Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясы

Жоспары:
Кіріспе
1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи
шолу
2. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістемесі мен технологиясы
түсінігі
3. Әлеуметтік педагогтың практикалық жұмыс әдістері мен технологиясының
өзара байланысы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін
тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы
ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар,
бірлестіктер т. б тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын
арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал
жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми
ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен
адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет
құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстары келесі салаларға
бөлінген. Ортасы,балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты,
білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде
қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек
көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік
қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Бүгінгі мектеп психологтары мен
әлеметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр.Әлеуметтік
педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет
1.Диагностикалық қызметі 2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін
балаларды әлеуметтік қорғау. 3Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың
құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.4.ерекше назардағы оқушылармен жұмыс.
5.Сынып жетекшілеі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б.
өзара қарым-қатынасты үйлестіру. Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР
Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны,ҚР бала құқығын қорғау
туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін
басшылыққа алуы қажет.

Әлеуметтiк педагогика ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А.
Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік
педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П.
Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру
мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды.
Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды
қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г.
Боймер есімдерімен байланысты болды. Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған
ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн
зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы
адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн
қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады. Көптеген
әлеуметтік-педагогикалық еңбектерде әлеуметтік педагогиканың дербес ғылым
ретінде қалыптасуының бастауларына ертедегі дін мен қайырымдылық
шараларының үлкен ықпалының болғандығы айтылады. Діни мекемелердің қай-
қайсысы болмасын қашан да жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттап
келген. Кез келген діни еңбектер мазмұнында адамгершілік, адамға
мейірімділік көрсету, жақындарына қамқор болу мәселелері ең маңызды
орында қарастырылады. Тарихи деректерге жүгінсек, тастанды балаларға
арналған ең алғашқы тәрбие мекемесі IV ғасырда Кесария (Малайзия)
қаласында орналасқан шіркеудің жанынан епископ Василия Кесарийскийдің
бастамасымен ашылған. Мұндай мекемелер кейіннен 787 жылы Миландағы
соборлар жанынан ашылды және ұзақ жылдар бойы Еуропадағы жалғыз балаларды
қамқорлыққа алу мекемесі болып келді. Ал XIV ғасырға қарай олардың саны
30-ға жетті. Бұл мекемелерде тек балаларға қамқорлық жасау ғана емес,
сонымен қатар профилактикалық жұмыстар да жүргізілді, атап айтқанда, ата-
аналарға көмек көрсету, баласынан бас тартқан жағдайда оларды өзге
отбасыларына асырап алуға беруді ескерту, олардың тәрбиесіне ұдайы
бақылау жасап отыру секілді жұмыстар атқарылды.
Ресейде де қараусыз қалғандарға қолдау көрсету жолында шіркеулер маңызды
рөл атқарып келген. Көне дәуірлерден монастырлар мен храмдар жанынан
мұқтаждық көрген адамдарға ауруханалар мен қамқорлыққа алу мекемелері
қызмет етіп келген. Ресейдегі мейірімділік жасау қызметтері мен
мекемелерінің құрылу тарихы әлеуметтік педагогиканың дамуына ықпал етті.
Ғасырлар бойы қайырымдылық пен мейірімділік көрсету шаралары қоғамдық
сипат алып, тек қана руханилық пен дворяндық сипаттан шығып, өзге де
таптарды қамтыды. Екатерина-2 тұсында қайырымдылық істер мемлекеттік сала
ретінде қалыптасты, дәстүр бойынша императорлардың жұбайлары
қамқорлығындағы ведомстволар (кейіннен министрліктер) құрылды. Бірінші
Қайырымдылық министрі Павел І-дің жұбайы Мария Федоровна болды. Оның
қамқорлығымен жетім балалар үйлері ашылып, онда музыка мұғалімдері мен
тәрбиешілер даярлау кластары жұмыс істеді.
Бертін келе, қазақ қоғамында да адамды қоғамына лайықты қалыптастыру мен
олардың тәрбиесіне қамқорлық жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру
мәселелері басты назарға алынып, балалар мен ересектердің болашағына
алаңдаушылық білдіру, сондықтан көпшілік болып қол ұшын беру, көмек қолын
созу секілді дәстүрлер кеңінен насихатталған. Дінді тәрбие құралы ретінде
берік ұстанған ата-бабаларымыз, жалпы түркі халқы қайырымдылық істерде
ислам талаптары мен діни шарттарын ескеріп отырған. Осы тұста Хазiрет Али
былай деген екен: Балаларыңды өздерiң болмайтын уақыт үшiн тәрбиелеңдер,
өйткенi олар сендер болмайтын уақыт үшiн жаратылған. Осылайша ұрпақтарын
олардың заманы үшін тәрбиелеп, қоғамдық сұраныстарды ескеріп отырған.
Мұндай көзқарастар қазақ халқының зиялылары көзқарастарында да жалғасын
тауып келді. Атап айтқанда, зиялы тұлғалардың бірі М. Жұмабаевтың
педагогикалық еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде былай кеңес береді:
Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi керек, одан да мықты
етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн заманы ата-аналардың
заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң болмақ, - деп айтқан болатын.
Мұның өзi баланы әлеуметтендіру идеясының халқымыз болмысында арнайы
тәлімдік ғылыми теориялар мен мекемелер қызметнің жүйесінсіз-ақ, от басы
- ошақ қасында жүріп-ақ іске асырылғандығынан дерек береді. Осылайша,
қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі талаптары да әлеуметтендіру
міндеттерімен байланыстылығын дәлелдей түседі.
Сондай-ақ, ислам талаптары адамдарға жамағат болып, қоғам болып өмiр
сүрудi және сол қоғамда ортақ талаптарды орындау мен соған мойынсұнуды
мiндет етедi. Нақтырақ айтар болсақ, Кiмде-кiм жамағаттан шығып, яғни
көпшiлiктен бөлiнiп кетiп, содан кейiн өлер болса, онда ол адам надан
өлiммен өлген болады, - деген. Бұл сөйлем қатары жастарды қоғамға
бейiмделуге шақырады, яғни ата-аналардан балаларын тәрбиелегенде қоғам
талаптарына бейiмдеу, әлеуметтендiру процесiнiң орындалуын талап етiп
отыр. Өйткенi, адам тек адамдар арасында ғана өзiнiң адамдық сипатын
қадағалай алады және жетiлдiредi. Ислам шарттарында жастарды үлкендi
сыйлауға тәрбиелеу, бойында қайырымдылық пен iзгiлiктiң дәнiн себу арқылы
жағымды қарым-қатынас жасау мәселелерi былайша қарастырылады: Егер
сiздер бiр жаманшылықты көрсеңіздер, қолыңызбен кедергi болып өзгертіңіз.
Егер қолыңызбен өзгертуге күшiңіз жетпесе, онда тiлiңізбен өзгертіңіз.
Оған да күшiңіз жетпесе, онда жүрегiңізбен кедергi болып өзгертіңіз, -
деген [Муслим, Иман 78]. Бұл өсиеттен діни насихаттар жастарды жамандыққа
төзбеуге, оған бейтарап қарамауға, соның нәтижесінде iзгiлiкке,
адамгершiлiк пен қайырымдылыққа, кiшiпейiлдiлiкке шақырғандығы айқын
көрiнедi. Міне, осылайша қандай халықтың болсын тарихи қалыптасуына шолу
жасап көретін болсақ, алғашқы әлеуметтендіру шаралары діни көзқарастары
негізінде қалыптасып, арнайы мекемелерде іске асырылып отырған. Кейіннен
әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің
жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова,
А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің
әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін
ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы
мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы
әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып
жіберді.
Әлеуметтік педагогика мәселелерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуінің жандануы
1950-1960 жылдардан Е. Молленхауэр есімімен оның әлеуметтік педагогиканың
пәні жайлы пікірталасты ұйымдастыруымен байланысты дамыды. Е.
Молленхауэрдің әлеуметтік педагогика мәселелерін әлеуметтік қорғаудың
теориясы мен әдістемесіне ғана теңестіруі Х. Мискестің әлеуметтік
педагогиканы ғылыми пән ретінде қарастыру жайлы идеясының ілгері дамуына
кедергі болды. Ресейде әлеуметтік педагогикаға қызығушылық 1990 жылдан
бастап қалыптаса бастады. Бұл п.ғ.д., профессор В. А. Сластениннің
ұжымдық ғылыми-ізденушілік қызметінің арқасында дамыды. Осы ұжым ең
алғашқылардің бірі болып әлеуметтік педагогтар институтын ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің біліктілік, этикалық стандарттарын
негіздейтін құжаттарды дайындады. Мұндай құжаттар шетелдік және ресейлік
ғалымдардың адамтану жайлы идеяларын оқып үйрену негізінде жасалды. Осы
орында ф.ғ.д., профессор Л. В. Филиппованың еңбегін ерекше атап өту
қажет. Ол әлеуметтік педагогика мәртебесін қоғамның даму кезеңіндегі
қажеттіліктерімен сәйкестендіруге көп әрекет еткен. Л. В. Филиппова
әлеуметтік педагогиканың тұжырымдамалық негіздерін айқындау мен ұғымдық
аппаратын нақтылауға, кейбір құрылымдық компоненттердің мазмұнын ашуда да
көп еңбек еткен. Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық
педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың
педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж.
Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам
тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты
екендігі баса айтылған. Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген
классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И.
Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың
педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-
әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен,
мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады. Ресей
педагогтары тәрбиедегі маңызды міндеттердің бірі жаппай білім алуға
бұқара халықтың қол жетімділігі болуын ұсынған еді. Өйткені адам өмір
сүретін ортада қоршаған әлеуметтік жағдайлар міндетті түрде ықпал
ететіндігін түсінді. Олардың дүниетанымы, қарым-қатынасында көрініс
беретін мінез-құлқы мен іс-әрекеті, жалпы рухани деңгейінің маңыздылығын
ұқты. Ең алғаш тәрбиенің халықтық сипат алуын ұсынған Ресей педагогы К.
Д. Ушинский халықтық мектептердің құрылуын насихаттады. Әйтсе де, ұлы
педагог К. Д. Ушинскийдің бұл идеясы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX
ғасырдың басында ғана жүзеге асты, сөйтіп, ересектерге арналған
қайырымдылық істерді жүзеге асыратын оқу орындарының тізбегі қалыптасты.
Оған зайырлы және шіркеу-приход мектептері, бастауыш училищелер, алғашқы
сауаты бар адамдар үшін қайталау мектептері және т.б. енді. Әлеуметтік
педагогикада маңызды орынды оның әрбір компоненттерінде және
функцияларының әрбір деңгейлерінде көрінетін басқару процестері
иеленеді,(ғылыми- зерттеушілік, ғылыми –қайта даярлаушылық және ғылыми-
білім берушілік). Әлеуметтік педагогиканы басқаруға жалпы алғанда мынадай
проблемаларды жатқызуға болады: әлеуметтік педагогиканың адамның қоршаған
әлеуметтік ортамен өзара ықпалының үйлесімділігін қамтамасыз ететін
ғылыми-зерттеушілік, ғылыми–қайта жасаушылық және ғылыми-білім берушілі
кұрылымы мен штаттары; бұл құрылымдардың қызметін реттеу мен
ұйымдастыру(мемлекетті, мемлекеттік емес және коммерциялық типтегі);
мемлекеттегі ғылыми және білім беру мектептерінің, әлеуметтік жұмыстың
практикалық орталықтарының қызметін ұйымдастыру, жүргізу және дамыту,
сондай ақ ынталандыру (Республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейде);
әлеуметтік педагогикалық саладағы ғылыми, практикалық және ғылыми
педагогикалық кадрлар қызметін ұйымдастыру мен ынталандыру
(жаратылыстану, әртүрлі мақсаттағы әлеуметтік жұмысшы кадрлар); ғылыми
зерттеушілік, ғылыми қайта жасаушылық және ғылыми педагогикалық қызметтің
негізгі бағыттарын, жолдары мен приоритетті проблемаларының дамуын
болжау(әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әртүрлі
құрылымдарында); мемлекет ішіндегі және басқа да мемлекеттер арасында
ақпараттармен қамтамасыз ету және т.б. Сонымен, әлеуметтік педагогика
адамдар қоғамындағы өмір мен әрекеттің күрделі функционалдық құбылысын
арастырады. Практика ретінде ол субьекттің әлеуметтік ортадағы ғылыми
қайта қалыптастырушылық әрекетін бейнелейді және әлеуметтік педагогикалық
жұмысты, оның педагогикалық компоненттерін қарастырады. Ғылым ретінде
жалпы педагогика ғылымының оның бір ғана құрылымдық бөлігімен
шектелмейтін әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасын зерттейтін бөлігі болып
табылады; сонымен бірге, адамның әлеуметтік ортадағы қарым қатынас
педагогикасы ретінде субьектінің ғылыми танымдық әрекетін көрсетеді.
Білім беру кешені ретінде ол әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің
әртүрлі типтеріндегі әлеуметтік педагогтардың ғылыми білім берушілік
қызметін айқындайды(кәсібилікке дейінгі, кәсіби, кәсібиліктен кейінгі).
Құрылымының жиынтығы тұрғысында әлеуметтік ортаның педагогикасын
түсіндіреді және адам мен оның қоғаммен өзара ықпалының тәсілдері,
механизмдері туралы білімдер интеграциясы.
Әлеуметтік педагогика обьективті, нақтылы ғылыми-әдіснамалық және ғылыми
практикалық негіздерге сүйенеді. Әлеуметтік педагогтың тұлғалық
мәдениеті, кәсіби қызметінің мәдениеті, әлеуметтік ортасының мәдениеті
әрбір компоненттің маңызды элементі болып табылады. Әлеуметтік педагогтың
кәсіби қызметінің өзіндік ерекшелігі мен мамандық айырмашылығы әлеуметтік
педагогиканың өнер ретіндегі мәселені де көлденең тартады.
Бүгiнде Әлеуметтiк педагогика және Әлеуметтiк жұмыс ұғымдары
практикада кеңiнен қолданылып келедi. Бұл ұғымдарды мазмұндық жағынан
бiрдей деп санауға болмайды. Өйткенi, әлеуметтiк жұмыс әлеуметтiк
педагогиканың бiр бөлiгi ғана болып табылады. Бұл тұста барлық ғалымдар
көзқарасындағы ортақтық - әлеуметтiк педагогика қоғамның барлық
мүшелерiнiң әлеуметтiк тәрбиесiнiң проблемаларын тұтастай, соның iшiнде
әлеуметтiк жұмыс пен әлеуметтiк саясат проблемаларын да тұтастықта
қамтитындығында екендігін мойындағандығында. Олай болса, әлеуметтiк
педагогика - кешендi, интеграциялық ғылым. Әлеуметтiк педагогика адамның
әлеуметтiк тәрбиесiн, яғни бүкiл өмiрi барысындағы әлеуметтiк ортаның
тәрбиелiк ықпалының нәтижесiн қарастыратындықтан, бүгiнгi педагогикалық
еңбектерде тәрбие ұғымының өзi әлеуметтендiру ұғымымен қатар өзара
сабақттастықта қарастырылып жүр. Тәрбиелеу, әлеуметтендiру түсiнiктерiнiң
мақсат-мiндеттерi өте жақын. Адамның әлеуметтiк тәрбиесiнiң қоғамдағы
орны мен рөлiн анықтау оның даму, әлеуметтендiру процестерi арқылы
анықталады. Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның
әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның
қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік
педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен
сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді
интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты -
өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін
технологияларды жасау. Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның
әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi
болып табылады. Г. Нол мен Г. Боймер әлеуметтiк педагогиканың пәнiн
анықтау барысында кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтың
алдын алу және панасыз балаларға әлеуметтiк көмек көрсету деп
тұжырымдайды. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi
негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк
қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен
принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi. Әлеуметтiк педагогика
өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi
айқындалған. Олар:
- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми
әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды
педагогикалық тұрғыдан реттеу;
- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогикалық
ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;
- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны
пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;
- тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;
- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға,
субъект) шекараларын ажырата алу;
- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау
жүргізу;
- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы
ұғымдарының мәнін ашу.
Немiс зерттеушiсі П. Наторптың пiкiрiнше, халықтың мәдени деңгейiн көтеру
мақсатында қоғамның тәрбиелiк күштерiн интеграциялау мәселелерiн зерттеу
әлеуметтiк педагогиканың мiндетiне жатады. Х. Мискестiң тұжырымы бойынша
әлеуметтiк педагогика жалпы педагогиканың әлеуметтiк функциясын ашып
көрсетедi және барлық жасаралық топтардағы тәрбие процесiн зерттейдi. Е.
Молленхауэр жастардың әлеуметтiк жүйеге тез бейiмделуiне көмектеседi
деген ойды құптайды.
Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас
негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады.
Әлеуметтену:
- адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi
жағдайларынан;
- адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы;
- тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты
бағытталған процесi арқылы;
- адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге
асырылады.
Әлеуметтiк педагогиканың әдiснамалық негiздерiне кең мағынада әлеуметтiк
педагогикаға қатысты алғанда әдiснамалық функцияны атқаратын бiлiмдер,
тұжырымдамалық, теориялық қағидалар жатады. Әлеуметтiк педагогика
қоршаған ортаның тұлғаны қалыптастыру мен оны тәрбиелеуге тигiзетiн
ықпалын зерттейтiн педагогикалық бiлiм бөлiмi ретiнде мектептен тыс
жүргiзiлетiн мақсатқа бағытталған процестi қарастыратын педагогика болып
есептеледi.
А. П. Нечаев баланың психикалық дамуында тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие
рөлiн анықтауда тұлғаның психикалық даму барысындағы әлеуметтiк
факторларына ерекше назар аударады. Ғылыми санамен басқарылатын жалпы
адамзаттың тiршiлiк ету ортасы В. И. Вернерский тарапынан ноосфера деп
аталғаны белгiлi. Тiршiлiк ортасы адам тарапынан ойлау және тұрмыстық
жағдайларды талап етедi. Орта табиғи және жасанды болуы мүмкiн. Табиғи
орта организм – орта типiндегi экологиялық жүйе класына жатады. Осыған
орай ноосфера табиғи және жасанды ортаның синтезi ретiнде айқындалады.
Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк
құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен
практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам
өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады.
Әлеуметтiк саясат индивидтiң қажеттiлiгi негiзiндегi әлеуметтендiрудiң
мақсат, мiндеттерiн жүзеге асыруда адекватты түрдегi бағдарламаларды, оқу-
тәрбие жүйелерiн, әдiстерi мен құралдарын жасап, оларды тәжiрибеге
енгiзедi. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына
көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады.
Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара
және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып
табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының
және дамуының педагогикалық аспектiлерi. В. А. Никитин әлеуметтiк
педагогиканың социеталды, әлеуметтiк орта және жеке-даралық деңгейiн
ажыратып көрсетеді. Ресей ғалымы Я.Анурин социеталды қарым-қатынасқа:
... бұл адамдардың қандай да бір өзара ортақ қызығушылығы мен
мүдделеріне байланысты қалыптасқан қарым- қатынастарының жүйесі. Ол
нақтылы талаптармен шектелген тұрақты жүйе... деп сиапаттайды.Әлеуметтiк
педагогика теориясы мен практикасының социеталды деңгейiндегi нысаны
адамдардың салыстырмалы түрде алғандағы тұрақты қауымын құрайтын қоғам
болып есептеледi, ал педагогикалық iс-қимылдардың ұйымдастырушысы, әрi
оны дәйектiлiкпен жүзеге асырушы - мемлекет, алуан түрлi сана және
қоғамдық ұйымдар,қозғалыстар.

Кез келген мамандықтың қызметін меңгеруде болашақ маман ең алдымен қызмет
түрлерімен танысады. Мысалы, физика пәнінің маманы болу үшін ол алдымен
физиканың заңдылықтарын оқып үйренеді, ал балалар дәрігері болып шығу үшін
анатомия, физиология ғылымдарын меңгереді. Демек әрбір ғылымның алдында
қалай оқыту керек, қалай емдеу керек, қалай жүзеге асыру керек деген
секілді сұрақтар тұрады. Дәл осындай сұрақ болашақ әлеуметтік педагог
маманының да алдында тұрады. Бұл ғылымның ерекшеліктерімен және әлеуметтік-
педагогикалық қызметтің мазмұнымен танысып болған соң болашақ әлеуметтiк
педагог баланың жеке тұлға болып қалыптасуына қалай көмектесу керек, оның
бойында ауытқу болмау үшін оның қалай алдын алуға болады? деген сұраққа
жауап іздейдi. Мұндай сұрақтарға әдістеме мен технология жауап береді.
Алдымен әдістеме және технология ұғымдарының мәнін түсініп алайық.
Әдістеме - бұл қандай да бір жұмысты орындауға мақсатты бағытталған
әдістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы. Біз әлеуметтік-
педагогикалық зерттеу мәселесін қарастырған кезімізде әдіс ұғымымен таныс
болдық. Бұл ұғым өте кең көлемде қолданылады. Атап айтқанда, психологияда,
әлеуметтануда, педагогикада және т.б. Философтардың берген анықтамаларына
сүйенетін болсақ, әдіс - бұл зерттеліп отырған объектінің заңдылығынан
туындайтын іс-әрекетті меңгерудің теориялық және практикалық тәсілі.
Әлеуметтік педагогика ғылымның бір саласы екендігі бізге белгілі. Сондықтан
әлеуметтік-педагогикалық қызметтің әдістерін айқындауда біз педагогика
ғылымында қолданылып жүрген оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі әдістеріне
сүйенеміз. Екіншi жағынан, әлеуметтік педагогиканың спецификалық
ерекшелігін ескереміз. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің негізгі
нысанасы баланың дамуы, оның қоршаған ортасы екендігін және оның
әлеуметтенуіне көмектесетін әлеуметтік педагог қызметі екендігін есте
ұстауымыз керек. Әлеуметтік педагог баламен тікелей байланыста немесе
баланың отбасымен, достарымен, балалар ұжымымен байланыса отырып жұмыс
жүргізеді. Ол кішкентай уақыттың ішінде проблеманы шешуі мүмкін, ал кейде
ұзақ мерзім баламен жұмыс жүргізуі мүмкін. Әдістер - бұл баланың
әлеуметтенуіне әсер ететін, әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына
мүмкіндік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты
қызметінің тәсілі. Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымының жаңа саласы
болып табылатындықтан, әдістер топтары туралы айту әлі ерте. Сондықтан
әлеуметтік педагог өзінің практикалық жұмысында педагогика, психология және
т.б. ғылымдардың тәрбие әдістерін пайдаланады.
Әдісті таңдап алу әлеуметтік педагогикалық жағдаятқа, баланың мінез-құлқына
және т.б. мәселелерге байланысты анықталады.
Әдіс ұғымы басқа әлеуметтік педагогикалық қызметте тәсіл және құрал
деген ұғымдармен де жиі байланыста қолданылады. Шын мәнісінде әрбір әдіс
жекелеген тәсілдердің жиынтығынан пайда болады. Олар арнайы мамандардың
практикасы арқылы жинақталып, ұсыныстары басқа мамандар тарапынан
таратылып, жария етіледі. Дегенмен тәсілдер әдістен тыс әлеуметтік
педагогтар арқылы қолданыла береді. Мысалы, әйгiлi зерттеушi Э. Ш. Натанзон
әдістерді дамытушы және теңеуші деп бөлді Дамытушы әдістерге ол
сенімді, өз күшіне сенуді ынталандыру, көңіл бөлу, өтіну, ренжіген кейіп
білдіру, сенімді күшейту және т.б. жатқызды. Ал теңеуші әдістерге бұйрық
беру, сыңай білдіру, жылы сынау, айыбын бетіне басып отыру, көңіл аудармау,
сенім білдірмеу, сенбеу, ренжіген кейіп таныту, жақтырмаған кейіп таныту,
кінәлау, ескерту, айқайлап ұрсу және т.б. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz