ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ


ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философиялық білім контексіндегі әлеуметтік философия: болмыс түсінігі және философиялық білім құрылымын талдаудың «онтологиялық қағидаты».
Қоғам мен адам әлеуметтік философияның нысаны ретінде. «Қоғамдық өмір» түсінігі тұрғысынан әлеуметтік философия пәні: С. Л. Франк тұжырымдамасы. Әлеуметтік-философиялық талдаудың жалпыға бірдейлігі: «шекті негіздерге» шығу. Әлеуметтік философияның фундаменталды түсініктері: қоғам, қоғамдық өмір, қоғамдық болмыс, табиғат, мәдениет, прогрес, адам, қызмет және т. б.
Әлеуметтік философия мен теориялық социология, әлеуметтік философия мен тарих философиясы, әлеуметтік философияның мәдениет философиясымен, әлеуметтік философияның антропология философиясымен арақатынасы.
Әлеуметтік философия социогуманитарлық теорияның өзіндік әлеуметтік шарттылықпен, нысанымен және қызметімен рефлекциясы ретінде. Әлеуметтік философиядағы телеологиялық, нормативті, аксиологиялық сәттер.
Әлеуметтік философияның әдіснамасы: әлеуметтік-философиялық талдаудың негізгі, фундаментальды қағидаттары. Прагматизм, әлеуметтік-философиялық танымның әлеуметтік нақтылығы, әлеуметтік ангажирлік: әлеуметтік философияның «идеологиялық», «саяси» және «әлеуметтік» «тұлғалары». Философиялық таным мен жасампаздық мәні мен техникасы өмір сүру әлемін құрылымдау. Философ және оның қасиеттері. Сана, талғам, ар-намыс зерттеушілердің метафизикалық жауапкершілігінің модусы.
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Әмбебап жалпыға бірдей аспектілерінде тарихи процестің мәніне қол жеткізу ретіндегі тарих философиясы. Тарих философиясының философияның басқа бөлімдеріне қатынасы. Тарих философиясының әлеуметтік философиядан ерекшелігі. Тарих философиясы және тарихи ғылым. Тарих философиясының негізгі проблематикасы.
Тарихтың неокантиандық философиясы (В. Виндельбанд, Г. Риккерт) . Тарих философиясының жағымды нұсқалары (К. Г. Гемпель, Э. Нагель) . Кейбір өзге бағыттар (Р. Коллингвуд, К. Ясперс) ; советтік тарихи материализм және тарих философиясы.
Тарихи айналымның тұжырымдамасы (Полибий, Сыма Цянь, Ибн Хальдун, Н. Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби) .
ХІХ ғ аяғы - ХХ ғасырдың бірінші жартысында орыс философтары тарих философиясының проблематикасы. Еуразиялық доктрина.
Тарих философиясының идеясы қазақ ағартушыларының ілімінде.
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХЫНАН
XIX ғасыр: әлеуметтік философияның пайда болуы, рөлі мен тарих философияның марксистік, позитивистік, неокантиандық рефлексиясы мен сыны. Әлеуметтік философияның «негізгі мәселесі» туралы айту орынды ма?
Қоғам туралы антиктік: киниктер, Платон, Аристотель философиясы. Фундаменталды әлеуметтік-философиялық мәселелерді ой елегінен өткізудің діни формалары: буддизм, христиандық, ислам. Орта ғасырлардағы әлеуметтік философия : Батыс Еуропа мен араб Шығысы. Қоғам мен адам туралы пәлсапа айтудың ренессанстық және жаңаеуропалық стилистикасы мен әдіснамасы. Руссоизм әлеуметтік философия ретінде: Ж. Ж. Руссо, Т. Пейн, Н. К. Михайловский және басқалар. Неміс классикасының әлеуметтік философиясы: негізгі идеялар, белгілері, ерекшеліктері. Тарихи материализм - марксизмнің әлеуметтік философиясы. Жаңа және жаңаша уақыттың әлеуметтік философиясы: ХІХ-ХХ ғғ. неокантиандық, неогегелдік, позитивистік дәстүр., феноменологиялық және герменевтикалық дәстүрлер, ХХ ғасырдың мәденифилософиясы мен постмодернизм. Жаңа ғасыр қарсаңында әлеуметтік философия динамикасының жалпыәлемдік үрдістері.
