Әлеуметтік және этникалық ұқсастық


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
  1. Әлеуметтік және этникалық ұқсастық

Даралану/ұқсастықтың бірегей процесі әлеуметтік ұқсастықтың қалыптасуына алып келеді. А. Тэшвелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық - жеке тұлғаның құндылықтармен және осы мүшелікке берілетін көңіл-күйлік мағынасымен бірге әлеуметтік топтағы өзінің мүшелігін сезінуі. Жалпы алғанда, әлеуметтік ұқсастық - өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен салыстыру процесінің нәтижесі.

Этникалық ұқсастық - тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамдас бөлігі, өзіің белгілі бір этникалық қауымға жататындығын сезінуіне жататын психологиялық категориясы. Біріншіден, этникалық ұқсастық пен этникалық түсінігі кеңінен түсіндіру қажет, яғни ұқсастығының негіздері - ата-анасының ұлты, тұратын жері, ана тілі, мәдениеті сияқты бірқатар объективтік белгілері бойынша этникалық топқа жататындығын анықтайтын социологиялық категория . Екіншіден, этникалық ұқсастық өзін атау кезінде көрінетін өзін этникалық қауымға жатқызумен сәйкес келмеуі мүмкін.

Этникалық ұқсастық - бұл бірінші кезекте, өзін этностың өкілі ретінде сезінуінің когнитивті-көңіл-күй процесінің нәтижесі, өзін онымен теңестірудің белгілі бір дәрежесі мен басқа этностардан оқшаулану болып табылады. Бұл түсініктің мағынасы Г. Г. Шпет ұсынған терминді анық көрсетеді, ол этникалық ұқсастықты өзінің бір этникалық топпен теңестіруі мен басқалардан бөлінуін уайымдауы ретінде қарастырады.

Этникалық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамдас бөлігі ретінде есептей отырып, қазіргі заманғы зерттеушілер сонымен бірмезгілде тек оларға тән ерекшеліктерді бөліп қарауға әрекет жасайды (1-сурет) . Атап айтқанда, американдық этнолог Ж. Девос этникалық ұқсастықты бүгінгі және келешекке бағдар алған басқа формалардан айырмашылығы мәдени дәстүрге сіңіп және өкенге көз салған ұқсастық формасы ретінде қарастырады.

Этникалық ұқсастықтың негізгі ерекшеліктері: Этникалық ұқсастықтың негізгі ерекшеліктері
Өткенге көз салушылық: Өткенге көз салушылық
:
мифологиялылық: мифологиялылық

1-сурет. Этникалық ұқсастықтың негізгі ерекшеліктері

Этникалық ұқсастықтың құрылымында (2-суретті қара) әдетте екі негізгі компонентті - когнитивті (жеке адамның өзінің тобының ерекшеліктері туралы түсінігі, білімі) және аффективті (топқа жататындығының сезімі, оның қасиетін бағалау, оған мүшелігіне деген қатынасы) компонентін бөліп қарайды. Кейбір авторлар тағы да оның мінез-құлық компонентін, оны тек сезіну ғана емес, сонымен бірге өзін блгілі бір топтың мүшесі ретінде, «түрлі этноқатынастық жағдайдағы әрекеттер мен қатынастар жүйесін құру» (Дробижева және т. б., 1996 ж. ) мехнизмін түсіну ретінде көрсетеді. Алайда, этникалық ұқсастық құрылымындағы мінез-құлықтық компоненттің болуын психологтардың басым көпшілігі мойындамайды. Міне, сондықтан да тек қана көпшілік мойындаған этникалық ұқсастықтың құрылымдық компоненттері : когнитивтік және аффективтік компоненттері ғана қарастырылады.

Этникалық ұқсастықтың құрылымдықкомпоненттері:

Этникалық ұқсастықтың құрылымдық

компоненттері

аффективті: аффективті
:
когнитивті: когнитивті
:
Мінез-құлықтық: Мінез-құлықтық

2-сурет. Этникалық ұқсастықтың құрылымдық компоненттері

  1. Этникалық ұқсастықтың когнитивтік және аффективті компоненттері

Этникалық ұқсастықтың негізгі құрылымдық компоненттерін қарастырайық. Түрлі зерттеушілер ұсынған модельдерде этникалық ұқсастықтың когниивтік компоненттерінің құрамдас бөлігін белгілеу үшін түрлі терминдер - этникалық бағдарлар, топтық тұжырымдамалар және т. б. пайдаланылады. Бірақ та ең маңыздысы деп, біріншіден, этникалық хабардар болуы - өзінің және басқа да топтардың барлығы туралы, олардың тарихы, әдет-ғұрыптары, мәдениетінің ерекшеліктері туралы білімі, және екіншіден, этникалық өзінше атауы танылады.

Өзінің және бөтен этникалық топ туралы білімнің негізінде белгілердің жүйесін құрайтын түсініктер кешені қалыптасады. белгілердің жүйесі ретінде ең алуан түрлі белгілер: тіл, құндылықтар мен нормалар, тарихи естеліктер, дін, туған жер туралы түсініктер, ортақ ата-бабалар туралы аңыздар, ұлттық сипат, халықтық және кәсіби өнер жатады. Олардың арасында сырттан бақылаушыға майда - шүйде болып көрінетін, мысалы, Орта Азияда тұратын кәрістер өздерінің ұқсастығы үшін маңызды деп санайтын материалдық мәдениеттің кейбір элементтері : көкөністерді кесу үшін ерекше үккіш, ұлттық кішкентай үстел, ұзын жастықтар, кеспе кесетін машинканы маңызды нәрсе деп санайды.

Отырықшылыққа және өндіруші шаруашылыққа өтумен, өңделген жерлер сияқты жылжымайтын мүлік түрлерінің пайда болуымен қауымдар өмір сүру салты мен әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша барынша айырмалана бастады, бұл олардың оқшаулануына алып келді. Топаралық салыстыру процесіде кейбір тайпаларда айқын этникалық ұқсастық ояна бастады. Көлденең туыстық туралы түсініктің орнына ұқсастықтың екінші формасы - қауымның шығу тегін сезінуі келді. Басқ сөзбен айтқанда, тік туыстық идеясы қалыптасады, ол мыналаран көрінеді: а) халықтың шығу тегі туралы аңыздарда ерте замандарда арғы бабаларынан - мәдени батырлар; ә) ата-бабалар табынушылығында - тайпаның өкілдерінің қазіргі кезде өлгендерінің рухына табынуынан көрінеді. Ру-тайпалық қоғамдағы генеалогия ондаған ұрпақтан тұра алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның этномәдени даму мәселелері
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Этносаралық қарым-қатынас психологиясы
ЭТНИКАЛЫҚ ҰҚСАСТЫҚТЫҢ ӨЗГЕРУІ МЕН ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Этникалық ұқсастықтың қалыптасуына әлеуметтік контекстің ықпалы
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Этникалық қақтығыстар олардың ағымы
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz