Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАР

Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдық
қатынастардьң бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте әлеуметтік қорғану
құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға
қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды,
өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқыктық қатынастар ретінде
қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен
қатар, олардың өзара кұкықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік
қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып
табылады, себебі олар тиісті зандардың нормаларын қолдану, кезінде
туындайды.
Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар іс
жүзіндегі қатынастар болып табылады және материалдық мүліктік қатынастардың
санатына жатады. Сондықтан, олар тек кұқықтық нормаларға ғана емес, сонымен
қатар, әлеуметтік қамсыздандыруға кұқық беретін немесе бермейтін олармен
байланысты материалдық жағдайларға, өмір жағдайларына, заңды фактілерге де
тәуелді болады.
Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды
құқық нормаларының негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет,
жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы
қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар
ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастар сипаты бойынша әртүрлі,
олар өз кұрылымына, элементтер жиынтығына ие, және осы ерекшеліктері арқылы
ашылады.
Әлеуметтік камсыздандыру саласындағы құқыктық қатынастардың элементтері
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың элементтеріне
мыналар жатады:
• құқықтық қатынастардың субъектілері;
• кұқықтық қатынастардың объектілері;
• құқықтық қатынастардың мазмұны;
• 15 кұқықтық қатынастардың туындау, өзгеру немесе токтатылу
не-гіздері (заңцы фактілер).

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қуқыктық қатынастардың түрлері

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың түрлерін
екі негіз бойынша түрлерге бөлуге болады: әлеуметтік қамсыздандырудың
түріне байланысты және кұкықтық қатынастардьң әрекет ету мерзімі бойынша.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтың қатынастар әлеуметтік
қамсыздандырудың түріне қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

• азаматтарды ақшалай нысанда қамтамасыз етуге қатысты кұкықтық
қатынастар. Бұлар - азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және
өтемақылармен қамтамасыз етуге қатысты туындайтын құқықтық қатынастар;
• азаматтарға заттай нысанда көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты
кұқықтық қатынастар. Бұл - азаматтарға тегін немесе жеңілдетілген негізде
нақты бір тауарлар мен қызметтер түрінде ұсынылатын көмек. Мысалы,
жеңілдікпен ұсынылатын дәрі-дәрмектер, дәрігерлік қызметтержәне т.б.
• процедуралық немесе процессуалдық сипаттағы көмектер көрсету бойынша
кұқықтық қатынастар. Бұл - занды мәні бар фактілерді аныктауға байланысты
туындайтын (мысалы, мүгедектік немесе асырауында болу фактісін аныктау)
немесе азаматтың әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтарын жүзеге асыруға
байланысты (мысалы, кұзыретті органдардың жәрдемақы, өтемақы немесе
зейнетақыларды төлеу жөніндегі шешімі) құқықтық қатынастар.
Құқықтық қатынастар субъектінің – құқық қабілетті азаматтың құзыретті
органдарға занды фактіні аныктау туралы өтініші арқылы (мысалы, жасының
келуіне байланысты зейнетке шығу құқығы) ңемесе бұзылған құқықтарын қалпына
келтіру туралы шағымы арқылы (мысалы, тиесілі өтемақыны төлемеу бойынша)
ерік білдіруі негізінде туындайды. Мұндай жағдайда, екінші субъект-
мемлекеттік орган занды фактіні немесе мәселенің түгелдей заңды кұрамын
анықтауы және істің мәні бойынша шешім қабылдауы тиіс.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтың қатынастар әлеуметтік
қамсыздандырудың түріне царап төмендегідей түрлерге бөлінеді:
• міндеттерді бір мезетте орындағаннан кейін тоқтатылатын қысқа
мерзімді құқықтық қатынастар (мысалы, бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы
төлеу және өзге де біржолғы жәрдемақылар);
• уакыттағы күшінің мерзімі дәл анықталған құқықтық қатынастар.
Бұлар, мысалы, асыраушысынан айрылған жағдайда зейнетақы төлеу. Мұндай
зейнетақы кәмелетке толмаған тұлға 18 жаска толғанға дейін, ал осы тұлға
оқу орнында оқыған жағдайда- 23 жасқа дейін төленеді;
• жүзеге асыру мерзімі аныкталмаған құқықтық қатынастар. Бұлар -
жасына байланысты зейнетақыларды, еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі
жәрдемақыларды төлеуге және т.б. қатысты кұқықтық қатынастар.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар субъектілерінің
түрлері. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар бір
жағынан - азаматтың, екінші жағынан - мемлекеттік органның арасында
туындайды. Алайда, жекелеген жағдайларда, мысалы, асыраушысынан айырылуына
байланысты зейнетақы төлеу кезінде құкықтық қатынастар отбасы мен
мемлекеттің арасында туындайды, Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы
құқықтық қатынастардың субъектілері болып мыналар табылады:
1. жеке түлға (немесе отбасы);
2. мемлекеттік органдар.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық катынастардың субъектілері
болып келесі жеке тұлғалар табылады:
• Қазақстан Республикасының азаматтары;
• асыраушысының айырылуына байланысты зейнетакылық құқықтық
қатынастар болғанжағдайда - отбасы;
• егер заңдарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе,
Қазакстан Республикасьшың аумағында тұрақты түрде тұратын шетелдік
азаматгар;
• егер зандарда және халықаралық шарттарда ерекше көзделмесе,
Қазакстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ
тұлғалар.
Байқағанамыздай, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының субъектілері болып
әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастардың қатысушысы болып
табылатын, әлеуметтік қамсыздандырудың белгілі бір түріне қатысты
әлеуметтік-қамсыздандырушылық кұқық субъектілікке ие тұлғалар табылады.
Жеке тұлғалар құқық субъектілігі болған жағдайда ғана әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады.
Олардың құкық субъектілігі құқық қабілеттілік пен әрекет қабі-леттіліктен
тұрады, бұлардың туындау уақытты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, туғанынан
мүгедек болған тұлға 16 жаска дейін әлеуметтік зейнетақыны беруге қатысты
құқықтық қатынастардың субъектісі бола оты-рып, тек құқық қабілетгілікті
иеленеді. Мұндай құқыктық қатынастарға оның атынан ата-аналардың қорғаншысы
және қамқоршысы қатысады. Жеке тұлғаны кұқық қабілеті және әрекет қабілетті
деп таныған жағдайда ғана ол құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады.
Құқық қабілеттілік ретінде тиісті занды фактілер туындаған жағдайда белгілі
бір құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті танылатыны белгілі. Құкыктар
мен міндеттерді иелену қабілетін бұлайша тануды мемлекет белгілі бір
жағдайларда жүзеге асырады: мысалы, тұлғаның жасына, ересектігіне,
психикасының жағдайына байланысты. Мұндай жағдайлардың бар немесе жоқ
болуына орай тұлға өзі немесе өкілдері арқылы белгілі бір құқықтарды және
өз әрекеттері үшін жауапкершілікте болу міндетін жүзеге асыруға қабілетті
деп танылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық азаматтар
әлеуметтік қамсыздандыру саласында құқық қабілетті, яғни әлеуметтік қорғану
құқығына ие. Алайда, бұл құкық жаспен, мүгедектікпен, асыраушысынан
айырылуымен, еңбекке уакытша жарамсыздықпен, жұмыссыздықпен байланысты.
Яғни, бұл жағдайлар белгілі бір тұлғаның әлеуметтік қамсыздандыру құқығын
иелену құқығына алғы шарттар болып табылады.
Сонымен қатар, құқық қабілеттілікке қатысы бар қосымша жағдайлар да болады
оларға, мысалы, мынлар жатады: еңбек стажы, ана болу және өзге де
жағдайлар: басқа тұлғаның асырауында болу, еңбекке қабілетінен айырылу.
Басқаша айтар болсақ зейнетақы алуға құқық еңбек стажына немесе жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы жарналарға, қандай да бір қоғамға тәуелді қызметті
орындауға, әскери қызметке, жоғары оқу орнында окуға және т.б. тәуелді
болады.
Аталған жағдайлардың барлығы өз жиынтығында белгілі бір тұлғаны
зейнетақының, жәрдемакының және т.б. белгілі бір түріне құқылы деп тануға
әкелуі мүмкін. Басқаша айтар болсақ, бұл белгілі бір тұлғаны әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша құкықтық қатынастардың субъектісі ретінде тану.
Сонымен, құқық қабілеттілік - бұл тұлғаның құкыктық қатынастардың
субъектісі болуыньгң және әлеуметтік қамсыздандыру саласында белгілі
құқықтар мен міндеттерді иеленуінің мемлекетпен танылған мүмкіндігі.
Заң әдебиетінде әрекет қабілеттілік ретінде тұлғаның өз әрекеттері
(өкілсіз) арқылы құқтар мен міндеттерді дербес орындау (жүзеге асыру)
қабілеті танылады. Қазакстан Республикасында әрекет қабілетті ретінде
соттың белгіленген тәртіп бойынша оны әрекет қабілетсіз деп тану туралы
шешімі шығарылмаған кез келген тұлға танылады. Әлеуметтік қамсыздандыру
саласындағы әрекет қабілеттілікті тұлға құқық қабілеттілікпен бір мезетте,
яғни әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық катнастарға түскенде
иеленеді. Басқаша айтар болсак, азаматтар әлеуметтік қамсыздандыруға
қатысты құқыктық қатынастардың әртүрлі түрлеріндегі өз құқықтары мен
міндеттерін әлеуметтік-еңбек құқықгық қатынастарына түскенде, белгілі бір
жаска тол-ғанда, мүгедектік орын алғанда және т.б. жағдайларда жүзеге
асыруды бастайды.
Бұл ретте ескеретін бір жайт, әлеуметтік камсыздандырудың субъектілерінің
шеңбері өз ерекшеліктеріне ие. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының
субъектілері - жеке тұлғалардьщ арасында қарт адамдар, жүйке ауруына
шалдыққандар, кәмелетке толмағандар көп. Сол себепті, әлеуметтік
қамсыздандыру саласында өкілдік институты дамыған. Кәмелетке толмаған
балалардың, сонымен қатар белгіленген тәртіпті әрекет қабілетсіз деп
танылған тұлғалардың құқық қабілеттілігі қорғаншылармен, қамқоршылармең,
өзге де өкілдермен (туыстары, ата-аналары, балалар үйлерінің, сәбилер
үйінің, интернат мекемелерінің басшыдығы және т.б,).
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың тағы бір
субъектісі болып мемлекеттік органдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қамсыздардыру халықаралық құқықтық реттеу
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
Қоғамға қауіпті және оған қарама-қарсы іс-әрекеттер
Азаматтық қоғам және құқықтық тәрбие
Экология құқығының дәрістері
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Жер құқық қатынастары. ҚР-ның жер нарығы туралы түсінік
Пәндер