Қазақ халқының философиялық мәдениет тарихындағы фундаменталды әлеуметтік-философиялық проблемаларды ой елегінен өткізу және көрінісінің ерекшелігі. Әлеуметтік-философиялық рефлексияның онтологиялы, менталды, этномәдени, қоғамдық-саяси параметрлер мен факторлар. Қоғам және адам туралы философияның полиморфтық, космоцентризм, метафоралық және поэтикалық, антропоорталықтану және гуманизмі. Әлеуметтік философия саласындағы қазақстандық кәсіптік мектептің дәстүрлері мен инновациялары.
ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Қоғам және социум; социетальдық түсінігі. Әлеуметтік философиядағы әлем бірлігі қағидаты: қоғам мен табиғаттың бірлігі мен айырмашылығының проблемасы. Қоғам тіршілік әлемінің феномені ретінде, зияткерлік интуиция мен ғылыми рефлексия нысаны ретінде.
Қоғам болмысының формалары мен тәсілдері. Жеке және қоғамдық болмыс. Әлеуметтік философияның қағидаты ретінде қызмет қағидаты: қызмет, қоғамдық-тарихи практика түсінігі. Өндіріс тәсілдері, қоғамдық формациялар, әлеуметтік прогрестің дереккөздерінің маркстік идеясы мен тұжырымы.
Әлеуметтік философия мен мәдениет философиясындағы өркениетті тәсіл. «Адамзат», «жалпы әлемдік өркениет» Ренессанстан қазіргі кезге дейінгі тарихтың негізгі үрдісі ретінде. Тарихи процестің «тарих дөңгелегі» мен маятникті сипаты. Мәдени-тарихи және әлеуметтік -экономикалық дамудың «толқындары» тұжырымдамалары. Өркениетті әлеуметтік кеңістіктегі-мерзімдік континиумы. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт түсінігі: П. А. Сорокин, О. Шпенглер, К. Ясперс, Л. Н. Гумилев, М. Вебер, П. Бурдье және басқалар.
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕТЕРМИНИЗМ
Әлеуметтік детерминизм түсінігі. Тарих пен мәдениеттің материалды және идеалды детерминанттары. Қоғамдағы материалдылық және руханилылық, олардың түсініктері, құрылымы, қызметтері. Әлеуметтік философия детерминизмінің философиясы ретінде.
Тарихтың мотивациялық құрамдас бөлігі. Этикалық және ұтымды императивтер эволюциясы: мифолог, тыйымдар мен рұқсат етулер, діни және этнодәстүрлі императивтерден антропо-, рацио-, социоцентризмге; адам мен қоғамның ішкі мотивациялық құрылымын табу мен зерттеуді психоталдау рөлі; әлеуметтік детерминант пен тарихтың мотивациялық құрамдас бөлігіне марксистік, позитивистік, феноменологиялық, құрылымдық, прагматистік тәсілдері. Тарихтың қажеттілігі мен заңдылығы. «Тарих логикасы» туралы айту орынды ма? Әлеуметтік заңдардың түсінігі мен ерекшелігі. Тарихтың мәні мен міндеті проблемасы, адамзаттың міндеті мен келешегі. Адамзат пен өркениеттің тағдыры проблемасы әлеуметтік философияның онтологиялық және экзистенциальды мәселесі ретінде.
Әлеуметтік себептілік желісінің болмауы қоғамның «иммунды жүйесі» ретінде. Әлеуметтік себептілік желісінің болмауының факторлары: адамзаттық жеке және әлеуметтік бостандық, әлеуметтік және жеке мақсаттар мен мүдделер.
ҚОҒАМ - БІРТҰТАС ДАМИТЫН ЖҮЙЕ
Әлеуметтік философиядағы даму және жүйелілік қағидаттары:олардың түсінігі мен әдіснамалық қызметтері. Әлеуметтік философиядағы диалектика, синергетика және жүйелі талдауы: олардың тарихы және қазіргісі; персоналдары, адептілері және сыны.
Әлеуметтік басқару, жоспарлау және болжау проблемасы. Мемлекеттің және оның институттарының рөлі; биліктің әлеуметтік қызметері. Азаматтық қоғам әлеуметтік философияның нысаны ретінде.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Таптар, таптық қақтығыстар, таптық күрес; страттар, әлеуметтік стратификация мен мобильділік;
әлеуметтік-демографиялық топтар, халықтар, ұлттар, этностар, диаспоралар. Этностар, пассионарлық теориясы, этноәдіснама. Әлеуметтік философия контексіндегі отбасы мен отбасылық қатынастар. Әлеуметтік- кәсіптік, кландық, тұрақты және мерзімдік, формальды және бейформальды және өзге де топтар, қатынастар, өзара әрекет.
Саяси қақтығыстардың түсінігі мен болмысы. Қақтығыстанудың теориялық және әдіснамалық проблемалары. Әлеуметтік әріптестік. Ынтымақтастық әлеуметтік, экономикалық және саяси санат ретінде. Ф. А. Хайектің «кеңейтілген тәртібі» тұжырымдамасы. Әлеуметтік динамика түсінігі мен оның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы ерекшеліктері. Әлеуметтік стратификациядағы нарықтық қатынастардың рөлі, әлеуметтік конфронтацияны дамыту және әлеуметтік ынтымақтастық: қағидаттар мен Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, К. Маркс және марксистер, И. Шумпетер, М. Вебер, П. Сорокин, О. Шпенглер, Ф. Хайек, Ф. Фукуяма және басқалардың парадигмалар қосымшаларының мүмкіндігі.
АДАМЗАТ ТАРИХЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
ФОРМАЛАРЫН ДАМЫТУ ТАРИХЫ РЕТІНДЕ
«Адамдардың қауымдастығының тарихи формалары» түсінігі. А. Тойнби және Л. Гумилев тұжырымдамалары. Ұлттар мен ұлттық қатынастардың пайда болуы мен дамуының маркстік-лениндік тұжырымдамасын талдау және обьективті бағалау.
Этнос және ұлт, олардың арақатынасы. Ұлт мәніне деген қазіргі әдістер. Ұлттық идея және оның қоғамдық өмірдегі рөлі. Ұлттық психология мен оның құрылымы. Этникалық стереотиптер мен этностық өзіндік сана.
Ұлттық қатынастар, оның мәні мен құрылымы. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ұлттың рөлі мен орны. Ұлттық қатынастар мен демократия. Ұлттық мүдделер. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті. Этносаралық қақтығыстар: мәні, себептері, олардың алдын алу мен шешудің жолдары мен тәсілдері.
Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы жағдайындағы ұлттық-этностық проблемалар. Ұлтаралық келісім проблемасы. Патриотизм және Қазақстан халқының бірлігі проблемасы: негіздемелерді іздеу. Ұлттық процестерді басқару проблемасы; негізгі қағидаттары, ұлттық процестерді басқарудың мақсаттары мен міндеттері.
ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ
Адам проблемасын философиялық жағынан қарастырудың ерекшелігі, өзектілігі және көп аспектілігі. «Антропты қағидат» және жаңа дәуір философиясындағы «антропологиялық бұрылыстың» мәні.
Адам «табиғаты»: денелілік пен руханилық проблемасы. Қызмет пен қарым-қатынас адамның денеліліктің формалары ретінде. Адам өмірі: әлеуметтік факт, әлеуметтік және экзистенциалды мән. «Болмыс - өлімге» онтология және метафизика; өмірге құқық және өлімге құқық. Мәңгі өлмейтіндік адамның рухани тәжірибесі туралы. Шектілік және адам өмірінің мәні проблемасы.
Адам мәнінің философиялық «моделдері». «Адам барлық заттардың өлшемі»: қадір-қасиет және антропоорталықтық.
Философиядағы тұлға проблемасы; тұлғаның түсінігі мен «табиғаты». «Тұлға онтологиясы» аспектілері: қызмет, сана, шығармашылық, бостандық; «мен - біз - олар» проблемасы, «мен - басқалар»; адам социализациясы әлеуметтік философия, социология мен философиялық антропология проблемасы ретінде. Қоғам және тұлға: коммуникация, әлеуметтік иерархиясы, оқшаулану, жалғыздық проблемасы. Қоғам және тұлға: әлеуметтік және жеке жауапкершілік проблемасы; күнәлілік пен жазалар: Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, М. Фуко, Ф. Ницше, экзистенциализм, постмодернизм және басқалардың фрейдизм философемы.
Адамдар тарихи қауымдастығы және тарихи тұлғалар проблемасы. Пассионарлық, лидерлік, «көсемділік», «жеке басқа табынушылық». Тарихтағы «адам келбеті»: тарихтағы тұлғаның рөлі. Жеке бостандық арақатынасындағы тұлғаның әлеуметтік детерминация проблемасы.
Жатсыну проблемасын әлеуметтік-философиялық талдау.
Құндылықтың әлеуметтік-философиялық проблемасы аясындағы қоғам мен адам. Құндылықтар - мақсаттар - идеалдар: түсінігі, иерархия, арақатынасы. Қажеттіліктер және құндылықтар: сезіну және іске асыру формалары. Құндылық бағдарлардың әлеуметтік және тұлғалық шарттылығы. Құндылықтар мен әлеуметтік, моралдық, құқықтық және басқа да нормалар мен императивтер. Бостандық құндылық ретінде. Қажеттілік пен бостандық: детерминистік және индетерминистік тәсілдердің мазмұны. Бостандық және шығармашылық. Бостандық және жауапкершілік. «Онтология» және бостандық императивтері: «мыналардан ерікті болуы», « мыналар үшін бостандық» және т. б. Бостандық жатсынуды алып тастау ретінде.
Қоғам: қызмет етудің бастауы мен бостандық бастау социум өмірінің онтологиялық маңызды бастау ретінде.
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯ АДАМ БОЛМЫСЫНЫҢ
РЕФЛЕКСИЯСЫ РЕТІНДЕ
Әлеуметтік философия контексіндегі «Cogito egro sum» : қоғамдық және жеке сана, қоғамдық идеология мен психология проблемасын талдаудағы дәстүрлер мен инновациялар. Қоғамдық сана мен ұжымдық санасыздықтың «архетиптері». Қоғамдық сана мен өзіндік сана. Қоғамдық өзіндік сананың пәндік мазмұны меноның фетишизациясының формалары. Қоғамдық сананың мифологиялық синтезі және оның космологиялық проекциясы: әлемдік дене, әлемдік жан, әлемдік рух.
Әлеуметтік философия тұрғысынан қоғамдық сана формалары: олардың түсінігі, мазмұны, қызметі, өзара байланысы. Қоғамдық сананың және өзіндік сананың айналдырылған формалары. Әлеуметтік иллюзиялар мен олардың онтологиялық мәртебесі.
Әлеуметтік және жеке дүниені түйсіну кеңістігі дискурс пен рухани әлемді жасау ретінде. Қоғамдық сананың идеологизациясы мен деидеологизациясы: философиялық стратегиялар мен онтологиялық шектері. Рухани түйсінудің мәні мен техникасы өмірлік әлемді құру ретінде.
Әлеуметтік философия мен әлеуметтік таным. Социогуманитарлық білімнің табиғаты; «табиғат туалы ғылым» және «рух туралы ғылым» дилеммасы. Ғылыми және ғылымнан тыс әлеуметтік таным: түсінігі, құрылымы, әдіснамасы мен әдіснамасының ерекшелігі. Сын әлеуметтік таным сәті ретінде:
Әлеуметтік скептицизм және нигилизмнің табиғаты мен мәні.
Әлеуметтік -философиялық теориялардың парадигмалары, моделдері мен типтері. Социогуманитарлық және әлеуметтік -философиялық рефлексия мен концептуализацияның дүниетанымдық мәні.
Қазіргі метафизика көкжиегіндегі қоғамтану: әлеуметтік рефлексия және мәселенің классикалық және неоромантикалық қойылуындағы әлеуметтік рефлексия мен позитивті білім; метафизикалық стратегиялар ретіндегі түсіндіру мен түсіну; тіл герменевтикалық тәжірибе ортасы ретінде. Әлеуметтік философия мен қоғамтанудағы ақиқат проблемасы. Марксизм, позитивизм, психоталдау, феноменология, структурализм, модернизм және постмодернизм әлеуметтік рефлексия мен әлеуметтік ойдың стилін құрайтын бағыттары ретінде.
«Менталитет», «мәдениет», «этнос» қазіргі қоғамтану және әлеуметтік философияның метафоралары ретінде. Табиғат пен мәдениет қазіргі әлеуметтік философияның интенциясы ретінде. Әлеуметтік философия танымның гуманитарлық және табиғи ғылыми салаларымен өзара әрекеті. Әлеуметтік философиясы динамикасының келешегі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz