Ортағасырлық ойшылдар
Адамзат қоғамы қалай дамиды? Оның өзгерісі мен дамуына себепші не, әлде
олар кездейсоқ па немесе ол өзгерістердің қажетті себептері, объективтік
заңдылықтары бар ма? - деген сияқты сұрақтар ойшылдарды ежелден бері
ойландырып-толғаңдырып келді. Бұл сияқты сұрақтардың тууы кездейсоқ емес,
өйткені адам қоғамда өмір сүреді, қоғамнан тыс адамның адам болуы ақылға
сыймайды. Мұны түсінген адамды қоғамның тағдыры, оның даму себептері
ойландырмауы мүмкін емес.
Қоғам өмірінің, дамуының барысы жайында ғалымдар марксизмге дейін-ақ
бірқатар дұрыс пікірлер айтты, бірақ олардың бәрі жалпы алғанда идеализм
шеңберінен шыға алмады. Тарихтың атасы деп саналатын ертедегі грек ғалымы
Геродот (б.д. дейінгі 485-425 жылдар шамасы) адамдардың іс-әрекетінің
себебін ашып көрсетіп, ол білімді болашақ ұрпаққа жеткізуге әрекет жасады.
460-400 жылдары өмір сүрген Фукидид тарихи ой-пікірлердің өрісін
айтарлықтай кеңіте түсті. Тек тарихшьшар ғана емес, сондай-ақ ертедегі
философтар да (Демокрит, Платон, Аристотель, Лукреций т.б.) қоғамдық
өмірдің табиғатын түсіндіруге тырысты. Платон қоғамның әлеуметтік-саяси
құрылысының үлгісін қалдырды („Мемлекет" және „Заңдар" деген
диалогтарында).
Ортағасырлық ойшылдар (Августан, Фома,Аквинский) тарихты теологиялық
тұрғыдан түсіндіріп, тарих құдай өмірінің көрінісі деді: адамдар - драмалық
спектакльдің актерлері ғана, ал оның авторы — құдай.; Қайта өрлеу дәуірінен
бастап қоғамның діни түсінігінің орнына табиғи түсініктері пайда бола
бастады.
XVIII ғасырда француз материалистері, мәселен, адам, оның көзқарасы мен
мінез-құлқы - қоғамдық ортаның өсерінің нәтижесі деп түсінді. Ж.Ж.Руссо
(1712-1778) қоғамдық теңсіздіктің, антагонизмдер мен мемлекеттің шығуының
себебі жеке меншікте екенін дәлелдеп тұжырымдады. Ол қоғам дамуындағы
қайшылықтар тарихи қажеттілік екені жайында және т.б. терең мазмұнды ойлар
айтты. Бірақ жалпы алғанда ол қоғам жайында идеалистік көзқараста болды:
оның саяси арманы қоғамдық шарт жасаудың негізінде іске асатын тікелей
демркратия болды.
ХҮПІ ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басында өмір сурген Гегель қоғам тарихи
заңдылық бойынша өмір сүретінін, ол заңдылық қажеттілік пен кездейсоқтықтың
диалектикасынан көрінетінін атап көрсетті. Ол басқа да толып жатқан терең
мазмұнды әлеуметтік ой-пікірлер айтты. Алайда, қоғам өміріндегі барлық
өзгеріс, қозғалыстардың түпкі қозғаушы күші табиғаттан, материалдық
дүниеден тыс тұрған объективтік абсолюттік идея деп дәлелдеді. Демек, оның
пікірінше, тарих дүниежүзілік рухтың өзіндік дамуының нәтижесі болып
табылады.
Марксизм философиясының теориялық негізінің бірі болған утопист-социалистер
Сен-Симон, Фурье, Оуэннің қоғам жайындағы ілімінде терең мазмұнды
әлеуметтік ой-пікірлер аз емес. Олар қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде
материалистік ой-пікірлерге негізделген тарихи принципті басшылыққа алды.
Капиталистік қоғам қанауға, теңсіздікке негізделген әділетсіз қоғам екенін
аямай сынай отырып, ескі қоғамның орнына жаңа қоғам келуі тиіс екенін
дәлелдеді. Бұл жаңа әділетті қоғамда барлық адамдар үшін міндетті
өндірістік еңбек енгізілуі, әркімнің қабілетіне қарай еңбек етіп, еңбегіне
қарай ақы алуы тиіс деген және т.б. социалистік принциптер енгізілуі қажет
деп тұжырымдады. Қысқасы, олар тарихи заңдылыққа негізделген қоғамдық
прогресті мойындады. Бірақ бұл қоғамдық прогрестің қозғаушысы ғылыми
білімнің, адамгершілік пен діни сенімнің дамуы деп санап, тарихтың
идеалистік ұғымының шеңберінен шыға алмады.
Қорыта айтқанда, марксизмге дейінгі социологиялық философия ғылыми
болмады. Оның негізгі кемшіліктері мынада. Біріншіден, марксизмге дейінгі
социологияда тұтас алғанда идеализм үстемдік жасады. Марксизмге дейінгі ең
жауынгер материалистер — француз материалистерінің өзі де қоғамдық ортаның
адамға тигізетін әсерін дұрыс түсіне отырып, бірақ бұл ортаны адамның ақыл-
ойының жемісі деп қате түсінді. Сөйтіп, материалистік тұрғыдан ойлайтын
философтардың өзі де тарих саласында идеалист болды, өйткені олар,
Г.В.Плеханов атап көрсеткендей, ертедегі грек философы Анаксагордың "Ақыл-
ой дүниені басқарады" деген әйгілі қағидасын тарихқа қолданды. Марксизмге
дейінгі басқа материалистер де қоғам өмірін идеалистік тұрғыдан түсінді. Ал
идеалистерді алсақ, олардың қоғам дамуы жайындағы көзқарастарының ғылымға
жат мазмұны туралы сөз етпесе де болады.
Марксизмге дейінгі социологияның қоғам жайындағы идеалистік түсінігінен
туатын тағы бір үлкен кемшілігі бар. Дүниені басқаратын идеялар деген
қағидасын басшылыққа ала отырып, олар ол идеялардың иесі қара халық емес,
көрнекі жеке тұлғалар - патшалар, корольдер, ғалымдар т.б. деп дәлелдеді.
Олай болса, дейді олар, тарихты жасайтын қара халық емес, еңбекшілер емес,
сол көрнекті тұлғалар — патшалар, жаулап алушылар т.б.
Марксизмге дейінгі социологтар, сондай-ақ, тарихи процестің шын
диалектикасын ашып бере алмады. Тарих олардың ілімінде бір-біріне
байланыссыз оқиғалардың жиыны болып түсіндіріледі. Қоғам өмірінің
біртұтастығы мен бірлігін, тарихи құбылыстардың шын себебі мен байланысын
түсінбеу олардың социологиялық көзқарасының метафизикалық сипатын
көрсетеді. Алайда көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан, марксизмге дейінгі
ойшылдардың әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруде қол жеткен жетістіктері
әлеуметтік-философиялық ой-пікірлердің одан әрі дамуы үшін қажетті
теориялық негіз жасады.
Жұмысшы табының көсемдері Маркс пен Энгельс қана қоғам дамуының терең
қайшылықты күрделі құбылыс екенін түсініп, оның терең мәнін ашып берді.
Олар бұрынғы социологияның кемшіліктерін көре білді де, қоғам дамуының
сапа жағынан жаңа теориясы тарихи материализмді жасады. Бұл қоғамдық
көзқарастағы шын мәніндегі революциялық төңкеріс еді.
Бұл төңкерістің мәні неде?
Егер табиғат жайындағы көзқараста марксизмге дейін материалистік
бағыттар болып келген болса, қоғам жөніндегі ғылымда идеализм тұтас
дерлік үстемдік жасап келген еді. Маркс пен Энгельс енді
идеализмді бұл „соңғы ұясынан" да қуып шықты, сөйтіп бүкіл дүние жайында
біртұтас ғылыми диалектикалық-материалистік көзқарас жасады. Олар
философияның негізгі мәселесінің әлеуметтік көрінісі - қоғамдық
сананың қоғамдық болмысқа қатынасын дұрыс шеше білді: қоғамдық
болмыс қоғамдық сананы айқындаушы екенін тұжырымдады.
Олар ең алдымен "қоғамдық болмыс" және „қоғамдық сана" ұғымдарының ғылыми
мазмұнын ашып берді. Қоғамдық болмыс дегеніміз қоғам өмірінің материалдық
өмірі екенін және ең алдымен адамдардың өндірістік қызметі және өндіріс
процесінде адамдар арасында қалыптасатын өндірістік, экономикалық
қатынастар екенін, ал қоғамдық сана - адамдардың рухани өмірі, яғни адамар
өздерінің практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын идеялар мен
теориялардың, көзқарастардың жиынтығы екенін анықтады. . Сонымен,
әлеуметтік философия тарихи идеализм және тарихи материализм болып екі
топқа бөлінеді. Тарихи идеализм марксизмге дейінгі социологияда толық
дерлік үстемдік жасап келген болса, Маркс пен Энгельс тарихтың
материалистік ұймын тұжырымдап, тарихи материализмді жасады. Алайда тарихи-
идеалистік көзқарас дүниеге әлі де кең тараған. Ал бұл жерде тарихтың
материалистік ұғымының мәнін қарастырып көрейік.
§2. Тарихтың материалистік ұғымының мәні
Қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін, одан
тәуелділігін тұжырымдағанда Маркс пен Энгельс мынадай жағдайды басшылыққа
алды: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналысу үшін
алдымен ішуі, жеуі, киінуі, баспанасы т.б. болуы тиіс, ал бұлар болу үшін
оларды өндіру керек. Бірақ олар бұл қарапайым ақиқатты тұжырымдаумен тоқтап
қалған жоқ, өйткені ол Маркс пен Энгельске дейінгілерге әлдеқашан-ақ
белгілі еді. Сондықтан Маркс пен Энгельс ол қарапайым ақиқаттың астарында
не жатқанын, оның ішкі мәнін аша білді: адамдардың бүкіл өмірі, тіршілігі
сайып келгеңде материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екенін ашты.
Олай болса, бүкіл қоғам өмірінің негізі — еңбек. Өндірістік еңбексіз қоғам
өмір сүре алмайды, тіпті пайда болмаған да болар еді.
Маркс тарихтың материалистік ұғымының мәнін қысқаша былай тұжырымдады:
„Адамдар өз өмірінің қоғамдық өндірісіңде белгілі бір қажетті, олардың
еркінен тәуелсіз қатынастарға — өндірістік қатынастарға араласады; ол
қатынастар материалдық өндіргіш күштердің дамуының белгілі бір дережесіне
сәйкес келеді. Бұл өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық
құрылысын, нақты базисін құрады да, соған саяси және юридикалық қондырмалар
орнатылады және оған қоғамдық сананың белгілі формалары сәйкес келеді.
Материалдық өмірді өндіру тәсілі әлеуметтік, саяси және жалпы рухани өмір
процестерін билейді".
Үздіксіз қайталанып отыратын өндірістік процесте адамдар өзара қарым-
қатынас орната отырып, әрбір тарихи дәуірде қоғам үшін қажетті өндірісті
дамытуға, сөйтіп белгілі мөлшерде материалдық игіліктер өндіруге мүмкіндік
алады. Бұл қатынастар неге тәуелді? Бәлкім, адамдардың санасына,
тапқырлығына тәуелді болар? Жоқ, олай емес. Адамдар ол қатынастардың
сипатын саналы түрде ұғыну былай тұрсын, тіпті шындықта ондай қатынастар
бар екенін білмеді де. Ал онда адамдар әрдайым саналы жан ретінде әрекет
етіп келе жатқанын қалай түсінуге болады, әлде саналылықтың өндіріске
қатысы жоқ па? Әрине бұл салада да адамдар өздерінің практикалық іс-
әрекетін саналы түрде жүзеге асырады: мәселен, саналы түрде егіс егеді, оны
орып жинайды, жаңа еңбек құралдарын жасап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа
жетілдіріп отырады. Бірақ, солай бола тұрса да, олар өздері орнатқан
өндірістік қатынастардың мәнін саналы түрде ұғынбайды.
Өндіріс процесінде адамдар арасында орнайтын қатынастар
(өндірістік қатынастар) адамдарға жоғарыдан, 1 жаратушыдан таңылған бірдеңе
деп ойламау қажет. Олар - адамның еңбек қызметінің нәтижесі және формасы.
Олардың даму заңдылығы адамның санасымен анықталмайды, сайып
келгенде өндіргіш күштердің даму сипатымен, деңгейімен анықталады. Адамзат
тарихының бас кезінде адамдар алғашқы қауымдық коллективизм қатынасында
болды, бірақ бұл олардың санасына ұйымшылдық қатынастың
әуелбастан-ақ тән екендігінен болған жоқ, еңбек құралдарының аса
қарапайым,; нашарлығынан болды: табиғаттың дүлей күштерімен, жабайы
аңдармен күресте олар бірлесе, ұйымдаса әрекет еткенде ғана аман қалатын
еді. Сондықтан өмір сүрудің қиындығы өзара көмектесу қатынасын тудырды.
Сөйтіп, қоғамдағы үстем өндірістік қатынастар адамдардың өндірістік
қызметінің процесінде қалыптасқанымен, олардың санасы мен еркіне тәуелсіз
болады екен. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрады.
Қоғамдық сананы сайып келгенде қоғамдық болмыс билейді. Өмірге келген
әрбір жас ұрпақ өз қалауынша қоғамдық болмысты таңдап, өз қоғамдық болмысын
жасай алмайды, одан бұрын қалыптасқан қоғамдық болмыста өмір сүріп, адам
болып қалыптасады. Демек, әрбір жеке адамның қоғамдағы нақты жағдайы әдетте
оның жеке басының мақсат, мүддесімен анықталмайды, ол қандай әлеуметтік
топқа жататынымен және ол топтың қоғамдық болмысының сипатымен анықталады.
Бұл бүкіл сол әлеуметтік топ үшін ортақ негізгі мақсат, мүдденің тууына
себепші болады, ал жеке адам осы мақсат, мүдде арқылы қоғамдық болмысты
бейнелендіреді. Міне сондықтан да, мәселен, капитализм туа бастаған
бастапқы кезде буржуазиялық сана-сезім феодализмге қарсы күресте еркіндік,
теңдік және туысқандық мұраттарын ұсынды. Буржуазия үстем тапқа айналғаннан
кейін ол мұраттардан оның бас тартуы да заңды құбылыс. Таптың болмысы сол
таптың санасында бейнеленіп беки түседі.
Қоғамдық болмыс категориясын тұжырымдау Маркс пен Энгельске қоғамды -
материя қозғалысының ең жоғарғы, әлеуметтік формасы деп, диалектикалық
тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді. Қоғамдық болмыс қоғамның
субстанциясын, оның өмір сүруі мен дамуының барлық жақтарының негізін
құрады. Марксизмге дейінгі ойшылдар тарихты түсіндіруде идеалист
болғандықтан, қоғам өмірінің алуан түрлі құбылыстарының объективтік
критерийін таба алмады.
Толып жатқан қоғамдық қатынастардың ішінен экономикалық,
өндірістік қатынастарды басты, шешуші қатынастар ретінде бөліп алу ;
Маркс пен Энгельске тарихи материализмнің аса маңызды, негізгі ұғымы —
қоғамдық-экономикалық формация ұғымын тұжырымдауға мүмкідцік
берді: қоғамдық- экономикалық формация — материалдық игіліктер
өндірісінің белгілі бір : тарихи тәсіліне негізделген қоғамдық
(экономикалық, идеологиялық, отбасы-тұрмыстық және т.б.) құбылыстар мен
процестердің жиынтығы. Олай болса, қоғамның дамуы дегеніміз
бір қоғамдық-экономикалық формацияның одан гөрі жетілген екінші
формациямен заңды түрде ауысуы.
Тарихтың материалистік ұғымынан келіп шығатын тағы бір маңызды қорытынды:
тарихтың басты жасаушысы - еңбекші бұқара, өйткені адам үшін қажетті
материалдық байлық ең алдымен халық бұқарасының еңбегімен өндіріледі.
§3. Әлеуметтік философияның пәні
Әлеуметтік философияның пәні - қоғам өмірі және оның даму заңдары.
Адамзат қоғамы мәні мен құрылысы жағынан ең күрделі система болып табылады.
Қоғам ұғымы келемі жағынан тек қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдарды
ғана емес, сондай-ақ өткен және болашақ ұрпақтардың бәрін, яғни адамзаттың
өткені мен болашақ тарихын қамтитын аса кең көлемді ұғым болып табылады.
Осы ұзақ тарихи кезеңдегі қоғам өмірінің негізі, жоғарыда айтқандай, еңбек
қызметі. Қоғам тарихының табиғат тарихынан айырмашылығы да міне осында
жатыр: біріншісін адамдар жасайды, ал екіншісі өзі жүріп жатады. Қоғам
өмірінде экономикалық, саяси, идеологиялық, күнделікті тұрмыстық және басқа
алуан түрлі қатынастар өзара аса күрделі байланыста етіп жатады. Осы
қатынастардың өрқайсысын қарастыратың жеке қоғамдық ғылыщар бар. Ал
әлеуметтік философия осы алуан түрлі, күрделі қатынастар үшін ортақ
заңдылықтарды тұжырымдай отырып, қоғамды біртұтас система, өзінің
объективтік заңдылықтары бойынша дамитын әлеуметтік организм ретінде
қарастырады.
Қоғам өмірінің заңдарын әлеуметтік философия ғана қарастырмайды, сондай-
ақ басқа да қоғамдық ғылымдар: саяси экономия, тарих, эстетика, педагогика
т.б. қарастырады. Алайда бұл ғылымдардың әрқайсысы қоғамдық құбылыстар мен
қатынастардың белгілі бір түрін, тобын қарастырады, қоғамды қайсы бір
жағынан ғана қарастырып, біртұтас қоғамдық даму жайында жалпы ұғым
бермейді. Мәселен, саяси экономия адамдар арасындағы экономикалық,
өндірістік қатынастарды зерттесе, тарих қоғамды түрлі тарихи дәуірлерге,
түрлі халықтар мен елдерге бөліп қарастырады, эстетика -өнердің даму
заңдары мен түрлерін, педагогика адамды әлеуметтендірудің басты бір формасы
— оқыту мен тәрбиелеу заңдарын т.т. қарастырады.
Қоғам жайындағы нақты ғылымдардан тарихи материализмнің негізгі
айырмашылығы сол, ол қоғам дамуының ең жалпы заңдарын зерттейді. Тарихи
материализм диалектикалық-материалистік философияның құрамдас бөлігі
болғандықтан, қоғамдық өмір құбылыстарын сол ғылыми философиялық тұрғыдан
қарастырады. Атап айтқанда, ол тарихи дамудың мынадай жалпы мәселелерін сол
тұрғыдан шешеді: қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арақатынасы,
материалдық өндірістің адамдардың өміріндегі шешуші рөлі, қоғамдық
идеялардың және оларға сәйкес мекемелердің тууы мен ролі және басқа
көптеген маңызды мәселелерді қарастырады. Тарихи материализм бұқара
халықтың және жеке тұлғалардың тарихи рөлін, таптар мен тап күресінің,
мемлекеттің шығу себебін, әлеуметтік революция неден болатынын, оның қоғам
дамуындағы маңызын және басқа көптеген жалпы заңдылықтарды қарастырады.
Тарихи материализм қарастыратын заңдардың әрекет ету өрісі әртүрлі.
Олардың біреулері қоғам дамуының бүкіл барысында, яғни барлық қоғамдарда
әрекет етеді. Ең жалпы деп аталатын мұндай заңдарға, мәселен, өндіріс
тәсілінің қоғам дамуындағы шешуші рөлі, қоғамдық сананың қоғамдық болмысқа
тәуелділігі, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің даму дәрежесіне
сәйкес келу заңы, т.б. жатады. Екінші бір заңдар қоғам дамуының белгілі бір
кезеңдерінде, яғни кейбір қоғамдарда ғана әрекет етеді. Мысалы, тап күресі
заңы дұшпан таптарға бөлінген антагонистік қоғамдарда әрекет етеді. Үшінші
бір заңдар жеке дара қоғамдарда әрекет етеді. Мысалы, мол пайда табу үшін
бәсекелестік заңы тек капиталистік қоғамда әрекет етеді.
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында әлеуметтік
философия өзінің жалпы категорияларын, яғнй қоғамдық дамудың ең
жалпы, мәнді жақтарын бейнелендіретін ұғымдарын тұжырымдайды.
Мұндай категорияларға, мысалы, мыналар жатады: "қоғамдық болмыс",
"қоғамдық сана", "өңдіріс тәсілі", "базис", қондырма", "еркіндік
пен қажеттілік", т.т. Бұл категориялар әлеуметтік заңдардың
әрекетін нақтылай түседі. Сондықтан тарихи материализмнің категориялары
мен заңдарын бірлікте қарастырғанда ғана олар қоғамдық дамудың біртұтас
ғылыми бейнесін көөрсете алады.
Тарихи материализм адамдардың қоғамдық-тарихи практикасын және қоғам
жайындағы нақты ғылымдардың жетістіктерін жалпылап, қорытындылаудың
нәтижесінде туды. Соңдықтан тарихи материализм мен қоғам туралы жеке
ғылымдарды диалектикалық бірлікте қарастыру қажет. Бұл диалектикалық бірлік
мынадан көрінеді: тарихи материализм, әлгінде ғана айтқандай, жеке қоғамдық
ғылымдардың жетістіктерін өз қағидаларын негіздеу, дамыту үшін пайдаланса,
сонымен қатар ешбір нақты қоғамдық ғылым қоғам дамуының тарихи материализм
тұжырымдаған жалпы заңдылықтарын басшылыққа алмайынша, ойдағыдай дами
алмайды, өйткені тарихи материализм қоғам жайындағы барлық нақты ғылымдар
үшін методологиялык, негіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz