Әлеуметтік топтар мен ұжымдар туралы түсінік


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері

Әлеуметтік топтар мен ұжымдар туралы түсінік. Ғылымның негізін қалаушылар адамның қоғамдық мәнін көрсетіп берді. «Инивид дегеніміз, - деп жазды, - К. Маркс қоғамдық тіршілік иесі. Адамның әлеуметтік мәні оның материалдық және рухани өмірінен көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол табиғатан құлы болудан оның әміршісі болу дәрежесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық қызмет қана адамдарды тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың әлеуметтік орта еңбектегі өзара қарым - қатынас психиканың да болуының шешуші факторына айналды.
Өмірдің және адамдардың өзара қарым - қатынасын тарихи жағдайлар адамдарды ұлт, мемлекет, тап және басқада қауымдықтарға бірігуге әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша емес, объективті заңдардың әсері нәтижесінде құрылды. Әрбір қауымдықтың белгілі бір психологиялық ерекшелігі бар. Ең алдымен әр түрлі таптар психологиясын өзіне ғана тән белгісі болатынын көрсетеді. Ададмдардың үлкен топтарын, қоғамдық өндірістің тарихи белгілері бір системасында олардың алатын орнына қарай, өндіріс құрал жабдықтарына олардың қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы олардың роліне қарай, ал олай болса қоғамдық байлықтан олардың алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті алу әдістеріне қарай айырылатын топтарын атайды. Таптар дегеніміз адамдардың мынадай топтары: қоғамдық шаруашылықтың белгілі бір укладына олардың алатын орындарында айырмалық облуының арқасында олардың бір тобы. еіншісінің еңбегін өзіне иемденуі мүмкін».
Таптық психология құрылыстарына ерекше назар аударылу себебі, кез - келген антагонистік формация бір біріне қарама - қарсы таптарға бөлінеді, ал олардың арасындағы күрес тарихи дамудың қозғаушы күші болып табылады.
Шағын және бастапқы топтар. Бір шама тұрақты құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір - бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш жігері жеуге жұмылдырылған ортақ мақсаты болады. Күші топқа кіретіндер бірін - бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрға мінетті орындау кезінде өзара қоян - қолтық қатынаста болады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30 - 40 адамнан аспайды. Отбасы өндірістік топ самолет не космос кораблімен экипажы сынып класы сияқты бірлестіктерді кіші топ деп есептеуге болады. Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы мектептегі барлық іске қатысады, ол ауладағы фудбол командасының капитаны да болып табылады. Кіші топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез - келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал, іс жүзінде бтоп мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым - қатынасы жақындық сипат алады. Бұл былайша айтқанда. Бастауыштық немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Әдетте мндай топ мүшелерінің саны көп болмайды. Оның мүшелері кіші топтың мүшесі болып қала береді, өйткені мұндайда іс бабындағы қатынастан мен өзара қарым- қатынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала отырып, дербес қауым да бола алады. Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады.
Топтардың әлеуметтік дамуы деңгейі және ұжым. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай - ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да формалды топқа да бірдей дәрежеде қатысты. Топтың қалыптаса бастауы ассоцацияның - адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде бірлесуін алу керек. Мектепте бір сынып институтта бір курс тобы турситер мен экскурсанттар осылай құрылады. Ассоцацияда ортақ мақсат жоқ, іскерлік және қарым - қатынас та қалыптаспаған бірақ оған қажет алғы шарт болады. Ассоцацияға кіруші әрбір адамның өзіне тән және әдетте басқалардың жеке мақсаттарына ұқсас мақсаты болады. Бірақ бұл ортақ мақсат емес. Бірігіп әрекет жасау кезінде ассоцацияға қатысушылар арасында іскерлік және жеке қатынас орнайды. Сонда ассоцация жағынан мүлдем басқа және әлдеқайда күрделі қауымдастық - корпорацияға айналады. Корпорация - адамдардың өзімен - өзі тұйық бірлестігі. Ассоцация сияқты, оның да ортақ мақсаты болмайды. Корпорацияда әркім өзінің жеке ойын жүзеге асырады, ол басқалардың ойына ұқсас болады. Корпорацияға оқшаулық тән ол басқалармен мүлдем қатынас жасамайды ал қатынас жасайтын болса, оның көп сатылы болатыны сонша, корпорацияға қатысушылар байқамайда қалады.
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның бегілерін А. С. Макаренко анық та толық айтып берді: ұжым дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Ал ұжым ұйымы бар жерде ұжым органдары да бар, ұжым сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастық қатынасы мәселесі - ол жай ғана достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол жауапгершілікті тәуеллідік мәселесі. Макаренко адамдарды қызметі қоғам үшін пайдалы екені айдан анық міндеттерді атқару үшін біріктерсе ғана ұжым болатын көрсетті. Ұжымның мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілетті келеді және тұрақты әрі бір - біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым - қатынас орната алады.
Ұжым адамдардың тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері болады. Сондықтанда қандай болсын ұжымды топ деп сануға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Формалды немесе формалды емес топтар ұжымның белгілеріне ие бола алса ұжымға айналуы мүмкін. Бұл арада ұжымның аса маңызды белгісі - мақсатпен міндеттің қоғамдық мәні өзгермейді. Егер бұл белгілі болмаса топ ұжым аталына алмайды.
Ұжым мүшесінің жеке адамдармен қатынас жүйесіндегі жағдайы. Әлеуметтік психология топтағы, ұжымдағы адамдардың жеке өзара қатынастарын зерттейді. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеу бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Алғашқылары қарым - қатынас жасауға шын ниетпен көбірек тартылады, ал соңғылары топтың немесе ұжымның өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нтижелеріне қарағанда сынып ұжымында 35 - 40 адам 3 - 4 оқушы ғана не ғұрлым белгілі болады екен. Ал, олардың болу себебі не? Біріншіден, мұндай адамдардың топ мүшелерімен қатынас орната білу қасиетін атап көрсеткен жөн. Басқаның «жүрегіне жол таба» білген адам қашанда көпшілікке жақын белгілі болатынын аян. Адам өз орнын жалбақтау, жарам сақтану және жағымпаздану жолымен емес өзінің табиғи болмысы мен ашық мінезімен табады. Адамның белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде пайда болады. Екіншіден, ал адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен белгілі болады. Үшіншіден сырт бейнесі факторында да ескермеуге болмайды. Адамның күш - қуатын осы факторға жатқызған жөн. Мысалы, оқушы өздерінің қара күшке ие, мықты құрбыларын құрметтейді.
Ұжым топ мүшелерінің көпшілігі бір - бірімен өзара тату - тәтілік тұрғысынан байланысты болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады. Онымен бір мүдделес әңгімелері жарасқан ортақ істері бар. Сондықтан жоластық, достық қатынаста болады. Ұжым ішінде мұндай бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап, бірыңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді. Ұжымда, топтарда кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар мұндай қатынас орнататындай өзіне серік таба алмайды. Алайда бұдан мұдай адам ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ұжымның мұндай мүшесі үшін өзара қатынас бұл бірлестіктен тыс жерде болады.

