Әлеуметтік философия және мәдениет философиясы


Әлеуметтік философия және мәдениет философиясы
Мәдениет философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты мәдениет ұғымы жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тариын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымай дұрыс пайымдаулар жаса алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемесін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әр бір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұған мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебептылықты терістейді екен деген қорытынды тумайды. Керісінше мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның махмұнының күрделілігін және ондағы жапы халық ерекшеліктің диалектикасын білдіреді. Материалдық әр бір жаңа белес мәдениеттің де жаңа неғұрлым жоғары деңгейде көретілуін білдіреді. Яғни, мәдениет ұғымының қоғамдық - гуманиратлық ілім- білім шеңберін кеңейтіп, кең саланы қамтитындығын айту керек. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құрал-жабдықтары мен өңделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен формасы мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан мәдениеттегі өткеннің, бардың, болашақтың, сабақтастық байланысын тани білу қажет. Өйткені, бір жола жоғалып кетпейді. Ерте дүние философия өкілдері, қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары жаңа заман идеологтары, XIX ғасырдағы рухани дүние алыптары өздерінің алып шығармаларымен қазіргі күнге қызмет етіп отырғандарына ешкім күмәндана алмайды. Сол сияқты біздің дәуіріміздегі мәдениетте болашаққа ұмтылған, әлемдік мәселелерге тура қатысымен гуменизм салтанатының жер бетіне кең орнығуына ат салысуда. Бұл процесс рухани саланы ғана қамтымайды.
Мәдениет негізі - еңбек. Еңбек неғұрлым күрделенген сайын әдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінуінен қазіргі кезеңге дейінгі еңбек материалдық өндіріс мәдениетінің жетілдірудің негізі болып табылады.
Мәдениетке таптық сипат тән. Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы адам өміріндегі орнын түсінуге болады.
Мәдениет қандай түр алса да адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениеті қаылдайды. Дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі. Бұл тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сай келеді.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұны мен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақ та, біз белгілі тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз. Мәдениет көрінісін өткінші бүгін бар да, ертен жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы әр бір адам мәдениетіндегі шындықты әлеуметті қажеттіліктер туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениет ерекшелігі - ол тек объективті шындық ғана емес, өзінің шығу тегі жағынан ол суюъективті мазмұнды. Мәдениеттің материалдығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру тәсілі және объективті қызмет негізінде ғана мәдеиет материалдық сипат алады. Маркстің сөзімен айтқанда мәдениет туындысы өз тұрмысынан затталған адам мәні.
Адам қызметініңқажетті жағдайы ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісінің формалары болып табылады. Өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге, табиғат қандай болсын, мәдениеттен бұрын болады. Мәдениеттің пайда болып дамуының алғашғы шарты рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениет бірлігі шартты олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигіссе, мәдениетөз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуан жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдени тек бара-барлықта болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын адам еркіне санасына, тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет адамдар қызметінің жемісі. Оларлың қажеттіліктерін өтеуге негізделген, бірақ бұл үстіртін сипаттама ғана. табиғат пен мәдениет ара қатнасын анықтау үшін ең алымен қоғамдық қатнастар нәтижесін білу қажет. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихи бар, ол бұл екеуінің ажырамас бірлігін мойындамай түсінуге болмайтын жай.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық өмір сүру тәсіліне негізделеді. Осыдан келіп, адамнық мәдениет дәрежесін анықтау тады. Табиғаттағы көпті таудай қылу, азды әлпештей білу, адам мәдениетінің даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениетті азғындылығы философия мен арақатнастан айқын көрінеді. Өйткені, адам санасының мәдени тарихи формасының негізі философиялық дүниетаным болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz