ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінен оқу әдістемелік нұсқау


Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

“Азаматтық құқық және іс жүргізу” кафедрасы

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ

пәнінен

оқу әдістемелік нұсқау

Түркістан 2012 ж.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасының мәжілісінде __ 30 _ _ 11 __ 2012 жылы №_ 3 __ хаттамамен талқыланды.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау заң факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде «» 2012 жылы № хаттамамен бекітілді.

Пікір жазған: з. ғ. к., аға оқытушы А. Ә. Әлайдар

Хасанова К. Р Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау . Түркістан 2012. -56 бет

Әдістемелік нұсқауда пән бойынша тест тапсырмалары, анықтамалар мен пәнді оқу процессінде пайдаланылатын нормативтік-құқықтық актілер тізімі қамтылған.

Оқу-әдістемелік нұсқау оқытушыларға және студенттерге арналған.

1. КІРІСПЕ

Еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Осыған орай, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті мен оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады.

Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму жолы әлеуметтік даму моделіне жаңа жоғары талаптар жүктейді. Өздеріңізге белгілі, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақалада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің одан әрі дамуының тұжырымдамалық векторы ретінде өнімді еңбек жолымен іске асырылатын әлеуметтік жаңғырту арқылы ғана қол жеткізуге болатын жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жолдарын белгілеп берді.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы мемлекеттің әлеуметтік саясатын жаңғырту, яғни транзит матрицасында әлеуметтік қолдау моделінен әлеуметтік прогресс парадигмасына өтуді жан-жақты да тұтастай қайта форматтау міндеті қамтылған келешек мақсат болып табылады. Әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмекті қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру болып табылатыны сөзсіз.

Әлеуметтік жаңғыртудың өзі, атап айтқанда, әлеуметтік заңнаманы түбегейлі жаңарту, алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттар жүйесін енгізу, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру, масылдықты және әлеуметтік инфантилизмді еңсеру, сондай-ақ еңбек қызметіне ынтаны арттыруды көздейді. Бұл ретте, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі арттыру жеделдетілген экономикалық даму мен қоғам игіліктерін жинақтап бөлу арасында оңтайлы теңгерімнің тұрақты байланысының негізінде жүргізілетін болады.

Экономикалық өсу жағдайында және Қазақстан Республикасының халқының Әлеуметтік жағдайын көтерілуі, оның нормативтік құқықтық базасының құрылуы, еңбекке қабілетсіз азаматтарды әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика азаматтарына ең төменгі зейнет ақы мөлшеріне, жасына, науқастануына, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылған жағдайда және басқада заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы оқу курсын зерттеудің мақсаты студенттердің теориялық ережелердің негізін қалаушы саласында білім алуы, еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша заңдарды, әлеуметтік қамсыздандыру заңдары мен жұмыс істеу бойынша тәжірибие алуы, тәжірибиеде пайда болатын, қиын жағдайларда бағдарлау шеберлігі, алған білімді болашақ тәжірибиеде қолдану болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқық пәнінің оқу курсының міндеті қарастырылып отырған құқық саласына студенттердің мүдделерін ынталандыруға бағытталған. Студенттер осы құқық саласының жалпы және ерекше бөлімінің институттарын, әлеуметтік қамсыздандырудың құқық қатынастарында әлеуметтік қамсыздандырушылық нормаларын жүзеге асыру тәртібін, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің түбегейлі тәжірибиесін, әлеуметтік қамтамасыз етуші нормаларын түсіндірудің тәжірибиелік білім алуы, нақты құқықтық жағдайда оларды қолдану, курс бағдарламасының бөлек тақырыптар арасындағы байланыстың маңызын және негізін анықтап зерттеуге міндетті. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы курсын зерттегеннен кейін, студент әлеуметтік қорғау органдарының құқық қолданушылық қызметін жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру құқығының институттарымен нормаларын мазмұнын білуге міндетті.

Аралас пәндердің тізімі және басқа пәндермен байланысы: еңбек құқығы, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, салық құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жеке еңбек шартын жасасу және орындау, жалақы төлеу, жұмыс уақыты режимі, өтем ақылар мен кепілдіктер құқықтық институттарымен, сондай-ақ мемлекеттік билік және басқару, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, бюджет жүйесімен қалыптасуы мен, азаматтық құқықтың басым көп құқықтық институттар сұрақтарымен тығыз байланысты қарастырылады.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Жұмыс жалақы мөлшерiн белгiлейдi:

a) жұмыс берушi

б) Республикалық бюджет туралы Заңы

в) Үкiмет

г) жақтар

д) еңбек шарты

2 Зейнетақы мөлшерiн белгiлейдi:

a) жинақтаушы з/а қоры

б) Зейнетақы активтерiн басқару ұйымы

в) Республикалық бюджет туралы Заңы

г) Зейнетақы төлеу жөніндегі Орталық

д) Зейнетақы шарты

3. 2012 жылдың айлық есептiк көрсеткiшi

a) 872 тенге

б) 875 тенге

в) 1000 тенге

г) 1612 тенге

д) 860 тенге

4 Айлық есептiк көрсеткiштi белгiлейдi:

a) жергiлiктi бюджет

б) республикалық бюджет

в) үкiмет

г) әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс

д) Парламент

5. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлейтiн агент болады:

a) жеке тұлға

б) заңды тұлға

в) жеке және заңды тұлға

г) шетелдiк жеке тұлға

д) барлығы агент болып табылады

6 Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыратын базалық инструменттерiне жатады:

a) зейнетақы жинағы

б) зейнетақы жинағы

в) зейнетақы жарналары

г) зейнетақы аннуиттер

д) зейнетақы салымшылары

7. Мiндеттi зейнетақы жарналарыны мөлшерi белгiленедi:

a) зейнетақы шартымен

б) кiрiстi пайызды мөлшерiмен

в) жақтарды келiсiмiмен

г) жұмыс берушiмен

д) барлық жауаптар дұрыс

8 Ерлердiң зейнетақы жасы

a) 63

б) 62

в) 58

г) 57

д) 61

9. Әйелдердiң зейнетақы жасы:

a) 58

б) 57

в) 56

г) 55

д) 59

10. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындауға арналған құжаттарды”әзірлеу мерзiмдерi:

a) 20 күн

б) 10 күн

в) 15 күн

г) 5 күн

д) 25 күн

11 Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау шешiмi шығарылғаннан кейiн оны хабарлау мерзiмi:

a) 5

б) 10

в) 15

г) 20

д) 25

12 Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау күнi есептеледi:

a) Зейнетақы жасына келген күнi

б) Зейнетақы тағайындау туралы шешiм қабылдау күні

в) өтiнiш берген күнi

г) еңбек қызметi қысқартыл күні

д) Зейнетақы тағайындау күні

13 Орталықтан зейнетақы төлемдерi төленедi:

a) өткен ай дың

б) әр айдың 1-шi күні

в) әр айдың 15- күні

г) квартал

д) жақтарды белгiленген кезендерiмен

14 Зейнетақыдан төлеуге тиiстi соманы қанша % астам ұстап қалуға болмайды?

a) 70%

б) 30%

в) 60%

г) 40%

д) 50%

15 Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастыру құқықтық нысаны:

a) ААІ

б) ЖШС

в) АІ

г) ЖАІ

д) ІШС

16 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының сұрылтаушылары

a) заңды тұлға

б) жеке тұлға

в) заңды және жеке тұлға

г) барлығы болып табылады

д) үкiмет

17 Жинақтаушы зейнетақы қорларының сұрылтаушылары болып табылады:

a) заңды тұлға

б) жеке тұлға

в) заңды және жеке тұлға

г) барлығы болып табылады

д) үкiмет

18 Корпоративтi жинақтаушы зейнетақы қорының сұрылтаушылары болып табылады:

a) заңды тұлға

б) жеке тұлға

в) заңды тұлға және жеке тұлға

г) барлығы да болып табылады

д) үкiмет

19 Шетелдiк қатысумен АЖЗ қорлардың жарғылы қорының капиталы қанша пайыздан аспауға тиiс

a) 50%

б) 75%

в) 30%

г) 25%

д) 10%

20. Зейнетақы қорларында ҚР резиденттерi емес қатысуымен директорлар кеңесiнде ҚР азаматтарының саны болуы тиiс

a) 1/3

б) 1/4

в) 2/3

г) 1/2

д) 2/4

21 ҚР резиденттерi емес қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорлардың дауыс құқығы бар акциялардың процент мөлшерi:

a) 25%

б) 35%

в) 40%

г) 50%

д) 20%

22 Мемлекеттiк кәсiпорында зейнетақы сұрылтаушылары бола алады ма?

a) иә

б) жоқ

в) кейде

г) кейбiр жағдайларда

д) егер заңда көрсетiлген болса, иә

23 Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорына сұрылтаушы бола алады ма?

a) иә

б) жоқ

в) кейде

г) кейбiр жағдайда

д) егер заңда көрсетiлген болса, иә

24 Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк Орталық төмендегi нысанында құрылады:

a) мемлекеттiк кәсiпорын

б) ЖАІ

в) ААІ

г) ЖШС

д) КШС

25 Азаматтарға әлеуметтiк жеке кодты берудi жүзеге асырады:

a) Жинақтаушы зейнетақы қоры

б) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық

в) халықты ёлеуметтiк қорғау органы

г) салық органы

д) ұлттық зейнетақы агенттiгi

26 Мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес есептiлiгiн жүзеге асырады:

a) жинақтаушы зейнетақы қоры

б) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық

в) халықты әлеуметтiк қорғау органы

г) салық органы

д) ұлттық зейнетақы агенттiгi

27 Мiндеттi зейнетақы жарналары төмендегi пайыз мөлшерде белгiленедi:

a) 10%

б) 20%

в) 15%

г) 25%

д) 30%

28 Агенттерден мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды жүзеге асырады:

a) жинақтаушы зейнетақы қоры

б) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк Орталық

в) халықты әлеуметтiк қорғау органы

г) салық органы

д) үшiншi зейнетақы агенттiгi

29 Мiндеттi зейнетақы жарналарының есептеу тәртiбiн белгiлейдi:

a) жүмыс берушi

б) жинақтаушы зейнетақы қорлары

в) жақтардың келiсiмiмен

г) үкiмет

д) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық

30 Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерiн белгiлейдi:

a) жұмыс берушi

б) жинақтаушы зейнетақы қорлары

в) жақтардың келiсiмiмен

г) үкiмет

д) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық

31 Жұмысшылардың пайдасына енгiзiлетiн қаражаттар аталады:

a) мiндеттi зейнетақы жарналары

б) ерiктi зейнетақы жарналары

в) ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары

г) мiндеттi кәсiби жарналары

д) құрылтай жарналары

32 Зейнетақы активтерiн қаржы құралдарына орналасу тәртiбi аталады:

a) диверсификация

б) трансферт

в) санация

г) делдалдыә

д) активтер

33 Жеке зейнетақы шоттарында есептелген ақшалар айтылады:

a) жинақтар

б) жарналар

в) салымдар

г) мөлшерлер

д) алымдықтар

34 Бюджетке өтеусiз түсiмдер айтылады:

a) зейнетақы активтеi

б) ресми трансферттер

в) пруденциялыә нормативтер

г) мөлшерлер

д) қаржы құралдары

35 ҚР-да тұратын шетел азаңыматтары зейнетақымен қамтамасыз етiлуге құқыла ма?

a) жоқ

б) бұл тәртiп заңда көрсетiлмеген

в) кейбiр жағдайларда

г) иә

д) ия, бiрақ азаматтығына байланысты

36 Орталықтан Зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа енгiзiледi:

a) еңбектi төлеу түрлерi

б) басқа да табыстар

в) еңбекке ақы төлеудiң барлық түрлерi және басқа кiрiстер

г) кәсiпкерлiк қызмет

д) еңбек шарты бойынша еңбек молшерi

37 Зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн жұмыс қанша жыл табыспен айқындалады?

a) 4 жыл

б) 3 жыл

в) 2 жыл

г) 1 жыл

д) 5 жыл

38 Орталықтан Зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған айлық есептiк кјрсеткiш аспауға тиiс:

a) 15 а. е. к.

б) 20 а. е. к.

в) 30 а. е. к.

г) 35 а. е. к.

д) 25 а. е. к.

39 Мiндеттi Зейнетақы жарналарының салымшысы шартта тұрады:

a) бiр жинақтаушы зейнетақы қорымен

б) екi жинақтаушы зейнетақы қорымен

в) екi, одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорымен

г) саны шектелмеген

д) бір, одан көп жинақтаушы зейнетақы қорымен

40 Мiндеттi зейнетақы жарналары төленедi валюталық түрде:

a) ұлттық

б) шетелдiк

в) ұлттық және шетелдiк

г) халықаралық

д) барлық валюталар

41 Мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы төлеудi бақылау жасайды:

a) салық органдары

б) жинақтаушы зейнетақы органдары

в) ҚРҮкiметi

г) банк-кастодиан

д) инвестициялыә басқару жасайтын ұйым

42 Агенттi уақтылы аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын өндiредi:

a) банк

б) Ұлттық банк

в) салық органы

г) жинақтаушы зейнетақы қоры

д) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк органдар

43 Агенттке инкассалық ұкiм шығарады:

a) банк

б) салық органы

в) жинақтаушы зейнетақы қоры

г) iшкi iстер органдары

д) сот

44 ҚР азаматтарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау келесi жас толғанда болады

a) 63

б) 68

в) 56

г) 40

д) 55

45 Есептелген Зейнетақы жарналарыны алғашқы есептiгiн жѕргiзедi:

a) агент

б) банк-кастодиан

в) жинақтаушы зейнетақы қоры

г) салық органы

д) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттiк орталық

46 Кастодиандық шарт төмендегi субъектiлер арасында жасалады:

a) банк-кастодиан және жинақтаушы Зейнетақы қоры

б) банк-кастодиан және инвестициялық басқару ұйым

в) банк-кастодиан, жинақтаушы Зейнетақы қоры

г) жинақтаушы Зейнетақы қоры және орталық

д) жинақтаушы Зейнетақы қоры, инвестициялық басқару ұйым, банк-кастодиан

47 Жинақтаушы Зейнетақы қорында қанша банк-кастодианы бола алады?

a) 1

б) 2

в) 3

г) 4

д) 5

48 Зейнетақы активтерiн мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды:

a) банк

б) ҚР Ұлттық банкi

в) екiншi кезендiк банк

г) банк-кастодиан

д) барлық банкттердiң түрлерi

49 Еңбек еңбек кiтапшасы болмаған жағдайда кiмнiң шешiмiмен расталады?

a) халықты әлеуметтiк қорғау

б) жұмысшымен

в) жоғарғы органымен

г) мұражай

д) соттың

50 Зейнетақы жарналарын тарту қызметiне лицензия бередi:

a) ҚР Ұлттық банкi

б) ҚР Ұлттық Зейнетақы агенттiгi

в) ҚР Әдiлет министрлiгi

г) салық органы

д) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

51. Бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілер-

а) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

в) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі.

с) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының элементті.

д) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.

52. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздеріне - ҚР Президентінің

жарлығы, Үкімет қаулысы, Парламенттің нормативтік қаулылыры және т. б.

а) заңды түрде жатады.

В ) заңға қайшы .

с) тек ҚР-ның рұқсатымен.

д) мүлдем жатпайды.

53. Атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер

өкілдерінің мүдделерін келістеруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен

тетіктер жүйесі.

а) комитет;

ә) кеңес;

б) комиссия;

в) әлеуметтік әріптестік

г) орган.

54. Әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттейтін және қызметкерлермен жұмыс

берушінің арасында жасалатын жазбаша шарт ретінде рәсімделген құқықтық акт.

а) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері.

в) ұжымдық шарт

с) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының элементті.

д) әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.

55. Ұйымның басшысы немесе ұйымның жарғысына (не өзге де локальдық актіге)

сәйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы.

а) комитет;

ә) кеңес;

б) комиссия;

в) әлеуметтік әріптестік

г) жұмыс беруші

56. Нақты бір кәсіпорында немесе ұйымда әлеуметтік- экономикалық және еңбек

қатынастарды реттеу үшін тараптармен келісілген және қабылданған ережелер

(жағдайлар) .

а) меншік иесі және кәсіподақ комитеті;

ә) кәсіпорын басшысы және еңбек ұжымы;

б) уәкілдігі бар өкіл және кәсіподақ комитеті;

в) кәсіподақ иесі және еңбек ұжымы;

г) ұжымдық шарттың мазмұны

57. Еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті

, яғни, еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі

немесе қабілеті.

а) еңбек құқығының түсінігі

ә) еңбек құқығының әдісі

б) еңбек қатынастары

в) еңбекке құқық қабілеттік

г) ұжымдық шарттар

58. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып табылады:

а) қоғамдық қатынастар

б) экономикалық қатынастар

в) еңбек қатынастары

г) азаматтық қатынастар

д) әкімшілік қатынастар

59. Әлеуметтік қамсыздандырудың арнайы бөліміне кіретін институтты атаңыз:

а) халықаралық-құқықтық реттеу мәселелері

б) әлеуметтік зейнетақылар

в) пәнімен қағидалары

г) азаматтардың негізгі құқұқтары

д) аталғандардың барлығы

60. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі бұл:

а) құқық нормаларының бөлінуі

б) құқық объектілерінің бөлінуі

в) құқықтық реттеу пәнінің түрлері

г) құқықты оның субъектілері бойынша бөлу

д) еңбектік қатынастарының бөлінуі

61. Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары атаңыздар:

а) демографиялық

б) экономикалық-саяси

в) әлеуметтік

г) еңбектік-сауықтыру

д) аталғандардың барлығы

62. Қандай бөлімдер көрсетліген:

а) жалпы

б) ерекше

в) жалпы, ерекше, арнайы

г) арнайы

д) аталғандардың барлығы

63. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жалпы бөліміне жатпайтындар:

а) қағидалармен міндеттер

б) азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырудың саласындағы негізгі құқықтары

в) мемлекеттік органдардың құзыреттері

г) қағидалар

д) зейнетақылармен жәрдемақылар

64. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында мақсаттылық, қол жетерлік, еріктілік,

кәмелетке толмаған тұлғаларға әлеуметтік қызметтерді көрсетудің артықшылығы,

құпиялық қағидалары қандай қағидаларға негізделеді:

а) салалық

б) салааралық

в) ішкісалалық

г) жалпы құқықтық

д) аталғандардың барлығы

65. Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық-

а) адамның негізгі экономикалық құқықтарының бірі.

в) азаматтық құқықтарының бірі.

с) әкімшілік құқықтарының бірі.

д) аталғандардың барлығы дұрыс.

66. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы ҚР-ның Конституциясынның қай бабында

бекітілген.

а) 28-бабында

в) 27-бабында

с) 26-бабында

д) 20-бабында.

67. Әлеуметтік қамсыздандырудың қанша түрі бар.

а) 6

в) 4

с) 2

д) 1

68. Зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыспен өзге де қызмет кезеңдерінің

ұзақтығы:

а) еңбек стажы

б) жалпы еңбек стажы

в) арнайы еңбек стажы

г) үздіксіз еңбек стажы

д) аталғандардың барлығы

69. Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдерін атаңыздар:

а) әскери қызмет

б) құқық қорғау органдарындағы қызмет

в) мемлекеттік қызмет

г) кәсіпкерлік қызмет

д) аталғандардың барлығы.

70. Стаждың жеңілдетілген жағдай да есептелетін кезеңдерін атаңыз:

а) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы әскер құрамындағы, оның ішінде әскери

борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет

б) қуғын-сүргінге ұшырағандар, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған

кездері

в) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949-1963 ж.

арасындағы кезең

г) толық навигациялық кезең ішінде су көлігінде жұмыс бір жыл істеген жұмыс

кезеңі

д) аталғандардың барлығы

71. Еңбек кітапшасы ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүшелері

үшін қай жылдан бастап толтырыла бастады:

а) 1965 ж

б) 1939 ж

в) 1948 ж

г) 1958 ж

д) 1968 ж

72. Еңбек стажының болғандығын құжаттық тұрғыдан растау үшін қандай құжаттар

ұсынылуы мүмкін:

а) ЖЗҚ анықтамалар

б) жұмыс істеген жерінен анықтамалар

в) жалақыны беруге қатысты ведомостьтер

г) салықтық тіркеу куәліктері

д) аталғандардың барлығы

73. Еңбек стажының түрлері:

а) жалпы еңбек стажы

б) арнайы еңбек стажы

в) үздіксіз еңбек стажы

г) аталғандардың барлығы

74. Жалпы еңбек стажына енетін жұмыстар:

а) қызметкер немесе жұмысшы ретіндегі кез-келген жұмыс

б) ұжымдық ұйымдардың және колхоз мүшесі ретіндегі жұмыс

в) жеке еңбектік қызмет

г) шығармашылық қызметтер

д) аталғандардың барлығы

75. Жалпы еңбек стажына енетін басқа да негіздер:

а) әскери қызмет

б) оқу

в) шығармашылық оқу

г) өз мамандғы бойынша жұмыс істеген кезеңдері

д) аталғандардың барлығы

76. Еңбек стажындағы дәлелдемелер:

а) еңбек кітапшасымен архивтік құжаттар

б) жалақы төлегендігі туралы ведомоттер

в) жазбаша жеке еңбек шарты

г) жұмысқа қабылдау және босату туралы бұйрықтар

д) аталғандардың барлығы

77. Қандай негіздер бойынша үздіксіз еңбек стажы сақталмайды:

а) кәсіподақ органдарының талабы бойынша

б) 12 ай ішінде белгісіз себептермен өз еркі бойынша қайтадан жұмыстан шығу

в) тәрбиелік мәні бар қызмет атқаратын жұмыскердің моральдық теріс қылық

жасауы

г) бас бостандығынан айырылған жұмыскерге соттың шешімінің заңды күшіне енуі

д) аталғандардың барлығы

78. Міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің ай сайынғы жалақысының қанша

пайыз мөлшерінде белгіленеді ?

а) 10

б) 15

в) 5

г) 11

д) 7

79. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан

төленетін зейнетақы төлемдеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған

зейнетақы қаражатына кімдердің құқығы пайда болады:

а) 55 жасқа толған адамдардың

б) мүгедектердің

в) ҚР-н тыс жерлерде тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
«Бастапқы есеп және құжат айналымы» пәні бойынша СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Кредиттік оқыту жүйесіндегі Web- технология пәнінен электрондық оқулық
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының мәні
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар
Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz