ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Ф-ӘД-001026
Ќ.А.ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫЌАРАЛЫЌ ЌАЗАЌ-Т‡РІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАЊ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
Силлабус, факультет ғылыми
Ғылым және халықаралық қатнастар
жөніндегі вице-президенті
тех. ғ.д., прфессор
_________________Т.П. Раимбердиев
____ ____________2011ж.

Мамандыќ аты, шифры: 6М05010 – Әлеуметтану
Оќу формасы:
Курс:
К‰ндізгі
ІІ
4 сем Барлыѓы:
3 сем
Кредит саны: 2 2
Саѓат саны
Лекция:
Семинар:
Лабароториялыќ
ОБМ¤Ж:
М¤Ж:
Аралыќ баќылау (АБ)
Ќорытынды баќылау:
90 90
15 15
15 15
- -
30 30
30 30
2 2
Емтихан Емтихан
Лектордың аты-жөні: социология ғылымдарының кандидаты
Төлеев Жұмахан Мырзашұлы
Тел. жєне E-mail: Раб.тел. 3-21-17, моб.тел. 8 7028204909
Семинарпрактикалық сабақ тьюторының аты-жөні: Төлеев Жұмахан Мырзашұлы
Тел. жєне E-mail:
МӨЖ ќабылдау күндері, уақыты және қабылдау орны: Бекітілген кесте бойынша
Т‡РКІСТАН 2011ж.
Ф-ӘД-001026
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минстрлігі 01.09. 2004
жылғы №528 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
стандартына, мамадықтың типтік оқу жоспарына сєйкес Єл-Фараби атындаѓы
ЌАЗ¦У Оќу-єдістемелік Кењесі ±сынѓан Жалпы білім беру пәндер бойынша
Социология пәнінің типтік оқу бағдарламасы (Ќазаќстан Республикасы Білім
жєне Ѓылым минстрлігі Єл-Фараби атындаѓы Ќазаќ ¦лттыќ Университеті 2005)
және университеттің жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалған.
Силлабус кафедраныњ №
2011 ж. мєжілісінде ќаралды.
Әлеуметтану және Саясаттану
кафедрасыныњ мењгерушісі, соц.ѓ.д., проф.
О. Н±сќабаев
Факультеттің оқу-әдістемелік Кеңесінің №
2011ж. мәжілісінде бекітілді.
Кеңес төрайымы, филос.ғ.к., доцент
А. Малдыбекова
1. КІРІСПЕ
Пєн туралы ќысќаша сипаттама. Халықтың орналасуының өзекті мәселелері
ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары
жөніндегі ғылым- әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі
әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам
жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін
қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып,
қоғамның біртұтастығын сақтапқалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік
жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез келген
құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен
салдарын көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика
мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидаларын тек әлеуметтану
пәні арқылы нақты түсініктермен толығады. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым
болғандықтан, бұл пәнді оқып студенттердің меңгеруі оларға өз ортасын
тануына, қоғамдағы әртүрлі оқиғалар мен жағдайларды түсінуіне септігін
тигізеді.
Пєнніњ маќсаты: Әлеуметтануды оқып үйренудегi мақсаты – студенттер өзiмiзге
бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бiрлестiкттер арасындағы күнде
кездесетiн әдеттi қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсiнуi, әлеуметтiк
мәселелердi зерттеуге деген ынта – жiгердi арттыру. Байбына бармай, адасуды
алданыш етуге апарып соғатын себептердiң бiрi – күрделi қоғамдық
қатынастарға жеңiл қарау, олардың мән – жайын терең түсiнуден iргенi аулақ
салу, еңжарлық, немқұрайдылық қарамау. Осылардан арылу тұрғысынан
студенттердiң ынтасын әлеуметтiк мәселелердi ғылым тұрғысынан қарауға бағыт
сiлтеу керек.
Пєнніњ міндеттері:
- студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін , құрылымын
түсіндіру;
- қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың
пайда болуы табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен
бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар ету;
- әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары
мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара
әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуға үйрету;
- тұлға жөнінде, әлеуцметтік формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін,
әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен
формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми хабар
беру;
- әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін үйрету.
Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер Философия, мәдениеттану,
тарих, этика, логика, т.б. салалардан хабардар болуы қажет.
Постреквизиттер: Саясаттану, экономикалық пәндер, әлеуметтік философия,
этнология, құық және т.б.
2. Курстың құрылымы:
АптТақырыптар атауы, реті Се
а Лекм.ОБС
циясаӨЖ СӨЖ тақырыптары
сағғ.сағ
. .
1 Қоғамның әлеуметтік құрылымының 1 1 2 Әлеуметтанудың заңдары мен
әдістері ғылымдар жүйесінде категориялары
1. Әлеуметтанудың объектісі және Әлеуметтанудың құрылымы мен
пәні қызметтері
2.Әлеуметтанудың заңдары мен Әлеуметтанудың басқа
категориялары қоғамдық ғылымдармен
3.Әлеуметтанудың құрылымы мен байланысы
қызметтері
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық
ғылымдармен байланысы
2 Қоғамның әлеуметтік әдістерінің 1 1 2 Әлеуметтанудың
мәселелері даму тарихы қалыптасуындағы негізгі
1. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы кезеңдер.
негізгі кезеңдер. Ресейдегі әлеуметтанулық
2. О. Конт және Г. Спенсердің ойдың дамуы
социологиялық концепциялары Қазақ ойшылдарының
3. К. Маркс социологиясы әлеуметтанулық көзқарастары
4. Э. Дюркгейммен М. Вебердің
социологиялық ілімі
5. Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың
дамуы
6. Қазақ ойшылдарының әлеуметтанулық
көзқарастары
3 Қоғамның қоныстану әлеуметтік жүйе1 1 2 Қоғам әлеуметтік жүйе
ретінде ретінде
1. Қоғам ұғымы Қоғамның әлеуметтік
2. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде құрылымы
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы Әлеуметтік стратификация
4. Әлеуметтік стратификация Әлеуметтік мобильділік
5. Әлеуметтік мобильділік
4 Зерттеу әдістері әлеуметтік 1 1 2 Әлеуметтік институттардың
инститтар мен процестер белгілері мен функциялары
1. Әлеуметтік инститтар мен әлеуметтік инститтардың
процестер түсінігі түрлері
2. Әлеуметтік институттардың Қоғам өміріндегі әлеуметтік
белгілері мен функциялары процестер
3. Әлеуметтік инститтардың түрлері
4. Қоғам өміріндегі әлеуметтік
процестер
5 Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік 1 1 2 Қоғамның әлеуметтік
стратификаця құрылымы ұғымы
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы П. Сорокин әлеуметтік
ұғымы құрылым және әлеуметтік
2. П. Сорокин әлеуметтік құрылым мобильділік теориясы
және әлеуметтік мобильділік теориясы М. Вебердің әлеуметтік
3. М. Вебердің әлеуметтік құрылым құрылым теориясы
теориясы Қазіргі заманға батыс
4. Қазіргі заманға батыс әлеуметтанушыларының
әлеуметтанушыларының стратификацияның негізгі
стратификацияның негізгі критерийлері
критерийлері туралы
6 Тұлға әлеуметтануы қоныстану 1 1 2 Индивид, тұлға, адам
проблемасы түсініктері
1. Индивид, тұлға, адам түсініктері Тұлға құрылымы
2. Тұлға құрылымы Әлеуметтік статус және
3. Әлеуметтік статус және әлеуметтік әлеуметтік роль
роль Тұлғаның әлеуметтенуі
4. Тұлғаның әлеуметтенуі
7 Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы 1 1 2 Девианттық мінез-құлық және
1. Девианттық мінез-құлық және оның оның түрлері
түрлері Девиацияны биологиялық,
2. Девиацияны биологиялық, психологиялық,
психологиялық, әлеуметтанулық Әлеуметтанулық тұрғыдан
тұрғыдан түсіндіру түсіндіру
3. Әлеуметтік бақылау Әлеуметтік бақылау
4. Тұлғаны ресми қадағалау орындары Тұлғаны ресми қадағалау
орындары
8 Отбасы әлеуметтануы ауылдық 1 1 2 Отбасының түрлері
жерлердегі мәселесі Отбасының құрылымы менг
1. Отбасы әлеуметтік институт қызметі
ретінде Қазақстандағы нарықтық
2. Отбасының түрлері жағдайындағы отбасы
3. Отбасының құрылымы менг қызметі
4.Қазақстандағы нарықтық
жағдайындағы отбасы
9 Білім беру әлеуметтануы 1 1 2 Білім және ғылым
1. Білім түсінігі түсініктері
2. Білім беру әлеуметтануының Білім беру әлеуметтануының
объектісі мен пәні объектісі мен пәні
3. Білім берудегі түрлі концепциялар Білім берудегі түрлі
4. Білім беру процесінің сатылары концепциялар
Білім беру процесінің
сатылары
10 Саяси әлеуметтану 1 1 2 Саяси әлеуметтанудың
1. Саяси әлеуметтанудың объектісі объектісі мен пәні
мен пәні Саяси жүйе және
2. Саяси жүйе және әлеуметтік-саяси процесс
әлеуметтік-саяси процесс Саяси мәдениет мәселесі
3. Саяси мәдениет мәселесі
11 Экономикалық әлеуметтану 1 1 2 Экономикалық әлеуметтанудың
урбанизациялануы пәні
1. Экономикалық әлеуметтанудың пәні Экономикалық білімнің
2. Экономикалық мәдениет түсінігі, құрылымы
оның қызметтері мен сипаттамалары
3. Экономикалық білімнің құрылымы
12 Мәдениет әлеуметтану 1 1 2 Мәдениет түсінігі
1. Мәдениет түсінігі мәдениетті әлеуметтанулық
2. мәдениетті әлеуметтанулық талдау талдау
3. Мәдениеттің әртүрлі Мәдениеттің әртүрлі
элементтерінің қызметтері элементтерінің қызметтері
4. Мәдениеттің түрлері Мәдениеттің түрлері
13 Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы 1 1 2 Бұқаралық коммуникация
1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының объектісі,
әлеуметтануының объектісі, пәні және пәні және категориялары
категориялары Бұқаралық коммуникация
2. Бұқаралық коммуникация құралдары құралдары
14 Дін әлеуметтануы 1 1 2 Діни саланың әлеуметтік
1.Дін әлеуметтануының мәні мәселелері
2.Дін әлеуметануның шығуы және Дін және қоғам
қалыптасуы Дін әлеуметтануының құрлымы
3. Дін әлеуметтануының атқаратын
қызметтері
15 Нақты әлеуметтанулоық зерттеу 1 1 2 Нақты (Эмпирикалық)
жүргізудің әдісі мен техникасы әлеуметтанулық зерттеу
1. Нақты (Эмпирикалық) түсінігі
әлеуметтанулық зерттеу түсінігі Зерттеу бағдарламасы
2. Зерттеу бағдарламасы Мәлімет жинау әдістері
3. Мәлімет жинау әдістері
30 1545
Барлыѓы
3. ОЌУЛЫЌТАР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
Негізгі:
Авторлар ұжымы:
1. М.С.Әженов, Г.О.Әбдікерова, Г.С.Әбдірайымова, А.Әбжалиева, И.А.Айтымбет,
К.Ү.Биекенов, Қ.Ғ.Ғабдулина, Л.Я.Гуревич, Ш.Е.Жаманбалаева, Ғ.Есім, З.Ж.
Жаназарова, А.Т.Забирова, С.К.Калмыков, Л.Т.Қожамқұлова, Д.Мельников, Т.А.
Морозова, Ж.А. Нұрбекова, А.Қ.Әмірсейтова, С.И.Оспанов, М.Ф.Пузиков,
М.С.Садырова, С.Т.Сейдуманов, С.Т.Телебаев, С.К.Өтешов, З.К.Шаукенова,
Н.У.Шеденова. Әлеуметтану. 1-кітап, 2-кітап. Оқулық. Алматы: Қазақ
университеті, 2005.
2. Әлеуметтану. Оксфорд сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2002
3. Нұсқабаев О. Н. Социология. Түркістан, 2000
4. Волков Ю. Г. , Мостовая И.В. Социология в вопросах и ответах. М., 1999
5. Смелзер Н. Социология. М.:Феникс, 1994
Қосымша:
1. Астафьев Я.У. , Шубкин В.Н. Социология образованияв СССР и России (в кн.
Социология в России). Под редакцией В.А. Ядова, Москва,1998.
2. Аженов М.С. Актуальные проблемы социологии образования. Саясат, №4,
Алматы,2003г.
3. Негаев В.Я. Социология образования. Москва, 1998.
Шереги Ф.Э., Хорчева В.Г., Сериков В.В. Социология образования. Прикладной
аспект. Москва,1997.
4. БАЌЫЛАУ Т‡РЛЕРІ.
4-семестрдіњ жетінші аптасынада 1-блок, 14 аптасында 2-блок жазбаша
ќабылданады, 4-семестр соњында ЭВМ-де емтихан ќабылданады.
5. МАГИСТРДІҢ БІЛІМІН БАЃАЛАУ ЕРЕЖЕСІ
Магитранттың білімі 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады (Rmax =100)
және ол екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік 60 баллдан тұрады ( R1=60). Бұл
60 баллдың 30 баллын оқу процесінің 1-7 апта аралығында, қалған 30 баллын 8-
14 апта аралығында жинайды. Студент 60 баллды оқу процесінің мына
көрсеткіштері бойынша жинақтайды:
• Аудиториялық сабаққа қатысуы 24 балл. (Б1= 24)
• ОБМӨЖ, МӨЖ тапсырмалары үшін 14 балл (Б2 =14)
• Қоғамдық , ғылыми, спорт, үйірме, т.б. жұмыстарға қатысқаны үшін,
ондағы табыстары, белсенділігі үшін 4 балл (Б3 =4)
• Аралық бақылауда алған бағасы 18 балл (Б4 =18)
Жоғарыда аталған көрсеткіштердің барлығы (Б1, Б2, Б3, Б4) екіге
бөлініп, 1 және 2 аралық бақылау (блок) қабылданғанда есепке алынады.
Мысалы,
І- аралық бақылау Б1=12+ Б2=7+ Б3=2+ Б4 =9 =30
ІІ –аралық бақылау Б1=12+ Б2=7+ Б3=2+ Б4 =9 =30 R1= І-АБ + ІІ-АБ
=60
Магистрге берілетін Б1, Б2, Б3, Б4 балдарын теориялық оқу барысында
пәннің кредит санына және ерекшелігіне байланысты қалай бағалайтындығын
оқытушы пәннің силабусында ашып көрсетуі тиіс. Мысалы, Әлеуметтану пәні
бойынша студенттің І-аралық бақылауы келесі кесте негізінде бағалауға
болады. Пәннің жалпы сағаты 2 кредит, 15 сағат лекция, 15 сағат семинар, 30
сағат ОБСӨЖ, 30 сағат СӨЖ.
№ Студенттің Сабаққа Семинар ОБМӨЖ, І-аралықМагистрдің Барлығы
аты-жөні қатысуы сабағындаМӨЖ бақылаудқоғамдық 30 балл
(әрбір ғы (әрбір а алған жұмыстары
аудиториябелсенділтапсырма бағасы
лық ігі үшін 1
сабаққа 5 балл балл)
0,5 балл)
1 0,5 х 14=5 7 х 1= 7 9 2 30
7
- Аудиториялық сабақ аптасына 2 рет болады, 7 аптада 14 рет болады.
Әр сабаққа 0,5 балдан беріледі, студент мүлдем сабақ жібермеген жағдайда 7
балл жинай алады.
- Магистрдің семинар сабақтарына дайындалып келуі, сұрақ қоюы,
белсенділік танытуы арқылы 5 балл жинай алады.
- МӨЖ тапсырмаларын орындағны үшін берілетін балл 7 баллды құрайды және
ол балл МӨЖ тапсырмаларының санына байланысты бөлініп беріледі.
- Аралық бақылау жазбаша, ауызша немесе жазбаша-ауызша формада
қабылданады. Магистрдің берілген сұрақтарға жауап беруіне байланысты балл
қойылады. Үш сұрақ беріледі, әр сұраққа ең жоғары 3 балдан қойылады. Үш
сұраққада жауап берген студентке 9 балл беріледі.
- Магистрдің тәртібі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы, ғылыми, спорт,
тағыда басқа жұмыстардағы белсенділігі үшін 2 балл.
ІІ-аралық бақылау уақытында да тура осы көрсеткіштер бойынша студенттің
білімі бағаланады.
Екінші бөлік 40 баллдан тұрады (R2=40). Емтихан тест формасында болса
студентке 40 сұрақ беріледі және әр сұраққа бір балл қойылады. Егер емтихан
жазбаша, ауызша немесе жазбаша-ауызша нысандары бойынша қабылданса 3
сұрақтан тұратын емтихан билеттері жасалады.
Магистрдің емтихан кезіндегі билет сұрақтарына берген жауабын бағалауда
әрбір екі сұраққа ең жоғары 13 балл, ал қалған күрделі сұрақтың жауабына ең
жоғары 14 балл беріледі.
Жалпы ескеретін жағдай әрбір студент емтиханнан емтихан қабылдау қандай
нысанда болсада өту үшін жалпы 20 баллдан төмен балл алмауы керек. Себебі
20 баллдан төмен балл алған студенттің жауабы қанағаттанарлықсыз - 2
деген баға болып табылады.
І және ІІ-аралық бақылаудан жинаған баллы және қорытынды емтиханда
алған баллы қосылып қорытынды баға шығарылады. Магистрдің қорытынды бағасы
төмендегі кесте бойынша қойылып, магистрдің сынақ кітапшсына түсіріледі.
Әріптік жүйедегі Бағаның сандыќ Проценттік Дәстүрлі бағалау
бағалау баламасы баламасы жүйесі бойынша
А 4,0 95-100 Өте жаќсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жаќсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Ќанағаттанарлыќ
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Ќанағаттанғысыз
6. Кафедра және оқытушы тарапынан студентке қойылатын талаптар
1) сабаќќа кешікпей келу жєне ќатысу;
2) ‰й тапсырмасын уаќытылы орындау жєне оны тапсыру;
3) сабаќ барысында басќа таќырыптарды талќылауѓа немесе басќа істермен
айналысуѓа р±ќсат етілмейді;
4) сабақ үстінде сағыз шайнамау;
5) сабақ үстінде сотвый телефон,т.б. сабақты бөлетін заттары болса, өшіріп
қою.
ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕР МЕН
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Ескерту: Лекция тезистері Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәнінің оқу-
әдістемелік кешенінде толық берілген.
1.лекция. Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәні зерттеу объектісі мен
тақырыбы
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы түсінігі мен түрлері.
2. Әлеуметтік құрылым туралы концепциялар. Әлеуметтік стратификация
3. Әртүрлі елдердің әлеуметтік құрылымы
4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Қоғамның әлеуметтік құрылымы пәні әлеуметтанудың негізгі
фундаментальды оқу пәндерінің бірі. Әлеуметтанулық теориялардың орта
деңгейдегі бөлігін дамыта отырып, әлеуметтік құрылым туралы арнайы
теориялық білімді ашып көрсететінде осы бағыт болып есептеледі. Қоғамның
дамуы оны құраушы адамдардың жиынтығына, олардың әртүрлі әрекеттерін
ұйымдастырушы әлеуметтік жүйелерге, соның ішінде әлеуметтік топтардың
қызметіне, статусына, өзара әрекеттері мен байланыстарына негізделеді.
Сондықтан қоғамды әлеуметтанулық зерттеулердің бір тармағы әлеуметтік
топтардың, таптарды, страталарды жеке әлеуметтік жүйе ретінде және
әлеуметтік құрылымды құрайтын жиындық ретінде қарастыру.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы аса күрделі, бірнеше шағын құрылымдарға
жіктелетінін ескеруіміз керек. Әлеуметтік құрылымының мынадай түрлері
бар:
1. Қоғамның таптық құрылымы
2. Қоғамның стратификациялық құрылымы
3. Қоғамның ұлттық құрылымы
4. Қоғамның кәсіби құрылымы
5. Қоғамның демографиялық құрылымы
6. қоғамның теориториялық не аймақтық құрылымы
Әлеуметтану ғылымының тарихында бұл мәселе өте маңызды, негізгі
салаларды құрайды. Әлеуметтік құрылым туралы әлеуметтануда әртүрлі
концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда екі бағытты ажыратуға болады.
Әлеуметтанушылардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, оның элементтерін нақты
өмірде объективті түрде бар деп түсіндірсе, ал екінші бір бағыты таптарды,
әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды тек ғана сананың, адам
ойының нәтежиесі деп түсіндіреді. Бірінші бағыттағы әлеуметтанушылар
құрылымдық функционализм деп аталатын топқа, екінші бағыттағы
әлеуметтанушылар символдық интеракционизм деген көзқарасты қолдайтындар
тобына жатады. Біз осы бірінші концепцияны, яғыни құрылымдық
функционализмді қолдаймыз, осы теориялық бағытты методологиялық басшылыққа
аламыз. Қоғамның әлеуметтік құрылымы дербес әлеуметтік құрылым. Біз бұл
категорияны тек қана өзіндік мағынада пайдаланғанымыз жөн болады.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың
және әлеуметтік институттардың жиынтығ, олардың байланыстары, ара
қатнастары. Сонымен әлеуметтік құрылым, біріншіден белгілі бір
элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Ол
әлеуметтік топтардың бір-бірінен айырмашылығы, өзгешелігі бар. Мысалы
әлеуметтік тап дегеніміз қоғамдық өндіріске, бөлінетін байлық мөлшеріне
қоғамда алатын орнына байланысты сипатталатын адамдардың үлкен тобы. Оның
мынадай түрлері бар: бай табы, орта тап, төменгі тап немесе кедей табы.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның
бірлігіне өндіргіш күштер мен өндірістік қатнастардың даму деңгейіне
байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі
әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан жиынтықты
айтамыз
Әлеуметтік құрылымның басты элементі әлеуметтік топтар, страталар, таптар
дедік. Ендігі мәселе осы топтарды анықтау, оларға дұрыс анықтама беру.
Әлеуметтік топтар деген жалпылама ұғым, бұл ұғымға негізінде қоғамдағы
адамдар топтарының бәрі де кіреді. Бірақта әлеуметтік топ деп қоғамда
кездесетін адамдардың барлық топтарын айта беруге болмайды. Мысалы, кейбір
адамның топтарының, оларды біріктіретін, құрастыратын белгілері болмауы да
мүнкін. Оларды топ деп айтуға болмайды. Әлеуметтік топтың өзіндік
әлеуметтік белгілері бар. Мысалы, әлеуметтік - кәсіби топ деген ұғым бар.
Ондай топтарды да біз әлеуметтік топтарға жатқызамыз, қоғамның әлеуметтік
құрылымына кіргіземіз. Әлеуметтік топқа кіретін үлкен топ – ол тап. Тап
деген ұғым ғылымда 18 ғасырда пайда болды. Осы кезеңде француз, ағылшын
ойшылдары тап деген ұғымды саяси құрылымды түсіндіру ісіне пайдаланды.
