Әлеуметтік педагогикалық жаңаша ұстанымы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік педагогикалық жаңаша ұстанымы
Әлеуметтік-мәдени ортаның ең негізгі өзекті саласы - білім беретін
құрылымдар деп есептейді. Бұл құрылымдар адамның ақыл-ойын жаңа ғасырлық
ғылыми ақпараттармен толықтырады, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени орта
адамның құндылық қасиеттерінің қалыптасуына да басты өзек болады деп
түйіндейді.
Оқұшылардың жауаптарын сараптай келгенде, өздері өмір сүріп отырған
бүгінгі әлеуметтік-мәдени орта, бір жағынан, олардың өмірлік сұраныстарын
қанағаттандырмайтындығын аңғартса, сонымен қатар бүгінгі туындап отырған
қарама-қайшылықтарға қарамастан өмірлік мақсат-мүддесін айқын қойып,
жігерлі іс-әрекет жасай алатын бағыттағы жастар тобы бар екені айқындалды.
Сонымен, бүгінті таңда, әлеуметтік-мәдени орта ұғымы — өте күрделі, көп
қырлы, көп қатпарлы ел өмірінің барлық саласын қамтитын ұғым. Бұл ұғым жеке
тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайтын төмендегідей салаларды қамтиды:
*әлеуметтік-мәдени ортаның бірден-бір қарым-қатынас кұралы -мемлекеттік
тіл;
* ең құнды адамгершілік қасиет сапалары — әр халықтың өзіндік салт-
дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы мен мәдениеті, ұлттық жеке ерекшеліктері
сақталған және бірнеше тілді еркін меңгерген әлеуметтік—мәдени орта;
* адамдардың әлеуметтік жағдайы, адамдардың бір-бірімен, қоғаммен,
табиғатпен қарым-қатынасы;
*барлық тарихи, мәдени құндылықтарды білу, ғылымға, білімге деген
көзқарас
Түйіндей келгенде, қазіргі әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаның
қалыптасуына ықпал жасайтын ең шешуші саласы — болашақ ұрпақтың адами тұтас
тұлға болып қалыптасуына бағытталған және өркениеттілік негізгі құрылған
тәрбие.
Әлеуметтік ұстаным әлеуметтік деңгейінде дамиды. Әлеуметтік даму бағыты
ор нысан мамандығының қоғамдағы алатын орнына байланысты. Егер қоғам
сұранымына сәйкес келетін мамандық болса, ол тұлғаның әлеуметітік
педагогикасы жайлы өзіне белгілі бір болжам құрып алуына мүмкіндігі бар. Ал
қоғам сұранымына үйлес келмейтін мамандықтағы адамдардың қоғамнан тыс жеке
дара өмір сүрулеріне тура келді.
Бұдан шығар қорытынды не? Ол — кешегі тоталитарлық қоғамда моралдік
кодекстің бүгінгі біздің жаңа қоғам өзгерісіне қайшылықта келуі. Сондықтан
кешегі одақтық кеңістіктегі әлеуметтік мәдениет құндылықтарының бүгінде
өзектілігі төмендеп, кейбір бөліктері болмаса, тұтасымен заңдылықтар еңбек
сипаты өлшемдігінің көрсеткішінен айрылды. Кеңес үкіметінің тұсында
мәдениет негізінде құрылған әлеуметтік ұстаным бағыт ұжымдық, қауымдық
мәнде қалыптасып, біртектес мінез-құлықтағы адамдардың қоғамнан өз ортасын
табуына қам жасалған.
Басымдық рөлде ұжымның бірлігі, олар жұмыс атқаратын мекемелердің
материалдық хал-ахуалы, денсаулық мәселесі, адамгершілік тәрбиесі, ақыл-
парасат тәрбиесі, еңбек тәрбиесі — саяси тәрбие, эстетикалық тәрбие секілді
бағыттар мен ұстанымдар болатын. Мұның өзі одақ құрамындағы ұсақ
мемлекеттердің психологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерінің ескертілуі
тұрғысында емес, керісінше, одақтың жүрегі саналған Ресей империясының
менталитетіне бейімделіп құрылған жүйе.
Әлеуметтік педагогика көбінесе адамгершілік тәрбиесі аспектісінің бір
бөлігі ретінде саналып келді. Сондықтан бұл салаға қатысты зерттеу жұмысын
табу үлкен тығырыққа тіреп отыр. Алдымен жаңа қоғамға қатысты адамның
нысанды болмысы қандай болу керек деген зерделеу сауалы кімді болсын
ойландырмай қоймайды. Социалисте қоғамда жұмыссыздық, жалақысыз қалу сияқты
тауқыметті үғымдар болған жоқ. Әрбір кеңес азаматында мамандығына сәйкес
жалақысы аз болса да жұмысы бар психология жанға жайлы мінез-құлықты
дарытқан еді. Нәтижесінде адамның жүйкесі тұрақтылық сипатта болатын.
Эмпирикалық әдіспен жалпы халықтың шұғылданатын кәсібі, шыққан тегі,
отбасы құрамы, партия санаты, жасы, туған жері секілді жалпыға ортақ
біртектес әлеуметтік мәселесінен хабар беретін тұстары жабылып, қалған ішкі
сипаттары жайлы мәлімет қамтылмай отырған. Әрине, ерекше нысандар, яғни
үкіметке қатысы бар жеке тұлғалардың барлық әлеуметтік жағдайлары тереңнен
зерттеліп, мәліметтер ұдайы толықтырылып отыруы заңды құбылысқа айналған
еді.
Бүгінгі Қазақстан халқының партияға қатыстылығы әр түрлі сипатта болып
отыр. Түрлі-түрлі партияға кірудің өзі әр адамның қалауы мен тусінігінің
деңгейліктеріне қарай таңдалып жүр. Мұнымен бірге Қазақстан халқының әр
азамат мен азаматшаларының тұрмыс-тіршілігі әлеуметтік жағынан компьютерге
ақпарат ретінде жинақталып беріліп, жан-жақты мәліметтер топтастырылады.
Мұның өзі әр ұлттың, ұлыстың өзіндік психологиясына сәйкес зерделеніп,
ғылыми бағытта жаңа технологиямен бағалау үрдісінде жүзеге асырылып жүргені
құантарлық. Жеке тұлғалардың әлеуметтік мәдениеті өркендей түсуде. Мәселен,
әрбір жоғары мамандыққа ие болған адам өзінің кәсібін сыртқы қозғаушы
күшсіз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытуда жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні
Қазақ тілін оқытуда жобалап оқыту технологиясын қолдану
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТЫ
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы
Пәндер