Әлеуметтік психология пәніне түсініктеме



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік психология пәніне түсініктеме беріңіз

Әлеуметтік психология – психология ғылымының бір саласы.Ол әлеуметтік
психологиялық заңдылықтар тұжырымдамасы туралы оқытады,яғни мінез-құлықтың
психикалық тепе –теңдік ерекшеліктері, адамдардың іс-әрекеті мен қарым-
қатынасы, олардың әлеуметтік қарым-қатынас жағдайлары, жеке адамның үлкен
және кіші топтарға мүшелігі, ұжыммен, қоғаммен қарым-қатынасы туралы.
Әлеуметтік қарым-қатынас адам баласының өмірлік әрекетінің негізі болып
табылады. Адамның әлеуметтік қарым-қатынасы жеке, топтық және қоғамдық
қатынастардан тұрады. Бұл қажеттіліктер қарым-қатынастың негізгі формасы
қоғамдық және өзара іс-әрекет жасау барысында қанағаттандырылады. Егер
адамзат қоғамын толығымен алсақ, онда қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет
жасау барысында жеке адамның өмір сүру жағдайы қалыптасады және дамиды.
Жеке іс-әрекеттерде өзара түсіністіктері мен келісімге келуін қамтамасыз
етеді. Үлкен және кіші әлеуметтік топтар қалыптасады.
Қазіргі кездегі әлеуметтік психология - адамдардың және тұтас топтардың
әлеуметтік мінез - құлығының заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім және
осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері, және де осындай мінез-
құлыққа тиімді түрде әсер ететін құралдар мен әлеуметтік әсер ету
технологиясының жиынтығы, - деп қарастыруға болады.
Ол өз бетімен дамып, жетіліп қалыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты
бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген
адамдармен де, басқа топтармен де қарым-қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-
қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық
қатынастар бір-біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны
қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың әсер етуінің
психологиялық механизмдерін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін
де әлеуметтік психология қарастырады.

Әлеуметтік психология пәнінің салаларына сипаттама беріңіз
Әлеуметгік психологияның салалары

Этностық психология - әлеуметтік психологияның саласы, ол түрлі этностық
бірлік өкілдерінің психологиялық сипаттарын зерттейді.
Дін психологиясы - адамдардың діни іс-әрекетін және түрлі діндік
бірліктерге мүшелікке кіргендердің психологиясын -зерттейтін әлеуметтік
психологияның саласы.
Саяси психология - адамдардың саяси іс-әрекеттерін және қоғамдық-саяси
өмірге қатысатын түрлі әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестерді
зерттейтін әлеуметтік психологияның саласы.
Басқару психологиясы - адамдардың негізгі зейінді топтарға және бүкіл
қоғамға әсерін, сапалы ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі әлеуметтік-
қоғамдық тәртіпке бағынуын қалыптастыратын, дамыту және жетілдіру мақсаты
мен мәселелеріне көңіл бөлетін әлеуметтік психологияның саласы.
Әлеуметтік әсер психологиясы - әлеуметтік психологияның әлсіз дамыған
саласы, адамдарға әсерлердің ерекшеліктерін, зандылықтарын және олардың
түрлі өмір сүру жағдайларындағы іс-әрекетінің құбылыстарын зерттеумен
шұғылданады
Қарым - қатынасс психологиясы әлеуметтік топтардың адамдар арасындағы
ақпарат алмасуы мен өзара әрекеттестігін айқындайды.
Отбасы психологиясы қоғамда отбасы мүшелерінің арасындағы жан-жақты
түрлі ерекшеліктерді зерттеуді мақсат ретінде қояды.
Дау-дамай (конфликт) психологиясы — түрлі дау-дамайлардың психологиялық
ерекшеліктерін қарастыратын және оларды тиімді жолдармен шешуге
бағьггталған әлеуметтік психологияның мықты прогрессивті саласы.

Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихына сипаттама беріңіз
Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-
келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия
ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға
айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология
мен психология) іске асырылды.
Әлеуметтік психология адам мен қоғамның өзара әрекеті туралы
білімдердің ұзақ уақыт жинақталуынан пайда болды. Алғашқы
әлеуметтік-психологиялық идеялар философия, әлеуметтану,
антропология, этнография және тіл білімі саласында қалыптасқан. Алғашында
халықтар психологиясы, "бұқара инстинктері" және т.б. түсініктекр пайда
болды. Жеке әлеуметтік-психологиялық идеялар Платон мен Аристотельдің,
француз материалист-философтарының, утопист-әлеуметанушылардың
елтанушьшардың еңбектеріңде, содан кейін Фейербах пен Гегельдің
еңбектерінде кездеседі.
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертеден грек еліндегі
ғұлама ғалымдар Платонның Республика еңбегінде, Аристотельдің Саясат
және Этика еңбектерінде қаланған.

Батыстық эмпирикалық әлеуметтік психологияның көрнекті
өкілдерінің бірі Француз заңгері және әлеуметтанушысы Ғабриэль Тард
француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебон және ағылшын-американ психологы
Уильям Мак-Дуғалл (Вильям Макдауголл) болды. Бұл ғалымдар әткен ғасырдың
соңы мен осы ғасырдың басындағы қоғамның әлеуметтік дамуын адамның жеке
психикалық қасиеттерімен байланыстыра кәрсетуге тырысты:
Тард - еліктеушілікті, Лебон — психикалық жұқтыруды, Мак-Дуғалл
инстинкті қарастырды.
Г. Тардтың тұжырымдамасы бойынша, қоғамдық даму
тұлғаралық әсер факторларымен, әсіресе еліктеушіліклен, әдет-
ғұрыптармен, модамен (сән үлгілерімен) анықталады. Тард бойынша, еліктеу
негізінде топтық және қоғамдық нормалар мен құндылықтар пайда болды.
Индивид оларды меңгере отырып, қоғамдық өмір жағдайларына бейімделеді.
Әсіресе, төменгі топтар жоғары топтарға қатты еліктейді. Дегенмен, идеалға
жету мүмкін болмаған кезде – әлеуметтік оппозиция", әлеуметтік өзара
әрекетте конфликт пайда болады. Г. Тард бірінші рет тобыр психологиясын
жекеліктің басымдық факторы ретінде терең зерттейді. Г.Тард идеясының
әсерінен тұқымқуалаушылықтың екі түрін ажыратуға болады, олар -табиғи және
әлеуметтік.
Француз әлеуметтанушысы және әлеуметтік психологы Гюстав Лебон
психикалық жұқтыру түсінігін еңгізе отырып, әлеуметтік процестердің
эмоциялы теориясын өңдеді.
Концепциялы әлеуметтік-психологиялық негіздер қатарынан француздың
әлеуметтік мектебінің негізің салушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) толықтырды.
Ол "ұжымдық тусініктер" феноменін бөліп көрсетті (жекелік және ұжымдық
түсініктер, 1898) оның пікірі бойынша, дүниені жеке индивид арқылы көруге
болады.
Дюркгейм бойынша, индивидтің мінез-құлыгы ұжымдық санамен
анықталады. Г.Тардтың әлеуметтік атомизациясынан айырмашылығы
индивидті "қоғамның торы деп есептейтін Э.Дюркгейм әлеуметтің
бірігуі жалпы мақұлданған әлеуемттік құндылықтар негізіңдегі идеяны
қолдады. Адамдар мінез-құлықтыың әлеуметтік қасиеттері Э.Дюркгейм бойынша,
қоғамның құндылықтық нормалық интеграциялануына, оның әлеуметтік
қатынастардың дамуына байланысты.
Қоғамның құндылықтық нормалық дағдарыстарын Э.Дюркгейм аномия (француз
тілінен аnomi — заңның болмауы) деп көрсеткен, ол бұқаралық құқықтық
десоциализацияны тудырады. Аномия жағдайында қоғам бірнеше мүшелері үшін
әлеуметтік және құқықтық нормаларының мәңділігін жоғалтады. Мінез-құлықтың
үлгілі эталондарынан айырылған индивидтің өзін-өзі реттеу деңгейі
төмендейді, әлеуметтік бақылаудан шығады. Бұқаралық девианттылықты
тудыратын аномия, Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерді көрсетеді.
Г.Тард, Г.Лебон және Э.Дюркгейм тұлғаның қалыптасуындағы алғашкы
әлеуметтік факторды дәлелдеп, әлеуметтік психологияның дамуына үлкен әсер
етті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы жайлы түсінік
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың алатын орны
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың ғылымитеориялық негіздері
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
ТАРАУ МАТЕМАТИКАНЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пәндер