1. Әлеуметтік психологиядағы қарым-қатынас мәселесі

1. 1 Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде

Қарым-қатынастың көп мағыналылығы. Қарым-қатынастың қауым ұғымымен байланысы. Қарым-қатынастың тұлғааралық және әлеуметтік аспектілері. Тұлғааралық қатынас. Әлеуметтік қарым-қатынас. Әлеуметтік роль. Тұлғааралық роль.

1. 2 Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Қарым-қатынастың тілге негізделуі. Лингвистердің тілді қарым-қатынас құралы ретінде зерттеуі. Коммуникация ұғымы. Коммуникацияның түрлі формалары. Америкалық қарым-қатынас психологиясындағы проксемика бағыты. Қарым-қатынастың сөзден тыс кұралдары. Коммуникацияның сөйлеу және сөйлеусіз қарым-қатынас күралдарының бірлігі. Адамдардың коммуникация жасау жолына байланысты типтері.

1. 3 Қарым-қатынас кезіндегі психологиялық әсер ету құралдары.

Қарым-қатынас кезінде негізгі әсер ету құралдары. Жұқтыру көпшілкті ұйымдастыру әдісі ретінде. Оның көріністері. Жұқтыру механизмі. Сендіру құралы. Б. Ф. Поршневтің теориясы. Суггестияның механизмі. Суггестияның пайда болуына әсер ететін фоакторлар. Суггестия қолдану мүмкіндіктері. Суггестия мен жұқтырудың ұқсастық пен айырмашылықтары.

Нанымдауәдәсі. Оның жүзеге асу механизмі. Оның құрамы, құралдары, формалары.

Еліктеу құралы. Оның жүзеге асу механизмі. Г. Тард бойынша еліктеудің формалары.

1. Әлеуметтік психологиядағы топтар мәселесі

2. 1 Әлеметтік психологиядағы шағын топтың зерттеулері

Бастыс психологиясында шағын топты зерттеу кезеңдері.

Шағын топтың статикалық және динамикалық процестері. Топтың индивидке қысым жасау феномені - конформизм. Конформдылықтың сырқы және ішкі формалары. Топ нормаларын меңгеру кезінде қарсылық (негативизм) . Конформдылыққа байланысты С. Аш эксперименттері.

А. В. Петровский бойынша конформдылықтың типтері. Топтың динамикалық механизмдері.

2. 2 Әлеуметтік топтардың жіктелуі

Топтарды жіктеу себептері: қалыптаса бастаған өзара қатынастардын ықтиярлылығы мен тереңдігі, кұрылу принципі мен жолдары, жеке адамның топтың нормаларына көзкарасы. Ш ағын және бастауыш топтар. Шартты және нақты топтар. Формалды және формалды емес топтар. Референт тобы.

2. 3 Шағын топтың генезисі мен дамуы

Топтың қалыптаса бастауы - ассоциация. К үрделі қауымдастық - корпорация. Қауымдастығының ең жоғары формасы - коллектив. Коллективтің белгілері. Коллектив түрлері.

Топтың дамуы Такменнің екі факторлық концепциясы. Топ бірігуі, ұйымдасуы феномені туралы А. В. Петровскийдің стратометриялық концепциясы.

2. 4 Топтық қарым-қатынасты ұйымдастыру жолдары.

Топтың қарым-қатынасын ұйымдастыру жолдары. Лидерлік феномені. Лидердің пайда болуы туралы теориялары. Харизматикалық теория. Ситуациялық даму теориясы. Лидерліктің синтездік теориялары. Лидерлік стильдері, типтері. Б. Д. Парыгин бойынша лидер мен басшының арасындағы айырмашылықтары.

2. 5 Топтық шешімді қабылдау процесі.

Лидердің шешімді қабылдау процесін ұйымдастыруы. Топтың шешімді қабылдауда дискуссия мехизмі. К. Левин зерттеуі. Дискуссия кезінде туындайтын заңдылықтар.

I. Дискуссия жүргізудің жаңа формалары. Брейнсторминг (милық шабуыл) . Синектика. Топтық дискуссия кезінде кездесетін феномендер.

2. Тұлға және топ

3. 1 Тұлға мен топтың өзара қарым-қатынасы

Жеке адамның коллективтің басқа мүшелерімен байланысы. Коллектив - қоғамның идеяларын дамытушы. Жеке адам мен коллектив арасындағы катынас түрлері.

Коллективтің жеке адамды тәрбиелеу үшін қолданатын шаралары. Коллективтегі жеке адам ролі.

3. 2 Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы

Топтағы, коллективтегі адамның қатынастары. Іскерлік қатынастар. Жеке қатынас. Қатынас жүйесі. Жеке адамдардың қатынасын зерттеу әдістері. Дж. Мореноның таңдау әдісі.

Тандау әдісінің алатын орны. Бұл әдісті жүргізу процедурасы.

3. 3 Топ мушесінің жеке адамдармен қатынас жүйесіндегі жағдайы.

Топтағы, коллективтегі адамдардың әлеуметтік қатынаста алатын орыны. Адамның топта белгілі болудың себетері. Топ, коллектив мүшелерінің бір-бірімен байланысы. Коллектив ішіндегі бастауыш топтар. Топтағы аутсайдер. Адамды сырттату.

3. 4 Көпшілік әлеуметтік-психологиялық құбылыстар және олардың жеке адамдар арасындағы ролі

Топтардың, коллективтердің психологиялық әрекеті көрінісі. Көпшіліктік психикалық құбылыстар. Қоғамдық пікір. Оның бағалау функциясына. Стихиялы пікір. Қоғамдық пікірдің коллективтің, топтың, жеке адамдардың өміріне әсері. Қоғамдық пікірдің жағымды да жағымсыз ролі. Коллективтік күй. Оның жағымды немесе жағымсыз болуы. Жарыс. Оның бәсекеден айырмашылығы.

4. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері.

Г. Г. Дилигенский бойынша үлкен әлеуметтік топ. Үлкен топтардың маңызы. Үлкен топтарды ң жіктелуі. Үлкен әлеуметтік топтың шағын топқа қарағанды айырмашылығы. Топтың өз мүшелеріне әсер етуі. Қоғамыдық психология құрамы. Коғамдық психологияны зерттеу әдістері.

Глоссарий

Әлеуметтік роль - қоғамда белгілі орын алатын адамның өзін-өзі ұстау нұсқауы.

Тұлғалық роль - оның жеке психологиялық ерекшеліктеріне негізделген.

Коммуникация - қарым-қатынас кезіндегі мағлұматтармен айырбастау.

Перцепция - қарым-қатынас кезіндегі басқаларды қабылдау.

Интеракция - қарым-қатынас кезіндегі әрекеттесу.

Коакция - бір жерде жиналған, бірақ мақасаттары ортақ емес адамдардың жиыны.

Топ - ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі.

Референттік топ -мақсаттары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ.

Фасилитация - басқалардың қатысуы себебінен әрекеттің жеңілденуін көрсететін феномен.

Ингибиция - басқалардың қатысуы себебінен әрекеттің қиындауын көрсететін феномен.

Эмпатия - басқаларды түсіну, оларға деген жан ашуы.

Идентификация - өзін басқа адамдармен теңестіру, өзін солардың орнына қою.

Шартты топ - тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастық.

Нақты топ - ақиқат өмір сүруші қауымдастық.

Рефлексия - адамның басқалардың оның өзі туралы көзқарасын білуі.

Стереотип - информацияның жеткіліксіздігінен туындайтын адамдарды белгілі бір үлгі бойынша бағалау.

Конформизм - топтың өз мүшесіне қысым жасауы.

1. 1 Ќарым-ќатынас ѕлеуметтік-психологиялыќ ќђбылыс ретінде

Ќарым-ќатынас бђл кљп маѓыналы ђѓым. Американдыќ психолог Осгуд ќарым-ќатынасты бђл мѕліметті беру жѕне ќабылдау деп актілері деп сипаттады. Аѓылшын психологы Аргайл М. жѕне американдыќ психологы Т. Шибутани ќарым-ќатынасты коммуникация мен интеракция процесі деп белгіледі. Интеракция ѕртџрлі формада болатын љзара ѕрекеттесу процесі. Оныњ ішіне информациялыќ ѕрекеттесу (коммуникация) де кіреді. Біраќ Я. Щепаньский, Я. Яноушек жѕне т. б. коммуникация мен интеракция байланысты болѓанымен екі бљлек ђѓым болып саналады деп тђжырымдайды. Л. О. Резников бойынша ќарым-ќатынас-ойлар мен тауарларды айырбастау. Ал Выготский бойынша ќарым-ќатынас бђл ойлар мен уайымдарды басќа адамдарѓа жеткізу. Сонымен ѓалымдар ќарым-ќатынасты ѕртџрлі тџсінеді жѕне сипаттайды. Оны жан-жаќты процесс деп айтуѓа болады.

1. 2 Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Адамның ең жарқын ерекшеліктерініқ бірі - оның сөйлеу қабілеттілігі. Сөз - адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айрылған адам ойдағыдай дами алмайды. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан адамның барлык психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп, өмір сүреді. Қарым-қатьнас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды қалыптастыратын аса маңызды турі болып табылады.

Қарым-қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас қүралы, қоғам жасаған білімдерді тара-тушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информация теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтан, символдармен белгілеу міндеті туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның кемегімен адам электрондық-есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен камтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірёк зерттеле бастады. Түрлі жансыз және жанды системалар арасында информация алмасу жайлы да едәуір білім жинақталды. Адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке-дара жағдайына айналды. Осы ұқсас қүбылыс-тарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуни-кацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.

Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамныц к, арым-қатынасы жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу қүралымен қатар адам қарым-катынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-біріне қатыс жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады.

Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс - дене күрылысы, түс, иіс - мағыналы информациялық сигнал қызметін атқарып отыр (қүмырсқалардың жаман иісі, қауіп төнгендегі теңіз дене формасының өзгеруі) .

Жануарларға қарағанда адамның сырткы түрі саналы өзгереді және белгілі дәрежеде оны адамның өзі өзгертеді. Адам келбеті физиогномиялық маскадан, киімнен, жүріс-тұрыс кей-пінен қүралады. Физиогномиялық маска адамныц басым ойынан, сезімінен, қарым-қатысынан тұрады. Маска жасауға шаш, косметикалық заттар, пластикалық операция едәуір кемектеседі. Физиогномиялық маскалардаң ызғарды, жайдарылықты, өркөкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады. Келбетті көбінесе жас шамасын, мамандығын, қоғамдык, жағдайын аңғартатын киім кию түрлері де толықтыра түседі. Орта ғасырлардағы қалаларда белгілі бір сословиенің өзіне бөлек киім формасы енгізілуі тегін емес. Бүл талапты орындамағандар қатаң жазаланып отырған. Қазірде де киім формасы белгілі бір мінез-құлық типін ұстауға міндеттейді. Әскери форма катаң тәртіп, жинақылықты талап етеді. Ал каралы киім киген адамның көңілді жүруі ерсі көрінер еді.

Өзін-өзі ұстай білу адамның тәрбиелілігін, қоғамдық жағдайын, өзін-өзі бағалаушылығын, айналасындағыларға қарым-қатынасын аңғартады. Адамдардың өзара байланыс жасауында, мазмүнды да жылы сезімді қарым-катынасында адамньщ бейнесі маңызды роль атқарады. Осының негізінде адамда алғашқы пікір туады, карым-қатынастың әрі қарай дамуы нақ осы алғашқы пікірге байланысты болады.

Сыртқы пішін және физиогномиялық маска біршама түрақты болады. Қарым-қатынастың динамикалық қыры мимика мен ым-ишарадан байқалады. Мимика дегеніміз - қарым-қатынас кезіндегі беттің кұбылысы. Ым-ишара дегеніміз - психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасқан қимыл. Мимика да, ым-ишара да сларды қүрайтын кейбір элементтері туа біткенімен, коммуникацияның қоғамдық құралдары ретінде дамып отырады. Мысалы, физиологиялық зерттеулер жан рақаттан-дырарлық заттарды көргенде көздің қарашығы үлғаятынын көр-сетті. Екінші жағынан бет қүбылысы мен ым-ишараның біркел-кі көрініс әр түрлі мәдениет жағдайында мүлде қарама-қайшы мағына беруі мимика мен ым-ишараның әлеуметтік тәуелділігін дәлелдейді. Мысалы, көздің бадырая ашылуы жапондық үшін ашу-ызанын. белгісі болса, европалық үшін-жайдары шырай немесе таңдану белгісі.

Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-катынас жасаушылардын, аралығындағы қашықтықтың, партнерлердің отырысының коммуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бүл бағыттағы зерттеулерге проксемика - деп ат қойылды. Төрт түрлі арақатынас бар:жақын, жеке бастьщ, элеуметтік, көпшіліктік . Алғашқы екі арақатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік катынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас - бөтен адамдармен араласу. Мүғалім осындай арақатынастарды алмастыра отырып, оқушыларға қосымша ықпал жасауға жете алады, себебі бүл серіктер аралы-ғындағы қарым-қатынас сипатын өзгертёді.

Қарым-қатынаста серіктерді орналастыру да елеулі роль атқарады. Мысалы, алғаш танысқан адамдардың қарым-катынасы иін тіресе қатар отырғаннан гөрі шағын стол айналасында еркін отырған жағдайда жеңілірек болады.

Бейнелеу де (фотография, картинка, фильм, сурет) карым-қатынас құралы болып табылады. Алайда бұлар тікелей байланыс жасау кұралдары емес, оны тарату техникаға - кітап басу, кино, телевидениеге байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану.
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУРАЛЫ
Қауіп - қатерлі факторлар
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Білім беру социологиясы туралы
Әлеуметтік институттар, қызметтері
Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы
Саяси билік
Білім беру әлеуметтануы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz