Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Әлеуметтік психология пәні
Негізгі бөлім
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Әлеуметтік психология
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos —
сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың
қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің
рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да
басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай
жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология
қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан
қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және
тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны
стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл
ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
тұлға психологиясы;
ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың
өзара әрекеттесуі;
түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен,
философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен
нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір
сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының
нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер
социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын
ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен
заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың
жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен
қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін
ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың
қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық
сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму
тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл
бөліне бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке
ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия,
Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының
жетекші бағытына айналды.
Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген.
Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік
психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ
динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық
құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың
психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі
болды.
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас
мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде
ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы
психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік
психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның
күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-
әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық
байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын
адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән
талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық
көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған
топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология
сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын
топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда
оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-
қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр
түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар,
ресми жэне бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері,
олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі
зерттеледі.
Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат -
әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда
аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу
ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай
білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін,
тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік
психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және
дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық
ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге
бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық
мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін
ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға
қою мәселелерін қарастырады.
Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы
кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның
жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп,
ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары
зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін
байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады. Психологиялық
аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті
сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т.б.);
адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-
дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл
табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты,
мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен
жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес:
бұл - психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде
қолданылатын ерекше атау. Психологияның тарихы мен әдістемелерінің,
психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы
заңдарын зерттейтін теориялары мен әдістерінің мәселелерін шешу жалпы
психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді
зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі - психология
ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.
Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен
маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін,
бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер,
психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне
мыналар жатады:
адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап
айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің
рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету
амалдары;
таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын
әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық,
басқару жөне жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің
тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау
жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және
ауысуы, т.б.
Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі
сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Психика- психологияның зерттеу обьектісі
Саяси психология
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде жайлы
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым саласы ретінде
Пәндер