әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері.

Қазіргі заманауи қоғамда тренинг түсінігінің нақты бір анықтамасы
жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-
әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен
пайдаланылады.

Тренинг термині (ағылшынның train, training сөздерінен)

оқыту
тәрбиелеу

жаттықтыру

үйрету

сияқты бірқатар мағынаны білдіреді

Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді
басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және
тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің
кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті
жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің
талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға
болады.
Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік -
психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең
таралған. Л.А.Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті өзара
қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені
дамытуға бағытталған әсер ету құралы, қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту
құралы, психологиялық әсер ету құралы ретінде қарастырады.
Б.Д.Парыгиннің пайымдауынша, топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды
өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту
ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі
бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту әрекеті .
Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда психологиялық әсер
ету термині қолданылады. Ал, С.И. Макшановтың жұмыстарынан бұл терминнің
тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни
бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу
үрдісін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық
мінездемеге ие әсер ету түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен
анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер
етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі
мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды.
С.И.Макшанов ұсынып отырған мақсатты түрде өзгерту термині адам мен
топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды
бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік
мінездемесін ашып, тренингтің субъект-субъекті мінездемесін айқындайды,
оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және
оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты.
Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби
үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның
психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп
анықтауға болады.
Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет
Бетеле қаласында (АҚШ) К.Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және
олар Т-топ деген атқа ие болған. Оның негізінде адамдардың көпшілігі
топтасып өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы
топтың жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар
оған қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының
қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К.Левин
адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер
негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің
бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа түрлерді
қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың
көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған.
Т - топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық
динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған гетерогендік индивидтердің
жиыны ретінде болды. К.Левин оқушыларының топаралық қатынас
шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-тағы Ұлттық тренинг зертхананың
негізін қалады.
Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде,
оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.
Бұл кезең кез-келген қарым-қатынас, бірлескен әрекеттердің
бастамасындағы байланыс орнату кезеңімен сәйкес келеді. Тренингтік топтың
жұмысында жылылық қатынас орнатуға қажетті негізгі шарт -топ мүшелерінің
эмоционалды еркіндігі, ашықтығы, бір-біріне деген достастық сезімі, өзара
тіл табысу мен түсінушілік жаттықтырушыға және бір-біріне сенімділігі болып
табылады.
Тренингтік топ жұмысының осы кезеңінде орындалатын дәстүрлі іс-
әрекеттермен қатар (топ мүшелерінің танысуы немесе бір-бірімен таныс болған
жағдайда топпен көрісу, алдағы жұмысқа байланысты, дәріске келген
адамдардың бойындағы сенімсіздік пен қорқыныш сезіміне пікірін білдіру,
өзіндік пікір білдірудің түрін талдау), әртүрлі психологиялық жаттығулар
пайдалануға болады. Топтың жұмысқа қабілеттілігін арттырудың мақсаты
ерекше, жұмысты бастау мен оның шешіміне біршама уақыт жұмсалады. Алайда,
бұл мақсат жұмыстың басқа да кезеңдерінде де маңызды: тәуліктің бірінші
жартысында және шағын үзілістерден кейін, жұмысқа қабілеттілігін
жұмылдыруға, назардың деңгейін арттыруға, шаршағанды төмендетуге, эмоциялы
жігер беруге бағытталған және т.б. жаттығулар жасау керек болады.

Тренингтік топтың жұмысы барысында әр уақытта екі жақ, екі жоспар:
мазмұндылық пен жекешілдік көрініс тауып отырады. Мазмұндылық жоспар
тренингтің негізгі мазмұндылық мақсатына сәйкес болады. Жекешілдік жоспар
- мазмұндық жоспардағы әрекеттер және топтың әр мүшесінің жағдайы жеке-
жеке көрініс табатын жалпы топтық қалып (тренингтің кейбір түрлерінде
мүшелерінің бұл жағдайы мен қарым-қатынасы топ жұмысының жалпы мазмұнына
айналады).
Психогимнастикалық жаттығулардың нәтижесінде жалпы топта және оның
әрбір мүшесінің жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін. Сондай-ақ талқылау
мен сезінуді қажет ететін деректер алуға болады, ол деректерді талқылау
мазмұндылық жоспарды ілгерлетуге септігін тигізуі мүмкін [67].
Сонымен, психогимнастика жалпы шартты атау екендігін байқалып отыр.
Бұл түсінікпен өте кең ауқымдағы жаттығулар топтамасын атайды: жазбаша
және ауызша, вербалды және вербалды емес жаттығулар. Психогимнастиканың
дәстүрлі бағыттағы блоктары: релаксациялық қызмет; реттеушілік қызмет;
жекешелендіру қызмет.
Оларды 2-3 адамнан құралатын шағын топтарда немесе топтың барлық
мүшелерін қатыстыру арқылы өткізуге болады. Қандайда бір арнайы психикалық
мінездемеге, мысалы жадын немесе назарға тікелей бағытталған жаттығулар
бола алады.
Мұндай жаттығулар әртүрлі деңгейдегі психикалық бейнелердің бір
мәселесін, бір уайымын бірдей сезінуге жетелейді. Мысалы, топ мүшелеріне
қандайда бір жағдайды вербальді түрде кезекпен бейнелеп беруді, яғни
жазбаша және ауызша, одан кейін суретін салып, содан кейін қимыл-әрекетпен
көрсетулерін ұсынуға болады. Нәтижесінде, сезінудің мүмкіндіктері
кеңейеді, бір мәселені қабылдаудың жаңа қырлары ашылады. Сондай-ақ,
тренинг барысында бір мазмұнда әр түрлі психогимнастикалық жаттығуларды
пайдаланғанда, мысалы қозғалмалы сурет салуы мүмкін және т.б., жоғарыда
аталған нәтижелер көрініс беруі мүмкін.
Оқытуларды жоспарлау кезінде, психогимнастикалық жаттығуларды өткізу
барысында бірқатар сәттерді ескеру қажет. Олар жаттығуларды дұрыс таңдау,
оларды орындау алдында топқа нұсқау беру, дер кезінде тоқтау және
нәтижелерді талқылау. Осы мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.
Негізгі әдістерінен басқа, қосымша ретінде қолданылатын жұмыс
тәсілдерінің тобы бар. Мұндай қосымша (көмекші) әдістерге көптеген
мамандар негізінен психогимнастикалық ойындарды жатқызады, олар шартты
түрде келесі топтарға бөлінген:
- мақсаты сәйкес эмоциялық жағдай қалыптастыру арқылы қатысушыларды
ары қарай жұмысқа мотивациялау мақсатына ие бой жазушы (бой қыздырушы);
- қалыптасқан шиеліністі жағдайды ширату және шаршағандықты тарқату
үшін қолданылатын ширатушы.
Аталмыш салаға қатысты отандық белгілі мамандардың бірі М.Р.Битянова
келесіге назар аударады [18]: Әлеуметтік-психологиялық тренингті өткізу
барысында нақты тақырыптар және топтық динамикасы сияқты жұмыстардан
басқа, тағы бір элемент - психогимнастикалық жаттығулар. Қатынас
тренингінде олар көп жағдайда бағынышты рөл атқарады. Топты қалыпты қолдау
үшін бір тақырыптан екіншісіне ауысу кезеңінде ширату ретінде қолданылады.
Әдетте, психогимнастикалар ширату кезінде жиі қолданылады. Алайда,
әлеуметтік-психологиялық тренинг оған басымдылық танытпайтындығын тағы да
айтып өтеміз. Әрі психогимнастикалық жаттығуларды таңдауда жауапкершілік
таныту қажет. Өйткені олардың көбінен төтенше энергияға толы немесе
керісінше кейін топ дағдыларды игеруге ауысуына кедергі тудыруы мүмкін өте
ауқымды топтық энергия бөлінеді.
Кейде психогимнастиканы - тек жалпы топтың және оның әр мүшесінің
жеке жағдайын өзгертуді мақсат еткен жаттығуларды ғана атайды. Бұл орынды
екенін мойындай отырып, біз тренингтің мазмұндылық мақсатына сәйкес келетін
тәжірибе жинақтауға бағытталған жаттығуларды да психогимнастикалық деп
атаймыз. Мысалы, топ мүшелері шаршаған кезде және оларға эмоциялық күш
қажет болған сәтте дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады (бұл жұмыстың
бір түрі). Сондай-ақ, топ мүшелеріне орындарынан қозғалмай, бір деген
санақ кезінде қандайда бір қимыл-әрекет жасауды ұсынуға болады. Барлығы
бірдей қимыл-әрекет жасағанға дейін, әрбір келесі санақта қимыл-әрекеттерді
өзгертіп тұру тиіс. Мұндай жаттығулардың нәтижесінде, бір жағынан топтың
белсенділігі артады, шаршағандығы тарқайды, көңіл-күйі көтеріледі, ал
екінші жағынан – топ мүшелері ортақ шешімге қалай жеткендігі және әрқайсысы
қандай жол ұстанғанын талқылау арқылы тәжірибе жинақтауға болады.
Талқылаулар кезінде туындаған ойлар әріптестік қатынас, іскерлік келісімдер
және т.б. тренингтерде пайдалы болмақ.
Д.Б.Эльконин рольдік ойындардың және оның формаларын игерудің тарихи
пайда болуы жөніндегі болжамның алғашқы құрастырушысы болған. Ойындық мінез-
құлықтың бұған дейін болған тұжырымдамаларынан өзгешелігі, оның
психологиялық ойындарды зерттеуге арналған кітабының басты идеясы. Ойын
өзінің жаратылысы бойынша әлеуметті деген ой болды. Бүгінде отандық
көптеген авторлардың тренингтік бағдарламалары осы тұжырымдамаға сүйенеді.
Нақтырақ айтсақ, М.Р. Битянова, ойын - бұл тірі іс-әрекет деп жазады.
Мұндай контексте автор, ойын үйретпейді, яғни ойын адамды басқа әлемдер
мен қарым-қатынастар ойына шомылдыра отырып, ой-өрісін кеңейтетіндігін,
оларды ойында тудыру, таңдау, құрастыру тәжірибесін беретіндігін атап
өтеді. Сонымен бірге, ойындық іс-әрекет және одан жинақтаған тәжірибе
өмірде жүзеге асу үшін жеке жұмыс қажет етілетіндігі де айтылады. Автор
ойын адам бойында ұзақ уақыт бойында жетілетіндігіне назар аударады.
Ойынды оқытумен салыстыра отырып, автор ойын оқытпайды, ол тұлғаны
тұтастай, баурап алатын бүтіндей іс-әрекет сияқты өзгертеді деген
қортындыға келеді.
Сонымен бірге автор тренингте оқыту міндеті ашық қойылатындығын атап
өтеді. Бұл жерде ол тренингке И.Вачков және С.Дерябо: Тренингтің мақсаты
жеке тұлғамен қандай да бір іс-әрекетті игеру болып табылады... Адам бір
нәрсені жүзеге асыра алуға қабілеті болу үшін не қажет? Әлбетте ол: 1)
қалай жүзеге асыру қажеттігін білуі; 2) оны жүзеге асыруды қалауы 3) оны
жүзеге асыра алуы қажет- деген анықтамамен келіседі. Адамдардың өміріндегі
ойынның маңызды орны оның негізгі белгілері, ойын мен мәдениеттің өзара
байланысы екендігін көрсетеді. Бұл жерде, ойын адамдар арасындағы өзара
әрекеттестіктің ең табиғи түрі екендігін атап көрсетеді. Нақ осы ойында
жеке адам еркін, екпінді және үйлесімді жетіледі. Олар сол себепті әр
түрлі деңгейдегі адамдармен: балалармен, ата-аналармен, студенттермен,
мамандармен, жетекшілермен және т.с.с. жаттықтырушылық іс-әрекеттің негізгі
құралы ретінде ойынды пайдалануға болады деп санайды.
Ойынның негізгі қызметтерін көрсете отырып, аталмыш тәсілдің
авторлары, ойын жеке адамды әлеуметтендіреді, жетілдіреді және сауықтырады.
Ол мәдениетті және барша әлемді бір орнында қозғалыссыз болмауына жол
бермеуге бағытталған белсенді бастапқы және тарихтың дамуының себепкері
екендігіне айырықша көңіл бөледі.
Бұған сәйкес ойындық іс-әрекетті бастаудың бірізділігі де
қарастырылады: бірінші кезең – көңіл соқтыру; екінші кезең – нұсқаулық.
Бұған қоса, авторлар табысты ойындық іс-әрекеттің негізгі қағидаларына
да ерекше көңіл аударады: оқиғалылық; варианттылық; жеке адамдық
бейімделушілік; мақсатқа сәйкестілік.
Адамның өз өмірін өзі басқара алатындығын, табысты бола алатындығын
түсінуге көмектесу. Қатысушыларға мінездің қандай да бір ережелерін үйрету,
қатынас мәдениетін тарату немесе басқаларға қамқорлық көрсетуді үйрету өзі
және өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілікті алу, адамды шынайы өмірді
зерттеуге, талдауға үйрету, ойлау мен эмоцияны, жалған мен ақиқатты,
жақсылық пен жауыздықты ажырата білуге үйрету және т.б. ұмтылыс та ойынның
мақсаты болуы мүмкін.
Төменде тиімді ойындық өзара әрекеттестіктің өлшемдері келтіріледі:
➢ жоғары эмоциялық;
➢ қатыстылық сезімі;
➢ жанарлардың түйісуі;
➢ ойынның шытырмандылығы;
➢ сөйлеу жылдамдығы оқу жылдамдығына сәйкес;
➢ емін-еркін дене тұрысы;
➢ жоғары дәрежеде жұмыла кірісу;
➢ жеңіл салмақ;
➢ теңбе-тең тұру;
➢ нұсқаулықтың анықтылығы;
➢ жоғары динамикалық;
➢ ойынның кеңістікке сәйкес болуы;
➢ мәтіннің бет және қол қимылдарына сәйкес болуы;
➢ ойынды қисындық соңына дейін жеткізу;
➢ іс-әрекетке тұрақтандыру;
➢ безендіру, құрал-жабдықтар;
➢ жас мөлшерінің, өткізілетін орынның, уақыттың, оқиғаның тепе-
теңдігі [94].
Оқиғалы-рольдік ойынның тренингтегі маңыздылығы оның топ
қатысушыларының бірінің басынан өткен шынайы оқиғаға сүйенуді, анық
нұсқаулықтың жеткіліктілігі, алдын-ала белгіленген рольдердің, белгілі бір
сюжеттің басым болуын білдіретіндігімен байланысты.
Әдетте тренингте, рольдер: баршаның келісімі бойынша, немесе оқиғасы
көпшіліктің уайымының тақырыбына айналған қатысушының пікіріне сәйкес
алдын-ала беріледі. Оқиғаны өрбіту үрдісінде келесі жағдайлар орын алуы
мүмкін:
- жаттықтырушы орындаушыларға қандай да бір сұрақтар қоя отырып,
араласа алады;
- бастапқы оқиғаның қайталануы мүмкін, яғни оқиғалар тренингтік
шынайлықтың физикалық кеңістігінде, басқаша түрде қайта жүзеге асырылуы
мүмкін.
Оқиғалы-рольдік ойындар өмірлік жағдайларға әлеуметтенуге және
бейімделуге мүмкіндік туғызады. Күйзеліс жағдайын тудыратын
ауыртпалықтардың алдын-алуға көмектеседі. Мұндай контексте, оқиғалық-
рольдік ойындардың маңызды қызметі адам үшін ауыр оқиғаны барынша қауіпсіз
психологиялық қарым-қатынаста ойнау. Барлық теріс әсерлерді жеңудің
айырықша тәжірибесін игере отырып, тек қайта басынан өткізу ғана емес,
сондай-ақ, ойындық қайта жасау талаптарын да, шынайы өмір талаптарында
кері әсердегі оқиғаларды жеңе білуге мүмкіндік беру. Іріктеу және талдау
жолымен тиімді мінез-құлықтық әдеттерді табу мүмкіндігіне негізделетіндігі
түсінікті.
Өмірлік қабілеттер тренингінің өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш
моделі:
●Бірінші модель - өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни:
мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың
сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын
дамытуға сүйенді.
●Екінші модель - тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік қабілеттіліктің
төрт категориясы: жеке тұлғалар арасындағы қатынас, жеке ерекшелікті
дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалды.
●Үшінші модельге - эмоцоналдық өзін-өзі бақылау, жеке тұлға аралық қатынас,
өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзіне-өзі қолдау
көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.
70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің
басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді.
Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға
жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды.
Бұл әдіс оқушылармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби
мамандарымен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті
пайдалану тәжірибесі Ю.Н. Емельянованың, В.П. Захарованың, Г.А.
Ковалеваның, Л.А. Петровскаяның, Т.С. Яценконың еңбектерінде көрініс
тапқан.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты – қарым- қатынастағы
тиімділікті арттыру, міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның
перцептивті қабілеттілігін, жеке тұлғаның қатынас жүйесін шындай түсу және
дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын
қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана
түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның
вербалды және вербалды емес әрекеттерін әртүрлі түспен әрлендіретін фон
болып келеді.
Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында
шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал
ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе
перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір
тренингтік топтың жұмысы барысында әртүрлі міндеттерді пайдалану дұрыс
емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі
мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады,
сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана
өзгертуге болады.
Тренингтік топтың жұмысы өзіне тән бірқатар қағидалармен ерекшеленеді.
Оларға қысқаша анықтама беріп, тоқталып өтейік.
1. Белсенділік ұстанымы. Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге
ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы тұлғаның белсенділігімен
салыстыруға болмайды. Тренинг барысында әрбір тұлға арнайы талқыланған іс-
әрекеттерге араласады. Ол қандайда бір іс- әрекетке араласу, жаттығуларды
орындау, арнайы кесте бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы
мүмкін. Сондықтанда іс-әрекетке кез-келген уақытта араласуға болатындығын
түсіндірген жағдайда, оған қатысушылардың белсенділігі арта түседі.
Әсіресе, жаттықтырушы ұсынған ойды, мінез-құлық амалдарын сезіну және
жаттығу тәсілдерін меңгеру арқылы тренингің мақсатына жетуде топтың барлық
мүшелерін белсенді түрде бірдей араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен
жаттығуларды қолдану тиімді болмақ.
Белсенділік ұстанымы, негізінен эксперименталды психология саласындағы
белгілі адам естігенінің он пайызын, көргенінің елу пайызын, айтқанының
жетпіс пайызын және өзі істегенінің тоқсан пайызын игереді деген идеяға
сүйенеді.
2. Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы. Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг
барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды
сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен
ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ. Осы ұстанымға сүйене
отырып жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды
сезініп, қалыптастыра түсуге, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар
ойлап табады, құрастырады және ұйымдастырады.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық
тудырады. Тренингтік топқа келетін адамдар бойында мектепте, институтта
алған білім арқылы берілген арнайы өмірлік ережелер мен алдағы уақыта
ұстануы тиіс құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда
үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте, адамдар
наразылық білдіреді, кейде тіпті наразылығы агрессивті формада болады.
Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын
қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг
аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық
тұрғыда қарауға, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін
тигізеді.

3. Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы. Оқыту үрдісі барысында
қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық деңгейге
ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс
мінез-құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс
орнатуға тиімді жағдай тудыру - жаттықтырушы жұмысының басты міндеттердің
бірі болып табылады.
Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысаналаудың қосымша құралдары
пайдаланылады. Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-
әрекеттері, мінез-құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейне жазба
болмақ, оны кейін топ мүшелері қарап шығып, талқыға салады. Бұл жерде
бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті құрал екенін ескеру қажет,
сондықтанда оны пайдаланарда өте мұқият болу керек, және кәсіби деңгейде
пайдалана білу өте маңызды.
4. Достық қарым-қатынас ұстанымы (субъект-субъект). Достық немесе субъект-
субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке
деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл- күйі, мазасыздануы
ескеріледі, басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.
Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін
жасырмай, мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік
беретін сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл
ұстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай,
шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.
Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы -
әлеуметтік-психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты
талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың
басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, тренингтік топтардың
жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды
тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндік
ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау
барысында, тренингті өткізуге кірісер алдында және жұмыс барысында:
►Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?
►Қандай себеппен бұл мақсатқа жеткім келеді?
►Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрақтар қоюы
тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл
сұрақтардың жауабын таба алады.
Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:
➢ Жұмыстың мазмұнды жоспары;
➢ Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгейі, топ мүшелерінің арасында
қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;
➢ Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның тренингке, басқаларға және өзіне
деген ойы;
➢ Жаттықтырушының жағдайы.
Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің бара-барлығына
ғана емес, сонымен қатар, алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін
қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты болады.
Құрал таңдаудағы мақсаттың шешіміндегі алғашқы қадам – бұл әдістемелік
тәсілді таңдау. Жиі қолданылатын әдістер қатарына топтық пікірталастар,
рөлдік ойындар, психодрама және оның өзгертулері, психогимнастика жатады.
Қандай да бір әдістемелік тәсілді, сондай- ақ осы тәсіл аясында нақты
бір құралды таңдау төмендегі шарттармен айқындалады.
❖ тренингтің мазмұнымен;
❖ топтың ерекшелігімен;
❖ жағдайдың ерекшеліктерімен;
❖ жаттықтырушының мүмкіншіліктерімен.

Әдебиеттер:
1. Петровская Л.А. Теоретические и методические проблемы социально-
психологического тренинга. – М.: МГУ, 1982.
2. Қабылғазы Ж. Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы. Валеология
спорт дене тәрбиесі. 2005№1-2.11-13.
3. Гулина М.А. Внутренняя гармония и психическое здоровье. -
СПб.,1993.
4. Лидерс А.К. Тренинг с подростками. - М.: Академия, 2001.
5. Психологиялық әдістемелер жинағы. Құрастырғандар: Акимжанова Г.М,
Байтукова Б.У, Бакиева Т.А. - Астана, 2004.
6. Прутченков А. С. Социально-психологический тренинг в школе. - М.,
2001.
7. Битянова М.Н. Организация психологической работы в школе. - М:
Совершенство, 1997.
8. Трошихина Е. Тренинг развития жизненных целей. - СПб.: Речь,
2002.
9. Хухлаева О. В. Тропинка к своему Я. - М., 2001.
10. Фопель К. Как научить детей сотрудничать? Психологические игры и
упражнения: Практическое пособие: В 4-х томах. - М., 2001.
11. Сартан Г. Н. Тренинг самостоятельности у детей. - Екатеринбург,
2004.
12. Фопель К. Технология ведения тренинга. - М., 2004.
13. Практикум по социально-психологическому тренингу. Под. ред.
Б.Д.Парыгина. - СПб., 1994.
14. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. - М., 1998.

Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері.

Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері үш үлкен салаға бөлінеді – топтық
пікір-сайыс және ойындар. Сонымен қатар, бейнені жобалау және
психогимнастикалық жаттығу қосалқылар болап табылады.
Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады.
Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады,
олар: топтық үрдісте кенеттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды
өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық
зерттеу жұмыстарын жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, ...топтың
әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген
көзқарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір
нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік
беріледі.
В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және
бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі
келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан
қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір
қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті
реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа
қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық
мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-
басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады. Топтық пікір-
сайысты тиімді, әрі табысты өткізу үшін қарым-қатынас ережелері сияқты
арнайы қағидаларды енгізу қажет. Пікір-сайыс жетекшісінің міндеті бұл
қағидаларды түсіндіру мен бұлжытпай жүзеге асыру.
Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын
әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар
(басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды
оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай
ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді
шешу іскерлігін қолдануға бағытталған.
Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға
арналған. К.С.Станиславскийдің актерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды
өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке
емес, себебі ...театр - рольдік ойындардың бастамасы, символикалық
ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда
қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және
инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік
варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік-тәжірибелік лабораторияның
алғашқысы деп есептеуге болады. Психология мен театрдың байланысы
Я.Мореноның психодрама әдісінде көрсетілген.
Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп
бөлінеді.
Базалық-рольдік ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және
олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға
болады. Бұл өзін-өзі таныстыру, диалог, монолог, дубляж, рольмен
алмасу, репликалар айту, рольдерді орындау, бос зал, айна сияқты
техникалар.
Жағдайлық-рольдік ойында шектеулі негіз бар, олар қарастырылатын
мәселелердің ерекше мазмұнымен бір-бірімен тығыз байланысты. Оның мақсаты –
сабақ барысында пайда болатын терапевтикалық қажеттіліктерді
қанағаттандыру. Н.Н.Богомолованың пікірінше, жағдайлық-рольдік ойындардың
мәні қатысушыларға берілген проблемалық жағдайды импровизациялап ойнау
болып табылады.
Д.Книппер рольдік ойындарға сәйкес оларды өткізуде мынадай қағидаларды
ұсынды:
– рольдік ойындар, нақты бейнелеу мен қоршаған ортаның жансыз
жақтарына негізделу қажет;
– көрселетін іс-әрекет аутентивті, яғни дұрыс және дәлме-дәл болу
керек. Өзінің іс-әрекеттерін еркін көрсетіп, ойынға толығымен қатысып,
қатысушы өзінің қиыншылықтарын қазіргі жағдайда болатындай етіп көрсету
қажет;
– рольдік ойындарды ойнаған кезде, ішкі үрдістерді драмалық түрде
іштен шығару және уақытша сипаттардың өзгеруі арқылы ойындағы белгілі
бөлімдердің шамасының артуы сияқты таңдаулы фокусировка болу қажет;
– рольдік ойындарда көрсетілетін эпизодтардың өзара байланысы
дәйектелінеді. Мұндай қағиданың алғы шарттары ретінде, рольдік ойындар бір
эпизодтан басқа эпизодтарға дәйекті көшу арқылы максималды терапевтикалық
тиімділік артады және кейбір эпизодтардың өзара байланыстан құралуы болып
табылады.
Я.Морено рольдік ойындарды келесідей түрлерге бөледі: импровизациялық
ойын – топтағы қатысушылардың қалауы бойынша жүргізіледі және ойынға
қатысушылардың қияли мен шынайы ұсыныстарына сәйкес өз бетімен өрбиді;
рольдік ойындар әлеуметтік-педагогикалық қызметті орындау ретінде - бірдей
рольдік тәртіпке оқыту, рольдерді интеграциялау және рольдік ебедейсіздікті
алдын алу (адамның өміріне жаңа рольді енгізу); жағдайлық ойын – қиынға
түскен әлеуметтік жағдайларды алдын алу іскерлігін иелену.
Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері
өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.
Жаттығулар дайындық, пантомимикалық және қорытынды бөлім деп үшке
бөлінеді. Дайындық және қорытынды бөлімдер дерективті сипатта болады, ал
пантомимикалық бөлімде қатысушылардың қиялы мен өз эмоцияларын көрсетуге
еркіндік беріледі.
Дайындық бөлімде үш қызмет көрсетілген:
► жаттығулық (дененің барлық мүшесімен жаттығу жасау),
► релаксациялық (психологиялық дистанцияның және қорқыныштың
төмендеуі),
►байланыс (байланыстық элементтерге дайындық, мысалы, сөзсіз
сезімдерді түсіну). Бұл бөлімде қарым-қатыс, іс-әрекет және қиял өзара
біріктіріледі. Мысалы, жұптасыңның іс-әрекеттерін айнадай қайталау,
мотивациялық секіру мен іс-әрекеттер (мысал ретінде, шұңқырды аттап секіру,
көпшілікке жүгіру, қозғалу) жабық көзбен жүру сияқты дайындық жаттығулар
болады.
Пантомимикалық бөлім ең негізгі болып табылады. Қатысушылар мұнда
жетекші ұсынған тақырыпты өз іс-әрекетімен көрсету керек. Тақырып бір
адамға, екі адамға, топтағы бірнеше адамдарға және топқа бірдей ұсынуы
мүмкін. Г.Юнова тақырыптарды төрт салаға бөлуді ұсынады, олар: дағдыланған
өмірлік жағдайлар; ішкі, сыртқы және жалпы адамдық кикілжіңдер; ерекше
мәселелер; топтағы интерперсоналдық өзара қарым-қатынастар.
Қорытынды бөлім белсенділік пен сергектік сезімін тудыру керек және
басқа да топтың қатысушыларымен етенесіп, өзіндік күшті сезіну.
Психожаттығу сөздерінің астарында көптеген жаттығуларды қолдану деп
толығымен айтуға болады. Б.Д.Карвасарский психожаттығудың басты ерекшелігі
оның негізгі байланыс қарым-қатынастары – қозғағыштық экспрессия арқылы
эмоцияларды мимика мен пантомимиканың көмегімен көрсету, сонымен қатар,
тапсырылған белгілі-бір тақырып бойынша жағдайларды манипуляциялау деп
ойлайды.
Психожаттығуларды өткізген кезде мынадай жағдайларды ескеру қажет:
– топтағы әрбір қатысушы қалаған жағдайдың өзгеруін ескеріп,
жаттығуларды дұрыс таңдау;
– жаттығуды дәлме-дәл және дұрыс орындау алдында жүргізуші мысал
ретінде жаттығулардың қалай орындалуын мүмкіндік болғанша көрсетіп, топпен
инструктаж жүргізу;
– қатысушылар жаттығулардан әсер алып, максималды қанағаттанған
сезімге жеткен кезде жаттығуларды тоқтату қажет;
– орындалған психологиялық жаттығуларды талқылау.
Проективті сурет. Проективті бейненің әдістері қиын вербалды
проблемаларды түсіну және шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ суреттелген
бейнелердің, түстердің және сызықтардың байланысы жалпы топтық қарым-
қатынастың негізгі тәсілдері болып табылады. Т.С.Яценконың пікірі бойынша,
проективті сурет ...мазмұнның жағдайын түсінуге мүмкіндік беретін қарым-
қатынастарды, себептерді, сезімдерді тудыруға және олардың динамикасы мен
бағытын ынталандырады. Бейнелеу үрдісінің өзі тұлғалық түстер, ішкі әлемді,
кикілжіңдерді, проблемаларды және олардағы маңызды жағдайды көрсету мен
тудыру сияқты маңызды материалдар жағымды болуы мүмкін.
С.Кратохвил проективті сурет сеансын екі бөлімге бөледі: сурет салу
(15-30 мин.) мен пікір-сайыс. Автордың ойынша, әлдеқайда дұрыс
интерпритацияны іздеуге бейімделу пайдасыз болып келеді. Талқылау болса,
қатысушыларға көмек көрсеткен кезде және қатысушылардың жағдайының қалауы
бойынша қажетті өзгеруіне алғы шарттарды тудыру кезі топ үшін өте маңызды.
Дегенмен, суреттерді талдау үшін кейбір критерийлер әзерленген проективті
суреттік тесттердің қажетті саны бар деп айтып кету жөн.

Әдебиеттер:
1. Гальперин Я.Г., Жданов О.И. Технология психологической самозащиты.
Стресс, дистресс - проблема 21 века. - М.,1997.
2. Козлов Н. Как относиться к себе и людям или практическая психология
на каждый день. - М., 1993.
3. Рабочая книга школьного психолога Под. ред. И.В. Дубровиной. -
М., 1991.
4. Сакович Н.А. Игры в тигры: Сборник игр для работы с агрессивными
детьми и подростками. - СПб. Речь, 2007.
5. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. - М., 1995.
6. Меннингер К. Война с самим собой. - М.: ЭКСМО-Пресс, 2000.
7. Кунигель Т. В. Тренинг ≪Активация внутренних ресурсов подростка≫. -
СПб.: Речь, 2006.
8. Сартан Г.Н. Тренинг самостоятельности у детей. - Екатеринбург,
2004.
9. Ефимова Н.С. Психология взаимопонимания: Психологический практикум.
- СПб., 2004.
10. Трошихина Е. Тренинг развития жизненных целей. - СПб.: Речь, 2002.

Тренингті ұйымдастырудың технологиялық негіздері.

Екіжоспарлылық. Тренингке сырттай қарасақ, онда сырттан
бақылайтындар онда ешқандай ерекшелікті көрмейді. Бірге отырған адамдар
сөйлеседі, ойнайды, содан кейін қайтадан сөйлейді, сосын үндемейді, және
т.с.с. Бұл бірнеше күнге созылады. Ал содан кейін ең соңында өздерінің
уайым-қайғылары мен психологиялық жаңалықтары туралы айтады!
Тренингті сыртынан тану мүмкін емес, оны бақылайтынға орын жоқ.
Осыдан тренингке деген көзқарас әртүрлі болады, кейбіреулері тренингке
қатысты, ал басқалары осы тренингке қатысқандардан алған әсерлерін сұрайды.
Кейбіреулердің психотренингке көңілдері толмайды, кейде жағымсыз, сын
көзбен қарайды. Егер де тренингке қатысушылар өз ойларымен бөліскен кезде,
алған әсерлерін тындасаң төбе шашың тік тұрады. Мысалы, Алдымен біз
шеңберге тұрып, шегіртке жайлы өлең айттық, содан кейін, бір-біріміздің
қолымыздан ұстап, би биледік, содан "жылғалар" деп аталатын ойын ойнадық.
Осыдан кейін, біреу шеңбердің ортасына тұрды, ал қалғандарымыз оны
қолдарымызбен ұстап жоғарыға көтердік. Бұл – шындық, дегенмен, бұл –
шындыққа ұқсамайды. Тренингте болған жағдайлар тек психикалық түрде
шындықпен жүзеге асады.
Тренинг – бұл ғылым және қатысушылардың субъективті шын болатын
жағдайында топта белгілі бір оқиғаларды туғызу шеберлігі.
Жаттықтырушының жұмысы кем дегенде екіжоспарлы болу керек. Бір жағынан
қатысушылардың бір-бірімен жаттығулар мен тәсілдер түрінде (кірпіш) өзара
іс-әрекеттерін тікелей ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар,
жаттықтырушы бір уақытта қадағалап және психологиялық деңгейде пайда
болатын жағдайларға ауыстыру қажет (зәулім үй). Күрес жарысында сияқты,
бұл жаттығулардың екінші жоспарын ішкі стиль деп атауға болады.
Жоғары деңгейлі белгісіздік. Тренингті тұтастай түрінде кейбір
адамдарда белгілі бір өзгерістер болатын жағдаят деп айтуға болады.
Тренингте белгілі бір қатаң жоспар жоқ, оның жүру барысын алдын ала
жоспарлау мүмкін емес, ал қатысушылардың алатын әсерлерін жағымды, не
жағымсыз болатынын айту қиын. Яғни, тренингтің басқа да ерекшелігі -
белгісіздіктің жоғары деңгейі болып табылады (жаттықтырушының мамандығы
мұндай жағдайда үлкен шығармашыл деңгейде). Шын мәнісінде, жаттықтырушы
қатысушылардың санын, олардың жас ерекшеліктерін, білімдері мен жыныстық
жағынан қатынасы, олардың алдыңғы өмірлік тәжірибесі, олардың көкейтесті
жағдайы, декларацияланған және жабық ішкі мақсаттар, бөлменің жағдайы,
қатысушылардың орналасуы, өзінің дербес көңіл-күйі, және тағы да басқа
жағдайларды ескеру қажет. Әрине, белгісіздіктің деңгейін тренингтің
міндеттеріне сай жүру барысын өзгертуге болады. Егер де сіз адамдарды жай
және стандартты дағдыларға үйреткіңіз келсе, онда сіздің сабағыңызда мұндай
белгісіз өзгертулер қажет емес. Бірақ та қатысушылармен терең қатынасқа
жүгінсеңіз, онда бұл белгісіздіктің сізге деген көмегі артады. Жаттықтырушы
өз жоспарын тым міндеттесе, онда қатысушылар оның жоспары дұрыс жүзеге
асуда деп оған деген сенімдері арта түседі деген парадокс бар.
Жасандылық. Тренинг – бұл айрықша ережелер арқылы қарым-қатынас
жасау болып табылады. Тек мұндай ережелердің көмегімен топта интенсивті
байланыс пайда болады. Әдетте, жаттықтырушы жаттығу алдында қатысушыларға
тренинг – бұл қарым-қатынастың ережелеріндегі кейбір шектеулері бар
жағдайлар деген ақпарат береді. Бірақ, қатысушылар олардың қажеттігін
түсіну үшін көптеген уақыт өту қажет. Алғашқы уақытта қатысушылар үнемі
сабақтарда мұндай ережелерді бұзады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастырудың негізгі факторы -
қатысушыларды өзара ашық қарым-қатынасқа, тіл табысуға жетелейтін ерекше
психологиялық жағдайды, яғни жағымды атмосфераны тудыру қажет.
Мұндай іс-әрекет тек шеберлі жаттықтырушыға байланысты.
Жаттықтырушының міндеті – тренингке қатысушылардың келісім бойынша
қойылған шектеулерді орындайтындарын қадағалау және оларды бақылау болып
табылады.
Тренингті ұйымдастырудың қағидалары:
► тренинг барысында пайда болған жағдайларды ғана талқылауға болады
(қазіргі уақыт және осы жерде);
► сөйлеген кезде Біз, не әр адам дегеннің орнына тек Мен деген
есімдікті қолдану (өзінің сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттеріне жауап беру);
► такттілі іс-әрекет көрсетудің орнына адалдық көрсету (немқұрайды
қарамау, керісінше, қызығушылық тудыру).
► арнайы жағымды атмосфера орнату.
Тренинг – бұл ең алдымен арнайы атмосфера болып табылады. Әсерлі,
тиімді жаттықтырушы тренинг барысында қандай жағдайлардың болатынын және
оларды қалай ұйымдастыратынын алдын ала болжамайды. Ол тренинг барысында
ған топтағы атмосфераны сезеді және көреді, оған сәйкес жұмыс жасайды.
Мұндай топтағы атмосфераны тудыру іскерлігіне үйрету аса қиын жұмыс.
Әдетте, оны суреттеген кезде, ауыр, тығыз, қиын және тағы сол сияқты
метафоралар қолданылады. Атмосфера ұғымына психоэнергетикалық көзқарасы
әлдеқайда жақын болып келеді. Сабақ барысында пайда болған арнайы
энергетикалық кеңістікті қастерлеу қажет. Сондықтан тренингтер бөлек
бөлмеде өткізіледі, ал кешіккендер немесе немқұрайды қарайтын қатысушылар
энергетиканың күшін жояды.
Тренингтің басында жаттықтырушы және қатысушылар өзара қатынасқа
арналған жағымды атмосфераны тудырады, содан соң ол қатысушылардың
өздеріне көмектеседі. Тренинг біткен соң, қатысушылар қайтадан сол сабақ
өткен бөлмеге барғылары келеді деген көзқарас қалыптасқан. Мүмкін, алған
әсерлері бірнеше уақытқа созылады. Қалай болса да, жаттықтырушы
психотехникалық жаттығуларды таңдауда атмосфера деген ұғымы маңызды орын
атқарады. Қиналу арқылы түсіну сияқты ой қалыптасқан. Тренингте
атмосфераның маңызды да, айырықша ерекшеліктерінің бірі оның
эмоционалдық қанықтылығы болып табылады. Бұл әсерлі
тиімділік жасау емес, керісінше, арнайы әдістемелік қағида болып табылады.
Ау бастан бері тренинг білімдерді сөз арқылы емес, іс-әрекет арқылы беру
үшін арналған деген пікір қалыптасқан. Мысалы, адамға велосипедті тебуді
лекция арқылы үйрету мүмкін бе? Ең алдымен адам бұл велосипедке отырып,
тебу тәуекелін бастан кешіреді. Бұл арқылы, онда осындай тебу кезінде
қиналу сезімін басынан кешіргеннен кейін, білімдер мен іскерлік пайда
болады. Тренинг – бұл қиналу арқылы түсіну мүмкіндігі деген пікір
қалыптасқан.
Егер де жаттықтырушы қажетті қиналуды ұйымдастыра алмаса, онда оның
сабағына қатысушылар Дұрыс қарым-қатынас жасау тақырыбына тек қана
ақпарат алады. Болашақта, олар сыртқы ортаға бұл жайды тек сөзбен ғана
айтады, ал олармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды. Қарым-қатынастың
тиімсіз тәсілдерінің өзгерістерінде дербес түзетілген білімдердің
эмоционалды тәжірибесі адамға көмек көрсетуі мүмкін. Бұдан шығатын
қорытынды, тренингтің беймәлім нәтижелері, себебі, қатысушыларда қиналу
сезімі қашан болатыны белгісіз.
Қатысушылардың қарама-қарсы белсенділігі. Тренингті өткізуде
қатысушылардың қалауы және олардың белсенділігі қажетті шарттардың бірі
болып табылады. Кейде: Сіз өткізетін тренингтің мақсаты қандай? деп
сұрайды. Тренингте мақсат жоқ, ол тек қатысушылардың әрқайсысында өзіндік
дербес мақсаты бар. Тренингтің тиімділігі - жаттықтырушы жаттығулардың
қандай түрлерін ұсынғанға тәуелді емес, керісінше, ең алдымен қатысушылар
осындай жаттығуларды қандай көңіл-күймен орындауға тәуелді. Мұғалімсіз
оқушылар болмайды (себебі, ол олардан үйренбейді, керісінше, олар одан
үйренеді), сол сияқты қатысушысыз жаттықтырушы да болмайды. Егер де
қатысушылар шынымен де белсенділік көрсет се, онда жай бір жағдайдан
көптеген психологиялық жаңалықтар алу мүмкін. Ал егер де алмаса, онда ең
дұрыс деген іс-әрекеттер тиімсіз болады.
Мұнда ең маңыздысы, тренингке келгендер әлі де болса, қатысушы бола
алмайды. Тренингтің алғашқы сатысында тиімсіз, нәтижесіз нұсқауларды
байқауға болады. Бақылаушының Мен тек бақылап қараймын, пайдаланушы –
Мен бұл жерге тек өзім үшін ғана келдім, ашу-ызадан жеңілдену – Уақытты
жағымды өткізіп, демалғым келеді сияқты сылбырлы көзқарасты бір Маған
көмектесіңізші! деген жағымды сөзге біріктіруге болады.
Жаттықтырушы тренинг жағдайында мұндай нұсқаулар қажетсіз болатынын
түсіндіру өте маңызды. Олар белсенділік көрсетпесе, өзінде қажетті
мақсаттарды байқамаса қатысушы бола алмайды және ешбір нәтижеге жетпейді.
Үйрену үшін, ең алдымен үйренуді білу қажет! Тренинг – бұл қатысушылардың
іс-әрекеттері. Тренингке деген тағы да бір көзқарас.
Тренингтің дөңгелегі. Тренинг, басқа да адамдардың арасында өзара
қарым-қатынасы сияқты үш элементтен құралады, олар: жаттықтырушы,
қатысушылар және бағдарлама. Әрбір жағдайда жаттықтырушының ынтасы,
қатысушылардың іс-әрекеттері және тренингтің бағдарламасы бар. Бағдарлама
жаттықтырушының өзіне, қатысушылардың тәртіптеріне оның іс-әрекеттеріне
байланысты, сонымен қатар, белгілі бір нақты топқа сәйкес бағдарлама өте
икемді болу керек. Мұндай тәсіл арқылы тренингте психологиялық жұмысқа
қажетті қуат пайда болады. Егер тренингті дөңгелек ретінде елестетсек, онда
оның үш секторы дұрыс, сағаттың тілімен бір бағытта айналу қажет. Осыған
қоса, біршама мәселелер пайда болуы мүмкін.

1. Жаттықтырушы өзінің қажеттіліктеріне көңіл аудармай, тренингтен
ығыстырылады, мысалы: Маған қарағанда, сіздер маңыздысыздар. Әдетте,
бағдарлама мазмұнына немесе қатысушылардың сабақтарындағы жағдайларға
жауапкершіліктен бас тарту мен қорғану мақсатқа байланысты болады.
Жаттықтырушы жетекшіден жай бақылаушыға айналады. Жаттықтырушы мұндай
жағдайлардан алшақтау, өзіне деген сенімсіздік бас тартуға ұмтылады.
2. Егер де топтың қызығушылықтары мен мақсаттары ескерілмесе, онда:
Менің маңызым сіздерге қарағанда, әлдеқайда артық деген ой туындайды.
Сондықтан, жаттықтырушының жауапкершілігі артады және тренингте қарым-
қатынас үрдісі топты басқару үрдісімен алмастырылады. Тұтастай қарағанда,
жаттықтырушы топтың көмегімен өзінің мақсатына жетуге ұмтылады, яғни өз
мәселелерін топтың арқасында шешу. Осыған қоса, топтың дербестігі
ескерілмейді, тек белгілі бір абстракциялы топпен жұмыс жүргізіледі. Топқа
деген қатаң сенімсіздікке негізделген, биліктен айырылып қалу қорқынышы
жаттықтырушының мұндай іс-әрекетінің негізі болып табылады.
3. Топ бейімделу үшін, тренингтің бағдарламасы аса құнды дәрежеге
қашан жетеді? Сабаққа барлық келгендер белсінді қатысушылар бейнесінен
енжарлы орындаушылар роліне көшіріледі. Нәтижесіз тәсілдердің бірі, бұл
жағдайда топтың қалауы мен жаттықтырушының қажеттіліктері ескерілмейді.
Жоғарыда айтылған тәсілдер жаттықтырушының, не топтың немесе бағдарламаның
өзгертілмеуі арқылы сылбырлықтың көмегімен күш-қуатты жою мүмкіндіктері
айқындалған.
Атмосфераны қалай өзгертуге болады? Режиссер – тренингте, көптеген
топта жаттықтырушының негізгі қызметі болып табылады. Олар мұндай арнайы
ортада өмір сүреді, осы пьессада сценарийдің жоқтығына және
қатысушылардың рольдерді ойнамайтынына қарамастан, жаттықтырушыда топта
эмоционалды климатты басқарудың кейбір тәсілдері бар. Кіші топпен
салыстырғанда, үлкен топтың атмосферасына ықпал жасау жаттықтырушыға өте
қажет.
Біздің тәжірибемізден мұндай ықпал жасаудың психологиялық тәсілдерінен
кейбіреулерін ұсынамыз.
ТОПТАҒЫ АТМОСФЕРАНЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ
1. Қатысушылардың кеңістіктік орналасуын өзгерту. Олардың арасында күш-
қуат пен конфронтация пайда болу үшін, топты екіге тең бөліп, бір-бірінен
қарама-қарсы отырғызу жеткілікті болады. Шеңбер түрінде орналасып тұру
жалпы топтық ұйымшылдыққа итермелейді. Топты 8-10 адамнан микротоптарға
бөлу арқасында біржақты топтық жағымсыздық бәсеңдетіледі, агрессивтіліктің
деңгейін төмендетеді.
2. Қарым-қатынас түрін өзгерту (пікір-сайыс, лекция, рольдік тренинг,
би билеу, медитация). Үнемі қарым-қатынастардың әртүрлі тәсілдерінің
өзгеруі топтық динамика деңгейінің күрт артуына мүмкіндік туғызады. Қарым-
қатынастың бірнеше тәсілдерін кезектестіру немесе екі түрін біріктіру
тиімділіге ерекше көңіл аудару қажет. Егер де сіз сергіту сәтін өткізгіңіз
келсе, онда оның алдында би терапиясын немесе басқа да бір-бірін қуалау
сияқты жаттығуларды өткізуіңіз қажет.
3. Арақатынастардың санын ұдайы өзгерту болып табылады. Жұппен қарым-
қатынас немесе үштік, сегіздік және өзара қатынас сияқты тәсілдерді ұсынуға
болады. Жүптастардың ұдайы өзгеруі қатысушыларға жаңа байланыс пен жаңаруды
сезінуге мүмкіндік береді. Ішкі топтық қарым-қатынастан басқа, жаттықтырушы
микротоптардың 8-10 адамдардың қарым-қатынасы, қыздар мен ұлдардың өзара
қатынасы сияқты топаралық байланыс түрлерін қолдануы мүмкін. Әрбір топ
өзіндік тұтастай субъект.
4. Қатысушылардың зейіндері қарым-қатынас тәсілдерінің вербалды
(сөйлеу, өлең айту) деңгейде бір-біріне ауысуы арқылы және оқушы өзінің
ішкі сезімдері мен уайымдарына терең шоғырландырылып вербалды емес, сөзсіз
қарым-қатынас жасау (визуалды, тактильді және эмпатикалық) қалпы өзгеруі
әбден мүмкін.
Осындай тәсілдерді бір уақытта қолдану – мысалы, қарым-қатынас түрін
ұсынған кезде, сіз топты кішкентай топтарға бөлесіз, оларға кеңістікке
сәйкес орналасуды тапсырасыз, бұл деген сөз үлкен топтағы үрдістерге деген
жаттықтырушы өзінің ықпалын тигізуге мүмкіндіктері артады.
Тренингке қатысушылардың қажетті бағыттағы қарым-қатынасын құрастыру
және синтездеу негізінде, біз, Қорытынды нәтижеден деп аталатын арнайы
тәсіл әзірледік. Мысалы, жалпы топтық терең өзара эмоционалды уайымдау
сияқты топтағы жоспарланған қарым-қатынас үрдісін қалаған қорытынды
қалыптан басталады. Яғни, тренингті бітірудің алдында ән салу мен би билеу
жаттығуларын (қимыл-қозғалыс пен эмоция тудыру байсалды демалуға мүмкіндік
береді, жаттығу кезінде, физикалық және эмоционалдық босаңсу мен жағымсыз
эмоциялар шеттеледі) орындау қажет. Эмоционалдық музыкалық жаттығуларын
табысты өткізу үшін, осындай іс-әрекеттерді белсендіру үшін, біз алдыңғы
жағдайларды таңдадық, мысал ретінде, топаралық пікір-сайыс (оның
нәтижесінде өзара белсенді вербалды қарым-қатынас пен аз қимыл-қозғалыстар
жасалады және қабылдау рационалды жоспарланады).
Сонымен, қарым-қатынастағы әр түрлі үрдістің даму көзқарасы бойынша
тізімін сәйкестендіру, тренингтің бағдарламасын құруға мүмкіндік береді.
Тренингті ұйымдастырудың тәртібі.
Әр тренингке 15-20 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері жайлы
Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер арқылы спортшылардың эмоциялық қалпын реттеу
Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері
Әлеуметтік психологиялық тренинг
КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Пәндер