Сонымен бұл категория экономикалық, әлеуметтік топтарды белгілеуге
қолданылады.әлеуметік тап дегеніміз өндіріс құрал – жабдықтарына белгілі
қатнасы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше
әдістер арқылы алатын табыстарының өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік
топтар. Олардың ең басты белгілері кіріс, табыс мамандық, билік, білім,
мәдениет меншік т.б. Әрине бұл топтар әлеуметтанудың арнайы салаларында
қарастырылады. Мысалы, әлеуметтік демографияда, бірақта, осы топтар туралы
қысқаша түсініктеме беріп кетейік. Әлеуметтік демографиялық топ дегеніміз-
әрі әлеуметтік, әрі демографиялық белгілері бар әлеуметтік топтарды
айтамыз. Олар: зейнеткерлер, жастар, әйелдер, ер адамдар. Мысалы,
зейнеткерлердің өзіндік әлеуметтік белгілері бар. Олардың көпшілігі жасы
үлкен адамдар. Әлеуметтік белгілері өзіндік өмірі, тұрмысы, психологиясы,
әлеуметтік жағдай, дүниеге, үкіметке мемлекетке көзқарасы бар. Жастар-
демографиялық топ. Бірақ оларды тек демографиялық жақтарынан ғана
ажырататын топ деп қарауға болмайды. Жастар ерекше әлеуметтік топ. Олардың
әлеуметтік белгілері өзіндік өмір салты, психологиясы, идеологиясы бар.
Әлеуметтік топтарға сословие, каста деген топтар да кіреді. Олар
адамдардың шыққан топтары бірлестігі, жиынтығы. Тарих жағынан алғанда
сословиелер таптардан бұрын пайда болды, бірақта таптық қоғамда олар
таптармен бірге орын алып жатты. Сословиелік құрылымдардың кейбір
қалдықтары бір қатар елдерде әлі күнге дейін орын алып жатыр. Солловие
дегеніміз заңдар мен құқықтық түрде, не болмасы дәстүрлі түрде, әдет-
ғұрыптар арқылы бекітілген және осыған байланысты ұрпақтан – ұрпаққа қарай,
беріліп отыратын, әлеуметтік топтардың құқығы мен міндеттері.
Европада IV ғасырдан XIV ғасырға дейін негізгі стратификациялық
топтар сословиелер болған. Мысалы, Францияда сословие деп әр дәрежедегі
страталарды атаған. XVIII ғасырдың аяғында Француз революциясының
қарсаңында, бұл елде үш сословие болғаны тарихта белгілі. Олар дворяндар,
діни сословие, қалың бұқарадан тұратын топтар. Бұл жайда айта кететініміз,
тек қана дворяндар ең жоғарғы сословиеге жатты, өзінің нәсілдік, ұрпақтық,
құқығын сақтай алды. Мысалы, әкесчі дворян болса, баласыда, туған туыстары
да осы сословиеге жатын болған.
Қазақ даласында хан, сұлтан, төрелер, одан кейін қожалар сословиесі
болған. Бұл сословиелер үстемдік еткен, елді басқарған және олардың
статусы атадан балаға көшіп отырған.
2.лекция К.Маркстың әлеуметтік құрылым туралы туралы көзқарасы.
К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым.
XIX ғасырда әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын
қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстың түсіндіруінде адам тарихында
бес типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құл иеленушілік
коғам, феодализм, капитализм және ең сонғы қоғам - коммунизм. Осы
коғамдарды К. Маркс қоғамдық-экономикалық формациялар деп атаған. Әрбір
қоғамның, не болмаса формацияның өзіне тән, сәйкес әлеуметтік
құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
К.Маркстың түсінідіруінде ол әлеуметтік топтардың жиынтығы жөне
олардың ара қатынастары, байланыстары. Осы қатынастар, байланыстар
маркстік көзқарас бойынша шешуші, айрықша роль атқарады. Әлеуметтік
құрылымның ішінде ең маңыздысы таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын
алатын қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп марксизмде құл
иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарды атайды. Ал алғашқы
адамдар коғамында тап сияқты топтар болмаған, демек ол қоғамда қанаушылық
та орын алмаған. Тап деп аталатын әлеуметтік топ коммунистік қоғамда
жойылады. Коммунизм –бүл тапсыз қоғам. К. Маркстын нақты жөне терең
зерттеген қоғамы капиталистік қоғам, оның әлеуметтік - таптық
құрылымы. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда екі тап
елеулі орын алады. Осы таптарды К. Маркс негізгі таптар деп қараған.
Мысалы, құл иеленуші қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда
- феодалдар мен шаруалар, капитализмде - буржуазия мен пролетариат. Осы
таптардың арасында тап күресі үздіксіз жүріп отырады. Соның салдарында бір
тап жеңіліп екінші тап жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатынасқан
таптардың бәрі де жеңіледі, жеңіске баска бір жаңа тап ие болады. Бұл тап
күресінің заңдылығы, бүл заңдылық барлық елдерде орын алады делінген.
Капитализм қоғамында пролетариат буржуазияға қарсы тап күресін жүргізу
нәтижесінде, пролетарлық революция арқылы жеңіске жетеді. Сол кезден бастап
капитализм құлай бастайды, социализм орнатылады. Бүл кезеңді К. Маркс
пролетариат диктатурасы деп атаған. Бірақ та, пролетариат диктатурасы өліде
таптық қоғам, ол тек коммунитсік қоғамның бастамасы. Сондықтан да бүл
коғамда белгілі бір мерзімге дейін тап күресі орын алады. Ал одан әрі
социализм дамыған кезеңінде тап күресі жойылады, әрі қарай дамуда коммунизм
дәуірінде таптар жойылып, тапсыз қоғам орнайды. Тап күресі қоғамның
қозғаушы күші. Осындай күрес тек қана заттар жойылған кездерде тоқтатылады.
Сонымен тап күресі зандылық, таптар бар жерде күрес орын алады. Тап күресі
экономикалық, саяси және т.б. формаларда жүріп отырады. Негізгі күрес
байлар мен кедейлер арасында орын алады. Осындай күрес көне Грецияда және
қүл иеленушілік Римде орын алса, жаңа заманда, XIX ғасырда, барлық
капиталистік деген елдерде орын алады. Капитализм дамыған сайын тап күресі
үдейе түседі. Күресуші таптардың арасында, яғни пролетариат пен
буржуазияның арасында, ешқашанда ымырашылдық, келісім болуы мүмкін емес.
Тап күресінің ең жоғарғы шыңы - революция. Революция арқылы буржуазияның
экономикалық, саяси және идеологиялық үстемдігі жойылып, пролетариат
үстемдігі орнатылады. Буржуазия тап ретінде азғындай береді, капитализмнің
дағдарыстарында езінің прогресшіл қасиеттерінің бәрінен айрылады,
реакцияшыл тапқа айналады.
Капитализм, өзінің империализм деген сатысында, өте реакцияшыл қоғамға
айналады. К. Маркстың әлеуметтік стратификация туралы концепцисының негізгі
принциптері осындай деуге болады. Осы концепцияны Ресей большевиктері
басшылыққа ала отырып 1917 жылы саяси төңкеріс, не социалистік революция
деп аталатын істі үйымдастырады. Ресейде социализм тарихы басталады. Ол
тарих 74 жылға созылды.
К.Маркстың әлеуметтік, таптық құрылым туралы концепсиясының көптеген
позитивтік және негативтік жақтары да бар. К.Маркстың әлеуметтік құрылым,
әлеуметтік стратификация туралы теориясы тарихта орын алып келе жатқан
теориялардың, концепциялардың бірі деп қарастыруымыз қажет. Ол
теорияның өзіндік дұрыс жақтары аз емес. Мысалы, адам тарихында
орын алып келе жатқан бай тап пен кедейлер табының арасындағы тап күресін
ешкімде бекерге шығара алмайды.
Тарихта орын алған, алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың,
қөзқарастардың бәрінін де жетіспейтін жақтары бар. Ақиқаттың ең соңғысы
болған ғылыми көзқарас болған емес, болуы мүмкін емес. Осы түрғыдан алғанда
маркстік көзқарастың да кемшілігі аз емес.
Біріншіден, тап күресі міндетті түрде пролетариат диктатурасына
әкеліп соктырады деген К. Маркстың түжырымы практика жүзінде
дәлелденеді.
Екіншіден, тап күресі қоғамның қозғаушы күші деген тезистерде барлық
жағдайда дүрыс емес екендігі тарихтан белгілі болды. Тап күресін абсолюттік
деп есептеп, ол таптық коғамдарда осы күрес шиеленесе береді деген тұжырым
да дәлеледеніп отыр. Қазіргі дүние жүзіндегі дамыған елдер таптық қоғамдар.
Бірақта, сол елдерде барған сайын тап күресінің өрши түсуі іс жүзінде орын
алып отырған жоқ. Керісінше, XX ғасыр аяғында бұл елдерде тап күресі деп
аталатын кұбылыстар өте сирек кездесетін болды. Әрине, әрбір елде, қазіргі
кезеңде, әлеуметгік қақтығыстар, қарама-қайшылықтар, т.б. құбылыстар жиі
кездесіп отырады. Осының бірі, мысалы, терроризм. Бірақта, осындай
қақтығыстарды, шиеленістерді тал күресі деп айтуға біздің дәлеліміз жоқ.
Үшіншіден, маркстік теорияда күштеу мәселесі маңызды орын алады.
Осыны революция деп атайды. Маркстік теорияның өзі де революционерлердің
мусологиясы. Ал шын мәнісінде қоғам дамуында, адам тарихында күштеу ісі,
яғни күшпен шешу ісі дүние белгілі орын алып келуде. Бірақта, осы күштеу
теориясын өте жоғары көтеру, біздің ойымызша аса дұрыс шешім деуге
болмайды. Өзекті мәселелерді реформалар арқылы шешкен коғам үшін әрине
тиімді болар еді.
К. Маркс XIX ғасырдың ұлы ғалымы. Бірақ та, XX ғасырда көптеген
дүниеде ірі өзгерістер болды. Сондыктанда К.Маркстың теориясының біраз
принциптері, заман өзгерісіне байланысты ескіріңкіреп кетті.
3.лекция Макс Вебердің әлеуметтік құрылым туралы концепциялары
М. Вебердің бұл мәселе туралы көзқарасы К. Маркстің көзқарасына өте
жақан деуге болады. М. Вебер де К. Маркс сияқты таптың экономикалық
негізіне көбірек көңіл бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген.
Бірақ та М. Вебердің К. Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар.
Біріншіден, М. Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К. Маркс
сияқты, меншікпен доғаруға болмайды. Таптың кептеген әлеуметтік белгілері
бар. Оның ішінде, мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, Дипломы,
т.б. белгілері бар. Екіншіден, әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің
бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды
тапқа бөлуде аса маңызды роль атқарады. Ал ондай категориялар К. Маркстың
таптық құрылым теориясында орын алмайды. Жалпы осы статус деген ұғым М.
Вебердің социологиясында үлкен орын алады. Оның ойынша стартификациялаудың
үш өлшемі бар. Олар:
1. Байлық - экономикалық статус.
2. Билік - саяси статус.
3. Мәртебе - әлеуметгік статус.
Осы үш өлшем арқылы коғамды стратификациялауға болатындығы айтылады.
Әлеуметтік тап - өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де
бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т. б. жағдайлары болуы міндет.
М. Вебер айтқандай бір тапқа жату, не жатпау, адамның өмірлік
мүмкіндіктеріне байланысты. Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір
тапқа жатады. М. Вебердің түсіндіруінде тап деген адамдардың тек кана
нарықтық экономикаға байланысты топтары. Ал нарықтық экономика тек
капитализм дәуірінде пайда болады. Жалпы М. Вебер адамзат қоғамында тек
қана екі типтік қоғам болады дейді. Бірі нарықтық емес, екіншісі нарықтық
қоғам. Сонымен тап деген әлеуметттік топ тек қана капитализм қоғамында
пайда болады. Осы коғамда нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі капитал,
Бірақ та нарықтық экономиканың басқа да тіректері болады. Олар - мамандық,
білім, жұмыс істеу қабілеті, т. б. Капитализмнен бұрынғы қоғамда таптар
орын алмаған. Ол қоғамдардағы стратификациялау процестерін сословие, каста,
статус деген бөлінулерге байланысты делінеді. М.Вебердің түсіндіруі бойынша
капиталистік қоғамда таптардан басқа, таптық деңгейге жетпейтін біраз
статустық топтар да орын алады. Капитализмдегі таптарды, топтарды
М.Вебер мынадай ретпен белгілейді:
1. Меншік иелері (тап);
2.Интеллектуалдар, менеджерлер,әкімшілік қызметтегі адамдар тобы
(тап);
3. Ұсақ буржуазиялық тап, ұсақ бизнесмендер, т. б.;
4. Жұмысшы табы;
М. Вебер осындай қорытындыны XIX ғасыр аяғы және XX ғасыр
басындағы европалық капитализмнің шындығына байланысты жасаған.
Сонымен, тап дегеніміз М. Вебердің анықтамасы бойынша,
нарықтық экономикаға байланысты адамдардың үлкен топтары.
Олардың негізгі белгілері: тапқа кіретін адамдардың белгілі бір
мөлшерде материалдық ресурстарға ие болуы; олардың белгілі өмір жағдайы;
олардың айрықша өмір жолы. М. Вебер статустық топтарға аса үлкен көңіл
бөлген. Бірақ та оларда таптық та, статустық та белгілері бар.
Статустық тап деп, М. Вебер I бюрократияны атаған. Нарықтық экономикаға,
не болмаса товар, ақша, капитал деген категорияларға тікелей қатынасы
жоқ топтарды ол статустық топтарға жатқызған. Чиновниктер қоғамының
байлығына иелік етіп, өндірісті бақылауға алады, ал бірақ та олар меншіктің
иелері бола алмайды. Сондықтан олар әлеуметтік тап емес. Қоғамда статустық
топтардың саны өте көп болуы мүмкін, ал таптардың саны аз келеді.
Әлеуметтік статус мәселесін қарастырғанда оның негізгі белгілері -
әлеуметгік сыйлау, мөртебе, бедел, партиялық сыйпат, саяси бағыт кеңірек
талдауды талап етеді. Әлеуметтік статустық топтардың өзіндік өмірі, тұрмысы
қоғамда алатын орны, мақсаты, тіпті діні, саяси бағыттары бар.
4.лекция Питирим Сорокиннің әлеуметтік құрылым туралы көзқарасы.
XX ғасыр социологияның негізін салушылардың бірі, ірі ғалым, Ресейде, АҚШ-
та өмірін өткізген П. Сорокин болды. Оның әлеуметтік құрылым туралы
концепциясы өте маңызды, ғылыми тұрғыдан алғанда терең концепция. П.
Сорокин қазіргі кезеңдегі әлеуметтік стратификация деп аталатын теорияның
негізін салушы деуге болады. П. Сорокиннің анықтамасы бойынша әлеуметтік
стратификация дегеніміз адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға,
топтарға бөлу. Топтарды жоғарғы, орта не болмаса төмен деңгейлерге бөлу
стратификацияның негізгі талабы. Осы бөлудің негіздері - құқықты,
жауапкершілікті және міндетті әр мөлшерде бөлу. Әлеуметтік құндылықтарды
бір топтың иеленуі, ал екіншісі одан тыс қалуы, әр топтың әртүрлі билігі,
ықпалы, беделі.
Сонымен П. Сорокин топтарды ажыратуда, жіктеуде құқығы жауапкершілік,
міндет, билік, ыкпал сияқты көрсеткіштердің, белгілердің өте маңызды роль
атқаратындығын түсіндіреді. Қоғамдағы адамдардың топтарын ол үшке бөледі.
Бірінші топты ол элементарлық яғни, қарапайым топ деп атайды. Бұл топты
ажырау критерий бірақ кана белгі болады. Мысалы, бір көшенің не бір үйдің
адамдары. Бүл топтын белгісі олардың қонысы, мекен-жайы. Топтардың одан
гөрі күрделісін кумулятивтік топтар деп атаған. Бүл топтың айырмашылығы,
белгілері біреу емес, бірнеше. Осындай топтардың ішінде таптар аса маңызды
орын алады. Таптың көптеген белгІлері бар - кәсіби, идеологиялық,
психологиялық, т. б. Үшінші толтардың типін П. Сорокин күрделі
конгломеративтік топтар деп атаған. Бүл топ элементарлық және кумулятивтік
топтардың қосындысы, бірақ та өте үлкен топтар, олардың көптеген белгілері
болады. Мысалы, бір елдің халқы, бүкіл адамзат, т. б. Осы айтылған топтар
жабық не ашық топтар, не болмаса аралық топтар болулары мүмкін. Жабық
топтар Дегеніміз адам туғаннан жататьш тобы, ол оның үлты, нөсілІ, жынысы,
жасы. Ондай белгілер адамның өзіне байланысты емес. Ашық топтарға 'Кіретін
адамдардың қасиеттері өздеріне байланысты. Мысалы, әртүрлі, өр бағыттағы
партиялар, творчестволық не спорттық қоғамдар, т. б. үйымдар,қозғалыстар.
Аралық топтар деп П. Сорокин материалдық тұрмысы, мемлекеттігі, мекен-жайы,
тілі, т. б. қасиеттері, белгілері ортақ топтарды айтқан.
П. Сорокин қоғамда стратификацияның үш түрі бар екендігін баяндайды.
Олар: экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар. Экономикалық
стратификацияның негізі материалдық байлық, не кедейшілік. Саяси
стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса олардың жоқтығы.
Кәсіби стратификацияның негізі мәртебелі, лауазымды не мәртебесіз
лауазымсыз еңбек, мәртебелі лауазымды болашағы бар, не болмаса болашағы
аз, не болмаса жоқ мамандықтар. Экономикалық стратификацияны қарастырғанда
П. Сорокин қоғамның экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады.
Олардың бірі - экономикалық тұрмыс, екіншісі - қоғамдағы экономикалық
стратификацияның көтерілу, не төмендеу мәселесі. Осы өзгерістерді, яғни
экономикалық стратификациялауды П.Сорокин флуктация деген терминмен
белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың экономикалық статусының өзгерістері.
Бірақ та флуктация дегеніміз заңдылық емес, бағытсыз өзгерістер. Елдердің
материалдық тұрмысы, табысы, байлығы өзгеріп отырады, яғни флуктацияға
ұшырайды. Ұлттың, отбасының, нақтылы елдің дамуында ешқандайда заңдылық
жоқ, тек флуктация орын алады. Олардың дамуында тек қана прогреске, баюға,
не болмаса кері кетуге, кедейшілікке алынған заңдылық, бағыт орын алады деп
айтуға біздің ешқандай негіз жоқ екенін П. Сорокин көрсетеді.
Саяси стратификацияны да П. Сорокин осы бағытта зерттеген. Оның ойы
бойынша саяси теңсіздік, саяси стратификация еш уақытта жойылмайтын
құбылыс. Әр дәуірдегі, әр елдердегі саяси стратификацияны зерттей келіп П.
Сорокин мынадай қорытындыларға келеді. Біріншіден, тарихтың әр
кезеңдерінде, әр елдерде саяси стратификацияның биіктігі, деңгейі өзгеріп
отырады. Екіншіден, бұл өзгерістерде не бір қалыпқа келтіру, не
стратификацияға жоғары көтеру тенденциясы байқалмайды. Үшіншіден, саяси
басқарудың бір формасынан екінші формасына көшуде ешқандай тұрақтылық
байқалмайды. Мысалы, монархиядан республикаға, диктатурадан демократияға,
көшу процесі тұрғылықты, заңды құбылыс емес. Саяси стартификацияның
келбеті, экономикалық стратификациямен салыстырғанда, жылдамырақ өзгереді,
оның өзгеру көлемі кеңірек. Төртіншіден, кез келген елде, қоғамда екі күш
үнемі тартыс, күрес жағдайында. Олардың бірі саяси стратификацияны азайтуға
бағытталған екінші күш оған жол берушілер күші, яғни саяси теңсіздікті
күшейтуді талап ететіндер. Кәсіби стратификация қоғамда екі формада орын
алады; Біріншісі, кәсіби мамандықтардың иерархиясы, яғни мамндықтар
аралығындаты стратификация, екіншісі-ербір кәсіби мамандықтың ез ішіндегі
айырмашылықтар, страталар. П. Сорокин осы кәсіби мамандықтардың ішінен
мәртебесі, лауазымы жоғары мамандықтарды бөліп қарайды, бұл
мамандықтарды игерген адамдардың білімі, жалпы интеллектісі жоғары
екендігін көрсетеді.
Прогрестік бағыттағы дамып жатқан елдерде ашық қоғам орныққан. Ал осы
процесс бәсең болса, ондай қоғамдарды жабық қоғам дейді. П. Сорокиннің
осындай концепцияларынан шыға отырып, қазіргі батыс социологтары ашық және
жабық қоғам деген идеологияны орі қарай дамытуда. Жалпы П. Сорокиннің
көзқарасы бойынша қоғамдағы өте қатал әлеуметтік стратификация түбІнде
жақсылыққа әкелмейді, төменгі топтардың арасында наразылықты күшейте
түседі. Төменгі страталардың жоғарыға карай көтерілуіне жол ашылуы қажет.
Ал жоғары страталарда беделін түсірген адамдардың, топтардың төмен құлай
түсуін әбден қажетті деп түсіну кажет.
П.Сорокиннің жазған ғылыми еңбектері өте көп, кітаптары мазмұнды,
көлемді. Осы тақырыпқа байланысты оның мынадай еңбектерін окуға болады:
1. История социологии в Западной ЕвропеиСША. М., 1999
2. П.Сорокин. Человек, цивилизация, общество. М., 1992
5. лекция Қазіргі Батыс социологиясындағы әлеуметтік стратификация
теориясының сипаты
Қазіргі кезеңдегі Батыс социологтарының көпшілігі М. Вебердің, не
болмаса П. Сорокиннің социологиялық мектептерінің өкілдері. Сондықтан да,
бұлардың теориялық, методологиялық принциптері осы ірі социологтардың
шеңберінен асып кете алмайды. Дегенмен де, қазіргі Батыс социологиясында,
оның ішінде американдық социологияда, біраз жаңалықтардың бар екендігі рас.
Ол жаңалықтардың көпшілігі әлеуметтік стратификация деп аталатын теорияның
және оның негізгі критерилеріне, көрсеткіштеріне т. б. мәселелеріне
байланысты. Стратардың белгілері, критерилері мөселесінде социологтардың
арасында біраз дискуссиялар, пікірталастар туып отыр. Кейбір социологтар
стратаны бір-ақ қана белгі арқылы айыруға болады деп есептейді. Мысалы
казіргі неміс социологы Р. Дарендорфтың пікірі бойынша страталардың негізгі
көрсеткіші бедел, билік. Ал кепшілік социологтардың пікірінше страталар
көптеген белгілер арқылы ерекшелене алады. Мысалы, билік, кіріс, табыс,
мамандық, білім, мәдениет, мекен, жайы, корпоративтік мақсаты, т. б. Осы
көрсеткіштер, критерилер қосымша отырып стратаның елеуметтік, саяси, ішкі,
сыртқы пішінін бейнелейді. Әлеуметтік стратификация теориясында қазіргі
кезекте өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік мобильділік мәселесі. Осы
мәселеге байланысты социологтар, әсіресе Батыстың дамыған елдерінде, үлкен
көлемді әлеуметтанулық зерттеулер жүргізуде. Осы зерттеулердің қортындылары
бойынша сол елдің қаншалықты ашық не жабық ел екендігі белгіленеді.
Жоғарыда айтылғандай Батыс әлеуметтануындағы ең маңызды мәселенің мәселенің
бірі тап мәселесі. Бірақта, бұл мәселе маркстік тұрғыда емес, басқа басқа
мағынада береді. Мұнда, негізгі мәселе орта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz