Тұлға ұғымының мәні, түсінігі



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І Кіріспе
Тұлға ұғымының мәні, түсінігі

ІІ Негізгі бөлім
1. Тұлға туралы теориялар. Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер
2. Тұлғаның әлеуметтену процесі
3. Құқық бұзушының тұлғалық ерекшеліктері

ІІІ Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер:

Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып
саналады. Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін адам,
индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты
біліп алуымыз керек. Адам – адамзат баласының жер бетіндегі басқа
биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Индивид – адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр
адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның
екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз адамның тек табиғи-
биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана
қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде
қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы
деп атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға – индивидтің табиғаттан тыс адами
қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді
және басқалардың өмір сүруін қажет ететін және керісінше де солай.
Индивид-жеке дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда
ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық
болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан
тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды. Ата-ананың, басқа
адамдардың қамқорлық көмегінсіз адам баласы жетіле алмаған болар еді.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын
өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның
ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолдарын меңгеру
қабілетінде болады. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас,
байланыс жасауды, ойларын бір-біріне сөз арқылы жеткізуді үйренді. Бара-
бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет жүйесінің
субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Осыларды еске ала отырып, адам
дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға
түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп
анықтама беруге болады.
Адамның өлшемі үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық, әлеуметтік.
Биологиялық өлшем – адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының, басқаша
айтқанда, организмнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын,
орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін қамтиды. Психологиялық
өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан
тыс құбылыстар мен процестер, сезім жүйесі (құмарлығы, жек көру, не сүю,
мақтаныш, не қорлану, күйініш), адамның еркі мен сипатын, темпераментін
қамтиды. Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше
адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды.

Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес
келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның
идеалды типтен қандай ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға
негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
1)Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын
бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
2)Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде
тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индавид. Ол адам тегінің өкілі. Ол
тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
2. Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен
жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни
әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі
(жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде
адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты
қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды
әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы
“ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті
бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан
бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр
кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен
құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан
ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам
(индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің
мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау
маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды.
Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге
бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып,
өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық
өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік
маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке
тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның
әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның
барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін
жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу,
білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік
мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік
емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп
қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана
қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте
алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене
отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет
міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке
тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды:
мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын,
материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа
мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды.
Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық
жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки
субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы,
жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни
жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып
бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас
әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың,
мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы),
кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет.
Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не
ірі әлеум. топ ішіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Заңды тұлға туралы ақпарат
Пән бойынша бақылаудың негізгі формалары
Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Қылмыс құрамының ұғымы
Болмыстың негізгі формалары
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Адам әрекеті сан алуан
Қылмыс заты
Пәндер