салаларда - атомдық және субатомдық деңгейде орнады. Ньютон физикасы бойынша дене өзгеріссіз заңға бағынады, ал бұл өз кезегінде олардың іс-әрекетін болжай алады. Бірақ электронның ашылуы, элементар бөлшектер мен кванттық теорияның дамуы материяның құрылымдық бөлшектерінің әрекеттерін алдын-ала болжауға болмайтындығын көрсетті.
Сонымен бірге, кеңістік пен уақыт, қуат пен материя бір-біріне тәуелді әлем ашылды. Сонымен қатар, төрт негізгі күш - гравитация, электромагнетизм, осал және алып ядерлік өзара байланыс күші бар екендігін білеміз. Физикалық мақсаттардың бірі - осы төрт күшті біріктіретін теорияны жасау.
Әлемде ұйымдардың түрлі деңгейін анықтауға болады. Бұларды физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік деңгейлердегі мысалдардан аңғаруға болады.
Бұл өзгерістердің дінге тигізген әсері.
Механикалық процестер арқылы басқарылатын әлемде құдайды «дейінгі» және «тасқары»; бірақ кванттық және салыстырмалылық теориясы көрсететін әлемнің қиын да, толық көрінісінде қарапайым деизм концепциясы қисынға келмеді.
Дін де, ғылым да нақтылықты зерттейміз дейді; екеуі де ақиқатты тұжырымдайды. Бірақ ақиқат, оның қалай ақиқат болып табылуына тәуелді. Мәселен, 2+2=4 бұл ақиқат. Егер кімде-кім «Құдай менің жүрегімде» не болмаса «Барлығына Будданың табиғаты тән» десе, біз бұл тұжырымдамалардың жалғандығын не ақиқаттылығын дәлелдеу мүмкін бе және егер дәлелдеуге болатын не теріске шығаруға болатын болса, қандай дәлелдер терістей не мақұлдай алады.
Ғылыми тұжырымдамада барлығы қарапайымдау. «Батыс философиясы тарихында» Бертран Рассел осы жайлы былай дейді: « . . . Ғылым адамының ерекше қасиетінің бірі, оның нені ақиқат деп тануында емес, оның бұл көзқарасты қалай және неге ұстануында. Оның тұжырымдамалары догмалық емес, тәжірибелік негізде; олар түйсікке емес, дәлелдерге негізделген».
Дегенмен, бұл тұжырымдаманы сынға алуға болады: мысалы, эмпирикалық дәлелдер негізінде гипотезаны жасаған ғалым қандай жағдайда жүйелік дедукцияға қалай келді және ол қаншалықты түйсікке тәуелді екендігі дау туғызады. Бірақ Рассел жалпы ғылымның ерекшелігінің бірі - оның нәтижесі емес, әдіс-тәсілдері екендігін нақты көрсеткен.
Егер де ғылым мен дінге сенуші адам бір нәрсеге сенетін болса, мұны түрлі себептермен жасайды. Ғылым рационалды эмпиризм негізінде жұмыс жасайды, яғни эмпирикалық дәлелдерді рационалды тұрғыда қарастырады.
1. Бақылау мен ақпараттарды жинау.
Ғалымдар жинақтап жатқан ақпараттарына өздерінің нақты көзқарастары аз мөлшерде әсер етуіне ұмтылады, ал бағалаған жағдайда зерттеуге қатысы жоқ дәлелдері алып тастауға тырысады. Мысалы, жаңа дәрі-дәрмектерді тексеру барысында емделушілерді бақылауға алатын топ құрады, оларға зерттелу жағдайындағы дәрі-дәрмектерді бермейді, бірақ оның жағдайларын бақылауға алып отырады.
2. Жинақталған ақпараттар негізінде гипотезаның қалыптасуы.
Дәл осы жерде елестету мен түйсіктің ролі зор: бір ақпараттың өзі көптеген түрлі гипотезаларды тудыра алады емес пе.
3. Гипотезаларды тексеру барысында тәжірибе жүргізу.
Егер гипотезалар дұрыс болып шықса, нақты ақпарат нақты нәтижеге әкеледі.
4. Тәжірибенің нәтижесін түсіндіретін теория ойлап табу.
Бұл индукция деп аталады; мақсатқа жету жолында сенімділік деңгейі шектеулі.
5. Теория негізінде болжам жасау.
Егер теория дұрыс болса, одан салдар шығуы қажет. Мұндай екінші дәрежедегі нәтижелерді бағалау алғашқы теорияның ақиқаттылығын тексеруде маңызды.
6. Верификация - теорияны жаңа тәжірибелер арқылы тексеру [11, 319] .
Теорияны жаңа тәжірибелер арқылы тексеру ұзақ уақытты алады, нәтижесінде теорияға өзгерістер енгізу қажеттілігі туады. Абсолютті сенімді болып ештеңені де тұжырымдамауға болмайды. Теория тұжырымдалған сайын, оның ақиқаттылығы жоғарылай бастайды. Әрбір теория уақыт келгенде жарамсыз болып қалады, не шектеулі жағдайда ғана ақиқат болатындығы дәлелденеді.
Дәлелденген ақпараттарды жинап, одан кейін индукциялық әдіс арқылы абсолютті ақиқатты алуға болады деген ой сіздерге қызық көрінуі мүмкін. Юм жалғыз индукция арқылы ақиқатты табу жеткіліксіз дейді. Оның дәлелі өте қарапайым: қандай да бір құбылыстың қаншама тұжырымдамасын алғанымызбен, келесі жолы дәлелденбей қалу мүмкіндігі бар. Сонымен, жеткілікті дәрежеде эмпирикалық дәлелдерді ала отырып, ғалым, табиғатта белгілі бір негізгі тәртіп бар және сол сәйкесінше гипотезалар шығарып отырады деп тұжырымдайды. Бірақ бұл негізсіз, себебі айтылған ой тек қана болжам болып қала береді.
ХХ ғ. І-жартысында Вена үйірмесіндегі философтар нақтылықты бейнелейтін тіл ғана мәнді екендігін тұжырымдайтын концепцияны жарыққа шығарды. Олардың ойынша, қарапайым логикалық емес қорытындыларды эмпирикалық дәлелдердің көмегімен негіздеу қажет. Мұндай көзқарас ғылыми әдіс-тәсілге оң әсерін тигізді.
Қандай жағдай болмасын, жоғарыда көрсетілген амал нақтылықты бейнелеу мен қабылдаудың қапарпайым түрі бар екендігі жайлы болжамға құрылған, ғалымдардың жинаған ақпараттары өздерінің жеке қызығушылықтары мен мүдделеріне еш әсерін тигізбейді. Кун мен Поппер интерпретацияланбаған ақпараттарды жинау мүмкіндігін сынға алады. Поппер интерпретацияланбаған ақпараттардың болуы мүмкін емес деп дәлелдеді. Ол индукциямен айналысқанды емес, теорияны ойлап тауып, оны дәйектік мәліметтерде тексерген жағдайда ғана алға жылжи алатындығын көрсетті (Ғылыми жаңалықтардың логикасы, 1934) . Ақпараттардың барлығы интерпретацияланған деген тұжырым дәстүрлі эмпиризмнің екі өте маңызды қасиетіне шек келтіреді:
- Бастапқыда сана tabul rasa («таза парақ») болып табылады, кейіннен ақпараттармен толыға бастайтын Локк тұжырымдамасы. Керісінше, сана ақпараттарды интерпретациялау үшін әрдайым образдар тудырып отырады. Демек, объектіні қабылдау - оны интерпретациялау дегенді білдіреді.
- Тіл өзге ішкі әлемнің қарапайым бейнесін көрсетеді деп Витгенштейн тұжырымдаған болатын («Трактат») . Керісінше, тілде заттарды біздің қалай қабылдайтындығымыз орныққан, яғни, тілді біз шығармашылық тұрғыда қолданамыз және оны қолдануымыз интерпретациялау кезеңінің бөлігі болып табылады.
Ғалымдар интерпретациялау кезінде түбінде таныс нәрсе жататын және теорияны түсіндіруге арналған жаңа нақыл ойлап табады. Бұл модельдер әрдайым өзгерісте болады.
Ғылым тілін бірыңғай ие тұтастай эмпирикалық деп санауға негіз жоқ.
Діннің адамдарды өзіне сендіретін семантикалық тәсілі жоқ. Дегенмен, жалпы дін үш негізгі бастауға сүйенеді:
- Құдай адамзатқа ақиқатты ашып беретіндігіне сену. Бұл сенімді киелі кітаптар мен діндарлар арқылы береді.
- Жеке тәжірибе: діни күйзелістің түрлі салалары бар, олардың көбі адамдарды өзіне белгі болған жайттарды жайып салуға әкеліп соқтырады.
