Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Е. Н. Жуманкулова
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТІҢ КӘСІБИ-ЭТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
050905 Әлеуметтік жұмыс
мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы
Павлодар
Кереку
2010
ӘОЖ 172(075-8)
КБК 87.75я73
Ж 81
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми
кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
Бурдина Е.И. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
С.Торвйғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің психология және
педагогика кафедрасының меңгерушісі
Л.С. Сырымбетова - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының меңгерушісі.
Жуманкулова Е. Н.
Әлеуметтік жұмыстің кәсіби-этикалық негіздері: 050905 Әлеуметтік
жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Е.Н.
Жуманкулова – Павлодар: Кереку, 2010. – 55 б.
ISBN
Бұл оқу құралында жоғары мектеп әлеуметтік жұмыс қатысы бар заманауи
әлеуметтік жұмыс зерттеулердің жинақталған материалдары келтірілген:
әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби этикасы, принциптері мен .
Оқу құралы ғылыми-педагогикалық дайындықтағы әлеуметтік жұмыскер
мамандарына арналған.
ӘОЖ 172(075-8)
КБК 87.75я73
ISBN
© Жуманкулова Е.Н., 2010
© С. Торайғыров атындағы
ПМУ, 2010
БЕКІТЕМІН
С. Торайғыров атындағы
ПМУ-дың оқу ісі
жөніндегі проректоры
__________Н. Э. Пфейфер
2010 ж.____ __________
П.ғ.к., ПМУ доценті Е. Н. Жуманкулова,
Психология және педагогика кафедрасы
Әлеуметтік жұмыстің кәсіби-этикалық негіздері:
050905 Әлеуметтік жұмыс
мамандығының студенттеріне арналған
дәріс жиынтығы
Кафедра мәжілісінде бекітілді 20___ ж. _____ _____№____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Е.И.Бурдина
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік
кеңесінде мақұлданған
20__ ж. _______ _________ №_____ хаттама
ОӘК төрайымы ______________________ Е.Н.Жуманкулова
КЕЛІСІЛДІ
ФЖжӨ факультетінің деканы __________ Ж.Т.Сарбалаев
2010 ж. ______________
СМ бөлімінің нб ____________________ Г. С. Баяхметова
2010 ж. ______________
МАҚҰЛДАНДЫ
ОҮЖ ж ӘҚБ бастығы ________________ А. А. Варакута
2010 ж. ____________
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Әлеуметтік жұмыс этикасы ғылым ретінде
2 Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын
талаптар
3 Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасының түсінігі
4 Қоғамның рухани—адамгершілікқұндылықтары және әлеуметтік
жұмыстың гуманистік сипаты
5 Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы мен құндылықтары
6 Әлеуметтік жұмыстағы этикет
Қорытынды
Кіріспе
Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін, мұнда адамдар бір-бірімен
қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этикетті сақтайды. Этикет
дегеніміз – тәртіп сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай
өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адмдардың мораль
және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және
адамгершілік туралы ілім этика болып табылады. Сондықтан, этикет этика
ілімінің негізінде қалыптасқан, яғни адамгершілік құндылықтарды сақтай
отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау
ережелері қалыптасты.
Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру - мүмкін емес, себебі егер қоғамда этика
сақталмайтын болса, адамдардың арасындағы қатынас хаосқа айналып кетуі
мүмкін. Сондықтан, әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыдан
бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы
құрылған. Мысалы, үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіп
сақтау, адамдардың қызығушылықтарын балағатпау және т.б.
Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Күнделікті өмірдің өз
этикасы, әр қызметтің өз этикасы, белгілі бір ортаның өз этикасы, әр
халықтың жеке этикасы, және әрбір тапта өздері ұстанатын жеке этика және
этикет принциптері болады. Этикетті сақтау қызмет бабында өте маңызды мәнге
ие болып табылады.
Соның ішінде әлеуметтік қызметкердің этикасы оның этикеті басты назарды
аудартады. Әлеуметтік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен
жұмыс істейтіндіктен, аса үлкен дайындықпен қызмет атқаруы тиіс. Сонымен
қатар адамгершілік құндылықтар, адамға деген мейірімділік, оның жанын
түсіну, көмек беруге ұмтылу, әр жұмысына адал болу және т.б. адамгершілік
қасиеттері – оның басты этикалық құндылықтары болып табылады. Клиенттің
алдында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесін мен киімінің тәртіпке сай
болуын қадағалау, қимыл-әрекеттері мен ым-ишараларды әңгіме кезінде қолдана
білу, анық әрі түсінікті, жүйелі түрде сөйлей білу – осылардың барлығы
әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы
қабылданған этикет жүйелеріне жатады.

Этика (грек тілінде ethika, от ethos – дәстүр) – философиялық ғылым. Бұл
философиялық ғылымның обьектісі – мораль, оның дамуы мен оының қоғамдағы
ролі мен нормалары болып табылады. Этика философияның бір бөлігі ретінде
пайда болып, өте ерте қалыптасқан ежелгі шығармашылық пәндердің бірі.
Философияда мораль мен танымды оқып тануда белгілі грек философы
Аристотельмен этика термині ұсынылған болатын.
Теориялық білім тәжірибелік біліммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан,
бұл адамның тәжірибелік қызметін қалыптастырады.
Этика білімнің объектісі мораль, оның дамуы, қоғамдағы нормалар мен рөлі
болып табылатын философиялық ғылым. Философия ғылымының ажырамас бір
бөлшегі ретінде этика адам алдында күнделікті кездесетін мораль мен таным
сұрақтарын шығармашылық деңгейінде шешуге бағытталған. Этика философияның
бір бөлігі ретінде қалыптасқан ежелгі теориялық пәндердің бірі болып
табылады. Мораль және адамгершілік туралы философиялық білімнің ұғымын
түсіндіру үшін Аристотель этика терминін енгізген.
Этика – философиялық категория. Ол педагогика, психология, филология
және заң ережелерімен сабақтас. Ол теориялық жағынан қарағанда заң-
ережелерден тұратын құрылым, қоғамның, жалпы бүкіл адамзаттың дамуының
қозғаушы күші.
Адамның еңбектік қызметі тәжірибелік қызметтің негізгі үлгісі болып
табылады. Оыдан бастап кәсіби этика феномені туралы айтуға болады. Кәсіби
этика – қандай да болсын кәсіптік қызметтің шығармашылық негізгі тірегі
болып табылады. Кәсіби этика идеалдар мен құндылықтардың өзіндік
ерекшеліктері ретінде кәсіби мораль туралы ғылым, міндеттердің идеясы,
этикалық принциптер мен өзін-өзі қажетті жағдайда ұстай білу нормалары
туралы көрініс табады. Адамның өзін-өзі ұстай білуі сол кәсіптің мән-
мағынасын көрсетіп, жұмыс жасау процесінде байқалатын және олардың кәсіби
қызметінің аясынан шығатын адамдар арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, кәсіби этика – бұл кәсіби топтың адамгершілік сана-
сезімі, оның психологиясы мен идеологиясы.
Кәсіби этика, өз қызметінің шегінде жұмысшы бағынып, ұстанатын белгілі
бір нормалар мен ережелердің жүйесі ретінде, өте ерте кезде, жеке білім
саласы ретінде әлі қалыптаспаған кезде пайда болған еді. Мамандардың іс-
әрекетіне байланысты құрылған алғашқы этикалық талаптардың қатарына б.з.д.
ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан Птаххеттеп визирінің және қала басшысының
бұйрығы атты ежелгі египеттік манускрипті атауға болады. Кәсіби
талаптардың қатарына жұмысшының өз қызметін адал және сапалы түрде орындау
қажеттілігіне назар аударылады, себебі еңбекке мұндай қатынас болашақ
қызметтің жоғарылауы мен байлыққа әкелудің бірден бір тиімді жолы.
Бірақ алғашқы жалпы кәсіби этикалық нормалардың пайда болуын мамандар
еңбектің шаруашылыққа байланысты бөлінуімен байланыстырады, яғни ХІ-ХІІ
ғасырларда шаруашылық цехтардың қалыптасу кезеңі басталған еді. Бұл
кезеңде, тарихшылардың айтуы бойынша, цехтық мекемелерде мамандыққа,
еңбекке, жұмыстағы қызметкерлермен қарым-қатынасқа бағытталған этикалық
талаптар қалыптаса бастаған.
Алайда барлық қоғам мүшелері үшін өмірлік маңызды орын алған бірнеше
мамандықтардың өкілдері өзінің қызметінде этикалық нормаларды қалыптастыру
қажеттігін басқаларынан ерте түсінген, сондықтан Гиппократтың анты және
басқа да этикалық нормалар одан да ерте қалыптасқан. Негізінен бұл
адамдармен немесе олардың өмірлік қызметімен байланысты мамандытар, еңбек
индивидуализациясының жоғары дәрежесіне байланысты мамандықтар болып
табылады (мысалы, мұғалімдік, дәрігерлік қызметтер).
Ф.Энгельс айтқандай, әрбір мамандықта өзіне ғана қатысты мораль болады.
Мамандық оның жетекшілерінде тек қана кәсіби қабілеттерді қалыптастырып
қоймай, сонымен қатар адамның нақты тұлғалық ерекшеліктерін және өзінің
атқарып жатқан қызметіне қатынасын қалыптастырады. Кәсіби этика барлық
кәсіби қызмет аспектілерінің негізінде жатыр, себебі кәсіби топтың моралы
қоғам моралінің құрылымдық бөлімі болып табылады, ал мораль тәртіп пен іс-
әрекеттердің, адамдардың қарым-қатынасының, т.б. ең ежелгі бақылаушыларының
бірі болып табылады.
Кәсіби этиканың қалыптасуы этика жайлы ғылыми теориялардың пайда
болуына ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде туатын кәсіби
этика келешекте кәсіби топтардың мүшелері практикасының мән-мағынасын ашу
және жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл жалпылау тек қана
қызметтің мазмұны мен нәтижесіне ғана бағытталмай, сонымен қатар қызмет ету
процесінде қалыптасатын қатынастарға да арналған этикалық талаптарды
қамтитын кодекстер ретінде жүйеленеді, сонымен қатар жалпылау негізінде
жасалынған шешімдерді де жүйеге келтіреді. Сонымен, кәсіби этика – бұл тек
кәсіби мораль туралы ғылым ғана емес, сонымен қатар кәсіби топтың
адамгершілік сана-сезімі, оның идеологиясы және психологиясы.
Кәсіби этика жалпы этика сияқты жоспарлап ұйымдастырылмайды, ол адамның
қызметімен байланысты күнделікті өмір сүру процесінде біртіндеп
қалыптасады. Кәсіби этика белгілі бір қызмет түріне байланысты тарихи
тәжірибе үрдісінде жинақталған білімді жүйеге келтіріп, толықтырады және
белгілі бір қызметтің дамуына үлес қосады. Сондықтан кәсіби этика түрлермен
және қызмет түрімен анықталған спецификалық белгілерді қамтитын жалпы
мораль түрлері ретінде қарастырады, яғни кәсіби моральды зерттейтін ғылыми
пән болып табылады. Сондай-ақ ол кәсіби ортада күнделікті өмір сүретін
қолданбалы адамгершілік теориясы ретінде де қарастырылуы мүмкін.
Белгілі бір қызметтің күнделікті практикасында кәсіби этика мамандар
тәртібінің нормаларынан көрініс табады. Кәсіби этканың нормалары
мамандықтың ішкі және сыртқы факторларының әсерінен өзгеру мүмкіндігіне
ұшырайды. Олар уақыттың кез келген жағдайында мамандардың тәртібіне, іс-
әрекетіне, қылығына әсер етеді. Кәсіби этиканың негізгі міндеттері маманды
тұлға ретінде және жоғары білікті маман ретінде қалыптастыру және кәсіби
міндеттерді толық және эффективті түрде шешуге ат салысу мақсатында белгілі
бір кәсіптің қызметкерлерінің санасына ықпал ету болып табылады. Жалпылай
айтқанда кәсіби этика кәсіби қызметтің нақты түрлеріне бағытталған жалпы
және теоретикалық этиканың нұсқауы болып табылады.
Этикада кәсіби этиканың қалыптасуы жайлы ғылыми теориялардың пайда

тәртібінің нормаларынан көрініс табады. Кәсіби этиканың нормалары

Әлеуметтік қызметкердің ұжымдық жауапкершілік мәселесі де маңызды болып
келеді. Әрбір кәсіби топ, әсіресе егер ол өзінің кәсіби ассоциацияларын
құрса, өзінің жеке кәсіби қызығушылықтарын қолдауға және сақтауға тырысады
– мысалы, мамандықтың престижі мен статусын жоғарылату, кәсіби қызметтің
дамуына субсидий алу, т.б. Алайда бұл қызығушылықтар әлеуметтік мәселелер
мен жалпыкәсіптік мазмұнның шешімінде жүзеге асатын болса ғана іске
асырылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасының негізгі
міндеттерінің қатарына корпорациялық қызығушылықтар мен мақсаттар , кәсіби
қызметтің міндеттерімен, сонымен қатар қоғамның және оның әрбір мүшелерінің
қызығушылықтарының қарама-қайшылықтарды тудырмауға тырысу болып табылады.
Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыста әрбір әлеуметтік қызметкердің өзінің
кәсіби қызметіне артқан жауапкершілігінің этикалық критериилерін анықтау
қажеттілігі туралы мәселе басты назарды аудартады. Ол моральды принциптер
мен нормаларды қабылдауда бір бағыт қалыптастыруда, мағынасын нақтылауға,
құндылықтар мен идеалдардың ортақ жүйесін құрастыруды талап етеді.
Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың
мамандардың кәсіби моральы болып табылады, ал пәні – жұмыс процесінде
қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары , этикалық
санасы және этикалық іс-әрекеттері.
Әлеуметтік қызметкердің этикалық мақсаты әлеуметтік тұрғыдан қабылданған
жоспар мен кәсіби қызметтің мән-мағыналарын қамтамасыз ету және қолдау, ал
міндеттері – кәсіби топтың және олардың бірлестіктерінің жеке нормативті
регламентациясы, әлеуметтік сферадағы мамандардың сәйкес этикалық саналарын
қалыптастыру.
Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби
этикалық қарым-қатынастары, этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және
кәсіби парызы жатады.
Әлеуметтік жұмыста кәсіби этикалық қызмет процесінде қалыптасатын басты
этикалық қарым-қатынастар адам – қоршаған орта жүйесінің қоғамға және
жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл қарым-қатынастар ұжым
мүшелері ретінде әлеуметтік қызметкерлер арасында, әлеуметтік қызметкер мен
олардың клиенттерінің арасында, әлеуметтік қызметкер мен клиенттің
әлеуметтік ортасының арасында, әлеуметтік қызметкер мен әр түрлі мекемелер,
ұйымдар, жеке меншік түрлері арасында қалыптасады. Сонымен, бұл мемлекеттің
бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет
ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Кәсіби этиканың қалыптасуы этика жайлы ғылыми теориялардың пайда болуына
ықпал етеді, себебі бастапқыда сана құбылысы ретінде туатын кәсіби этика
келешекте кәсіби топтардың мүшелері практикасының мән-мағынасын ашу және
жүйелеу немесе жалпылау негізінде дамиды. Бұл жалпылау тек қана қызметтің
мазмұны мен нәтижесіне ғана бағытталмай, сонымен қатар қызмет ету

Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлуметтік қызметкердің немесе
ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне негізделген
әлеуметтік мақсат қоюшылық критерийімен басшылық жасайды. Осы қоғам
азаматтардың қандай категориялары мен қандай жағдайда әлеуметтік қызмет
орындарының клиенттері болатынын, қандай түрдегі оларға қызмет көрметулер
ұсынылатынын қоғам анықтайды. Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік іс-
әркеттері деп тек қана үрдіске қатысушыларды (әріптестер, клиенттер, оның
жақындары) белсенді өзара қызметтік қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтын
іс-әркеттерін айтады. Бұның өзі өз кезегінде ара қатынас нәтижелеріне
жағымды әсер етеді, әлеуметтік қызметкердің, клиенттің және жалпы
әлеуметтік жұмыстың атағын көтереді. Сонімен қатар әлеуметтік қызметкер
өзінің кәсіптік қызметі кезінде көп жақтан әсер етеді. Клиенттің
проблемасын шешу (немесе шешілуіне ықпал жасауға) кезінде әлеуметтік
жұмыскер қандай көмек көрсетіліп жатқанын және қажет етуіне байланысты
емес, ол бір уақытта оның материалдық жағдайына және оның психикасына әсер
етеді. Бұдан әлеуметтік қызметкердің ұжымына әсер етеді – ол оларға үлгі
бола алады. Жағымды әсер әлеуметтік жұмыстың жоғары тиімділігіне қызыққан
жалпы қоғамға да тиеді.
Әлеуметтік жұмыстың моральдық критерийлері тек қана әлеуметтік жұмыс
саласындағы мамандар қызметін бағалау үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік
жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет етеді.Бұл мамандық өкілі
ретінде әлеуметтік қызметкерледің қызығушылығын көрсететін қысқа кәсіптік
нормаларды ажыратуға, жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын
адамгершілік нормаларды да ажыратады. Әлеуметтік кәсіптік этикалық
нормалардың екінші тобы біздің қоғамымызда әлеуметтік қызметкер
мамандығының пайда болуына алып келген адамгершілік негіз болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс қиын формалды және формалды емес жағдайларда іске
асырылатын қызмет болып табылады. Осыған байланысты әлеуметтік
қызметкерклиенттің алдында, оның әлеуметтік ортасында және шешім қабылдап,
соңғы нәтиже алғанға дейін қоғамның алдында этикалық жауапкершілік алып
жүретіні есепке алуы қажет. Өз жұмысында ол кәсіптік этика принциптерін
басшылыққа алуы керек. Моральдық нормаларды білу іс-әрекеттердің
моральдылығын білдірмейді. Сол себептен кәсіптік қызметтің білімдері
тәжірибемен өзінің мағынасын сақтап қалады деп қабылдаған жөн – олар
кәсіптік қызметте аздап пайдалануы да пайдаланбауы да мүмкін. Бұл жағдайда
"екі моральдылығы бар" деп аталатын тұлғамен істес болуға тура келеді. Бұл
тұлға теориялық жағынан адамгершілік сұрақтарына, соның ішінде кәсіптік
мораль сұрақтарына да тез бейімделе алады, бірақ та бұл талаптарға бағынуды
міндетті емес деп есептеледі. Жоғары адамгершілікті дамыту және
қалыптастыру, оны шектеулі ету, өзінің тұлғатығының ажырамас бөлігі ету
талпыныстары маманнан білімді ғана емес, сонымен қатар бүкіл еңбек жолында
және өмір жолында өз-өзімен жұмыс жүргізуді талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар – бұл кәсіптік моралға және тәжірибеге
негізделген әлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар
маманның тұлғалық дамуында және оның санасындағы жоғары деңгей. Бұл терең
және жан-жақты белгілі моральдық нормалардың тұлғалық бағасымен, олардың
әлеуметтік тәжірибеде тексерілгендіктен, өмірлік және кәсіптік тәжірибемен
де тексерілгендіктен осылай есептеледі. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз
еңбегін істің қызығушылығы тарапынан қарауды, қоғам мен клиентке жағымды
әркеттер жасаудың және қандай әрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап
алуды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның кәсіптік қыщметке
теориялық және тәжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, әлеуметтік
жұмыс тәжірибесіндегі іс-әркеттері мен тәртібіне саналық қатынасының негізі
болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға және
қоршаған шындылыққа тұрақты моральдық жауап беру формаларын қалыптастыруға
қатысады.
Бірақ та адамгершілік ұстанымдар өздік қасиеттерімен де сипатталады. Сол
себептен жұмыстың күнделікті тәжірибесінде тұлғаның өзіндік ұстанымдарына
қарсы жағдайлар кездесуі мүмкін, жағдайлық себептер өзіндік ұстанымдардан
қарағанды маңыздырақ кездеседі. Бұл жағдайда тұлға өз-өзімен және өзінің
принциптерімен қарама-қарсы шығады.
Адамгершілік қажеттілік - әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасының
жоғары деңгейі. Ол кәсіптік этика талаптарының сақталуына деген моральдық
қажеттіліктің болуымен сипатталады. Кәсіптік этика талаптарының сақталуы
адамның ішкі қажеттілігіне айналған кезде, ол этикалық принциптерге
негізделген өзінің барлық еріктік және эмоционалдық қасиеттерін
ұйымдастырады, этикалық қиын проблемаларды адамгершілік тұғысынан шешуге
кұш салады. Бұл жағдайда кәсіптік этика талаптарын сақтау қажеттілігі
тұлғаның тұрақты қасиетіне, оның өзінің іс-әрекеттері мен тәртібін
ұйымдастыратын, ар-ұят пен намысының ісі қылдыратын қуаты күшті факторға
айналады. Маман өзінің адамгершілік қажеттіліктерін басшылыққа ал отырып,
оның жамандық пен жақсылық критерийлерін жауап бермейтін көзқарасына сәйкес
келмейтін іс-әрекеттерге, бірақ жағдайлық қажеттілік болғанда, бармайды.
Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілігі белгілі бір жұмыс
ұжымында қабылданған моральдық нормалардың әсеріне ұшырайды. Бұдан бұл
қызметкер тек қана олардың этикалық идеалдарын үйренбейді, сонымен қатар
моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибесінде шындықты қарама-қарсы қоя
білу керек. Бұл ережелер ең біріншіден кәсіптік моральдың мазмұнына әсер
етіп, оны түзетеді.
Кәсіптік моральдың әлеуметтік қызметкердің адамгершілік білімдерінің
қалыптасуында, ұстанымдар мен қажеттіліктерінің қалыптасуында ролі зор. Бұл
оған бұл маманның өкілі ретінде талап ететін позицияла мен өзіндік
адамгершілік позицияларын бір-бірімен ұштастыруға көмектеседі, әр түрлі
моральдық талаптарға бағынуға көмек береді.
Осыдан әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті оның адамгершілік және
тұлғалық қасиеттерімен анықталады.
Әлеуметтік жұмыс пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін шектейтің
ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында
бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы
туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет
арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің
әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі категорияларына сипаттама
берініз.
2. Әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мен пәні.
3. Әлеуметтік жұмыс және қоғамдық даму мәселелерің қарастырыніз.
4. Кәсіби – этикалық нормаларды және принциптерді сақтау үшін жеке-дара
дайындықтарды қарастырыныз.
5. Әлеуметтік қызмет іс-әрекеті салаларындағы арнайы этикалық нормалар
мен ережелерге сипаттама берініз.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1 Очерк истории этики \Под ред.Б.А..Чагина – М7619697- 328с.
2 Белякова Г.И.Профессиональная этика.- М.,1975.- 291с.
3 Энгельс Ф.Людвиг Фейербах и конец немецкой классической философии
\\Маркс К., Энгельс Ф. Собр .соч.Т.21.395с.
4 Словарь по этике \ Под ред. И.С.Кона – М., 1981. 458с.
5. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995, 225 б.
6. Социальная работа \Под общ.ред.проф. В.И.Курбатова.Учебное пособие.-
4-е изд. –Ростов н\Д:Феникс,2005.-480с.
2. Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды,
адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының қалыптасуына
Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері
қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары –
имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне
Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде... қайда барсаң да Қорқыттың көрі –
деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер.Ата-
бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның
әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз
жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар
қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық
пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен
байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-
парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады;
- біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан;
- екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет
жасаудан;
- үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан;
- төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу;
- бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан;
- алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден;
- жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден;
- сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап,
білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен
сақтанудан;
- тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан;
- оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз
сөзді айтпаудан.
Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-
философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен
жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның
түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен
құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби Қайырымды қаланың бірінші
басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің
басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады
деген.
1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші
өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген
болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс
істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне
айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай
және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек;
2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында
жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек;
3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол
белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу
шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере
алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-
шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай
жететін болу керек;
4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу
керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа
жирене қарауы шарт;
5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек
көру керек;
6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан
пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы
тиіс;
7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау
керек;
8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен
озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек;
9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке
баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де
өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет;
10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек;
11) әдептілік;
12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл
ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... -
дейді.
Осы қасиеттердің бәрін келер ұрпақ бойына қалыптастыра отырып мінсіз
адамды тәрбиелеп шығарамыз деп тұжырым жасайды ғұлама ғалым.Әл-Фарабидің
Философияны үйрену үшін алдымен нені білу керек?, Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары, Азаматтық саясат атты трактаттарында: ұстаз
қандай болу керек, ұстаз бен шәкірттің ара қатынасындағы психологиялық
мәселелер туралы көп айтылған. Ғұлама бабамыздың түсінігінше ұстаздар да,
қала басшысы да тәрбиелік қызмет атқаратын адамдар: Ұстаз баланы
тәрбиелесе, қала басшысы барша халықты тәрбиелейді. Олай болса екеуі де
Сегіз қырлы, бір сырлы халыққа қай жағынан болса да үлгілі адамдар болуы
тиіс, - деді. Әл-Фараби Нағыз тәрбиеші ұстаздың бойында он екі тума
табиғи қасиет және алты жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам болу
керек, - дей келіп, оның мынадай сипаттамасын береді:
- өнер-білімге құштар;
- мүшелері мүлде мінсіз;
- жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін;
- өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін
жадында жақсы сақтайтын, алғыр да аңғарымпаз;
- өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын;
- тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұқбат құруға қанағатшыл;
- жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын;
- жаратылысынан игі істерге ынтызар;
- әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты
жек көретін;
- жақындарына да жат адамдарға да әділ
- пасықтық атаулығы мүлде рақымсыз;
- қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек;
- бойына туа біткен он екі, сондай-ақ өмір барысында жүре
қалыптасатын алты қасиетке ие болған, бұларды бір-бірімен сәтті
ұштастырған адам ғана нағыз ұстаз, жұртқа жақсы басшы бола алады,
- дейді.
Әл-Фараби болашақ мұғалім даярлауда ең алдымен еңбек етуге тәрбиелеу ең
басты - қасиет деп санайды және еңбекті бірнеше түрге бөліп көрсетеді.
Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлескен
еңбек. Ол жастарды халықтық еңбекпен айналысуын жөн көрді, және мынадай
өлең жолдарын да арнады: Халықтың қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді
ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек,
тәрбие, ол – парасат. Бұл жерде Әл-Фараби таза, адал еңбекті – тәрбиенің
алғы шарты етіп алды. Тәрбиені неден бастау керек? деген еңбегінде
ғылымды, оқу-ағартуды меңгеруді, білім-тәрбие алу, еңбекке үйрену,
философияны үйрену үшін адамның ар тазалығын, оның жеке басының тазалығын,
еңбексүйгіштігі мен қызығушылығын бірінші орынға қояды.
Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға
ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-
балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп,
толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер
дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас
мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.
Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын
моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой,
борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының Ақылды болсаң, арыңды
сақта, ар-ұят керек әр уақытта, Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың
жылқы, Ұят кімде болса, иман сонда, Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың
белгісі, Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді т.б. деген
мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты
қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата
бергенде Абыройлы бол!, А, құдай абыройыңнан айырма - деп тілек
білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын
құралы. Намыс – адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті
лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.
Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-
кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату
мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал
етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге
сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б. Мораль,
адамгершілік, парыз деген ұғымды ең алғаш отбасынан яғни ата-анасы арқылы
біліп, түсінеді. Ата-ана парызы - өтелмейтін парыз. Соның ішінде ананың
орны ерекше. Ана сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң да өтей
алмайсың, - деп халық бекер айтпаған. Халықтық тәлім-тәрбиеде әкенің де
орны ерекше құрметті. Аналарының балаларына әкең біледі, әкеңмен
ақылдас, әкеңнен бұрын асқа отырма деп барлық нәрсені әкесінің
нұсқауымен істеуге үйретуі әкенің қазақ отбасындағы орнын көрсетеді.
Мұның бәрі қазақ халқының бала тәрбиесіне үлкен мән бергенін дәлелдейді.
Он үште отау иесі деген ұғым бойынша бабаларымыз ес білген шағынан бастап
баланы өмірге даярлаған, әсіресе ер бала шыр етіп келген сәтінен он үшке
дейінгі кезеңде өмірдің құпия сырын, ауыртпашылығын, тұрмыс-қарекетінің жыл
мерзіміне сай ерекшелігін үйретіп, құлағына құйып отырған. Он үш жасқа
дейін осынау ғаламды дұрыс игерген бала өзінің өмірін де басқара алады,
елін қорғауға да ақал-парасаты жетеді деп түсінген. Қазақ этикасымен
салыстырғанда шетелдегі әлеуметтік қызметкер этикасына осындай талаптар
қойылады:
- мұқтаж жандарға әрдайым көмек беру,жақсылық жасау,жұмыс орның
пайдаланбау;
– адал және жауаптылықпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға,
басшылығының өкімдерін нақты және уақытылы орындауға, жұмыс уақытын өнімді
еңбекке арнауға;
– тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған еңбекті қорғау,
техника қауіпсіздігі, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы, өртке
қарсы қорғану және өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауға;
–адамдардың өмірі мен денсаулығына,адамның мүлкін сақтауға қауіп
төндіретін жағдайлардың туындауын алдын алу;
– өз ісіне лайықты болуға, басқа қызметкерлердің еңбек міндеттерін
атқаруға бөгет болатын әрекеттерден аулақ болуға, жалпы қабылданған
адамгершілік және этика нормаларын ұстануға, әлеуметтік қызметкер беделін
сақтауға атсалысуға, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға
міндетті.
– қиын балалар мен жаман оқитындардың терең білім алуына жәрдемдесетін
педагогикалық және ғылыми процестің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге;
– оқитындардың таңдап алынған даярлық бағыттары (мамандығы) бойынша
кәсіби білімдерін қалыптастыруға;
–оқитындардың дербестігін, ынталарын, шығармашылық қабілеттерін
дамытуға;
– өздерінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейлерін үнемі арттырып отыруға;
– ғалымдар арасында жалпы қабылданған адамгершілік және этика нормаларын
– еркіндіктің қажетті шарттарын, атап айтқанда ғылыми нормаларды ұстануға;
– педагогикалық этика нормаларын сақтау;
– қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен оқыту түрлерін
пайдаланып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың білім алуына жәрдемдесу;
-клиенттің абыройын құрметтеуге міндетті.
– орындалатын жұмыстың көлемін, мерзімі мен сапасын реттейтін еңбек
шартымен, нормативтік актілермен айқындалатын жұмысты уақытылы және ұқыпты
орындауға;
– жұмыс пен шығарылатын өнімнің сапасын тиісінше қамтамасыз етуге,
жұмыста қателіктерге жол бермеуге, өзінің еңбек міндеттерін адал атқаруға,
еңбек тәртібін сақтауға;
– қалыпты жұмыс істеуге кедергі келтіретін немесе оны қиындататын
себептер мен жағдайларды тез арада жою шараларын қолдануға және болған
оқиға туралы Академия басшылығына немесе тиісті бөлімшенің жетекшісіне
жедел хабарлауға міндетті.
– мінез-құлық этикасын сақтауға;
– мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға (оқитындар
мемлекеттік қызметшілер болған жағдайда) міндетті.
– конференция, симпозиум, семинарларға, оның ішінде шетелде өтетін
жұмыстарға қатысуға;
– кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін материалдық және моральдық
көтермелеуге, орден, медаль, құрметті атақтар, төс белгілері және мақтау
грамоталарымен марапатталуға;
– өз қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
– өзінің кәсіби адалдығын және абыройын қорғауға;
– ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогикалық өтілін сақтай отырып
шығармашылық демалыс алуға;
-азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен
қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға
жәрдемдесуге;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік
міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын
тиімді пайдалануға;
6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, қойылған
міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп
тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді
пайдалануға;
7) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
8) мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс-әрекетті
болдырмауға; мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер
жөнінде шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;
9) кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық
субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;
10) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға
пайдалануға жол бермеуге;
11) қызметі жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс
бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік
сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
12) мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды
тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметін пайдалану фактілеріне жол
бермеуге;
13) заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдік
жеке және заңды тұлғалар есебінен мемлекетішілік және шетелдік туристік,
емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;
14) өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты
және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;
15) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттік
қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-
әрекеттерге қарсы тұруға;
16) кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша
іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
17) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын
бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуге;
18) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік
стилін ұстануға тиіс.
2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік
қызметшілер:
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;
2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, соның ішінде
көлік, сервис және өзге де қызметтерді алу кезінде, баса көрсетпеуге және
пайдаланбауға,
3) өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді
сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен
қарауға, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін
жақсарту үшін пайдалануға;
4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу
көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті
шаралар қолдануға;
5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым-қатынасына, сеніміне,
тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның
және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік
тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне
құрметпен қарауға;
7) сыпайы және әдепті болуға тиіс.
Осымен сәйкес әлеуметтік қызметкерге келесы талаптар қойылады:
1) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің
көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты
қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан
қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
2) бағынысты қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік
фактілеріне, адамдық қадір-қасиетін кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге;
3) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы
қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға
мәжбүр етпеуге тиіс.
4) мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның
басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды
тұлғалары сөйлейді.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей,
пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
5) мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің
мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
- мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
- жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашатын болса;
- мемлекеттің лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер
айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.
6) мемлекеттік қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы
жәненемесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін
сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол
тиісті түрде мұндай айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға
тиіс.
7) мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік
алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның
ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек.
8. мемлекеттік қызметшілердің Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы
болып табылады.
9. Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
10. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша
мемлекеттік қызметшінің Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың
нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.
1. Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерлерге қойылған
талаптарді салыстырып ұқсастыған және айырмашылығын шығарыныз.
2. Әбу Насыр Әл-Фарабидің Философияны үйрену үшін алдымен нені білу
керек?, Әлеуметтік–этикалық трактаттар шығармаларын талдап
әлеуметтік жұмыскерге койылатын талаптарға сәйкестігін табыныз.
3. А.Құнанбаев Қара сөздерін талдап әлеуметтік жұмыскердің іс-
әрекетіне қандай сөздерін сәйкес келдіруге болады.
4. Шетелдегі әлеуметтік жұмыскерлердің қызметінің ерекшілігін
табыныз.
Қолданған әдебиеттер тізімі
1. Әл–Фараби. Әлеуметтік–этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. –
163 б.
2. Жан Жак Руссо Қоғамдық келісім-шарт немесе саяси құқық принциптері.
- Алматы: Үш Қиян, 2004. – 79 б.
3. Организация работы органов социальной защиты: учебное пособие
А.Н.Савинов, Т.Ф.Зарембо. – М.: Академия, 2004. -186 с.
4. Клиническая психология в социальной работе: учебник под ред.
Б.А.Маршина. – М.: Академия, 2002. -219 с.
5. Теория социальной работы: учебник под ред. Е.И.Холостовой. – М.:
Юристь, 1999. -332 с

Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызметтің ерекше түрі сияқты мамандардың өзін-
өзі ұстау нормалары мен принциптерінің қалыптасу үрдісінде құрылған, оған
ғана қатысты идеалдар мен құндылықтар ерекшеліктерін қамтиды. Келешекте
мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды,
қарама-қайшылықтарды қамтиды.
Әлеуметтік жұмыстың этикасы моральды нормаларға негізделеді (лат. Norma
– ереже, үлгі; моральды қарым-қатынастардың элементі және моральды сананың
формасы ретінде анықталатын адамгершілік талаптарының қарапайым
формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтын
кәсіби құндылықтарда қоғаммен қабылданады.
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикасы белгілі бір эсклюзивті, басқа
механизмдермен қарсыласқан, мамандар тәртібінің бақылаушысы емес. Оның
нормалары мен принциптері нормативті-құқықтық базалардың талаптарына немесе
әлеуметтік жұмыстағы технологиялық үрдістерге қызмет етеді. Әлеуметтік
жұмыстың этикасы мамандар мен олардың ұйымдарының қоғам және мамандықтың ,
клиенттің және олардың топтарының қызығушылықтарына қызмет етуді талап
етеді. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы резервтерді іздеуді, барлық
мүмкін болатын ресурс түрлерін қолдануды ұсынады – әлеуметтіктен әлеуметтік
қызметкердің өзі және оның клиенті ретінде жеке ресурстарға дейін.

келеді. Әрбір кәсіби топ, әсіресе егер ол өзінің кәсіби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz