Халықтар психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік психологиясы идеяларының  қалыптасу тарихы

        1. Халықтар психологиясы
        2. Көпшілік психологиясы
        3. Әлеуметтік мінез-құлық инстинктер теориясы.
Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-
келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия
ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған,бірте-бірте дербес ғылымға
айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы
(социология мен психология) іске асырылды.
Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік
психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда
болған.
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек
еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның "Республика" еңбегінде,
Аристотельдің "Саясат" және "Этика" еңбектерінде қаланған.
Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби
бабамыз өзінің "Қайырымды қала тұрғындары" деген еңбегінде былай деп
жазған: "Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы
дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі
тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет".
Жаңа заман философиясында (XY-XYII ғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций,
Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар
дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап
дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі
елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы
белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың
психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл
проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология
ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де
әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы
еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің
тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог және этнограф) Леви-Брюль
алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы
тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде
психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.
Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX
ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз
философ-позитивісі Огюст Конт.
Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі
ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс
басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен
аяқталуы қажет болды.
Көптеген алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялардың алғашқы
формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.
Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ
М.Лацарус (1824-1893). 1859 жылы "Халықтар психологиясы туралы кіріспе
тұжырымдары" деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын-тарихтың
негізгі күші-халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет-ғұрыпта
көрсетуі - деп түйіндеді.
Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (1832-
1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық "Халықтар психологиясы"
еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен:
физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек.
Физиологиялық психология ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология туралы түсінік
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Этнопсихология туралы жалпы түсінік туралы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Ұжым психологиясы мәселесі
Пәндер