ӘЛЕУМЕТТІК ЖІКТЕЛУ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТІК ЖІКТЕЛУ

Қоғамдық еңбек бөлінісі мен қазақ коғамының әлеуметтік-экономикалық
жіктелу барысы қоғамдық міндеттерді жүзеге асырудағы одан әрі
мамандандыруды туғызды және соның салдары ретінде номадтардың әлеуметтік
қатынастары кұрылымында ерекше институттардың калыптасу үрдісіне әкеп
соқты. Бұл орайда қазак, қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен
әлеуметтік топтарға бөлінуі сәйкес келмеді, ал кейде бір-біріне тіпті қайшы
келіп отырды. Адамның әлеуметтік мәртебесі әсте де барлық уақытта бірдей
оның экономикалық әл-ауқатымен анықталған емес, ал соңғысы, өз кезегінде,
барлық уақытта бірдей оның биік мәртебесіне тәуелді бола бермейді. Қазақ
қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің ақсүйек және
қарасүйек дейтіндерге саралануы болды. Бірінші әлеуметтік топ оның
әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы өнімнің зор
болуы себепті сырттан ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық
корпорациясы болды. Оған аристократиялық екі сословие — төрелер мен
қожайындар жатты.
Ақсүйектерден айырмашылығы қарасүйектердің сословиелік-кор-порациялық
топтарының мәртебесі ашық болды, оған жеке қасиеттері мен мүліктік
жағдайына қарай кез келген индивид қол жеткізе алатын. Оларға билер,
тархандар, батырлар, ақсақалдар санаттары жатты. Алайда қазак, халқының
еркін қауымдастардеп анықталатын көпшілік бөлігі сословиелік белгілері
бойынша сараланған емес, казақтардың үстем табынан оның айырмашылығы осы
болатын.
Көшпелі коғамның пұрсатты қаймағы, аксүйектердің негізі болған
төрелердің (сұлтандардың) аристократиялык сословиесінен құралды. Ол Шыңғыс-
хан ұрпақтары тармақтарының біріне жататын және жүздердің генеалогиялық
кұрылымына кірмейтін адамдар тобын біріктірді.
Қазақ төрелері (сұлтандары) өз тегін, аймақ көшпелілерінің дәстүрлі
түсініктеріне қарағанда, Шыңғыс ұрпақтарының үлкен тармағынан — Жошы
ұрпақтарынан таратады, мұны кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заманның
генеалогиялық деректемелері, сондай-ақ қазіргі шығыстанушылардың
зерттеулері растап берді.Төрелердің атақты тегі қазақ социумының ішінде
ғана емес, сонымен катар Еуразияның көршілес жартылай көшпелі және
отырықшылық-егіншілік өңірлерінде, Башқұртстан аумағы мен Орта Азия
хандықтарында мойындалды, олар XVIII ғасырда солардағы хан тағына талай рет
шақырылды.
Төрелер сословиесі казақтардың әлеуметтік, саяси жіне әскери өмірінде зор
рөл атқарды. Қазақтардың мемлекеттік құрылымындағы биліктің жоғары
кұрылымдары, яғни көшпелі қоғамның саяси жүйесіндегі орталық буын болған
хандар солардың арасынан сайланды. Туу кұқығы бойынша төре-сұлтандар
сословиесіне жату индивидтің іс жүзінде үстем тапқа жататындығын білдірді
және оның қоғамдық қатынастарды регламенттеу мен реттеуді жүзеге асырудағы
басым кұқығын алдын ала анықтап берді.
Төрелердің пұрсатты жағдайы қазақтардың дағдылы құқығы —әдеттің көптеген
нормаларында ресімделді. Революцияға дейінгі жазбаша деректемелер және
қазақтардың ауыз екі аңыздары әрбір сұлтанның көшпелілердің рулық
бөлімшелерінің қайсыбір тобын (ел, ұлыс) басқаруға және өз билігінде
белгілі бір жайылымдық аумак (жұрт) болуына кұқығы болғанын дәлелдейді.
Сұлтанды тіл тигізіп қорлағандык үшін 26 ұсақ мал және түйе мөлшерінде
айыппұл салу, ал оны өлтіргендік үшін қарасүйектер арасынан қатардағы
жеті көшпеліні өлтіргендік үшін алынатын құнға тең материалдык, өтем — күн
төлеу көзделді. Қазақ қоғамынын барлық калған мүшелерінен айырмашылығы,
төрелерді билер соты соттай алмады және тек хан соты ғана соттай алатын
болды. Бұл сословиенің әйелдері үшін қатаң эндогамиялық шек қойылды:
қарасүйек еркекке күйеуге шыққан кезде ол өз сословиесінің
пұрсаттылығынан айырылатын, ал қарасүйек әйел белгілі бір сұлтанның әйелі
болған соң өзінен-өзі төрелер тобына косылатын.
Қазақтардың коғамдық өміріндегі төрелердің пұрсаттылықтары көшпелі
халықтың құқықтык, дәстүрлері саласына ғана емес, сонымен қатар даланың жөн-
жосык, тәртібі саласына да таралды. Көптеген көзбен көргендердің, қазақ
халқының дағдылы құқығы мен тұрмысын білгірлердің айтуына қарағанда,
сұлтандармен әңгімелескен кезде катардағы қазақтар оларды есімімен атай
алмады, оның орнына тақсыр деген сөзді қолдануға тиіс болды.
Амандасқанда, қоштасқанда, алғыс айтқанда екі қолын кеудесіне немесе оң
қолын оңтізесіне қойып, Алдияр! деуге тиіс еді.
Сонымен бірге қазақ сұлтандарының мүліктік және әлеуметтік жағдайын
сипаттайтын көптеген деректемелер төрелердің артықшылық құкықтары мен
пұрсаттылықтарының өте аз екенін немесе олардың жеке басының экономикалық
әл-ауқатына мүлде байланысты болмай, қайта төре болып туған сословиесіне
тиісті екенін дәлелдейді. Малды және басқа мүлікті иелену емес, кайта
Еуразияның әлеуметтік ортасында мейлінше бағаланатын тегінің атақтылығы
сұлтандардың көшпелілер арасында саяси үстем болуы мен қоғамдық мәнінің
танылуының көзі болды, олардың қазақ коғамы жүйесінің әлеуметтік
арархиясындағы мейлінше жоғары мәртебесін анықтап берді.
Жоңғарларға карсы күрес кезеңінде төре мәртебесі қайта бағаланды.
Соғысушы халықтың қатарын топтастыруға ғана емес, сонымен қатар ұрыс
алаңында батыр айқаска шығып, адамдарды өз ерлігінің үлгісімен ізіне ерте
алатын, көбінесе басқыншылыққа қарсы бүкіл халықтық күрестің
ұйымдастырушылары, яғни халықтың шексіз сеніміне бөленген адамдар керек
болып шықты. Негізінен халық батырлары сондай адамдар болған еді.
Көшпелілердің басқа бір таңдаулы тобы мұсылман діні қызметшілерінің
сословиесі — мұрагерлік пұрсаттылыкты пайдаланған, қазақ қоғамының рухани
өмірінде маңызды рөл аткарған қожалар болды. Барлық салт-жора ғұрыптары —
сүндеттеу, үйлену тойы, жерлеу және ас беру қожалардың тікелей қатысуымен
өткізілді, оларды қожалар Құран оқып зандастырып отырды. Қожалардың
көшпелі коғамдағы саяси ықпалы мардымсыз болды, бұл көп жағынан исламның
дала өңіріндегі өзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі.
Қарасүйектердің пұрсатты әлеуметтік санаттары арасында қазақтарда билер
сословиесі өте маңызды орын алды, олар көшпелі қауымдарда сот билігі
қызметін жүзеге асырды. Би деген сөзді, — деп көрсетті Я. П.
Гавердовский, — шешен, бай және тапқыр адамдар деп түсіну керек.
Қазақстанда билердің пұрсатты жағдайы ең алдымен кұқықтык реттеу, төрелік
және пәтуалык, міндеттердің қоғамдык, маңызының зор болуымен анықталды және
мүлік қатынастары жүйесіндегі басымдықты құқықтардан, атап айтканда, талап-
арыздың оннан бір мөлшері нысанында қосымша өнімді иемдену құқығынан
(билік) көрінді. Билер тобының күші мен ықпалы едәуір дәрежеде оның
мүшелерінің дағдылы құқықты, дәстүрді білуі, шешендік шеберлігі,
кауымдардың мүдделерін қорғай білуі сияқты жеке қасиеттеріне де байланысты
болды. Сот ғұрпындағы шешендік, шеберлікпен ұштасқан терең таным ғана
казақтарға осы құрметті атақты беретін,— деп көрсетті Ш. Уәлиханов.
Руаралық және жүзаралық дауларды шешуге кабілеті бар билер қарсы күресуші
тараптардың ымыраға келуіне кол жеткізе отырып, әдетте көшпелілер арасында
едәуір бедел алып, қазақ коғамының әлеуметтік-саяси өмірінде едәуір ыкпалға
ие болды. Мұның бәрі Қазыбек, Төле, Әйтеке, Есет және тағы басқалары сияқты
кұдіретті билердің жоғарғы билікке зор ықпал жасауына мүмкіндік берді;
олардың көңіл-күйімен, пікірлерімен және шешімдерімен тіпті ең беделді
қазақ хандары (Төуке, Әбілқайыр, Абылай) санасып отырды.
Қоғамдық қайшылықтарды шешу тәжірибесінде сот төрешілері рөліне әр түрлі
адамдар ұсынылған кезде меритократия (яғни ең дарындылардың билікке келуі)
принципі айқындаушы рөл атқарды, оған сәйкес қазақтардың дағдылы құқығы
жөнінен мол танымы бар, ең талантты, беделді және тәжірибелі халык,
казылары ғана билер бола алатын. Бұл орайда қазақтардың кұкықтық
дәстүрлерінде би атағын тікелей мұраға калдыруға ешқандай жол берілмеді.
Алайда меритократия принципі қайсыбір қазақ биінің ең жақын ұрпақтарының
(баласы, немересі, шөбересі) да би болып сайлана алу мүмкіндігі жоққа
шығармады. Жеке адамның материалдық әл-ауқатының, ыкпалдылық дәрежесінің
және басқа да субъективті факторлардың жекелеген қазақ әулеттеріне би
атағының бекітілуіне себепші болуы жиі кездесті, бұдан көшпелілер арасында
генеалогиялық туыстық принципінің әлеуметтік маңызы зор екені көрінді.
Тіпті осындай жағдайларда да билер сословиесінің өкіліне генеалогиялық
жақындықтың өзі осы дәрежеден үміткерге қалауынша би болып сайлануға өзі де
кепілдік бермеді және көшпелілердің коғамдык санасында жеке адамның
кабілеттері мен дағдыларына катысы жөнінен бағынышты орын алды.
XVIII—XIX ғасырдың бірінші жартысы кезеңінде қазақ коғамында әскер
басылары — батырлардың әлеуметтік тобының маңызы мен саяси ықпалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер
Талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Әлеуметтік топтар
Əлеуметтік стратификация және əлеуметтік мобильдік
Тауарларды кодтау негіздері
СОЦИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР МЕН ЭТНИКАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ЖАЙЛЫ
Әлеуметтік стратификация жайлы
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Пәндер