- Табиғи теология: ақыл мен бақылауға негізделген сенімнің нақты жағдайының пайдасына қарай дәйек болып табылады [11, 324] .
Бұл бастаулардың үшіншісі ғылыми тәсілге жақынырақ. Бірақ олардың арасындағы айырмашылық дінге сенуші адамдарға олардың діни дәстүрі тұжырым мен сөз бере алады. Және мұның көмегімен барлығында өз тәжірибесінде басынан өткізе алады. Онымен қоса, бұл сенімдерге негізделген жақындастықтың себебі толығымен рационалды болмағандықтан, діни адамдар ғылыми адамдарға қарағанда, өздерінің тұжырымдамаларын өзгертуге асықпайды.
Діни ойшылдар ғылыми әдіс-тәсілдермен қақтығысқанда бұл жағдайға түрліше әрекет ете бастайды:
- Сенімнің дәйектік мазмұнын аз мөлшерге дейін қысқартады.
- Діни сенімге негізделген, сондықтан адам ақылының оған қатынасы шамалы деп тұжырымдалады.
- Ғылыми әдіс-тәсілдің діни әдіс-тәсілден айырмашылығы - дін нақты әлем туралы дүниетанымға сенеді, ал ғылым әлем туралы дүниетанымның қалыптасу, бағалану және модификациялану қызметіне сенеді.
- Ғылым - бұд әдіс-тәсіл, ал дін - белгілі бір нақты дүниетанымға берілу [11, 323] .
Ғылымда «неге», ал дінде «қалай» деген сұрақтың қойылуы - әдіс-тәсілдердің айырмашылығында деген ойды тудырады; басқалай айтсақ, біріншісі - себепті байланыстар және делелдермен, ал екіншісі - мән және мақсатпен айналысады.
Бірақ бұл қиынырақ, себебі ғылым да әлдемді ұғыну үшін оптимальды ортақ амал табу үшін «қалай» сұрағын қояды. Кей мағынада дін де әлемді ұғынудың басқа да жолдарын іздестіреді. Бірақ дін мен ғылым арасындағы айырмашылық - ғылым зерттеліп отырған нысанға ғалымның жеке қатынасын жоққа шығарғысы келсе, діннің ажырамас жағы дәл осы жеке қатынас болып табылады.
Діни философтар ғылыми әдіс-тәсілге редукционизм деген тенденция тән деп жатады. Редукционизм - тұтас объектілер құрама бөліктерге ажырап, одан шыққан қиын тұтастық емес, тек осы элементтер ғана нақты дейтін процесс. Редукционизмге, әдетте, қиын тұтастық - бұл . . . дан басқа ештеңе» деп тұжырымдайтын тенденция тән. Қазіргі кезде бұл кінәраттар ньютондық физика кезіндегідей бағаланбайды, себебі, қазір қиын құрылымдардың заңдылықтары мен хаос теориясы кеңінен зерттелуде.
Дегенмен, бұл мәселе Доукинстің «Өзімшіл ген» кітабында адам дамуының аспектісі ретінде қайта көтеріледі. Жалпақ тілмен айтқанда, бұл кітаптың мәні адамдардың іс-әрекеті генетикалық тұрғыда қалыптасқандығы жайында. Гендер өмір сүру және таралу үшін күреседі; ал адамдар гендердің өмір сүруі үшін қажет «сауыт» қана болып табылады. Редукционизмнің мәселесі қай ұйымның деңгейін бірінші, ал қайсысын - екінші деп санаумен байланысты. Біз ген үшін, не гендер біз үшін бе?
Қарапайым деңгей мен құбылыстардың аралығында орны бар заттар арасындағы теңсіздікті табу қиындық туғызып отыр. Күрделі жүйелердің құрама бөлшектерінен басқа мәні жоқ.
Дамуға бағытталған редукционистік амалдың шектілігі К. Поппердің еңбегінде толық көрсетілген («Ашық әлем», 1982) .
Редукционизм - форма ретінде өзінің орнын формасыз субстанцияға ұсынатын процесс. Редукционизмнің логикалық соңы бірыңғай әмбебаб нақтылықты енгізу болып табылады.
Ғалымдар құбылысқа жан-жақты мүмкіншігінше мол түсініктеме беретін теория жасап шығуға ұмтылуда; теорияның оң мақсатқа қолданылуына мүмкіндіктің жоғарылауы ғылыми одақтастыққа оң әсерін тигізеді.
2. Дәріс . Діни танымдық әдістер
1. Діни ғылымдарды зерттеудің әдістері
2. Дін және философия
Ғылым құбылыстар арасындағы байланысты көрсетеді; бір зат екінші заттың себебі бола алады; бір шарттың жиынтығы одан басқа зат пайда болуы үшін қажет. Ғылым белгілі бір нақты құбылыс тұтастай әлеммен қандай жағдайда байланыса алатынын да көрсете алады. Бірақ ғылым осы байланыстардың қандай да бір мақсатта қасахана жасалғанын айқындай алмайды. Бір жағынан, дін әлемнің құрылымындағы мақсатты көрсеткісі келеді. Діни дүниетаным бойынша, әлемнің тұтастай табиғаты мен пайда болуын қарастыру мәселесі тануға болатын нәрсенің шекарасына әрдайым жақын келуімізде.
Адам басқа түрлердің эволюциясы нәтижесінде дамыды деген тұжырым, сөзсіз, Құдай Адам мен Хауаны жеке, ерекше түр ретінде жаратты деген Болмыс (Жаңа Өсиет) кітабындағы сөзге қайшы келеді. Бұл тұжырым үлкен дау туғызды. Кейбіреулері мұндай көне жазуларды аллегориялық және символдық мағынада қабылдауы қажет деп табады. Бұл тартысты соңына шейін жеткізу үшін бұл кітаптың беттерінен орын табылмас еді. Сондықтан да біз эволюция идеясының дін саласына енуін ғана қарастырамыз.
Шын мәнінде, тартыс дарвиндік «Түрлердің пайда болуы» \атты кітабындағы адам жеке, дара жаратылыс па немесе маймылдан таратылған ба деген мәселе төңірегінде өрбіді. Барлық эволюциялық теорияға қарсы оппозиция 2 жақты қарастырылды:
1 - адамды басқа да түрлерге қарағанда жоғары орынға қою;
2 - әлемнің пайда болуы жайлы інжілдік ақиқатқа сөзсіз сену.
Одан басқа, Дарвин теориясы Құдайдың қалай әрекет ететіндігі жайлы пікірді сынға алады.
Телеологиялық дәйектер Құдайды әлемді жаратушы мен құрастырушы ретінде көрсетеді. Құдайдың әрбір жаратылысы ерекше қасиетке ие екендігі дәлелденді.
Дарвин теориясының орталық дәлелдерінің бірі - эволюция қызметінің механизмі болып табылады, бұл дегеніміз табиғи сұрыптау. Осы теория бойынша қоршаған ортаға басқалардан тез үйренетін тіршілік иесінің үлкен жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндігі зор. Сонымен, мұндай сұрыпталу түрлердің оң дамуына әкеледі.
Бұл теологиялық мәселені тудырды: егер бұл теория ақиқат болса, ол алғашында жасампаз ретінде Құдайдың іс-әрекетімен түсіндірілетін жаратылған тіршілік иелерінің қасиеттерін түсіндіреді. Сонда, табиғи сұрыпталу кезінде түрлер бір қалыпты деңгейде өзін-өзі құрастыра алады.
Генетикалық теория дарвиндік табиғи сұрыпталудың негізін құрайтын кездейсоқ вариацияның қалай іске асатындығын көрсетті. Генетикалық ақпараттардың кездейсоқ зақымдануы айтылып тұрған түрге пайда не зиян әкелетін вариацияға әкеп соқтырады.
Ричард Доукинс шашыраңқы атомдар мен молекулалар өздігінен көз сияқты ағзаны құрастыруы мүмкін емес болып көрінетін күрделі объектілерді қарастырады. Доукинс әрдайым жоғарыға жетелейтін жолдың бар екендігін дәлелдейді, себебі табиғи сұрыпталу жазымды гендік мутацияны сақтап қалып, жағымсыздарын тысқарылдайды. Нәтижесінде оның қоршаған ортаға жақсы бейімделетін күрделі формалардың пайда болуы ерекше жағдай екендігіне көзі жетеді.
Табиғи сұрыпталудың қазіргі заманғы жақтаушыларын генетикалық теория мен компьютерлік модельдеуді қолдануда Құдайдың әс-әрекеті деп түсіндіріп келген басқа да құбылыстардың пайда болу механизмін көрсете алады.
«Ғылым және жаратылыс» (1988) кітабының авторы Джон Полкинг Хорн, керісінше тұжырымдайды: елестетудің өзі мүмкін емес «соқыр жағдайдың» әлемді басқара алатындығы [11, 338] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz