Этнос және ұлт



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

1.Этнос және ұлт.
2 Ұлт саясатының мәні мен мазмұны
3.Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі).

1.Этнос және ұлт.
Ұлттық саясат, ұлттық қатынастар саласындағы осы заманғы зерттеулер
адамзаттың ұлттық-этникалық құрамы тұрғысынан оның – саналауандығын
дәлелдейді: әлемде үш мыңнан астам халықтар (этностар), ұлттар және ұлттар
ретінде қалыптасқан адамзат қауымы өмір сүреді. Барлық этникалық топтардың
саны кейбір деректер бойынша он мыңға жуықтайды. Мемлекеттер санының екі
жүзге жуық болуы да қызғылықты дерек.
Осы мәселені ашудағы бастау нобайы ұлттық қатынастар мелекеттен бөлек
немесе онымен қосарлы өмір сүрмейді деген пікір де бар. Ұлттық және
этникалық-ұлттық қатынастар қалай болғанда да мемлекетпен жанама өмір
сүреді және бірыңғай тұтас саясатты — саясаттың объектісі мен субектісі
ретінде ұлттық құрылымды қалыптастырады.
"Этнос", "халық", "ұлт" ұғымдарының мазмұны. "Этнос" ұғымы "халық"
ұғымымен салыстырғанда сатылы жүйені бейнелейді. Бұл жүйеге, негізгі
деңгейдің этникалық бөлімшелерімен (тайпа, ұлыс, ұлт) қатар, этникалық
құрылымның екі деңгейі –төменгі және аралас деңгей жатады. Төменгі
этникалық қауым ерекше белгілері мен өзінің сана-сезімі, яғни ішкі ұлттық
айырмашылығы бар халық этносының бір бөлігі деген ұғымды білдіреді. Егер
олардың сана-сезімі болмаса, онда олар этнографиялық топтар деп аталады.
Аралас қауымдар дегеніміз — ортақ тарихи-мәдени белгілерге және ортақ сана-
сезім элементтеріне ие болатын халықтар тобы.
Мұндай бөлу ресми емес, ол осы заманғы ұлт саясаты үшін өте-мөте
мәнді, ол көпэтникалық мемлекеттер аумағында, атап айтқаңда, Қазақстанда
тұратын ұлыстардың санын анықтауға жәрдемдеседі.
"Этнос", "ұлт" ұғымдарын анықтау жөніндегі тұжырымды көзқарастар.
Көптеген ғалымдар этникалық қауымдарды әлеуметтік құрылымдар деп
ұғынады. Этникалық терминологиясы тек ұлт пен ұлысты ғана емес, сонымен
бірге тайпаны да қамти отырып, әдетте, ұлтқа қатысты "рудан жоғары тұрған"
деген мағынаны білдіреді.
Ұлтты барабар ұғыну үш негізгі көзқарасты: биологиялық, әлеуметтік-
мәдени және саяси-құқықтық көзқарасты білдіреді.
Биологиялық көзқарас басты басым ұлттың қандас туыстығын (ортақ
қаңдастығын) тануға негізделеді. Мұндай көзқарас Германия, Жапония, Израиль
елдеріне тән болып келеді. Биологиялық негіз табиғи тіршілік иесі ретінде
адамда болатыны баршаға мәлім. Аға-аналар этносы баланың сыртқы кейпіне,
тіпті оның мінезі белгілеріне өзінің ізін қалдырады. Сонымен бірге, қалай
дегенмен де ұлт шыққан тегімен ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік факторлармен
— мәдени ортаның ерекшеліктерімен, тәрбие жүйесімен және басқаларымен де
анықталады.
Әлеуметтік-мәдени көзқарас адамдардың үлкен тобының ортақ тілінен,
мәдениетінен, дінінең дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан бастау алады. Мұның
өзі ұлтты өздері үшін рухани мәдениеттің ортақтығы, тарихи дамуының,
ділінің ортақтығы сипатты болатын адамдар қауымы ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Саяси өмірдің, тәжірибесі көбіне мынаны дәлелдейді: ұлттар діни
қауыммен теңестіріледі. Мәселен, саяси әдебиетте "араб ұлты" ұшырасады,
Египеттің, Ливияның, Палестинаның, Сауд Арабиясының, Ирактың араб-
мұсылмандарының көптеген мәдени белгілері мен дәртүрлері жағынан бір-
бірінен өзгешеліктері бола тұрса да, оны ислам дінімен байланыстырады.
Ұлтты саяси-құқықтық тұрғыда қарастырған жағдайда, тең азаматтық, яғни
белгілі бір мемлекет азаматтарының қауымдастығы ретінде түсіңдіріледі.
Еуропа Кеңесі ауқымында жасалған Азаматтық туралы конвенцияда "азамат"
ұғымы "сол адамның этникалық шығу тегін көрсетпестен, мемлекет пен адамның
құқықтық қатынастары" ретінде анықталады. Ұлттар туралы айтқан кезде
халықаралық құқықта нақ сол азаматтық, немесе саяси ұлт жайында әңгіме
болады.
Ұлт дегеніміз тарихи қалыптасқан адамдар қауымын — белгілі бір
мемлекет азаматтары ұғымын білдіреді, бұл ұлтқа өзін белгілі бір ұлт
қауымына жатқызуға және өзін басқа ұлттан өзгеше етуге мүмкіндік беретін
экономикалық өмірінің, тілінің тұрақты бірлігі, мәдениеті мен дәстүрлерінің
ерекшеліктері, сондай-ақ жеке — дара және топтық санасы мен сезімі тән
болады.
Қоғамның ұлттық, құрылымын белгілі бір қоғамның ауқымында болатын
ұлттардың, ұлыстардың, этникалық топтардың жиынтығы ретінде қарастыруға
болады.

2. Ұлт саясатының мәні мен мазмұны
Ұлт саясатының ұғымы. Ұлт саясаты жалпы әлеуметтік саясаттың құрамдас
бөліп болып табылады. Ұлттар ұлттық идеяға, ұлттық идеологияға ие болғанда
ғана саясат объектісіне айналады. Көне оларды тәжірибеде жүзеге асыруға
қабілетті болады. Әдебиетте ұлт саясатының екі түсініктемесі кездеседі,
олар: кең және тармағынадағы түсініктемелер деп аталады. Біріншісі — көп
этникалық мемлекеттердің, этностардың ұлт мәселесіндегі, тілдік, мәдени
дамуындағы, сонымен бірге ұлтаралық қатынастардың дамытудағы ұлт саясаты
мемлекеттің, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың стратегиялық
бағыты ретінде қарастырылады. Бұл бағыт конституцияларда және ұлттық
бағдарламаларда баянды етілген. Екіншісі — ұлт саясаты, бұл этностар өмірін
және олардың арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыруға бағытталған
мемлекеттің заңнамалық, ұйымдық және идеологиялық шараларының жиынтығы.
Ұлттық идея және ұлттық идеология. Көзқарастар жүйесі ретінде дұрыс
ұғынылатын және қалыптасатын, ұлттар бірлігі мен қоғамдық өмірдің барлық
салаларындағы оның мүдделерінің басымдығы принциптеріне негізделген ұлттық
идея орасан зор саяси күшке ие болады, осының арқасында азаматтық қоғам
егемендік пен билікке құқық ала отырып, мемлекетпен тепе-тең деңгейде
болады. Әдістемелік "тұрғысында, дамыған ұлттық идея ұлттық идеология
ретінде көрінеді, яғни ішкі байланысы бap белгілі бір идеялардың жүйесі
болады. Ұлттық идеология — бұл саяси іс-қимылдардың негізінде жатқан ұлттың
рухани дамуының мазмұнын, деңгейі мен ерекшеліктерін сипаттайтын адамдардың
әлеуметтік, саяси, экономикалық, философиялық, діни, имандылық, әсемдік
және басқа да көзқарастарының жиынтығы. Идеологияда ұлттың орнығуының
тарихи мән-жайлары, оның құндылық бағдарлары, басқа ұлттарға көзқарасы
бейнеленеді.
Ең жалпы түрде ұлттық қатынастардың мәні ұлт мәселесін, шешу процесін
білдіреді, басқаша айтқанда, ұлттық қатынастар әртүрлі этностарға жататын
адамдардың өзара қатынасы болып табылады.
"Ұлт мәселесі". Ұлт мәселесі дегеніміз не?
а) "көпұлтты мемлекеттің шегінде өзара іс-қимыл жасайтын ұлттардың
(ұлыстардың, этностардың, этникалық топтардың) арасындағы қатынастарды
үйлесімдеудің жалпы және жеке тәсілдері туралы мәселе;
б) осы мәселеде мүдделі барлық үлкенді-кішілі этностардың тілдік-
мәдени болмысының негізгі қажеттерін қамтамасыз ету арқылы жеке адам
деңгейінде, сондай-ақ әлеуметтік деңгейді ұлттық тең құқыққа қол жеткізу
туралы мәселе".
Ұлт саясатындағы өткір проблемалардың бірі ұлттың өзін-өзі билеуі
болып табылады.
1970 ж. БҰҰ-ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Дүние жүзінің этностары
Этнос және ұлт әлеуметтануы
Этностық өзіндік сананың дамуы
Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі
Этнопедагогика: лекция мәтіндері мен семинар сабақтарының жоспарлары
Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім - тәрбие
Түркология және Қазақстан
Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер
Этнография термині
Пәндер