Әлеуметтік психологиялық зерттеу тәсілдері


Әлеуметтік психологиялық зерттеу тәсілдері
Әлеуметтік психологиялық зерттеу дегеніміз - ол жеке тұлғалар мен топ, ұйымдардың арақатынасындағы психологиялық заңдылықтарды қадағалау, қажет кезінде жөнге салып отыру, оның негізгі деректерді алып отыратын өзіндік жерлері бар.
Бақылау тәсілі. Бақылаудың атқаратын жұмысына байланысты, соның жұмысына қарай бақылау екіге бөлінеді: іске қосылған және іске қосылмаған. Іске қосылған бақылауда зерттеуші мен зерттелетін объект қалыпты қарым - қатынаста болады. Бақылаушы сай өзі зерттеп отырған топтың толық құқықты мүшесі болады. Іске қосылмаған бақылау жеке тұлға немесе топтың әлеуметтік психологиясын, өзгерістерін сырттай бақылайды, ол зерттелуші топпен тікелей қарым - қатынас жасамайды.
Жағдайға қарай жұмысты ұйымдастыру екіге бөлінеді: далалық және лабораториялық. Бақылау арқылы алынатын деректердің барынша дәл жиынтықты көрсетуіне барынша мән беріледі.
Құжаттарды талдау тәсілі - адам өміріндегі тіршіліктік азықтық жалпы психологиялық анализі сияқты. У. Томмас мен Ф. Знанецкий алғаш рет социологиялық психологияда осы тәсілмен әлеуметтік тұрғының феноменіне зерттеулер жасаған, жалпы алғанда құжаттарды ажырату ұшін:
- деректерді белгілеуге икемділік (қолжазба, баспажазба, фото, кино, т. б. )
- арнайы бекітілген (шындықпен, арнайы және мақсатпен)
- жеке белгілеу мәні (жеке басы, өзі)
- статус (орны)
Құжаттарды талдау әдісі сандық және сапалық болып бөлінеді. Олардың қайсысы болмасын зерттеушінің сол жүргізіп отырған жұмысына түсінігі, оны қалай жүргізуіне байланысты. Талдаудың сандық тәсілі ХХ ғ. 30-40 жж. қолданылды. әлеуметтік психологиялық зерттеулерде жауап алу - сұрақ қойып деректер жинау тәсілдері кеңінен қолданылады. Ол екіге бөлінеді:
- интервью - бір -бірімен сөзбе - сөз сөйлесіп жауап алу.
- Қағазға жазу (анкета) .
Әлеуметтік психологияда бұл әдістер мына жағдайда қолданылады:
- Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде қажетті деректерді толықтыру үшін
- Кейбір жаңадан келген тәсілдік жобаларды сыннан өткізу
- Алынған мәліметтерді тағы да қосымша түрде анықтау
- Әлеуметтік психологиялық деректерді жинау тәсілдерінің негізгі түрлері.
Интервьюдің негізгі түрлері - стандартталған және стандартталмаған. Бірінші жағдайда стандартты, яғни өзгермейтін, бір сарынды сұрақтар жүйесі құрылады. Стандартты емес интервьюде зерттеуші тек жалпы жағдайдағы сұрақпен ғана шектеліп отырады, берілген жауапқа мән береді. Интервьюдің кемшілігі - жеке тұлға барыншанақты түсініп, болжау қиын. Зерттеушінің іскерлік қабілетінің жауап алушыға әсерінің төмендеу болуы деректер сапасына әсер етеді.
Дж. Морено жасаған социометрия тәсілі аз ғана топтардағы эмоциялық - психологиялық қатынасты зерттеуге арналған. Социометриялық процестерге аз топтағы әрбір жеке адамның сол топтың қимыл, іс - әрекеттеріне қатысу мүмкіндіктерін байқайды. Социометрияны қолдану барысындағы оның нәтижесін социометрица (таблица), социограмма - сызба түрінде көрсетуге болады және социометриялық индекс - топтағы психологиялық қатынасты сан бойынша көрсету арқылы байқауға болады. Социомтриялық тәсілдерге соған сәйкес келетін сызба жоба, аутосоциометрия, коммуникометрия т. б. жатады. Социометрияның кемшіліктері:
- жеке тұлғалар арасындағы келіспеушілік пен келісушілікті анықтау тәсілдерінің жетіспеушілігі;
- толық шындықты айтпау және психологиялың қорғану әсерінен анықтаудың бұрмалану кездері;
- топтық қатынасы бірқалыпты дұрыс жолға қойылған орындар да ғана мүмкіншілік дұрыс болады.
Жеке тұлғаға топтық баға беру тәсілі
Топтық баға - адамның сол топтан жеке басына мінездеме алуы. Олардың бірге жұмыс істей жүріп, бір - бірін түсініп білуінде. Осы тәсіл арқылы адамның жеке басының бағаланылуы ұсынылады. Олар:
- тура баға беру;
- құндылығын ашып көрсету;
- құндылықты бір - бірімен салыстырып көрсету, т. б.
Бағалауға алынған құндылықтарды зерттеу арқылы анықталады. Оның көрсеткіш саны әр зерттеушіде әр түрлі болады. Осылайша топтық баға берудің сол бағалаушының танымдылығына да байланысты болады, топ мүшелерінің ерекшеліктері, олардың топ ішіндегі бір - біріне көз - қарасы мен пікірлері, т. б.
Тест - бірден - бір әлеуметтік психологиялық тәсіл болып табылады, дегенмен түрлі топтарға диагностикалық зерттеуде пайдаланылып отырады. Әлеуметтік психологияда кеңінен танылған тест Т. Лиридің диагностикалық интерперсоналдық қатынасы, В. Шутц пен Ф. Фидлердің перцективтік биполяризациясы, т. б. жатады.
Әлеуметтік тұрғыны өлшеу сызығы ерекше орын алады. Оның әлеуметтік психологиялық зерттеуде орны бөлек. Әрбір жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік жүйелерге көз - қарасы оның психологиялық дайындығы да әртүрлі. Өлшеу сызығының ең белгілісі әлеуметтік тұрғы бойынша Л. Теретауну, Р. Лайкерту, Л. Тутману жұмыстары, әлеуметтік арақатынасты зерттеуде Е. Богардус, т. б. жұмыстары белгілі.
Әлеуметтік психологиядағы эксперимент - арнайы ұйымдастырылған (табиғи немесе жасанды) жұмыс, ол зерттеудегі тұлғаның топтық себептерін тексеру, байланыстарын анықтау, оның қайсы бірінің әлеуметтік психологиялық топқа жататынын анықтау. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттегі спецификалық тұрғыда бөліктері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz