Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Философия және әлеуметтік таным методологиясы кафедрасы

Бітіру жұмысы

Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары

Орындаған 4 курс студенті __________________________Алипбаев Д. Б.
(қолы,күні)

Ғылыми жетекші
с.ғ.к. доцент ___________________________________ ___Сүлейменов П. М.
(қолы, күні)

Рецензент
филос.ғ.д., профессор__________________________ _____ Раев Д. С.
(қолы, күні)

Нормабақылаушы __________________________________Ө мірбекова А. Ө.
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:
Философия және әлеуметтік
таным методолдогиясы
кафедрасының жетекшісі
филос.ғ.д., профессор__________________________ ________Алтаев Ж. А.
(қолы, күні)

Алматы 2008

Реферат

Бітіру жұмысы 57 беттен тұрады. Әдебиеттер тізімінде 48 атаулы еңбек
қарастырылған.
Зерттеу мақсаты:
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтарын теориялық тұрғыда
қарастыру. Мақсатымызға жету үшін мынадай шешімді міндеттерді қарастыруымыз
керек:
1. Ислам құндылығының діни-философиялық аспектілерін зерттеу.
2. Философиядағы құндылықтардың рухани құндылықтардың дамуына
сараптама жасау.
3. Ислам дініндегі рухани құндылықтар және оның қоғам өміріндегі
алатын орны.
4. Ислам құндылықтарын және оның тәрбиелік мәнін негіздеу.
Зерттеу объектісі болып: Ислам құндылығы және оның жаңашыл қоғам
өміріндегі маңызы.
Зерттеу пәні: Ислам құндылығының рөлі мен мәні.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Студент
Алипбаев Д. Б.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 4

1. Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері
1.1. Құндылық ұғымы: діни-философиялық талдау ... ... ... ... ... .. 8
1.2. Философиядағы құндылықтардың рухани дамуы ... ... ... ... ... . 15

2. Ислам дініндегі рухани құндылықтар және оның қоғам өміріндегі көрінісі
2.1. Исламның сипаты және оның қазіргі қоғам өміріндегі маңызы..21
2.2. Ислам құндылықтары және оның тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... .38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 5

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Кіріспе

1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы
келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің
әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан,
интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр.
Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам
құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі
таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге
иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары
жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім
де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам
тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан
әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық
жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді.
Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт
құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті
дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол
үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық
тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып,
өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда
“өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына
айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап,
өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып
отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды
тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық
ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге
асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені
елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы
мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде
өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі
мәдениеттің иесі болу.
Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен
тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл
әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық
идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен
үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел.
Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың
теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым,
сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық
идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи
әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында
туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен
дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі,
халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық
жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы
әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам
құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын
айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ.
Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын
зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.
Адамзат тарихында құндылықтардың қалыптасу мәселесі ерте заманнан -ақ
ойшылдардың, ғұламалардың назарында болып келді. Әсіресе, рухани
құндылықтардың жүйесін қалыптастыру түпнегіздері мен себептерін, қозғаушы
күштер мен құрылымын анықтау өркениеттілік кезеңдегі оның әртүрлі
көріністерін айшықтау өзектілігі зор мәселе болып отыр.
XXI ғасыр азаматы үшін, мемлекетіміздегі кез - келген ұлттың өкілі
үшін және қазіргі жастар үшін қандай құндылық басымдылық танытады?
Қоғамдағы көптеген қайшылықтардың қайнар көздерін олар немен қандай
үрдістермен байланыстырады?
Адамның күрделі табиғаты тек қана материалды игіліктерді,
сұраныстарды, мұқтаждықтар мен қажетіліктерді қанағаттандырумен
шектелмейді. Әрбір адамның өмірі міндетті түрде белгілі бір құндылықтарға
сүйене құралады.
Біздің санамыз екі аспектіде қызмет етеді, біріншісі танымдық,
екіншісі құндылықты баға беру. Ал құндылық дегеніміз не? Алдымен құндылық
-адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын құбылыстар мен заттарды атау
үшін қолданылады (материалды, рухани). Кей кездерде құндылықты заттың
объективті сапасы ретінде түсінуге болады. Құндылықтар адамдардың өзгермелі
сұраныстары мен практикалық іс-әрекеттермен тығыз байланысты.
Адам болмысының философиялық ой жүйе тәжірибесі, әсіресе XX ғасырда әр
өркениет, мәдениет, халықтар олардың әлеуметтік құрылымы әздігінен ерекше,
әрі өзара байланыста болатынын дәлелдеген болатын. Адамзат қоғамдық өмірдің
әр салаларында (саясат, құқық, ақпараттық технология мен техниканың дамуы)
үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ олардың көп үлесі материалдық дүниенің
(жеке комфорт) дамуына жатады, ал тарихи қалыптасқан рухани құндылықтардың
орны мүлде қалмаған сияқты. Сондықтан адамдық бастаманың негізін құрайтын
түп тамырды жоғалтпау мақсатында құндылықтар гуманитарлық ілімдердің
орталық мәселесіне айналатындығы алдындағы перспектива екені күмәнсіз.
Қазіргі Қазақстан мемлекеті өркениетті даму барысында ашық қоғамның
принциптеріне бет бұруда. Бұл бағыт экономикалық, саяси және халықаралық
престиж үшін өте орнықты қадам, дегенменен осы жағдайларда қазақ халқының
ертеден қалыптасқан кұндылылыктық бағдары дағдарысқа ұшырау мүмкіндігі
қандай? - деген маңызды сұрақтар туындайды. Осындай маңызды мәселелердің
басын аталмыш жұмыста ашуға тырысамыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың
өзектілігінен және оны зертттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен
бітіру жұмысының мақсаттары мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері
туады.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде ислам кұндылықтық аспектілерін және
оның қоғам өмірінің рухани болмысындағы орны мен маңызын айқындауды ұсынуға
болады. Бұл мақсатты орындау жолында ізденушінің алдында төмендегідей
міндеттер туды:
- Құндылық категориясының мәні мен мазмұнын, философиялық-тарихи
негіздерін саралау;
- Рухани құндылықтар әлемінің адам өміріндегі өзектілігін көрсету;
- Ислам құндылықтық сипаты мен бағдарларының
философиялық - танымдық негіздерін зерттеу;
- Ислам іргетасын құрайтын өмірмәндік, әмбебап құндылықтарды айкындау;
- Ислам құндылықтарының маңызды қағидаларының қазіргі адамзат
қоғамындағы маңызын, өміршеңдігін көрсету;
- Ислам құндылықтарының тәрбиелік мәнін мен маңызын айшықтау.
Бітіру жұмысының зерттеу тәсілі. Қазақстандық философ, мәдениетанушы,
дінтанушы белгілі ғалымдардың зерттеу методологиялары басты негізге алынды.
Сонымен бірге тарихи мен логиклықтың бірлігі, жүйелі-кешенді,
герменевтикалық, объективті- аналитикалық тәсілдер мүмкіндігінше
пайдаланылды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы
бітірушінің көтерген тақырыбының, алға қойған мақсаты мен міндеттерін
жүзеге асыру тәсілдерінен және өзіндік ізденіс нәтижелерінен көрінеді.
Исламды құндылықтық тұрғыдан зерттеу тоталитарлық, дінсіз жүйеден шыққан,
өткеніне үңіліп, рухани тамырларын тану үстіндегі қазіргі қоғамымызда
туындап отырған рухани мәселелермен үндес қарастырудың өзі жаңаша
талпыныс.
Ізденуші өз деңгейінде отандық философияда әлі де болса аз
қарастырылған осы тақырып арқылы исламның құндылықтық сипатын қазақ
халқының рухани ой дүниесін негізге ала отырып талдайды. Жұмыста ислам
дінінің іргелі құндылықтары анықталынып, олардың мән-мағынасы, адам
өміріндегі орны мен рөлі сараланады. Ислам құндылықтарының қоғамның
іргетесы мен негізін құрайтындығы, ислам дінінің негізгі адами
қағидаларының қоғамның рухани болмысының өзегіне айналғандығы айқын
көрсетіледі.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі: Жұмыстың зерттелу деңгейі түрлі
ғалым, оқымыстылардың еңбектерін қамтиды. Ислам құндылықтары әлеуметтік
философияда жаңадан зерттеле бастаған тақырып. Бұл тақырыпта отандық
авторлардың жазған еңбектері біршама. Сонымен қатар, шетелдік авторларда
Ислам құндылықтары жайлы жазған еңбектері де баршылық. Бұл тақырыпты
Қазақстандық ғалымдардан мыналар қарастырған: Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ә.
Дәуренбеков, Қ. Жолдыбайұлы, Г. Жебесін, Ғ. Есім, Ж. А. Алтаев, Т.Х.
Ғабитов, Н.Ж. Байтенова, Г.Қ. Абдығалиева, Б.И. Абирова, Б. Бейсенов, М.
Бұлұтай және т. б. да ғалымдар. Шетелдік ғалымдардан: Ислам философтары
қауымдастығының президенті Хайрани Алтынташ, Махмұд Хамди Зақзұқ, Махмуд
Фаһми Хиджази және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер жұмыстың соңында берілген.

1. Ислам құндылықтарының философиялық аспектілері

1.1. Құндылық ұғымы: діни-философиялық талдау
Теориялық сананың дамуының соңғы кезеңдерінде авансценада
эпистемологиялық структурализм құндылықтар проблемасы шыға бастады. Бұл
процестердің түпкі тамыры Батыс пен Шығыстың дүниетанымдарының өзара
қатынастырының тереңдей түсуіне байланысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде
ғалымдар жиі–жиі ғылыми конференциялар өткізіп, құндылықтық қатынастар
мәселесінің әр түрлі көріністері жайлы пікірлерін ортаға салып, зерттеуді
тереңдете түсуде. Біздің елімізде де соңғы кезде бетбұрыс байқалады.
Өркениеттілік тек техника мен құқық жүйесі және тағы басқа
көрсеткіштермен өлшенбейді. Біз үшін өркениеттіліктің басты көрсеткіші ол
құндылықтар жүйесі болып табылады. Құндылықтық бағалардың адам өміріндегі
алатын орны жоғары. Олар түпнегіз ретінде адамның іс-әрекеттерінің қозғаушы
күші, мативациясы болады. Сондықтан кез-келген әлеуметтік ортада орнығуы
басты философиялық мәселе.
Әрбір құбылыстың өзіндік құрылымы басқа болмыстың элементтерімен
байланысы, қатынасы болады. Осы тұрғыдан алғанда құндылықтар жүйесіне де әр
қилы сипаттамалар беріліп, оның құрылымдық негіздерін анықтауға талпыныстар
жасалынуда. Олардың ішінде қайсысы Ақиқатқа сәйкес келетінін әлемдік
практика көрсете жатар. Сондықтан осы мәселе жөніндегі көзқарстар мен ой-
тұжырымдарына экскурс жасап көрелік.
Кант алғашқылардың бірі болып философияның нағыз айналысатын мәселесі
құндылықтар екенін айтқан болатын. Ол өзінің аксиологиялық жүйесін
баршылықпен болуға тиістілік арасындағы, нақтылық пен идеалдылық арасындағы
жікті ажыратудан бастау қажеттілігіне әкеліп тірейді. Осы орайда Қ. Әбішев
философияның жалпы ғылымдардан айырмашылығы – оның болуға тиістіліктермен
айналасуында деген ойды тұжырымдайды [1] .
Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды – ерік пен жігерге бағынған талаптар;
Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп
түсінеді. Ал, енді Гегель болса құндылықтарды екі үлкен топқа жіктейді
экономикалық (утилитарлық) және рухани құндылықтар деп. Бірінші
құндылықтарға негізінен тауарларды жатқызады. Олардың маңыздылығы
(тауарлардың) құндылығында, ерекше қасиеттерінде емес, ол адамдардың
сұраныстарына, қажеттіктеріне байланысты анықталады, яғни үнемі қасиетке ие
құбылыстар деп бағалайды. Екінші топқа жатқызған құндылықтарды рухтың
еркіндігімен байланыстырады. Ол “барлық құндылық пен маңыздылыққа ие болған
нәрселер өз табиғаты бойынша рухани”, - болып есептеледі деген ойды
білдіреді [2] .
Адам субьектілігі белсенділігінің көрінісі ретінде құндылықтар әлемі
субьект аралық байланыстың нәтижесінде ғана маңыздылыққа, мәнділікке ие
болады. Барлық құндылықтарды жинақтап, қордалайтын болсақ олар Адам
әлемінің өзіндік рәміздік бірлігін білдіреді. Бұл бірігудің іштегі
жіктелуден тұратынын да ескеру қажет (сапалық және мөлшерлік тұрғыдан).
Материалды өмірдің құндылықтары өзіндік електен өткізіліп (әр заманның
материалдық жағынан иерархияланған құндылықтар жүйесі бар), жіктелсе,
саясат, экономика, мораль, өнер, ғылым, дін, әлеуметтік тәртіп сияқты
салалар автономиялық түрдегі құндылықтық ауқымдарды құрайды. Ал, рухани
құндылықтар осы салалардың әр қайсысымен байланыста болып, оның ішкі
өзегіне айналады. Ал, бұл қызметтің орындалмауы әрбір саладағы
құндылықтардың жандануына әкеліп соқтырады. Сондықтан құндылықтар
жүйесіндегі ішкі диалектикалық байланыс осындай сипатта көрініс беріп
отырады.
Құндылықтарды зерттеудің әр түрлі тұрғыларына байланысты оларды
жіктеудің жолдары әр қилы. Құндылықтық сананың абсолюттілігі мен
салыстырмалылығы диалектикасын зерттеу қазіргі кезеңде зор мағынаға ие
болып отыр. Өйткені, олар адамзатқа ауадай қажетті стратегиялық құндылықтар
(мақсат құндылықтар) мен өтпелі кезеңнің мәселелерін шешуге ықпал ететін
салыстырмалы құндылықтардың (құрал-құндылықтар) өзара байланысын, оның
қоғамдағы, адам өміріндегі рөлін анықтауға, универсалды бағдарларды
айқындауға түрткі болады. Адамзатқа қажетті универсалды құндылықтық
бағдарлар осы әлеуметтік-тарихи тәжірибенің, іс-әрекеттің нәтижесінде
қалыптасады. Бірақ, бұл тарихи процесте ауытқулар мен жаңылысулар көбейіп,
Ақиқат жолын қателіктер қаупі де үнемі болып тұрады. Сондықтан әлеуметтік
болмыста рухани құндылықтардың үстемдігі мен басымдық танытуы ғана
құндылықтар құрылымының шынайы кейпін сақтап қалуына, адамның жетіле
түсуіне арқау бола алады.
Құндылықтық сана әлеуметтік ұйымдастықтың ауқымында қалыптарды, яғни
ойлау мен іс-қимылдың шекараларын анықтап отырады. Құндылықтар мәні
тереңде, олар тарихта өткен кезеңді қазіргі шақ арқылы болашақпен
байланыстыруға ұмтылады. Ал, қалып болса белгілі бір тарихи кезеңнің
сынағына ұшыраумен болады, сол кезеңді үйлесімдендіруге қызмет етеді.
Құндылықтар универсалды өлшем ретінде адам болмысының діңгегі болып
есептеледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі қалыптардың өзгеруіне
әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістар динамикасы мұраттардың жаңа түрлерін
туындатады, әлеуметтік ауқымда кең етек алуына себепкер болады.
Сөйтіп, И. Кант құндылықтарды – ерік пен жігерге бағынған талаптар;
Адам алдындағы мақсаттар; кейбір факторлардың адамдарға маңыздылығы деп
түсінеді. Құндылықтарды анықтау үшін оның субьектісінің елестету, ойлау,
бағалау деңгейіне де көңіл аударуға тиістіміз. Өйткені, көп жағдайда
құндылыққа үлгі (эталон) болатын түсініктер. Құндылықтық қатынастар
философияның негізгі мәселесі “Адам Әлем” қатынасыың ажырамас бөлігі болып
табылады. Ол танымдық, болмыстық ұғымдық негіздермен қатар тұратын
философиялық теорияның бір саласы, әлеуметтік философияның зерттеу
объектісі. Қоғамда қалыптасқан және өмір сүретін құндылықтық қатынастарға,
олардың жүйесіне қарап, сол әлеуметтік болмыстың өзіндік келбетін, оның
әлеуметтік портретін жасауға болады. Әсіресе, қоғамдық жүйелер бір күйден
екіншісіне ауысып жатқан кезінде, бұрынғы үлгілер сараптан өтіп, жаңалары
қабылдану уақытысында әлеуметтік кеңістіктегі құндылықтар бағдары үлкен
өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сондықтан бұл проблемаларды теориялық
сараптаулардан өткізу өзектілігі зор мәселе болып қала бермек.
Әлеуметтік философияның өзегін құндылықтар әлемі құрастырады, оның
себептері де жеткілікті: адамдағы түбегейлі мәдени қайшылық бар нәрсемен
ғана шектелмей, тиістілікке ғана ұмтылумен байланысты. Адамда, әрине
қанағат бар. Бірақ ол тыңбай әрекет етеді, өзін жетілдірейін дейді, шексіз
армандайды, игі мақсаттар қояды, яғни жарық дүниеге құндылық көзқараспен
қарайды. Осы сипатта аксиология(грек axia – құндылық және logos – ілім,
сөз) ілімдердің ең маңыздыларына айналады және де бұл ілімнің философиялық
сипаты басым келді [3] .
Екіншіден, әлеуметтік мәдениет реттеуші қызмет атқарады және ол еркін
таңдауға негізделген. Кісілік қасиеттерді бойына жинағысы келген тұлға
ізгілік пен зұлымдықты, ақиқат пен жалғанды, әсемдік пен сұрықсыздықты, ар-
ұят пен арсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, махаббат пен
жеккөрінішті және тағы басқа айыра білуі қажет. Жоғарыда аталға құндылықтар
мәдениет қалыптары ретінде де әрекет етеді.
Аксиология – құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу.
Аксиология философияда 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында философияның жалпы
“құндылықтар проблемасына ” қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге
тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философияда бұл
мәселелерге ( өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен
негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен
қоғамның қатынасы және т.б.) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді
басшылыққа алады. Құндылықтар проблемасы сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай
шешімінің сипатына ие болады және ерекше ғылыми зерттеуден тыс дүниеге
көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары
әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қарастырады [4].
Аксиология жеке ілім ретінде дараланғанымен, “құндылықтар деген не?”
проблемасы тарихтың терең қойнауларынан қойылып келеді. Ахура – Мазда мен
Ахриман өз құндылықтары үшін бітіспес күресте болды. Заратуштраның даналығы
жақсылық пен жамандықты ажыратып беруі. Антикалық заманда адам қарай
бетбұрыс бастап (Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов) , “Игілік дегеніміз не?” деген
мәселе қойылды (Сократ); Платон оны транцендентальді абсолютті ізгіліктен
іздеді, Протогор барлық нәрсе адаммен өлшенеді, бағаланады деген;
Аристотель алғашқы аксиологиялық типология беруге ұмтылды. Ортағасырлық
діни философияда рационалистік ұстаным-парадигма үстемдік еткен жағдайда
құндылық білімділіктің тасасында қалды [5].
Әлемнің милиардтаған халқының дүниетанымының негізі болып табылатын
діни көзқарастар ерте заманнан қалыптаса бастаған, сондықтан діни
құндылықтарды дәстүрлі мәдениеттің түрі индустриалды қоғамдарға берген
мұрасы деп қабылдауға болады. Үндістан, Таяу Шығыс, Араб жерінде пайда
болған үш дүниежүзілік дін кездейсоқ рухани құбылыстар емес. Діндердің
пайда болар кезеңдерінде қоғамда әлеуметтік дағдарыстар, құндылықтық
құлдыраулар белең алып, әлеуметтік дүние өзін-өзі сақтап қалудың әрекетіне
көшеді. Міне, осындай құбылыстардың нәтижесінде адамзат ірі-ірі діни
ағымдардың туындауына куә болды. Сөйтіп, құндылықтар – адам табиғатына сай,
өмір қажеттілігімен астасып жататын рухани құбылыс. Бірақ, оның догмалық
түрге айналып, саясат пен құқықтың қызметін өз мойнына ала бастауы көптеген
проблемаларды туындатуы мүмкін [6].
Кезінде немістің ұлы философтары, Кант пен Гегель құндылықтар
мәселесіне назар аударып, әрқайсысы талдаулар жүргізген. Канттың
пайымдауынша аксиологиялық түсініктердің қалыптасуы үшін әлемді нақты
(реалды) және идеалды деп екіге бөлу керек деген шартты ұсынады. Ал
құндылықтар - адамның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы
факторлардың мәнділігінен туындайды деген ойды білдіреді. Гегель болса
құндылықтарды экономикалық (утилитарлы) және рухани деп екіге бөледі.
Біріншісі товардың қүны болса, екіншісі рухтың еркіндігі болып табылады.
Құндылықтар теориясының алуан түрлі көріністерінен біртұтас құрылым
туындап, өзінше философиялык келбет қалыптасады. Енді құндылықтар
теориясының әр түрлі типтерін құрайтын философиялық және социологиялық
концепцияларға тоқталып кетейік.
Алғаш типке - натуралистік психологизмді жатқызамыз. Оның өкілдері
кұндылықтардың қайнар көзін адамның биологиялык және психологиялык
сұраныстарымен байланыстырады. Объективті дүниедегі кез келген құбылыстың,
заттың өзіндік қайталанбас кұндылығы болады. Бұл бағыттың ерекшелігі -
әрбір заттың нақты табиғи касиеттерін, оның құндылықтық айшықтарымен
астастыруында. Сонымен құндылық, негізінен, эмпирикалық феномен ретінде
қарастырылады. Екінші типке - аксиологиялық транцендентализмді жаткызамыз.
Онын зегізгі өкілдері- Г. Риккерт В. Виндельбанд және т. б. [7].
Бұл бағыттан натуралистік көзқарастарға өзіндік оппозицияны байқаймыз.
Бұл ағымның ерекшелігі - құндылықтарды идеалды, транценденталды әлеммен
тығыз байланысты нормалардан іздеуінде. Бұл құндылықтардың катарына Ақиқат,
Сұлулық, Игілік, Еркіндік сияқты рухани әлемнің құбылыстары жатады. Сонымен
кұндылық - қоршаған ортаның нақты заттары емес, сананың қатпарларында
қалыптасатын транцендентальді нормалардың әрқилы формалары. Философия
рухани дүниенің ерекше саласы ретінде, осы бағыттың өкілдерінің
пайымдауынша, құндылықтардың сипатын ашуға жақынырақ тұрады.
Персоналистік онтогонизмді үшінші типке жатқызуға болады. Бұл бағыттың
өкілі М. Шелер. Басты ерекшелігі - құндылықтар дүниесінде өзіндік иерархия
бар деп есептейді. Бұл жүйенің ең жоғарғы сатысына шексіз субстанция -
құдай тұр. Ал оған деген махаббат- адам сезіміндегі ең жоғарғы форма деп
есептеледі. Бүл құндылықтан кейінгі орындағы әсемдік пен танымдық
құндылықтары қойылды. Келесі типке-мәдени-тарихи релятивизм жатады. Бұл
бағыттың өкілдері - Дильтей, Шпенглер, Тойнби, Сорокин және т.б. [7. 354 –
377 ,б.].
Олар аксиологиялық плюрализм идеясын ұсынады, яғни әр құбылыстың
көпжақты құндылығы болуы мүмкіндігіне тоқталады. Құндылықтардың
социологиялық концепциясын тағы бір тип ретінде қараймыз. Бұл бағыттың
негізін салушы М. Вебер. Ол жаңакантшылармен келісе отырып, олардың
құндылықтық нормаларын әлеуметтік іс-қимыл мен әлеуметтік білімді
тұжырымдауға қолданды. Сөйтіп, социологияда алғашқы рет құндылықтар
мәселесі күн тәртібіне қойылды. Құндылық - әлеуметтік субъектіге
қажеттілігі бар, маңыздылығы бар норма деп алынады. Осы көзқарастарға ұқсас
құрылымдық - функционалды талдау мектебіне (Парсонс және т.б) құндылықтар
ұғымы - әлеуметтік байланыстарды анықтау, әлеуметтік институттардың
қызметін қарастыруға методолгиялық негіз болған.
Маркстік филосфия құндылықтарға арнайы тоқталмаса да жалпы оларды
әлеуметтік-тарихи, экономикалық және таптық мәселелермен тығыз байланыста
қарастырады. Марксизм көтерген құндылықтар “теңдік”, “еркіндік”,
“әділеттілік” және т.б Жалпы адмзаттық рухани құндылықтар қатарына жатады.
Бірақ бұл қасиетті құбылыстар қоғамда орнауы жөніндегі мәселеге келгенде,
үлкен ағаттық жіберіледі, яғни күштеу, зорлау, басқа сөзбен айтқанда
революциялық жол таңдалады. Құрбандығы мол коммунизм жолы өз ықпалын
азайтып, тарихта феномен болып есепте қалады.
Аксиологияның ілім ретінде қалыптасуына үлкен үлесін қосқан философ
новатор Ф. Ницше болған. Ол өзінің Мораль генеологиясына еңбегінде
құндылықтар дүниесімен философтар айналысу керек екендігіне, негізінен
адамдардың “жақсы мен жаман”, “игілік пен зұлымдық” сияқты қарама-
қарсылыққа бөлу дәстүрін терең талдау өткізілу қажеттігіне назар аударады
[8].
Шынымен, кез-келген құбылыс өз көріністерін әр-түрлі жағдайда әрқилы
байқатуы мүмкін. Сондықтан құбылыстар қасиеттерін абсолюттеуге болмайды.
Мәселен “игілік” деп есептелген құбылыс уақыт өте келе өзінің қарама-қарсы
мағынасына ие болуы мүмкін. Әрине, құндылықтардың мән - мағынасын үнемі
өзгертіп, оларды сынға алу болмас. Мәселен, әлемге, адамдарға, әсемдікке
деген махаббат, кешірімділік, қанағатшылдык, мейірімділік, еңбекқорлық
сияқты құбылыстар қай ғасырда болмасын өзінің тұрақты қасиеттерін сақтай
алады, рухани дамудың іргелі категорияларына айналып, рухани сабақтастың
өзегі болып табылады.
Клакхон атап өткендей, құндылықтар болмаса әлеуметтік өмірдің мән-
мазмұны жоғалады.
Жоғарыда айтылған ой- тұжырымдарды ескере келіп, құндылық үғымының
мәнді белгілерін былай деп айқындауға болады:
1. Құндылық – адамдырылған дүниенің бастаулары: нәрселердің,
заттардың, құбылыстардың тұлғалық әлеуметтік
өлшемдері, бағалану деңгейлері, “тірілген нәрселер әлемі”.
2. Құндылық - мәдени феномен. Мәдениет арқылы құндылық
адамдық болмыстың бір тірегіне айналады. Өзімен-өзі
бейтарап
нәрселер мәдениет өрісіне енгеннен кейін, пайдалы, әдемі, қажет,
ұнамды және т.б. бола бастайды.
Қоғамда дәстүрлі кұндылықтармен қатар әрбір тарихи кезең туындататын,
әрбір әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар ерекше құндылықтар өмір
сүреді. Этникалық қауымдастықтар өзіндік ұлттық құндылығын түзесе, жалпы
адамзатқа ортақ құндылықтар бәрімізді біріктіреді.
Құндылықтар қоғамда адамға маңызды жағынан кейде орындарын ауыстырып
отырады. Бұл көбінесе қоғамдағы процестердің даму логикасына байланысты
болып келеді. Бірақ, кейде тұлғаның өмірінде түрлі себептерге байланысты
құндылықтық бағдарларының күрт өзгеруіне де тәуелді болып келетін кездері
болады. Сондықтан позитивті мағынадағы тұрақты доминанта - Құндылық өте
сирек кездесетін құбылыс. Ол тек жоғарғы идеалды үнемі биік ұстап, рухани
дамудың белгілі деңгейіне көтеретін адамның қасиеті.
Құндылықтардың негізгі типологиясында С. Пеппер оларды әлеуметтік,
мәдени, тұлғалық, биологиялық тірі қалу құндылықтары деп жіктейді.
М. Рокич өзінің “Нанымдар, ұстанымдар және құндылықтар” (1968), “Адам
құндылықтарының табиғаты” (1973) және “Адам құндылықтарын түсіне отырып”
деген еңбектерінде құндылықтардың екі тобы бар екендігін айтады: біріншісі
адам көзімен көрінетін зат түріндегі құндылық болса, екіншісі әлеуметтік
сананың, өзіндік сананың элементі ретіндегі құндылықтар.
Шетелдік зерттеушілер арасында 70-80 жылдыры кұндылықтардың өзгеріп
отыру мәселесі кеңірек зерттелді. Мәселен, Р. Вильямс құндылықтың өзгеру
типологиясын адамдардың кауымдастығы әлеуметтік, саяси өзгерістеріне жеке
және топтық көзқарастардың ауытқуларына сүйене отырып қалыптастырады.
1. Құндылықтардың жасалуы (креация) - тәжірибиенің
кеңеюіне байланысты бағалаудың жаңа үлгілерін, критерияларын
жасау және оны іс-қимылды, мінез-құлықты реттеп отыру үшін
қолдану;
2. Құндылықтар деструкциясы - әлеуметтік өзгерістердің,
негізінде белгілі бір құндылықтардың жойылып кетуі.
3. Құндылықтардың әлсіреуі - адамдар арасында белгілі
бір құндылықтардың маңыздылығының төмендей басталуы
4. Құндылықтардың күщеюі - керісінше, құндылықтардың
әлеуметтік ортада жаңа беделдерге ие болып, ауқымын кеңейтіп, жаңа
объектілерді қамтуы
5. Құндылықтарды қолдану - қоғамда бұл құбылысты
рационалды түрде колдану, оның рәміздік деңгейінің өсуін
ескеріп отыруы
6. Құндылық қатынастарды нақтылау, яғни құндылықты
әрекет ету ауқымын анықтау
7. Құндылықты шектеу - басқа бір маңыздылығы бар
құндылықты қолдану арқылы әр құбылысты мөлшерлі әсер ету
облысын қалыптастыру
8. Құндылықтар экспликациясы, яғни олардың жасырын
күйден жарыққа шығуы, белгілі бір формаға ие болуы
9. Құндылықтар келісімі, яғни құндылықтар аралық
шиеленістерді шешу мақсатында әр бір құндылықтың
басымдылығын анықтап, жүйедегі орнын белгілеу арқылы үйлесімдікке
қол жеткізу.
10. Құндылықты интенсификациялау және абсолюттеу – бір
құндылықтың адамдардың өмірлік бағдарларына шешуші рөл атқарушы
күшке айналуы, көп адамдар үшін маңызды артуы.
Құндылықтар тек әлеуметтік макросалаларына емес, сонымен бірге тұлғалық
микродеңгейде де өз ықпалдығымен көзге түседі. Құндылықтар жүйесін әртүрлі
элементтері болып есептелетін төмендегідей құндылықтар иерархиясы орын
алады:
- жеке құндылықтар
- топтық құндылықтар
- қауымдастық құндылықтар
- жалпы адамзаттық құндылықтар
Әрине, адамның жеке басының тұлғалық құндылығы жалпы адамзаттық
құндылықтармен сәйкес келіп жатса, онда әлеуметтік болмыста үйлесімді ахуал
қалыптасар еді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар шынайы діни
құндылықтар сияқты адамның “Эгосына”, өзімшілдігіне қызмет етпейді, олар
моральдік жағынан тазаруға, тәубеге келуіне, гуманистік іс-қимылдарға
шақырады. Ал жеке бастық немесе топтық құндылықтар (оның этникалық,
әлеуметтік қауымдар, ұйымдар түріндегі формалар болсын) көбінесе өзінің
шектеулі мүдделерін қорғау мақсатында қалыптасады. Сондықтан олар
өздерінің кейбір жағымсыз іс-әрекеттерін ақтап алуға бейімділік танытумен
болады.
Енді қоғамдағы тұрақты әлеуметтік субъектілердің қатарына жататын әр
түрлі халықтардың этникалық санасындағы құндылықтардың атқаратын
функцияларына (қызметтеріне) тоқтала кетелік:
1. Этникалық артық көрушілерге сәйкес (әрбір этностың өзінің
құндылықтар жүйесіндегі этноцентризм қағидаларының деңгейлеріне
қарай бағалауларына байланысты) реттеу функциясы (әрбір этникалық
топ өзінің этникалық мүдделеріне тиімдірек бағытта
реттелгенін
қалайды);
2. Біріктіруші функция - бұл негізінен бір рәміздер арқылы,
ішкі топтық ынтымақтастыққа қол жеткізу;
3. Этнодиференциалау функциясы (бұл этноценризм мен
этномәдени төзімділіктің қайшы келуінен туындайтын кұбылыстар);
4. Идеологиялық функция - ұжымдык этникалық іс-
қимылдардың ақ-қарасын саралауда жағымсыз істерді
“ақтау”,
қиындықтар мен қайшылықтарды жеңуде этносты жүмылдыру [7, 246 б.].
Мәдени құндылықтарды бағалау жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан және
олардың иерархиясы нақты тарихи кезеңде өз бейнесін айшықтай түседі.
Қазіргі 21 ғасырға келіп қалған биіктіктен тарихтағы кұндылықтар
жүйелеріне (әр түрлі өркениеттегі) үстірт баға беру мардымды іс емес.
Өйткені, тарихи қойнауындағы әрбір іс-әрекеттің, әрбір қатынастың, әрбір
ой толғаулардың рухы өз күшін жоғалтқан жоқ, оның бәрі әрқайсымыздың
түпкі санамызда орналасқан, оның көріністері бейсаналық іс-қимылдар
түрінде байқалып отырады. Сондықтан әрбір халықтың санасының әлеуметтік
портретін анықтау үшін - олардың кұндылықтар жүйесін зерттеу қажет. Сол
құндылықтар жүйесінде адамсүйгіштік, гуманистік нормалар басымдық
танытса, онда өркенниеттілік сананың қалыптаса бастағаны. Ал, бұл
үдерісте ислам кұндылықтарының алатын орны ерекше болмақ.
Қазіргі Америка жеріндегі құндылықтар жүйесі әлемге тасымалдануда,
сол бұқаралық мәдениеттің элементтері әлемнің әр түпкірінен табылады.
Бұл азаматтың технократиялық дамуды пір тұтқан, сыртқы жылтыраққа
әуестенген уақытша кезеңі деп ғалымдар жорамалдауда. Өйткені, адамның
өркениеттілік деңгейге барар жолы ол руханилығын ашқанда ғана байқалады,
ал өзінің негізгі байлығы етіп рухани құндылықтарды атағанда көрінеді
деген ойдамыз. Құндылық табиғатын және ерекшеліктерін зерттеуге жоғарыда
аталған жіктемелік тәсілдерден шығады.

1.2. Философиядағы құндылықтардың рухани дамуы
Адам өмір сүретін әлем салыстырмалы түрде екі үлкен әлемге
жіктеледі. Оның алғашқысын материалдық болмыс құраса, екіншісі ол рухани
қатынастар, құбылыстар әлемі болып келеді. Дегенмен, адамның тұлға болып
қалыптасуына шешуші рөл атқаратын сала ол рухани әлем.
Рухани құндылықтарды жасайтын да оған құндылықтық бағасын беретін де,
оны әлеуметтік өмірде дамытатын да, әлеуметтік практикада керектісін
сақтайтын да адам. Әсіресе, тарихта қолданылған құндылықтар жүйесін
тұжырымдау халық діліндегі ерекшеліктерді бейнелеу - үлкен ғұлама
ойшылдардың шығармашылық иегерлерінің еншісінде.
Рухани құндылықтың ұғымдық негіздеріне тоқталатын болсақ, онда айта
келетін жағдай бұл құбылыстың көздері “руханилық”, “жан”, “мәдениет”,
“адам” деген категориялармен астасып жатуында.
Сондықтан, рухани құндылықтарды - адамның шынайы болмысының нығаюына
әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен,
шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер алатын Ақиқаттың нұрлы құбылыстары
деуге болады.
Алдымен проблема ретінде ашып алатын нәрсе - материалдық дүние мен
рухани дүниенің өзара айырмашылықтары бар екендігін мойындау. Әрқайсысы өз
заңдылықтарымен дамиды. Ол екеуін біріктіріп тұрған - Ақиқат, яғни бұл
ғаламның, дүниенің тұтастығын білдіретін үғым. Рухани құндылықтардың
материалды құндылықтардан айырмашылығы әрбір жанның ішкі потенциалын ашуға
көмектеседі, жалпы рухани үйлесімділікке қызмет етеді.
Қазіргі заманғы әлемдік дағдарысты, еліміздегі қиыншылықтарды кездейсоқ
деп атауға болмайды. Өйткені, олар азаматтың даму жолында Ақиқаттан
алыстап, жаңсақтык, жаңылысу жолдарына түскен көрінісі. Міне, сондықтан
болар орыстың 20 ғасырдағы көрнекті философтарының бірі И. А. Ильин былай
деген: “Біздер қазіргі дәуірдің адамдары Иллюзияға шаруашылықтық дағдары
емес; оның мәні адамның рухани табиғатында, түптамырлары біздің
болмысымыздың астарында; ол біздің алдымызға соңғы сұрақтарды қояды...
Өйткені біздің уақытымыздың залалдары орасан және бұл қауіптерден өту үшін
адам жанының тұңғиықтарын игеруіміз қажет” [9].
Міне осы себептерге байланысты егер адамдарды тек Сана мен Зерденің
Иесі ретінде қабылдап, өмірдегі барлық заңдылықтарды, құбылыстарды тек
табиғи, тарихи, әлеуметтік процесстердің нәтижесі деп алатын болсақ, онда
адамдардың проблемаларын шешу үшін және өмірді үйлесімдіру үшін қоғамда
жақсы бағдарлама жасалып, адамдар соны бұлжытпай орындаса болғаны емес пе?
Бірақ адам өмірі мақсаткершілікке, схемалауға, бағдарламалауға көнбейді.
Оның құпиясы тереңде - жан дуниесінің рауаждануында (реализация), яғни
рухани дамуда болып тұр.
Өркениеттілік сананың қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын қасиет -рухани
даму. Бұл дамудың алғышарттарын анықтау үшін тарихқа жүгініп көрелік.
Адамзат тарихының бастауларына назар аударсақ - діннің пайда болуы өнерді
туындатқан болатын, ал өнермен астарласа білім мен ғылымның негіздері
қалана бастаған еді. Міне, осыдан байқағанымыз адамзат тарихының әр түрлі
кезеңдерінде пайда болған діни ағымдардың адам болмысы үшін кездейсоқ
құбылыстар еместігі. Ақиқатында олардың жүйе болып мәдениетке енуінде,
дәстүрге айналуында адамның түпкі рухани сұранысы жатыр.
Адамның рухани дамуы туралы тарихта қандай деңгейде сипатталып келді?
Мәселен мистикалық көзқарас бойынша адам құдайлар әлеміне рухымен саяхат
жасап, сол дүниеден өз орнын табуға тырысады. Оған жету үшін адам өзінің
жеке басының күнәларынан арылып, жанын тазарту керек. Сөйтіп, рухтар
әлемінен үйлесімдікте болу ашылады. Екінші бір түсінік бойынша - әрбір
зайырлы коғамның мүшесі жан-жақты білімді болып, өзінің дүниетанымдық
көкжиегін кеңейтуі тиіс, ол ғылыми ізденістердің, мәдени қадамдардың
арқасында әлеуметгік дүниеде өзіне тиісті қызметтерді қоғамдық заңға сәйкес
атқаруға міндетті.
Әрине, бұл бағыттар нарықты экономиканың қатал заңдылықтарына бағынышты
қарапайым халықтар үшін өте күрделі нәрселер сияқты көрінеді.
Бірақ, нағыз Рухани Даму адам үшін сол өзі Құдіретті күшімен “кірпіш
болып қаланған” әлеуметтік табиғи ортада жүзеге асады, яғни әрбір адамның
өмір сүруі, белгілі бір тағдырға ие болуы, оның әлеуметтік ортада атқаратын
рөлі бекерден-бекер, кездейсоқ емес.
Рухани даму - ол күнделікті өмірлік асулардан адам деген атқа лайықты
түрде өте білу. Сондықтан, үнемі, үздіксіз дамуда болу қажет. Рухани даму
жолынан алыстаған адам өзімшілдіктің, менмендіктің кақпанына түседі. Оның
ақылы, пайымы мен зердесі, толық өзіндік болмысы жеке бастың сұраныстарын
күйттеуге көшеді. Ондай адам ар-ұяттың бақылауынан тыс өмір сүре бастайды,
адамның бойындағы рухани касиеттерден арыла бастағанын өзі де сезбей
қалады.
Ал, шын мәнінде В.С, Соловьев айтқандай, Жер бетіндегі Тіршілік Иелері
арасында тек адам ғана өзіне сын көзімен қарай алады. Бұл сынның негізгі
мақсаты өзіміздің жетілмеген тұстарымызды ар-ұят сотынан өткізу, өзімізге
байланысты қырларымызды парасаттылықпен жетілдіре білу керек [10].
Міне, сөйтіп рухани дамуға сыртқы, яғни қоғамдық, мемлекеттік
бақылаудан гөрі, адамның өз бойындағы, іштегі ар-ұяттың соты басымдырақ
әсер етеді. Сондықтан тәрбиенің мақсаты да баланың жасынан ар-ұяттың
күшімен есептесе отырып өмір сүруге үйрету болып табылады.
Адамзат тарихы қазіргі кезеңге дейін нағыз рухани дамудың заңдылығын
білмей келді және оны жүзеге асырудың қолайлы кезеңі осы уақытқа дейін
тарихи болмысымызда келе қоймаған еді. Міне 21 ғасырмен бірге жаңа өмірдің
қақпасы ашылмақшы. Ол адамзаттың шынайы тарихының басталуымен сәйкес
келейін деп тұр.
Айта келетін жәйт, жаңа тарих басталды екен деп жер бетіндегі (6 млрд.)
барлық халықтың өкілдері, әрбір пенде бірден “Рухани жолға көше қояды”,
-деген сөз емес. Әрбір жеке адамның өзіндік жеке ұмтылысы, күш салуы,
тырысуы шыдамдылығы қажет-ақ бұл үлкен істе. Бір адам екінші адам үшін бір
сүйем көмек көрсете алмайтын сынақтар болады. Міне, осы сынақтардан өте
алған адам ғана ағымға қарсы қадам жасай алады.
Ал енді қазіргі нарық қыспағына түскен халық үшін бұндай іс-әрекет
ақылсыздықтың немесе салдық, не серіліктің белгісіндей көрінуі.мүмкін.
Әрбір риясыздықпен өмір сүруге тырысқан жан өзінің тектілігін
танытады, рухани даму жолында келе жатқанын білдіреді. Бірақ, бұл іс-
қимылды, көзқарасты альтруизмнің бір көрінісі екен деп қоя салуға болмайды.
Бұл ешқандай фанатизмге, есепке кұрылған іс-әрекет болмауы тиіс. Сонда ғана
ол өзінің шынайы келбетін таныта алады.
Бұл жолға түскен адам үшін басқа адамның тілек - арманы (егер
менменшілдік, өзімшілдік негізде болмаса), қиындықты жеңудегі ұмтылыстары
ортақ болып келеді. Басқаны өзіңнен артық жақсы көру, бағалау, құндылық
мәртебесін көтеру заманы туып келеді. Ал үйлесімділік заңын (табиғи,
әлеуметтік, рухани) бұзуға ұмтылғандарға біршама қаталдық көрсетуге болады
(Қатігездік емес). Бұл қаталдық ананың балаға көрсеткен жазасындай-ақ
болғаны жөн. Жалпы рухани даму баланың анаға махаббатынан бастау алады [6,
57-64 б.].
Адам өзінің әлеммен байланысын ашық, адал, күлтелектетпей қалыптастырса
ғана, ол әр құбылыстың накты бағасын бере алады.
Руханилықтың тағы бір келбеті - адамның өз бойындағы барлык жақсы
қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни ақылын, дарынын, қабілетін,
шеберлігін, ішкі нүрын, жүрек жылуын адамдарға, табиғатқа, ғаламға беру
ұмтылысы. Осындай ұстанымдар басымдық танытқанда ғана адам рухани дамудың
жолына түсті деуге болады. Ал енді, керісінше, бұл өмірден, қоғамнан,
әлеуметтік дуниеден жеке басының қамы үшін “алып калу” принціпін негізгі
ұстаным еткен пенде руханилық аясынан алыстай түседі, яғни ол нәпсінің
кұлына айналады және өзін “прагматикпін” деп ақтайды. Қоғам дамуының
төменгі сатысында тұрпайы коғамдық пікір осындай пысықайылықты қолдауы да
мүмкін. Осының бәрі қоғамның рухани дамуының көрсеткіші болмақ.
Рухани дамудың күрделі кұрылымы әр түрлі элементтерді, салаларды
қамтитыны белгілі. Қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты мен мәні, шығу
тегі мен атқаратын қызметтері туралы жан-жакты зерттеулер жасау руханилық
мәселесін қарастырумен тікелей байланысты.
Әрине, бүл ұғым тарихи кезеңінің әр түрлі белестерінде әр қилы
сипаттамаларға ие болғанына таңдануға болмайды. Себебі, осы кезге дейін
категориялық деңгейге руханилық құбылысына анықтама толық беріле қойған
жоқ. Сонда да қазақстандық философ I. Ерғалиевтің осы мәселенің төңірегінде
біраз еңбек етіп жүргенін атап өтуіміз керек. “Руханилық дегеніміз барлық
элемге (макрокосмосқа ) эквивалентті адамның (микрокосмның) Универсуммен
(космоспен) жіктелмейтін үйлесімділік (гормониялы) тұтастығы. Универсуммен
бұл үйлесімділік тұтастығын адам ең ерекше формаларда сезініп, онымен
айрықша бірігіп, ырғақты күйге бөлінеді. Адамның Космоспен үйлесімділік
тұтастығын сезінетін, соған реалды енетін осы күйін руханилық деп атауға
болады” - деген тұжырымдар келтіреді зерттеуші ғалым [11].
Бұл анықтаманың рухтық құбылысқа толық сипаттама бере алмайтынын да
айтып кетеді. Руханилық табиғаты жайлы пікір айтқан зерттеушілердің
арасында А. Г. Косиченконың түжырымдары назар аударарлықтай. Ол руханилықты
адам болмысының ерекше бір белгісі дей келіп, бұл адамның әлемге
қатынасының идеалды формасы және бұл болмыстың рухани мазмұнын
шығармашылығы арқылы қалыптастыратынына тоқталады [12].
Руханилық табиғатын қалай түсінуге болады? – деген сұраққа А.Г.
Косиченко былай жауап беруге тырысады: “Руханилық адамның өмір сүру
тәсілінің нәтижесі еместігіне сенімдімін, керісінше ол адамнан бұрын пайда
болған және адам сол өзінен тыс рухқа барынша борыштар, өйткені оны адам
етіп отыр. Адамның өзінің өмірлік іс-әрекетінің сан түрлі формасының өзінің
рухани мағынасын іск асыра алатын қабілеті бар. Сосын іздер олардың басын
жинақтап, қордалап, адамнан шыққан рухани дүние деп ұсынамыз” .
Бұл жерде автор руханилық мәселесіне дамудың ерекше заңдылығы бар
екенін мойындай, оны табиғаттың материалдық әлем заңдылығымен сай келе
бермейтін тұстарын ескере назар аударған. Бұл ең соңғы философиялық
тұрғыдан қарастырудың белгілері, нышандары болып табылады.
Жаңа ғасырдың жаңа философиясы адамның әлемге деген қатынасын руханилық
тұрғысынан қарастыратынына күмән келтіре алмаймыз. Қазақстандық философ
Соловьева Г.Г. бұл мәселе жөнінде біршама ойларын білдіреді. Ол руханилықты
адамның ішкі жарықты, нұрды қабылдай білу қасиеті деп айшықтайды. Бұл
құбылыстың негізін нақты адамдар әлемінен іздеу қажеттігін айтып,
материалды болмыстың заңдылығын мойындау керектігін ескереді [13].
Маркстік концепция бойынша адам мәні әртүрлі қайшылықтарға философияның
терең қайшылықтарының бірі. Маркс өзінің философиясында адамды қоғамның ең
жоғарғы құндылығы дей отырып, оның тарихта шешуші рөлді атқаратынын
ескерткен болатын. Бірақ, екінші жағынан ол социумның бір тетігіне ғана
айналды, яғни адам құрған әлеуметтік болмыс нақты анықтаушы күшке
бауланады. Әрине, әрбір адам мәдениеттің, қоғамдық қатынастардың өкілі
екені рас.
Дегенменде адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы етіп қана қабылдау,
оның түпкі мағынасын анықтауға жеткіліксіз. Өйткені, адамның руханилығы
ерекше қасиеттерге ие болатын феномен болып табылады. Ал, енді руханилықтың
негізгі аспектілеріне В.С. Барулин төмендегілерді жатқызады: а) жалпыны
қамтитын сипаты. Яғни, рухани өмірдің әртүрлі салаларын: рационалды,
эмоциалды – эффекті, гносеологиялық – когнитивті, құндылық – мотивациялды,
ұстанымдарды жән басқа да рухани өмірдің салалары енеді. Руханилыққа ғылыми
концепциялар, адамгершілік құндылықтар, діни сенімдер, эстетикалық
категориялар, қарапайым білімдер де жатқызылады. Осылардың бәрі бір-бірімен
байланысып, бірге адам руханилығын құрайды делінген. Руханилық құбылысы
сәйкестірілген. Бұл руханилықтың жеке ерекшілігін бедерсіздендіруге
әкелетін іс-әрекет. Өйткені, қоғамның рухани өмірінде (кинода, ғылымда,
қарапайым санада) руханисыздықты, ұятсыздықты, деструктивті қадамдарда
насихаттайтын практика жүзінде рухани өнім ретінде ұсынатын іс-қимылдар
болмай ма? Оларды да руханилықтың белгісі деп баға беру сыңаржақтылық деген
ойдамыз, б) руханилықты идеалдылық деп алынады. Бұл жерде Г.Гегельдің
“жанды түсіну үшін және оның аржағында рухты түсіну үшін идеалдылықтың
анықтамасы маңызды болып табылады. Идеалдылық реалдылық терістеу, бірақ
одан өмір сүрмесе де соңғысы бұл идеалдылықта вертуалды түрде сақталады”, -
деген сөздеріне сүйене отырып адам руханилығы идеалды әлем, иделды
формаларды игеру деп түсіндіреді. Кез-келген идеалдылық руханилық бола
алмайды. Ол адамгершілік құндылықтарына, қасиетті нұрына бөленгенде ғана
идеалдылықтың ең жоғарғы түрі руханилыққа айналады.
Әлемдегі құбылыстарда адамның құндылықтық қатынасы екі түрлі формада
көрініс береді – “нәрселік құндылықтар” және “субъектілік құндылықтар”.
Әлемнің көп түрлі құрылымы “нәрселік құндылықтар” түрінде сипатталып,
оларда жақсылық пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әсемдік пен құбыжықтық,
әділдік пен әділетсіздік және тағы басқа дилеммаларда көзқарастық
сұрыпталулардан өтеді. Бұл құндылықтарға адамды қоршаған табиғи орта және
оның өз қолымен жасаған туындылары (материалдық және рухани) жатады.
“Субъектілік құндылықтарға” - әртүрлі нормаларда қапандаулар жасайды.
Өзінің салыстырмалы әлемін Ғаламдық үйлесімділіктің заңдылығымен қамти
алатынқасиеті бар. әлеуметтік салада қалаптардың негізінде адам өмірінің
рационалданудың белгісіндей әлеуметтік технология көрініс береді.
Гуманитарлық ғылымдар осы әлеуметтік технологияның әртүрлі нұсқаларын
сұрыптау арқылы қоғамның тұрақты дамуына ықпал жасауға тырысады. Бірақ, кез-
келген қалып жаратымпаздықпен қайшы келіп қалуы мүмкін. Әрине,
құндылықтардың мәні тереңде, олар тарихта өткен кезеңді қазіргі шақ арқылы
байланыстыруға ұмтылады. Ал, қалып болса белгілі бір тарихи кезеңнің
сынағына ұшыраумен болады, сол кезеңді үйлесімдіруге қызмет етеді. Яғни,
бұл екі ұғымның сәйкес келетін тұстары мен айырмашылықтары да бар.
Құндылықтар – универсальды өлшем ретінде мәдениеттің, адам болмысының
діңгегі болып есептледі. Сондықтан құндылықтық өлшемдердің өзгеруі
қалыптардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әсіресе, өзгерістер динамикасы
мұраттардың жаңа түрлерін туындатады, әлеуметтік ауқымды кең етек алуына
себепкер болады.
Адамның ішкі дүние қасиеттерімен руханиқұндылықтарды үйлестіру, оның
өзіндік жетілуінің өзектерін және жан сұлулығы мен адамгершілік дүниесінің
өзара тығыз байланыстылығын айтуға болады. Рухани құндылықтар мақсаты –
жеке адам мен қоғам игілігі. Яғни адамгершіліктің жоғарғы мәні. Қоғамдық
өмірде адамдардың қарым-қатынас негізі рухани жетілу. Рухани жетілудің көзі
адамның өзін-өзі тануы мен өзін түсініп, өз орнын таба білуінде. Қазіргі
кезеңде рухани дамудың негізін материалдық даму деп түсінетіндер бар.
Материалдық жағдайдың жақсы болуы дамудың жемісі деп танитындар өте көп.
Рухани құндылықтарды жасайтын да оған құндылықтық бағасын беретін де оны
әлеуметтік өмірде дамытатын да, әлеуметтік практикада керектісін сақтайтын
да адам әсіресе тарихта қолданылатын құндылықтар жүйесін тұжырымдау. Халық
діліндегі ерекшеліктеріңді бейнелеу – үлкен ғұлама ойшылдардың шығармашылық
иегерлерінің еншісінде.
Рухани даму дегеніміз – ол күнделікті өмірлік асулардан адам деген атқа
лайықты түрде өте білу. Сондықтан, үнемі, үздіксіз дамуда болу қажет.
Рухани даму жолынан алыстаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы
Орта ғасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
«Қоғамдық білім негіздері»
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Пәндер