Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МОБИЛЬДІК ТЕОРИЯСЫ

Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.

Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған
байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны
ғылыми жағынан негіздеп, әлеуметтік мобильдік теориясының авторы П.
Сорокин терең зерттеді.

Әлеуметтік мобильдік деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар
тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын
ауыстыруын айтамыз.

Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:

вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;

горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.

Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға
ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды
мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады.

Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби
вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы
(экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.

Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі
кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында
мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.

Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ
қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық
күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге
ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық
дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің
жұмысынан айырылуы да жатады.

Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір
ассиметрикалық (яғни, бөліктердің бір-біріне сай келмеуі) байланыстар
болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарылауға тырысады,
керісінше ешқандай адм қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда,
жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.

Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан
екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның
әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы
жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік
қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Сол сияқты көлденең бағыттағы мобилдіктің мысалына индивидтің бір
азаматтықтан екінші бір азаматыққа ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар айырылқан
жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен
екінші бір дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрнде де
индивидтің статустық деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.

Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің
әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы
жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді.
Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға
болады.

Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген
де түрлері бар.

Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке-шешелерінің
әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда
болулары мүмкін.

Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.

Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу
немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін.
Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз
өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың
директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.

Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы
мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей
мобильдігі – қысқа мерзімді процеске жатады. әлеуметтік мобильдіктің
бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы
мобильдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері
жатады.

Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір
әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде,
бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б.
өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.
Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін.

Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары
білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір
деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-
құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме
некеге тұруға тырысады.

әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге
болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.

Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке
индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен
қарай құлдырауы.

Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік
статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің
пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар;
шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат
соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар
көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гидденс және қазіргі әлеуметтану
Әлеуметтік стратификация
Әлеуметтік стратификация теориясы
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы
Әлеуметтік стратификация туралы
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі
Қоғамның құрылымы өте күрделі
Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері
Питирим Сорокин және оның әлеуметтік стратификация теориясы
Қазақстан Республикасы банк жүйесі
Пәндер