Әлеуметтік тартыстарды және олардың функциясын жіктеу



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметтік тартыстарды және олардың функциясын жіктеу
Сойтіп, қоғамда тартыстардың көбеюі арта түседі. Бірқатар социологтар
оларды, мысалы, өмір аясы бойынша былайша жіктейді: экономика, ұлттық
қатьшастар саласындағы, әлеуметтік саладағы тартыстар және т.б.
Тартыстарды субъектілерге және келіспеушіліктер аумағьша қарай да
жіктеуге болады. Мұндай жіктеме мынадай түрде көрсетілуі мүмкін:
жеке тартыстар, бұған адамның оз ішінде болатын, оныН жеке санасы
деңгейіндегі тартыстар кіреді;
тұлғалар арасындағы тартыстар - бір немесе бірнеше топтағы екі немесе
бірнеше адамның арасындағы тартыс. Оған топ құрамайтын жеке адамдар да
кіруі мүмкін;
топ аралық тартыс - қарама-қарсы мүдделері бар әлеуметтік топтар мен
адамдар қауымы арасындағы тартыс;
қажеттілік тартысы — индивидте қосарлы қажеттілік болса, мъісалы,
тартысушылар қандай-да бір ірі топтың ішінде топ құрады немесе индивид бір
мезгілде бір мақсатты көздеген бәсекелес екі топқа кіреді;
сыртқы ортамен тартыс — топ құрайтын иңдивидтер сырттан, ең алдымен,
әкімшілік нормалар мен ескертпелерден қысым көреді. Бұл тартысты оның
туындауына жүмысшылардың өздерінің біліксіз басқаруы, төмен біліктілігі
әсер еткен болса, ендірістік тартысқа жатқызуға болады.
Тартыстың ролін қоғам дамуындағы қашып құтылуға болмайтын қүбылыс
ретінде қарастыра отырып, оның оңды функцияларының бірін көрсетуге болады,
ол қарама-қарсы күресуші тараптарға қатысты психологиялық шиеленісті шешу
болып табылады. Шығыс клапандары мен ағып кетер арналардың болуы
индивидтердің өзара бейімделуіне жағдай жасап, онды өзгерістерді
ынталаңдырады.
Тартыстың басқа оңды функциясына коммуникативті-байланыстырушы қызметін
жатқызуға болады. Осы функция арқылы тартысқа қатысушылар өздерінің және
қарама-қарсы күресушілердің мүдделерін сезінеді, жалпы проблемаларды
анықтайды, бір-біріне бейімделеді.
Тартыстың тағы бір жағымды функциясына шогырландыргыштыгын жатқызуға
болады. Ол әлеуметтік топтарды тек қана жақындастырып қоймайды, сонымен
бірге әлеуметтік өзгерістердің қозгаушы күші де болады. Бұл тартысты шешу
барысында адамдар бір-бірін жаңадан қабылдау кезінде және оларда
ынтымақтасуга деген ықылас оянып, осыған деген мүмкіндік анықталған кезде
болады.

Тартыс субъектілері, сатысы, мақсаты және реттеу механизмдері
Әлеуметтік тартыстарды қарастыру кезінде маңызды мөселеге тартысты
қатынастардың "әрекет етуші тұлғалары мен орындаушылары" туралы моселе
жатады. Ю.Г. Запрудский атап көрсеткендей, "тартыс тараптары" ұғымымен
бірге бұған "қатысушы", "субъектілер", "делдал" деген сияқты ұғымдар да
жатқызылуы мүмкін. Әлеуметтік тартыстардың қатысушылары мен субъектілерін
бір нәрсеге жатқызуға болмайтындығың байқаған жөн, өйткені бұл тартыста
атқарылатын рольдерді түсіндіруде шатасушылыққа алып келуі мүмкін.
Тартыстың қатысушылары кез келген адам, үйым немесе тартысқа қатысатын,
бірақ тартыстық қарама-қайшылық мақсаттарында өзіне-өзі есеп бере алмайтын
адамдар тобы болуы мүмкін. Қатысушы тартыс аймағына кездейсоқ тап болған
және өзінің мүддесі жоқ бөгде адам болуы да мүмкін.
Әлеуметтік тартыстың субъектісі тартысты жағдайды жасауга қабілетті,
яғни өздерінің мудделеріне сәйкес тартыстың барысына салыстырмалы түрде
мықты және дербес ықпал ететін, басқалардың мінез-құлқы мен жағдайына әсер
ететін, әлеуметтік қатынастардағы осы немесе өзге де өзгерістерді туғыза
алатын жеке адам немесе әлеуметтік топ болуы мүмкін.
Субъектілердің қажеттілігі, олардың мүдделері, мақсаттары, үнататьшдары
билікті пайдалана отырып қаншалықты іске асатын болса, тартыстарға партия,
парламенттік үйымдар, мемлекеттік аппарат, "бөлу топтары" және т.б. секілді
саяси үйымдар соншалықты тікелей қатысатын болады. Олар тиісті әлеуметтік
топтар мен тұлғалардың еріктерін жеткізуші болып табылады.
Әлеуметтік тартыс саяси, этникалық басқа лидерлердің тартысы формасында
сирек болады (халықтың қомақты белігі тек ахуал өте асқынып кеткенде ғана
кошеге шығады). Сонымен, көпшілік әлеуметтік және ұлттық тартыстардың
еліміздегі қайта құрудың алғашқы жылдарындағы субъектілері мемлекеттік
басқару құрылымының өкілдері бодды.
Тартыстарда әлеуметтік топтардың үш түрі бөліп корсетіледі.
Бастапқы топтар — объективті және субъективті сәйкес келмейтін
мақсаттарға жету жолында езара ерекет ету жағдайындағы тартыстың тікелей
қатысушылары.
Екінші топтар — тікелей тартысқа қатысушы болғысЫ келмейтін, бірақ оны
қоздыруға күш салатындар.
Үшінші топтар — тартысты шешуге мүдделі күштер.
Сонымен бірге конфликтология тартыс кезіндегі үш түрлі негізгі мінез
құлық моделін және субъектілердің тиісті типтерін беліп көрсетеді.
1. Деструктивті тип тартысты шиленістіруге үнемі дайын тұруымен,
ымыраға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тартыс ұғымы, оның әлеуметтік алғышарттары
Тартыс социологиясы мен психологиясы
Қазақстандағы франчайзинг
Мұғалім мен оқушылар арсындағы қатынас
Қазақстандағы қоғаммен байланыс:мәселе-әрекет-шешім
Біріккен ұлттар үйымы: бітімгершілігі мен жаңа үрдістері
Антикризистік басқарудағы қақтығыстар механизмі
Филогенез
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының педагогикалық категориясы
Пәндер