Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеті
б) Әлеуметтік педагогтың қызметтері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету заңына негізделген. Әлеуметтік педагог сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңын, басқа да нормативтік актілер мен құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады.
Әлеуметтік педагог «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттейді.
Ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтайды. Ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік- эткалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектеседі.
Қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола отырып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал етеді.
Негізгі міндеттер мен қызмет мазмұны.
1. Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді:
- балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
- соңиумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік -педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
- балаланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.
2. Міндеттері:
- жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты баланың жеке дамуына кешенді ықпал ету;
- өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
- оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;
- баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу және болдырмау.
Әлеуметтік педагогтың жеке қызмет міндеттері:
- мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді шараларын жүргізеді;
- тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, микроортаның психологиялық медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді;
- оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқушылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетеді;
- оқушы мен мекеменің, отбасының әлеуметтік ортаның арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
- әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани-адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді;
- тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді;
- тәрбиеленушілерді қамқорлыққа алу, оларға көмек көрсету мәселесінде мұғалімдермен ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) әлеуметтік қызмет мекемесі мамандарымен тығыз байланыс орнатады;
- оқушылардың демалысы мен оқу тәрбие процесінің режиміне бақылау жасайды;
- «медициналық әлеуметтік тәуекелшілдер» тобына жататын балаларды анықтайды;
- санитарлық- ағартушылық қызмет жүргізеді;
- тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді;
- тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді;
- соңиумдағы ресми емес қосымша білімнің дамуына әсер етеді.
Әлеуметтік педагогтың мәртебесі:
- әлеуметтік педагог-арнайы білімі бар маман, оның еңбек ақысы мен разряд деңгейі, еңбек демалысы мектеп қызметкерлерімен теңгерілген.
- әлеуметтік-педагогтың қызметін арнайы мамандық дайындық курстарынан өткен педагогтар атқара алады.
- әлеуметтік педагог 300 адамға қызмет көрсете алады.
- Мектептің әлеуметтік педагогы аптасына 36 сағат жұмыс істейді.
- әлеуметтік педагогтың күнделікті қызметін ұйымдастыруда әр түрлі жастағы балалармен, ересек адамдармен істелген практикалық жұмыстар да есепке алынады.
Әлеуметтік педагогтың құқығы
Әлеуметтік педагог төмендегі құқықтарға ие болады:
- баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын пайдалануға;
- сабақтарға қатысып отыруға
- мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға;
- медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуын
- отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (дауыл жағдайда) қоюға
- қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мен мүддесін сотта қорғауға
Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесі
Әлеуметтік педагогтың қызметі білім мекемесі әкімшілігінің ағымдағы және қорытынды тексеру нәтижелерімен маманның өзін-өзі бақылау-зерттеулері барысында бағаланады. Онда қажетті құжаттардың болуы басты рол атқарады.
Әлеуметтік педагогтың қызметін 5 жылда бір рет өткізілетін аттестация нәтижелері ынталандырып отырады. Егер әлеуметтік педагог өз қызметінің кәсіби шеберлігі едәуір жоғарылады деп есептейтін болсақ, кезектен тыс аттестациялық санақтан өтуге тілек білдіруіне болады. Эксперттік тексеру нәтижесі екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады: кәсіби қызметінің қалыптасу деңгейі және нәтижелік деңгейі.
Әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің нәтижесі негізінен қажетті мамандығының және кәсіби дайындық деңгейінің жоғары болуымен анықталады. Тарификация кезінде әлеуметтік еңбекақысының разрядын қою үшін білім дәрежесі мен еңбек стажы, ал аттестациялау тусында кәсіби қызметінің қалыптасушылық және нәтижелік деңгейі есеп алынады.
Әлеуметтік педагогикалық қызметтік құрылымы.
Мектеп директоры
Директордың орынбасары
әлеуметтік педагог
сынып жетекшісі оқушы
ата-ана психолог
Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері
1 кезең оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу
2 кезең зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес.
Мақсат -міндеттерді анықтау (проблемалық шешілуге тиіс жағдайда)
Тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алу және жұмыстарын жоспарлау
3 кезең әрбір іс пен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау.
Әлеуметтік педагогтың, психологтың, педагогтың, дәрігерлердің бірлескен қызметі төмендегідей:
- отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру;
- балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу
- мінезінде ауытқушылығы бар адамдарға психологиялық және диагностикалық коррекция жасау
- профилактикалық шаралар ұйымдастыру
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жұмысы.
Отбасы жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы.
Ол бірқатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік-мәдени өлшемі ата-аналарының білім деңгейі мен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты.
Әлеуметтік-экономикалық өлшем, ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы- үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz