Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.
Жоспары.
1.Әлеуметтану ғылым ретінде
1. Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары.
2. Әлеуметтану пәнінің өзге қоғамдық ғылымдармен байланысы.
3. Қоғамның дамуы заңдылықтары.
1. Жоғары оқу орындарының оқу жоспарына әлеуметтану пәні дербес ғылым
ретінде 90-жылдардың басында енгізілді. Әлеуметтануды оқып үйренудегі
мақсат - өзімізге бейтаныс адамдар мен олар ұйымдасқан бірлестіктер
арасындағы кұнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну,
әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта – жігерді арттыру.
Әлеуметтік білімнің негізгі қызметі-әлеуметтік құбылыстар мен
проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін
ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.
Бұл ғылымның социология деген атауы латын, грек сөздерінен
құралған: societas-латын тілінде қоғам, logos грекше ілім, ұғым деген
сөз. Демек социология қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Бірақ
қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан
әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән
обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.
Қоғам деген термин әлеуметтануда адамдар арасында болып жатқан алуан
түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы
алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып,
сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады.
Экономика ғылымдарының объектісі-өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну
мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі
бар. Саясаттану саяси билік жұргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл
политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни
рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің
жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика,
психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық
ғылымдардың зерттейтін объектісі –тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы
ғана екенін түсіну қиын емес.
Демек әлеуметтану қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның
әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Яғни, адамдардың айтарлықтай кең
қауымдастықтарының арасындағы (таптар, халықтар және басқа әлеуметтік
топтар, ұлттар т.б.) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге тұсетін
жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы
қатынастардың субъектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар
әлеуметтік топтар (топтар мен әлеуметтік таптар), әлеуметтік-демографиялық
(ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, отбасы мүшелері),
әлеуметтік территориялық (қала, село тұрғындары), әлеуметтік-этникалық
(ұлттық, халықтық топтар), әлеуметтік-кәсіптік (еңбек коллективтері,
кәсіптік бірлестіктер), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді.
Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі-адамдардың және олардың бірлестіктерінің
іс-әрекеттер, өзара байланыстары. Осыған сәйкес әлеуметтану адамдардың
өзара қарым-қатынасында білдіретін мінез-құлқы жайлы ғылым деуге де болады.
Әлеуметтану ғылымының ішкі логикасын, оның пәнін ашатын, әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің тірегі-категориялар мен
заңдары. Категориялар-әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет –
белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар.
Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды
бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып табылады.
Әлеуметтану ғылымының негізгі категориясы әлеуметтік ұғымы. Бұл ұғым
әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құрылыс, әлеуметтік институт т.б. көлемді
ұғымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше маңызды
категорияларға бөлінеді. Мәселен, әлеуметтік топ категориясы тап,
әлеуметтік қабат, халық, отбасы ұғымдарымен тікелей байланысты.
Әлеуметтану әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым
болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады, яғни қоғамның,
әлеуметтік қауымдастықтардың, топтармен жеке адамдардың іс-әрекеттері мен
өзара байланыстарының заңы болып табылады. Әлеуметтік заңдар адамдардың
және олардың топтарының мінез-құлқын реттейді, жеке адамдар мен олардың
қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынстарды анықтайды. Ол заңдар
адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттерінен көрініс береді.
Әлеуметтік заңдарға, мысалы, әлеуметтік жіктелу, бірігу заңдары, әлеуметтік
мобильдік (бір топтан басқасына өту) заңы, қоғамдық өмірдің
интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. заңдар жатады. Олардың
сипатына көрініс беруіне қарай динамикалық және статистикалық заңдарға
бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар
арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді., олардың бағытын, түрлері
мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік
құбылыстарды қатаң қажеттілік тұрде айқындамай, белгілі бір ықтималдыққа
жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыты мен тенденциясын
ғана көрсетеді.
2. Әлеуметтану білімінің мәні оның құрылымынан көрінеді. Алынған
білім деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып
бөлінеді. Теориялық деңгейде әлеуметтік өмір саласында жинақталған нақты
материялдардың терең талдануы жұргізіледі, оның даму тенденциялары
анықталады, негізгі категориялар мен заңдарға талдау жасалынады.
Эмпирикалық деңгейде бақылау, сауал жұргізу, құжаттарға талдау жасау,
статистикалық мәліметтер негізінде эмпирикалық материал жинақталады, сондай-
ақ алынған материалдың алғашқы өңделуі жұргізіледі.
Іргелі және қолданбалы әлеуметтанудың айырмашылықтары көрсетіледі.
Алғашқысы теория мен методологияны жетілдірумен, екіншісі - әлеуметтік
өмірдің құрылымының іс-тәжирибелік мәселелерін зерттеумен айналысады.
Әлеуметтану білімін сондай-ақ ұш деңгейге жіктеуге болады:
Біріншісі - жалпы теориялық әлеуметтану. Бұл біртұтас социумның
өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған
макросоциологиялық зерттеу болып табылады.
Екіншісі-әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет
етуі мен өзара байланыстарының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған
жалпылығы орташа социология.
Үшіншісі - микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара
қарым – қатынасын, мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстар мен
процестерді зерттейді.
Әлеуметтану білімінің құрылымы осындай. Әлеуметтану ғылымының мәні
сондай-ақ оның қоғамда орындайтын қызметіне қарай анықталады.
1. Теориялық-танымдық қызметі. Әлеуметтану қоғамының сондай-ақ
оның жеке құрылымдарының қызметі мен даму заңдарын, оны
жинаудың әдістерін, әлеуметтік фактілер туралы білімді
анықтайды.
2. Іс-тәжирибелік қызмет адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру
бойынша практикалық ұсыныстарды беретін қолданбалы
әлеуметтанумен де тығыз байланысты.
3. Дұниетанымдық қызмет. Бұл ғылым өз зерттеулері арқылы қоғамның
әлеуметтік-саяси өміріне қатысады, қоғамның ілгерілеуіне ықпал
етеді.
4. Сындық қызмет. Әлеуметтану Әлеуметтану теорияларына сын көзбен
қарайды, тұлғаның қызығушылығы тарапынан танымдық дұниені
бағалайды.
5. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz