ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ДАНАСЫ



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕМНІҢ АСЫЛ ДАНАСЫ
Әлем әдебиетінің ең үздік классиктерінің бірі, тәжік-парсы поэзиясының
негізін қалаушы, "Ұлы Ұстаз", "Ақындардың патшасы" атанған данышпан ақыны -
Әбу Абдіаллах Жафар ибн Мұхаммед Рудаки ІХ ғасырдың елуінші жылдарының
аяғында туып, 942 жылдың ішінде дүниеден озды деген мағлұматтарды Самани
(1113-1167), Мұхаммед Авфи (1237) дәлелдепті. Самани сол кездегі "Кітаб-әл-
ансаб" атты энциклопедиялық сөздіктің авторы болса, Авфи "Мубаб-уәл-әлбаб"
(Жүректердің кіндігі) атты поэзиялық антологияны құрастырған ғалым. Бұл
ғалымдар Рудакидің туған жері деп, осы күнгі Сағди облысының (бұрынғы
Ленинабад), Пенжекент ауданындағы, Панжруд елді мекеніндегі Рудак қыстағын
атаған. Осы жерде ұлы ақынға арнап орнатылған үлкен мазар, әдемі құлпытас
және мұражай бар. Осылай түсінгеннен кейін Рудак деген атаудың Рудакиден
шыққанын анықтады.
Егер де орта ғасырдағы Мұхаммад Авфи Рудакиді анасынан су қараңғы
зағип болып туған десе, оған көптеген зерттеушілер сенбестік білдіреді. Осы
күдікті қолдайтын жеріміз ақынның өз шығармаларынан айқын туындайды.
Мысалға бір газелінде:
"Жүзің жылы тірілгендей өлі жан,
Шашың қара түндей біздер жолығар", -
десе, қалайша бұл соқыр жанның сөзі дерміз. Ал "Кәрілік жайлы өлеңдерінде":
"Гүлзарлар да шөлге айналып кетіпті,
Шөл гулденіп, гүлзарлыққа жетіпті".
"Иісі жұпар бұйра шашты көз көріп,
Өскен құлың кетті мүлдем өзгеріп" –
десе, көзінің аман болғанын ескертеді, есіркеп, аңсап, толғанады.
Рудаки бұл жалғанның өзі өмір сүрген кезіндегі шат-шадыман салтанатты
Саманидтер сарайында қырық жылдай көрді. X ғасырдың орта кезініде
сарайдан қуылыпты, бар байлығы конфискацияға түсіпті. Осы кезеңді
жазғанда өзбек ғалымы Әлішер Шамухамедов ("Рудаки және Баба Тахир".
Ташкент "ІІІарқ", 1991) оны сарайдан қуғанда екі көзін көрместей
етіп жіберген дейді. Міне осы ұғымға көптеген зерттеушілер зейін
қояды. Ал Рудакидің өзіне сөз берсек, ол Кәрілік жайлы өлеңдерінде:

"Кең ұстадым бай төрінде арқамды,
Толтыратын олар менің қалтамды.
Самандардан басқаларды білмедім,
Сыйлас болдым бақыт қонды гүлдедім.

...Қайран уақыт күрт өзгерді, өзіме де тап басты,
Бер, дорба мен аса таяқ ұстап өтер ақ басты", — деп мәселенің
турасына, заманының күрт өзгергеніне көшеді. Тарихшылар бұл өзгерістерді
Рудакидің Карматтар қозғалысына қосылып кеткендігінен деп дәлелдейді. Ислам
дінінің қатал әдістерімен ашық аршындап тұрған кезінде, Фатиматтар
мемлекетінің исламды шұғыл уағыздауына Рудакидің атсалысуы да ғажап емес.
Бұл айтқанымыз ұлы ақынның өзіне байланысты болса, ендігі жерде бүкіл
өміріне күрт өзгерістер әкелгені хақ.
Алайда Рудаки жасынан өте зерек, алғыр, оқуға да, тез жаттап, айтып
беруге де жаттыққан жас дарынын айқын танытады. Ол сегіз жасында құранды
толығымен жатқа біліпті. Оған қоса, әсем сазды ырғақпен жаңылмай айтып
беруші, жатқа оқудың шебері болып қалыптасады. Осы кезінде өлең шығара
бастап, өлеңдерін де мәнерлі, ұғымтал, мәнді етіп өте шеберлік мәніспен
орындап беруінің арқасында төңірекке оның аты тарап кетіпті. Мәселе өлеңнің
маңызын ел жүрегіне жетердей сүйкімді дәрежеге жеткізуде ғой. Бұл орайда
жас Рудаки өлеңді өмірден алып, діни, құрани ұғымдарға тығыз
байланыстырыпты. Жаратушы сүйген құлына талай сан өнер берсе, аз болғандай
әншілікті де қоса беріпті, тыңдасап жан сүйсінердей дарын сыйлапты.

"Төріне айналды жүрегім менің шаттықтың,
Қайғы-шерсіз жастық шақты шалқыттым.
...Сандуғаштай жас шағымда сайрадым,
Жердің шарын емін-еркін шарладым", -
десе, басынан өткізген өмірдің нағыз қызғылықтысы деп жастық шағын айтқан
екен. Осының бәріне қоса, ол әділеттілік пен ақиқаттың жаршысы,
мейірбандықтың қолдаушысы болу үшін адамның басы бос болу керек деген
ұғымды ұстанды, онсыз ұлылық қонбайды, ақылдылық та алға баспайды деген
сенімді қуаттап үйленбей өтеді.
"Жүрегім менің болып кетті жыр бағы,
Мөрім, таңбам — жабайы сөздер жырдағы.
...Қатын-бала, үй дегенді білмедім,
Басқа өмірді құлаққа да ілмедім", —
деп өз өмірін өзгеріссіз келтіреді.
Әрі ақын, әрі әнші өнеріне әсем дауыспен өжет орындаушылық қосылған
Рудакиге деген ел құрметі күшейе берді. Ол барбатта (шекті аспап) жан
балқыта ойнап, тамаша сөздерін әнге қосқанда балқымайтын жан болмапты.
"Қара бұлттар бұршағы қарайламай жауып тұр,
Өлі жанның жұлдыздар суық өңін танып тұр", -
деген сөздерде қайғы-қасірет үстінде толастамай жауып тұрған "қара
бұлттарды " адаммен табиғаттың байланысын сипаттауға ұтымды кезеңде
көрсетіп тұр. "Өлі жанда " осал емес-ау, жұлдыздар "суық өңін" танып тұр
ғой. Міне, осыдан 1150 жыл бұрын жазылған поэзия қандай десеңізші, ғажайып
қой.
"Сен арыстан, ғаламаттың ұрпағына балайын,
Сен киіксің, тандандырған орман, тоғай маңайын.
Сен күнсің ғой, тезірек болжар төтесін,
Атомнан бұрын аңсаған жерге жетесің".
Парасат бақшасы деген де осы шығар, бұл жайдақ сөз, дағдылы поэзия
емес, бұл - адаммен табиғатты етене байланыстыру, сұлулыққа ғарыш-ғаламда
бар кереметті теңестірудің озық үлгісі. Былайша айтсақ, даналық сөз, бұл
ерекше биік поэзия. Сүйген жанды жер сұлуы киікке теңесе, жылдамдығын көзге
ілікпес "атомға " балайды. Осы заманның өзінде де өте сирек кездесетін
космологиялық теңеуге орта ғасырдағы ақынның жетуі нағыз құбылыс, ғұламалық
көрегендік, асқан білімдарлық.
"Алғашқы адам жеткенінше бүгінге,
Жер-жаһанды келеді орап білімге", -
деуі ақынның өз өміріне жатады, ол көзін ашқалы білімді іздеумен өтті.
"Өз сөзіме өзім кейде күйіндім,
Әлі ішімде жатқан сөзге сүйіндім", -
дегені тереңдік пен тұнып тұрған даналық емес пе?! Бұл ойды Абай атамыз
да, "Адасқанның алды жөн, арты соқпақ" деп еді ғой: "Барша әлем айналумен,
дөңгелеумен жетілді" — дегенді жер шары күнді бір мылда бір айналып
түседі, ал тәулікте жер өзін-өзі бір айналады деген Коперниктің ұғымын
қолдағаны үшін ұлы ғалым Галилео Галилей (1564-1624) инквизи-цинлық қатал
соттың алдында: "Ал, бәрібір жер айналып тұр!" (А она все таки вертится) -
демеп пе?!
Бұл ұғымды Рудаки Галилейден 606 жыл бұрын айтып отыр. Шығыстың ғұлама
ойшыл данасы, ұлы ақын Рудаки үшін зор мақтаныш деп есептеймін
Рудакидің жүз дәптер өлеңдері болыпты, поэзиясының тілі айқын, ән
оралымына тартымды, айтуға ырғақ, бунақ, буындары аса икем. Сондықтан оны
"Сахле мумтазъ", әрі жеңіл әрі қол жетпес ойшылдық, немесе "даналыққа
бөленген қарапайымдылық"—дейді екен. Бұл жөнінде орыс зерттеушілері:
"гениальная простота сродни чудесному стилю Пушкина" десе, біз Абайдың
данагөй асыл айқындығындай дер едік. Рудакидің қай шығармаларын алсаңыз да
зұлымдықпен күрес, алдау-арбаумен айқас, теңсіздікпен тайталас ағындап
жатады. Оған қоса шығармашылығының түпкі негізінде даналық пен естілік,
тереңдік пен шығармашырлық, мейірбандық пен ақылдылық, махаббат пен сұлулық
ой қозғап, жүректі лупілдетіп, қиядан көз тартып тұрады. Қай төрттағанын не
қос тармақты ғаламатын алсаңыз да бір нақтылы ойға, тебіреніске,
толғанысқа сүйеніп құралады да, есте қаларлықтай, еріксіз жаттап аларлықтай
икемдік ынта тудырады, жүрекке өшпес сезім егеді. Мұның өзі ақын тілімен
адаммен адамша сөйлесе білудің ұлы даналығы, үлкен мектебі дейміз.
Самарқандтан оқып, талай ғылымға ие болып, өмірден, әлемнен алған
сабақтарын өлеңіне құйып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мен сүйіп оқитын Абай өлеңдері
Кемеңгер ойшыл, дана Абай
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Өнер кереметі
Египет пирамидалары
Таным теориясына қатысты қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің пікірлерінің өзектілігі
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Әлемнің жеті кереметтері
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер