Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі ХІХ ғасырдың 40-жылдары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі

ХІХ ғасырдың 40-жылдары

Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең

ХХ ғасырдағы әлеуметтану

Пайдаланылған әдебиеттер

Икенов Ахмет Икенұлы

Жүсіпова Алма Дәулетбекқызы “Әлеуметтану негіздері” 25-30 бет.

Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік қажеттілікке, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Өмір, тәжірибе қажеттілігі, сұранысы болмаса, ғылым пайда болмаған болар еді. Осыған орай әрбір ғылымның, тіпті теорияның өзіне тән шығу, пайда болу тарихы бар. Сондықтан әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет. Өйткені, бұларды білмейінше біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, бір жақты үстірт болады.

Бұл шарттардың да әлеуметтану ғылымына тікелей қатынасы бар және біз оның әрбір теориясына, тұжырымдамасына тарихи тұрғыдан қарасақ, біз ондағы ескі, кертартпа ой-пікірлерді, қателерді, жағымсыз тәжірибені кең қолдануға мүмкіндік тудыратын процестерге жол ашамыз. Олардың ілгерілеп дамуына мүмкіндік жасалады. Сөйтіп оғамның адамның жан-жақты дамуына тікелей ықпалын тигізеді.

Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары шығу себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?

Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес. Өйткені, әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері мен Аристотельдің “Саясат” т. б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс т. б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.

Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтану ғылым ретінде көне немесе қайта өрлеу дәуірлерінде қалыптасты деп айтуға бола ма деген заңды сұрақ туады. Әрине жоқ. Бұл жерде әлеуметтанудың жетекшісі - әлеуметтік философия өмір сүріп, онда қоғам, адам осылардың дамуы туралы мәселелер қойылып, өзінше шешілді десек орынды болар еді. Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның өмірге келуіне қандай алғы шарттар себеп болды т. с. с. сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін біз ғылымдардың шығуы мен дамуын зерттейтін “Еауковедение” атты кітаптың деректеріне сүйенеміз.

Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болуын, оны қоғам танып мойындай бастаған кезеңнен есептеген жөн дейді.

“Науковедение” кітабы бойынша, әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққаннан кейін пайда болған О. Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізде зерттеп білуді міндет етіп қойды.

Қоғамды ғылыми негізде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды.

Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.

1-кезең. Әлеметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңнің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуы, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.

2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.

3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттерді сайлаудың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.

4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель т. б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар қоғам дамуының кейбір мәселелерін қарапайым түрде қарағандарымен, көптеген ұнамды, жақсы ойлар айтқан. Бірақ әлеуметтану ол кезде өз алдына дербес, тәуелсіз ғылым болып әлі қалыптасқан жоқ еді.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз лқымыстысы Огюст Конт (1798-1857 ж. ж. ) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жетілуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О. Конгтың тұжырымдамасы бойынша әрбір қоғамдағы ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеялистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәне мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі - ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, прщцестердің, заттардың абстрактылы мә ндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартты. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыспен қатынастарды белгілеп отырды. О. Конгтың пікірінше ғылым позитивтік сипатта болу керек.

Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бірақ ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғары қарай даму тән. Объек қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң жағымды - Л. И) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астраномия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтанужағымды, оң білімнің ең жоғары шыңы. Өйткені, ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде “позитивтік” әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент т. б. арқылы алынғанэмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

Әлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға ол О. Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі және оны кооперациялау туралы заң болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болы, өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамды әлеуметтік және маманданған топтар пайда болды. Қоғамда адамдардың әл-ауқаты, материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан, бұл факторлар қоғамға кері әсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға, немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан әкелді. Сөйтіп қанаушылыққа жол берді. Әлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды топтастырады. Осыған орай адамдардың түрлі коорпаративтік эгоистік мораль пайда болады. Ал, осылар бақылаудан шығып кетсе, онда қоғамның негізі болатын адамдардың арасындағы ынтымақтастық және келісім бұзылатын болды. О. Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы ынтымақтастықты, келісімді тек әлеуметтану ғылымы реттеп отырады.

О. Конттың әлеуметтану тұжырымдамалары әлеуметтік оптика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Әлеуметтік статика қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл салада О. Конт әлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын, мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін (функциясын) және адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін көрсетеді. О. Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны әлеуметтік динамикада одан әрі жетілдіреді. О. Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуы негізінде, рухани бастама, адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр.

О. Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал, бақылаушы өзінен тәуелсіз тұрған әлеуметтік фактілермен жұмыс істейді. Әлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды әдісі - ол экспериемент. О. Конттың пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір анраулы жасанды жағдайда әлеуметтік процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О. Конт бойынша әлеуметтанудың үшінші негізгі әдісі - салыстыру. Бұл әдіс әрбір халықтың өмірін бір-бірімен салыстыруда қолданады. О. Конттың осы әдістер туралы пікірлері әлеуметтануда өте құнды, маңызды рөл атқарады.

О. Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж. ж. ) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясын негізгі 2 мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болду теориясының негізінде пайда болған.

1. Қоғамда биологиялық организм ретінде қарау;

2. Әлеуметтік эвалюция идеясы.

Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвин биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организмарасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады. Ал, организмнің бөлшектерімен элементтері анық тұтастығын құрайды, оған тәуелді қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөліге әкелді. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды.

Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұратынын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906 г. ) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция т. б. Бірақ ол бұларды өзінше түсінді.

О. Конт пен Г. Спенсер кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айрықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж. ж. )

К. Маркс бірінші болып немістің ұлы философы Гегельдің философиялық диалектикалық әдісін қоғамға саналы түрде қолданды. Оның әлеуметтану теориясының тағы бір үлкен ерекшелігі, ол қоғамдық процесс, құбылыстардың дамуын, өзгеруін әр уақытта бүкіл дүниежүзілік жұмысшы тобының көзқарасы тұрысынан бағалап отырды.

Дегенмен, К. Маркстің әлеуметтану теориясында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады.

1) К. Маркс мінсіздендірілген, обстрактылы қоғам жағдайына тән даму қарсы шығып, өзінің нағыз шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік-материалистік теориясын жасады. Қоғамның дамуын “формация” яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;

2) К. Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды ең басты, қорғаушы, шешуші күш деп санады;

3) Қоғамның дамуын (детерминизм) бір формацияның оған тән өндірістік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды.

4) К. Маркстің әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық; б) механикалық.

Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі формацияның негізгі екі компоненті - базис пен қондыманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.

5) К. Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторлардың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К. Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К. Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндіреді.

Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Батыс әлеуметтанушылары қоғам дамуының бірден-бір қозғаушы, негізгі күші тек экономикалық қатынастарда деген Маркстік теорияны сынға алды. Бұл жерде Маркс қоғамның рухани-мәдени факторларының мәні мен мазмұнын төмендетті деп айыптады. Экономикалық факторлардың рөлін жоғары, асыра бағалап қараудың нәтижесінде жіктеу теориясының бір жақты, бір өлшемді екенін аңғартты. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық т. б. есепке алмады. К. Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға, ынтымақтас мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды.

Дегенмен, Маркстік әлеуметтану теориясы ХІХ және ХХ ғасырдағы әлеуметтанушыларға - әсіресе Э. Дюркгеймге, М. Веберге, Г. Зиммельге т. б. зор әсер етті. Олар Маркстік теорияның көптеген бағалы, құнды идеяларын өз тұжырымдамаларында кең қолданды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдеріне сипаттама
Әлеуметтану ғылымының дамуы
Тарихи әлеуметтану
Әлеуметтану, әлеуметтану гуманистік әлеуметтік ғылымдар жүйесі. әлеуметтану пәнінің негізгі бағыттары. xx ғасыр әлеуметтану. қоғам әлеуметтік жүйе. әлеуметтік институттардың әлеуметтік процестер
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Әлеуметтану ғылымы
ХІХ.ғасырдың әлеуметтануы
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Әлеуметтану нені зерттейді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz