Әлеуметтік инфрақұрылым салалары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әлеуметтік инфрақұрылым мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін«жұмыс істейді».

Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы»демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғиқор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (ғылымды көп қажет етуфакторы) . Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор) .

Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.

Тұрмыстық қызмет көрсету[өңдеу]

1. Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халықыа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда) . Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.

Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і) . Адамдар азық-түліктен ет, үн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қантжәнекәмпитсатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан -киім, аяк киімжәне тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірекақшажүмсайды. Сауданың негізгі белігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-іАлматыдасатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда«сересі»болып табылады.

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері(шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.

Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030»бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4, 5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл салабюджетқаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.

Денсаулық сақтау мекемелерінің желісі ірі қалаларда көбірек дамыған. Мұнда дәрігерлердің басым бөлігі шоғырланған және ірі медидиналық орталықтар, мамандандырылған клиникалар жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына аудандық поликлиникалар, шағын фельдшерлік пункттер қызмет керсетеді. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтарыАлматыда(дәрігерлердің 1/5 бөлігі), Астанада, .

Сурет:KBTUbuilding. JPG

300px

Өсіп келе жатқан жеткіншектерді өмірге және еңбекке даярлау үшін білім берудің үлкен жүйесі жасалған. Әлеуметтік сфераның бұл саласы онымен айналысатын адамдар саны жөнінен ең ірі болып саналады. Балабақшаларда, жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында 4 млн-нан астам адам білім алуда. Еліміздің тұрғындарының 1/3 оқу партасында деп есептеуге болады. Бұл«еңбектеніп жатқан»халықтың ең үлкен«армиясы»- мектеп оқушылары, сендер 3 млн- нан асасыңдар.

Мектептік білім беру географиясы Қазақстанның барлық халқының орналасуымен сәйкес келеді. Мектептер мен оқушылардың үлкен бөлігі негізгі қоныстану белдеуінде орналасқан. Қалаға қарағанда ауыл мектептерінің саны 3 еседей көп (6000-нан астам), бірақ оқушылар саны жөнінен (52%) қалалардың үлес салмағы аздап жоғарылау. Жоғары білім беру -«нағыз калалық»сала. Еліміздің ең студенттік қаласыАлматы(181 жоғары оку орындарының 66-і орналасқан) көшбасшы болып саналады. Студенттер саны бойыншаШымкент, Қарағанды, Астана, Таразқалалары да ерекшеленеді. Елімізде сан алуан мамандық алу үшін жағдай жасалған. Әл-Фарабиатындағы Ұлттық университет (Алматы), университеті(Астана), Ұлттық техникалық университеті (Алматы) ірі мамандар даярлау«ұстаханасы»болып саналады.

Халықтың демалысын ұйымдастыру[өңдеу]

2. Халықтың демалысын ұйымдастыру. Дем алу - адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін тамақ пен су сияқты жағдай. Ол -адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар, санаториялық- курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады. Мұның бәрі жалпы түсінікке - рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты - еңбек ету процесінде (окудың да!) жұмсалған күшті (физикалық эмоциялық) қалпына келтіру.

Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзкарасын кеңейтеді.

Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет:

1) «өркениетті»демалысқымбатқа түсетіндіктен, адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек;

2) рекреациялық қор және; 3) рекреациялық шаруашылық болуышарт. Халықтың кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде нағыз туризм дүрбелеңін тудырады.

Рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік келік және т. б. кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді. 1990 жылдардын, басында иесіз қалған демалыс базаларының кебі қалпына келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонак үй мен тау шаңғысы базалары салынып, жаңа ұлттық парктер («Бурабай», «Шарын каньоны», «Қатонқарағай») ұйымдастырылды.

Рекреациялық қорлардыңекі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихиқорлар адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа қашалған суреттер, сәулет құрылыстары, мұражайлар - бұлардың бөрі Отанымыздың мәдени мурасын құрайды.

Рекреациялық корлардың құрамына қарай әр аумақтың мамандануы әр түрлі. Минералдық бұлақтарда емдік курорттар құрылған (Сарыағаш, Алма-Арасан, Щучье және т. б. ) . Су тоғандары (Қапшағай мен Бұқтырма су қоймалары, Балқаш, Алакөл, Бурабай) шомылужағажайлық демалыс зоналарына айналуда. Таулы аймақтарда саяхат пен туризм кең таралған (Солтүстік және БатысТянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Алтай) . Қалалар танымдық туризм орталықтарына айналуда. Өзіндік рекреациялық мамандануымен ерекшеленетін аумақтар - рекреациялық аудандар осылай қалыптасады. Қазақстанғалымдары (С. Р. Ердәулетов және т. б. ) . Қазақстан бойынша ондаған рекреациялық аудандарға бөледі. Олардың ішіндегі ең ірілері - Солтүстік Тянь-Шань, Көкшетау, Алтай. Біздің ұлан-байтақ еліміздің әсем табиғаты мен көп ғасырлық тарихымен бірге қалыптасқан рекреациялық қорлары өте мол, өлі толық зерттеліп біткен жоқ .

Біздің кең-байтақ Отанымызды ойша шолсақ оның әр түкпірінен рекреация үшін пайдалануға болатын табиғат пен мәдениет ғажайыптарын табуға болады.

Шымбұлақ

Шығыста бұл - Мұзтау, Көккөл (Қазакстандағы ең биік 50 метрлік саркырама) жәнeМаркакөл(«Алтайдың көл жанары») . Шыңғыстауетегі, Еуразия«жүрегінде»орналасқанАбайдың, Шәкәрімнің, М. Әуезовтіңелі. Өлкенің мәдени астанасы -Семейкаласы. Оның туристік нысандарының ішінде екеуінің жөні бөлек, олар - Невзоровтар мұражайы («Қазақстан Эрмитажы») жәнө ТМД-дағы алғашқы, ал әлемдегі 17-нің бірі - жаңа аспалы көпір. Алматы жатыр. Бұл жерде шомылу - жағажайлық демалыс пен емделу рекреациялық зонасы қалыптасып келеді. Теңіздік типтегі суы мен балшығының емдік қасиеті өте зор.

Рекреациялық байлықтардың шоғырланған жері - елдің Оңтүстігі. Оның туристік рәміздері - атақтыХантәңірі шыңы, табиғаты ғажап Шарын каньоны, «Әнші шағылдар». Елді Тянь-Шаньтауларының қар баскан шыңдарының

Медеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Өндірістік инфрақұрылым
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі жайында
Экономикалық даму дәрежесі әртүрлі өңірлердің өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін бағалау
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Қазақстан республикасындағы нарық инфрақұрылымының заманауи жағдайы
Нарықтық инфрақұрылымның дамуын басқару
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz